Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
03.10.2007 ж. №З-1023

 

 

 

                03.10.2007 ж.

                №З-1023

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К.Қ.Мәсімовке

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы !

 

                2008 жылы ақын, ірі ойшыл, шежіреші, аудармашы, Ұлы Абайдың рухани шәкірті әрі ізбасары Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толады.   

                Шәкәрім Құдайбердіұлы жастайынан өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстанған, Абайдан кейінгі реалист ақын атанған, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ өмірінде болған оқиғаларға, құбылыстарға өз үнін қосқан қазақтың біртуар азаматы. Оның «Қалқаман-мамыр», «Еңлік-Кебек», «Қодардың өлімі» атты дастандарын оқымай өскен қазақ кемде кем шығар. Ал, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты кітабы қазақ тарихы мен шежіресіне қосылған асыл мұра.

                1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Семей облысының Абай ауданындағы Жидебай елді-мекенінде Ұлы Абай мен Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған қос кесене қатар бой көтерді.    

Қазақ әдебиетіне, мәдениеті мен рухани дамуына үлкен үлес қосқан осындай асыл азаматымыз – Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде атап өту қажет деп есептейміз.

Осыған байланысты Сізден 2008 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде атап өту мәселесін қарастырып, оған қажетті қаржы бөлуді, тиісті іс-шаралар ұйымдастыруды сұраймыз.

Осы депутаттық сауалдың жауабын жазбаша түрде беруді сұраймыз.

 

Құрметпен,

Н.Сабильянов  

Е.Рахметов

Е.Апсалямов

Н.Рустемов 

А.Самақова

Р.Сарпеков