Оглашен 22.06.2011 г. |
Премьер - Министру Республики Казахстан Масимову К.К.
|
Депутатский запрос
Уважаемый Карим Кажимканович!
Поводом для настоящего депутатского запроса послужили проблемы, связанные с развитием туристической инфраструктуры на берегах озера Алаколь в Восточно-Казахстанской области.
Проблемы развития на берегах озера Алаколь туристического кластера связаны прежде всего с отсутствием соответствующей инфраструктуры. Из-за больших расстояний, плохого качества автомобильных дорог, а также отсутствия железнодорожного сообщения граждане из других регионов страны предпочитают добираться до мест отдыха на озере Алаколь авиатранспортом. Однако в текущем году по неизвестным причинам авиакомпания «Скат» прервала авиасообщение между городами и поселком Урджар (население 17 тыс.чел.), имеющим возможность принимать самолеты типа АН-12 и АН-24. Предполагается, что это приведет к уменьшению числа отдыхающих в этом году.
Еще одним проблемным вопросом региона является постоянное наступление воды озера Алаколь на территории зон отдыха. Размывание берегов приводит к утрате имеющихся земельных территорий, разрушению коттеджей, домов и хозяйственных построек, способствует постоянному переносу строений вглубь территории, что весьма затратно для их владельцев.
На основании вышеизложенного, просим Вас оказать содействие:
1. в организации с начала июля текущего года воздушного сообщения (четыре раза в неделю) из Астаны, Алматы, Семея, Усть-Каменогорска до районного центра – села Урджар Восточно-Казахстанской области;
2. в финансировании строительства необходимых заградительных сооружений (волнорезов), что предотвратит наступление воды на набережную территорию и инфраструктуру.
Депутат Н.Сабильянов
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
№ исх: 11-21/3793 от: 12.07.2011 |
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
депутаты
Н.С.Сабильяновқа
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ ДЗ-334 депутаттық сауалға
Құрметті Нұртай Салихұлы!
Қазақстан Республикасының Үкіметі Сіздің Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамытуға қатысты келелі мәселелерді шешуге жәрдем көрсету туралы депутаттық сауалыңызды қарап, мынаны хабарлайды.
Астана, Алматы, Семей, Өскемен қалаларынан Үржар ауданының орталығына әуе қатынасын ұйымдастыру туралы.
Қазіргі кезде Өскемен және Семей қалаларынан Үржар елді мекеніне дейінгі тура және кері бағыттағы авиарейстерді «Скат» авиакомпаниясы АН-24 ұшағымен аптасына екі рет орындайды.
Жолаушылардың осы әуе қатынасы бағытына деген сұраныстарын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 1 қыркүйек арасындағы әуе қатынасын аптасына үш ретке дейін көбейту жоспарланып отыр.
Аталып отырған рейстер облыстық бюджеттің қаражаты есебінен субсидияланады.
Бұған қоса, Көлік және коммуникация министрлігінің ақпаратына сәйкес «Скат» авиакомпаниясы шілде айынан бастап Үржар елді мекеніне Астана мен Алматы қалаларынан келіп-кететін авиарейстерді ашу мүмкіндігі қарастыруда.
Алакөл жағалауындағы аумаққа және инфрақұрылымға судың келуін болдырмайтын қажетті қоршау құрылыстарын (толқын тосқауылдарын) салуды қаржыландыру туралы.
2007 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Үржар ауданының Қабанбай ауылында Алакөл көлінің рекреациялық аймағын жағалаулық нығайту» жобасы (бұдан әрі – Жоба) даярланды.
Жобаның жалпы құны 3841,7 млн. теңге, ске асыру кезеңі – 4 жыл, жағалау бойындағы ұзындығы – 2,9 км.
Жоба бойынша 14 толқын тосқауылдары салынатын болады, оның ішінде бірінші толқын тосқауылының ұзындығы – 136 м, қалған толқын тосқауылдарының жалпы ұзындығы – 1378 м.
Бұған қоса жобада ұзындығы 172,8 м болатын айлақтық пирс құрылысы көзделген.
Қазіргі кезде Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп жобаның толық іске асырылуына қатысты сұрақтарды, оның ішінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптама алу, жоба құрылысына қажетті қаржы көзін анықтау сияқты мәселелерді пысықтауда.
Жобаның экономикалық сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін оны республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру үшін тиісті бюджеттік-инвестициялық ұсыныс белгіленген тәртіппен Республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына енгізілетін болады.
К. Мәсімов