Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Төрағасы Қ.П.Қожамжаровқа
29

 

 

29.09.2010 ж.                                                          Қазақстан Республикасы

жарияланды                                                        Экономикалық қылмысқа

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күрес агенттігінің Төрағасы

Қ.П.Қожамжаровқа

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Қайрат Пернешұлы !

 

                2010 жылғы шілде-тамыз айларында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында сайлаушылармен кездесу өткізгенде тұрғындар Аякөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылындағы су құбыры желілерін және «Қосағаш-Мәдениет-Бидайық» топтық су жүйесін салуда орын алып отырған келеңсіз жағдайлар туралы мәселе көтерді. Ауылдарға су 2-3 сағат қана беріледі, қойылған колонкалар биікке орналасқан, кейбіреуі жұмыс істемейді, судың сапасы нашар, тұрғындар таза ауыз суға әлі толық қол жеткізе алмай отыр.

Қосағаш, Мәдениет, Бидайық ауылдарының су құбыры желілерін қайта жаңартуға 2006-2009 жылдары республикалық бюджеттен 513 948 мың теңге, соның ішінде 2009 жылы – 102 748 мың теңге бөлінген.

Ал, Аягөз ауданы Тарбағатай ауылындағы су құбыры желісін қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 2007-2010 жылдары - 174 016 мың теңге, соның ішінде 2010 жылы – 81 200 мың теңге бөлінген.

                Осыған байланысты Сізден Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Қосағаш, Мәдениет, Бидайық ауылдарындағы және Тарбағатай ауылындағы су құбыры желілерін жаңарту жұмыстарына республикалық бюджеттен бөлінген қаржының мақсатына сай жұмсалуын, неге аталған ауыл тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізе алмай отырғанын тексеруді сұраймын.

Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.

 

Депутат                                                                                  Н.Сабильянов

 

 

Қайырбек М.

74-62-84