Смағұл
Бақытбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
07.05.2014 ж. "Егемен Қазақстан" газетінде "Қазағымның ел қорғаған сардары!" өлеңі жарияланды.

Біз парадқа қатысамыз!

7.05.2014 Әлеумет 0 пікір 7 рет оқылды

ОтанҚазағымның  ел қорғаған сардары!

Бақытбек СМАҒҰЛ,
Парламент Мәжілісінің депутаты.

Өр кеудесін оққа тосқан ел үшін,
Жанын берер, Отан-Ана жер үшін.
Тәуелсіздік мәңгілік ел ұраны
Ар- намыстың арқалаған жеңісін.

Қыран қабақ дұшпан мысын басатын,парад 11
Отанына бейбіт нұрын шашатын.
Тұрақтылық, тыныштықтың сақшысы
Қазағымның офицері жасасын.

Туған елдің тыныштығын сақтаған,
Отан үшін таңға кірпік қақпаған.
Офицерлер мақтанышы елімнің,
Берген антын ар алдында ақтаған.

Атыңды естіп ата жауың жайрасын,
Бауыржандар намысыңды қайрасын.
Сағадат пен Қасым қаһармандарың,
Талғат қыран жауға асырған айласын.

Адамзаттың бақытының өлшемі,
Әрқашанда мақтан тұтар ел сені.
Егемен ел, Ертүріктің ерлері –
Қазағымның сертке ұстаған семсері.

Азат елдің көк байрағы қолыңда,
Арды қойып ең бірінші орынға,
Теріңді төк, жаныңды да аяма,
Мәңгілікке, Мәңгі Елдің жолында.

Жаса-жаса бабалардың арманы,
Жаса-жаса Тәуелсіздік әр таңы.
Жаса-жаса, Жоғарғы Бас қолбасшы –
Қазағымның ел қорғаған сардары!
Астана.