Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
25.05.2016 ж. депуттатық сауалға келген жауап
№ исх: 11-21/1762 от: 20

 

 

№ исх: 11-21/1762   от: 20.06.2016

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаттарына

 

2016 ж. 26.05 №ДС-47

 

 

Құрметті депутаттар!

 

Сіздердің Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қосымша қаражатты бөлуге қатысты сауалыңызды қарап, мынаны хабарлаймын.

«Семей-Қайнар» республикалық маңызы бар автожолына және Семей қаласының көшелерін жөндеуге қатысты.

2014 жылы жоғарыда көрсетілген автожолдың ұзақтығы 30 км (44-74 км) учаскесі орташа жөнделді. Республикалық бюджет қаражатының шектеулігіне байланысты автожолдардың барлық учаскелерін жөндеумен қамту мүмкін емес. Сонымен бірге, аталған автожолдағы халықтың сұранысын ескере отырып, көрсетілген автожолды жөндеуді қаржыландыру мәселесі 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

Семей қаласының көшелерін қалпына келтіру мәселесін «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде немесе жергілікті бюджет қаражаты  есебінен пысықтау мүмкін деп есептейміз.

Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірге қатысты.

2015 жылы аспалы көпір облыс теңгеріміне берілді. Ағымдағы жылы көпірді күтіп-ұстау үшін 145 млн. теңге сомасында қаражат көзделген.

Ағымдағы жылы көпір құрылысын арнайы тексеру жүргізу жоспарлануда, оның қорытындысы бойынша қажет ететін жөндеу түрі (күрделі, орташа, ағымдағы) анықталатын болады.

Новобаженово, Мұқыр, Қайнар, Абралы ауылдары мен Комсомол, Контрольный кенттерін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымын қосымша қаржыландыруға қатысты.

086 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстар шеңберінде қалалық және ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұруға 2016 – 2018 жылдарға республикалық бюджетте 4,8 млрд. теңге сомасындағы қаражат, оның ішінде 2016 жылға – 912,6 млн. теңге, 2017 жылға – 2,1 млрд. теңге көзделген.

085 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы саласындағы іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстар шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында 2016 – 2018 жылдарға тұрғын үй құрылысын жобалау мен салуға республикалық бюджетте 6,3 млрд. теңге сомасындағы қаражат, оның ішінде 2016 жылға – 2,5 млрд. теңге, 2017 жылға – 3,0 млрд. теңге көзделген.

Елдегі қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып, облыс әкімдігіне аталған жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін көзделген қаражат шегінде пысықтау орынды деп пайымдаймыз.

Семей қаласының Юность кентінде 1200 орындық мектептің құрылысына қаражат бөлуге қатысты.

2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Семей қаласының Юность кентінде 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысына шығыстар өтінімі ұсынылмаған.

Аталған кенттегі мектеп құрылысын қаржыландыру мәселесі 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

 

 

К. Мәсімов