14.11.2007 ж.
№ З-1198
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау
Министрі Б.Т.Сұлтановқа
Депутаттық сауал
Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы !
Маған Шығыс Қазақстан облысы Аякөз аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің 2007 жылғы еңбек ақысын толық төлеуге 14 миллион теңге жетіспейтіндігі туралы хат келді.
Хатта жазылғандай, жыл басында облыстық денсаулық сақтау департаментінде қаржы бөліп, жоспарлаған кезде дәрігерлердің, медбикелердің біліктілігіне және ҚР Еңбек кодексінің 101 бабына сәйкес қосымша 6 күндік еңбек демалысына төленетін үстеме ақылар кірмей қалған. Осы мәселелер туралы Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментіне тиісті түрде хабарланған.
Бюджетте бұл қаржы кезінде жоспарланбаған, қарастырылмаған.
Осыған байланысты Сізден Шығыс Қазақстан облысы Аякөз қаласындағы Аякөз аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің 2007 жылғы еңбек ақысын толық төлеуге қажетті 14 млн. теңгені бюджеттен қаржыландыру мәселесін қарастыруды сұраймын.
Осы депутаттық сауалды қарастыру нәтижесін жазбаша түрде хабарлауды сұраймын.
Қосымша 1 бет.
Депутат
Н.Сабильянов