10.11.2010 ж. Қазақстан Республикасының
жарияланды Премьер-Министрі К.Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы !
Қасиетті қазақ жерінен адамзат баласы тұңғыш рет ғарышқа ұшқаны, біздің елімізде дүниежүзіндегі ірі ғарыш кешені болып табылатын «Байқоңыр» космодромы орналасқаны баршаға мәлім.
Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 1991 жылғы 2 қазанда және одан кейін Талғат Мұсабаевтың 1994 жылғы 1 шілдедегі ғарышқа сапарынан кейін қазақ азаматы ғарышқа ұшқан жоқ. 2003 жылдан бастап екі азаматымыз – Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетов ғарышкерлікке кандидат ретінде Ресейдегі ғарышкерлер дайындайтын орталықта арнайы дайындықтан өткен. Бірақ, аталған екі азаматымыздың ғарышқа ұшу мәселесі қаржы мәселесіне байланысты бүгінгі күнге дейін шешілмеген екен. Намысы бар, білімі бар, патриоттық сезімі бар осы екі қазақ азаматын ғарышқа ұшырса еліміз үшін үлкен абырой болар еді.
Ғарыш кеңістігін игеру қызметі аса қымбат жоба екені белгілі. Дегенмен де оның мемлекетіміздің мүддесі үшін қажет екеніне ешкім күмән келтірмейді. Оның үстіне «Байқоңыр» сияқты ғарыш кешені бар ел үшін өз азаматтарын ғарышқа ұшыра алмау деген үлкен сын.
Сондықтан Сізден мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 2003 жылдан бастап арнайы дайындықтан өткен азаматтарымыз М.Аймаханов пен А.Айымбетовты ғарышқа ұшыруға үкімет тарапынан қолдау көрсету мәселесін қарастыруды сұраймын.
Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпкей сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.
Депутат Н.Сабильянов
Қайырбек М.
74-62-84
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
депутаты
Н.С. Сабильяновқа
2010 жылғы 10 қарашадағы
№ ДЗ-603 сауалға
Құрметті Нұртай Салихұлы!
Ғарышкерлер М. Аймаханов пен А. Айымбетовтің Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ғарышқа ұшуына қолдау көрсетуге қатысты Сіздің сауалыңызды қарап, мынаны хабарлаймын.
Халықаралық ғарыш станциясының (бұдан әрі – ХҒС) экипаж мүшелерінің іріктелуі Канада Үкіметі, Европалық ғарыш агенттігіне мүше-мемлекеттердің Үкіметтері, Жапония Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және АҚШ Үкіметі арасындағы азаматтық мақсатта халықаралық ғарыш станциясы жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты келісімге, халықаралық ғарыш станциясын құру және пайдалану саласындағы келісімдердің орындалуы туралы меморандумдарға және уағдаластықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте көрсетілген станцияда ұзақ экспедиция құрамында қатысу, біріншіден, құқықтық базада көзделген кез келген мақсаттарды жүзеге асыру үшін бөлінген ресурстардың өз бөлігін пайдаланатын және бұл бөлікке қатысты пайдаланушыларды таңдайтын жоғарыда аталған Әріптес-Елдерге; екіншіден, барлық Әріптестерді алдын ала хабардар етуге және Әріптестер арасындағы жалпы келісімге олардың ынтымақтасатын ұйымдары арқылы уақтылы қол жеткізуге байланысты.
Осыған байланысты
қолданыстағы құқықтық база
қазіргі кезде Қазақстанның ХҒС-қа
экспедицияның қатысушысы болуына мүмкіндік бермейді,
өйткені Қазақстан Республикасы ХҒС бағдарламасы
бойынша Әріптес-Елдердің құрамына кірмейді және
қазақстандық ғарышкерлерді
ХҒС-қа экипаж құрамына енгізу үшін
көрсетілген іс-шараларды өткізу ұзақ уақытты
алады.
Бұдан басқа, Роскосмостың ақпараты бойынша, таяу жылдарға ХҒС-қа бару кестесі толық қамтылған.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ұлттық ғарыш агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында Ғылыми зерттеулер мен эксперименттердің ұлттық ғарыштық бағдарламасын іске асыру үшін 2013 жылы ХҒС-қа экипаж құрамында қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшырылуын қамтамасыз ету көзделгенін хабарлаймын.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта Агенттік ХҒС бағдарламасы бойынша жоғарыда аталған Әріптес-Елдермен тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов