Сайлаубай
Наурыз
Саятұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Дипломмен - ауылға" бағдарламаға қатысты

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

А. С. Көлгіновке

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Алтай Сейдірұлы!

Қазақстанда 2009 жылдан бастап қабылданған «Дипломмен ауылға» жобасы бүгінге дейін жүзеге асырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешеніді мамандары мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау көрсету.

Жобаның шеңберінде келген маманға 100 (АЕК) айлық есептік көрсеткіште  (345  мың теңге) біржолғы көтерме жәрдемақы беріледі, Ал тұрғын үй сатып алу үшін жылдық 0,01 % мөлшерiнде 15 жылға дейінгі мерзiмге 1 500 (АЕК) айлық есептік көрсеткіште   (5,2  млн. теңге) кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделген.

Алайда бұл бағдарламасының жүзеге асып жатқанына 14 жыл болды, мамандарға мұқ¬таж өңірлер көбеймесе, азайған жоқ. Өз міндеттемесін орындап, үш жыл ауылда жұмыс істеген мамандар тиісті мерзімі аяқталған соң жүгін буып-түйіп, қайтадан қалаға көшіп кетіп жатыр. Жылдар бойы бюджеттен қаржы құйылып келген бағдарлама неге міндетін мінсіз орындай алмай жатыр?

Көшкен жас мамандардың бағдарламадан айнып, қалаға қайтып кетуінің салмақты себебі -  тұрғын үйді сатып алу қиындықтары және орталықтандырылған су мен жылудың жабдықталуының жоқтығы.

Нәтижесі көптеген ауыл әлі күнге дейін тәжірибелі мұғалімсіз, білікті дәрігерсіз отыр.

Мемлекеттен берілетін бір реттік 345 мың теңге неге жетеді!? Қазір азық-түліктің ауылдағы құны, қаладағы бағамен бірдей. Үйге деп берілетін 5 миллион теңгеге үй ал аласыз ба? Немес жобамен барған маман сол ауылда «квартирант» болып жүру керек пе?

Осы орайда, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, ауылдық жерлерге барған мамандарға жағдай жасау мақсатында төмендегі ұсыныстарды ұсынады:

Жалпыұлттық социал -

демокартиялық партиясы

фракциясының мүшелері                             

                                                              Н. Сайлаубай

                                                              Н. Әуесбаев

                                                              А. Рақымжанов

                                                              А. Сағандықова

«Қазақстан Халық партиясы»                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           К. Сейтжан

фракциясының мүшесі