09.11.2011 ж.
жарияланды
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрі Б. Камалиевқа
Депутаттық сауал
Құрметті Берік Сайлауұлы !
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесулер өткізгенде Омбы-Майқапшағай республикалық автожолының Семей-Қалбатау жол учаскесін күрделі жөндеу мәселесі жиі көтеріледі. Қазір осы Семей-Қалбатау жол учаскесі жолаушыларға қиындық тудыруда.
2010-2011 жылдары Омбы-Майқапшағай республикалық автожолының Суықбұлақ-Қалбатау жол учаскесін қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Ал Семей-Суықбұлақ жол учаскесін қайта жаңғыртуға бюджеттен қаражат қарастырылмаған.
Осыған байланысты Сізден:
1. Шығыс Қазақстан облысындағы Омбы-Майқапшағай республикалық автожолының Семей-Суықбұлақ жол учаскесін қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесін;
2. Суықбұлақ-Қалбатау жол учаскесін қайта жаңғырту жұмыстарының қай уақытта аяқталатыны, оған республикалық бюджеттен қанша қаражат бөлінгені және сол қаражаттың қалай игерілгені туралы мәлімет беру мәселесін қарастыруды сұраймын.
Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.
Депутат Н.Сабильянов
------------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Парламент
Мэжілісінің Аппараты
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Семей-Суықбүлақ-Қалбатау» автомобиль жолының учаскесін қайта жаңартуға қатысты сұрау салуын қарап, келесіні хабарлайды.
«Омск - Павлодар - Майқапшағай» халықаралық транзиттік дэлізін қайта жаңарту шеңберінде 2010 жылдан бастап ұзақтығы 78 км Суықбұлақ және Қалбатау арасындағы 828-870, 870-906 км учаскелерін қайта жаңарту жүмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асырудың нормативтік мерзімі -3 жыл. Жобаға екі мердігер компания - «Автожолсервис»ЖШС жэне «Трансремстрой» ЖШС тартылды. Қайта жаңарту бойынша жүмыс құны 10,3 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде 2011 жылғы 30 қарашаның * жай-күйі бойынша 6,4 млрд. теңге игерілді, 2012 жылға қалған жүмыстар 3,9 млрд.теңгені құрады. Қайта жаңарту аралығында 35 км жол жамылғысы төселді. 2012 жылы ұзақтығы 78 км учаскені пайдалануға беру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта үзақтығы 72 км «Семей-Суықбүлақ» 756-828 км учаске бойынша ағымдағы жылы аяқтау арқылы жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілуде. Аталған жол учаскесінде қайта жаңарту жұмыстарын бастау 2012 жылға жоспарланған.
Министр Б.Камалиев