Смағұл
Бақытбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2012 жылдың 16 ақпанында "Егемен Қазақстан" Республикалық басылымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бахытбек Смағұлдың "Ақылды экономика" құру - уақыт талабы" атауындағы мақаласы жарық көрді.
2012 жылдың 16 ақпанында "Егемен Қазақстан" Республикалық басылымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бахытбек Смағұлдың "Ақылды экономика" құру - уақыт талабы" атауындағы мақаласы жарық к

2012 жылдың 16 ақпанында "Егемен Қазақстан" Республикалық басылымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бахытбек Смағұлдың "Ақылды экономика" құру - уақыт талабы" атауындағы мақаласы жарық көрді.

 

«Ақылды экономика» құру уақыт талабы

Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 21-ші жылын ішкі жаңғырту мен сыртқы тосын қауіптерге алдын ала қамданумен бастады. Халық­ара­лық ауылдың бір түтіні ретін­де еліміз де «домино қағидаты» бойынша әсер ететін ірі эконо­ми­калық, эколо­гия­лық, әлеуметтік үрдістердің лебін сезгелі жат­қа­нын Елбасы­ның Жолдауы шең­берінде түсін­ген­дей болдық. Еу­ро­падағы Гре­кия­ның эконо­ми­ка­лық дағдары­сы, оның Испания, Италия, Кипр секілді елдерге ұласуы өз кезе­гін­де ірі әріптес болып табылатын біздің елге әсерін тигізері анық.

Осы тұста Елбасы­ның дәстүрлі Жолдауы «Әлеуметтік-экономика­лық жаңғырту – Қазақ­стан дамуының басты бағыты» деп аталуының өзінде стратегиялық мақ­сат пен тереңдік, праг­ма­тикалық сарап жатыр. Дағдарыс белең алуы ық­тимал тұста инвестиция мен қар­жы­ның әлеуметтік секторға құйы­луы­ның өзі еліміздің келешекке сенімділігін айғақтаса керек.

2007-2009 жылдардағы эконо­ми­калық-қаржы дағдарысының тұ­сында Үкіметтің дағдарысқа қар­сы бағдарламасы еліміздің осындай үрдістердегі менед­жер­лік икемді­лі­гін, халықтың бірігуі мен жар­қын болашақтан үмітті екендігін дәлелдеген болатын. Бі­рақ, қазіргі заман талабы – «ақыл­ды экономика» ғана құру емес, сол «ақылды» экономиканың бастауында тұра­тын заманға білімі сай азаматтар тобын қалыптас­ты­ру, жалпы жұ­мыс­сыз­дықты тө­мен­детіп, халық­тың бас­панамен қамтамасыз етілуін, әлеу­мет­тік әл-ауқатын арттыру. Мемлекет үлкен механизм ретінде әр сала­ның қалыпты жұмыс атқа­руы­на ерекше мән беретіні мәлім.

Осы тұста Жолдаудағы 2020 жылға дейін 1,5 миллион азаматымызды сапалы жұмыс орнымен қамтамасыз ету, 500 мың жас отбасына тұрғын үй беру, «Қол­жетімді баспана-2020» бағдар­ла­масын іске қосу бастамалары ерекше ықылас туғызады. Барша­мыз­ға мәлім, қазіргі қоғамы­мыз­дың бір дерті – үйдің болмауы. Халықтың үмітін жандандырған осындай ірі ниеттің орындалуына біз барлығымыз атсалысуымыз қажет. Аталған жобалардың жергілікті жерлерде де өзінің сапалы атқарылуына барлығымыз жауапты екендігімізді ерекше атап өткім келеді. Депутаттар корпусы елдің елшілері ретінде халықтың осы бағдарламаларға ықыласын арттырып, азаматтық қоғам мен мемлекеттік және жергілікті дең­гейде атқарылуын қамтама­сыз етуге үлес қосуы қажет.

Қоғамда еліміздің қанша­лық­ты бай, табиғи ресурстары қоры бойынша әлемде көшбас­шы­лық­та келе жат­қа­ны­мыз туралы айтылатын әңгіме көп. Бірақ, олардың жү­йелі­лігі ең бі­рін­ші ел аймақ­тары­ның әлеуе­ті мен адами ресурс­тарының тиім­­ді пайдаланылуында жатыр. Құ­қықтық-заң­на­ма­лық тұрғыда жер­гілікті басқару органдары қыз­метін ұтымды дамыту, әр облыс­тың өзі­не тән шаруашылық пен өндіріс­тік секторларының өнімді­лігін арт­ты­ру жолымен облыс орталық­тарын өркендету де ерекше маңызға ие.

Халықаралық тәжірибеден 2 мысал келтіре кетсек те болады: Германияның әр қаласының әлеуе­ті бізге ерекше ғибрат. Франкфурт пен Берлин елдің қаржы және саяси астанасы болуынан тыс, Дрезден, Потсдам, Гессен секілді қала­лары өз алдындағы ірі ме­таллур­гия­лық, фармокологиялық, көлік өнеркәсібіндегі елдің көш­бас­шы­лы­ғын қамтамасыз етудегі мықты қалалары болып табылады. Ал бұлардан өзге біздің мем­лекеті­міз­де әр аймақтың да клас­терлік экономиканың локомотиві болар­лық әлеуетінің бар екендігі анық.

Халықтың көп шоғырланған Оңтүстік өңірі де, жерінің құнар­лығына дарыған бидай байлы­ғы­мен елімізді нанмен қамтама­сыз­дандырып отырған Солтүстік өңірі де, елімізде «ақылды эконо­ми­каның» салаларының бірі: баламалы энергия көздерін дамы­ту­ға үлкен мүмкіндіктер тудырып отырған Шығыс пен Жетісу өңірі де, Орталық пен Батыс өңіріміз де халқымыздың тағдырына жа­зылған сый мен үлкен жауапкер­шілік. Өңірлердің тиімді пайда­ла­нылуының арқасында жұмыс­сыз­дық деңгейінің төмендеп, кәсіпкерліктің дамуына жол ашылатыны заңдылық.

Осы тұста ауыл мәселесін де сөзге тиек етуді парыз санап отыр­мын. Қазақтың қара шаңы­рағы – ауылдың көркеюі қазақ­тың өркендеуі деп көп айтатынымыз бар. Халқымыздың бойын­дағы жерге деген, егін мен мал кәсібіне деген көзқарасын қайта сапалы деңгейге көтеріп, еліміз­дің азық-түлік рыногын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету ар­қылы да ауылдың келбетін көр­кейтіп, жерімізді игерудің жолына өтуіміз көп жағынан тиімді екені белгілі. Ұлтымыз қауіпсіз­дігінің негізгі қорғау объектісі осы жер екендігін осындай прак­тикалық тұрғыда білдіргеннің артықтығы жоқ.
Ұлт саулығы – қуатты рух пен саламатты ғұмырда. Қуатты рух­тың индикаторлары бола­шаққа деген нық сенімділік, азат білім мен денсаулық болып табылады. Осы тұста Елбасының 2011 жыл­ғы «Бо­лашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауындағы атап көрсетілген салалар ерекше ойға келеді. Ол Жолдауда экономика­лық жаңғырту – үдемелі инно­вациялық-индус­т­рия­лық бағдар­ла­маның орындалуы мен білім беру, денсаулық сақ­тау салаларына ерекше мән беріл­ген еді. Бұл салалардың да осы Жолдауда жал­ғасын табуы тиімді жұмыс жасауымызға заңды негіз қалады деуіміз керек.
Жолдаудың әр саласының құ­рылымына тұжырымдамалы кө­з­қарастар танытып, оның орындалуына бүкіл күш-жігерімізді жұм­саудың өзі барлығымыздың аза­мат­тығымызға бір сын болары ақиқат. «Біріксең – жеңесің, бірік­песең – жеңілесің» деген қағи­да­да өмір сүріп жатқан әлем үшін біздің еліміз де биіктерге бірлік пен ынтымақ, жаңаша ойлау мен сапалы өмір сүру жағдайлары арқылы жететіндігі шындық.
Осы тұста, яғни сөзімнің қоры­тындысында әр азаматтың өзінің мүмкіндіктері мен білімі­нің шеңберінде елдің дамуына үлес қосуы, Елбасы белгілеп берген басымдықтарды бірге ат­қаруы, бірге қадағалауы тиіс екендігін атап өткім келеді.