Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловқа
20

 

 

20.10.2010 ж.                                                          Қазақстан Республикасы

жарияланды                                                      Білім және ғылым министрі

Б.Т.Жұмағұловқа

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Бақытжан Тұрсынұлы !

 

                Маған Қытай мен Монғолиядан келген 29 жас қазақ жігіттері мен қыздарынан, қалалық «Қазақ тілі» қоғамынан төмендегідей мазмұндағы хат келді. Хат иелері: «Сізге осы хатты жазып отырған Қытай және Монголиядан келген жас қазақ жігіттері мен кыздары. Біз 2010 жылгы тамыз айынан бастап Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дайындық бөліміне оқимыз деп келдік. Осы мақсатты орындау үшін институтқа арнайы өтініш жазып, емтихан тапсырып, Семей мемлекеттік институтының тыңдаушылар қатарына қосыламыз деп үміттендік.

Бірақ, өкінішке орай, Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес біз оқуға Өскемен каласына бөліндік. Сонда жоғарыда отырған ағаларымыз біздің таңдауымызды ескермегендігі ме? Семей каласындағы жоғарғы оку орындарында біздің туған апайларымыз бен ағайларымыз оқиды. Бұл біз сияқты шеттен келген тірі жан танымайтын балаларға көп жеңілдік. Дәл қазір біз Семей мемлекеттік педагогикалык институтының дайындық бөлімінде тәлім-тәрбие алып жатырмыз, осы институттың жатақханасында тұрып жатырмыз. Енді осының бәрін тастап неге Өскенменге кетуіміз керек? ... бізді Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дайындық бөлімінің тыңдаушылар тізіміне енгізу үшін көмек сұраймыз !», - деп жазған.

Осыған байланысты Сізден Қытай мен Монғолиядан келген 29 жас қазақ жігіттері мен қыздарының хатында көрсетілген – олардың Семей мемлекеттік педагогикалык институтының дайындық бөлімінде оқуына мүмкіндік беру мәселесін қарастыруды сұраймын.

Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.

Қосымша 2 бет.

 

Депутат                                                                                  Н.Сабильянов

 

Қайырбек М.

74-62-84

 

 

 

 

 

                                                                  Қазақстан Республикасы

                                                                  Парламенті Мәжілісінің депутаты

                                                                  Н. Сабильяновқа

 

2010 жылғы 20 қазандағы

  № ДЗ-553-хатқа

 

Құрметті Нұртай Салихұлы!

 

                Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) даярлық бөліміне қабылданған қазақ диаспорасы өкілдерін        С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінен Семей мемлекеттік педагогикалық институтына ауыстыру туралы сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

                Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасы шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің атамекенге оралуымен қатар басқа мемлекеттерде тұрып жатқан ағайындардың атамекенмен араласуына ықпал етуді басты бағыттар қатарына қойды. Салиқалы саясаттың айқын бір дәлелі - шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік туғызу. Елбасының қолдауымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, колледждерде қазақ диаспорасы өкілдерінің білім алуына жыл сайын арнайы квота бөлініп келеді.

                Шетелден келген қазақ диаспорасы өкілдерін қолдау мақсатында Министрлік аталған тыңдаушылардың Семей мемлекеттік педагогикалық институтына қалдыру туралы өтініштерінің қанағаттандырылғанын және аталған жоғары оқу орнына тиісінше хат жолданғанын мәлімдейді.

 

 

             Құрметпен,

                     Министр                                                             Б. Жұмағұлов

 

 

Орын. Қ. Абуова

   74-25-26