21.09.2011 ж.
жарияланды
Қазақстан Республикасыңың
Бас прокуроры А.Қ.Дауылбаевқа
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Қ.Қасымовқа
Депутаттық сауал
Құрметті Асхат Қайзоллаұлы !
Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы !
Маған Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жанай ауылындағы Қабанбай көшесінің 36 үйінде тұратын Иманбаева Назигүлден төмендегідей мазмұндағы хаты келді.
Хат иесі: «...мен Иманбаева Назигүл өзімнің жеке меншік малдарым бар. 19.08.2011 ж. табын кезегін ауыл тұрғыны Машиков Қайырхан бақты. Сол күні малдың алдынан шығып, малдарымды түгендесем, ұлымның бір жасар жылқысы жоқ болып шықты. Кезекті баққан Қ.Машиковтан сұрасам, жылқың келеді деп жауап берді. Сол күні малым келмеді. Ертеңінде яғни, 20/08/2011 ж. кешкі сағат 20.30-да малым келмеген соң Қ.Машиковтан тағы сұрадым. Ол маған бері келші деді, ойымда ештеңе жоқ жетіп бардым, сол кезде ол жұдырығымен көзімнен бір ұрып мені лақтырып жіберді. Есімнен таңып қалыппын, есімді жисам кеудеме отырып алып мені ұрып жатыр екен. Өзімді қорғау үшін, жерден бір нәрселер іздедім қолыма іліккен таспен оны ұрып итеріп жіберіп едім, қамшысымен тартып жіберді. Сол кезде он үш жасар ұлым Қуаныш жүгіріп келіп жылап жүріп, мені арашалап алды.
Содан полиция учаскелік инспекторын шақырып, болған жағдайды баяндап арыздандым. ...ауыл полиция учаскелік инспекторы Садықұлов Медет арызды жазып жатқан қызым Мейрамгүлге: қамшыны жазбай-ақ қой бәрібір бұл істі сотқа жібермейміз депті. Себебі, мені ұрған Қ.Машиковтың інісі Батыров Қайырғазы Үржар ауданының Ішкі Істер Бөлімінде жұмыс жасайды, ол керек десеңіз, ағасын он бес тәулікке де қаматпай алып қалды. Ағасы мен жеңгесі, учаскелік инспектор кеткен соң, Батыров Қайырғазы үйіме келіп, маған: «Назигүл, жазған арызыңды қайтып ал, сен менің милицияда істейтінімді білесің ғой, жазған арызың бәрібір менің алдымнан өтеді. Мүмкін жоқ қылып жіберемін мен ментпін ғой (если что, имей ввиду)» - деп айтқанда шошып кеттім.
Үржар аудандық ішкі істер бөліміне барып, болған жағдайды айтып едім, бізді қабылдаған Марат Сламғазыұлы деген азамат бұндай істердің талайының қалай жабылғанын көргенмін, сотқа бармай-ақ қой деп күлді. Келесі күні Үржар ауданы ІІБ бастығына жолығып болған жағдайды айтсам, тіпті сорақы, ол маған неге сол ұрған адамға күйеуіңді жібермейсің оны быт-шыт қылсын дейді. Онда мен несіне әділдік іздеп бұл арада жүрмін? Ол аздай ол маған өзін таныстырғанда Болат Рахметұлымын деп өтірік айтыпты, ал шындығында оның аты-жөні Болат Ескендірұлы Нұрмағанбетов екен. Сонда халықты жақтап, қорғайтын мемлекеттік қызметкерлер жалған айтып, кімге қызмет етіп отыр?
Менің Сізден сұрайтыным осы істің ақ-қарасын анықтап Қ.Машиковқа карсы қылмыстық істің қозғалып, оның заңды жазасын алуына көмектесуіңізді сұраймын. Мен бұл арызды ол Қ.Машиковтан ақша өндіртіп алайын деп көтеріп отырған жоқпын, тек заңды түрде оның жазасын алып сотталғанын және Үржар аудандық ІІБ-дегі інісі Батыров Қайырғазының да, істі созбалақтап жүріп алған ауыл полиция учаскелік инспекторы Садықұлов Медетке қарсы да заңды шаралар әділ түрде қолданылса екен деп отырмын. Егер Қ.Машиков сияқты бұзақыларға ешқандай қылмыстық іс қозғалмаса, ауылдағы кез келген ер азаматтың біреудің әйеліне қолын ала жүгіріп, тепкіге жығып кете беруіне жол беріліп қоя ма деп те қорқамын...», – деп жазыпты.
Осыған байланысты Сізден Н.Иманбаеваның хатында көрсетілген мәселені қарастыруды сұраймын.
Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.
Қосымша 5 бет.
Депутат Н.Сабильянов
----------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты
Н. Сабильяновқа
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық Заңының 27 бабының 2 бөлігіне сәйкес, Парламент депутатының Бас Прокурорға салынған сұрау қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыруға байланысты мәселелерге қатысты бола алмайды.
Н.Иманбаеваның шағымы келтірілген дене жарақатының оқиғасы бойынша аудандық ішкі істер бөлімімен қажетті шаралар қолданбай жатқандары мәселесіне қатысты.
Осыған байланысты, депутаттық сауалнама азаматтардың жалпы өтініштеріне қатысты іс жүргізу тәртібімен қаралды.
2011 жылдың 20 тамызында ШҚО Үржар ауданы Жанай ауылында мал жоғалуы оқиғасы бойынша Н.Иманбаеваның және осы аулдың мал бақташысы Қ.Машиковтың арасында жанжал туып, нәтижесінде Н.Иманбаева дене жарақаттарын алған.
Болған жағдай бойынша Н.Иманбаева Үржар АІІБ-на арызданып, Қ.Машиковты қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады.
Тексеру жұмыстарының барысында Н.Иманбаеваның үйіне келмеген малы бірнеше күннен кейін табылып, яғни малдың жоғалуы немесе ұрлануы орын алмаған.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес Н.Иманбаеваның бас миының жабық шайқалуы, сол жақ көзінің үсті және астының қанталауы, сол жақ тізесінің сырылуы түріндегі жеңіл дәрежедегі дене жарақаттары анықталған.
Тексеру нәтижесімен Үржар АІІБ қаулысымен Қ. Машиковқа қатысты ҚР ҚК-нің 257 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғаудан ҚР ҚІЖК-нің 37 бабы 1 бөлігі 2 тармағына сәйкес бас тартылды.
Бұл шешім 2011 жылдың 29 қырқүйегінде Үржар аудандық прокуратурасымен бұзылды.
Н.Иманбаева өзінің арызында дене жарақатын алғаннан кейін, ұзақ уақыт емделгенін көрсетті.
Сондықтан аудан прокуратурасымен қосымша сот-медициналық сараптама тағайындауға және оқиға болған жердің маңайында тұратын тұлғаларды анықтап, олардан мән-жайлар туралы түсініктер алу және Н.Иманбаева, Қ.Машиковтың арасында бұрын бас араздығы болғанын немесе болмағанын анықтау туралы нұсқаулар берілді.
Сонымен қатар 2011 жылдың 26 тамызында Үржар АІІБ-не Н. Иманбаевадан Жанай ауылының учаскелік полиция инспекторы М. Садыгуловқа, Қ. Машиковтың ағасы Үржар АІІБ кезекші болып қызмет атқаратын Қ.Батыровқа, полиция қызметкерлері М.Слямғазинге және Б.Нұрмағанбетовке қатысты шара қолдануды сұраған арызы түсіп, ол бойынша 2011 жылдың 22 қыркүйегінде қылмыстық іс қозғаудан ҚР ҚІЖК-нің 37 бабы 1 бөлігі 2 тармағының негізінде бас тартылды.
Үржар аудандық прокуратурасымен аталған қаулы бұзылып, құжаттар қосымша тексеру жұмыстарын жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін ШҚО ІІД ӨҚБ жолданды.
Қосымша тексеру жұмыстарының барысы, берілген нұсқаулардың толық және уақытылы орындалуы Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының бақылауында.
Арыз иесіне жауап берілді.
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
орынбасары Н. Исаев
----------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
депутаты
Н.С. Сабильяновқа
2011 жылғы 22 қыркүйектегі
№ДЗ-431 хатқа
Құрметті Нұртай Салихұлы!
Ішкі істер
министрлігі азаматша Н. Иманбаеваның азамат
Қ.Қ. Машиковтың оған дене жарақатын келтіру
фактісі бойынша және Шығыс Қазақстан облысы ІІД
Үржар ауданының ІІб қызметкерлерінің
құқыққа қарсы әрекеттері туралы арызы
қарады.
Жүргізілген тексеріс барысында Н.А. Иманбаева жайылымнан келмеген жылқысының келмеу себебін анықтау мақсатында сол күні малды өріске шығарған азамат Қ.Қ. Машиковтың үйіне барғаны анықталды. Туындаған жанжал кезінде азамат Қ.Қ. Машиков оның бетінен ұрған.
Сот-медициналық сарамтаманың 2011 жылғы 3 қазандағы №286 қорытындысына сәйкес Н. Иманбаеваға келтірілген дене жарақаты жеңіл болып танылған. Осыған байланысты Үржар ауданының ІІб қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданды.
Тексеріс барысында Үржар ауданының полиция қызметкерлерінің әрекетінде қолданыстағы заңнаманы бұзу көзделмегені анықталды.
Қазіргі
уақытта материал қабылданған шешімнің
заңдылығын зерделеу үшін Үржар ауданының
прокуратурасына жолданды. Келісілген жағдайда
Қ.Қ. Машиковқа қатысты Қазақстан
Республикасы Әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы кодексінің 79-3-бабының
2-тармағы (Денсаулықтың қысқа уақыт
бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты
түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан
денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша әкімшілік іс қозғалып, жауапкершілікке тарту
үшін сотқа жолданатын болады.
Н.А. Иманбаеваға жазбаша түрде жауап жолданғанын хабарлаймыз.
Құрметпен,
Министрдің міндетін атқарушы М. Демеуов