Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне баспана беру туралы
14

14.03.2012 ж.                                                                      

жарияланды       

 

      Қазақстан  Республикасының

                                                                           Премьер-Министрі

К.Мәсімовке

 

Қазақстан  Республикасының

                                                                                     Бас прокуроры

А.Қ.Дауылбаевқа

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы !

Құрметті Асхат Қайзоллаұлы !

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес: «Ұлы Отан соғысың мүгедектері мен қатысушыларының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқығы бар». Алайда қазіргі уақытта тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан соғысына қатысушылар тұрғын үйге қол жеткізе алмай отыр.

Оған мысал, Семей қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, ІІ-ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің иегері Бақтыбазаров Манап 2010 жылы Семей қаласында тұрғын үй алуға кезек реті 10-шы болып кезекке тұрған. Бірақ, бүгінгі күнге дейін кезек жылжымай Манап Бақтыбазаров кезек реті 10-шы болып тұр екен. Жалпы Семей қаласында қазір 16 Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұрғын үй кезегінде тұр.

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да биыл 67 жыл толады, ол соғысқа қатысқандардың ең жасы 88 жасқа келді.

Осыған байланысты Сізден Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның орындалуын қамтамасыз етуді, тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан соғысына қатысушыларға тұрғын үй беру мәселесін, заңдылығын қарастыруды сұраймын.

Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймын.

Қосымша 3 бет.  

 

Депутат                                                                Н.Сабильянов

 

 

 

------------------------------------------------------------

 

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаты

Н.С. Сабильяновқа

 

 

2012 жылғы 15 наурыздағы № ДЗ-132 сауалға

 

Құрметті Нұртай Салихұлы!

 

Семей қаласының тұрғыны М. Бақтыбазаровқа тұрғын үй беру мәселесі жөніндегі Сіздің сауалыңызға қатысты мынаны хабарлаймын.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметтері бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегі М. Бақтыбазаров тұрғын үй комиссиясының 2010 жылғы 11 тамыздағы шешімімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебіне қойылды, оның кезегінің нөмірі – 14.

Жеңіс күнінің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық кезінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке тұрған Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына пәтер беруді жоспарлаған болатын. Азаматтардың осы санаты үшін қаражат бөлінген және сол сәтте кезекте тұрған ардагерлердің санына сәйкес пәтерлер сатып алынған.

Бүгінгі таңда М. Бақтыбазаров кезекте тұрған Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының  тізімінде 9 нөмірмен тіркеуде тұр.

Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру шеңберінде Семей қаласындағы Энергетик  кентінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған азаматтар үшін 72 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталады.

Осыған байланысты, Ұлы Отан соғысының ардагері
М. Бақтыбазаровқа көрсетілген үй пайдалануға берілгеннен кейін баспана берілетін болады.

 

 

    К. Мәсімов

--------------------------------------------------------------- 

 

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

Депутаты

Н.С. Сабильяновке

 

Құрметті Нұртай Салихұлы!

 

         Сіздің Ұлы Отан Соғысының ардагері М.Бақтыбазаровтың түрғын үй мәселесі бойынша берілген депутаттық сауалыңызға сай, прокуратура органдарымен тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында анықталғаны, 2010 жылы тамыз айының 11 жұлдызында Семей қаласы әкімдігінің  тұрғын – үй комиссияның шешімімен М.Бақтыбазаров отбасы құрамы екі адамнан тұратын (зайыбы – аз. Р.Бақтыбазаровамен бірге) Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушылары тізіміне №14 болып тіркеген.

2012 жылдың сәуір айына «Семей қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеменің (бұдан әрі – тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі) мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға арналған кезекте Ұлы Отан Соғысының 14 ардагері тіркелгені, оның ішінде М.Бақтыбазаров 8-ші кезекте тұрғаны анықталды.

Жеңістің 65-жылдығын тойлау барысында, 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін кезекке тұрған барлығы 51 Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне пәтер беру жоспарланған.

Осыған орай, Семей қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 31 науырыздағы №310 қаулысымен, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйлерін  сатып алу үшін әкімдіктің резервінен  62 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген.

Осы санаттағы азаматтарға 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін кезекте тұрған ардагерлер санына қарай Семей қаласы Энергетик ықшам ауданында орналасқан №8 үйден - 51 пәтер сатып алынып, олар 50 Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің арасында бөлінді.

Ал, 1 пәтерді Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 75-баптың 1 тармағына сәйкес (2 бөлмелі, 45,7 шаршы метр), отбасы екі азаматтан тұрғандықтан,  М. Бақтыбазаровқа бөлу мәселесі тұрғын-үй комиссиясымен қаралу үстінде.

Жоғарыда көрсетілген 14 ардагерлер тұрғын үй алушылар ретінде кезекке 2010 жылдың 1 қантарынан кейін тұрғанын атап өту қажет.

         Сонымен қатар, 2010 жылдан бері Семей қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорына жаңадан үй жайлар берілмеген және коммуналдық нысандағы үйлерді салуға қаражат бөлінбеген.

Осыған байланысты, прокурорлық шара қолдануға негіз жоқ деп санаймыз.

 

 

                                                                                                     А. Дауылбаев