Облыс орталығына оралдық. Қызылорда қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөліміне бас сұқтық.
Сарбаздардың жатын орнын, асханасын, техника тұратын жерін көрдік. Әскерилердің жұмысымен таныстық. Қазіргі таңда бөлімде 818 адам бар. Оның 300-ден астамы қызылордалық азамат. Алдағы уақытта бөлім тағы 300 адамға көбеймек.
Сол себепті, мұндағы мәселелерге назар аударып, оны шешуге күш салуымыз керек. Әскерилердің айтуынша, бөлімнің аумағындағы алаңдарды, жолдарды, тротуарларды асфальттау қажет. Жатақхана да күрделі жөнделсе дейді.
Ұлттық ұлан – қауіпсіздік қалқаны. Елдің тұтастығы мен тыныштығын сақтауда Ұлттық ұлан жауынгерлерінің атқаратын рөлі айрықша. Сондықтан, Ұлттық ұланның, оған қарасты бөлімнің кем-кетігін толтыру – басты міндет.
Біз өз тарапымыздан айтылған мәселелерді шешу үшін заңдылықтарды, жергілікті немесе республикалық бюджеттен қаржы бөлдірудің жолдарын қарастыратын боламыз.