Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Ұлы Отан соғысына қатысушы, ардагер Манап Бақтыбазаровтың өтініші бойынша депутаттық сауал

26.10.2011 ж.              

жарияланды                                                                                  

 

                                                              Қазақстан  Республикасының

Премьер-Министрі

К.Мәсімовке

 

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы !

 

Маған Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Холодный ключ кенті 12\1 үйінде тұратын Ұлы Отан соғысы ардагері, ІІ-ІІІ дәрежелі даңқ ордендерінің иегері Бақтыбазаров Манаптан төмендегідей мазмұндағы хаты келді.

Хат иесі: «...2009 жылы Соғыстың 65 жылдығы қарсаңына «барлық Семей қаласындағы қызымның үйіне мекен жайы бойынша тіркеуге отырдым. Маған ҰОС ардагерлері ішінде 10-шы кезекте тұрғаным туралы жауап келді. Кейін «...қазіргі кезде Сіздің мәселеңізді шешу мүмкін емес, тұрғын үй жаймен қамтамасыз ету мүмкіндігі туған жағдайда, Заң талаптарына сәйкес Сізге баспана міндетті түрде бөлінетін болады...» деген жауап келді.

Кемпірім мен ІІ топтағы мүгедек ұлым бар. Ауруханасы жақын жерге барамыз ба, деген ниетпен қалаға келіп едік...» - деп жазған.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес: «Ұлы Отан соғысың мүгедектері мен қатысушыларының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқығы бар.» Бірақ та, Ұлы Отан соғысының ардагері Бақтабазаров Манап әлі Семей қаласынан тұрғын үй ала алмай отыр.

Сонда 2010 жылғы 8 тамыздан қазіргі уақытқа дейін Семей қаласында  тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тұрғын үй берілмеген бе?

Осыған байланысты Сізден Семей қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған, Ұлы Отан соғысына қатысушы, ардагер Манап Бақтыбазаровты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды сұраймын.

Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.

Қосымша 3 бет.

 

Депутат                                                                                  Н.Сабильянов