15.09.2010 ж. Қазақстан Республикасы
жарияланды Қаржы министрі
Б.Жәмішевке
Депутаттық сауал
Құрметті Болат Бидахметұлы !
Қазіргі кезде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда «Жол картасы» бағдарламасының маңызы зор болып отыр. Дегенмен де, осы бағдарлама жүзеге асырылған 2009 жылдан бастап, елді мекендерді аралап, халықпен кездескенде, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен, салынған нысандармен танысқанда бірқатар кемшіліктер байқалуда. Атап айтқанда, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар мен салынған бірқатар объектілердің сапасының нашарлығы, мердігерлердің жұмысшылармен еңбек шартын жасамау, табыс салығын төлемеу мәселесі туындауда.
Осыған байланысты Сізден «Фонд возвращения личности» ЖШС-не, «Строительная фирма Шұбартау» ЖШС-не (Алматы облысы, Іле ауданы, Казцинк ауылы, Складская көшесі,67-13), «Курылысконсалтинг» ЖШС-не (ШҚО Аягөз қаласы Мамбетов көшесі,30), «Алмас Курылыс» ЖШС-не (ШҚО Аягөз қаласы, Уәлиханов көшесі,22), «Торговая фирма Айгүл» ЖШС-не (ШҚО Аягөз қаласы), «Магнитон» ЖШС-не (ШҚО Аягөз қаласы, Әуезов көшесі,12-16), «Алау» ЖШС-не (ШҚО Аягөз ауданы Баршатас ауылы), «ВК Автоплюс» ЖШС-не (Өскемен қаласы), «Жасұлан» ЖШС-не (ШҚО Аягөз қаласы, Алтынсарин көшесі, 17-68), «Кумаров и компания» ЖШС-не, «Құмжота» ЖШС-не, « ИП Мырзабаев А», «Жасұлан Құрылыс» ЖШС-не, «Востокстроймост» ЖШС-не, «Инком Шығыс» ЖШС-не Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы бойынша «Жол картасы» бағдарламасы аясында атқарған жұмыстарына қатысты мемлекеттік сатып алуды, бюджет қаражатының мақсатына сай жұмсалуын тексеруді және салықтық тексеру жүргізуді сұраймын.
Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.
Депутат Н.Сабильянов
Қайырбек М.
74-62-84
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
депутаты Н. Сабильяновқа
Құрметті Нұртай Салихұлы!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Сіздің 2010 жылғы 16 қыркүйектегі №ДЗ-477 сауалыңызды орындау барысында, Қаржылық бақылау комитетімен, «Жол картасы» бағдарламасы аясында Аягөз ауданының Майлин ауылындағы су құбырын жөндеуге бөлінген бюджет қаражаттарын пайдалану мәселесіне өз құзыреті шеңберінде тексеру жүргізіп, келесілерді хабарлайды.
«Аягөз ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ аталған мәселеге тексеру жүргізілді.
Бақылаумен «Шығыс Қазақстан облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мен Аягөз ауданы Әкімінің арасындағы 2010 жылғы келісімге сәйкес, Жол картасы аясындағы жобаны іске асыруда, Аягөз ауданы Майлин ауылындағы су құбырын ағымдағы жөндеу жұмысына 69 адамға арналған жаңа жұмыс орнын құру жоспарланғандығы анықталды.
Жобаны қаржыландыруға 63 5670 мың теңге, оның ішінде: республикалық бюджеттен 42399,0 мың.теңге, жергілікті бюджеттен 21168,0 мың теңге қарастырылған.
Жол картасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру мерзімі 2010 жылғы мамырдан бастап қазан айы болып белгіленген.
«Аягөз ауданының Майлин ауылындағы су құбыры желісін ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша Аягөз ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі шартқа қол қойған, оның ішінде:
«Аягөз су» МКК ағымдағы жөндеу жұмыстарына сомасы 41419,6 және 17751,3 мың теңгені құрайтын 2010 жылдың мамыр айында шарттар жасалған.
Бақылаумен, жоғарыда аталған шарттар Мемлекеттік сатып алу туралы заң нормаларын қолданбай-ақ негізсіз жасалғаны анықталды. Аталған шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзушылықтар сомасы 59 170,9 мың теңгені құрады.
«Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Майлин ауылын сумен жабдықтау жүйесіне ағымдағы жөндеу» жобалық-сметалық құжаттамада қарастырылған артық жұмыс көлемдері 2010 жылғы бағамен алғанда 1467,4 мың теңге қысқартуға жатады.
Шарттық міндеттемелерін орындау бойынша «Құрылыс жабдықтау–К» ЖШС-ның тарапынан жұмыстарды іске асыру кезінде, авторлық қадағалау жүргізілмеген, осылайша, «Құрылыс жабдықтау–К» ЖШС жалпы сомасы 1 183,4 мың теңге мөлшеріндегі қаражатты негізсіз аударылғандығы анықталды.
2010 жылдың 1 қазан айына «Аягөз су» МКК есебінде Аягөз ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне сомасы 4 515,4 мың теңгені құрайтын дебиторлық берешегі қалыптасқан.
Шарт бойынша, «Аягөз су» МКК жұмыстарды аяқтау мерзімі 2010 жылғы қазан айының 1-і болып белгіленген. Казіргі жағдайда орындаушыда қалған жұмыстардың атқарылмаған көлемі шарт бойынша 2765,4 мың теңгені құрады.
«Аягөз су» МКК-на қарсы бақылау жүргізіліп, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 66-бабының 11 тармағына қайшы, Бас мердігер («Аягөз су» МКК) объект бойынша ешқандай жұмыстар атқармаған, барлық жұмыстардың көлемі толығымен қосалқы мердігер «Кумаров и Компания» ЖШС-ға келісімшартпен берілген. Ал, келісімшарт бойынша қосалқы мердігерден тек қана құрылыс материалдарын сатып алып, оны қайта қосалқы мердігерге жұмыс барысына қолдану үшін қайтарып берген.
Қарсы тексеру жүргізу барысында Аягөз ауданы әкімдігінің өкімімен құрылған комиссия арқылы ағымдағы жөндеу жұмысына тексеру жүргізілді.
Комиссияның қарау қорытындылары бойынша жұмыс аяқталуға жақындағаны, жүйе іске қосылғаны, су беру жүргізілгені анықталды.
Бақылауға ауданның Жұмыспен қамту бөлімінің атына жолданған 69 адамды жұмысқа қабылдау туралы Аягөз ауданы Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің есебі ұсынылды, оның 16-сы жұмыспен қамту бөлімінен. «Кумаров и компания» ЖШС жолданған Жұмыспен қамту бөлімінің, биржада өтініш берген тұлғалардың болмауына байланысты, еркін нарық тұлғаларын жұмысқа қабылдауға рұқсат ету туралы хаты бар.
2) «Аягөз ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-де Аягөз ауданының Мәдениет, Емелтау, Малгелді ауылдарының мәдениет үйлерінің төбелерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша бақылау жүргізілді.
Шығыс Қазақстан облысының Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы және Аягөз ауданының әкімі арасында Жол картасы бағыттары бойынша жобаларды іске асыру туралы 2009 жылы келісім бекітілген.
Жүргізілген бақылаумен, Мәдениет, Малкелді, Емелтау ауылдарының клубтарының ғимараттарына ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үш рет сатып алуды өткізу кезінде, сатып алу қорытындысына әсерін тигізген бұрмалаушылықтардың жалпы сомасы 6 450,0 мың теңгеге жіберілгені анықталды.
3) «Аягөз ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» МКҚК-на Аягөз ауданының Мәдениет, Емелтау, Малгелді ауылдарындағы мәдениет үйлерінің төбесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражаттың жұмсалуына тексеру жүргізілді.
Мәдениет ауылындағы клубты жөндеу
-Сомасы 2000,0 мың теңгені құрайтын Мәдениет ауылындағы клубтың ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындауға «Жас ұлан» ЖШС мен шартқа отырған.
- Бірақ, сомасы 1094,0 мың теңгені құрайтын Мәдениет ауылындағы клубтың ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына қосымша жұмыстарды орындауға «Жас ұлан» ЖШС шартқа отырған, шартта екі жақтың жауапкершілігі, айыппұл санкциялары, ашылатын жұмыс орнының саны, жұмыс сапасына берілетін кепілдік мерзімі, отандық өнім берушілерді қолдау талабы сияқты қажетті талаптар көрсетілмеген.
Малгелді ауылындағы клубты жөндеу
- Сомасы 2000,0 мың теңгені құрайтын Малгелді ауылындағы клубтың ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындауға «Жас ұлан» ЖШС мен 02.06.2009 жылы шартқа отырған, атқарылған жұмыстардың актісін ұсынған. Тапсырыс беруші барлық сомасы 2000,0 мың теңгенің төлемін аударған.
Объект бойынша 15.07.2009 ж. техникалық шешім жасалған, онда төбеге құрылатын Армстронг құрылғысы, қабырғалардағы терезе жақтауларын бөлшектеу, терезе жақтауларын қою сияқты жұмыстар алынып тасталып, олардың орнына жылу жүйелерінің құбырын, электр қазандығы, электр жүйесіндегі жұмыстар және т.б. қосылған. Жаңадан 2500,0 мың теңгеге сметалық құрылыс есебі жасалынған.
Емелтау ауылындағы клубты жөндеу
- Сомасы 2450,0 мың теңгені құрайтын Емелтау ауылындағы клубтың ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындауға жеке кәсіпкер А.К. Мырзабаевпен 29.09.2009ж. шарт жасалған, атқарылған жұмыстардың актісін ұсынған. Тапсырыс беруші барлық сомасы 2450,0 мың теңгенің төлемін аударған.
Аягөз ауданы әкімдігімен құрылған комиссия Мәдениет, Малкелді, Емелтау ауылдарының ауылдық клубтарының ғимараттарына ағымдағы жөндеу объектілеріне тексеру жүргізді.
Объектілерді іске қосу барысында жекелеген ақаулықтар анықталып, олар аудандық Мәдениет үйі қабылдаған шаралар арқылы жойылды, атап айтқанда:
1) Емелтау ауылы клубының ғимаратына ағымдағы жөндеу бойынша:
Емелтау ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 25 мамырдағы, тіреуіштері ағаштан жасалып, ал жабындысы талшықтас цементті толқынды жаймадан жасалған ауылдық клубтың төбелері, соңы жаңбырға ұласқан, қатты соққан желден бұзылғандығы туралы хабарламасы болған.
Комиссияның тексеруі кезінде 180 шаршы метр көлемді бетін бетонды жаймамен тегістеу, су ағып кету үшін шеттерін келтіру, үстінгі жағына екі қабат беакрист жабыстыру және мырышпен қапталған болаттан жасалған су ағып кету үшін арнайы науалар бекіту бойынша жұмыстар жүргізілгені белгіленді. Аталған жұмыстар бойынша КМҚК тарпынан ешқандай наразылық болған жоқ.
Ақаулықтар «Мырзабаев» ЖК мердігердің тарапынан, өз қаражатының есебінен жүргізілді;
2) Мәдениет ауылдық клубы ғимаратына ағымдағы жөндеу бойынша:
Орындалған жұмыстар бойынша, клубтың негізгі ғимараты төбесінің жабындысы мен кіреберісі төбесі жабындысының ақаулықтары анықталып ол мердігер «Жасұлан» ЖШС-мен өз қаражатының есебінен орындалған Мердігерлер («Жас ұлан» ЖШС, жеке кәсіпкер А.К. Мырзабаев) жоғарыда көрсетілген жұмыстар бойынша тапсырыс берушіге ағымдағы жөндеу жүмыстарына қолданылған материалдардың сертификатын бермеген.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша Жол картасы бағдарламасы аясында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» МКҚК-на 2009 жылдың 10 айында 58 адам жұмысқа жіберілген. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі берген Жол картасының орындалуы жөніндегі жедел ақпаратына сәйкес, 65 адам жұмысқа тұрған.
Комиссиялық тексерулер аудандық әкімшіліктің, ауылдық округ әкімшіліктері мен «Нұр-Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылған.
Министр Б. Жәмішев
Орын. Шалабаева Ж.С.
тел.74-36-22