Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитеттің тақырыптық отырысы «Жаңа тәсілдерді ескере отырып, бюджет саясатын жетілдіру туралы»

Бүгін Комитеттің «Жаңа тәсілдерді ескере отырып, бюджет саясатын жетілдіру туралы» тақырыбында тақырыптық отырысы өтті.

Отырыс барысында біз уәкілетті органдармен бірге бюджеттік саясатты қалыптастырудың жаңа тәсілдерін талқыладық. Биыл Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу жоспарланып отырғанын ескере отырып, отырыс барысында осы бағыттағы өзекті мәселелер қаралды.

Барлық деңгейдегі бюджеттердің мүмкіндігінше ашық болуы өте маңызды. Барлық деңгейдегі бюджеттердің ашықтығы халықтың сенімін ұялату үшін өте қажетті жүйе.Сондықтан уәкілетті органдардың халық арасында ақпараттық жұмысты түсінікті және қолжетімді түрде жүргізуі маңызды деп санаймын. Азаматтардың бюджетті қалыптастыру процесіне қатысуы биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға және шығындарды неғұрлым орынды және тиімді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәсіл азаматтық қоғамның дамуына және халық пен мемлекет арасындағы байланысты арттырады.