Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
05.09.2007 ж. №З-860
05

05.09.2007 ж.

№З-860

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

Ж.Түймебаевқа

 

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы !

 

                Бәрімізге белгілі соңғы жылдары мемлекет тарапынан жоғары оқу орнына түсуге талпынған түлектер үшін жақсы жағдайлар жасалып келеді.

                Осыны түсінген ата-аналар да балаларын алғашқы сыныптан бастап-ақ жақсы оқуға тәрбиелеп жүр. Көптеген балалар осы сенімді ақтап, орта мектепті «Алтын белгімен» аяқтап, өте жоғары балға ие болды.

                Өкінішке орай, осындай түлектердің сағы сынып отыр. «Алтын белгі» алып, 100 баллдан жоғары баллға ие болып, жоғары оқу орнына түсу үшін грантқа ие бола алмағандар түсініксіз жағдайға душар болып отыр, сенімсіздік пайда болды. «Не үшін 10 жыл көзмайымызды төгіп оқыдық, қандай кінәміз бар, бізге неге жағдай туғызбайды ?!» деген әңгіме көп.

Атап айтқанда, маған Шығыс Қазақстан облысы Аякөз қаласының тұрғыны, зейнеткер азамат Манабаева Қарлығаш Берікқызынан төмендегідей мазмұндағы өтініш хат келді.

                Қ.Манабаеваның немересі Сағымбаева Назерке биыл Аякөз қаласындағы көп салалы мектеп-гимназияны «Алтын белгімен» 109 балл алып бітіріп, Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің менеджмент, экономика, қаржы, есеп және аудит факультеттеріне құжат өткізген. Бірақ мемлекеттік грантқа өте алмай қалған. «Осындай жоғары баллмен неге өтпей қалғаны бізге түсініксіз. Менеджмент факультетіне 109 баллмен, одан да төмен баллмен басқа балалар өткен. Олар өткенде менің немерем қалайша өтпей қалды... баламның сағы сынып отыр.», - дейді хат иесі.

                Осыған байланысты Сізден:

-              Шығыс Қазақстан облысы Аякөз қаласының тұрғыны Қ.Манабаеваның хатында көрсетілген мәселені, «Алтын белгі» иегері Сағымбаева Назеркеге Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің менеджмент факультетінде оқу үшін мемлекеттік грант бөлу мәселесін қарастыруды;

-              Қазақстан бойынша биыл қанша «Алтын белгі» иегерлері мемлекеттік грант бойынша жоғары оқу орындарына түсе алмағаны туралы мәлімет беруіңізді (олардың аты-жөндерін, себебін, қай мектеп түлектері екенін толық көрсетуді) сұраймын.

                Депутаттық сауалды қарастыру нәтижесі туралы жазбаша түрде хабарлауды сұраймын.

                Қосымша 3 бет.

 

 

                Құрметпен,

Н.Сабильянов

 

Р.Сарпеков