«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Осы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленеді.
Занды қабылдау Қазақстан Республикасындағы онлайн- платформалардың қызметі үшін құқықтық негіздер жасайды, онлайн- платформалар және онлайн-жарнама саласындағы реттеудің нормативтік негізін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңартуға мүмкіндік береді және онлайн ортадағы мәселелерді реттейтін халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіруге ықпал ететін болады.
Сондай-ак, «Ақпараттандыру туралы» заңда цифрлық құралдардың техникалық құрамдас бөлігін реттейтін нормалар болғандықтан, ақпаратты онлайн-платформаларда таратуды реттейтін нормаларды тиісті заң жобасына көшіру орынды болып табылады.
Онлайн-платформалардағы онлайн-жарнама әлеуметтік медиа алгоритмдері арқылы насихатталатын таргеттелген жарнамалардан, сондай-ақ контенттің өзі арқылы таратылатын демеушілік контенттен тұрады. Онлайн- жарнаманың қалыпты жарнамадан түбегейлі ерекшеленетінін және оның бірқатар ерекшеліктері бар екенін ескере отырып, «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобасында онлайн-жарнаманы реттеуге бағытталған нормаларды көрсету қажет.
Зан жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға алып келмейді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаттары А.А. Баққожаев
М.С. Башимов
Қ.Ж. Иса
О.Х. Куспеков
М.М. Магеррамов
А.Ж. Сағандықова
А.Ә. Сарым