Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
01.03.2007 ж. № З-257
16

16.03.2011 ж.                                                                               Қазақстан Республикасының

жарияланды                                                                                                Ауыл шаруашылығы

министрі А.Қ.Күрішбаевқа

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы Министрі Б.Жамишевқа

 

Қазақстан Республикасының

                                            Экономикалық қылмысқа

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күрес агенттігінің Төрағасы

Қ.П.Қожамжаровқа

 

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры Қ.Ә.Мамиге

 

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы !

Құрметті Болат Бидахметулы !

Құрметті Қайрат Пернешұлы !

Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы !

 

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тұрғындарымен кездескенде Алтыншоқы, Көктерек ауылдарындағы ауыз су мәселесі айтылды. Алтыншоқы ауылының су құбырының мәселесі туралы осы ауылдың тұрғыны Аманкелді Ещановтан маған келген хатта да жазылған. Хат иесі А.Ещанов: «...Мен Сізге ауыз су бойынша жазған арыздарымның жауабының көшірмесін жіберіп отырмын. Жіберу себебім, Сіз берген жауабыңызда Теке-Бұлақ, Алтыншоқы ауылында 2009 жылы ауыз су болады деп Республикалық бюджеттен бөлінген ақшаның кестесін көрсеткен едіңіз. Бірақ міне 2011 жыл, екі ауылда ешқандай су құбырлары салынып біткен жоқ. 2010 жылы бір күнде су жүргізуші компания жұмыс істеген жоқ. Қазір Теке-Бұлақ ауылында мүлде су жоқ. Алтыншоқы селосында 1,2 колонка қалды. Сонда Республикадан 2007-2009 жылдары ауыз суға бөлген 170,5 миллион теңге жер астында көміліп жата береме?...» - деп жазыпты. 29 қараша 2010 жылы Алтыншоқы ауылында халықпен кездесу өткізгенде де осы ауылдағы ауыз су мәселесі көтерілген.

2007-2009 жылдары Үржар ауданы Алтыншоқы, Теке-Бұлақ ауылдарындағы су құбырын жаңартуға республикалық бюджеттен 170,5 млн. теңге бөлінген.

Ал 2007-2008 жылдары Үржар ауданы Көктерек ауылындағы су құбырын жаңартуға республикалық бюджеттен 43,6 млн. теңге бөлінген. Бірақ бұл ауылдың су құбыры әлі іске қосылмаған. 30 қараша 2010 жылы Көктерек ауылында халықпен кездесу өткізгенде осы ауылдағы ауыз су мәселесі тұрғындар тарапынан айтылған болатын.

Осыған байланысты Сізден А.Ещановтың хатында көрсетілген мәселені қарастыруды, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына қарасты Алтыншоқы, Теке-Бұлақ, Көктерек ауылдарының су құбырын қайта жаңартуға 2007-2009 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатына сай жұмсалуын, өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың заңдылығын, олардың орындалуы мен атқарылған жұмыстардың сапасын тексеруді сұраймын.

Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.                 

Қосымша 4 бет.

 

         Депутат                                                                                  Н.Сабильянов   

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің

депутаты

Н.С. Сабильяновқа

 

2011 жылғы 18 наурыздағы

№ ДЗ-123 хатыңызға

 

 

Құрметті Нұртай Салих ұлы!

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының министрлігі (бұдан әрі-Ауылшармині) Сіздің, Шығыс-Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы, Теке-Бұлақ, Көктерек ауылдарын сумен жабдықтау мәселесіне қатысты 2011 жылғы 18 наурыздағы № ДЗ-123 хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

Алтыншоқы, Теке-Бұлақ ауылдарын сумен қамтамасыз ету мақсатында «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылының су құбырын қайта құру» (мемлекеттік сараптаманың қорытындысы 21.12.2007 жылғы № 22-459/07) әзірленген техникалық-экономикалық негіздемесіне (бұдан әрі-ТЭН) сәйкес 178,201 млн. теңге бөлу жоспарланған. Бірақ, бекітілген жер асты су қорының болмауына байланысты, Ауылшармині Су ресурстары комитетінің 06.12.2007 жылғы № 24-3-2/4406 «Жұмыстардың орындалуын қосылу кешені бойынша бөлуімен ТЭН түзету туралы» хатына сәйкес, жобаны 2 қосылу кешеніне бөлуге шешім қабылданған болатын.

2007-2008 жылдары «Ауыз су» салалық бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен «Шығыс-Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылының су құбырын қайта құру (бірінші қосылу кешені)» (мемлекеттік сараптаманың қорытындысы 28.12.2007 жылғы № 22-476/07), жобасы бойынша нысан құрылысы жүзеге асырылды, сметалық құны 82,28 млн. теңге.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша 2009 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жобаның мемлекеттік сараптамадан өтуіне қажетті жер асты су қорын анықтау бойынша іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді (02.12.2009 жылғы № 500 хаттама). Қазіргі уақытта, жобаның одан әрі іске асыру мақсатында екінші қосылу кешені бойынша әзірленген жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың қарастыруына жолданды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, екінші қосылу кешенінің іске асырылуы Алтыншоқы және Теке-Бұлақ ауылдарын сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады.

2007 жылдан бастап «Ауыз су» салалық бағдарламасы шеңберінде «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктерек ауылының су құбырын қайта құру» жобасының іске асырылуы жүргізіліп жатыр. 2008 жылы құрылыс жабдықтарының қымбаттауына байланысты жобалау-сметалық құжаттамаға қайта есептеу жүргізілді (мемлекеттік сараптаманың қорытындысы 29.08.2008 жылғы № 22-291/08).

2011 жылы аталған нысанның құрылыс жұмыстарының аяқталуына аудандық бюджет қаражаты есебінен 15,6 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жылы пайдалануға енгізу жоспарлануда.

Ақпарат ретінде хабарланады.

 

 

Министр                                                                           А. Мамытбеков

 

 

 

 

 

            Қазақстан Республикасы

                                                                                            Парламенті Мәжілісінің

                                                                                            депутаты Н.С.Сабильяновқа

 

 

Құрметті Нұртай Салихұлы!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі, 2011 жылғы 18 наурыздағы №ДЗ-123 сауалыңызды орындау барысында, Үржар аудандық Алтыншоқы, Көктерек, Теке-бұлақ ауылдарының суқұбырларын жаңғыртуға бөлінген бюджет қаражаттарының тиімді және мақсатты пайдалануы мәселесі бойынша келесіні хабарлайды.

Бұрын, көрсетілген сұрақтар бойынша Қаржылық бақылау комитеті сіздің 2009 жылдың 15 және 16 сәуірдегі Сіздің сауалыңызға байланысты «Үржар аудандық құрылыс қала құрылысы және сәулет бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі Мекеме) 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 20 сәуір аралығына тексеру жүргізіп, тексеру қорытындысы бойынша 2009 жылдың 19 мамыр айында №КФК 8-16/1586 жауап хаты жолданған болатын.

Тексеру объектісіне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды толық жою және бақылау объектісінің кінәлі лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін белгіленген тәртіппен қарау жөнінде шаралар қабылдау және ескертулер жіберілгенін қосымша хабарлаймыз.

Тексеру қорытындысы бойынша кешеннің екінші кезеңін іске қосуда мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманың нақты дайын болмауынан басқа жіберілген кемшіліктер қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, тексеру құжаттары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне кәсіптік шешім қабылдау үшін жолданды.

Шығысмемсараптама ЕМК Семей филиалының 2007 жылғы  28 желтоқсан     № 22-476/07 Үржар ауданы Алтыншоқы ауылындағы суқұбырын қайта жаңарту (бірінші қосылатын кешен) жұмыс жобасы бойынша қорытындысында қаралғанымен, бүгінгі күнге дейін екінші іске қосу кешені су іркуіш учаскесіндегі жер асты су қорларын анықтау және бекіту  бойынша гидрогеологиялық жұмыстың нәтижелері дайындалмаған.

Алтыншоқы ауылының суқұбырын қайта жаңғырту, кешеннің екінші кезеңін іске қосуда мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманың дайын болмауына байланысты 2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін бюджеттен қаражат бөлінбеген.

 2011 жылғы  24 наурызда Аудандық Маслихат сессиясының шешімінің  негізінде мекемеге «Сумен жабдықтау жүйесін дамыту, республикалық бюджет  трансферттері есебі» бағдарламасы бойынша  Көктерек ауылында  суқұбырын қайта жаңғыртуға  15 586,0  мың теңге  сомасында  қаражат бөлініп, ағымдағы жылға бөлінген қаржыландыруды есепке алғанда жұмыстың аяқталуымен пайдалануға берілу мерзімі болып 2011 жылдың  үшінші тоқсаны деп күтілуде.

 

 

     Құрметпен,

     Министр                                                                                            Б. Жәмішев

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің Депутаты

Н. Сабильяновқа

 

 

2011 жылғы 18 наурыздағы №ДЗ-123 хатыңызға

(2011 жылғы 26 сәуірдегі шығ№6-11/3860 хатымызға қосымша)

 

Құрметті Нұртай Салихұлы!

 

А.Ещановтың арызы бойынша тексеріс жұмыстары жүргізіліп, төмендегілер анықталды.

Алтыншоқы, Теке-Бұлақ ауылдарына жаңа құбырлар салу үшін       2007 жылы конкурс өткізіліп, «Казсельбурводстрой» ЖШС мен «Үржар ауданының құрылыс бөлімі» ММ арасында келісім шарт жасалған.

Алайда, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитеті, «ШҚО бойынша Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті» ММ және «ШҚО Үржар аудандық экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ хаттарына сәйкес, Алтыншоқы ауылындағы жаңа су құбырларын салу мәселесі екіге бөлініп қаралған.

Біріншісі – Алтыншоқы, Теке-Бұлақ ауылдарына жаңа құбыр тарту, екіншісі – осы салынған құбырларды сумен қамтамасыз ететін су көздерін, яғни скважиналар мен насос станцияларын салу.

Бірінші бөлік бойынша белгіленген шаралар атқарылып, құбыр тарту жұмыстары Алтыншоқы және Теке-Бұлақ ауылдарына салынып, бастапқы ескі суалғыға жалғанған. Оған бюджеттен бөлінген және игерілген 82,2 млн теңгенің толық және мақсатты пайдалануын тексеру үшін ШҚО Қаржылық бақылау басқармасының «Үржар ауданы бойынша Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Казсельбурводстрой» ЖШС қызметкерлерінің (мердігер) және арыз иесі А.Ещановтың қатысуымен тексеріс шаралары жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде бірінші бөлік бойынша аяқталмаған жұмыстардың сомасы 184,3 мың теңгені құрады.  

Қазіргі уақытта «Казсельбурводстрой» ЖШС 2010 жылғы                            22 мамырдағы №13 кепілдік міндеттемесіне сәйкес аталған кемшіліктер                  2011 жылғы 20 мамырға дейін жойылуы тиіс.   

Ал, екінші бөлік бойынша жоба жасалған уақытта жер асты суларының қоры зерттелмеген, зерттеу туралы сметалар жасалмаған, бюджеттен ешқандай қаражат бөлінбеген. Сондықтан, қазіргі уақытта ауылдарға жаңа тартылған құбырдан су берілмей тұр. Себебі, ескі суалғылардың жаңа құбырдан су жіберуге күші жетпейді.

Көктерек ауылындағы су құбырларын қайта жаңарту үшін сметалық- жобалау құжаттама 2003-2004 және 2007-2008 жылдары әзірленген. Үржар аудандық әкімшілігіне республикалық бюджеттен 43,6 млн. теңге бөлінген. Көктерек ауылындағы жұмыстарды жүргізіп, яғни жаңа құбырларды салу үшін 2007 жылғы 28 мамырда «Үржар аудандық құрылыс бөлімі» ММ-мен «Үржар ҚМК-1» ЖШС арасында № 2 келісім шарт жасалған. Осы жаңа құбырларды салу жұмыстарын  тексерудің нәтижесінде 3220,05 мың теңге сомасын құрайтын кемшіліктер анықталды. Осыған байланысты мердігер «Үржар ҚМК-1» ЖШС анықталған кемшіліктерді 2011 жылғы 1 шілдеге дейін жоюға міндеттенген.          

Баяндалғандардың нәтижесінде, Үржар аудандық құрылыс бөлімінің бастығы С.Елемесов, мердігерлер «Казсельбурводстрой» ЖШС директоры С.Покатиловтың және «Үржар ҚМК-1» ЖШС директоры Г.Акановтардың     іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы болмауына байланысты, ҚР ҚІЖК                       37-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғаудан бас тарту шешімі қабылданды. 

Арыз иесіне тиісті жауап берілді.

                      

Құрметпен,

Төрағаның бірінші орынбасары                                                  Р. Ыбырайымов

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаты

Н.С. Сабильяновқа

 

Құрметті Нұртай Салихұлы!

 

         Бас прокуратура Сіздің Шығыс-Қазақстан облысының Үржар ауданына қарасты Алтыншоқы, Теке-Бұлақ, Көктерек ауылдарында су құбырын салу барысында орын алған заң бұзушылықтар туралы депутаттық сауалыңыз бойынша төмендегіні хабарлайды.

         Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың  қорытындылары бойынша 2007 жылғы 7 желтоқсанда Үржар ауданының құрылыс бөлімі  (әрі қарай – Тапсырыс беруші) «Казсельбурводстрой» ЖШС-мен (әрі қарай - Мердігер) келісім жасаған (сомасы 167 800 000 теңге).

         Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 24-3-2/4406 және Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 1726 хаттарының негізінде  су құбырларын екі кешенге бөліп салу туралы шешім қабылданған.

         Сондықтан, су құбыры желілерін жаңғырту жобасы жасалған, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша жоба құны 81 762 423 теңгені құрайды.

         2008 жылғы 30 мамырда Тапсырыс беруші мен Мердігердің арасында жасалған келісімге қосымша  шарт әзірленген.

         Қосымша шартпен бөлінетін сома 167 800 000 теңгеден 81 762 423 теңгеге ауыстырылған, жұмыстың орындау мерзімі 2007-2008 жылдарға жоспарланған.

         2007 жылы Мердігер барлығы 19 889 100 теңге, 2008 жылы - 56 284 700 теңге, 2009 жылы - 5 588 600 теңге жұмсаған.

         Депутаттық сауалды қарау барысында Шығыс Қазақстан облысының прокуратура органдары қызметкерлерімен сұралған Алтыншоқы және Теке-Бұлақ ауылдарының тұрғындары 2007-2008 жылдары су құбырлары орналастырылып, олар ескі су мұнарасына жалғанғанын көрсетті.

         Дегенмен, тұрғындар ескі су мұнарасынан су шықпағанын және жаңа мұнара салынбағандықтан су құбыры іске қосылмағанын айтты.

Негізгі мұнараның құрылысы жүргізілмеуіне байланысты мемлекеттік комиссия аталған жұмысты қабылдаудан бас тартқан.

Қазіргі кезде жер астының су қоры толықтай зерттеліп, ІІ-кезектегі бас су құбырының жобасы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

         Алтыншоқы су құбыры бойынша келісімнің 2.4-тармағына сәйкес Тапсырушы келісім бойынша төлемдерді тек атқарылған жұмыс актісі мен Ф-3 анықтамасы бойынша жеке шотқа аударады. Актіге тапсырушы, мердігер, техникалық қадағалау органы және Шығыс Қазақстан облысының Құрылыс департаментінің өкілдері қол қойып, объект қабылданғаннан кейін Мердігердің есеп шотына келісім бойынша қаражат сомасы толық аударылады.

         Ал келісімнің 2.5-тармағына сай келісім бойынша төлем, мемлекеттік комиссиясы объектіні толық қабылдағаннан кейін және қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін жасалады.

         Алайда, актілерге мемлекеттік комиссияның бір ғана мүшесі - аудандық сәулет-құрылыс бөлімінің бастығы С. Елемесов қол қойып, ол актінің негізінде Мердігерге төлемдер жасалған.

         Көрсетілген факті бойынша Үржар аудандық прокуратурасы 2011 жылғы 13 сәуірде тексеру материалдарын процессуалдық шешім қабылдау үшін қаржы полиция органдарына жолдады (шешім қабылданбаған). 

         Сонымен қатар, келісімнің 5.5-тармағында Мердігердің тарапынан келісімде көрсетілген жұмыстың аяқталу мерзімі бұзылған жағдайда, 1 күн мерзімнің бұзылуына байланысты жалпы сомадан 0,1 пайыз тұрақсыздық  айыбы ұсталатыны көрсетілген.

Алайда, қазіргі кезде тұрақсыздық айыбы өндірілмеген.

         Аталған заң бұзушылықтар бойынша Үржар аудандық прокуратурасы 2011 жылғы 13 сәуірде жергілікті атқарушы органға заңдылықты бұзуды болдырмау туралы ұсыныс енгізді (қаралуда).

         Көктерек ауылында су құбырларын салуға 2007-2008 жылдары 43,6 млн. теңге көлемінде қаражат бөлу қарастырылып, 2007 жылғы 28 мамырда Үржар ауданы әкімдігінің Құрылыс бөлімі мен «Үржар» ЖШС-нің арасында сомасы 43 222 430 теңгені құрайтын тиісті келісім жасалған (жұмыстарды орындау мерзімі – 2007-2008 жылдар).

         Қазіргі кезде жер астынан су шықпауына байланысты қабылдап алу актісі жасалмаған. Үржар ауданының құрылыс бөлімі 2011 жылы қайта сметалық жобаға сараптама тағайындаған.

         Сараптама қорытындысына сәйкес Көктерек су құбыры бойынша жұмыстарды аяқтау үшін қосымша 15 686 000 теңге қажет, сондықтан аудандық бюджеттен 2011 жылға аталған сома бөлінген. Қазіргі кезде қаражат жұмсалмаған, жұмыстарды жүргізу 2011 жылдың мамыр-шілде айларына жоспарланған.

         Прокурорлық ықпал ету актісін қарау мен қаржы полиция органдарының процессуалдық шешім қабылдауы облыс прокуратурасының бақылауына алынды.

                           

А. Дауылбаев