Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.12.2011

Төртінші сайланған Парламент Мәжілісінің таратылуы және Мәжілістің жаңа құрамына сайлауға дайындық шаралары бойынша 2011 жылғы 14 – 30 қараша аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген жарияланымдарға ШОЛУ


Төртінші сайланған Парламент Мәжілісінің таратылуы және Мәжілістің жаңа құрамына сайлауға дайындық шаралары бойынша 2011 жылғы

14 – 30 қараша аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында

жарық көрген жарияланымдарға

ШОЛУ

 

Ақпарат-талдау бөлімі дайындаған осы шолуға қазақ баспасөзінде және республикалық телеарналар мен ақпараттық агенттіктерде, сондай-ақ Интернет-басылымдарда жарық көрген материалдар енгізілді. Атап айтқанда, осы шолуда «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Дала мен Қала», «Алаш айнасы», «Заң газеті», «Алтын Орда», «Ел», «Жас қазақ», «Түркістан», «Халық сөзі» газеттерінің, «Қаз-Ақпарат», «Kazakhstan today», «Қазақстан жаңалықтары», «BNews.kz» ақпараттық агенттіктері мен «Қазақстан» ТРК, «Хабар», «7 арна» телеарналарының жаңалықтар қызметінің материалдары жинақталды.

 

Өткен кезең ішінде жоғарыда аталған тақырып бойынша ақпарат құралдарында жарияланған материалдарды мазмұны және жарық көру уақыты бойынша екі үлкен топқа бөліп қарастыруға болады.

Бірінші бөлікке топтастырылған материалдар ел Президентінің төртінші сайланған Парламент Мәжілісін тарату туралы шешім қабылдау барысын сипаттайды. Осы орайда, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының «Қазақстан халқының әлеуметтік-саяси көңіл-күйі» тақырыбында жүргізген сауалнамасына тоқтала кеткен жөн. Елдің 10 қаласында жүргізіліп, 18 жастан асқан 652 адамды қамтыған бұл сауалнамада респонденттерге «Мәжілістің таралауын құптайсыз ба?» деген сұрақ қойылған. «Қазақстан» ТРК-нің хабарлауынша, осы сұраққа респонденттердің 67,2 пайызы иә, деп жауап берсе, 12,1 пайызы депутаттардың жылы орындарын суытпауын тілеген. Сұралғандардың әрбір 5-шісі жауап беруге қиналыпты.

Елбасының Мәжілісті тарату жөніндегі шешімінен кейін «InfoSystem» зерттеулер орталығы жүргізген сауалнама бойынша Мәжіліс сайлауын өткізу туралы Президенттің шешімін қолдаушылар саны 73,8 пайызды құрап, респонденттердің 61,3 пайызы сайлау учаскелеріне барамыз деп белсенділік танытқан. Қоғамдық пікірді білу мақсатында жасалған бұл шара нәтижелері «Қазақстан» ТРК, «Хабар» агенттігі, «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Дала мен Қала» газеттерінің арнаулы материалдарына арқау болды.

Баспасөз беттерінде жарияланған материалдардың бірқатарында бұрынғы депутаттардың, сондай-ақ сарапшылардың Мәжілістің таратылуына қатысты көзқарастары сарапталды. Сонымен бірге, келесі сайланым депутаттарының қандай кәсіп иелері болуға тиіс екендігі жөніндегі ой-пікірлер де берілді.

Шолудың екінші бөлігінде Мәжіліс сайлауы бойынша Орталық сайлау комиссиясы белгілеген сайлауалды шараларының тәртібі, саяси партиялардың осы бағыттағы іс-қимылы жөніндегі материалдар қамтылды.

Мысалы, «Қазақстан жаңалықтары» ақпараттық агенттігі 2012 жылдың 15 қаңтарында болатын Парламент Мәжілісінің сайлауында автоматтандырылған ақпараттық «Сайлау» жүйесі қолданылмайтынын, ал «Bnews.kz» агенттігі бұл сайлауда Қазақстан аймақтарындағы сайлаушылар 3 бюллетеньнен алатынын хабарлайды. Олардың біріншісі – Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына саяси партияларға дауыс беруге, екіншісі – облыстық мәслихаттың депутатына дауыс беруге, үшіншісі аудандық және қалалық мәслихаттың депутаттарына дауыс беруге арналған.

«Bnews.kz» бұл жолы Парламент Мәжілісі, мәслихат депутаттығына және Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайланатын кандидаттардың сенімді өкілдері үш адамнан аспайтынын да хабарлайды.

Ақпарат құралдары материалдарының келесі бір топтамасы сайлауға қатысатын саяси партиялардың өткізген съездері мен олардың сайлауалды бағдарламалары және партиялық тізімдеріне енгізілген кандидаттар туралы баяндайды.

Мысалы, 2011 жылғы 25 қарашада «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XIV-съезінде партияның «Қазақстан. 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты Сайлауалды тұғырнамасы және 127 кандидаттан тұратын партиялық тізімі бекітілді.

«Алаш айнасы» газеті алдағы сайлауға Патриоттар партиясының – 22, ЖСДП-ның – 57, ҚКХП-ның – 23 кандидат ұсынатынын хабарлап, аталған партиялардың сайлауалды бағдарламаларының қысқаша мазмұнымен де таныстырды. Ал «Руханият» партиясы өзінің 30 қарашада өткен сайлауалды съезін тіркелмеген «Халық рухы» партиясымен бірлесіп өткізді. М.Шаханов бастаған «Халық рухының» мүшелері «Руханият» партиясының құрамына еніп, енді екі партия Мәжіліс сайлауына бірігіп түсетін болды, олардың партиялық тізімінде 36 кандидат бар. «Әділет» партиясының съезі 3 желтоқсанда өтетін болады.

Саяси партиялардың сайлауалды съездерінде көтерілген мәселелер мен оларды талқылау қорытындылары «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақалалар арқылы қалың жұртшылыққа жеткізілгенін де атап өту қажет.

 

Шолуды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің бас консультанты М. Садықов дайындады.

 

 


ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ТАРАТЫЛУЫ


 

 

 

Саяси партияларда серпіліс басталды

 

/«Заң газеті», 14.11.2011 ж., Ш. Қараева/ - «Мәжіліс тарайды» деген сыбыс шыққаннан бастап-ақ, саяси партиялардың белсенділігі артты. Аяғынан нық тұра бастаған «Ақ жол» партиясын көпшілік  көш басындағы «Нұр Отан» ХДП-на балама-бауыр» десті. «Азаттың» Мәжіліс тағына таласу-таласпауы  Әділет министрлігіндегі тіркеуден өтуіне  тікелей байланысты екендігін ескерсек, олардың  алдағы уақытта  Жармахан Тұяқбай жетекшілік ететін ЖСДП-ның қанатының астынан табылуы мүмкін екенін айтушылар көп. Қалай десек те, алдағы уақытта  «саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» қағидасын ұстанушылардың қатары көбейетіні анық. Парламент орындығына таласушы қайраткерлердің «халық қалауымен» келетінін ескерсек, депутаттыққа үміткер көптің өзін мемлекеттік қызмет шенінен алшағырақ көрсетуге әрекет ететіні де белгілі.  Саяси беделдің осындай елдік істермен келетінін білетін санаулылардың ғана саясат сахнасындағы салмағы артатыны тағы бар.

Елдегі партияларды осы тұрғыда сүзгіден өткізсек, «Ақ жол» партиясының беделі арта түскенін көреміз. Шілде айынан бергі есепке үңілсек, аталмыш партияның құрамындағы азаматтар саны шағын және орта кәсіпкерлердің есебінен 8,5 мың жаңа мүшемен толығыпты. Жалпы есебін сараласақ, «ақжолдықтардың» саны бүгінгі таңда 180852 адамды құрапты. Ал, партия құрамынан Жақсыбек Құлекеев (Мұнай және газ институты АҚ  басқарушы директоры); Ержан Мандиев («Азия-авто» АҚ перзиденті); Аида Сергазинова (ФудМастер» АҚ Президенті); Азамат Әбілдаев («ҚазГранит» корпорациясының перзиденті); Ермек Абасов («Хлопкопром» компаниясы тобының Президенті); Светлана Кадралиева (КазРосБойлер» АҚ Президенті) сияқты беделді тұлғалардың табылуы аталмыш партияның беделін бекіткендей. «Ақ жолға» мүшелікке жақында ғана өткен Жақсыбек Құлекеев өзінің бұл таңдауын: «Қарапайым қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға атсалысу және әділет үшін күресу мақсатында осындай шешімге келдім», – деп түсіндіреді.

Парламент тарағаннан кейін сайлауалды сарсаңның да қалай болатынын, қай партияның асығы алшысынан түсетінін саясаткерлер мен саясаттанушылар әлден болжап, бағамдап отырғандай.  Саясаттанушы Айдос Сарым көпшіліктің белсенділігі оянып келе жатқанын алдыға тартады. «Алдағы сайлау аса тартысты болатыны анық. Себебі, бұл сайлауда негізгі салмаққа ие болатын үш партия өздерінің позициясын нығайтуға атсалысады», – дейді саясаттанушы. Бұл мәселеге саясаттанушы Мұхит Асанбайдың да айтары бөлек. «Атқарушы билік орындары сайлауға алдын ала дайындалады. Алдыңғылардан еш айырмашылығы болмайды. Яғни, жоспарлы шаралардың бірі. Мен көріп отырған азғантай ғана ерекшелік, ол келесі жасақталатын Парламентке елге танымал, саяси жағынан белсенді немесе оппозициялық пікірі бар азаматтардың сайлануы мүмкін шығар деп ойлаймын. Біздегі қазіргі ішкі саясатта үлкен шаршау бар. Көп адамдар сайлауға  баруға құлықсыз», – дейді ол.

Елдегі саяси партиялардың салмағын саралаған саясаттанушы бұл сайлауда «Нұр Отан», «Ақ жол», «Руханияттың» тасы өрге домалауы мүмкін екенін жорамалдайды. Мұхит Асанбайдың ойынша, бұл сайлауда  «Азат» партиясына еш мүмкіндік берілмейді. «Ол партия өзінің ішкі тұрақтылығы да баянды емес екендігін соңғы жылдары бірнеше мәрте дәлелдеп алды. Партияның атын өзгертті, қосылып, ажыратылып,  формасын да өзгертті. Заңдық тұрғыда шешілмеген процедуралары да бар. Саясаттанушының ойынша, «Руханиятты» «Ақ жолға» қосуы да мүмкін. «Бұл мәселеде де әртүрлі нұсқалар бар. Ал, бірақ, «Нұр Отан» мен «Ақ жол» партияларының өтетіні анық.  «Руханиятты» жіберетін болса, оның саясаттағы салмағы артады, болашағы бар деген сөз. Бұл жердегі мәселе «Парламентке үш партия болып кіре ме, әлде екі партия болып кіре ме?» деген сұраққа барып тірелуінде. Бірақ, оппозициялық партияларды Парламентке болашақта ендіру керектігін билік те түсініп отыр. Неге десеңіз, бізде қазір оппозициялық риторика далада,  көшеде, заңсыз элементтер арасында орын алып жатыр. Ал, егер де оны саяси жүйеде институттандыра алсақ, саяси жүйенің қажетті бір аспабы ретінде, оны жаңғыртуға, сол жүйені сынай отырып жақсартуға үлес қосқан болар еді. Меніңше, қазірге сол міндетті «Ақ жол» алуы мүмкін. Оптимистік көзқараспен айтатын болсақ, «Руханият» партиясы да сайлауға баруы мүмкін», – дейді ол.

Мұхит Асанбай Парламентке өтіп, орын алуы мүмкін деген осы үш партиядан бөлек, сайлау жүйесіне қатысып, Қазақстанда көппартиялық жүйенің бар екеніне дәйек беретін басқа да партиялардың әрекет ететіндіктерін де алға тартты.  

 

 

Мәжіліс пен мәслихат сайлауын бір күнде

өткізу тиімді емес – Қаржы министрі

 

/«Астана» телеарнасы, 14.11.2011 ж./ - Мәжіліс пен мәслихат сайлауын қатар өткізу, бюджет қаржысын үнемдемейді. Бұл жаңалықты бүгін Үкімет дәліздерінде Қаржы министрі Болат Жәмішев біздің арна тілшілеріне жеткізді. Мәжілісті тарату туралы әңгіме шыққалы түрлі себеп келтіріп мазасы қашқандар, «негізгісі осы, төменгі Палатаны мезгілінен ерте және оған мәслихаттың сайлау науқанын қабаттастырып өткізсек, мемлекет қаржысы едәуір үнемделеді», деген болатын. Енді мұны министр жоққа шығарды. Айтуынша, 2012-ші жылғы сайлауға жоспарланған республикалық қазынаның 9 миллиардқа жуық теңгесі қандай өзгеріс болмасын, толық жұмсалады. – дейді, ҚР қаржы министрі

«Сайлауда әдетте, жоспарланған ақша пайдаланылады. Сондықтан сайлау  асқан бір үнемшілдік көрсететін шара емес. Маңыздысы, бөлінген ақшаны тиімді жұмсау»,-дейді Болат Жәмішев.

 

 

Халықтың басым бөлігі

Мәжілістің таралуын құптайды

 

/«Қазақстан» ТРК, 15.11.2011 ж., Г. Марқабай/ - Парламент Мәжілісін тарату туралы 53 депутаттың өтініші халық арасында күні бүгінге дейін қызу талқыланып келді. Осы ретте, «Нұр Отан» партиясының Парламентаризм институты «Қазақстан халқының әлеуметтік-саяси көңіл-күйі» тақырыбында сауалнама жүргізген болатын. Сұрақ-жауап еліміздің 10 қаласында өткізіліп, оған 18 жастан асқан 652 адам тартылған. Респонденттерге барлығы 6 сауал қойылған.

Жалпы, Мәжілістің таралауын құптайсыз ба деген сұраққа респонденттердің 67,2 пайызы иә, деп жауап берсе, 12,1 пайызы депутаттардың жылы орындарын суытпауын тілеген. Сұралғандардың әрбір 5-шісі жауап беруге қиналыпты. 

Салтанат Ермаханова, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының жетекші сарапшысы:

Мәжілісті тарату не үшін керек деген сұраққа жауап бергендердің басым бөлігі 45,5 пайызы депутаттардың құрамын жаңарту керек деген ойды ұстанады. Әрбір бесінші-алтыншысы көппартиялы Парламент құру керек дегенді ұстанады.

Парламент Мәжілісінің алда өтетін сайлауына қатысамын дегендердің үлесі 77,8 пайыз, ал 16,2 пайызы сайлауға қатыспаймын депті. Сондай-ақ, қай саяси партияға дауыс бересіз деген сұраққа респонденттердің 86 пайызы «Нұр Отан» партиясына дауыс беруге дайын екендіктерін жеткізген. Саяси зерттеу қорытындысы көрсеткендей басқа партиялардың ешқайысысы да 7 пайыздық кедергіден өтуге дайын емес екен.

 

 

Халықтың әлеуметтік-саяси көңіл-күйі қандай?

 

/«Хабар» агенттігі, 15.11.2011 ж./ - «Нұр Отан» Партиясының Парламентаризм институты бүгін әлеуметтік сауалнама қорытындысын жария етті.

Қоғамның пікірін телефон арқылы сұрау әдісі бойынша жүргізілген сауалнамаға республиканың 10 қаласынан жасы 18 ден асқан 652 адам қатысқан. Телефонмен сұраудың алғашқы тақырыбына Парламент Мәжілісін таратуға қатысты 53 депутаттың өтініші арқау болған.

Нәтижесінде, азаматтардың басым бөлігі, ол - 67,2 пайызы, Парламент Мәжілісін таратуды қолдаймын деп жауап берген. Депутаттардың бастамасымен келіспеймін дегендердің пайыздық үлесі – 12,1 пайыз. Сұрау барысында қоғамның 26,5 пайызы депутаттардың мұндай өтіншін мүлдем естімеген болып шықты. Ал «Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысасыз ба?» деген сауалнамаға қатысқандардың 77,8 пайызы «иә» деп жауап берген. 16,2 пайыз Мәжіліс сайлауына қатыспаймын дегенді айтқан. Осы ретте, сайлаушылардың 86 пайызы – Нұр Отан партиясына дауыс береміз деген. Ал 2,1 пайызы – Қазақстан коммунистік халық партиясына дауыс беруге дайын екендіктерін айтқан.

 

 

Сауалнама нені көрсетті?

 

/«Айқын», 16.11.2011 ж., Қ. Махамбет/ - Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Мәжілісті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы 53 депутат жолдаған үндеу-ұсынысқа Қазақстан халқының 67, 2 пайызы қолдау көрсетті. Депутаттардың бастамасына бұқараның 12 пайызы қырын қараса, 5 пайызы қойылған сұраққа жауап беруге қиналатындығын жеткізді.

Қараша айының 11-13 аралығында «Нұр Отан» партиясы Парламентаризм институты телефон арқылы Қазақстан халқының әлеуметтік-саяси көңіл-күйін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Жоғарыдағы көрсеткіш - соның нәтижесі.

Зерттеу барысында республикамыздың 10 қаласында тұратын, жасы 18-ден асқан 652 адамнан жауап алынған. Мұндағы сенім интервалы - 95, нақтылық деңгейі - 5 пайызды құраған. Жауап бергендердің 73,5 пайызы халық қалаулыларының Мемлекет басшысына Мәжілісті тарату туралы үндеу-ұсыныс жолдағанын білетін болса, 26,5 пайызы мұндай мәліметтен бейхабар болып шыққан. Респонденттердің 42,5 пайызы «Мәжілісті тарату депутаттардың құрамын жаңарту үшін керек» деп есептесе, 18 пайызы «бұл қадам көппартиялы Парламент жасақтау үшін қажет» деген пікір білдірген.

Сауалнамаға қатысқандардың 16 пайызы «2012 жылға жоспарланған Мәжіліс сайлауына уақыт кетірмей, бар күшті алда болуы ықтимал экономикалық дағдарыспен күресуге арнау керек», - десе, сұралғандардың 9,3 пайызы «Мәжілісті тарату үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін қажет», - деген. Ал Мәжілісті таратудың негізгі себептерін атай алмағандардың көрсеткіші 24 пайызға пара-пар.

«Мәжіліс тарап, жаңа құрам жасақтала қалса, жаңа депутаттар не істеуі керек?» деген сұраққа халықтың 21,4 пайызы әлеуметтік мәселелерді шешуі, 15,6 пайызы әлеуметтік-саяси жағдайды жақсартуы, 15 пайызы зейнетақы мен жалақыны және шәкіртақыны өсіруі, 13 пайызы экономикалық ахуалды оңалтуы тиіс деп жауап беріпті.

Сонымен қатар депутаттардың жаңа құрамына қазақстандықтар тұрғын үй мәселесін шешу, жаңа жұмыс орындарын ашу, денсаулық сақтау және білім беру сапасын жақсартып, оның қолжетімділігін арттыру, қауіпсіздікті қадағалау, жемқорлыққа қарсы күресу, мәдениет саласына серпін беру және бейбітшілік пен келісімді сақтау сынды маңызды мәселелерді аманаттағысы келеді екен.

Қазірдің өзінде сұралғандардың 77,8 пайызы Мәжіліс сайлауына қатысуға ниетті екен. Сайлаушылардың 59,1 пайызы дауыс беруге әзір болса, 18,7 пайызы «сайлауға бармаймын дегеннен гөрі, барамын деген ойым басым болып тұр» деп отыр. Респонденттердің 16,2 пайызы Мәжіліс сайлауына бармау туралы шешім қабылдап қойса, 6 пайызы нақты жауап бере алмаған.

«Мәжіліс сайлауы бола қалса қандай партияға дауыс берер едіңіз? деген сауалға жауап бергендер бірауыздан «Нұр Отан» партиясын қолдап, оған 86 пайыз дауыстарын беретінін айтқан. Басқа партиялардың қолдаушылары 7 пайыздық кедергіні аттап өте алмаған.

 

 

Қазақстандық электораттың ой-пікірі

 

/«Қазақстан» ТРК, 17.11.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Келер жылдың 15 қаңтарында өтетін сайлауға байланысты «InfoSustem» зерттеулер орталығы ел тұрғындары арасында қоғамдық ой-пікірді білу жұмыстарын жүргізіп, қорытындысын шығарды. Саяси науқан мерзімінің қысқа болуына қарамастан, сауалнамаға халықтың 68,3 пайызы мақұлдап, жауап берген.

Мәжіліс сайлауын өткізу туралы Президенттің шешімін қолдаушылар саны – 73,8 пайыз. Респондеттердің 61,3 пайызы сайлау учаскелеріне барамыз деп белсенділік танытқан. «Мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің қандай партия мүшесі екені сіз үшін маңызды ма? - деген сауалға респонденттердің басым көпшілігі, яғни, 93,4 пайызы «Нұр Отан» партиясының өкіліне дауыс беруге ниетті екендіктерін байқатқан.

Жанар Боқанова, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының қоғамдық-саяси жобалар бөлімінің меңгерушісі:

Негізгі мақсат – электоратты сауалнама жүргізу арқылы халықтың көңіл-күйін білу. Жалпы алдағы сайлауға қатысты халықтың ой-пікірін анықтауды мақсат еттік.

 

 

Қазақстандықтардың электоралдық хал-жағдайына арналған

қоғамдық сауалнама қорытындысы шықты

 

/«Хабар» агенттігі, 17.11.2011 ж./ - Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімінен халықтың басым бөлігі хабардар.

«Инфо систем» зерттеу орталығының қазақстандықтардың электоралдық хал-жағдайына арналған қоғамдық сауалнама қорытындысы осыны көрсетіп отыр. Сауалнамаға сәйкес, жауап бергендердің 68,3 пайызы сайлаудың өтетіндігінен хабары бар болса, 73,8 пайызы Президенттің сайлау өткізу туралы шешіміне оң бағасын берген. Ал респонденттердің 61,3 пайызы сайлау учаскелеріне баруға дайын екендіктерін білдірсе, «Нұр Отан» партиясын қолдаушылар саны 85,2 пайызды құраған. Қалған партиялар 4 пайыздан төмен көрсеткішті иеленген.«Инфо систем» зерттеу орталығының сауалнамасына еліміздің ең ірі 13 қаласынан 647 адам тартылыпты.

Жанар БОҚАНОВА, «НҰР ОТАН» ХДП ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Қазақстандықтар үшін Мәжіліс пен мәслихат сайлауын тағайындау жайлы ақпараттың негізгі көздері: теледидар – 47,4%, таныс адамдар мен туыстар – 37,8%, радиодағы жаңалықтар – 22,7%, интернет – 20,5%. Баспа өнімдерінің үлесі өте төмен болғанын атап өту қажет – респонденттердің небәрі 5,7%-ы.

 

 

Сұрау салу нәтижесі не дейді?

 

/«Егемен Қазақстан», 17.11.2011 ж./ - «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты 11-13 қараша күндері аралығында телефон арқылы сұрау әдісін қолдана отырып, «Қазақстан халқының әлеуметтік-саяси көңіл-күйі» тақырыбында әлеуметтанушылық зерттеу жүргізген еді. Зерттеу туралы жалпы ақпарат туралы айтсақ, зерттеу барысында республиканың 10 қаласында тұратын 18 жастан асқан 652 адам сұралды. Респонденттерді таң­дауда ықтималды сұрыптау әдісі қолданылды. Сенім интервалы 95%, нақтылық деңгейі ± 5% болды.

Енді зерттеудің негізгі нәтижелеріне келсек, қазіргі таңда ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі Парламент Мәжілісін тарату туралы 53 депутаттың өтініші болып табылады. Телефондық сұрау қорытындыларына сәйкес, қазақстандықтардың 73,5%-ы 53 депутаттың Парламент Мәжілісін тарату жөніндегі Президентке айтқан өтініші туралы естіген. Сұрау барысында респонденттердің 26,5%-ы депутаттардың осы бастамасымен таныс емес екені анықталды.

Сұраудың нәтижелеріне сәйкес, азаматтардың басым бөлігі (67,2%) Парламент Мәжілісін таратуды қолдайтыны белгілі болды. Депутаттардың бастамасымен келіспегендері 12,1%-ды құрайды. Сұралғандардың әрбір 5-шісі жауап беруге қиналатынын айтты.

Респонденттердің 42,5%-ы Мәжілісті тарату депутаттардың құрамын жаңарту үшін керек деп есептесе, олардың 18,1%-ы бұл қадам көппартиялық Парламентті құру үшін керектігін айтқан. Сұрауға қатысқандардың 16%-ының пікірінше, 2012 жылы сайлауға уақыт бөлмей, экономикалық дағдарыспен күресу керек, сол себептен депутаттардың бастамасы тіпті уақтылы болып табылады. Азаматтардың 9,3%-ының ойынша, Мәжілісті тарату қарқынды индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін керек. Парламент Мәжілісін таратудың негізгі себептерін атау бойынша жауап беруге қиналғандары 24%-ды құрайды.

Қазақстандықтар Мәжілістің жаңа құрамынан не күтетінімен де бөлісті. Сұрауға қатысқандардың көпшілігі депутаттардың жаңа құрамынан әлеуметтік мәселелерді шешуді (21,4%), мемлекеттегі әлеуметтік-саяси жағдайды жақсартуды (15,6%), зейнетақы, жалақы мен шәкіртақыны өсіруді (15,0%), экономикалық ахуалды жақсартуды (13,0%) күтеді.

Сонымен қатар, депутаттардың жаңа құрамынан қазақстандықтар тұрғын үй мәселесін шешу, жаңа жұмыс орындарын ашу, денсаулық сақтау және білім беру сапасын жақсарту мен оның қолжетімділігін арттыру, қауіпсіздік мәселесін шешу, жемқорлыққа қарсы күресу, мәдениетті дамыту, бейбітшілік пен келісімді сақтау бойынша қызмет атқарады деп күтеді. Осы сұраққа жауап беруге қиналғандардың үлесі респонденттердің 5,4%-ын құрайды.

Сұраудың нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтардың 77,8%-ы Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысады (олардың ішінде 59,1%-ы сайлауға нақты баратын болса, 18,7%-ы сайлауға бармаймын дегеннен гөрі барамын дегенім дұрысырақ дейді). Респонденттердің 16,2%-ы Парламент Мәжілісі сайлауына қатыспайтынын айтты (олардың ішінде 7,8%-ы нақты бармайтынын айтса, 8,4%-ы барамын дегеннен гөрі бармаймын дегенім дұрысырақ дейді). Жауап беруге қиналғандар саны 6%.

«Нұр Отан» ХДП-ға сайлаушылардың 86%-ы дауыс беруге дайын. Басқа партиялардың ешқайсысы қазіргі кезде 7 %-дық кедергіден өтуге дайын емес. Қазақстан Коммунистік халықтық партиясына сайлаушылардың 2,1%-ы дауыс беруге ықыласты.

 

 

Қоғамдық пікір не дейді?

 

/«Егемен Қазақстан», 18.11.2011 ж./:

 

1. Зерттеу параметрлері

Кеше «InfoSystem» зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры (Алматы қаласы) Салтанат Ахмедованың және «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының қоғамдық-саяси жобалар бөлімінің меңгерушісі Жанар Боқанованың қоғамдық ой-пікірді сұрау қорытындысы бойынша брифингі өтті.

Ақпаратты жинау әдісі: кездейсоқ іріктеу әдісі бойынша телефон арқылы экспресс сауалдама

Іріктеме жиынтық көлемі: 18 жастан үлкен 647 адам

Сауалдама географиясы: облыстық маңызы бар 11 қала, Астана мен Алматы қалалары

Сауалдама жүргізу тілі: қазақ және орыс

Болуы мүмкін олқылық: ±5%

 

2. Алдағы сайлау туралы хабардарлық деңгейі және оған баға беру

Қоғамдық пікір сауалдамасы көрсетіп отырғандай, Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымын тарату туралы шешімі жайлы халықтың хабардарлық деңгейі өте жоғары. «Мемлекет басшысының Мәжілісті тарату және кезектен тыс Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын тағайындау туралы шешімі жайлы білесіз бе?» деген сұраққа мерзімнің едәуір қысқа болуына қарамастан, респонденттердің көпшілігі, яғни 68,3%-ы «иә» деп жауап берді.

Сауалдама қорытындысы көрсеткендей, қазақстандықтардың басым көпшілігі кезектен тыс Мәжіліс сайлауын өткізу туралы Президенттің шешімін қолдайды – респонденттердің 73,8%-ы осы шешімге оң бағасын берді.

 

3. Электоралдық белсенділік және партиялық таңдау

Зерттеу қорытындысына сәйкес, қысқа мерзімде өткізілуіне қарамастан, алдағы сайлауға қатысушылардың саны өте жоғары болады деп күтілуде. Сауалдама көрсеткендей, 2012 жылғы 15 қаңтарда болатын сайлауда сұралғандардың 61,3%-ы сайлау учаскелеріне баруға дайын. Сауалдамаға қатысушылардың ішінде әдетте сайлауға аз баратын қала тұрғындары басымырақ болғанын есепке алсақ, бұл өте жоғары көрсеткіш болып табылады. Салыстыру үшін, 2007 жылғы Парламенттік сайлау кезінде бұл көрсеткіш 68% құраса, ал қалалықтардың үлесі 40%-дан төмен болған еді.

Сондай-ақ респонденттерге: «Мәслихат депутаттығына үміткерлердің қандай партия мүшесі екені сіз үшін маңызды ма? Маңызды болса, онда қандай партия өкіліне дауыс бересіз?» деген сауалдар қойылды. Алынған мәліметтер көрсетіп отырғандай, мәслихат депутаттарын таңдау кезінде ең басты критерийлердің бірі – оның қай партия мүшесі екендігі болатыны анықталды (62,4%). Мәслихат сайлауында респонденттердің басым көпшілігі, яғни 93,4%-ы «Нұр Отан» партиясының өкіліне дауыс беруге ниетті.

Зерттеу барысында респонденттер Парламенттің жаңа құрамында орын иеленуге саяси партиялардың мүмкіндіктерін бағалаған болатын. Сауалдама қорытындысы бойынша саяси партиялардың электоралдық рейтингісі жасалды. Берілген жауаптарға сәйкес, алдағы сайлауда Парламентке өту үшін қажет электоралдық қолдау деңгейіне тек қана «Нұр Отан» партиясы ие – 85,2%. Қалған партиялар 4%-дан төмен көрсеткішті иеленді. Сонымен, электоралдық науқанның бірінші күнінде-ақ сайлау жарысының шынайы көшбасшысы анықталды – бұл «Нұр Отан» партиясы. Қалған партияларға әлі де өз таңдауын жасап үлгермеген халықтың дауыстары үшін жарысу ғана қалды, олардың үлесі 8,7%-ды құрайды.

 «InfoSystem» зерттеу орталығы» қоғамдық қоры қазақстандықтар арасында электоралдық сауалдамалар жүргізуді сайлау науқанының соңына дейін жалғастырмақ.

               

 

Халық таңдау жасайды!               

 

/«Айқын», 18.11.2011 ж., Б. Мұратұлы/ - «ІnfoSystem» зерттеу орталығы қазақстандықтардың электоралдық хал-жағдайын зерттеу барысында қоғамдық ой-пікірді сұраудың қорытындысын шығарды. Қазақстан аумағында тұратын жасы 18-ден асқан азаматтардың пікірін білу арқылы жүргізілген сауалнама ақиқатында көп нәрсені анықтап бергендей.

Атап айтар болсақ, ақпарат жинау әдісі телефон арқылы алынған. Сауал 647 адамға қойылды. 2011 жылдың 16 қараша күні жүргізілген сауалнамаға қазақ және орыс тілдерінде жауап алынды. Сонымен, Қазақстанның 13 қаласында өткен зерттеу қорытындысы нені көрсетті?

Республика халқы кезектен тыс сайлау өтетіндігі жайлы қаншалықты хабардар? «Мемлекет басшысының Мәжілісті тарату және кезектен тыс Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын 2012 жылғы 15 қаңтарда тағайындау туралы шешімі жайлы білесіз бе?» деген сауалға респонденттердің 68,3 пайызы «иә» деп жауап берсе, 31,7 пайызынан «жоқ» деген жауап алынған.

Ал республика халқы кезектен тыс сайлау өткізуді қаншалықты қолдайды? «Жауап беруге қиналамын» дегендердің пайызы - 16,8, «жоқ» дегендер - 9,4, пайыз, ал шешімді қуаттайтындардың саны - 73,8 пайыздан артып отыр.

Ал кезектен тыс сайлауға қатысатындардың көзқарасы қандай?

«2012 жылғы 15 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауына қатысасыз ба?». Бұл сұраққа респонденттердің 61,3 пайызы «иә» деп жауап берген. «Жоқ» дегендер - 13, 5 пайыз шамасында, ал «әлі шешкен жоқпын» дегендердің шоғыры - 25, 2 пайыздан астам.

«ІnfoSystem» зерттеу орталығының «Мәслихат депутаттығына үміткерлердің қандай партия мүшесі екені сіз үшін маңызды ма, маңызды болса, қандай партия өкіліне дауыс бересіз?». Бұл сауалға жауап берген респонденттердің 93, 4 пайызы еліміздегі жетекші партия «Нұр Отанды» атаған. Ал басқа партиялар туралы айтқандар - 6,6 пайыз ғана.

«Ал алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауында қандай саяси партия үшін дауыс бересіз?» деген сауалға жауап бергендердің 85,2 пайызы «Нұр Отанды» атаған. Одан кейінгі орындарда- «Ақжол» (3,3 пайыз), «Азат» (1,2 пайыз), «Әділет» (0,5 пайыз), Патриоттар партиясы (0,3 пайыз), ҚКХП (0,3 пайыз), «Руханият» (0,2 пайыз), «Ауыл» ( 0,2 пайыз), КПК (0,1 пайыз). Ал «әлі шешкен жоқпын» деген респонденттердің шоғыры 8,7 пайыз шамасында.

 

 

Сайлау келе жатыр…

 

/«Дала мен қала», 19.11.2011 ж./ - Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берушілер саны қыс мезгіліне қарамастан республика халқының 61,3 пайызын құрайды. Бұл мәліметті «InfoSistem» зерттеу орталығы» қоғамдық қоры жүргізген сауалнаманың нәтижесімен таныстырған «Нұр Отан» партиясы Парламентаризм институтының қоғамдық-саяси жобалар институтының меңгерушісі Жанар Бұқанова журналистерге жария етті.

Оның айтуынша, сауалнама негізінен қала халқының арасында жүргізілген. Ал қала жұртшылығының әдетте сайлауларға деген құлшынысы өте төмен болып келетіндігі бұрыннан белгілі. Соған қарамастан бұл өте жақсы көрсеткіш болып отыр. «Сауалнама жүргізу барысында респонденттерге сонымен қатар мәслихат депутаттығына кандидат азаматтың қандай да бір партияның мүшесі болуы маңызды ма, егер маңызды болса сіз қай партияның өкіліне басымдық берер едіңіз? – деген сауал да қойылыпты. Сауалнама жүргізілгендердің 62,4 пайызы сайлауға түсетін кандидаттың қандай да партияның мүшесі болғандығын қалайтындықтарын жеткізді. Ал осы 62,4 пайыздың басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясын қолдайтындықтарын білдірді», – деді Ж.Бұқанова.

Келтірген деректерге қарағанда, сауалнама жүргізілген азаматтардың 85,2 пайызы сайлауда «Нұр Отан» партиясы жеңіске жетеді деп жауап берген. Бұл ел мен егіз уақытпен үндес билік партиясына берген әділ баға деп қарауымыз керек шығар. Өйткені, еліміздегі демократиялық күштер коалициясының басын біріктіріп отырған «Нұр Отан» партиясы өткен он үш жыл ішінде қазақстандықтар арасындағы өз беделін нықтаған саяси ұйым. Бұған дәлелді себептерді айтар болсақ, «Нұр Отан» партиясының Халықтық тұғырнамасында белгіленген шаралар нақтылы жүзеге асып, соның негізінде қазақстандықтардың өмір сапасы артуда. Жүргізіліп жатқан әлеуметтік модернизацияның алғашқы нәтижелері байқалуда. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында реформалар жалғастырылуда. Ондаған мың жанұя өздерінің тұрғын үй-коммуналдық жағдайын жақсартып, зейнетақы, бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақылары мен жәрдемақылары тұрақты көбейтілуде. Халықтың табысы жыл сайын өсу үстінде. Рухани сала жаңғыртылуда. Міне, осы жағдайды көріп біліп отырған халық әрине «Нұр Отанды» қолдайды.

Ал, өзге партияның сайлауда жеңіп шығатындығына респонденттердің тек 4 пайыз ғана сенім білдірген. Осылайша сайлау науқанының алғашқы күнінде-ақ сайлаудың жеңімпазы анықталды. Ол «Нұр Отан» партиясы болып отыр. Ал өзге партияларға әлі өздерінің таңдауларын жасамаған сайлаушылардың дауыстары үшін күресу ғана қалып отыр. Ал мұндай санаттағы халық саны республика халқының небәрі 8,7 пайызын құрайды.

 

 

Назарбаев Парламенттік сайлау жөнінде Премьермен

және Парламенттің спикерлерімен кеңесті

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 15.11.2011 ж./ – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбіде Парламенттік сайлау бойынша консультациялар өткізді.

«Мемлекет басшысы сайлау мәселесі бойынша Премьермен және Спикерлермен кеңесті», деп жазды Twitter-ге Премьер Кәрім Мәсімов.

 

 

Н.Назарбаев кезектен тыс Парламент сайлауы

мәселесі туралы консультация өткізді

 

/«BNews.kz», 15.11.2011 ж./ – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назрбаев ҚР Премьер-министрі және Спикерлермен сайлау мәселесі жөнінде  консултация өткізді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтің  Twitter ресми бетінде мәлім етілген.

«Мемлекет басшысы  ҚР Премьер-министрі және спикерлермен сайлау мәселесі жөнінде  консултация өткізді», - делінген таратылған хабарламада.

 

 

Назарбаев мерзімнен бұрын сайлау туралы Премьер және

Парламент Палаталарының спикерлерімен консультация өткізді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 15.11.2011 ж./ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттік сайлау өткізу мәселесі бойынша елдің Премьер-министрі Кәрім Мәсімов және Парламент Палаталарының спикерлері Орал Мұхамеджанов пен Қайрат Мәмимен консультация өткізді, деп хабарлады қазақстандық үкіметтің басшысы.

«Елбасы сайлау мәселелері бойынша Премьер - Министрмен және спикерлермен консультация өткізді», - деп жазды сейсенбіде.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Президенті Мәжілісті тарату және сайлау өткізу

туралы жарлықтың жобасын қарайды

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 15.11.2011 ж./ – Депутаттардан мемлекет басшысының атына Мәжілісті тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы жолдаудың келіп түсуіне орай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімовпен, Сенат төрағасы Қайрат Мәмимен, Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановпен консультациялар жүргізді.

Премьер-министр және Парламент Палаталарының төрағалары Мәжілісті тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімді қолдады, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.

«Бұл мәселе бойынша сіздердің ұстанымдарыңызды ескере отырып, мен Мәжілісті тарату және сайлау өткізу туралы жарлықтың жобасын қараймын», деді Президент, оның сөздерін баспасөз қызметі келтіріп өтті.

 

 

Елбасы Мәжілісті тарату туралы қаулыға қол қойды

 

/«Қазақстан» ТРК, 15.11.2011 ж., Ж. Төлеміс/ - Бүгін Ақордада Парламент Мәжілісі депутатарының Елбасына төменгі Палатаны тарату жөнінде жолдаған үндеуі талқыға түсті. Президент  халық қалаулыларының ұсынысын  үкімет басшысы және Парламенттің қос Палата төрағасымен бірге отырып ақылдасты. Құжат құпталса, көп кешікпей елімізде мерзімінен бұрын  Мәжіліс сайлауы өтуі мүмкін.

Өткен аптада Мәжілістің 53 депутаты - Елбасының атына үндеу жолдап, төртінші  шақырылымдағы   Мәжілісті таратуды  өтінген болатын. Бүгін Президент қос Палата  төрағасы  мен үкімет басшысын қабылдап, осы мәселе төңірегінде кеңесті. Сайлауды алдын ала өткізудің салмақты  себептері бар.  Жаңадан жасақталатын  құрам  көппартиялы болуы  шарт.  Депутаттар  алға тартқан басты уәждің бірі осы. Әрі индустриалды дамуға бағыт алған тұста заң қабылдау  міндеті  Мәжіліс депутаттарының   жаңарған тобына  жүктелуі қажет болатын. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

Депутаттардың  айтып отырған пікірлерімен келіспеуге болмайды. Бір  дағдарыстан екінші дағдарысқа  өтіп отырған жағдай бар. Еуропаның мәселесі бар. Дүниежүзінің мәселесі бар. Келе жатқан дағдарыс бола ма, болмай ма. Бірақ болуы мүмкін деп ойлаймыз. Соған байланысты ендігі жылы  төңірегімізде  де сайлау бар, барлық жерлерде де сайлау бар. Соған байланысты  саясатпен айналыспай, экономиканы жөндеп алу керек деген пікірді айтады.   Мұның бәрі көңілге қонады. Сондықтан ақылдасуымыз керек.

Мәжілістің қазіргі  құрамы - міндетін  абыроймен атқарды. Төрт сессияда    500-ден астам заң  жобасы мақұлданған. Әлемнің алпауыт елдерінің экономикасы  шатқаяқтағанда, үкіметпен қоян-қолтық араласып жұмыс атқарған Мәжіліс, маңызды құжаттарды қысқа мерзімде  қабылдап, нардың   жүгін көтерді.   

Орал Мұхамеджанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің  төрағасы:

Депутатардың бұл  уәждерімен толық келісуге болады. Шынында да Мәжілістің  бұл құрамы жұмысты жақсы атқарды. Бірақ уақыт орнында  тұрмайды, күнде өзгеріп отырады. Соған байланысты көппартиялы,  қоспартиялы Мәжіліс құру талабы алдымызда тұр.

Қайрат Мәми,   ҚР Парламенті  Сенатының төрағасы:

Елдегі демократиялық және басқа да реформаларға жаңа серпін беру үшін  көп созбай жаңа  Мәжілістің  құрамын таңдаған  дұрыс болар еді деп ойлаймын. Сондықтан Ата заңымыздың  63-бабына сәйкес осындай ұсыныс  түскен  екен,  оны сіз қабылдауыңыз керек  менің ойымша. 

Кәрім  Мәсімов,  ҚР Премьер- министрі:

Бүгін көтеріліп отырған өтінішті - қолдау керек. Мұндай шешім арқылы біз тағы да  елдің демократиялық дамуға бағыт алғанын, ашық әрі жариялы,халықтың еркін білдіретін   сайлау өткізетінін  дәлелдейміз.

Елбасына үндеу жолдаған  депутаттардың өтінішін, үкімет пен Парламенттің қос Палатасы да қолдап отыр. Билік пен заң шығарушы органның ойы бір жерден шықты. Енді мемлекет басшысы - Мәжілісті тарату жөнінде жарлыққа қоюы қажет. Құжат  күшіне енсе, елде  мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауы өтеді. Әрі Парламенттің төменгі Палатасының жаңа құрамын жасақтау, жергілікті мәслихаттар сайлауымен қатар өтуі мүмкін.

 

Елбасы арнайы кеңес өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 15.11.2011 ж./ - Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Палаталарының төрағалары – Орал Мұхамеджанов және Қайрат Мәмимен, сондай-ақ, үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен арнайы кеңес өткізді.

Елбасы олармен жақында Мәжіліс депутаттарының Президент атына жолдаған «Парламенттің төменгі Палатасын таратып, кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі» үндеуі туралы ақылдасты. Өткен аптада Мәжілістің 53 депутаты Президенттің атына арнайы үндеу жолдап, Парламент Мәжілісін мерзімінен бұрын тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдауды өтінген еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мен оны жақсылап оқыдым, көрдім, ойландым. Сондықтан, мәселені бірлесіп шешу үшін конституцияның талабы бойынша сіздермен кеңес өткізейін деп отырмын.

Үндеуде халық қалаулылары Парламент ата заңға енгізілген «көппартиялы құрам» жөніндегі өзгеріске сай болу қажет, әлемдік дағдарыстың екінші легі турасындағы қауіп расқа айнала қалған жағдайда, келер жылы сайлау деп алашапқын болмай, таза елдік мәселелермен шұғылдануға дайын болу керек және индустриялық бағдарламаға тың серпін беру үшін көзқарастары да, жұмыс қарқыны да тың депутаттар болғаны жөн деген уәждер айтқан болатын. Отырысқа қатысушылар осыған байланысты пікірлерін ортаға салды.

Орал Мұхамеджанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Уақыт орынында тұрмайды. Жағдай қазір өте динамичный, өте тез жүріп бара жатқан заман. Күнде өзгеріп отырады, ай сайын өзгеріп отырады. Әлемдік дағдарыстың екінші қарқынына қарсы тұратындай жағдайды алдын ала ойластыруымыз керек. Тек қана әлеуметтік, экономикалық мәселелермен шұғылданатындай. Сондықтан, уәждарын қабылдап, үндеулерін қолдауға болады ғой деп ойлаймын.

Қайрат Мәми, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Елдегі демократиялық және басқа да реформаларға жаңа серпін беру үшін көп созбай, жаңа Мәжілістің құрамын таңдаған дұрыс болар еді деп мен ойлаймын.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

-Егер сіз шешім қабылдасаңыз біз кезекті рет халықтың таңдауына бағынатын демократиялық, ашық да әділ сайлау өткізе алатынымызды дәлелдейміз деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл уәждердің барлығы көкейге қонымды. Ата заңға сәйкес Президенттің сіздермен ақылдаса отырып, Парламентті тарату және кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде дербес шешім қабылдауға қақы бар.

Президент жұмыс кезеңі дүниежүзілік экономикалық дағдарыспен тұспа-тұс келіп, талай рет шұғыл түрде аса маңызды шешімдер қабылдауға тура келген, дағдарыспен күреске қажетті жүздеген заңдарды жедел де болса мұқият електен өткізіп мақұлдаған қазіргі Парламент жауапкершілікті тарихи міндетін абыроймен атқарды деп санайтынын айтты. Халық қалаулыларының тағы бір ұсынысы – Мәжіліс сайлауымен бірге жергілікті мәслихаттар сайлауын да өткізу жайы. Бұл біріншіден – қыруар қаржыға үнем, екіншіден – саяси науқандардың бір арнада, елге қажеті бағытта қанаттаса өрбуіне сеп.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бәріміздің ойымыз бір жерден шыққанан кейін шешімді қабылдаймыз әрине.

Тараптардың бұл мәселеге қатысты пікірлері айтылды, анықталды. Соңғы сөз Президентте. Шешім де көп күттіре қоймас.

 

 

Парламенттің жаңаруы – уақыт талабы

 

/«Егемен Қазақстан», 16.11.2011 ж., Ө. Есқали/ - Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен, Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмимен, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесіп, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы Мәжілістің 53 депутатының үндеуі Президенттің атына келіп түсуіне байланысты консультация өткізді.

Кездесуге сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин қатысты.

Өз сөздерінде Премьер-Министр мен Парламент Палаталарының төрағалары Парламенттің төменгі Палатасының Мәжілісті тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы ұсынысын қолдады.

Мемлекет басшысы депутаттар өз үндеуін бірнеше факторларға негіздегенін атап өтті. Біріншіден, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Мәжілісте кемінде екі саяси партия болуы тиіс. Бұл үшін саяси жүйеде реформа жүргізілді. Алғаш рет Орталық Азияда депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау енгізілді. Президент Қазақстанның саясатының дамуында демократиялық вектор дәйектілікпен іске асырылуы керектігіне тоқталды. Екіншіден, Қазақстан 2008-2009 жылдары күрделі әлемдік дағдарыстың әсерін бастан кешірді. Елдер мен күллі әлем одан енді ғана шығып келеді, ал бұл кезде әлемдік экономика әлі де күшті құбылмалы күйде қалып отыр.

– Біз Еуропада не болып жатқанын, G-20 кездесуінде қандай мәселелер талқыланғанын қадағалап отырмыз. Экономика тұрақтанды деп айтуға әлі ерте. Еуропалық Одақтағы оқиғалар бізге де тікелей ықпал етуде. Еуропа мемлекеттері Қазақстанның тек маңызды серіктесі ғана емес, сонымен бірге біздің тауарларымыз үшін инвестор әрі рынок. Біз оқиғалардың дамуының барлық ықтимал нұсқаларына дайындалудамыз. Өткен дағдарысты біз абыроймен еңсердік. Қазақстанда дағдарысты еңсеру жөнінде ең үздік бағдарламаның бірі жүзеге асырылды, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Президент Мәжілістің ағымдағы шақырылымының жұмыс кезеңі ауқымды әлемдік дағдарысқа тұспа-тұс келгеніне, жұмыс жедел жүргізілгеніне, қажетті шешімдер тез қабылданғанына, алайда заңдардың сапасына зиян келмегеніне, сайлау өткенше Сенат Мәжілістің функцияларын атқаратынына тоқталып өтті.

Мемлекет басшысы қоғам көп партиялық Парламентті қажет етіп отырғанын атап көрсетті. Парламенттің жаңаруы елде жүргізіліп жатқан ауқымды жаңғыртулар үшін қажет. Бұдан басқа, егер келесі дағдарыс сайлау науқанына сәйкес келетін болса, онда ел басшылығының, Үкіметтің және бұл мәселе бойынша өңірлердің жұмысы қиындайды. Депутаттардан сондай-ақ Мәжіліс пен жергілікті өкілдік органы – мәслихаттар сайлауын бірге өткізу туралы ұсыныстар түсуде.

– Аталған мәселе бойынша сіздердің ұстанымдарыңызды ескере отырып, мен Мәжілісті тарату және сайлау өткізу туралы Жарлық жобасын қарастырамын, – деді Мемлекет басшысы.

 

 

Елбасы Мәжілісті тарату мәселесін қарайды

 

/«Алаш айнасы», 16.11.2011 ж./ - Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімовпен, Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмимен, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы Мәжілістің 53 депутатының үндеуі Президенттің атына келіп түсуіне байланысты консультация өткізді.

Кездесуге сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин қатысты.

Өз сөздерінде Премьер-министр мен Парламент Палаталарының төрағалары Парламенттің төменгі Палатасының Мәжілісті тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін қолдады.

Мемлекет басшысы депутаттар өз үндеуін бірнеше факторларға негіздегенін атап өтті. Біріншіден, Конституцияға енгізілген өзгерістеге сәйкес Мәжілісте кемінде екі саяси партия болуы тиіс. Бұл үшін саяси жүйеде реформа жүргізілді. Алғаш рет Орталық Азияда депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау енгізілді. Президент Қазақстанның саясатының дамуында демократиялық вектор дәйектілікпен іске асырылуы керектігіне тоқталды. Екіншіден, Қазақстан 2008 – 2009 жылдары күрделі әлемдік дағдарысты бастан кешірді. Елдер мен күллі әлем одан енді ғана шығып келеді, ал бұл кезде әлемдік экономика күшті құбылмалы күйде қалып отыр.

– Біз Еуропада не болып жатқанын, G-20 кездесуінде қандай мәселелер талқыланғанын байқап отырмыз. Экономика тұрақтанды деп айтуға келмейді. Еуропалық Одақтағы оқиғалар бізге де тікелей ықпал етуде. Еуропалық мемлекеттер – Қазақстанның тек маңызды серіктесі ғана емес, сонымен бірге біздің тауарларымыз үшін инвестор әрі рынок. Біз оқиғалардың дамуының барлық мүмкін боларлық нұсқаларына дайындалудамыз. Өткен дағдарысты біз абыроймен еңсердік. Қазақстанда дағдарысты еңсеру жөнінде ең үздік бағдарламаның бірі жүзеге асырылды, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Президент Мәжілістің ағымдағы шақырылымының жұмыс кезеңі ауқымды әлемдік дағдарысқа тұспа-тұс келгенін, жұмыс жедел жүргізілгенін, қажетті шешімдер тез қабылданғанын, алайда заңдардың сапасына зиян келмегеніне тоқталып өтті.

Мемлекет басшысы қоғам көппартиялық Парламентті қажет етіп отырғанын атап өтті. Парламенттің жаңаруы елде жүргізіліп жатқан ауқымды жаңғыртулар үшін қажет. Бұдан басқа, егер келесі дағдарыс сайлау науқанына сәйкес келетін болса, онда ел басшылығының, Үкіметтің және бұл мәселе бойынша өңірлердің жұмысы қиындайды. Депутаттардан сондай-ақ Мәжіліс пен жергілікті өкілдік органы – мәслихаттар сайлауын бірге өткізу туралы ұсыныстар түсуде.

– Аталған мәселе бойынша сіздердің ұстанымдарыңызды ескере отырып, мен Мәжілісті тарату және сайлау өткізу туралы тиісті жарлық жобасын қарастырамын, – деді

 

 

Парламент төртінші рет тарағалы тұр

 

/«7 арна» телеарнасы, 15.11.2011 ж./ - Егер тарихқа көз жүгіртсек, 1994 жылы наурыз айында жасақталған заң шығарушы орган 1 жыл жұмыс істеп, депутат Татьяна Квятковскаяның шағымынан соң тарап кетеді. Ал 2007 жылы жазда халық қалаулылары Президентке үндеу жолдап, тағы да мерзімінен бұрын ыдырап кетті. Ол кезде белсенділік танытқан депутат Нұрбах Рүстемов болатын.

 

 

Назарбаев Мәжілісті таратып, мерзімнен бұрын сайлау

туралы жарлыққа сейсенбіде қол қоюы мүмкін – Ертісбаев

 

/«Қазақстан жаңалақытары» АА, 15.11.2011 ж./ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілісті тарату мен мерзімнен бұрын сайлау өткізу туралы жарлыққа сейсенбі 15 қарашада қол қоюы мүмкін, деп мәлімдеді Қазақстан жаңалықтарына мемлекет басшысының кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев.

«Меніңше ол бүгін қол қояды. Мен осыған үміттенемін. Мен Президент қолдауға тиіс деген пікірді айтқан болатынбын», - деді Ертісбаев тілшілерге берген сұхбатында.

 

 

ҚР Президенті төртінші шақырылған Парламент Мәжілісін

тарату және 2012 жылғы 15 және 16 қаңтарға Мәжіліс депутаттарының

кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды[1]

 

/«ҚазАқпарат», 16.11.2011 ж./ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төртінші шақырылған республика Парламенті Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы 2011 жылғы 16 қарашадағы №175 Жарлығына қол қойды.

***

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85, 86-баптарына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалсын.

4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеуді және өткізуді ұйымдастырсын.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық,  материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудің барлық қажетті шараларын шұғыл қабылдайтын болсын.

6. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 16 қараша № 175

 

 

 

Елбасы Мәжілісті тарату туралы жарлыққа қол қойып,

кезектен тыс сайлау 15 қаңтарға тағайындалды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 16.11.2011 ж./ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламентінің төменгі Палатасы - Мәжілісті тарату туралы жарлыққа қол қойып,  кезектен тыс сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалды. Жарлықтың мәтіні сәрсенбіде ресми БАҚ-тарда жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85, 87-баптарына сәйкес  қаулы етемін: Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалсын», - делінген құжаттың мәтінінде.

Заңнама бойынша, Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 16 қаңтарына тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру тапсырылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдеріне «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын», - деген тапсырма берілді. Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Өткен аптада Мәжілістің бір топ депутаттары мемлекет басшысына, Палата депутаттарының өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтатып, кезектен тыс Парламенттік  сайлау тағайындауды сұрап үндеу жасады.

 

 

Қазақстанның Президенті Мәжілісті

тарату туралы Жарлыққа қол қойды

 

/«Kazakhstan Today», 16.11.2011 ж./ - Қазақстанның Президенті Мәжілісті тарату туралы Жарлыққа қол қойды, мерзімінен бұрын өтетін сайлау 15-қаңтарға белгіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойған.

 

 

 

Елбасы Парламент тарату туралы қаулыға қол қойды

 

/«Қазақстан» ТРК, 15.11.2011 ж., Г. Марқабай/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Президент қаулысында Мәжіліс тарасын делінген.

Президент Жарлығына сай, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылы қаңтардың 15-де, ал Қазақстан Халқы Ассамблеясы атынан түсетін Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2012 жылы қаңтардың 16-да тағайындалады. Кезектен тыс сайлауды әзірлеу және өткізу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктелді.

 

 

Мәжілісті тарату туралы Жарлық шықты

 

/«Қазақстан» ТРК, 16.11.2011 ж., А. Қобдабай/ - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және кезектен тыс сайлауды тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлық жарияланысымен, төменгі Палатаның өкілдері шұғыл жиын өткізді. Өкінішке орай, бұл отырысқа ақпарат құралдарының өкілдері қатыстырылмады.

Дегенмен, біздің арнаға сұқбат берген кейбір депутаттардың айтуынша, Мәжіліс төрағасы төртінші шақырылымның таратылған құрамына алғыс айтып, отырыста өздерінің осы күнге дейін атқарған жұмыстарын қорытындылаған.

Парламент партасында төрт жарым жыл отырған депутаттар күні бүгінге дейін 500-ден астам заң қабылдаса, оның 400-ден астамына Елбасы қол қойған. Сондай-ақ, халық қалаулылары қаржы дағдарысы кезінде де қажырлы еңбек еткендерін айтады. Әрі бүгінгі отырыста депуттар өздерінің жұмыс орындарын уақтылы тапсыру тетіктерін де талқылаған.

Тито Сыздықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымдағы депутаты:

Пәтерлерімізді тапсыру мәселесі жаңа жылға дейін, сол транспорт пен кабинеттерімізді босату мәселесі, енді, қазір осы сенбіге дейін кабинеттерімізді босатып береміз. Содан кейін, енді, съезге дайындаламыз. Кейін Елбасы тапсырма берді, «Нұр Отанның» списігінен өтпеген адамдарды жұмыс керек адамдарға жұмыс мәселесін қарастыруға. Еш бір адам далада қалмайды.

Естеріңізге салайық, Президент өзінің бүгінгі Жарлығында Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын келер жылдың 15 қаңтарына, ал Қазақстан Халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2012 жылдің 16 қаңтарына тағайындады.

Сонымен қатар, Үкімет пен Астана және Алматы қалаларының, әрі облыстардың әкімдері Мәжілістің кезектен тыс сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын делінген Жарлықта. Кезектен тыс өтетін сайлауға қатысты қазір сағат түскі үште Орталық сайлау комиссиясының арнайы отырысы өтеді.

 

 

Елбасы Төртінші шақырылған ҚР Парламентінің

Мәжілісін тарату туралы Жарлыққа қол қойды

 

/«Хабар» агенттігі, 16.11.2011 ж./ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалды. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалды. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдауы тиіс.

 

Мәжілісті тарату туралы Жарлық шықты (толығырақ)

 

/«Қазақстан» ТРК, 16.11.2011 ж., А. Қобдабай/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және кезектен тыс сайлауды тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлық жарияланысымен, төменгі Палатаның өкілдері шұғыл жиын өткізді. Өкінішке орай, бұл отырысқа ақпарат құралдарының өкілдері қатыстырылмады. Ал түстен кейін еліміздің Орталық сайлау комиссиясы келер жылы өтетін Мәжіліс пен Мәслихат сайлауын әзірлеу мен оны өткізу жөніндегі шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.

«Тараудан тартынбаймыз» деген депутаттар тарап тынды. Олар бүгін-ертең буынып-түйініп, жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлерін тапсырулары тиіс.

Тито Сыздықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымдағы депутаты:

Пәтерлерімізді тапсыру мәселесі жаңа жылға дейін, сол транспорт пен кабинеттерімізді босату мәселесі енді қазір осы сенбіге дейін кабинеттерімізді босатып береміз. Содан кейін енді съезге дайындаламыз. Кейін Елбасы тапсырма берді, «Нұр Отанның» списогінен өтпеген адамдарға, жұмыс керек адамдарға жұмыс мәселесін қарастыруға. Еш адам далада қалмайды.

Төртінші шақырылымның төрт жарым жылда атқарған жұмысын қорытындылаған жиынға ақпарат құралдары қатыстырылмады. Есесіне біздің арнаға сұхбат берген депутаттар ендігі экс-төраға төртінші шақырылымның жұмысына «төрт» деген баға бергенін айтады. Сондай-ақ, қаржы дағдарысы кезінде де қажырлы еңбек еткен депутаттар төртінші шақырылымда барлығы 500-ден астам заң қабылдаса, оның 400-ден астамына Президент қол қойған. Дегенмен, депуттардың «әттеген-ай» дейтін тұстары да жоқ емес.

Тито Сыздықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымдағы депутаты:

Ақырына дейін шеше алмай қалған мәселе – қолға алып жүрген мәселе, мына мүгедектердің жәрдемақысын көтеру және мүгедектерді 63 жас емес, әйелдерде 58, ал ер адамдарда 55, ал әйел адамдарда 50 жас. Өйткені, 50-ден кейін 2-3 топтағы мүгедектерге жұмыс істеуге мүмкіншілік жоқ.

Президент өзінің Жарлығында Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын келер жылдың 15 қаңтарына, ал Қазақстан Халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2012 жылдың 16 қаңтарына тағайындады. Сонымен қатар, Үкімет пен Астана және Алматы қалаларының әрі облыстардың әкімдеріне Мәжілістің кезектен тыс сайлауын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуді тапсырған. Осы Жарлықтан кейін Орталық сайлау комиссиясы да келер жылы болатын саяси доданың күнтізбелік жоспарын бекітті. Сөйтіп, «Сайлау туралы» заңға партиялық тізіммен сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну бүгіннен басталып кетті. Ал кім кімді ұсынады – ол әр партияның ішкі шаруасы. Әзірге бұл жолғы сайлауға бір партияның қатыспайтыны анық.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Қазақстанның Коммунистік партиясы бұл процеске қатыса алмайды, өйткені сот шешімі бойынша оның қызметі уақытша тоқтатылған.

Сайлау науқанына қатысты бекітілген күнтізбелік жоспарға сай Орталық сайлау комиссиясы елдегі сайлау учаскелерінің аумағы мен оның құрамы туралы ақпаратты қарашаның 23-нен қалдырмай, сондай-ақ, Мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын 26 қарашадан кешіктірмей жариялайтын болды.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну 16 қарашадан бастап 5 желтоқсанға дейін жүреді. Ал партиялық тізімдерді тіркеу 16 қарашадан бастап, 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Мәсихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну 2011 жылғы 16 қараша мен 14 желтоқсан арасындағы кезеңде өтеді. Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну 16 желтоқсанда басталады.

Сайлау науқанына қажетті қаржы мәселесін Орталық сайлау комиссиясы Үкіметпен кеңесе отырып, алдағы күндері шешпек. Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, әзірге бұл шараға бюджеттен 8 миллиард 180 миллион теңге қарастырылған. Айтпақшы, алдағы сайлауда дауыс берудің автоматтандырылған жүйесі қолданылмайды. Сондықтан, барлық дауыс беру үрдісі тек қағаз бюллетендер арқылы жүзеге асады.

 

 

Н. Нығматулин: Мәжілісті таратып, кезектен тыс сайлау өткізу –

барлық қазақстандық қоғам үшін маңызды және уақытында қабылданған шешім

 

/«BNews.kz», 16.11.2011 ж./ – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұл шешімді «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин түсіндіреді - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі таратқан баспасөз хабарламасында.  

«Бүгінгі өзінің шешімімен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып Парламенттің төменгі палатасын мерзімінен бұрын тарату және кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі  Мәжіліс депутаттарының  үндеуін қолдай отырып, тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды және уақыттылы қабылданған шешім », - деген  Н.Нығматулинннің сөзін келтіреді баспасөз қызметі.

 

 

Қоғам дамуы үшін маңызды шешім

 

/«Егемен Қазақстан», 17.11.2011 ж./ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Осы шешім туралы өз пікірімен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин бөлісті: «Бүгінгі шешім өте уақтылы және де бүкіл Қазақстан қоғамының дамуы үшін аса маңызды болып табы­латыны сөзсіз. Ал саяси партиялардың сайлауға қатысуы туралы айтатын болсақ, әрбір саяси партия өзін шынымен де салмақты саяси ұйым деп санаса, кез келген уақытта сайлауға дайын болуы тиіс деп ойлаймыз. Біздің «Нұр Отан» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде, осы сайлауға тек қатысып қана қоймай, онда үлкен жеңіске жетеді деп сенім білдіреміз», деді ол.

 

 

Жаңа жылда – жаңа Парламент

 

/«Түркістан», 17.11.2011 ж., Е. Кәпқызы/ - Тәуелсiз Қазақстан тарихында мерзiмiнен бұрын сайлау өткiзу дәстүрге айналып барады. Қазақстанның екi рет мерзiмiнен бұрын тараған Жоғары Кеңесiн есептемегенде, Қазақстанның қос Палаталы Парламентiнiң депутаттары осымен екiншi рет уақытынан бұрын тарауды өздерi бастама ретiнде көтердi. Естерiңiзде болса, осыдан төрт жыл бұрын Конституцияға енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларды желеу етiп, 2005 жылы шақырылған үшiншi шақырылым депутаттары тараған едi. Ол жолы бастаманың авторы Нұрбах Рүстемов болған. Бұл жолғы басты желеу – әлемдiк экономикалық дағдарыс.

Сайлау 15 қаңтарда өтеді

Қарашаның 16-сында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламентті тарату және кезектен тыс Парламенттік сайлауды өткізу жөнінде жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме таратқан. Сөйтіп жаңа жылдың шымылдығы елдегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі – Мәжіліс сайлауымен ашылатын болды. Ермұхамет Ертісбаевтың алдын ала жасаған болжамы расқа айналды. Қарашаның 15-інде Ақордада Парламент Палаталарының спикерлері мен Премьер-министр Кәрім Мәсімовпен шұғыл кеңес өткізген, Елбасы Парламентті таратудың құқықтық және саяси мәселелері төңірегінде ақылдасты. Осы басқосуда Н. Назарбаев Қазақстан қоғамының көппартиялы Парламентке мұқтаж екендігін айтқан еді. Ал қос Палатаның спикерлері мен Премьер-министр елде мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауын өткізу туралы ұсынысты қолдайтындықтарын айтты. Елбасы алдағы бүкіләлемдік қаржы дағдарысының келесі толқынының сайлауды өз мерзімінде өткізуіне кесірін тигізетіндігін қуаттады.

Естеріңізде болса, қарашаның 11-інде Парламент Мәжілісінің 53 депутаты қол қойған Үндеу Елбасына жолданған еді. Онда Парламент Мәжілісін мерзімінен бұрын тарату қажеттігі жайында айтылған. Бұған себеп ретінде алты мәселе қамтылыпты. Олар – бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына аяқ басқалы отырған еліміз жаңа даму сатысына көшпек, ол үшін жаңа Парламентпен аяқ басқан орынды, т.б.

Қоғамда депутаттардың бұл қадамы жөнінде әртүрлі пікір айтылуда.

Мұрат Әбенов, Парламент Мәжілісінің депутаты:

Шешімді Парламент емес, Елбасы қабылдады

– Парламент депутаттарының Елбасына Үндеуінде Парламентті тарату қажеттігінің себептері айтылған. Ол себептердің бәрі орынды. Жалпы, Конституциямызға сай еліміздің болашағына пайдасы тиетін, дамуына ықпал жасайтын шешімдер қабылдануы тиіс. Заң бойынша Парламент өкілеттігі аяқталуынан кемінде екі ай бұрын сайлау өткізілуі тиіс. Яғни егер біздің өкілеттігіміз алдағы жылдың тамыз айында аяқталатын болса, кезекті сайлау жаздың басында өткізілуі тиіс болатын. Елбасы Мәжіліс депутаттарының Үндеуін қабыл алды, Парламент тарады, сайлау алдағы жылдың басында өтеді. Демек кезекті сайлау мен мерзімінен бұрын өткізілетін сайлау арасындағы айырмашылық 5-6 ай ғана. Әрине, оның ұйымдастыру тұрғысынан аса айырмашылығы жоқ, бірақ экономикалық тұрғыдан тиімді. Сол себепті де бес-алты ай науқаншылдықпен жүргенше, нақты Парламентті жасақтап алып, көппартиялы саяси реформаларды жүзеге асыруға кіріскен жөн шығар.

– Жалпы, Парламентті тарату қажеттілігі қандай кезде туындайды? Негізінен елде төтенше жағдай қалыптасқанда немесе халық биліктен Парламентті таратуды талап еткен жағдайда тарауы тиіс қой. Қазір оны тарату кімге қажет?

– Заңда ондай мәселелер қарастырылмаған. Бұл жерде шешім қабылдайтын – Президент. Олар Парламентті тарату туралы ұсыныс айтқанымен, өзін-өзі тарататын құқығы жоқ. Бұл шақырылым депутаттары төрт жарым жыл өз қызметін адал атқарды. Сол себепті де бұл жолғы ұсынысты тарату деп емес, сайлауды мерзімінен бұрынырақ өткізу деп түсіну керек.

– Сіздердің әріптестеріңіз, сенатор Ғани Қасымов Мәжіліс депутаттарын асығыс шешім қабылдады деп кінәлап, оларды халық сайлады, неге тарату жөнінде халықтың пікірін білмейді деген екен. Оған не дейсіз? Халық алдындағы сенімнен қорықпайсыздар ма?

– Ғани Қасымов Патриоттар партиясының жетекшісі ретінде ол осы мәлімдемесі арқылы сая­си науқанға дайындықты бастап кетті деп ойлаймын. Өйткені өзге саяси партиялар секілді ол кісінің партиясы да сайланудан дәмелі. Ал биыл көктемде халық басым дауыспен Елбасын сайлады. Халық дауысын сеніп тапсырып тұрғаннан кейін, Елбасы халық атынан шешім қабылдауға құқылы. Шешімді Парламент емес, Елбасы қабылдайтындығын қайталап айтқым келеді.

– Сіздің ойыңызша, алдағы Мәжілістің құрамы қандай болады? Қазіргі сарапшылардың пікіріне жүгінсек, «Нұр Отан» партиясы мен «Ақ жол» партиясынан жасақталады деген уәж айтуда. Тіпті Ермұхамет Ертісбаевтың өзі «Ақ жолдың» мүмкіндігі зор дейді. Сіз қалай ойлайсыз?

– Қандай партия сайлауға дайын болады және дұрыс саяси ұстаным ұстанады, сол партия жеңіске жетеді. Мәжілістен орын алатын партиялардың саяси ұстанымдары халықтың қолдауына ие болатын болуы керек. Мен кейбір партиялардың жұмыс тәсілін білем. Олар рейтингіні тек қана өзге партияларды жамандау арқылы жинауға тырысады.

– Өзіңіздің сайланудан үмітіңіз бар ма?

 – Қазір өзіңіз білесіз, партиялық жүйемен сайлау өткізіледі. Сол себептен жекелеген адамдар өздері шешім қабылдай алмайды. Кімдерді тізімге енгізу туралы мәселелердің барлығын партия съезі шешеді. Кімде-кім менің сенімім кәміл, партия маған сенім артатын болады деп кеудесін кере алмайды.

 

 

Мәжілістің пленарлық отырысы өтпейді

 

/«ҚазАқпарат», 15.11.2011 ж./ - 16 қараша күніне белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтпейтін болды.

Бұл туралы Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

 

Мәжіліс спикері пленарлық отырысты өзгертіп, сәрсенбі күні

депутаттарды ұйымдастыру мәселесі бойынша жинайды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 15.11.2011 ж./ - Қазақстан Мәжілісі спикері (Парламенттің төменгі Палатасы) Орал Мұхамеджанов, Палатаның дәстүрлі пленарлық отырысын өзгертіп, сәрсенбі күні депутаттарды ұйыдастру мәселесі бойынша жинайды, деп хабарлайды Мәжіліс депутаты Бахыт Сыздықова.

«Пленарка болмайды! Спикер Мұхамеджанов сағат 11 кезінде депутаттарды жинайды! Ұйымдастру бойынша дейді!», - деп жазады депутат жеке Twitter парақшасында.

Сыздықованың айтуынша, депутаттарға екі күн беріп, олар сол мерзім ішінде заттарыне жинап кабинетті босатулары керек.

 

 

Мәжілісмендер аптаның соңына дейін кабинеттерін,

Жаңа жылға дейін пәтерлерін босатуға тиіс

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 16.11.2011 ж./ - Сәрсенбіде Президенттің жарлығымен таратылған Мәжілістің депутаттары аптаның соңына дейін Парламент ғимаратындағы  өздерінің жұмыс кабинеттерін босатуға тиіс, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Парламентарилердің бірі.  

«Бізге кабинеттерді дүйсенбіге дейін, қызметтік пәтерлерді – Жаңа жылға дейін босату қажеттілігі айтылды», - деді агенттікпен әңгімелесуші Мәжіліс депутаттарының жиналысынан кейін.

Ол басқа қаладан келген мәжілісмендердің көпшілігі Астанада жалға баспана іздеуде деп хабарлады.

«Енді тұратын пәтер іздеймен», - деді ол.

 

 

Өкілеттігін аяқтаған Мәжілістің спикері

оның жұмысын «нық төртке» бағалады

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 16.11.2011 ж./ - Өкілеттігін мерзімнен бұрын аяқтаған Қазақстан  Мәжілісінің (Парламенттің төменгі Палатасы) спикері Орал Мұхамеджанов оның жұмысын «нық төртке» бағалады.

Сәрсенбі күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің төменгі Палатасы – Мәжілісті тарату туралы жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс Парламенттік сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалды.

«Қазіргі құрамнан (Мәжіліс) меніңше 45-50 пайыз депутаттар өтуі мүмкін. Бұл Парламент өте білікті, жігіттер жақсы тәжірибе жинады. Баға - нық төрт», - деді Мұхамеджанов Қазақстан жаңалықтары агенттігіне берген сұхбатында.

Таратқаннан кейін немен айналысуды жоспарлап отырсыз деген сауалға Мұхамеджанов, кәсіпткерлікпен айналыспайтындығын жеткізді. «Бір қоғамдық істермен, жеке істермен айналысамын», - деді ол.        

«Әр партияның жаңа Парламентке өту мүмкіндігі бар. Бірақ меніңше бұл конструктивті ұстаным болады, өйтені біздің халық конструктивті саясатты қолдайды», - деп түсіндірді ол.

 

 

Парламент Мәжілісінің құрамынан

қандай мамандық иелерін көргіңіз келеді? – сауалнама

 

/«Астана» телеарнасы, 15.11.2011 ж./ - Жаңа жасақталуы мүмкін Парламент Мәжілісінің құрамынан қандай мамандық иелерін көргіңіз келеді?» деген сауалға шенеуніктер әрқалай жауап берді. Жалпы, Парламент тарап, қайта сайлау өткен жағдайда,  үкімет те құрамы жағынан толықтай жаңаруы  ықтимал» деген пікірді ұстанатындар бар. Кей министрлер, үкімет тарайтын күн туып «орынды босат деген бұйрық түссе» бағынамыз ғой дегенді де қосты. Қалай болғанда да, бірқатар ведомство жетекшілері мен депуттардың өзі алда келе жатқан дағдарысты еңсеру үшін, заң шығарушы орган қатарында - қаржыгер де, білікті заңгер де болуы қажет деп санайды.

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімовтың пікірінше, мықты маман, өз ісінің білгірі керек.

«Экономист, заңгер, ең бастысы, төменнен бастап барлық деңгейден өткен азаматтар қажет», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айткүл Самақова.

 

 

Жаңа Парламентке жаңашыл адамдар керек

немесе ұлтжанды депутаттар қатарын қалай көбейтуге болады?

 

/«Айқын», 16.11.2011 ж., С. Әмірбекұлы/ - Сонымен, төртінші шақырылымдағы Парламент тарамақ. Мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсыныс жасаған 53 депутат, Мәжілістің алдағы тағдырын Мемлекет басшысының қолына тапсырды.

Президент ұсынысты қалай шешеді, өз еркі. Елбасына ұсыныспен шыққан депутаттар Мәжілісті таратудың алты себебін келтірген. Оны қайталап жатудың қажеті шамалы. Осы орайда, Президент кеңесшісі Ертісбаевтың баспасөз құралдарына берген сұхбатында «Парламент сайлауы келер жылдың басында, яғни қаңтардың 15 күні өтуі мүмкін» дегені бар. Демек, бірнеше партиядан тұратын Парламент жаңа жылды жаңа құраммен бастайтыны белгілі. Әрине, Парламентке қай партиялар өтеді, додада кімнің мерейі үстем болады? Бұл - жеке әңгіме. Мәселе, Мәжілістің жаңа құрамына қандай жаңа тұлғалар енбек, ұлттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын депутаттар қатары көбейе ме? Әңгімеміздің негізгі түйіні осы болмақ.

 

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:

- Бұл жерде біз мынаған назар аударғанымыз жөн. Әрине, Парламент сайлауы жыл басында өте ме немесе белгіленген өз уақытында өте ме, ол өз алдына. Бірақ «Сайлауда қай партия жеңеді, оның құрамында кімдер болады?» деген мәселе. Жеңген партия өз қатарынан Парламентке жаңа тұлғаларды енгізгенімен, ол депутаттар ұлт үшін қаншалықты жан беріп, жан алысқысы келсе де, Парламент мінберінен партияның ұстанымы деңгейінде ғана сөйлей алады. Өйткені ол партия атынан Мәжіліске еніп отыр ғой. Сол себепті «Жеке-дара тұлғалар қара үзіп шығады» деп айту қиындау. Дегенмен жаңа құрамда ұлтжанды, мемлекетшіл, ары таза, кәсіби, тәжірибелі депутаттардың қарасы мол болғаны жақсы. Егер де осы айтқанымыз келсе, онда саяси-экономикалық, ұлттық мәселелерді шешуде ықпалы болмақ. Қазіргі кезде бізге керегі білікті, ықпалды Парламент.

 

Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы:

- «Ұлтжанды депутаттар қатарын қалай көбейтуге болады?» деп толғанатын болсақ, оның үш жолы бар. Біріншіден, саяси партиялар өз қатарына ұлттың қамын жеп жүрген көптеген жеке азаматтарды, ұлттық қозғалыстардың басшыларын тартқаны жөн. Бір жағынан партиялар өздеріне ұпай жинайды. Себебі ұлттың жыртысын жыртып жүрген тұлғаларды халық таниды. Дауыс береді. Екіншіден, әлгі азаматтар Парламент мінберінен ұлттың сөзін сөйлеп, партияның абыройын арттырады. Тағы бір ескеретін жайт, бұрынғы сайлау жүйесін қайта енгізу керек. Ол - жартысы партия арқылы түсу, ал қалғаны бір мандатты округ арқылы сайлауға қатысу. Сонда жекелеген ұлтжанды тұлғалар Парламентке өтуге мүмкіндік алады. Сосын Ата заңдағы «Ұлттық белгіге қарап, саяси партия құруға болмайды» деген сөзді алып тастау керек. Сонда ұлттың сөзін сөйлегісі келетін топ билікке келуге тырысады. Міне, осы үш мәселе шешілсе, депутаттардың қатарында ұлтжандылар көбірек болады деген ойдамын.

 

 

Тәуелсіз елдің Парламентаризмі

 

/«Алаш айнасы», 16.11.2011 ж., Ж. Түсіпбекұлы/ - Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі келбетінің қалыптасуына 1995 жылғы саяси оқиғалар шешуші рөл атқарды десек те болады. Сол жылдың тамыз айында қабылданған ел Конституциясы Қазақстанның саяси жүйесін түбегейлі өзгертті. Қазақ елінің заң шығарушы органы кеңес кезіндегідей Жоғарғы Кеңес аталып келген еді. Нағыз демократиялы мемлекеттердегі сияқты қосПалаталы Парламенттің түзілуіне осы Негізгі заң себепкер болды.

 

Парламентаризм тарихы

Бірінші сайланған Парламент – 1996-1999 жылдар

Парламентте Сенат пен Мәжіліс деп аталатын қос Палата құрылды. 1995 жылдың желтоқсан айында жаңа Конституцияға сәйкес Сенат пен Мәжіліске жалпыхалықтық сайлау өткізілді. Ал тікелей халықтың таңдауына ие болған депутаттар өз мандаттарын 1996 жылдан бастап пайдалана бастады. Осы жылдың 30 қаңтарында қос Палатадағы халық қалаулылары өздерінің алғашқы отырыстарын өткізді. Парламент алғаш құрылған уақытта Сенатта (1999 жылға дейін) 44 депутат, ал тарихта Оспановтың құрамы деген атпен қалған Мәжілісте 67 халық қалаулысы жұмыс істеген екен.

Екінші сайланған Парламент – 1999-2004 жылдар

1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес алғаш рет Орталық Азия өңірінде аралас жүйе бойынша Мәжіліске сайлау өтті, бұл саяси партияларға тең өкілдік негізінде партиялық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін берді. Сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты округтер бойынша 67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялардан 10 депутат сайланды. Ал 2003 жылы Сенатта 39 депутат болды.

Үшінші сайланған Парламент – 2004-2007 жылдар

1999 жылғы қыркүйекте алты жыл мерзімге сайланған 16 сенатордың сайлауы 2005 жылғы тамызда өтті. Жаңадан сайланған сенаторларды қосқанда 2005 жылғы желтоқсанда Парламент Сенатында 39 депутат өз қызметін атқарды. Ал Мәжіліс сайлауы 2004 жылдың қыркүйек айында өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты. Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды.

Төртінші сайланған Парламент – 2007 жылдан бері

Ата Заңымызға 2007 жылдың мамыр айында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес төртінші сайланған Парламент Палаталарының жаңа құрамы 2007 жылғы тамызда қалыптастырылды. Жоғарғы Палатаға Президент тағайындайтын депутаттар санының 15 адамға дейін ұлғаюын көздейтін өзгерістерге сәйкес, Президент 2007 жылғы 28 тамызда қосымша сегіз сенаторды тағайындады. Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 депутаттан тұрады. Олардың 98 депутаты 2007 жылғы 18 тамызда жеті саяси партиядан біртұтас жалпы ұлттық округ бойынша жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланса, тоғыз депутат 2007 жылғы 20 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан мандат иеленді. Тәуелсіз елімізде қалай болғанда да «заң шығарушы органға халықтың өкілдері өту керек» деген ұстаным сақталып отырды. Сайлау кезінде белгілі бір мөлшерде дауыс жинай алмаған саяси партиялар мен түрлі қоғамдық ұйымдар да тыс қалған жоқ. Парламент Мәжілісінің жанынан 2007 жылы Қоғамдық кеңес құрылып, саланың дамуына үлес қосу үстінде.

Тәуелсіз Қазақстан Парламентінің 15 жылдағы жұмысы

Қазір Парламент Палаталарының әрқайсысында жеті комитеттен жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде әрбір сала бойынша қабылданатын құжаттардың өміршең болып халыққа жұмыс істеуін қамтамасыз етуге септігін тигізері сөзсіз. Кәсіби қоспалаталы Парламент осы уақыт аралығында 1800-ден астам заң қабылдап, қоғамдық мәселелерді реттеуге күш салып келеді. Заңгерлер қауымының айтуынша, Парламент тәжірибе жинақтап, кемелдену үстінде. Өткен 15 жыл ішінде еліміз дипломатиялық қатынастар орнатып, әріптес мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен тығыз байланысып, халықаралық Парламенттермен де тәжірибе алмасты. Атап айтар болсақ, ТМД Парламенттік Ассамблеясына, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясына, түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясына, тағы басқа ұйымдарға мүше. Еуропа мен АҚШ-тың конгресмен, депутаттарымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Демократиясы кемелденген мемлекеттердің заң шығарушы органының депутаттарымен арадағы қатынас тәуелсіз жас мемлекеттің заң шығару саласының өркендеуіне үлес қосуда. Қоғамда бірпалаталы Парламент болу керек дейтіндер де бар. Алайда еліміздің дамуына, қоғамдық қатынастарды реттеуге септігі тиген әрбір заңда Сенаттың да өзіндік қолтаңбасы қалды. Жоғарғы Палатаның 15 жыл ішіндегі жұмысы Сенаттың қоғамға, мемлекетке керектігін дәлелдеді.

Парламентаризм деректері:

• Әзірге төрт Парламенттің ішінде екінші сайланған депутаттық корпус қана бес жыл қызмет істеді.

• Төртінші сайланған Мәжіліс тарихта құрамы бір ғана партия мүшелері болуымен қалады.

• 15 жыл ішінде Сенатты да, Мәжілісті де төрт Төраға басқарды.

• Екі бірдей шақырылымда Төраға болған Орал Мұхамеджанов қана.

• Роман Мәдинов, Тито Сыздықов, Ерлан Нығматулин, Иван Чиркалин сынды халық қалаулылары 1999 жылдан бері депутат. Олар үш сайланым қорытындысы бойынша Мәжілісте жұмыс істеп келеді.

• 1996-1999 жылдар аралығында 13 нәзікжанды депутат болды. 1999-2004 жылдар ішінде олардың саны кеміп, қос Палатада жалпы саны 11 әйел депутат қалды. Үшінші сайланған Парламентте 10 нәзікжанды саясаткер болса, 2007 жылы олардың саны күрт артып, депутаттық мандатқа иелік еткен әйелдердің саны 17-ге дейін жетті.

• Посткеңестік елдердің ішінде сегіз мемлекет өзінің заң шығарушы органын Парламент деп атаса, қалған жетеуі өз тілінде ресми ат қойған.

 

 

Парламент Мәжілісі таратылып, сайлау күні белгіленді

 

/«Заң газеті», 17.11.2011 ж., А. Құрманғали/ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төртінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы 2011 жылғы 16 қарашадағы №175 Жарлығына қол қойды. Осылайша, Парламент Мәжілісінің тарайтыны жөніндегі ел ішін көптен кезген әңгіменің соңына нүкте қойылып, ол ресми түрде өзінің ақиқатын тапты. Бұл – осымен еліміздің жоғары заң шығарушы орнының төртінші рет мезгілінен бұрын таратылуы.

Ең алғаш рет өздерін таратудың жолын 1993 жылдың желтоқсан айында Халық депутаттары кеңесі салып берген болатын. Одан кейінгі 1994 жылдың 7 наурызында сайланып, бар болғаны жылға жетпейтін уақыт жұмыс істеген он үшінші шақырылған Жоғарғы кеңес Конституциялық кеңес шешімімен заңсыз сайланған құрам ретінде жұмысын тоқтатып еді. 1995 жылы қабылданған қолданыстағы Ата Заңымыз негізінде екі Палаталы Парламент жасақталып, осы жылдың желтоқсан айында сайланған Парламент өзінің өкілеттік мерзімін толық өтегенімен, онда үшінші шақырылған Мәжіліс 2007 жылдың 7 шілдесінде уақытынан бұрын тарап кеткені белгілі. Бұған Төменгі Палатаның өз депутаттарының елдегі саяси реформаны жүргізуге тежеу болғысы келмейтін ниеттері себеп болған еді.

Енді, міне, төртінші шақырылған Мәжіліс те жылға азғана уақыт жетпейтін өкілеттік мерзімдерін құрбандыққа шалып отыр. Бұл қадамдарына негіз етіп отырған себептерінің бірі – тағы да сол елде жүріп жатқан экономикалық жаңғыруларға, демократиялық қағидаттардың жүзеге асуына кедергі болмау. Президент кеңесшісі Ермұхамбет Ертісбаев көктемде өткен Президент сайлауынан кейін: «Президенттің барлық бастамасын қолдайтын Парламент болса, Елбасының саяси модернизацияны жүргізу мақсатында қолын байламай, ерікті түрде тарқауы тиіс», – деп еді. Мәжіліс депутаттарын осы сөз ойландырды ма, әлде, бұл «тоқпақ мықты болса киіз қазық жерге кіредінің» кері ме, әйтеуір, келер жылды Парламенттің төменгі Палатасынсыз қарсы алатын болдық.

Елбасының Жарлығында атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 15 қаңтарда өтетін болды. Енді кем дегенде екі саяси ұйым Парламентке өтетіні ақиқатқа айналды. Сарапшылар қазірдің өзінде бұл сайлауда қай партияның қанша дауыс жинайтыны жөнінде болжам жасауда. Олардың бір тобы Мәжілістегі орынның дені әдеттегіше «Нұр Отан» партиясына тиетінін айтса, енді бірқатары осы додаға білек сыбанып кіріскелі отырған «Ақ жол», «Әділет», «Ауыл» партияларының бәсі басым болады деген пікірде. Соңғыларының пайымы Парламентте отырған уақыт ішінде билік партиясының тізімімен сайланғандар сайлаушылар сенімін ақтамады дегенге саяды. Олардың айтуынша, жас әрі тың күштен құрылған аталмыш партиялар елге қажет заңдарды қабылдауда үлкен батылдық пен зерделілік көрсетеді.

Әрине, мұның бәрін алдағы сайлау шешеді. Парламент құрамына кім келсе де елдік мүддені жоғары қоятын, азаматтық позициясына берік, білікті азаматтар болса деген ғана тілек бар, енді көптің көкейінде.

Аманкелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері, бұрынғы Мәжіліс депутаты:

– Парламенттің өкілеттік мерзімінен бұрын таратыла беруі жоғарғы заң шығарушы ұйымның халық алдындағы беделін түсіреді. Өкінішке қарай, біздің Парламент тұрақты жұмыс істеп, заң шығаратын орган емес, уақытша, бүгін келіп, ертең кететін тұрақсыз орган дегенді халық санасына орнықтырып отыр. Жалпы, Конституцияны сыйлау, сайлау нәтижесінде бекітілген өкілеттілікті толық орындау – біз үшін басты бір қағидаға айналуы керек. Бұлай жасай берсек, биліктің бір тармағы Парламентке деген халықтың сенімі азайады.

                Төрт жылдан астам жұмыс жасаған Парламент Мәжілісін енді алдымыздағы келе жатқан экономикалық дағдарыс тудыратын мәселелерді шешуге жарамсыз деген уәж көңілге қонбайды. Бұл – сөз жоқ, саяси тапсырыс. Мен Нұртай Сабильяновты жақсы білемін. Ол өзінен өзі ондай қадамға бармайды. Сонымен қатар, «екі партиялық Парламент сайлаймыз» деген де жай сөз. Шын мәнінде демократиялық қоғам болса, бір партиялық Парламенті бар елдер де аз емес. Мысалы, Жапония Парламенті бір партиялық. Бірақ онда бір партияның ішінде бес фракция бар. Оларда үнемі өте үлкен пікірталас болып жатады. Ал, бізде олай емес. Біздің Парламент бұрынғы Жоғарғы Кеңеске ұқсап кетті. Мәселе Партияның санында емес, сапасында. Менің ойымша, Парламент құрамын көп партиялық ету мақсаты – ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдардың сынынан құтылуды көздеп жасалып отыр.

 

 

Төрт жылдық тағдыры бар төртінші Мәжіліс таратылды

 

/«Алаш айнасы», 17.11.2011 ж., Қ. Сағидоллаұлы/ - 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бері төрт жыл екі жарым ай қызмет атқарған төртінші шақырылымдағы Мәжіліс кеше Президент Жарлығымен таратылып, 2012 жылдың 15 қаңтарына кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы белгіленді.

№2 Дағдарыс = №5 Мәжіліс

2007 жылғы конституциялық өзгерістерге қарамастан, Вьетнам, Қытай, Лаос, Корея Халық Демократиялық Республикасы, Куба, Эритрея, Түрікменстан, Сирия, Сауд Арабиясы және ондаған Африка елдеріндегідей, пешенесіне бірпартиялық Мәжіліс болуды жазған төртінші шақырылым дәм-тұзы таусылғанша елге еңбек қылғанын, Үкіметпен бірге жаһандық дағдарысқа қарсы қоян-қолтық жұмыс істегенін жоққа шығаруға болмас. Шұғыл шешімталдықты талап ететін дағдарыс кезінде бума-бума заңдар сиясы кеппей жатып өмірге қанат қағып жатты. Соның арқасында алқымнан қысқан дағдарыста әлеуметтік жәрдемақы, жалақы, зейнетақы көлемі дүркін-дүркін артып отырды. Осы шақырылымында үш жылдық бюджет қабылдауға көштік. Биылғы «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңның әлеуметтік сипаты басым болуына қол жеткіздік, ондағы шығыстардың шамамен 40%-ы әлеуметтік бағдарламаларға жұмсалмақ.

Кедендік одаққа кірігуге, индустриялық-инновациялық дамуға заңнамалық тұрғыдан негіз салынды, адам құқықтары мен азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне шама-шарқынша басымдық берілді. Алғашқы дағдарысқа қарсы тұрған Мәжіліс енді келесі дағдарысқа жаңарған құраммен төтеп беруді жөн көріпті. Яғни №2 дағдарыс = №5 Мәжіліс тепе-теңдігін сақтамақ. 2007 жылы Мәжіліс жанынан құрылған Қоғамдық Палата құрылып, ақыл-кеңес беріп отырды. Парламент Халықаралық Парламенттік ассамблеялардың қызметіне белсене араласып, елімізде бірқатар алқалы жиындар өткізді. Қазіргі кезде Қазақстан Парламенті жоғарыда аталған Түркітілдес елдер және Еуразия экономикалық қоғамдастығы Парламенттік ассамблеяларына төрағалық етіп отырғанын атап өткен лазым.

Мәжілістің заңнамалық қызметі

Төртінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» және басқа көптеген заңға «батасын» берді, көптеген қолданыстағы заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енігізіп, халықаралық және мемлекетаралық маңызды құжаттарды ратификациялауға үлес қосты. Енді төменгі Палатаның қоржынында қалған «Атом энергиясын пайдалану туралы» (кейін Үкімет қайтарып алды), «Мүдделік қолдау туралы» (лоббилау), «Ғарыштық қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Арнайы мемлекеттік органдар туралы», «Телерадио тарату туралы», «Неке және отбасы туралы», «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңдарды алдағы бесінші шақырылымда қабылдау міндеті тұр. Әрине, мұндай заң жобаларын қабылдау функциясын Мәжіліс тарағаннан кейін Сенат атқара алады.

4-шақырылымның ньюсмейкерлері кімдер?

Бұл шақырылымда «ақырып теңдік сұраған» артындағы қабырғалы жұртының мүддесін ту еткен депутаттар болмады деу әбестік болар.

Тарих қойнауына бет алған төртінші шақырылымның ньюсмейкерлері көшінің басында Мұрат Әбенов, Уәлихан Қалижан, Камал Бұрханов, Ирак Елекеев, Нұртай Сабильянов, Бақыт Сыздықова, Владимир Нехорошев, Айгүл Соловьева, Мырзатай Шалахметов, Амангелді Момышев, Асхат Бекенов, Рамазан Сәрпеков, Жарасбай Сүлейменов сынды санаулы саңлақтар тұрғанын айтқан жөн. Төртінші Мәжіліс азық-түліктің қымбаттауы және қаржы мен ипотекалық дағдарысқа байланысты Үкімет кеңсесіне қарай түйдек-түйдегімен депутаттық сауалдар жолдаған екен. Депутаттық сауалдар да халық қалаулысының жұмысының нәтижесін көрсетеді. Сарапшы Марат Шибұтовтың дерегінше, 2007 жылдан бері депутаттардың 34%-ы бірде-бір депутаттық сауал жолдамаған, яғни артындағы электораттың талап-тілектеріне бас ауыртпаған. Халық қалаулыларының 33%-ы 1-ден 9-ға дейін депутаттық сауал жіберген. Сондықтан «ұйқышыл», ернін жыбырлатуға ерінетін жатыпішер депутаттарға келесі Мәжілістен орын болмауы керек. Саяси драма жағынан келетін болсақ, кейбір депутаттардың арасындағы «бәдік айтыс» болмаса, жалғыз «Нұр Отан» ноқта салған Мәжіліс бұл шақырылымда бурадай мінез көрсете қойған жоқ. Бұрынғы бас чекист Сәт Тоқпақбаевтың ҰҚК-мен біраз текетірескені ел есінде қалды. Әттең, бұл Мәжілісте Елбасы еске салғандай, Петропавл мен Павлодарға тарихи атауын қайтару, мемлекеттік тілдің мерейін көтеру, Байқоңырдағы мемлекеттік мүддені қызғыштай қоруда табандылық жетпегені ащы шындық. Парламент тек заң шығарушы орган ба, әлде қоғамдық-саяси алаң ба деген мәселе де кезінде су бетіне қалқып шыққан еді. Әрине, Парламент мемлекеттік, яғни ұлттық мүдденің айнасы болуы керек. Қайсыбір жылы Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов заңдардың сапасыздығын қатаң сынға алып, қос Палаталы Парламентті мүйіздеп тастағанда, оған қарсы жақ ашқан ешкім болмады. Министрлер Мәжілістегі сағаттарында мемлекеттік тілді қатырмады. Сондықтан келесі Мәжілістің мысы басым, мерейі үстем, мәртебесі биік болмағы керек!

4-Мәжіліс қанша заң қабылдады?

Төртінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында қоржынға түскен 120 заң жобасының 71-і мақұлданған. Екінші сессияда 140-тан астам заң жобасы қаралып, талқыланып, соның ішінде 90-нан астам Заң қабылданды. Үшінші сессияда 199 заң жобасы келіп түсіп, еліміздің заң базасы 103 жаңа заң актісімен толықты. Үш сессия ішінде 340-тан аса заң қабылданды. Төртінші шақырылымдағы 4-сессиясында Парламент қоржынында барлығы 190 заң жобасы болды, олардың 141-і қабылданды.

107 заңға Елбасы қол қойды. Жалпы, барлығы 526 заң қабылданып, оның 400-ден астамына қол қойылған.

Мәжіліс жұмысы несімен есте қалды деп ойлайсыз?

Розақұл Халмұрадов, Мәжіліс депутаты:

– Осы шақырылымда, яғни өткен төрт жылдың ішінде 500-ден астам заң жобасын мақұлдаппыз. Соның 400-ден астамына Елбасы қолын қойып, күшіне ендіріпті. Сонда әр жылға шаққанда кемінде 120 заң жобасы үлеседі. Ал осындай сандық көрсеткіштің сапалық жағына үңілетін болсақ, біздің жаһандық дағдарысты сәтті еңсеруіміз бұған дәлел бола алады. Сонымен қатар экономикалық қиын кезеңде Мәжіліс Үкіметпен қоян-қолтық жұмыс атқарды. Депутаттардың өз ішінде де алауыздық секілді артық әңгіме болған емес. Ал өз басыма келетін болсам, төрт жыл бойы еліміздің жоғары заң шығару органында істегенімді бақытты санаймын. Заң шығару­шылықтың ұлы үдерісіндегі мәселелерге біршама көзіміз ашылды. Заңның өмірге оңайшылықпен келмейтінін түсіндім. Сырт көз үшін депутаттар жалпы отырыста отырып түймені басып қана заң қабылдайтындай әсерде болуы мүмкін. Дегенмен осы үдеріске араласқанда барып соның мәнін түсіндім. Мәселен, Үкіметтен келген кейбір жобаларға депутаттар 500-600-ге тарта өзгерістер, түзетулер енгізіп жатты. Мұның барлығы қоғамның игілігі үшін. Бір сөзбен айтқанда, төртінші шақырылымдағы Мәжіліс қоғам дамуына, елдің ілгерілеуіне өзіндік үлес қосты. Ауызбір­шіліктің, ынтымақтың үлгісін танытты деп санаймын. Бұл келешек Парламент үшін де өнегелі сабақ.

Ермұханбет Омаров, Мәжіліс депутаты:

– «Бір партиялы» дегенімізбен, Мәжіліс нұротандықтардың ғана емес, бүкіл қоғамның мәселесін шешуге түбегейлі жұмылды. Бұл ретте депутаттар нағыз кәсібилік танытты. Заң қабылдау тұрғысынан келетін болсақ, Парламент қиын кезеңде жұмыс істеді. Кешегі дағдарыстың салдарын еңсеруден бастап, Кеден одағының ықпалдастық үдерісін уақытылы шеше алды деп санаймын. Әрине, бұл аз жұмыс емес. Оның үстіне, депутаттық корпус дағдарыстың белең алғанына қарамастан, жұртшылықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуге үлкен назарын аударды. Зейнетақы, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы артты. Бюджетті қабылдаған тұста осыған жіті мән берілді. Сондықтан да төртінші шақырылған Мәжіліс өзінің мойнына артылған жүкті толық әрі зор абыроймен атқарып кетті.

 

 

Амалбек Тшан, мемлекет қайраткері:

– Халық сайлағаннан соң, Мәжілістің жұмысын да халық бағалайды. Ал өз пікіріме келетін болсам, бүгінгі Парламенттің жалпы қызметіне бағаны өзім депутат болып жүргенде-ақ бергенмін. Соңғы шақырылымның жұмысы бұған дейінгіден бәлендей айырмасы болған емес. Тіпті менің осы шақырылымға еш көңілім толмады. Депутаттар бір бағытта ғана жұмыс істеді. Қоғамның күрделі мәселелерін шешуге ұмтылыс та жасамады. Тіпті басқасын былай қойып, елді дүрліктірген терроризм мәселесіне қарауға да құлықсыздық танытты. Терроризм Таразда ғана басталған жоқ. Жақындағы оқиға сондай салғырттықтың салдары. Ендеше, мұның бәріне атүстілік таныту биліктің заң шығарушы тармағына еш абырой әпермейтіні анық. Тоқ етері, Мәжіліс «сен тимесең, мен тимен» деген принципте, өздерінің өкілеттілік мерзімін тиімсіз өткізумен ғана уақыт жұмсады деп санаймын.

 

 

Парламент неге тарқады?

 

/«Айқын», 17.11.2011 ж., А. Көшкенова/:

Кабинетті босатуға екі күн беріледі

Келесі дүйсенбіде өз еріктерімен тарқаған Мәжіліс депутаттары үшін Парламент ғимаратының есігі жабылады. «Бүгінгі жиналыста айтылғандай, оларды мұнда кіргізбейді. Егер осында келгісі келсе, тек шақырумен рұқсат беріледі. Бізді енді шақырмайтын да шығар» дейді бұрынғы депутат Ирак Елекеев. Оның сөзіне қарағанда, Мәжіліс төрағасының өзі сәрсенбі күні түске дейін кабинетін босатпақшы.

Тіпті депутаттардың кабинетінің алдына ілінетін аты-жөні жазылған анықтама да алынып тасталған. «Бізге кабинетті босатуға екі күн берілді. Енді машинаны да пайдалана алмаймыз. Оны сұрамасақ та... Ең қиыны - депутаттарға қызмет пәтерлерін тапсыру керек деп жатыр. Бірақ мен Астана тұрғыны ретінде ол үйлерде тұрмаймын» дейді Елекеев. Мәжіліс депутаттарының көңіл-күйі де әр қилы. «Біреулер көңілсіз: «Жарты, бір жыл болса да, істей тұрса не болар еді?!» дейді. Оның үстіне кейбіреулер еліміздің тәуелсіздік алғанына жиырма жыл толуы тәрізді үлкен салтанатты шараларға қатыса алмайтындықтарын айтуда» деді депутат.

Ирак Елекеевтің өзі Мәжілісті тарқату туралы мәселені мамыр айында көтерген. Ол сол жолы халық қалаулыларының сыбайласқан жемқорлықпен күресте қауқарсыз екендіктерін мойындап, әріптестерін өз еріктерімен Парламенттен кетуге шақырған. Ол келесі Мәжілістің құрамы сапалық жағынан жоғары болатын шығар деп сенеді. «Парламентке өз ойын ашық айтатын, халықтың үнін жеткізетін адамдар керек. Егер депутаттар мәселені осында көтеріп жатса, басқа адамдар ереуілге шығар ма?!» дейді экс-депутат. Ол келесі Мәжілістің құрамы ғана емес, оның құзыры да кеңейтіліп, «Парламент және депутаттар мәртебесі туралы» заң толық жүзеге асады деп сенеді.

Бұған дейін Мемлекет басшысына үндеу жасаған 53 депутат келесі жылы (Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздігінен кейін) мемлекет өз дамуында жаңа кезеңге аяқ басатынын айтып, оны «жаңа, жаңартылған Үкімет пен Парламентпен бастаудың мәнісі зор әрі маңызды» екендігін атап өткен. Президент те қос Палатаның спикерлерімен кездесуінен кейін депутаттар айтқан саяси және экономикалық факторларға тоқталған.

Кезектен тыс Парламент сайлауына жетелеген «бірінші блок - әлеуметтік-экономикалық мәселелер» екендігін алға тартады саясаттанушы Санжар Боқаев. Ол дауыс берушілердің сайлау кезіндегі таңдауына ең алдымен экономикалық мәселелердің тікелей әсер ететіндігін ескертеді. «Мемлекетте экономикалық деңгей төмендегенде биліктің де рейтингі түсе бастайды. Осы тұрғыдан алғанда қазір билікке деген ел сенімі жоғары кезде сайлауды өткізген тиімді» дейді сарапшы.

Екінші блок - басқару-саяси мәселелері. Көктемде Үкіметте кадрлық өзгерістер жасау туралы мәселе көтеріледі. Соған сәйкес Министрлер кабинетінде ақпан-наурыз айында жаңа тағайындаулар өтіп, Үкімет толығымен жаңартылып, тіпті Премьер-министрдің алмастырылуы ықтимал. Парламент Үкіметке емес, Үкімет Парламентке ыңғайланып жасақталуы керек. Сондықтан тиімді кадрлық өзгерістер үшін Парламент сайлауын өткізіп алған жөн. «Сонда жаңа командалар тандемде жұмыс істейтін болады» дейді сарапшы. Парламентті тарқату туралы мәселе көтерілген кезде Мемлекет басшысы қоғам көппартиялы Парламентке мұқтаж екендігін айтқан. Алайда көппартиялы Парламент міндетті түрде көппартиялы Үкімет дегенді аңғартпайтынын жеткізді саясаттанушы. «Конституция бойынша Премьер-министр, басқа министрлер Парламенттің мақұлдауымен және Мемлекет басшысының ұсынуымен тағайындалады» дейді Боқаев.

Үшінші блок - саяси технологиялық себептер. Қыста сайлау өткізу ыңғайлы деп санайды саясаттанушы. «Себебі адамдардың жаңа жылдан кейін көңілдері көтеріңкі келеді. Осының бәрі азаматтардың саяси жағынан жігерленуіне әсер етеді». Ал «кез келген билік саяси тәуекелді ескеруі керек. Сайлаудың нәтижесі оң болуы үшін азаматтардың жағымды көңіл-күйін пайдалана білген дұрыс» дейді Боқаев.

 

Келесі Парламентке кімдер келеді?

Қазақстанның «Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес ең кемінде екі саяси партия заң шығарушы органға жолдама алуы тиіс. Егер жеті пайыздық сайлау табалдырығынан аттай алмаған күннің өзінде екінші орындағы партия Парламенттің есігін аша алады. Тек сайлау додасынан осы жолы Қазақстан коммунистік партиясы тағы да тысқары қалмақ. Орталық сайлау комиссиясы таратқан деректерге қарағанда, «ҚКП қызметі сот шешімімен уақытша тоқтатылған». Бірақ олардың ұсынысы бойынша сайлау комиссиялары құрамына енген мүшелері жұмыстарын жалғастыра бермек.

Осы сайлауда «барлық партиялар үшін басты бәсекелес - «Нұр Отан» партиясы емес, 7 пайыздық дауыс алу талабы. Өйткені әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, билік партиясынан өзге саяси партиялардың жеті пайыздық кедергіні еңсеруі неғайбыл» дейді Боқаев. Сондықтан оның топшылауынша, келесі Парламент тек екі партиялы болуы мүмкін. Ең алдымен «Нұр Отан» партиясы 80 пайыздан кем дауыс алмайды деп топшылайды сарапшы. Себебі оның ойынша, көптеген басқа партиялар тек сайлау кезінде ғана жұмыс істеп, өзге уақытта ерекше белсенділігімен көзге түспейді. «Шын мәнісінде маңызды электораттық шешім сайлаулар арасындағы мерзімде қабылданады. Сондықтан саяси партиялар осы уақытқа ставка жасауы тиіс еді. Ал екі айдағы сайлау кампаниясы көп нәрсеге өзгеріс енгізе алмайды» деп пайымдайды сарапшы. Оның болжамынша, «Ақ жол» партиясы 6-7 пайыз дауыс ала алғанымен, «барлық күш-жігерін салып, сайлау кампаниясының тиімді стратегиясын құрса, 10 пайыз да дауыс жинауы мүмкін». Үшінші орынға сарапшы «Азат» партиясы 5 пайыз дауыспен ілігуі ықтимал деп есептейді.

Президенттің Саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі егер оппозициялық партиялар бірігіп, сайлауға біртұтас саяси күш ретінде қатысса, сайлау нәтижелерінің басқаша шығуын жоққа шығармаған. Саясаттанушы Боқаев та мұндай пікірді қолдайды. «Оппозиция өз күш-жігерін, қаржылық, адами ресурстарын осы сайлауға бағыттап, барлық электоратын жұмылдырса, онда олар Парламентке өте алар еді» дей отырып, ол оппозицияның бірігетініне күмәнмен қарайды. Оның ойынша, саясат та - спорт тәрізді. Оның жарыстарына қатыспасаң - онымен айналыспағаның. Ал жарысқа бірер ай қалғанда жаттыға бастаған спортшы ешқашан жеңе алмайды.

 

 

Мәжіліс таратылды...

 

/«Жас қазақ», 18.11.2011 ж., Т. Тілеубай/ - Бұл аптаның айтулы жаңалығы – сәрсенбі күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен төртінші шақырылымдағы ел Парламентінің Мәжілісін таратты. Сөйтіп, Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс жаңа сайлауының мерзімі 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленді.

Біз, журналистер қауымы, сәрсенбі күні әдеттегідей, сөмке, бейнекамераларымызды арқалап, Мәжіліске барғанбыз. Қызық болғанда, ішке кіре алмадық. Сөйтсек, заң шығаратын үлкен үйдің қожайындары: «БАҚ өкілдері ішке кірмесін!» деген бұйрық беріпті. Амалын тауып, кірдік. Алайда, алай-дүлей көңіл-күймен жүрген Қайрат Сәдуақасов, Сағынбек Тұрсыновтар пікір білдіруден «отказ» берді. Біз айтқан бетімізден қайтпай, тағы да бірнеше экс-депутатқа «сәлем» беріп, сыр суыртпақтадық.

«Парламентке анау келеді, мынау келеді» деп кесіп айту қиын, – деді «Жас қазаққа» бірінші боп пікір білдірген Амангелді Момышев. – Дегенмен «Нұр Отанның» келетіні бесенеден белгілі. Себебі, «Нұр Отанның» ел алдындағы еңбегі ерен. Содан кейін, арғы жағында «Ақ жол», «Азат», «Ауыл» бар. Анығын айтқанда, қай партия халықты жұмылдыра жұмыс жасап, өзінің алға қойған мақсатын дұрыс түсіндіре алса – сол келеді.

Тағы бір экс-депутат Нұрлан Өнербайдың бөлмесіне кіргенімізде ашық-жарқын көңілмен қарсы алды. Бір байқағанымыз, басқалар сияқты Нұрлан ағаның жүзінде жабырқау, ойында уайымның еш табы жоқ. Сыр суыртпақтап көріп едік, ағынан жарыла сөйлей жөнелді.

– Жауабымды айтайын. Өмірде кез келген адамның мойнына жүктелген парызы, міндеті бар. Әрине, оның бағасын беретін – ел, халық. 4-ші сайланған Парламенттің жұмыс істеген уақытында бір ғана нәрсеге мысал келтірейін. Мысалға, еліміздің саяси, экономикалық дамуының қай саласын алып қарасақ та, кері кеткен жері жоқ. Керісінше, өзінің ырғақты, қалыпты жолымен дамыды. Әлемдік қауымдастықта өзінің бүгінге дейін жинап келген беделіне бірде-бір нұқсан келтірген жоқ. Демек, оның бәріне атсалысқан осы қоғам мүшелері, соның ішінде Мәжіліс депутаттары да бар. Сондықтан, әркім өзінің қолынан келгенінше, еліміздің дамуына үлесін қосты, – деп ойлаймын. Өз басым «Мәжіліс өз-өзін таратты» деген пікірмен келіспеймін!

– Сонда неге аяқастынан өз өкілеттіктеріңізді тапсырдыңыздар?

– Мәжілістің тарауына дағдарыстан басқа да себептер бар. Мысалы, мен де жаңа Парламент, жаңа Үкімет болсын дегенмен толық келісемін. Себебі сол, бір жерге байланып қалған, бір орынды еншілеп алған дүние жоқ. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – елге қызмет ету. Қаттырақ айтар болсақ, кез келген мемлекеттік қызметкер – жалдамалы жұмысшы. Яғни «Мен өмір бойы осы жерде отырып, нәпақа жинаймын», – деген пікірден арылуымыз керек! Мысалға, өз басым маған өлшеніп берілген уақытта шама-шарқымша жұмыс атқардым. Мүмкін, жаңа Парламенттің мүшелері бізден де белсенді, бізден де жарқын болып, бұдан да елге пайдалырақ істер істейтін болар. Неге біз олардың жолын бөгеуіміз керек?

– Депутат ретінде өзіңіз қандай заң жобаларының қабылдануына ықпал еттіңіз?

– Өзім түсінетін заңдарға араласып, шама-шарқымша үлесімді қостым. Ол – «Мәдениет туралы», «Көші-қон туралы», «Дін және діни қызмет туралы» заңдар. Сондай-ақ, білім мен ғылымға, әлеуметтік мәселелерге қатысты заңдарға да қосқан үлесім бар, – деп ойлаймын.

– Үкімет «отставкаға» кетуі мүмкін бе? Жаңа Үкіметті кім басқарады?

– Ол жағын білмедім. Уақыт көрсете жатар. Елбасының оң қанаты мен сол қанатында   жүрген   азаматтардың барлығы, Шерағаңша айтқанда, «Нұрағамыздың шапанынан» шыққандар. Үлкен кісінің тәлім-тәрбиесін алғандар. Солардың қайсысын қойса да, ел мүддесі үшін жұмыс істейтін лайықты азаматтар.

P.S: Шынын айтсақ, бұған дейін Парламент дәліздерінде алшаң басып жүрген экс-Мәжілісшілердің көңіл-күйі «нөлде». Өйтпегенде ше? Мәжіліс аппараты оларға екі күнде жұмыс бөлмесін босатып, қызмет көліктерін мінуге тыйым салмақ. Тіпті жаңа жылға дейін аумағы атшаптырым қызметтік пәтерлерін де тапсыруы керек.

Тақырыпқа орай

Бақыт СЫЗДЫҚОВА, экс-депутат:

– Мен депутаттық төс белгімді сіздердің алдарыңызда шешкелі тұрмын. Мен үшін бұл, «депутаттық стриптиз» көрсеткенмен бірдей. Себебі, депутаттық төс белгісін шешу әр депутаттың жеке интимді мәселесі болса керек. Бірақ, тілшілердің өтініші бойынша, мен осылай шешем.

«Алматы ТВ»

 

 

Мәжіліс: бір партиялыдан көп партиялыға

 

/«Қазақстан» ТРК, 19.11.2011 ж., А. Қобдабай/ - Осы апта 4-ші шақырылымдағы Мәжіліс тарихына нүкте қойған апта болды. Мемлекет басшысы өздерін таратуды сұраған депутаттардың өтінішін қанағаттандырып, «Кезектен тыс сайлау өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Орталық сайлау комиссиясы келер жылы өтетін Мәжіліс пен Мәслихат сайлауын әзірлеу мен оны өткізу жөніндегі шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.

«Парламент неге тарады?» деген сауалға бас қатырған саясатшыл қауымның назары енді «Келесі шақырылымда кімдер төбе көрсетпек?» деген сұраққа ойысты. Сарапшылардың топшылауы болашақтағы Мәжіліс бұрынғы Мәжілістерден өзгерек деген пікірге көбірек саяды. Өзгерегі сол, демократиялық үрдістерге байқампаз саясаттанушылар ендігі Мәжілістің көппартиялы сипатын айтуға бейіл. Өйткені, елдің «Сайлау туралы» конституциялық заңына салсақ, заң шығарушы органға ең кемінде 2 партияның мүшелері жолдама алып, жайғасуы тиіс. Демек, бұдан арғы Мәжіліс орынтағына үміткерлер қазір саяси салмақтырақ партиялар атынан сайлауға түсуге тырысып бағатыны түсінікті. Әйтпегенде, сайлаушылардың 7 пайыздық дауысын жинай алмаған саяси ұйымдар Мәжіліске өту межесін бағындыра алмайды. Тиісінше, саяси додадан шет қалады. Саяси шолушымыз Айбек Қобдабай елімізде екі айдан соң өтер сайлаудың егжей-тегжейін парықтады.      

***

53 депутат Елбасынан 4-ші шақырылымдағы Мәжілісті таратуды өтінген өткен аптада. Қалауын тапса қар жанбай ма?! Президент бұл мәселені қос Палата төрағаларымен және Үкімет басшысымен кеңесе отырып, шешім қабылдады. Ең бастысы Мәжілістің ендігі құрамы екі не одан да көп партиялы болуы шарт.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

Депутаттардың айтып отырған пікірлерімен келіспеуге болмайды. Бір дағдарыстан екінші дағдарысқа өтіп отырған жағдай бар. Еуропаның мәселесі бар. Дүниежүзінің мәселесі бар. Келе жатқан дағдарыс бола ма, болмай ма? Бірақ болуы мүмкін деп ойлаймыз. Соған байланысты ендігі жылы төңірегімізде де сайлау бар, барлық жерлерде де сайлау бар. Соған байланысты саясатпен айналыспай, экономиканы жөндеп алу керек деген пікірді айтады. Мұның бәрі көңілге қонады. Сондықтан ақылдасуымыз керек.

Мәжілістің бұл құрамы өзіне жүктелген міндетті бұлжытпай орындады. Ерекшелігі сол экс-депутаттар әлемді әбігерге салған қаржы дағдарысы кезінде қажырлы еңбек етті.

Орал Мұхамеджанов, 4-ші шақырылған Парламент Мәжілісінің төрағасы:

Депутаттардың бұл уәждерімен толық келісуге болады. Шынында да, Мәжілістің бұл құрамы жұмысты жақсы атқарды. Бірақ уақыт орнында тұрмайды. Күнде өзгеріп отырады. Соған байланысты көппартиялы, қоспартиялы Мәжіліс құру талабы алдымызда тұр.

Қайрат Мәми, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Елдегі демократиялық және басқа да реформаларға жаңа серпін беру үшін, көп созбай жаңа Мәжілістің құрамын таңдаған дұрыс болар еді деп ойлаймын. Сондықтан Ата заңымыздың 63-ші бабына сәйкес осындай ұсыныс түскен екен. Оны сіз қабылдауыңыз керек, менің ойымша.

Ақыры тараудан тартынбаймыз деген депутаттар тарап тынды. Олар тіпті осы аптада аяқ астынан буынып-түйініп, жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлерін тапсыруға кірісіп кетті.

Тито Сыздықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымдағы депутаты:

Пәтерлерімізді тапсыру мәселесі жаңа жылға дейін, сол транспорт пен кабинеттерімізді босату мәселесі бойынша осы сенбіге дейін кабинеттерімізді босатып береміз. Содан кейін енді съезге дайындаламыз. Елбасы тапсырма берді, «Нұр Отанның» тізімінен өтпеген адамдарға жұмыс керек. Сол адамдарға жұмыс мәселесін қарастыруға. Еш адам далада қалмайды.

4-ші шақырылымның төрт жарым жылда атқарған жұмысын қорытындылаған жиынға ақпарат құралдары қатыстырылмады. Есесіне бізге берген сұхбаттарында депутаттар ендігі экс-төраға 4-ші шақырылымның жұмысына «төрт» деген баға бергенін айтады. Сондай-ақ, депутаттар 4-ші шақырылымда барлығы 500-ден астам заң қабылдаса, оның 400-ден астамына Президент қол қойған.

Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары:

Бүгінгі шешім өте уақтылы және де бүкіл қазақстандық қоғамның дамуы үшін аса маңызды болып табылатыны сөзсіз. Ал саяси партиялардың сайлауға қатысуы туралы айтатын болсақ, әрбір саяси партия өзін шынымен де салмақты саяси ұйым деп санаса, кез келген уақытта сайлауға дайын болуы тиіс деп ойлаймыз. Біздің «Нұр Отан» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде осы сайлауға тек қана қатысып қоймай, онда үлкен жеңіске жетеді деп сенім білдіреміз.

Президент өзінің Жарлығында Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын келер жылдың 15 қаңтарына, ал Қазақстан Халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2012 жылдың 16 қаңтарына тағайындады. Сонымен қатар Үкімет пен Астана және Алматы қалаларының әрі облыстардың әкімдеріне Мәжілістің кезектен тыс сайлауын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуді тапсырған. Осы Жарлықтан кейін Орталық сайлау комиссиясы да келер жылы болатын саяси доданың күнтізбелік жоспарын бекітті. Сөйтіп, «Сайлау туралы» заңға партиялық тізіммен сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталып та кетті. Ал кім кімді ұсынады – ол әр партияның ішкі шаруасы. Әзірге бұл жолғы сайлауға бір партияның қатыспайтыны анық.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Қазақстанның Коммунистік партиясы бұл процеске қатыса алмайды, өйткені сот шешімі бойынша оның қызметі уақытша тоқтатылған.

Сайлау науқанына қатысты бекітілген күнтізбелік жоспарға сай Орталық сайлау комиссиясы елдегі сайлау учаскелерінің аумағы мен оның құрамы туралы ақпаратты қарашаның 23-нен қалдырмай, сондай-ақ Мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын 26 қарашадан кешіктірмей жариялайтын болды.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну 16 қарашадан бастап, 5 желтоқсанға дейін жүреді. Ал партиялық тізімдерді тіркеу 16 қарашадан бастап, 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну 2011 жылғы 16 қараша мен 14 желтоқсан арасындағы кезеңде өтеді. Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну 16 желтоқсанда басталады.

Сайлау науқанына қажетті қаржы мәселесін Орталық сайлау комиссиясы Үкіметпен кеңесе отырып, алдағы күндері анықтайды. Бас сайлаукомның айтуынша, әзірге бұл шараға бюджеттен 8 миллиард 180 миллион теңге бөлінген әрі Орталық сайлау комиссиясы саяси шараға қатысатын халықаралық бақылаушылардың институтын жасақтау үшін, Сыртқы істер министрлігіне арнайы хат та жолдап үлгерді. Осылайша елде кезекті саяси доданың көрігі қызғалы тұр. Парламентаризм институтының сараптамасына қарағанда елдің 77 пайызы қазірдің өзінде сайлауға қатысуға тас-түйін дайын. Яғни, электораттың екпіні белгілі деген сөз. Ал саяси партиялар бұл науқанға қандай сый-сияпатпен келетіні – уақыт еншісіндегі шаруа. Айтпақшы, алдағы сайлауда дауыс берудің автоматтандырылған жүйесі қолданылмайды. Сондықтан барлық дауыс беру үрдісі тек қағаз бюллетеньдер арқылы жүзеге асады.

 

 

Қоңыртөбел Парламент тарап тынды

 

/«Халық сөзі», 18.11.2011 ж., Ж. Қаржан/ - Қай бір уақытта Мәжіліс депутаты Ирак Елекеевтің аузынан айтылған «Мәжіліс тарауы керек» деген сөздің түбі шындыққа ұласарын кім білген. Дәл осы мәлімдемені Ирак Қасымұлы ашумен, әлде кейбір әріптестерінің бес жыл бойы Мәжіліс партасында үнсіз отыратындығына налып айтты ма, осыны естіген кіші Палатаның депутаттары сондыққа балап, ішек-сілесі қата күліп еді... Айтылған сөз уақытында қолдау таппағанымен, қарашаның ортасы ауғанда «Біздің тарағымыз келеді» деп Елбасына хат жолдағандардың тілегін Құдай жерден берді. Айтпақшы, И.Елекеевтің үндеуіне үрке қарағандардың дені үндеуге жарыса қол қойыпты...

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, осы жолы Мәжілістің мерзімінен бұрын тарауының да мәнісі бөлек. Кезегін күтпей ерте тағайындалған сайлау талайдың тынышын кетіріп, төрт жарым жыл Мәжілісте тырп етпей отырған 107 депутаттың жарымына жуығының көңіліне қаяу түсіріп, олардың кіші Палатаға қайтып оралмайтыны да анық болып отыр. Олай дейтініміз, «Ақжол» партиясы келер сайлаудан 20 пайыз үлес алады» деген әңгіменің астарында бір ақиқат жатқан сыңайлы. Әгәрәки, сол жиырма пайызды иеленіп жатса, сөз жоқ, келер сессияда «Ақжолдың» жиырма өкілінің Мәжілістен бес жыл бойы ас-су ішеріне ешкім таласпайды. Әңгіме Мәжілісті мерзімінен бұрын таратты дегеннен шығады, Елбасыға үндеу жолдаған депутаттардың қаншасының құптай кеткені белгісіз, қалыс қалған халық қалаулыларының бұдан хабарсыз екен.

Сәрсенбіде сүйкімді-сүйкімсізі, қаһарманы-қадірсізі бар, күллі депутат дүние-мүлкін жиыстырып, кеше Парламент дәлізінде ерсілі-қарсылы жүріп, сеңдей сапырылысты. Әрі бұрынғыдай ашық түрде емес, сессиядағы соңғы отырыс тілші ағайынсыз жеке өткен жайы бар. «Жабық жиында әңгіме құпия болмады» дейді депутаттар. Бар болғаны, кейбір депутаттардың партиялық тізіммен келер сессияға өту мүмкіндігі бар көрінеді. Ал өте алмай қалғандарға өкпелеудің жөні жоқ. Мәжіліс төрағасы олардың жұмыссыз қалмайтындығын естіртіп, жұбатыпты. Көңілсіз жүрген олардың мазасыздануын түсіну аса қиын емес. Олардың алаңдайтыны – жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты кеңсе мен Үкімет берген пәтерді бірер аптада босату емес, «келер сайлауда тізімге ілігем бе, ілікпеймін бе?» деген сары уайым.

Тито СЫЗДЫҚОВ, экс-депутат:  

ҚАЙТА ОРАЛҒЫМ КЕЛЕДІ

– Мәжілісті тарату туралы үндеуге қол қойған жоқпын. Тура сол уақытта жұмыста болмаған соң ба, бұл туралы ешкім тіс жармады. Енді алдағы уақытта комитет талқылауында болған заң жобалары Мәжіліс қарауынсыз Сенатта қарала береді екен. Конституцияда бұл жағы көрсетілген. Мәжілісте қаралып, қабылданбай қалған заңдардың қанша екенін білмеймін, бірақ қалып қойған 20 шақты жоба жатыр. Былайша айтқанда менде әлі күш-жігер бар, әрі тәжірибем көп. Қазақстан азаматы, патриот ретінде Мәжіліске қайтып келгім келеді. Алда-жалда тізімге кіріп жатсам, ол болуы мүмкін. Қазақ мұндайда «бұйыртса» дейді... 

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ:

ДЕПУТАТ БОЛУҒА ҚҰЛЫҚСЫЗБЫН

– Уақыт деген ұшқыр ғой. Көзді ашып-жұмғанша төрт жыл өте шықты. Мәжілістің бұл құрамында жүріп 500-ден астам заң қабылдаппыз. Әрине, әр жұмыстың олқы тұстары да болады. Дағдарыс деп кейбір заңдарды жедел қабылдаған кездеріміз болды. Түсінгенім, заң дегеніміз бір күндік, бір айлық емес, ұзақ мерзімге жұмыс істеуі тиіс. Депутаттық сауалдарға Үкімет ерекше назар аударып, жүзеге асыруға тырысса, сол дұрыс болар еді. Көп жағдайда біз көтерген мәселелер діттеген жеріне жетпей қалды. Үкімет сағаттары өтіп, министрлер келіп, есеп беріп жүрді. Сонда тек қана атқарылған істер тізіліп, мақтау естіді. Одан өзгесі назардан тыс қалып отырды. Мұны мен өз уақытында айттым. Жалпы мен Парламент қабырғасында өзімді толыққанды депутатпын деп сезінген емеспін. Көкейімнен журналистік қызметім кетпей, қаламды қолдан тастамадым. Журналистердің ортасына оралып, бұрынғы өз жұмысымды жалғастырғым келеді. Мәжіліске қайта келу үшін қандай қадамдарға бару керектігі бәріне түсінікті. Бірақ оған барғым келмейді. Өйткені Мәжіліске өзім сұранып, таласып-тармасып келгенім жоқ. Жұрттың қалауы солай болды. Қайта оралу үшін көп жұмыстарды атқару керек. Бірақ мен оған құлықсызбын.  

Бақыт СЫЗДЫҚОВА,

ЖАЛАҚЫМ 340 МЫҢ ТЕҢГЕ БОЛДЫ

– Сіз неше жасыңызда депутат болдыңыз?

– Ең алғаш рет мен 25 жасымда депутаттыққа өттім. Мына депутаттық төсбелгі – шыншылдықтың, тазалықтың белгісі. Мәжіліс тарады деп мен сіздердің алдарыңызда төсбелгімді шешіп жатсам ол, депутаттық «стриптиз» болар еді.

– Депуттатық төсбелгіні сатып алуға бола ма?

– Мемлекеттік награда санатына жататын төсбелгіні ешқашан сатып ала алмайсыз. Себебі мұнда алтынның сынамасы, арнайы нөмірі бар. Мендегі реттік сан – 090. Мен үшін «бақытты» нөмір. Мен осындай сандардан сәттілік күтем.

– Таза алтыннан құйылған ба?

– Әрине, таза алтын. Бірақ тексеріп көрген жоқпын.

– Соңғы отырыс қалай өтті?

– Мәжіліс Төрағасынан көп нәрсе күтіп едім. Бірақ олай болмады. Біз бұрындары біреуді шығарып салғанда, соңы салтанатты шараға ұласатын. Жақсы сөздер айтылып, естелік-сыйлықтар беріп, тарту жасалуы керек еді. Бұның бірі де болмай, отырыс сондай көңілсіз өтті. Құрығанда, аз ғана депутат ханымдарға гүлшоқтарын ұсынуы керек еді. Мәселе сыйлықта да емес. Бізді жылы сөз айтып шығарып салмады.

– Енді сізге 600 мың теңге айлығы бар жұмыс табу қиын шығар?

– Менің жалақым – 340 мың теңге. Себебі, Мәжілістегі жас депутат ретінде белгіленген айлық мөлшері осы көлемде. 

Айгүл СОЛОВЬЕВА:

МӘЖІЛІСТІҢ ТАРАЛУЫНА ҚАРСЫ ЕМЕСПІН  

– Сайлауға қанша партия қатысуы мүмкін, ол жағы мен үшін жұмбақ. Ал келесі сайлау тізімінде менің бар-жоғым белгісіз. Төрт жарым жылда біраз тәжірибе жинадық. Әлі де қабылданбаған заңдар бар. Соған тәжірибемді салып, жұмыс істегім келеді. Ал бұл жолғы Мәжілістің таратылуына менің еш қарсылығым жоқ. 

Амангелді МОМЫШЕВ:

МЕНІ ҚОЛДАҒАНДА, БӘРІМІЗ БІР-БІР ТОҚАЛМЕН КЕТЕР ЕДІК

– Өз басым Мәжілістің тарап кеткеніне ренжімедім және сессияны ойлап, алаңдап жүрмін дей алмаймын. Жабық жиында Орал Мұхамеджанов осымен бәрі біткенін айтып, тарайтынымызды естіртті. Тізімге енген депутаттардың аты айтылмады. Сондықтан ешкім келер сессияға өтер-өтпесін білмейді. Дегенмен, Жамбыл облысынан хабарласып, әкімшіліктегілер «Нұр Отанның» тізіміне қосқанын хабарлады. Келер сессияға өту-өтпеуім съезде белгілі болмақ. Осы шақырылымда «әттеген-ай» дейтін бір-ақ нәрсе бар. Ол – тоқал алуды заңдастыру мәселесі. Бізге барлық жағдай жасалды. Сенім артылды. Тіпті тоқал да алып беретін еді, егер мен берген заң жобасына ешкім қарсы болмағанда... Бәрі табандап қарсы тұрып алды. Әйтпегенде, осы сессиядан бәріміз бір-бір тоқалдан алып қайтар едік. Ал келесі сайлаудан «Нұр Отаннан» бөлек, «Ақжолдың» 20 пайыз аларына сенімім мол. Тіпті, одан да көп алуы мүмкін. Себебі, ол жердегілер – тегіс қалталы азаматтар. 

 

 

Парламентке кімдер келгені дұрыс?

 

/«Айқын», 18.11.2011 ж., С. Әмірбекұлы/ - Сонымен, Парламенттің төменгі Палатасы тарады. Кезектен тыс сайлау өтетін күн де белгіленді. Ол - 2012 жылдың 15 қаңтары. Сол күнгі аламан бәйгеде аты озып келгендер Парламент Мәжілісінің орынтағына қонжимақ. Жаңа құрам қандай болмақ, халыққа танымал жаңа азаматтар бола ма? Олар елдің сенімін ақтап, жұрттың көкейіндегісін биік мінберден қозғай ала ма? Парламент құзыры кеңейе ме? Сұрақ көп, ал жауап...

Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері:

- Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тарихында Парламент төрт рет жасақталып, төрт рет өкілеттігін толық аяқтамай, мерзімінен бұрын тарады. Ақиқатын айтар болсақ, мұндай жағдай жұрттың Парламентке деген сенімін жоғалтады һәм халық қалаулыларының беделін түсіреді. Меніңше, аяқасты оқыс жағдай болмаса, ел сеніп сайлаған соң, қандай Парламент болмасын өкілеттігін толығымен өтегені дұрыс. Бұл - саяси тұрақтылықтың кепілі. Әрине, осы төртінші шақырылымдағы Парламенттің тарауына көпшілік қарсы болған жоқ. Өйткені кейбір көкейкесті мәселелердің өзіне депутаттар самарқау қарап, тек алдарындағы кнопканы басудан артыққа бармады. Керемет бір пікірталас, айтыс-тартыс болған жоқ. Әрине, алдағы Парламент көп партиялы болғанын бәрі де қалайды. Өйткені бірнеше партияның өкілі отырған жерде, пікірталас туындайды, ой ашық айтылады. Содан барып ақиқат туындайды. Демек, халықтың көкейіндегісі жария болады. Бұл оңды тірлік болады. Халық қалаулысы жұрттың ойындағысын айтып жатса, қызылкеңірдек болып тартысып, сөзін өткізіп жатса, елдің де Парламентке, оның жұмысына қызығушылығы оянады. Пікірталастарды тыңдай отырып, саяси сауат ашылады. Десек те, жаңа құрам қандай болмақ, кімдер келеді? Елімізде ұлтжанды, мемлекетшіл, білімді, білікті адамдар жетерлік. Солар партиялық тізіммен Парламентке бара ма? Бар мәселе осында. Сайлауға түсер әр партия осындай танымал тұлғаларды өз қатарларына тарта алса, соларды өткізе алса, ұтары көп. Онда Парламент пәрменді және елдің сөзін сөйлер ортаға айналар еді.

Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы:

- Меніңше, жаңа Парламентке қазақ ұлтының құндылықтарын, мақсат-мүддесін, арман-мұратын терең білетін, биік мінберден ойын ашық айтатын, халықтың сөзін бұрмаламай жеткізе алатын азаматтар барған жөн. Әрине, өткен Парламентте ондай адамдар болған жоқ деп айта алмаймын. Болды. Бірақ аз. Сондықтан алдағы Парламентке дербес ой айтатын, салмақты әңгіме қозғай алатын Амангелді Айталы, Амалбек Тшан секілді азаматтар көптеп қажет. Көп партиялылық керек. Сонда ғана Парламенттің көрігі қыза түспек. Ал билік не айтса, Үкімет бірдеңе десе, бас шұлғып, отыра беретін Парламентте ешқандай бедел болмайды.

 

 

Парламенттегі көппартиялы жүйені нығайту

үшін пайыздық кедергіні төмендету қажет пе?

 

/«Алаш айнасы», 17.11.2011 ж., Ж. Түсіпбекұлы/ - Қолданыстағы заң бойынша сайлауда жалпы электораттың жеті пайызының дауысына ие болған саяси партия ғана Парламент Мәжілісіне өтуге мүмкіндік алады. Бұл біреулер үшін қалыпты жағдай болса, әлеуеті төмен саяси құрылымдар үшін алынбайтын қамал, асу бермес белес екені анық. Сондықтан да шығар, Мәжілістің соңғы құрамы тек бір ғана партияның мүшелерінен тұрды. Заң бойынша, ендігі Парламент жеті пайыздық кедергіге қарамастан, кемінде екі партиядан тұрады. Заң шығарушы органның төменгі Палатасына одан да көп партия өту үшін пайыздық кедергіні төмендету керек шығар. Осы сұрақты сарапшыларға қойып көрген едік.

 

Гүлмира Илеуова, «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының Президенті:

Иә

– Парламенттегі көппартиялы жүйені нығайтып, одан әрі дамыту үшін пайыздық кедергіні төмендету керек деп ойлаймын. Кедергіні төмендету тек қана көппартиялы жүйені нығайту үшін ғана емес, сонымен қатар еліміздің ең жоғарғы заң шығарушы органында партиялардың тек екі партия ғана емес, бірнеше партияның өтуі үшін де қажет. Кейінгі кездері біздегі партиялық жүйенің деградацияға ұшырап, белгілі бір деңгейде әлсіреп кеткені көпшілікке жақсы мәлім. Егер өзге демократиялық елдердегідей кедергі көрсеткіші төмендетілсе, ол жүйе біздегі барлық саяси партияны ынталандыратын еді. Сонда барлық партия Парламенттен орын алуға тырысып, сайлаулардан шет қалмайды. Ал ол өз кезегінде сайлаудың жоғары деңгейде өтуіне өз септігін тигізеді. 

Бізде 8 млн сайлаушы бар деп алсақ, оның бір пайызы 80 мың адам. Ал бір саяси партия жеті пайыздық кедергіні бағындыру үшін кемінде 560 мың адамның дауысына ие болуы керек екен. Билік партиясы «Нұр Отанды» есепке алмағанда, біздегі саяси партиялардың мүшелері 55 мың мен 180 мың адамның аралығында ғана екен. Оның үстіне, біздегі 8 млн сайлаушының барлығы бірдей сайлауға қатыспайтыны белгілі. Еуропа елдерімен салыстырғанда, бізде абсентеизм басымырақ. Осындай жағдайды ескерсек, жеті пайыздық кедергіні бағындыру қай партияға болсын оңай емес. Сондықтан пайыздық кедергіні төмендетуді қолдаймын. Меніңше, бізде бес пайыздық кедергіні енгізу керек. Соның өзінде де бес пайыз партиялардың оң жамбасына келмейді. Себебі бес пайыздық кедергіні бағындыру үшін бір партия кемінде 400 мың адамның дауысын жинау керек болады. Бұл да аз көрсеткіш емес. Иә, пайыздық кедергіні көтеріп жатқан мемлекеттер де бар. Мысалы, көршілес Ресей дәл осындай шешім қабылдады. Алайда 143 млн халқы бар Ресейді 16 млн тұрғыны бар Қазақстанмен салыстыруға келмейді. Сайлаудағы пайыздық кедергінің жоғары болуы – халқы көп мемлекеттерге тән. Израильде 1-1,5 пайыздық кедергі еді, 2003 жылы ғана 2 пайызға тоқтады. Яғни халқының саны аз мемлекеттерде сайлаудағы пайыздық кедергі өте төмен. Тіпті 45 млн-нан асатын халқы бар Украинаның өзінде 3 пайыз ғана. Осыдан кейін шығар, Украинада 120-дан астам саяси партия белсенді түрде жұмыс істейді. Сондықтан бізде әлі де болса пайыздық кедергіні төмендету қажет. Бұл өз кезегінде саяси партиялардың құлшынысын оятса, халықтың да сайлауға қатысу ынтасын жоғарылатады деген сенімдемін. Парламентте саяси партиялардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым саяси бәсеке де жоғары болады. Қызу пікірталас, алуан түрлі көзқарас бар жерде сапалы заңдардың қабылдануына кепілдік бар.

 

Камал Бұрханов, саяси ғылымдар докторы, профессор:

Жоқ

– Парламенттегі көппартиялы жүйені нығайтудың түрлі жолдары бар. Сондықтан әртүрлі сылтаулармен сайлаудағы пайыздық кедергіні төмендету дұрыс емес. Төртінші шақырылым депутаттары еліміздің «Сайлау туралы», «Саяси партиялар туралы» заңдарына өзгерістер енгізіп, ол құжатқа Елбасының өзі қол қойған болатын. Қоғамның талқысына салынып барып қабылданған осы заңдар еліміздегі саяси және партиялық жүйенің дамуына ықпал етеді деп ойлаймын. Біздегі жаңа заң бойынша, жеті пайыздық кедергіні бағындыра алмаса да, екінші орын алған саяси партия Парламенттен орын алады. Ал енді жеті пайыздық кедергіні бағындырып жатса, кез келген партияның өкілдері заң шығарушы органның мінберіне шыға алады.

Жаңа заң бойынша, Қазақстан Парламентінде кемінде екі саяси партия болатынына кепілдік бар. Яғни еліміздің қолданыстағы заңы онсыз да Парламентіміздегі көппартиялы жүйені нығайтуға бағытталған. Бұл демократиялы елдердің тәжірибесінде бар жүйе. Көпшілік осы пайыздық кедергіні халықтың санына лайықтау керек дегенді айтып жатады. Әлемдік тәжірибеде сайлаудағы пайыздық кедергінің мөлшері халықтың санына байланысты бекітілмейді. Мысалы, ТМД елдерінің ішінде Молдованың жалпы халқының саны небәрі 3,5 млн. ғана. Сайлауға қатысуға құқылы азаматтардың саны одан да аз. Ал ол елде 5 пайыздық кедергі бекітілген. Түркияның тұтас халқының саны 73 млн. болғанымен, ол елде 10 пайыздық кедергі бар. Дауыс беруге құқылы электораттың саны тиісінше жалпы халықтың санынан әлдеқайда аз болады. Десе де, осы Түркияда жеңімпаз партиялар 40 пайызға жуық дауысқа ие болса, 3-4-ші орын алған партиялар кемінде 16 пайыздан асып жатады. Яғни бұл партияларға белгілі бір деңгейде халықтың қолдауы бар деген сөз. Біздің елдегі қолданыстағы заң саяси партияларды алаламайды. Халықтың алдында беделі бар ма, электораттың лайықты қолдауына ие болды ма, ол партияға Парламентке міндетті түрде жол ашық. Сондықтан ананы-мынаны сылтауратып, заңға өзгерістер енгізе беру дұрыс емес. Өткен сайлаудың қорытындысы бойынша жеті пайыздық кедергіні бір ғана партия бағындырған болатын. Алдағы уақытта басқа да саяси партияларға жол ашылсын, саяси мәдениет дамысын деген ниетпен заңға тиісті өзгерістер енгізілген болатын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – қолданыстағы заң арқылы пайыздық кедергіні төмендетпей-ақ Парламенттегі көппартиялы жүйені нығайтуға болады деген пікірдемін.

Түйін

Біздің міндет – ұсыныс тастау. Оны талқылап, жүзеге асыру-асырмау – қоғамның еркінде. Бұл туралы бізде алуан түрлі пікір бар. Десе де, сайлаудың нәтижесінде Парламентке берілер жолдама партиялардың сайлауға дейінгі жұмысының нәтижесі болары айтпаса да түсінікті.

 

 

Келесі шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарынан мемлекеттік тілді

білуді талап ету керек деген пікірге қосыласыз ба?

 

/«Алаш айнасы», 17.11.2011 ж./:

 

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

– Әрине, қосыламын. Мәжіліс депутаттары қазақ елінің халық қалаулылары болғандықтан, партиялық тізіммен өткен күннің өзінде, олардың мемлекеттік тілді білуі қай тұрғыдан алып қарасақ та, қисынды әрі заңды деп есептеймін. Депутаттардың мемлекеттік тілді білмей отырғаны, біріншіден, өздеріне ұят емес пе? Кез келген мемлекеттің депутаты өзінің мемлекеттік тілін меңгеруі тиіс. Барлық елде солай. Енді оған қатысты заң жоқ болса да, адамгершілік тұрғысынан мұны ретке келтіруге болады. Оның бірнеше жолы бар. Алдағы уақытта жаңа шақырылымдағы депутаттардың тізімін жасар кезде саяси партиялар осы жағына ерекше мән берсе екен деймін. Мұны қоғамдық бастама ретінде көтеріп, болашақ депутаттардың мемлекеттік тілді меңгергендігіне назар аударса, жақсы-ақ болар еді. Саяси партиялардың бұған толық мүмкіндігі де, қауқары да жетеді. Бұл ана тіліне, мемлекеттік тілге деген құрметтің белгісі болып қалар еді.

 

Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері:

– Келесі шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарына қазақ тілін білуді талап ету керек дегенге мен толық қосыламын. Тіпті мемлекеттік тілді білуді қазақ депутаттарына міндетті деп есептеймін. Біз 20 жыл бойы жартылай мылқау Парламентпен жұмыс жасап келеміз. Қазақ тілін білмеудің астарында үлкен мән жатыр. Мәселе тек қазақша сөйлеуде емес, олар қазақша ойлап, ұлттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдауы тиіс. Көптеген халық қалаулылары қазақ мәдениетін, өркениетін, дәстүрін, қазақы болмысты білмей, болмаса үстіртін ғана ойлап, заң қабылдайды. Қазіргі қабылданған кейбір заңдардың жұмыс істемей жатуы осының салдарынан деп ойлаймын. Сондықтан, ең болмағанда, қазақ депутаттарының мемлекеттік тілді білуі Парламент жұмысының тиімділігін арттырар еді.

 

Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Бізде бұл туралы заң жоқ. Алайда халық қалаулылары мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деп есептеймін. Себебі бүгінгі күнде Парламенттің жұмысында қазақ тілін жетік білмеген адамға өз қызметін атқару қиынға соғады. Бұл тек заң шығаруда ғана емес, қазір жалпы жиналыстардың басым көбі қазақ тілінде өтеді. Тұрғындармен немесе жастармен кездесу кезінде қазақша қойылған сұрақтарға жауап бере алмай қалу өте ұят жағдай туғызады. Сол себептен қазақ тілін білу бүгін де, болашақ үшін де қажет. Әрине, іс қағаздарын қазақшаландыруда біршама мәселелер бар болғанымен, Қазақстан азаматтарының қазақ тілін білуі жоғарылап келеді. Сондықтан саяси партиялар үміткерлер тізімін жасаған кезде осы мәселеге көңіл аударса екен деймін. Сайлаушылармен түсінікті қарым-қатынас жасау үшін партиялар тізімінде мемлекеттік тілді жетік меңгерген азаматтар болуы қажет. Әрі-беріден соң, бұл партияның өзінің беделін көтереді. Оның үстіне, қазір қазақша мектептер көбейіп жатыр, мемлекеттік тілді меңгерген жастар өте көп. Мұндай жағдайда депутаттың өзі қазақша білмей тұрса, ыңғайсыз жағдай тумай ма? Сондықтан мейлі ол депутат болсын, қарапайым азамат болсын, кез келген қазақстандық мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 


 

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНЕ САЙЛАУАЛДЫ ШАРАЛАРЫ


 

 

 

Үкімет Парламенттің мерзімінен ерте сайлауын

қаржыландыру мәселесін таяу уақытта шешеді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 16.11.2011 ж./ - Қазақстан Үкіметі Парламент Мәжілісінің (Парламенттің төменгі Палатасы) мерзімінен ерте сайлауын қаржыландыру мәселесін таяу уақытта шешеді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қуандық Тұрғанқұлов.

                «Таяуда Үкімет тарапынан сайлау кампанияларын қаржыландыру мәселесі шешілетін болады», - деді Тұрғанқұлов сәрсенбі күнгі брифингте.

Сонымен қатар, «қазіргі кезде Орталық сайлау комиссиясында барлық қажетті кадрлық және материалдық қоры бар», деді ол.

 

 

Алдағы уақытта Үкімет сайлау науқанын қаржыландыру

мәселесін шешетін болады – ОСК басшысы

 

/«BNews.kz», 16.11.2011 ж./ – Алдағы уақытта Үкімет сайлау науқанын қаржыладныру мәселесін қарастыратын болады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.

«Алдағы уақытта Үкімет сайлау науқанын қаржыландыру мәселесін шешетін болады», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті құжаттарының үлгісі 16 қарашада бекітілді. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары жинастырылған және жұмыс істеуге дайын.

«Жыл басынан бері тағы 42 учаскелік сайлау комиссиясы құрылып, олардың құрылымы іріктелді», - деді Қ. Тұрғанқұлов.

 

 

Қараша айының 16-сынан бастап, ҚР Парламенті Мәжілісінің

депутаттығына үміткерлер ұсыну басталды

 

/«BNews.kz», 16.11.2011 ж./ – Қазақстанда 2011 жылдың қараша айының 16-сынан бастап, партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер ұсыну басталды. Бұл туралы Астана қаласында өткен баспасөз мәслихатында  ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

«Қазақстанда 2011 жылдың қараша айының 16-сынан бастап, партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер ұсыну басталды.», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

 

 

Қазақстан Парламенттік сайлауда қайтадан автоматтандырылған

«Сайлау» жүйесін қолданбайды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 16.11.2011 ж./ - Қазақстан 2012 жылдың 15 қаңтарында болатын Парламент Мәжілісінің (Парламенттің төменгі Палатасы) мерзімінен ерте сайлауында, қайтадан автоматтандырылған ақпараттық «Сайлау» жүйесін қолданбайды, деді Қазақстанның ОСК басшысы Қуандық Тұрғанқұлов.

«Осы сайлауда автоматтандырылған ақпараттық «Сайлау» жүйесі қолданылмайтын болады», - деді Тұрғанқұлов сәрсенбі күнгі брифингте.

 

 

Мәслихат сайлауы келесі жылдың

15-інші қаңтарында өтетін болды

 

/«ҚазАқпарат», 16.11.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сайлауын келесі жылдың 15-інші қаңтарында өткізетін болды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс барысында осындай қаулы қабылдады.

Орталық  сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Мәжілістен соң болған брифингте мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын партиялық тізімдер бойынша, сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауымен қатар өткізу туралы шешім қабылданғандығын айта келе: «біз сайлауды тағайындау мен өткізуге қатысты нормаларды, сондай-ақ бұл сайлаулар Президент сайлауы мен Парламент Сенаты депутаттарының сайлауымен бір мезгілде өткізілмейтіндігі туралы талаптарды толық сақтап отырмыз», -деп атап көрсетті.

 

 

ОСК маслихат депутаттарының кезекті сайлауын

2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындады

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 16.11.2011 ж./ - Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы маслихат депутаттарының кезекті сайлауын 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындады, деп хабарлайды ОСК-ден агенттік тілшісі.

«2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан мемлекеті маслихат депутаттарының кезкті сайлауы нақтылансын», - деп оқыды қаулыны комиссия хатшысы Бақыт Мелдешев сәрсенбі күні ОСК отырысында.

Мәслихат депутаттарын сайлау Мәжіліс (Парламенттің төменгі Палатасы) депутаттарын сайлаумен қатар бір күнде өтеді.

 

 

Мәжіліс және Мәслихат сайлауы 15-қаңтарда өтеді

 

/«Хабар» агенттігі, 16.11.2011 ж./ - Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мемлекет басшысының жарлығымен 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленгенді.

Ал депутаттарды Қазақстан Халқы ассамблеясының атынан сайлау келер жылдың 16-шы қаңтар күні өтетін болды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 15 қаңтар күнін сондай-ақ Мәслихат депутаттарын сайлау күні ретінде қабылдап, тиісті күнтізбелік жоспарды бекітті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Мәжіліс пен Мәслихаттар сайлауын қатар өткізу заңға қайшы келмейді деп атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстанның Коммунистік партиясының қызметі сот шешімімен уақытша тоқтатылуына байланысты аталған саяси бірлестіктің сайлауға қатыса алмайтынын жеткізді. Бірақ бұған қарамастан Коммунистік партия ұсынған сайлау комиссиясының мүшелері өз жұмыстарын атқара бермек. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы кандидаттардың тізімін ұсыну мерзіміне де қатысты ақпарат беріп кетті.

Қуандық Тұрғанқұлов, ОСК төрағасы:

- Партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттардың кандидаттардың тізімін ұсыну бүгінгі күннен бастап 2011 жылдың 5 желтоқсанына дейін жүреді. Ал партиялық тізімдерді тіркеу 16 қарашадан бастап 15 желтоқсанға дейін жүреді. Мәслихаттар сайлауында кандидаттар ұсыну 16 қараща мен 14 желтоқсан арасында өтеді.

Қуандық Тұрғанқұлов сондай-ақ «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің қолданылмайтынын жеткізіп, Орталық сайлау комиссиясының ерте бастан дайындалып, барлық ұйымдастыру жұмыстарына кірісіп кеткенін айтты.

Қуандық Тұрғанқұлов, ОСК төрағасы:

- Қазіргі уақытта ОСК кадрлық және материалдық ресурстарға ие және сайлауды дұрыс өткізуге азаматтардың констит құқықтарын білдіруін қамт етуге дайын. Жуық арада үкімет сайлау науқанын қамт етеді. Семинар тренинг жұмыс істейді. Сондай ақ біз СІМ халықаралық байқаушылар институтын ашу туралы хат жолдайтын боламыз.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан көптеген байқаушылар келеді деп күтуілуде. Алдағы Мәжіліс пен Мәслихаттар сайлауына мемлекеттік бюджеттен 8 миллиард 180 миллион теңге жұмсалмақ.

Саяси науқан басталды

 

/«Егемен Қазақстан», 17.11.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кешегі отырысында Комиссия мәслихаттар депутаттарының сайлауын 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындады және алдағы Мәжіліс депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті.

Парламент Мәжілісі депутаттары өкілеттігінің Парламентарийлердің өздерінің бастамашылығымен мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Мемлекет басшысы өзінің Жарлығымен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2012 жылғы 15 қаңтарға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын 2012  жылғы 16 қаңтарға тағайындағаны белгілі.

«Сайлау туралы» Заңның 87-бабы 5-тармағына сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну 2011 жылғы 16 қарашадан басталды. «Сайлау туралы» Заңға сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі. Қазақстанның Коммунистік партиясы бұл науқанға қатыса алмайды. Өйткені, сот шешімі бойынша оның қызметі уақытша тоқтатылған еді. Бұл ретте сайлау комиссияларының Қазақстанның Коммунистік партиясының ұсынымы бойынша сайланған мүшелері өздерінің жұмысын жалғастыратын болады.

Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін азамат Конституцияның 51-бабы 4-тармағымен белгіленген талаптарды қанағаттандыруы, сондай-ақ Конституцияның 33-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес белсенді сайлау құқығына ие болуы тиіс. Осылайша, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Мәжіліс депутаты бола алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлау және сайлану құқығы жоқ.

Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ. Саяси партияның жоғары органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі. Саяси партиялар тізімдерді мемлекеттік тілдің әліпбиі ретімен жасайды. Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге бір мезгілде Орталық сайлау комиссиясына ұсынады.

Отырыста сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының кезекті сайлауын 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындау және тиісті Күнтізбелік жоспарды бекіту туралы қаулы қабылдады.

Ортсайлаукомның төрағасы Қ.Тұрғанқұлов отырыстан соң болған брифингте: «Мәлихаттар депутаттарының кезекті сайлауын партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауымен қатар өткізу туралы шешім қабылдай келе, біз заңның сайлауды тағайындау мен өткізуге қатысты нормаларын, сондай-ақ бұл сайлаулар Президент сайлауымен және Парламент Сенаты депутаттарының сайлауымен бір мезгілде өткізіле алмайтыны туралы талаптарын толық сақтап отырмыз», – деді.

Ортсайлауком қабылдаған Күнтізбелік жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекаралары туралы, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы ақпарат 23 қарашадан кешіктірілмей, ал мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен орналасқан жері, аумақтық және мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамы 26 қарашадан кешіктірілмей жариялануы тиіс.

Ал сайлау науқанының негізгі кезеңдері мына мерзімдерде өтетін болады: пар­тиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну 16 қарашадан 5 желтоқсанға дейін жүреді. Партиялық тізімдерді тіркеу 16 қарашадан бастап 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына кандидаттар ұсыну 2011 жылғы 16 қараша мен 14 желтоқсан арасындағы кезеңде өтеді. Бұл ретте мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері және өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау рәсімдерінің мерзімі партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы үшін анықталған мерзімдермен сәйкес келмейді. Заң бұған жол береді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну 16 желтоқсанда басталады. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы барлық қажетті кадрлық және материалдық ресурстарға ие. ОСК сайлауды тиісті ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге, азаматтардың және барлық сайлау үдерісіне қатысушылардың өздерінің конституциялық құқығын ерікті әрі тиімді іске асыруын қамтамасыз етуге дайын. Жуық арада Үкімет сайлау науқанының қаржылық мәселелерін шешетін болады.

Ортсайлауком сайлау науқандарын әзірлеу мен өткізуге қажетті сайлау құжаттарының үлгілерін де кешегі отырысында бекітті. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары толығымен жасақталған және жұмысқа қабілетті. Жыл бойы тағы 42 учаскелік сайлау комиссиясы құрылып, олардың құрамы сайланған. Жақында Сыртқы істер министрлігіне халықаралық байқаушылар институтын ашу туралы хат жолданатын болады. Сайлау заңнамасына сәйкес шетмемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша 2012 жылғы 10 қаңтарға дейін жүргізеді.

Брифинг соңында болуы мүмкін мәселелердің алдын ала отырып, Қ.Тұрғанқұлов «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бұл сайлауда пайдаланылмайтынын айтты, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жақын арада Орталық сайлау комиссиясының тұрақты жұмыс істейтін баспасөз орталығының ашылатыны туралы да хабардар етті.

 

 

ҚР ОСК бесінші сайланатын Парламенті Мәжілісі

депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша

іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекітті

 

/«ҚазАқпарат», 17.11.2011 ж./ - «Бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 16 қарашадағы № 61-104 қаулысына қол қойылды, деп хабарлады ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

Астана қаласы, 2011 жылғы 16 қараша № 61-104

Бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 175 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (1-қосымша);

2) 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (2-қосымша) бекітілсін.

2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы

Қ. Тұрғанқұлов

          Қазақстан Республикасы

          Орталық сайлау комиссиясының хатшысы

          Б. Мелдешов

Астана, 2011 жылғы 16 қараша № 61/104

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

2011 жылғы 16 қарашадағы № 61/104 қаулысына 1-қосымша

 

 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну. Саяси партиялардың жоғарғы органдары 2011 жылғы 16 қарашада басталады және 2011 жылғы 5 желтоқсанда аяқталады. (87-б.)

2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Тиісті әкімдер. Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей. (23-б.)

3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей. (17-б.)

4. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей. (13-б.)

5. Сайлаушылардың тізімдерін жасау.

Тиісті жергілікті атқарушы органдар, халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынатын мәліметтердің негізінде. (24-б.)

6. Сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына ұсыну.

Тиісті әкімдер.Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын - 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей. (24-б. 5-т.)

7. Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімді және саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан көшірмені ұсыну.

Саяси партиялардың жоғарғы органдары. 2011 жылғы 16 қарашада басталады және 2011 жылғы 5 желтоқсанда аяқталады. (87-б.)

8. Партиялық тізімдерге енгізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау.

Орталық сайлау комиссиясы. Партиялық тізім ұсынылған сәттен басталады және 2011 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады. (87-б.)

9. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2011 жылғы бірінші қарашаға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Партиялық тізім тіркелгенге дейін. (89-б.)

10. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу және партиялық тізімге енгізілген әрбір Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатқа тиісті куәлік беру.

Орталық сайлау комиссиясы. 2011 жылғы 16 қарашада басталады және 2011 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады. (89-б. 8-т.)

11. Саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетенiне енгізу бойынша жеребе тарту.

Орталық сайлау комиссиясы (37-б. 1-т.)

12. Партиялық тізімдерді тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Орталық сайлау комиссиясы. Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейін оныншы күннен кешіктірмей. (89-б.)

13. Саяси партия ұсынған кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары. Партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде.  (89-б.)

14. Орталық сайлау комиссиясында саяси партиялардың сайлау қорларын тіркеу.

Саяси партиялар. Саяси партияның Орталық сайлау комиссиясына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде (Орталық сайлау комиссиясының 19.08.2011 ж. № 7/8 қаулысы). (34-б. 2-т.)

15. Саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.

Орталық сайлау комиссиясы. Партиялық тізім тіркелгеннен кейін. (34-б. 6-т.)

16. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

Аумақтық сайлау комиссиялары. Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін тапсырылғаннан кейін. (31-б.)

17. Сайлау алдындағы үгіт.

Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2011 жылғы 16 желтоқсанда басталады және 2011 жылғы 13 қаңтарда 24 сағатта аяқталады). (27-б. 2-т.)

18. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалған күннен бастап сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін. (28-б. 6-т.)

19. Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру.

Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде. (28-б.4-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру күніне дейін он бес күн қалғанда - 2011 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей. (26-б. 1-т.)

21. Сайлау учаскелерінде дауыс беретін уақыт пен орын туралы сайлаушыларды хабардар ету.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей. (38-б. 2-т.)

22. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушылардың назарына жеткізу.

Аумақтық сайлау комиссиялары. (38-б. 1-т.)

23. Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

Аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлауға кемінде бір күн қалғанда - 2012 жылғы 13 қаңтардан кешіктірмей. (37-б. 3-т.)

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын.

(2012 жылғы 15 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 6-00-де) (40-б.)

25. Дауыс беруді өткізу .

Учаскелік сайлау комиссиялары. Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні 2012 жылғы 15 қаңтарда, жергілікті уақыт бойынша сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін.

(38-б. 1-т., 42-б.)

26. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыстарды санау туралы хаттама жасау.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20-00-де басталады. (43-б.)

27. Хаттаманың көшiрмесiн жұртшылықтың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға ілу.

Учаскелік сайлау комиссиясы. Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін - дереу. (43-б. 8-т.)

28. Дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін - дереу. (94-б.)

29. Астана және Алматы қалаларында, облыстарда партиялық тізімдер бойынша дауыс беру нәтижелерін анықтау, тиісті хаттамалар жасау және оларды Орталық сайлау комиссиясына тапсыру.

Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап екі күндік мерзімнен асырмай - 2012 жылғы 17 қаңтардан кешіктірмей. (94-б.)

30. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.

Орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей - 2012 жылғы 22 қаңтардан кешіктірмей. (97-б.)

31. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 25 қаңтардан кешіктірмей. (44-б. 4-т. 1) т-ша)

32. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде - 2012 жылғы 4 ақпаннан кешіктірмей. (34-б. 4-т.)

33. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайланған депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер беру.

Орталық сайлау комиссиясы. (45-б.)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

2011 жылғы 16 қарашадағы № 61/104 қаулысына 2-қосымша

 

2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі. Сайлау күнінен бір ай бұрын - 2011 жылғы 16 желтоқсанда басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда - 2011 жылғы 26 желтоқсанда аяқталады. (87-б.)

2. Сайлаушылардың тізімін жасау.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі. (24-б.)

3. Сайлаушылардың тізімін акт бойынша Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясына беру.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі. Дауыс беру басталардан жеті күн бұрын - 2012 жылғы 8 қаңтардан кешіктірмей. (24-б. 5-т.)

4. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру өткізілетін орын туралы Орталық сайлау комиссиясын хабардар ету.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі. Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 5 қаңтардан кешіктірмей. (93-1-б. 2-т.)

5. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің депутаттыққа кандидаттарды ұсыну туралы шешімін азаматтардың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына беру.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі. Сайлау күнінен бір ай бұрын - 2011 жылғы 16 желтоқсанда басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда - 2011 жылғы 26 желтоқсанда аяқталады. (87-б.)

6. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру.

Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау күнінен бір ай бұрын - 2011 жылғы 16 желтоқсанда басталады және сайлау күніне он бес күн қалғанда - 2011 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. (89-б.)

7. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2011 жылғы бірінші желтоқсанға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған кандидат тіркелгенге дейін. (89-б.)

8. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу және әрбір кандидатқа тиісті куәлік беру.

Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау күнінен жиырма күн бұрын - 2011 жылғы 26 желтоқсаннан басталады және сайлау күніне он бес күн қалғанда - 2011 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. (89-б.)

9. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Орталық сайлау комиссиясы. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидаттар тіркелгеннен кейін үшінші күннен кешіктірмей. (89-б.)

10. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап үш күн ішінде. (89-б.)

11. Сайлау алдындағы үгіт.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2012 жылғы 1 қаңтарда басталып, 2012 жылғы 14 қаңтарда 24 сағатта аяқталады). (27-б. 2-т.)

12. Сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға (Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне) ұсыну.

Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясы. Дауыс беретін күнге бес күн қалғанда - 2012 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей. (26-б. 1-т.)

13. Сайлаушыларды (Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін) дауыс беретін уақыт пен орын туралы хабардар ету.

Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясы. Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі бес күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей. (38-б. 2-т.)

14. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған пунктті ашу және тиісті хаттаманы жасау.

Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясы. Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, дауыс беру басталардан бір сағат бұрын - 2012 жылғы 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-де. (40-б.)

15. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөнінде дауыс беруді өткізу және дауыс беру нәтижелерін жария ету.

Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясы. Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, 2012 жылғы 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін. (38-б. 1-т., 42-б.)

16. Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі хаттамасын жасау және оны Орталық сайлау комиссиясына тапсыру.

Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясының хатшысы. (93-1-б.)

17. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудағы дауыстарды санау нәтижелерін анықтау, дауыстарды санау хаттамасын жасау және оны Орталық сайлау комиссиясына тапсыру.

Астана (не Алматы) қалалық сайлау комиссиясы. Сайлау өткен күннен бастап екікүндік мерзімнен асырмай - 2012 жылғы 18 қаңтардан кешіктірмей. (94-1-б.)

18. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.

Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау өткен күннен кейін жеті күндік мерзімнен кешіктірмей - 2012 жылғы 23 қаңтардан кешіктірмей. (97-б.)

19. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 26 қаңтардан кешіктірмей. (44-б. 4-т. 1) т-ша)

20. Сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер беру.

Орталық сайлау комиссиясы. (45-б.)

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер жасалды.

 

 

ҚР ОСК қаулысымен мәслихаттар

депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалды

 

/«ҚазАқпарат», 17.11.2011 ж./ - ҚР Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы № 61/105 қаулысына қол қойылды, деп хабарлады ресми БАҚ. 

 

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

Астана қаласы, 2011 жылғы 16 қараша № 61/105

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 14) тармақшасының, 101-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының және 2-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2012 жылғы 15 қаңтарға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы

Қ. Тұрғанқұлов

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы

Б. Мелдешов

 

Астана, 2011 жылғы 16 қараша

№ 61/105

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

2012 жылғы 16 қарашадағы № 61/105 қаулысына қосымша

 

2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1. Сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну.

Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары және азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен.

2011 жылғы 16 қарашада басталады және сайлау күніне бір ай қалғанда - 2011 жылғы 14 желтоқсанда аяқталады. (103-б.)

2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Тиісті әкімдер. Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей. (23-б.)

3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей. (17-б.)

4. Сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей. (22-б.)

5. Округтік сайлау комиссияларының құрамын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей. (15-б.)

6. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2011 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей. (13-б.)

7. Сайлаушылардың тізімдерін жасау.

Тиісті жергілікті атқарушы органдар, халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынатын мәліметтердің негізінде. (24-б.)

8. Сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына жеткізу.

Тиісті әкімдер. Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын - 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей. (24-б. 5-т.)

9. Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттың назарына оның ұсынылғаны туралы шешімді жеткізу.

Қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары. (103-б. 3-т. 1) т-ша)

10. Мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге округтік сайлау комиссиясына ұсыну.

Қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары, депутаттыққа кандидаттар. (103-б. 3-т. 2) т-ша)

11. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау.

Округтік сайлау комиссиялары. Азаматтың өзін-өзі ұсыну жолымен дауысқа түсуге берген өтініші немесе қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органының кандидатты ұсынуы туралы хаттамасының көшірмесімен қоса оның дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші түскен сәттен бастап үш күн ішінде. (103-б. 8-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2011 жылғы 1 қарашаға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Кандидат тіркелгенге дейін. (104-б. 1-1-т.)

13. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

Округтік сайлау комиссиялары. 2011 жылғы 16 қарашада басталады және сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда - 2011 жылғы 20 желтоқсанда аяқталады. (104-б. 8-т.)

14. Мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу туралы хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына табыс ету.

Округтік сайлау комиссиялары. Бес күндік мерзімде. (104-б. 5-т.)

15. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтік сайлау комиссиясы. Кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей. (104-б. 6-т.)

16. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде. (104-б. 1-1-т.)

17. Округтік сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.

Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары. Кандидаттың тиісті округтік сайлау комиссияларына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде (Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 19.08.2011 ж. № 7/8 қаулысы). (34-б. 2-т.)

18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.

Округтік сайлау комиссиялары. Кандидат тіркелгеннен кейін. (34-б. 6-т.)

19. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

Округтік сайлау комиссиялары. Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін тапсырылғаннан кейін. (31-б.)

20. Сайлау алдындағы үгіт.

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2011 жылғы 21 желтоқсанда басталады және 2012 жылғы 13 қаңтарда 24 сағатта аяқталады). (27-б. 2-т.)

21. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалған күннен бастап сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін. (28-б. 6-т.)

22. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру.

Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде. (28-б.4-т.)

23. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру күніне дейін он бес күн қалғанда - 2011 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей. (26-б. 1-т.)

24. Сайлау учаскелерінде дауыс беретін уақыт пен орын туралы сайлаушыларды хабардар ету.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей. (38-б. 2-т.)

25. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушылардың назарына жеткізу.

Аумақтық сайлау комиссиялары. (38-б. 1-т.)

26. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi анықталатын округтiк сайлау комиссиясының отырысын өткізу үшін, отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, сайлау учаскесін айқындау.

Округтік сайлау комиссиялары. Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей. (43-б. 8-1-т.)

27. Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары. Сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын - 2012 жылғы 13 қаңтардан кешіктірмей. (37-б. 3-т.)

28. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын. (2012 жылғы 15 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 6-00-де) (40-б.)

29. Дауыс беруді өткізу .

Учаскелік сайлау комиссиялары. Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, сайлау күні, 2012 жылғы 15 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін. (38-б. 1-т., 42-б.)

30. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыстарды санау туралы хаттама жасау.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20-00-де басталады. (43-б.)

31. Хаттаманың көшiрмесiн жұртшылықтың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға ілу.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыстарды санау аяқталысымен - дереу. (43-б. 8-т.)

32. Дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну.

Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін - дереу. (108-б. 1-т.)

33. Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін белгілеу, тиісті хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.

Округтік сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап екікүндік мерзімнен асырмай - 2012 жылғы 18 қаңтардан кешіктірмей. (108-б. 2-т.)

34. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткізілген сайлау учаскесiнің үй-жайында ілу.

Округтік сайлау комиссиялары. Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін - дереу. (43-б. 8-1-т.)

35. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы алдын ала жиынтық тiзiмдемені жалпыжұрттың танысуы үшiн отырыс өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iлу.

Округтік сайлау комиссиялары. Дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей. (43-б. 8-2-т.)

36. Округ бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтік сайлау комиссиялары. (16-б. 9) т-ша)

37. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.

Аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірмей - 2012 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей. (111-б. 1-т.)

38. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей - 2012 жылғы 22 қаңтардан кешіктірмей. (44-б. 4-т. 2) т-ша)

39. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтік сайлау комиссиялары. Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде - 2012 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей. (34-б. 4-т.)

40. Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер беру.

Аумақтық сайлау комиссиялары. (46-б. 3-т., 112-б. 1-т.)

Ескертпе: күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

Қазақстан Мәжілісі депутаттығына

үміткерлігін ұсыну басталды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 16.11.2011 ж./ - Қазақстан Мәжілісі (Парламенттің төменгі Палатасы) депутаттығына үміткерлікті ұсыну 16 қараша сәрсенбіден басталды, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

«Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының кестелік жоспары бойынша, сәрсенбіден Мәжілісі (Парламенттің төменгі Палатасы) депутаттығына партиялық тізімнен үміткерлікті ұсыну басталды», - деді Тұрғанқұлов сәрсенбі күні ОСК отырысында.

Сәрсенбі күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің төменгі Палатасы - Мәжілісті тарату туралы жарлыққа қол қойған. Мерзімінен бұрын Парламенттік сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған.

 

 

Cайлауға үміткерлерді ұсыну кезеңі басталды

 

/«Қазақстан» ТРК, 17.11.2011 ж., Е. Таңатқанұлы/ - Қыспен бірге қазақ елінде тағы бір сайлау науқаны басталды. Қос Палаталы Парламенттің, бұйырса, Мәжілісіне депутаттарды сайлаймыз, дұрысы партияларды таңдаймыз ел болып. Партияларды деп нақтылап отырғанымыз, заң бойынша Мәжіліске кандиттарын әр партия өз тізімі бойынша ұсынады.

Үміткерлерді ұсыну кезеңі кеше басталды, дегенмен, тізім әлі жария болған жоқ. Қай партия нақты кімдерді ұсынып отырғаны таяуда дүркін-дүркін өтетін съездерден кейін анық болады. Естеріңізге сала кетейік, Парламенттің Мәжілісін кезектен тыс сайлау күні 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленді.

Ал 16 қаңтар күні Қазақстан Халқы Ассамблеясынан түсетін депутаттар екшеледі. Бұл сайлауда Мәжілістің құрамы түрленбек, яғни, кем дегенде екі саяси партия өтеді биік мінберге. Тағы бір айта кетері бұл науқанда «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бұл науқанда тұтынылмайды.

 

 

Партиялық тізіммен кандидаттар ұсыну басталды

 

/«Алаш айнасы», 17.11.2011 ж., Қ. Қазы/ - Мәжіліс тарап, партиялық тізім бойынша депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Президенттің пәрменді Жарлығы шығысымен, Орталық сайлау комиссиясы атқа қонды. Кеше ОСК 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған сайлауға қатысты алғашқы отырысын өткізіп, саяси үдерістің негізгі шаралары бойынша күнтізбелік жоспарды бекітті.

Отырыс барысында сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну 16 қарашадан басталатынын мәлімдеді. Бұл шара 5 желтоқсанға дейін жалғасатын болады. «Партиялық тізім бойынша кандидат ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген еліміздің саяси партияларына тиесілі. Алайда Қазақстанның Коммунистік партиясы аталмыш процеске қатыса алмайды. Өйткені сот шешімі бойынша коммунистер партиясының қызметі уақытша тоқтатылған», – деп еске салды ОСК төрағасы. Тоқтала кететін жайт, Мәжіліс депутаты болып сайлануы үшін белсенді сайлау құқығына ие, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар әрі соңғы он жылда ел аумағында тұрақты тұрып келген кандидат ұсынылады. Сондай-ақ сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлау және сайлану құқығы жоқ. Осы негізде алдағы саяси додаға қатысуға ниетті саяси партиялар өздерінің тізімін мемлекеттік тілдің әліпбиі ретімен тізіп, Орталық сайлау комиссиясына ұсынатын болады. Партиялардың ұсынуларына сәйкес, партиялық тізімді тіркеу 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы қатар өтеді

Айтпақшы, Орталық сайлау комиссиясы кешегі отырысында Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауымен мәслихат депутаттарының сайлауын қатар өткізу туралы қаулыны да қабылдап тастады. Сөйтіп, 16 қаңтар күні жапсарласқан қос сайлау өтпек. Осы мәселеге түсінік берген ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов екі сайлауды қатар алып жүрудің заңға қайшы еместігін алға тартты. «Заңға сәйкес мәслихат сайлауын Президент және Сенат сайлауымен бір мезгілде өткізуге жол берілмейді. Ал Мәжіліс сайлауымен мәслихат сайлауын қатар өткізсек, заң талаптарын еш бұзбайтын боламыз», – деді төраға. ОСК қаулысына сәйкес, мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен орналасан жері, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамы 26 қарашаға дейін жариялануы шарт. Мәслихаттар де­путаттарының кезекті сайлауына кандидаттарды ұсыну 16 қараша мен 14 желтоқсан арасындағы кезеңде өтеді. Бұл ретте мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері және өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асыра алады. Ал Парламент Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауы Елбасы Жарлығымен 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалған болатын. Ассамблея тарапынан кандидаттарды ұсыну 16 желтоқсанда басталатын болады.

Айта кетерлігі, ұзақ уақыт әңгіме болып, аз күннің ішінде түйіні шешілген сайлау науқанын атқаруға ОСК сақадай сай болып шықты.

«Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы барлық қажетті кадрлық және материалдық ресурстарға ие. Сайлауды ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге, азаматтардың және барлық сайлау процесіне қатысушылардың конституциялық құқығын ерікті әрі тиімді іске асыруын қамтамасыз етуге дайын», – дейді Қуандық Тұрғанқұлов. Бұл ретте төраға жуық арада Үкіметтің сайлауға қатысты қаржылық мәселелерді шешетініне сенім білдірді.

Ал алдын ала мәліметтерге сүйенсек, осы жолғы кезектен тыс сайлауда бюджеттен кететін шығын шамамен 8 млрд 180 млн теңгені құрайды. Қаражаттың 70 пайызы кандидаттардың үгіт-насихатына жұмсалатын көрінеді. Өйткені халықаралық ұйымдардың, түрлі миссиялардың ұсынымдарын ескере келе, биыл Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға қарасты мемлекеттік қолдауды арттыра түспек. Бұдан бөлек, күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау учаскелерінің шекаралары туралы, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы ақпарт 23 қарашадан кешіктірілмей жарияланады. Ал сыртқы байқауларды қамтамасыз ету үшін ОСК Сыртқы істер министрлігіне халықаралық байқаушылар институтын ашу туралы хат жолдайды.

Электрондық «Сайлау» өзін-өзі ақтамады

Тоқтала кететін жайт, қаңтардағы сайлау барысына «Сайлау» автоматтандырылған ақ­параттық жүйесі пайдаланылмайтын болады. Сөйтіп, қазынаның қыруар қазынасын жалмаған заманауи жүйе басталмай жатып, істен шықты. Ал ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бұл сайлауға электрондық тәсілді араластырмауды былайша түсіндіреді: «Автоматтандырылған ақпараттық жүйе бұған дейінгі екі сайлауда да қолданылмай келді. Бұған басты себеп – сайлаушыларымыз арасында бұл жүйе танымал бола алмады. Мәселен, дауыс беру екі тәсілмен жүргізілсе, жұрттың басым көпшілігі дәстүрлі қағаз арқылы дауыс беруді таңдап келді. Екіншіден, автоматтандырылған жүйеге сын көп болды, соңғы уақытқа дейін саяси партиялар тарапынан электрондық жүйеге деген сенімсіздік сейілмеді. Үшіншіден, ақпараттандырылған электрондық сайлау жүйесі үлкен қаржы шығынын талап етеді».

 

 

Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезін

25 қарашаға шақыру туралы қаулыға қол қойды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 17.11.2011 ж./ - Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партияның лидері Нұрсұлтан Назарбаев 25 қарашаға партияның XIV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бейсенбіде  «Нұр Отан» төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің брифингі өтті.

«Нығматулин «Нұр Отан» төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың 25 қарашасында Астанада партияның XIV съезін шақыру туралы қаулығы қол қойды деп хабаралады», - делінген хабарламада.

 

 

Н.Назарбаев 25 қарашада Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның

XIV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды

 

/«BNews.kz», 17.11.21011 ж./ – Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Назарбаев партияның XIV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Бұл туралы бүгін Астанада журналистермен болған баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның сөзіне қарағанда, съезд барысында партияның сайлауалды платформасына қатысты мәселелер талқыланып, партия атынан Мәжіліс сайлауына түсетін азаматтардың аты-жөндерін бекітеді.

«Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясының барлық құрылымдық бөлімшелері мен филиалдары осы уақыттың өзінде белсенді жұмыс бастады. Олар тек съезд жұмысына ғана емес, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына да тыңғылықты әзірленуде. Алдағы уақытта партияның барлық территориялық құрылымдары өкілдерінің қатысуымен партияның аймақтық филиалдарының саяси кеңестерінің кеңейтілген мәжілістер өтеді»,- деді Н.Нығматулин.

 

 

«Нұр Отан» алдағы Парламенттік сайлауда

жеңіске жететінене кәміл сенеді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 16.11.2011 ж./ - Қазақстанның билік басындағы партиясы «Нұр Отан» алдағы 15 қаңтарда болатын, Парламенттік сайлауда жеңіске жететінене кәміл сенеді, деп мәлімдейді партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.

 

 

«Нұр Отан» ХДП сайлауалды штабын құрды

 

/«Қазақстан» ТРК, 17.11.2011 ж., П. Ермекқара/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Сайлау келер жылдың 15 қаңтарына белгіленді. «Нұр Отан» партиясы алдағы Парламент және Мәслихат сайлауларына толықтай дайын.

Оның бірден-бір дәлелі – партия өзінің сайлауалды штабын құрды. Штабты партия төрағасының орынбасары Нұрлан Нығматулин басқарады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен арнайы жиында мәлім болды. Бұдан бөлек, барлығы 16 аймақтық, 210 қалалық және аудандық сайлауалды штабын құратын болады. Ал сайлау компаниясының нақты жоспарын жасау және заң талаптарына сай болуын бақылау жұмыстарымен республикалық штаб айналысатын болады.

Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Осыған байланысты, бүгін біздің партиямызда республикалық қоғамдық штаб құрылды. Бұл штаб құрамына елімізге танымал азаматтар, белгілі саясаткерлер, қоғамдық ұйым өкілдері кірді. Енді, біз партиямыздың сайлау бағдарламасы бойынша насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, сенімді өкілдердің міндеттеріне де ерекше назар аударамыз. Ал біздің ең басты мақсатымыз – Мәжіліс пен барлық деңгейдегі Мәслихат сайлауында - «Нұр Отан» париясының үлкен, әділ және таза жеңісін қамтамасыз ету. Сол үшін республикамыздың барлық аймақтарында, қала мен аудандарда осындай штабтар ашылатын болады.

Сондай-ақ, жиын барысында Нұрлан Нығматулин Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылы, 25 қарашада Астанада партияның XIV съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойғаны туралы хабардар етті. Онда сайлауалды бағдарлама талқыланып, үміткерлердің партиялық тізімі бекітілетін болады. Съезд делегаттары таяу уақытта барлық аймақтарда өтетін кеңейтілген саяси кеңес отырыстарында сайланады.

 

 

 «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық

партиясы өзінің сайлауалды штабын құрды

 

/«Хабар» агенттігі, 17.11.2011 ж./ - Штабты партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин басқарады.

Бұл туралы бүгін Астанада партияның орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

 Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Төртінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Сонымен сайлау 2012 жылдың 15-ші қаңтарына белгіленді. Еліміздегі жетекші саяси құрылым ретінде «Нұр Отан» партиясы айтулы оқиғаға бірден назар аударып, сайлауға толықтай дайын екендіктерін мәлімдеді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, «НҰР ОТАН» ХДП ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Осыған байланысты, бүгін біздің партиямызда республикалық қоғамдық штаб құрылды. Бұл штаб құрамына елімізге танымал азаматтар, белгілі саясаткерлер, қоғамдық ұйым өкілдері кірді. Енді біз партиямыздың сайлау бағдарламасы бойынша насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, сенімді өкілдердің міндеттеріне де ерекше назар аударамыз. Ал, біздің ең басты мақсатымыз - Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында – «Нұр Отан» партиясының үлкен, әділ және таза жеңісін қамтамасыз ету. Сол үшін республикамыздың барлық аймақтарында, қала мен аудандарда осындай штабтар ашылатын болады.

Партия жиыны 16 аймақтық және 210 қалалық пен аудандық сайлауалды штабтарын құрмақшы. Ал сайлау кампаниясының нақты жоспарын жасау және заң талаптарына сәйкестігін бақылау жұмыстарымен республикалық штаб айналысатын болады.

Нұрлан ОРАЗАЛИН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Нұр Отан» партиясы өткен Президент сайлауында да өзінің лидері қандай пайызбен, қалай елдің көңіліне бөлінетінін, сенімін қалай ақтап келе жатқандығын дәлелдеген партия. Сондықтан бұл партияның алдағы сайлауда өзіне лайықты межеден көрінетініне мен сенімдімін.

 

Бақытбек СМАҒҰЛ, «САУАП» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ЖАЗУШЫ:

- Еліміздегі тұрақтылық пен келісім, тыныштық пен берекесі, әсіресе қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін «Нұр Отан» партиясының жасалған көптеген іс-шараларының куәсі болғанмын. Сондықтан алдағы уақытта ауған соғысының ардагерлері елеміздің болашағы, бірлігі үшін Елбасы басшылық еткен нағыз халықтық партияға дауыс беретініне сенімдімін.

Шахмардан БАЙМАНОВ, «ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР КОНГРЕСІНІҢ» АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Партияның жасап отырған қазіргі реформалары, білім, денсаулықта, әлеуметтік салада жасалып жатқан барлық жақсылықтарды жастар сезініп отыр, біліп отыр. Сондықтан мен алдағы уақытта осы сайлауда жастар «Нұр Отан» партиясына дауыс беретініне сендіргім келеді.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында Нұрлан Нығматулин Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы 25-ші қарашада Астанада партияның XIV съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойғанын жеткізді. Онда сайлауалды бағдарлама талқыланып, үміткерлердің партиялық тізімі бекітілетін болады.

 

 

«Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабын құрды

 

/«Дала мен қала», 19.11.2011 ж., М. Әлиманұлы/ - Мемлекет Басшысы төртінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тарату жөнінде Жарлыққа қол қойды. Ал, Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылдың 15-қаңтарында өтетіндігі белгілі болды. Бұл ретте, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен жергілікті мәслихат сайлауын өткізу жөнінде арнайы қаулы қабылдады.

Осыған орай, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы өзінің республикалық сайлауалды штабын құрды. Штабты партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин басқарады. Оның құрамында беделді партия қызметкерлері мен партияның саяси кеңесінің мүшелері және Қазақстан қоғамының танымал қайраткерлері бар.

Бұл туралы Астанада осы мәселеге байланысты журналистермен арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мәлім етті.

– Штабтың басты мақсаты тиімді сайлау науқанын жүргізіп, біздің партиямыздың осы сайлауда ұстанып отырған сайлауалды платформасын жан-жақты түсіндіріп, насихаттау болып табылады, – деді «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин. – Біздің басты мақсатымыз – Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында – «Нұр Отан» партиясының үлкен, әділ және таза жеңісін қамтамасыз ету. Сондықтан да осындай штабтарды еліміздің барлық облыстары мен қалаларында және аудандарында ашудамыз. Бұған қоса партияның қоғамдық қабылдау орындары да тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ партияның сенімді өкілдері мен үгіт-насихатшылары және еріктілер командасы да жасақталуда.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, барлығы 16 аймақтық, 210 қалалық және аудандық сайлауалды штабтары құрылады. Сөйтіп, республикалық штаб сайлауалды саяси науқанның нақты жоспарымен жұмыс істейтін болады.

– Біз, – деді Нұрлан Нығматулин, – Қолда бар барлық интеллектуалдық ресурстарды іске қосатын боламыз. Нақтырақ айтқанда, сайлау додасына қатысатын партияның барлық құрылымдарының тиімді қызметі қамтамасыз етілмек. Ерекше айта кететін мәселе, штаб заң процедураларының орындалуын ерекше қадағалайды. Сайлауға байланысты іс-қимыл шаралары сайлау заңнамаларына сай өтеді».

«Нұр Отан» ХДП – бұдан бұрын өткен Президент сайлауының бәрінде де жеңіске жеткен, ел сенімін ақтап келе жатқандығын дәлелдеген партия. Сондықтан бұл партияның алдағы сайлауда өзіне лайықты межеден көрінетініне сенім мол. Халық еліміздегі тұрақтылық пен келісімді, оның ішінде ұлттар татулығын, әсіресе қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін «Нұр Отан» партиясының еңбегі орасан зор екендігін жақсы біледі. Әсіресе, «нұротандықтардың» жасап отырған қазіргі реформалары, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаға жасап жатқан барлық жақсылықтарды халық сезініп біліп отыр. Сондықтан алдағы сайлауда «Нұр Отан» партиясы басым дауыс алатындығы ақиқат.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатының соңында Нұрлан Нығматулин Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы 25-қарашада Астанада партияның XIV съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойғанын жеткізді. Онда сайлауалды бағдарлама талқыланып, Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілетін болады.

 

 

 «Нұр Отан» сайлауға дайын

 

/«Егемен Қазақстан», 18.11.2011 ж./ - Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев төртінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленді.

 «Нұр Отан» партиясы еліміздегі жетекші саяси құрылым ретінде айтулы оқиғаға бірден назар аударып, алдағы Парламент және мәслихат сайлауларына толықтай дайын екендіктерін мәлім етті.

Арнайы баспасөз мәслихатында партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: «Осыған байланысты, бүгін біздің партиямызда республикалық қоғамдық штаб құрылды. Бұл штаб құрамына елімізге танымал азаматтар, белгілі саясаткерлер, қоғамдық ұйым өкілдері кірді. Енді біз партиямыздың сайлау бағдарламасы бойынша насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, сенімді өкілдердің міндеттеріне де ерекше назар аударамыз. Ал, біздің ең басты мақсатымыз – Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында «Нұр Отан» партиясының үлкен, әділ және таза жеңісін қамтамасыз ету. Сол үшін республикамыздың барлық аймақтарында, қала мен аудандарында осындай штабтар ашылатын болады», – деп атап өтті.

Штабты партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин басқарады. «Нұр Отан» партиясы барлығы 16 аймақтық, 210 қалалық және аудандық сайлауалды штабтарын құратын болады. Сайлау компаниясының нақты жоспарын жасау және заң талаптарына сай болуын бақылау жұмыстарымен республикалық штаб айналысады.

Баспасөз мәслихатына қатысқан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Нұрлан Оразалин: «Нұр Отан» партиясын біз мәдениет пен өнер саласының жанашыры деп білеміз. Осы салаға қолдау көрсету үшін партиямыз қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Сондықтан да біз, өнер адамдары, Елбасымыз басқарып отырған «Нұр Отан» партиясын әрқашанда қолдауға әзірміз. Алдағы Мәжіліс сайлауында да осы партия жеңіске жетеді деген сенімдеміз», – деді. Ал  «Сауап» республикалық қоғамдық қорының Президенті, жазушы Бақытбек Смағұл ауған соғысы ардагерлерінің әрқашан Елбасының партиясын қолдайтынын, «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік салаға көп көңіл бөліп, азаматтарымыздың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету, татулық пен тұрақтылықты сақтау, ең бастысы, барша қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыстар атқарып келе жатқанын сөз етті. Басқалар да осы тұрғыда сөз саптады.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында Нұрлан Нығматулин Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы 25 қарашада Астанада партияның XIV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойғанын хабардар етті. Онда сайлауалды бағдарлама талқыланып, үміткерлердің партиялық тізімі бекітілетін болады.

Қорыта айтқанда, «Нұр Отан» сайлау үдерісіне толықтай дайын.

 

 

«Нұр Отан» тек қана әділ әрі

таза жеңісті қамтамасыз етеді

 

/«Айқын», 18.11.2011 ж./ - Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев төртінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Сайлау 2012 жылдың 15-ші қаңтарына белгіленді.

«Нұр Отан» партиясы еліміздегі жетекші саяси құрылым ретінде айтулы оқиғаға бірден назар аударып, алдағы Парламент және мәслихат сайлауларына толықтай дайын екендіктерін мәлім етті.

Арнайы баспасөз мәслихатында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, «Осыған байланысты, бүгін біздің партиямызда республикалық қоғамдық штаб құрылды. Бұл штаб құрамына елімізге танымал азаматтар, белгілі саясаткерлер, қоғамдық ұйым өкілдері кірді. Енді біз партиямыздың сайлау бағдарламасы бойынша насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, сенімді өкілдердің міндеттеріне де ерекше назар аударамыз. Ал біздің ең басты мақсатымыз - Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында - «Нұр Отан» партиясының үлкен, әділ және таза жеңісін қамтамасыз ету. Сол үшін республикамыздың барлық аймақтарында, қала мен аудандарда осындай штабтар ашылатын болады» деп атап өтті.

Штабты партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин басқарады. «Нұр Отан» партиясы барлығы 16 аймақтық, 210 қалалық және аудандық сайлауалды штабтарын құратын болады. Сайлау компаниясының нақты жоспарын жасау және заң талаптарына сай болуын бақылау жұмыстарымен республикалық штаб айналысатын болады.

Баспасөз мәслихатына қатысқан Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, Саяси кеңес мүшесі Нұрлан Оразалин, «Нұр Отан» партиясын біз мәдениет пен өнер саласының жанашыры деп білеміз. Осы салаға қолдау көрсету үшін партиямыз қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Сондықтан да біз, өнер адамдары, Елбасымыз басқарып отырған «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясын әрқашанда қолдауға әзірміз. Алдағы Мәжіліс сайлауында да осы партия жеңіске жетеді деген сенімдеміз, - деді. Ал «Сауап» республикалық қоғамдық қорының Президенті, жазушы Бақытбек Смағұл, ауған соғысы ардагерлерінің әрқашан Елбасының партиясын қолдайтынын, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының әлеуметтік салаға көп көңіл бөліп, азаматтарымыздың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету, татулық пен тұрақтылықты сақтау, ең бастысы - барша қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін партияның ауқымды жұмыстар атқарып келе жатқанын сөз етті.

- Алдағы сайлау кезінде біз «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясына дауыс береміз! Себебі біз, жас қазақстандықтар, Елбасы басқарып отырған партияның бізге деген қамқорлығын үнемі сезінеміз. Елімізде жастардың өз әлеуетін іске асырып, өз мүмкіндіктерін пайдалануына барлық жағдайлар жасалып жатыр. Ендігі кезек - бізде. «Нұр Отан» партиясын қолдап, оған дауыс беру - біздің міндетіміз деп ойлаймын, - деді қазақстандық жастардың атынан сөз алған «Қазақстан Жастар Конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Шахмардан Байманов.

Сондай-ақ баспасөз мәслихатында Нұрлан Нығматулин Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылы, 25-қарашада Астанада партияның XІV съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойғаны туралы хабардар етті. Онда сайлауалды бағдарлама талқыланып, үміткерлердің партиялық тізімі бекітілетін болады. Съезд делегаттары таяу уақытта барлық аймақтарда өтетін кеңейтілген саяси кеңес отырыстарында сайланады. Қорытындылай айтқанда, «Нұр Отан» сайлау үрдісіне толықтай дайын.

 

 

«Нұр Отан» сайлауға дайын

 

/«Қазақстан» ТРК, 18.11.2011 ж., Б. Аманбаев/ - «Нұр Отан» ХДП-сы алдағы Парламент Мәжілісі сайлауына дайын. Бұл жөнінде бүгін Билік партиясының Павлодар облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлім етілді. Бұл жиынға «Нұр Отан» ХДП-сы саяси кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның халық банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов қатысты.

«Нұр Отан» ХДП-ның Павлодар облысында 150 мыңнан астам мүшесі бар. Бұл жұртшылық сенімінің белгісі. Өйткені, партия негізінен жалпыұлттық мәселелерді көтеріп жатыр. Жұмыс атқарудың заңдық негізін қалады. Сондықтан, мемлекет пен партияның өзара іс-қимылы жаңа деңгейге көтерілді. Бүгін олар Мәжіліс пен Мәслихаттар сайлауына жан-жақты дайын екендіктерін мәлімдеді.

Аймақтық филиал төрағасы Бақытжан Сағынтаев сайлауалды «Қазақстан. 2017 жылға дейінгі мақсаттар. Ұлттық жұмыс жоспары» атты платформа жобасы негізгі 9 бағыттан құралатынын айтып, жан-жақты түсіндіріп берді. Бұдан соң қараша айының 25-де Астанада өтетің партияның съезіне делегаттар сайланды.

Балтабай Сыздықов, «Нұр Отан» ХДП-сы Баянауыл аудандық филиалы төрағасының орынбасары:

Маңдайалды ауыз толтырып айтатын мәселелер көп. Сондағы ең бастысы халықпен бірге, халықтың мұң-мұқтажын, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, әлем алдындағы еліміздің алдынғы қатарлы мемлекет болуын көздеп отыр – бағдарламаның негізгі бағыттары. Мен оны қызу қолдаймын. 

 

 

XIV съезге делегаттар сайланды

 

/«Қазақстан» ТРК, 19.11.2011 ж., С. Мауғазин/ - Қазір саяси партиялар еліміздің барлық аймақтарында Парламент Мәжілісі сайлауына дайындықтарын пысықтап жатыр. Петропавлда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген Мәжілісі өтті. Онда партияның кезектен тыс XIV съезіне облыстан қатысатын делегаттар тағайындалды. 

Жиында «Қазақстан. 2017 жылға дейінгі мақсаттар. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты тұғырнама жобасы талқыланды. 9 бағыттан тұратын жобаның мән-маңызы сараланды. Солтүстік қазақстандықтар мерзімінен бұрын өтетін сайлауды қолдап отыр. Олардың пікірінше, бұл – алдағы істерді бағамдап, дағдарысты еңсеруге ықпал ететін оңтайлы қадам. «Көппартиялы Парламент елдегі демократияны одан әрі дамытуға оң әсер етеді», - дейді партия өкілдері.

Жангелді Тәжин, Петропавл қалалық Мәслихатының депутаты:

Ел қамын ойлаған, халықтың мұң-мұқтажын білетін халықтық партия, қоғамдық қозғалыстар саяси күреске қашан да дайын болуы тиіс. Соның бір үлгісі біздің «Нұр Отан» партиясы. Ертең осы бағдарлама біздің жұмыс істейтін, бағыт-бағдарымыз болады. Біз осыны халыққа түсіндіреміз.

Сондай-ақ, Атырауда өткен саяси кеңес отырысында партия белсенділері тұғырнама жобасының әр тармағымен жіті танысып, болашақ жоспарды ортаға салды. Өңірде аталған саяси ұйымның 28 мыңнан астам мүшесі бар.

 

 

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық «Нұр Отан» ХДП

филиалы кеңейтілген саяси кеңес өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 19.11.2011 ж./ - Отырысқа облыстың барлық аудандарынан партияның саяси кеңесі бюросының мүшелері, облыстық қалалық мәслихатының «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары, жемқорлықпен күрес кеңесі және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Саяси кеңесте Нұр Отан ХДП партиясының сайлау алды тұғырнамасының жобасы талқыланды. 2012 жылдың қаңтар айында елімізде Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өтеді. Еліміз маңызды таңдау жасайды. Осы орайда ұлт көшбасшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын қолдап қоймай, еліміздің болшақ экономикалық дамуын, халықтың әл ауқатын жақсарту мақсатында одан әрі жұмыс істейміз,-деді солтүстікқазақстандық нұротандықтар. Қазақстан-2017 Ұлттық іс әрекеттер жоспары сайлау алды тұжырымдамасын талқылаған кеңеске қатысушылар, Астанада өтетін Нұр Отан партиясының кезектен тыс 14 съезіне облыс атынан баратын жалпы 60 делегатты сайлады.

Жангелді ТАЖИН, «НҰР ОТАН» ХДП СҚФ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

- Бұл алдымен енді кезектен тыс сайлау дегенменде оған қандай саяси партия болсын. Қай уақытта дайын болуға тиіс. Біздің партия осы Нұр Отан ХДП осы қандай болсын халықтың қамын ойлаған партия болғандықтан қандай жағдай болмасын біз бұл сайлауға дайынбыз. Өзі сайлау алды тұжырымдамамызды қабылдадық. Осыған біз көптеген нақты міндеттерді жаздық. Қазір халық арасында түсіндіріп, біз нақты дайындықпен баруға тиіспіз ең негізгі міндет осы.

 

 

 

 

 

 

ШҚО «Нұр Отан» партиясы

аймақтық филиалының отырысы өтті

 

/«BNews. Kz», 19.11.2011 ж./ – ШҚО «Нұр Отан» халықтық-демократиялық париясы аймақтық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, - деп хабарлайды BNews. Kz агенттігінің тілшісі.

Отырыс ҚР Президентінің ҚР Парламент Мәжілісі 4 шақырылымын тарату және ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды 2011 жылдың 15 қаңтарына бекіту туралы жарлығына сәйкес өтті.

Кеңейтілген саяси кеңес отырысын «Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы Берібек Сапарбаев өткізді. Отырысқа партияның Республикалық Саяси кеңесі мүшесі Айгүл Соловьева да қатысты.

Басқарушы партия өкілдері өзекті мәселелермен қоса «Нұр Отан» ХДП «Қазақстан. 2017. Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлау алды бағдарламасын қарады.

Сонымен қатар, отырыста «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс XIV съезді делегаттарын сайлау мәселесі де сөз болды.

 

 

«Жас Отан» ШҚО жастарын белсенді

түрде сайлауға қатысуға шақырады

 

/«BNews. Kz», 21.11.2011 ж./ – «Жас Отан» жастар қанаты Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарын жақында өтетін ҚР Парламент Мәжілісі сайлауына белсенді түрде қатысуға шақырып, өз үндеулерін таратты, деп хабарлайды «BNews.kz» АА тілшісі.

«ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі тойлауға аз ғана уақыт қалды. Осы уақыт ішінде біздің еліміз қарыштап дамып, барлық әлем мойындаған дамушы ел ретінде танылды. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсаған, егемендігімізге Алаш ардақтыларының қанымен, желтоқсандық жастардың табандылығымен қол жеткіздік»,- деп жазылған үндеуде.

«Біз жастарды өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асырып, 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін сайлауға белсенді түрде ат салысуға шақырамыз. Біздің байрағымыз Отанымыздың жарқын болашағы мен биік мақсаттарының белгісі болсын Өзін Қазақстанның патриотымын деп санайтын әрбір жас біздің осы үндеуімізге құлақ асатынына сенімдіміз!»,- деді «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері.

 

 

«Нұр Отан» партиясының

съезіне делегаттар сайланды

 

/«Хабар» агенттігі, 18.11.2011 ж./ - Ел өңірлерінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ХІV съезіне делегаттар сайлануда.

Алматы облыстық филиалы саяси кеңесінің Талдықорғанда өткен кеңейтілген отырысында түрлі саладан 45 адам делегат болды. Олардың 10-ы «НұрОтан» партиясының орталық аппаратынан ұсынылған. «Нұр Отан» партиясының Жетісу жеріндегі мүшелері бүгінде 90 мыңға жуықтады. Облыстық филиалдың басқаруымен 16 аудандық, 3 қалалық партия бөлімшелері мен 460 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істеуде. Ұйымдық жағынан нығайып, сапалық құрамы артып келе жатқан нұротандықтар Халықтық Тұғырнамада белгіленген міндеттерін абыроймен жүзеге асыруда. Кейінгі екі жылда облыста 21 кәсіпорын, 21 мектеп, 4 ауылдық аурухана мен 2 перзентхана іске қосылды. 60 елдімекен ауызсумен қамтамасыз етілді. Ұзындығы 2 мың шақырым болатын жергілікті жолдар жөнделді. Көлемі 837 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Ауқымды істер атқарылып жатқан әр құрылыс нысанында партиялық бақылау бекеттері ашылып, жұмыстың сапасы мен еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайы қадағаланды. Алда жаңа міндет, игі мақсаттар тұр. Ол «НұрОтан» партиясының сайлауалды Халықтық Тұғырнамасының жобасында айқындалған.

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Міне, осы бағдарлама бұдан кейін де өрістеуі қажет деп ойлаймыз. Осы жөнінде кеңестің үстінде үлкен жақсы әңгіме, салихалы әңгіме болды. Болашақта «НұрОтан» партиясының жәй ғана саясатта жетекші күшке емес, жалпы қоғамның әл-ауқатын, қоғамның денсаулығын күшейтуде «Нұр Отан» партиясының атқаратын ролі көп болмақ.

 

 

Қызылордада «Нұр Отан» партиясының

кезектен тыс съезіне делегаттар сайланды

 

/«Хабар» агенттігі, 18.11.2011 ж./ - Қызылорда да «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі кеңейтілген Мәжіліс өткізіп, сайлауалды тұғырнаманың жобасы талқыланып, партияның кезектен тыс съезіне делегаттар сайланды.

«Қазақстан. 2017 жылға мақсаттар. Ұлттық іс-әрекет жоспары» тақырыбындағы сайлауалды тұғырнамада еліміздің 5 жыл ішіндегі даму мүмкіндіктері 9 бағыт бойынша көрсетілген. Ол білім, денсаулық, әлеуметтік саясат, экономика түптеп келгенде қоғамның барлық салаларын қамтиды. Онда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қатарын арттыру, Назарбаев зияткерлік мектептерін еліміздің барлық аймақтарында ашу, автокөлік жасау, химия өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіпті дамытуда зор жетістіктерді еңсеру межеленген. «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Құдайбергеновтің айтуынша партия дамудың жаңа өлшемдерін ұсынып отыр. Жарыссөзге шыққан облыстық мәслихат депутаттары сайлауалды тұғырнама жобасында шағын және орта бизнес пен әлеуметтік саланы дамытуға ерекше мән берілгеніне тоқталды. Кеңейтілген Мәжіліс соңында саяси кеңес мүшелері партияның кезектен тыс ХІV съезіне облыстан қатысатын делегаттарды сайлады.

Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА, «НҰРОТАН» ХДП САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, ҚР ЕЖХӘҚ МИНИСТРІ:

- Екі үлкен потенциалымыз бар. Бірінші потенциал әрине ол біздің партиямызды басқарып отырған біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Екіншіден, бағдарламаны кезінде қабылдап, оны жүзеге асырған әрбір партия мүшесі бар. Біздің партияның мүшелері әр салада қызмет істеп жатыр. Партия мүшелері әрбір ауылда, әрбір ауданда, әрбір қалада, бүкіл республика көлемінде.

Нұрмұрат ЕРМАНОВ, СЪЕЗД ДЕЛЕГАТЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Кәсіпкерлер көбейіп және әрбір семьяда кәсіпкер шығып, өзін-өзі асырайтын болса біздің мемлекетіміздің жағдайы жақсара бермек. Сондықтан осы тұғырнамада айрықша 4-5 бағытпен кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге, оларды әрі жандандыруға арнайы бағыттар қабылданған. Сондықтан біздің облыстың кәсіпкерлері толығымен осы тұғырнаманы қолдап, жалпы скл партияның бірінші орын алуына жеткізеді деп ойлаймын.

 

 

Тұғырнама талқыланып, делегаттар сайланды

 

/«Егемен Қазақстан», 19.11.2011 ж./ - «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына облыстық филиал басшылығы мен аппаратының қызметкерлері, бюросы мен саяси кеңесінің мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, партияның аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, облыстық департаменттері мен басқармаларының басшылары қатысты.

Кеңейтілген отырыста «Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстан. 2017. Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасының жобасы туралы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Балғали Ордабаев баяндады. Ол 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы маңызды саяси шара екенін айта келіп, елдегі ең ықпалды саяси күш – «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасына жан-жақты тоқталды.

Тұғырнаманы талқылауға қатысқан «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық автомобиль жолдары департамантінің директоры Бағлан Баймағамбетов, «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахат Мырзалин, Бейбітшілік пен келісім кеңесі облыстық бөлімшесінің төрағасы Келдібай Еспағамбетов және басқалары партияның сайлауалды тұғырнамасы туралы ойларын ортаға салып, оны ел дамуына қызмет ететін бағдарламалық маңызға ие құжат ретінде бағалады.

Отырыста үстіміздегі жылғы 25 қарашада Астанада өтетін «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XIV съезіне өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып жүрген 28 партия мүшесі делегат болып сайланды.

 

 

«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысын өткізді

 

/«Қазақстан» ТРК, 21.11.2011 ж., Ш. Кіребай/ - Бүгін Алматыда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Алматы қалалық саяси кеңесінің жиыны өтті. Кеңейтілген отырыста партияның сайлауалды тұғырнамасы талқыланды. Алдағы Парламент Мәжілісі сайлауына нұротандықтар ішкі және сыртқы саясатқа қатысты алты бағытта атқарылатын бағдарламасын пысықтады.

Сонымен қатар, кезектен тыс XIV съезге делегаттар тізімі бекіді. Сондай-ақ, бүгін ұйым қатары толыға түсті. Партияның жаңа мүшелері - елімізге белгілі өнер майталмандары мен зиялы қауым өкілдері.

Бибігүл Төлегенова, КСРО және ҚР халық әртісі:

Қазір еңбек еткен адамның біреуі де баспанасыз, нансыз, киімсіз отырмайды. Егер еңбек ететін болсақ, қашанда қолымыздан бәрі келеді. Қол қусырып, жоқ-жоқ деп отырсақ, ештеңе болмайды. Сондықтан, осы партияға менің де келіп отырғаным, жастармен бірге ойлаймын, біздің еңбегіміз, өнерімізбен, жастармен бірге күш беруге тырысамыз.

 

 

«Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық

филиалы саяси кеңес отырысын өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 22.11.2011 ж./ - Оған облыстағы бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.

Кеңесте «Қазақстан-2017 мақсаттары, ұлттық іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасының жобасы талқыланды. Ол алдағы бес жылда әлеуметтік саланы дамытып, халықтың әл ауқатын одан әрі жақсартуға бағыталған. Жастардың халықаралық стандарттарға сай білім алуына мүмкіндік жасалады. Еліміз бойынша 350-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетудің аясы кеңейтілмек. Кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау, ауылды дамыту аясында өндірісті жандандырып, еңбек өнімділігін алдағы 5 жылда 2 есеге көбейту жоспарланған. Жиында осы және өзге де мәселелер туралы жиынға қатысушылардың ұсыныс -тілектері тыңдалды. Сондай-ақ, бастауыш ұйым белсенділері алғыс хаттармен марапатталып, партияның кезектен тыс 14-ші съезіне делегаттар сайланды.

Ғалым ШОЙКИН, «НҰР ОТАН» ХДП АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - «Халықтың дауысы» атты біздің акциямыздың арқасында, Ақмола облысында 40 мыңнан астам халықтың ұсыныстары түскен болатын. Осы халықтан келген ұсыныстарды зерттеп, біз осы Орталық партия жалпы, жаңа сайлауға алдындағы мына платформаны дайындадық. Бүгін осы жобаны талқыладық. Жаңа міндеттер өзіміздің алдымызға қойып жатырмыз. Ойлаймыз, осы бес жылдықта оның барлығын жүзеге асырамыз деп сенемін.

 

 

Басты назарда - әлеуметтік мәселелер

 

/«Қазақстан» ТРК, 22.11.2011 ж./ - Ана мен баланы қорғау, зейнеткерлерге лайықты өмір, жастар табысы және сыбайлас жемқорлықпен күрес. «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісіне сайлауалды тұғырнамасында осы әлеуметтік мәселелер кеңінен қамтылған. Осы маңызды құжатты партияның астаналық филиалының саяси кеңесі де талқылады. Алдағы бес жылды қамтитын іс-қимыл жоспарында халықтың әл-ауқатын жақсартумен қоса, сот жүйесін жетілдіруге, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, мемлекеттік тілдің тұғырын бекемдеуге басымдық берілмек. Тұғырнаманы партия белсенділері бірауыздан қолдап, дауыс берді. Сондай-ақ жиын соңында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 14-ші съезіне Астанадан қатысатын делегаттардың тізімі нақтыланды.

 

Иманғали Тасмағамбетов, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы:

Алдымыздағы саяси науқан еліміздің болашағына қызмет етеді. Қаламыз да, Астанамыз да өркендеп, өсе түседі. Бұған ешқандай күмән жоқ, өйткені, өткен 10 жылдың ішінде болған оқиға барлығымыздың көз алдымызда.

 

 

Қостанай сайлау комиссиясы

2012 жылы 15 қаңтарда өтетін сайлауға дайын

 

/«BNews. Kz», 17.11.2011 ж./ – Қостанай сайлау комиссиясы 2012 жылы 15 қаңтарда өтетін сайлауға дайын. Бул туралы «BNews.kz» АА тілшісіне Қостанай облысы сайлау комиссиясының төрағасы Антонина Маркова хабарлады.

«Комиссияның барлығы жұмысқа кірісіп кетті. Олар 2009 жылы сайланған болатын, бірақ олардың өкілеттік мерзімі әлі аяқталған жоқ. Енді 23 қарашаға дейін комиссия құрамы, округтердің шекарасы нақтыланып, БАҚ беттерінде шығатын болады», - дейді ол.

Бірақ, А.Маркованың айтуынша, округтік комиссия бойынша сұрақтар туындауы мүмкін.

«Комиссия мүшелері мәслихаттың қосымша сайлауларында аз жұмыс істеді. Бұл олардың алғашқы үлкен сайлаулары. Бұл жолы сайлау комиссиясы мүшелеріне бір адамға 3 бланктан келетін жұмыс істеуге тура келеді. Қазір оларды түрлі-түсті етіп дайындау жөнінде ұсыныс түсіп отыр», - деп сөзін қорытты ол.

Айта кетейік, 2012 жылы 15 қаңтарда Қостанай облысының тұрғындары 301 депутатты сайлауға тиіс.

 

 

Сайлауалды тұғырнама жобасы талқыланды

 

/«Қазақстан» ТРК, 21.11.2011 ж., Д. Әбдібек/ - Бүгін Қостанайда партияның бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуда сайлауалды тұғырнама жобасы талқыланып, аймақтан алдағы 14 съезге баратын делегаттар сайланды.

Әрбір қазақстандықтың гүлденген елде лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету - «Нұр Отанның» сайлауалды тұғырнамасының басты мақсаты. Құжат «Қазақстан-2020» Президенттік стратегиясын іске асыруға бағытталған. Сонымен бірге оны халықтың партияға берген аманаты деп те атауға болады. Себебі, тұғырнама «Халықтың дауысы» акциясы барысында келіп түскен ұсыныстар негізінде әзірленді.

Акцияға бүгіннің өзінде милионнан астам қазақстандық атсалысты.«Нұр Отан» Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ мерзімдік мақсаттарын іске асыратын басты саяси орталық болып табылады», - деді өз сөзінде партия төрағасының бірінші орынбасары.

«Нұротандықтар» егін орағының қаһармандарымен де кездесті. Биыл бұл жерде рекордты көрсеткіш 8 миллион 681 мың тонна бидай бастырылды. Сонымен қатар, бүгін аймақтың көптеген белгілі азаматтары партия қатарына кірді.

Кәмшат Дөненбаева, Социалистік Еңбек Ері:

Мен «Нұр Отан» партиясының мүшесі болуымның басты себебі – бұл Елбасымыздың партиясы, бұл нақты істер партиясы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор еңбегіне лайық, Қазақстанның барлық жетістіктері оның есімімен тығыз байланыстырылады деп санаймын.

Сайран Бұқанов, Еңбек Ері:

«Нұр Отанның» қабылдаған тұғырнамасының бәрі орындалады деп ойлаймын. Алдағы съезде халыққа айтарымыз көп. Осы партияның бастамасымен біраз істер орындалды. Сол игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады деп есептеймін.

 

 

«Нұр Отан» сайлауалды тұғырнамасын талқылады

 

/«Айқын», 22.11.2011 ж./ - Қостанайда партиялықтар сайлауалды тұғырнама жобасын талқылап, партияның ХІV съезінің делегаттары сайланды.

Әрбір қазақстандық азаматтың гүлденген елде лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету - «Нұр Отанның» сайлауалды тұғырнамасының басты мақсаты. Құжат «Қазақстан - 2020» Президенттік Стратегиясын іске асыруға бағытталған. Сонымен бірге оны халықтың партияға берген аманаты деп те атауға болады. Себебі тұғырнама «Халықтың дауысы» акциясы барысында келіп түскен ұсыныстар негізінде әзірленді. Акцияға бүгіннің өзінде миллионнан астам Қазақстан азаматы қатысты.

«Нұр Отан» Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұзақ мерзімдік мақсаттарын іске асыратын басты саяси орталық болып табылады», деп айтып өтті өз сөзінде партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.

Партияның алдағы сайлауда жеңіске жететініне «Нұр Отанның» республикалық форум делегаттары да сенімді. Партия белсенділері съездің маңыздылығына, партияның қазақстандықтарға айтары көп екеніне де сенімді. Себебі партия уәдесіне әрқашан да берік. Себебі «Нұр Отан» - Елбасының партиясы.

Бүгін аймақтың көптеген белгілі азаматтары партия қатарына кірді. Олардың ішінде Кәмшат Дөненбаева бар. Ол тракторшы болып істеген алғашқы қазақ қызы, кезінде бүкіл одаққа танылған тұлға, Социалистік Еңбек ері. Кәмшат апай өмірлік ұстанымына бүгінгі күні де берік.

- Менің «Нұр Отан» партиясының мүшесі болуымның басты себебі - бұл Елбасымыздың партиясы. Бұл - нақты істің партиясы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор еңбегіне лайық Қазақстанның барлық жетістіктері оның есімімен тығыз байланыстырылады, дейді Кәмшат Дөненбаева.

Партия қатары кәсіпкерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары, белгілі спортшылармен де толықты.

Партиялық билеттерді тапсыру кезінде Төрағаның Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин айтып өткендей, «Нұр Отан» қатарына кірем деушілер санының күннен-күнге өсуі - Президентке, партия Төрағасына деген сенімнің жоғары екендігінің көрсеткіші болып табылады.

                «Нұр Отан» жетекшілері егін орағының қаһармандарымен кездесті. Қостанай облысы тек қана индустриалды аймақ емес. Сондай-ақ ол елдің басты астық қоймасы болып табылады. Биыл бұл жерде рекордты көрсеткіш - гектардан 20 центнер астық жинап, 8 миллион 681 мың тонна бидай бастырылды. Бұл тарихта болмаған жағдай деп есептейді мамандар. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында осындай өнім алынғаны егіншілердің мерейтойды тойлауға қосқан ерекше үлесі болып саналады.

 

 

Бағыт айқын, мақсат бір

 

/«Егемен Қазақстан», 22.11.2011 ж., Ф. Бықай/ - Облыс орталығында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Бұл жиылысқа «Қазақстан халық банкі» АҚ-тың директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов қатысты.

Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс және мәслихаттардың сайлауларын көшбасшы партия ретінде «Нұр Отан» да бірден назар аударып, алдағы науқанға толықтай дайын екенін мәлім етті. Мақсат – «Нұр Отан» партиясының әділ және таза жеңісін қамтамасыз ету.

Кеңейтілген отырыста сөз алған облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының сайлаулары маңызды саяси шара екенін айта келіп, елдегі ең ықпалды саяси күш – «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасына жан-жақты тоқталып өтті. Бұл жоба 9 бағыттан тұрады.

Ал тұғырнамадағы басым бағыттардың бірі – индустриялық-инновациялық даму бағдарламасындағы іске асырылуы қолға алынған міндеттер мен тапсырмалар болып табылады. Қалалардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінде ауқымды істер басталды. Облыстың ауылдарында тұрғын үйлер бой көтеруде.

Тұғырнаманы талқылауға қатысқан партияның жергілікті филиалы төрағасының орынбасары Айгүл Нұркина, партия саяси кеңесінің мүшесі, ректор Ерлан Арын және басқалары сайлауалды тұғырнама туралы өз ойларын ортаға салып, оны ел дамуына қызмет ететін бағдарламалық маңызға ие құжат ретінде бағалады.

Жиында 25 қарашада Астанада өтетін «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XIV съезіне өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып жүрген бірақтар партия мүшелері делегат болып сайланды.

 

 

ҚКХП Мәжіліске сайлауға түсетін кандидаттар

тізімін 26 қарашадағы съезде шешеді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 17.11.2011 ж./ - Қазақстан Коммунистік халық партиясы кезектен тыс съезі 26 қарашада Алматыда өтеді, деп хабарланады партияның ресми сайтында.

«Қазақстан Коммунистік халық партиясының Орталық комитеті ҚКХП ҚРОК мен ОК IX пленумын өткізді. Пленум, 2011 жылдың 2011 жылы Алматы қаласында ҚКХП-ның VI-ші кезектен тыс съезі шақырылсын», - делінген хабарламада.

 

 

ҚХКП сайлауға 18-20 делегат ұсынады - Ахметбеков

 

/«BNews. Kz», 17.11.2011 ж./ – Алда тұрған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына ҚХКП  18-20 делегат ұсынады.  Бұл туралы  BNews.kz  ақпарат агенттігі тілшісіне  берген сұхбатында  Жамбыл Ахметбеков  айтты.

«Біз бірігіп облыстық  конференция өткізе бастадық. Онда 26 қарашада өтетін съезге делегаттар сайлануда. Облыстық партия комитеттері  партиялық тізімге енгізу үшін өздерінің кандидаттарын ұсынуда. Ал тізім Алматыда бекітіледі. Біздің партия бұл үдеріске белсене кірісіп кетті.  Бізде барлығы  18-20 делегат болады», - деді  Ж.Ахметбеков.

 

 

Отаншылдар партиясы Парламенттің

мерзімінен ерте сайлауына қатысады

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 17.11.2011 ж./ - Қазақстанның Отаншылдар партиясы 2012 жылдың 15 қаңтарында болады деп бекітілген Парламенттің мерзімінен ерте сайлауына қатысады, деп хабарлады бейсенбі күні осы партияның төрағасы Ғани Қасымов.

«Дүйсенбі күні біз партияның орталық комитеттері бюросын өткізіп, біз онда алдағы болатын сайлауға қатысуға шешім қабылдадық», - деді Қасымов журналистерге.

«Біз сонымен қатар съез, пленум және өткізіп өзіміздің тізімімізді дайындаймыз», - деп түсіндірді ол сөзінде.

 

 

ЖСДП АЗАТ үміткерлерінің тізімін

26 қараша күнгі съезде анықтайды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 17.11.2011 ж./ - Жалпыұлттық социал-демократиялық  «Азат» партиясы (ЖСДП Азат) 26 қараша күні партия съезін өткізеді, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-гіне ЖСДП «Азат» партиясының төрағасы, партия президиумының мүшесі, қазақстандық оппозиция көшбасшыларының бірі Жармахан Тұяқбай.

«26 қараша күні партия съезін шақыруға шешім қабылдадық», - деді агенттікке Тұяқбай.

 

 

СДП «Ауыл» Парламенттің мерзімінен

тыс сайлауына қатысады - Қалиев

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 17.11.2011 ж./ - Социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, 2012 жылдың 15 қаңтар өтетін Қазақстан Мәжілісі (Парламенттің төменгі Палатасы) мерзімінен тыс сайлауына қатысады, деп хабарлайды бейсенбі күні СДП «Ауыл» Ғани Қалиев.

Біз 12 қараша күні Шымкентте партияның саяси кеңесін өткізіп, онда барлық тактикалық мәселелерді талқылап, шамамен тізімді өзара келісті», - деді Қалиев журналистерге.

 

 

 

 

 

Сайлауға ұсынылатын кандидаттардың санын

партияның съезі анықтайды - Перуашев

 

/«BNews. Kz», 18.11.2011 ж./ – Сайлауға ұсынылатын кандидаттардың санын «Ақ жол» партиясының съезі анықтайды. Бұл туралы BNews.kz ақпарат агенттігі тілшісіне берген сұхбатында  партия төрағасы  Азат Перуашев мәлім етті.

«Біз сайлауға қатысатын боламыз. Көптеген жұмыстар жүргізілуде. Өткен аптада біз кезектен тыс съезд өткіздік. Онда кейбір ұйымдастыру мәселелері шешілді. Сайлауға қанша кандидат ұсынылатынын съезде нақты айтылады», - деді  А.Перуашев.

Партия жергілікті жерлердегі құрылымдарын қайта жасақтап, орталық комитеттің жаңа кеңесін құрды. Партияның президиумы  19 қарашада өтеді

«Мәжіліске сайлауға біз міндетті түрде қатысамыз. Ал мәслихаттарға жергілікті жерлерде облыстық конференциядан кейін қатысатын болады», деді «Ақ жол» партиясының төрағасы.  

 

 

«Ақ жол» партиясы сайлауалды

тұғырнамасын талқылады

 

/«Қазақстан» ТРК, 19.11.2011 ж., Ғ. Қалмаханов/ - Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын таратылуы ел ішіндегі саяси партиялардың белсенділігін арттыра түсті. «Ақ жол» демократиялық партиясы Шымкентте сайлауалды президиум Мәжілісін өткізді. Бұған дейін, тек Алматы мен Астана қаласындағы өкілдеріне арқа сүйеп келген ақжолдықтар бұл жолы саяси бәсекеге әзірлігін аймақтардан бастауды жөн санапты. Партия басшылары Оңтүстік Қазақстан облысындағы мүшелерімен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасының жайын ақылдасты.

Партияның сайлауалды тұғырнамасы негізінен бес бағытты тірек етпек. Оның алғашқысы әлеуметтік саланы қамтиды. Жұмыссыздықты еңсеру, денсаулық пен білім беру ісін жақсарту, зейнетақы жайы. Екінші кәсіпкерлердің құқығын қорғау. Орта және шағын бизнеске қолдау көрсету.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

Біздің ең алғашқы саяси мақсатымыз өкілетті органдардың Парламент және Мәслихаттардың құқықтарын кеңейту. Атқарушы орындар сол өкілетті органдарға қарауы тиіс. Соның арқасында елге қызмет ету.

Ақжолдықтардың тағы бір ойдағы шаруасы – жемқорлықты ауыздықтау. Құқық қорғау органдарының әділ төреліктің төңірегінен табылуын қалап отыр. Партия өкілдері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді де, басым бағыттардың бірі деп санайды. Олар жеріміздің қойнауындағы қазына байлығымыз ең алдымен қазақстандықтардың игілігі үшін жұмсалуы тиіс деп есептейді.

Қазыбек Иса, ақын, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі:

«Ақ жол» партиялардың ішінде ұлттық концепцияны қабылдаған жалғыз партия. Ұлттық мүдде, мемлекеттік мүдде – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Сол бағытта көптеген игі істер болғанын қалаймыз.

Ақжолдықтардың сайлау алдындағы жұмыстарын Оңтүстіктен бастауы тегін емес. Түстіктегі партия өкілдігі мүшелерінің көптігімен ерекшеленеді. Ол  35 мыңға жуықтайды. Ал жаңадан түзіліп жатқан тұғырнама мұнан әрі қарай өзге аймақтарда да талқылаудан өтпек. Саяси тұжырымдама елеп-екшелген соң партияның алда өтетін съезінде бекітілетін болады.

 

 

Шымкентте «Ақ жол» демократиялық партиясы

орталық кеңесінің Мәжілісі өтті

 

/«Хабар» агенттігі, 19.11.2011 ж./ - Онда кезектен тыс Парламент Мәжілісінің сайлауын өткізуге байланысты партияның кезектен тыс съезін өткізу мәселесі қаралды.

«Ақ жол» демократиялық партиясы оңтүстікке үміт артып отыр. Жақында ғана өткен кезекті съезінде партияның құрылымдық өзгерістері келісілген болатын. Партия Елбасының кезектен тыс Парламен Мәжілісінің сайлауын өткізу қаулысына байланысты науқанын оңтүстіктен бастады. Партияның келісілген тұғырнамасы негізінен бес бағытты тірек ететіні айтылды. Оның алғашқысы әлеуметтік саланы қамтиды, жұмыссыздықты қысқарту, денсаулық сақтау мен білім беру ісін жақсарту. Зейнетақы жайы елдің көкейінде жүрген мәселе. Кәсібімен күнін көріп жүрген азаматтардың шенеунік шырғалаңында қалмауы, кәсіпкерлердің құқығын қорғау. Орта және шағын бизнеске қолдау көрсету. «Ақжолдықтардың» тағы бір ынтасы жемқорлықты ауыздықтау. Құқық қорғау орындарының әділ төреліктің төңірегінен табылуын қалап отыр. Партия өкілдері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді де басым бағыттардың бірі санайды. Олар жеріміздің қойнауындағы қазына байлығымыз ең алдымен қазақстандықтардың иглігі үшін жұмсалуы тиіс деп есептейді.

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Ақжол партиясына жеке меншік кәсіпкерлер де белсенді түрде бас қосқаннан кейін, біз осы салық мәселелерін, шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығын қолдау, ауыл шаруашылығы өндіретін өнімдерді қайта өңдеу салаларын қолдау жөнінде біраз ұсыныстарды ұсынып отырмыз, шығарып отырмыз.

Қазыбек ИСА, «АҚЖОЛ» ДЕМОКАРТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, АҚЫН:

- Ұлт мүддесі, одан кейін экономикалық жағынан кәсіпкерлердің мүддесі біздің ең басты ұстанымдарымыз болады.

 

 

«Ақ жол» ҚДП партияның

сайлауалды съезін Алматыда өткізеді

 

/«BNews. Kz», 21.11.2011 ж./ – Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Орталық кеңесінің Президиумы Партияның сайлауалды съезін қарашаның 27-інде Алматы қаласында өткізу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметінен хабарланды. 

Шымкент қаласында бүгін өткен «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі Президиумының көшпелі  мәжілісінде Партияның сайлау алдындағы съезін Алматы қаласында, 27 қарашада өткізу туралы шешім қабылданды.

9 қарашада Партияның кезектен тыс өткен ІХ съезінен кейін ҚДП орталық органдары филиалдардағы партия мүшелерінің үлес салмағы бойынша қалыптастырыла бастады. Нәтижесінде, «Ақ жолдың» Орталық басшылығының құрамы бұрынғыдай  Астана және Алматы өкілдерінің басымдығымен емес, жаңа басшылық Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аймақтық лидерлері басымдыққа ие болып құрылды. Осыған байланысты, Партия орталық органдардың көшпелі мәжілістерін ірі партия ұйымдарында өткізетін тәртіпті енгізді. Алғашқы осындай мәжіліс «Ақ жол» партиясының 25 мыңнан астам мүшелері бар Оңтүстік Қазақстанда өтті. 

Президиум кезектен тыс парламенттік сайлауға қатысу туралы мәселені қарап, Партияның кезектен тыс съезінің өткізілетін күні мен уақытын белгіледі, делегаттардың өкілдік нормасын анықтады.

Облыстық филиалдардың төрағаларына 26 қарашаға дейін съезд делегаттарын сайлау жөнінде «Ақ жол» ҚДП облыстық конференцияларын ұйымдастырып, өткізу тапсырылды. Бұдан басқа, бұл конференцияларда делегаттар дәл осы мерзімде кезектен тыс сайлауы өтетін жергілікті мәслихаттарға ұсынылатын, партия кандидаттарының тізімін бекітуі тиіс.

Президиум сондай-ақ «Ақ жол» ҚДП сайлауалды тұғырнамасының жобасын қарады және шақырылып отырған Партия съезіне енгізу үшін оны ширата түсу жөнінде ұсынымдар берді.

Президиум мәжілісінде жасаған баяндамасында Партия төрағасы Азат Перуашев: «Ақ жол» партиясы сайлауға мықты ұйымдық құрылыммен және іс-әрекеттің нақты бағдарламасымен, толық жұмылдырылған дайындықпен шығады»,- деп атап өтті. 

 

 

Толық дайындықпен барады

 

/«Егемен Қазақстан», 22.11.2011 ж., Б. Тайжан/ - Шымкент қаласында өткен «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі төралқасының көшпелі Мәжілісінде партияның сайлау алдындағы съезін 27 қарашада Алматы қаласында өткізу туралы шешім қабылданды.

9 қарашада партияның кезектен тыс өткен ІХ съезінен кейін ҚДП орталық органдары филиалдардағы партия мүшелерінің үлес салмағы бойынша қалыптастырыла бастады. Нәтижесінде, «Ақ жолдың» орталық басшылығының құрамы бұрынғыдай Астана және Алматы өкілдерінің басымдығымен емес, жаңа басшылық Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аймақтық лидерлері басымдыққа ие болып құрылды. Осыған байланысты, партия орталық органдардың көшпелі Мәжілістерін ірі партия ұйымдарында өткізетін тәртіпті енгізді. Алғашқы осындай Мәжіліс «Ақ жол» партиясының 25 мыңнан астам мүшесі бар Оңтүстік Қазақстанда өтті.

Төралқа кезектен тыс Парламенттік сайлауға қатысу туралы мәселені қарап, партияның кезектен тыс съезінің өткізілетін күні мен уақытын белгіледі, делегаттардың өкілдік нормасын анықтады.

Облыстық филиалдардың төрағаларына 26 қарашаға дейін съезд делегаттарын сайлау жөнінде «Ақ жол» ҚДП облыстық конференцияларын ұйымдастырып, өткізу тапсырылды. Бұдан басқа, бұл конференцияларда делегаттар дәл осы мерзімде кезектен тыс сайлау өтетін жергілікті мәслихаттарға ұсынылатын, партия кандидаттарының тізімін бекітуі тиіс.

Төралқа сондай-ақ «Ақ жол» ҚДП сайлауалды тұғырнамасының жобасын қарады және шақырылып отырған партия съезіне енгізу үшін оны ширата түсу жөнінде ұсынымдар берді.

Партия төрағасы Азат Перуашев өзінің сөзінде: «Ақ жол» партиясы сайлауға мықты ұйымдық құрылыммен және іс-әрекеттің нақты бағдарламасымен, толық жұмылдырылған дайындықпен шығады», деп атап өтті.

 

 

Мәжіліс сайлауының құны – 55 млн. доллар

 

/«Халық сөзі», 18.11.2011 ж., Б. Нұрасыл/ - Мерзімінен бұрын өкілеттілігі тоқтатылған төменгі Палатаның депутаттары буынып-түйініп бітпей жатып, Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлау науқанын өткізу тәртібін жариялап та үлгерді. Жаңа тәртіпке сәйкес Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылдың қаңтар айының 15-де өткізілетін болды. Ал Қазақстан Халқы Ассамблеясы атынан түсетін депутаттарды сайлау 16 қаңтарға тағайындалды.

Бұл сайлаудың бұрынғы сайлаулардан бір ерекшелігі – саяси науқанға жұмсалатын қаржы көлемі қомақты көрінеді. Алақанын ысқылап бірден жұмысқа кірісіп кеткен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы «ә» дегеннен-ақ жұмсалатын қаржының көлемін айтып үлгерді – 8 миллиард 180 миллион теңге. (!) Көк қағазға шаққанда шамамен 55 млн. 270 мың АҚШ доллар. «Өткен сайлауда жұмсалған соманы талқылағым да келмейді, есімде де қалмапты», – деп атап өтті қабағын түйіп тұрып. Бұл қаржының 70 пайызы сайлау комиссиясының мүшелерінің айлық-шайлығы мен кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін жұмсалмақ. Қаржы көлемінің қомақтылығы болмаса, саяси доданың өн бойында айтарлықтай өзгешелік жоқ секілді. Жасы 25-ке толған, Қазақстан азаматы болып саналатын әрбір тұрғын үміткер бола алады. Міндетті түрде партияның атынан түсуі тиіс.

Үміткерлерді партиялық тізім бойынша ұсыну жұмыстары Мәжіліс тараған күннен яғни 16 қарашадан басталып кетті. Ол 15 желтоқсанға дейін жүргізілетін болады. Ал Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну 2011 жылғы 16 қараша мен 14 желтоқсан арасын қамтиды. «Сайлау науқанына қатысты бекітілген күнтізбелік жоспарға сай Орталық сайлау комиссиясы елдегі сайлау учаскелерінің аумағы мен оның құрамы туралы ақпаратты қарашаның 23-нен қалдырмай, сондай-ақ, Мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын 26 қарашадан кешіктірмей жариялайтын болады. Сайлауда автоматтандырылған, ақпараттық жүйесі пайдаланылмайтын болады. Дауыс беру қарапайым әдіс бойынша қағаз бюллетеньдер арқылы жүргізілмек», – дейді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов.

Сонымен саяси додаға кімдер қатысады? Қатысуға дайындықтарын әзірге ресми түрде тек «Нұр Отан» партиясы ғана жариялады. Қалғандары үнсіз. Кім-кімді ұсынады – ол әр партияның ішкі шаруасы. Әзірге белгілісі Қазақстанның Коммунистік партиясы бұл процеске қатыса алмайды. Өйткені сот шешімі бойынша партияның қызметі уақытша тоқтатылғанын білеміз.

Сайлауға кімдер қатысады?

Әзір ел арасында «Ақжол» «Ауыл», «Әділет» партиялары сайлауға белсенді қатысатындығы жөнінде пікір басым. Әсіресе «Ақжолдың» жүрісі ширап келеді. Әрине бұл да саяси болжам. Батыл болжам жасап саясаттың алдын алу мүмкін емес. Түсініп болмайтын құбылыс. Карта ойыны секілді. Тек кімнің қолында қандай көзір отырғанын бағамдай аласыз. Бірақ оны қашан пайдаланатынын білмейсіз. Тек алдағы сайлау бірнеше сценарий бойынша өтетін секілді. «Меніңше, алдағы сайлаудың үш түрлі сценариі бар. Біріншісін мысал ретінде – идеялды форма деп алайық. «Нұр Отан» партиясы және тағы екі партия басым салмаққа ие болуы мүмкін. Төрт партияның барлығының өтетіне күмәнім бар. «Нұр Отанды» қоспағанда, ең көбі, үш партиядан басқа саяси күші жеті пайыздық дауысты игере алмайды. Сондықтан ең ықтимал нұсқасы – заң шығарушы органға ең көбі үш партия өтуі мүмкін. Әрқайсысы жеті-сегіз пайыз дауыспен өтуі мүмкін. Екіншісін оптимистік сценарий деуге болады: «Нұр Отан» және «жеті пайыздық» дауысты игеріп шыққан тағы бір партия. Ол партияның қандай күш екені белгісіз. Үшіншісі – реалисттік нұсқа. «Нұр Отан» бастаған барлық партияның «жеті пайыз» дауысты жинай алмай, тек белгілі бір өлшемнің іске асуынан кез келген бір саяси күштің өтіп қалуы мүмкін», – дейді «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин. 

Сайлау-дерек:

Қазақстанда бұрын да Парламент таратылып, кезектен тыс сайлау өткізілген. Алғаш рет 1993 жылдың желтоқсанында барлық деңгейдегі депутаттар мандатынан айырылып, соның ішінде Жоғарғы Кеңес те өз өкілеттігін тоқтатқан болатын. Кейін 1994 жылдың наурызында сайлау өтті. 1995 жылдың наурызында Парламент қайтадан таратылды. 1995 жылдың наурызында жаңа Конституция бойынша референдум өтіп, екі Палатадан тұратын Парламент жасақталды. Сайлау 1995 жылдың желтоқсанында өтті.

2007 жылдың маусымында Мәжіліс депутаттардың бастамасымен тағы таратылып, тамызда алғаш рет партиялық тізімдер бойынша сайлау өтті.

 

 

Cаяси дода басталды

 

/«Заң газеті», 18.11.2011 ж., А. Құрманғали/ - «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, келер жылдың алғашқы айында өткелі отырған ҚР Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс өтіп жатқан бұл сайлауының жөні бөлек. Әрине, бұл дода Мәжіліс құрамын бірнеше партиядан жасақтау қажеттігімен ерекшеленеді. Биліктің өзі айрықша мүдделі болып отырған осы демократиялық қағидаттың жүзеге асуы, әрине, қай саяси ұйымның халық жүрегінен қаншалықты жол таба алатындығында. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуына қарағанда, тиісті тәртіппен тіркелген, сот іс-әрекетін қабілетсіз деп танымаған саяси ұйымдардың қай-қайсысы да бұл сайлауда бақ сынай алады. Оның мәлімдеуінше, еліміздегі мұндай ұйымдардың ішінде әзірге тек Қазақстан Коммунистер партиясы ғана сайлауға қатысуға құқық ала алмайды. Себебі, оның қызметі арнайы сот шешімімен тоқтатылған. Демек, әншейінде ел тағдыры, ұлт мүддесі жайлы айтқанда көкіректері қарс айырылатын саяси құрылымдардың біразы үшін өздерін көрсетіп, халық үшін қам жасайтын сәт те туып тұр.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының өтетін күні де белгіленіп, оны өткізудің іс-шараларының күнтізбелік жоспары да нақтыланып үлгерді. Сонымен қатар, партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттыққа үміткерлерді ұсыну да басталып кетті. Журналистермен болған брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Мәжіліс депутаттығына ұсынылатын үміткерлерге Конституцияда белгіленген тиісті өлшемдер бойынша мынандай талаптар қойылатынын жеткізді. Яғни, тиісті заңнамаға сәйкес, Мәжіліс депутаттығынан үміткер жасы 25-ке толған, елімізде кемінде он жыл тұрған, Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Ерекше атап айтатын мәселе, сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімімен бас еркінен айыру орындарында жазасын өтеп жатқан азамат бұл сайлауға қатысып, сайлана алмайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленіп, оны өткізу шараларының күнтізбелік жоспары бар. Бүгінде белігіл болып отырғандай, Мәслихат депутаттарына үміткерлер жекелген сайлау округтері бойынша ұсынылады. Жалпы кандидаттарды республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері және азаматтардың өздерін-өздері ұсына алады. Бұл шара 2011 жылғы 16 қарашада басталған болса, сайлау күніне бір ай қалғанда – 2011 жылғы 14 желтоқсанда аяқталуы керек.

 «Тойдың болғанынан боладысы» қызық дегендей, бұл сайлаудың да өз ретімен жылжып, өте шығатыны белгілі. Талай елдік маңызы зор саяси додаларды өткізуден тәжірибесі бар құзырлы орындар осы шараны да өз деңгейінде ұйымдастыратыны ақиқат. Алайда, оның нәтижесі қандай болмақ? Елдің тағдырын шешіп, болашағын айқындайтын кәсіби Парламенттің лайықты құрамын қалыптастыра аламыз ба? Ендігі оның депутаттарының айтатын пікірі, көтеретін мәселесі Қазақстанның көшін түзеуге ықпал ете ала ма? Бізді бәрінен бұрын осы жай ойландыруы керек. Бұл өз кезегінде сайлаушылардың бейтараптық танытпай, сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне мүдделі болуы қажеттігін ұқтырады. Ең бастысы, сайлауға түсетін үміткерлердің шын мәніндегі халыққа қажет шара мен оны жүзеге асырудың нақты жолдарын ұсына алатын азаматтар болуы айрықша маңызға ие. Мұны біздің бүгінгі респонденттеріміздің пікірі де қуаттайды.

Дос КӨШІМ, саясаттанушы

«Үміткерлерге аманат жүктеу керек

– Бір анығы, бес жүз адам дауыс берсе де, бес адам дауыс берсе де, «Нұр Отан» мен бірге тағы бір партия Мәжілістен орын алады. Ал, оның қай партия екені анық емес. Біреулер билік «Ақ жолды» дайындап жатыр дейді. Бірақ, бізде көбіне тосын қадамдар жасалады. Сондықтан, ол осы «Ақ жол» ма, әлде «Руханият», не «Әділет» бола ма, бұл белгісіз. Мен, бірақ, осы сайлауда оппозициялық партияның өтпейтінін білемін. Себебі, олар осы бес жылда ешқандай көзге көрінетін жұмыс жүргізген жоқ. Сондықтан, бұрынғы додада оппозицияның сайлануынан үміт болса, бұл сайлауда ол таза, ашық өткен күннің өзінде ондай нәтиже күту қиын. Менің ойымша, жалпы бұл сайлауда Парламент құрамын сапалы жасақтауға мүмкіндігіміз бар. Оның бір жолы ретінде ұлттық бағыттағы ұйымдардың үміткерлерге арнайы аманат дайындау керек екенін айтқым келеді. Бұл аманаттың ішінде «Сіздер егер де Парламент құрамына сайлана қалсаңыздар, мынандай мәселелерді назарға алыңыздар» деп нақты ұсыныстар жазылуы керек. Қазір байқап отырсақ, көптеген саяси партиялар ұлттық мәселеге араласа бастады. Оның ішінде «Руханият» та, «Әділет» те бар. Қысқасы, осы партиялардың көтеріп отырған мәселелері арқылы біз халықты дауыс беруге шақыра аламыз.

Нұрлығайым ЖОЛДАСБАЕВА, Парламент Сенатының депутаты, Сенаттың экономикалық және өңірлік саясат комитетінің төрайымы:

«Бұл бәсекеден ұтарымыз көп»

– Менің ойымша, бұл жолы сайланатын Парламент Мәжілісінің құрамы сапалық жаңа деңгейге көтеріледі деп олаймын. Демократия қағидаттарына сай оның құрамына кем дегенде үш партия енеді. «Нұр Отан», «Ақ жол», «Руханият» және «Әділет» партиясының бірі. Осы партиялардың қай-қайсысы да еліміздің саяси аренасында өзінің салмағы бар, халыққа жақсы қырынан танылған ұйымдар. Сондықтан, олардың бәсекесі бізге жас, жігерлі, білікті, тәжірибелі және, ең бастысы, патриот депутаттарды сайлауымызға мүмкіндік беретіні анық. Яғни, заң шығару үрдісі бұл саяси додадан тек қана ұтады. Парламентке өтетін депутаттардың құрамында барлық саланың білікті мамандары болғаны жөн. Олардың екі тілде еркін сөйлеуі де маңызды деп білемін. Қай үміткердің болмасын елдің болашағы үшін алаңдайтын және өзінің пікірі, көзқарасы бар, тәжірибесі толысқан азамат болуы кәсіби Парламенттің мүмкіндігін кеңейте түседі. Сондықтан, сайлаушылар өз таңдауын жасауда барынша сергек болса деген тілек бар.

 

 

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

 

/«Хабар» агенттігі, 21.11.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, бірқатар маңызды қаулы қабылданды.

Атап айтар болсақ, олардың қатарында сайлау бюллетендерін дайындау, жеткізу және есепке алу, сенім білдірілген адамдарды тіркеу шарттары және дауыс беруге арналған жәшіктерді мөрлеуге қатысты нұсқаулық сияқты құжаттар бар. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов кандидаттардың сенім білдірілген өкілдері ретінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамдар, сайлау комиссияларының мүшелері және саяси және мемлекеттік қызметкерлердің тіркеле алмайтынын ескертті. Ол сондай-ақ алдағы сайлауда азаматтардың дауыс беру ретіне байланысты да ақпарат берді.

Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВ, ОСК ТӨРАҒАСЫ:

- Алдағы сайлауда сайлаушылар әртүрлі үш бюллетень алады. Олардың біреуі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында саяси партия үшін дауыс беруге арналған. Екіншісі – облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған. Ал үшіншісі – аудандық немесе қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған бюллетень. Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары екі бюллетень алады. Өйткені, бұл қалаларда аудандық мәслихаттар жоқ.

 

 

ОСК: Дайындық шаралары басталды

 

/«Айқын», 22.11.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты бірнеше қаулы қабылдады.

Соған сәйкес, қаңтар айының 15-ші жұлдызына белгіленген саяси науқан барысында астаналықтар мен алматылықтардан басқа сайлаушылар 3 түрлі бюллетень алатын болды. ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, бюллетеньдердің алғашқысы Парламент Мәжілісі депутаттарының додасына, екіншісі облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттарды таңдауға, үшіншісі аудандық һәм қалалық мәслихаттың мандатынан үміткерлерге дауыс беруге арналған.

Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары 2-ақ бюллетень алады. Себебі бұл қалаларда аудандық мәслихат жоқ. Сондықтан мұнда сайлаушылар дауыстарын саяси партияға немесе қалалық мәслихаттың депутатына ғана бере алады.

«ОСК барлық қажетті дайындық шараларын бастап кетті. Алдағы сайлауға тиімді ақпараттық қолдау көрсетуге, сайлауды ұйымдастырушыларды оқытуға үлкен күш жұмылдырылып жатыр», - деді жиында төраға.

Басқосу барысында ҚР Президенттігіне, Парламент пен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының тіркеу тәртібі, дауыс беруге арналған жәшіктерді мөрлеу шарты және Мәжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындау, жеткізу және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулық бекітіліп, арнайы қаулы қабылданды.

«Сайлау үдерісін ұйымдастыру мен өткізу мәселесіне қатысты қабылданған құжаттар аса маңызды саналады. Себебі саяси сайыс кезінде солар негізге алынады», - деді ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.

Сенім білдірілген адамдарды тіркеу тәртібі туралы нұсқаулық саяси партиялар мен кандидаттардың сенім білдірілген адамдары ретінде тіркеле алмайтын адамдар тобын белгілейді екен. Бұл туралы Б.Мелдешов былай деді: «Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамдар, сайлау комиссияларының мүшелері және саяси мемлекеттік қызметкерлер партиялар мен кандидаттардың сенім білдірілген адамдары қызметін атқара алмайды».

Мәслихат кезінде ОСК мүшелері Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында шетелдік БАҚ өкілдері сайлауды бақылауды Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған жағдайда ғана жүзеге асыра алатынын айтты. Сондай-ақ олар халықаралық бақылаушыларға және шетелдік журналистерге жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде, бір аудармашы ілесіп жүруге құқылы екенін нақтылады.

 

 

Бірқатар маңызды құжаттар қабылданды

 

/«Егемен Қазақстан», 22.11.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың төрағалық етуімен Комиссияның отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары мен мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқандарын ұйымдастыруға қатысты бірқатар маңызды қаулылар қабылданды.

Қабылданған құжаттардың қатарында Сенім білдірілген адамдарды тіркеу тәртібі шарттары туралы нұсқаулық, сондай-ақ Дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу тәртібі туралы нұсқаулық бар. Бұл құжаттар негізінен техникалық сипатқа ие және сайлау комиссияларына сайлау рәсімдерін өткізу тәртібін түсіндіру үшін қажет. Ал Сенім білдірілген адамдарды тіркеу тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулық саяси партиялар мен кандидаттардың сенім білдірілген адамдары ретінде тіркеле алмайтын адамдар тобын белгілейді. Олар – Қазақстан Республикасының азаматы болып танылмайтын адамдар, сайлау комиссияларының мүшелері және саяси мемлекеттік қызметшілер.

Отырыста қабылданған құжаттардың тағы бірі – Сайлау бюллетеньдерін дайындау, жеткізу және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулық. Бұл қаулының маңыздылығы алдағы сайлауды ұйымдастыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жатыр. Отырыста сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлауды байқауды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған жағдайда жүзеге асыруға құқылы деп белгіледі. Бұл ретте халықаралық байқаушыға, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкіліне жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде оған бір аудармашы ілесіп жүре алады.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен сайлау туралы заңмен көзделген тәртіп бойынша сайланғанға дейінгі кезеңге Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының облыстық сайлау комиссияларының және Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының жаңа мүшелері де тағайындалды.

Отырыстан кейін өткен брифингте Ортсайлауком төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов алдағы сайлауда сайлаушылар әртүрлі үш бюллетень алатынын атап өтті. Төрағаның айтуынша, олардың біреуі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында саяси партия үшін дауыс беруге арналған. Екінші бюллетень – облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге, ал үшінші бюллетень – аудандық немесе қалалық мәслихаттың де­путаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған бюллетень болып табылады. Астана мен Алматы қалаларының сайлаушылары екі бюллетень алады. Өйткені, бұл қалаларда аудандық мәслихаттар жоқ. Сондықтан онда сайлаушылар өз дауысын саяси партияға беруі және қалалық мәслихаттың депутатын сайлауға тиіс болады.

Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы барлық қажетті дайындық шараларын өткізуде. Алдағы сайлауға тиімді ақпараттық қолдау көрсетуге, сонымен қатар, сайлауды ұйымдастырушыларды оқытуға күш жұмылдырып отыр. Сайлауды ұйымдастырушылар үшін республикалық семинар-кеңестен басқа өңірлік семинарлар да өткізілетін болады.

 

 

Депутаттыққа үміткердің сенімді өкілі

үш адамнан аспауы керек

 

/«BNews. Kz», 21.11.2011 ж./ – Парламент Мәжілісіне, мәслихатқа және Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайланатын үміткерлердің  сенімді өкілдері үш адамнан аспауы керек. Бұл туралы бүгін өткізілген брифингте Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев   мәлім етті.

«Парламент пен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының тіркеу тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулықты бекіту туралы қаулы қабылданды. Парламент Мәжілісіне, мәслихатқа және Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайланатын үміткерлердің  сенімді өкілдері үш адамнан аспауы керек», деді ол.

Оның айтуынша, ОСК осы нұсқаулық бойынша Қазақстан Республикасының Президенттігіне, алдағы уақытта болатын Парламент пен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының тіркеу тәртібі мен шарттарын айқындап отыр.

 

 

Сайлауда аймақтардағы сайлаушылар

3 бюллетеньнен алады

 

/«BNews. Kz», 21.11.2011 ж./ – Алда тұрған сайлауда Қазақстан аймақтарындағы сайлаушылар  3 бюллетеньнен алатын болады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

«Алдағы өткізетін сайлауда сайлаушыларға  дауыс беру үшін  3 бюллетеньнен берілетін болады. Біріншісі  ҚР Парламенті Мәжілісі  депутаттары сайлауына саяси партияларға дауыс беруге арналған. Екінші бюллетень – облыстық мәслихаттың депутатына дауыс беру үшін де ал үшіншісі аудандық және қалалық мәслихаттың депутаттарына бауыс беруге арналған бюллетень», - деді Қ. Тұрғанқұлов.

 

 

Үш бюллетеньмен дауыс береміз

 

/«Қазақстан» ТРК, 21.11.2011 ж., А. Қобдабай/ - Келер жылы өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауында тұрғындар үш бюллетеньмен дауыс береді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді. Үш түрлі бюллетеньдер саяси партияларды анықтауға, сонымен қатар, облыстық және қалалық, аудандық мәслихаттардың кандидаттарын сайлау үшін енгізілген.

Бүгінгі отырыста, сондай-ақ, сайлау науқанын ұйымдастыруға қажетті техникалық мәселелер талқыланып, кейбір аймақтардағы сайлау комиссияларының жаңа мүшелері бекітілді. Нақтырақ айтсақ, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының облыстық сайлау комиссиялары мен Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жаңа мүшелер тағайындалды.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Алдағы сайлауда сайлаушылар үш бюллетеньмен дауыс береді. Олардың біреуі Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында саяси партия үшін дауыс беруге арналған. Екінші бюллетень облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған және үшінші бюллетень аудандық немесе қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған. Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары екі бюллетень толтырады. Өйткені, бұл қалаларда аудандық мәслихаттар жоқ.

 

 

Сайлаушыларға үш бюллетень ұсынылады

 

/«Алаш айнасы», 22.11.2011 ж., Қ. Қазы/ - Кеше Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті. Онда 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы науқандарын ұйымдастыруға қатысты бірқатар маңызды қаулылар қабылданды.

Атап айтқанда, Орталық сайлау комиссиясының отырысында саяси партиялар та­рапынан сенім білдірілген адамдарды тіркеу тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулық бекітілді. Бұл ретте қаулы бойынша cаяси партиялар мен кандидаттардың сенім білдірілген өкілдері ретінде тіркеле алмайтын азаматтар тобы нақты көрсетілген. Мәселен, Қазақстан азаматы болып табылмайтындар, сайлау комиссияларының мүшелері, сондай-ақ  саяси мемлекеттік қызметшілер сенім білдірілген өкіл ретінде тіркелмейтін болады. Бұдан бөлек, ОСК дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбылау мен мөрлеу тәртібі туралы және  сайлау бюллетеньдерін дайындау, жеткізу және есепке алу тәртібінің нұсқаулығын да  бекітті. Бұл құжаттар негізінен техникалық сипатқа ие және сайлау комиссияларына сайлау рәсімдерін өткізу тәртібін түсіндіру үшін қажет болып саналады.

«Айта кетейін, алдағы сайлауда сайлаушылар үш бюллетень арқылы дауыс беретін болады. Олардың біреуі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы бойынша саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған. Екінші бюллетень –  облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге, ал үшінші бюллетень аудандық немесе қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналады. Тоқтала кететін жайт, Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары екі бюллетень алады. Өйткені бұл қалаларда аудандық мәслихат жоқ. Сондықтан аталмыш екі қалада сайлаушылар өз дауысын саяси партияға беруі және қалалық мәслихаттың депутатын сайлауы тиіс», – деді ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов. Сонымен қатар, жиын барысында төраға сайлауға дайындық барысына тоқтала келе, барлық қажетті дайындық шараларын өткізуге көп күш-жігер жұмылатынын атап өтті. Бұл ретте сайлауды өткізетін азаматтарды оқыту, оның ішінде республикалық, өңірлік семинарлар қамтылатын болады.

Бұдан бөлек, отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары бойынша аумақтық сайлау комиссиясының жаңа мүшелері тағайындалды.

 

 

Шетелдік БАҚ өкілдері Қазақстандағы

депутаттар сайлауын бақылай алатын болады

 

/«BNews. Kz», 21.11.2011 ж./ – Шетелдік БАҚ өкілдері Қазақстандағы депутаттар сайлауын бақылай алатын болады. Бұл туралы брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлімдеді.

«Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ҚР Сыртқы істер министрлігімен берілетін тіркелу туралы куәліктерін көрсету арқылы сайлау барысын бақылай алатын болады», - деді Б. Мелдешов.

Халықаралық бақылаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдері өздерімен бірге төлқұжатын көрсету арқылы бір аудармашы алып жүрулеріне болады.

 

 

Қазақстандықтардың 60 пайыздан астамы алда болатын

Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауына қатыспақ

 

/«Хабар» агенттігі, 22.11.2011 ж./ - Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 60 пайыздан астамы алда болатын Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауына қатыспақ. Олардың 41 пайызы сайлаудың әділ әрі ашық өтетініне сенім білдірген. 9-13-қараша аралығында Саяси шешімдер институтының сарапшылары жасаған сауалнама қорытындысы осындай.

Сарапшылардың айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың 51 пайызы өзінің саясатқа деген қызығушылығын білдірген. Мұнда белсенді болған Астана мен Алматы тұрғындары. Республиканың саяси жүйесінің кемдігі бар, алайда оны реформалауға болады дегендердің қатары 42 пайызды құрайды. Ал, жалпы сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші адам елдегі саяси ахуал тұрақты дейді. Қазақстандықтарды алаңдадатын жағдай баға мен тарифтің өсуі және денсаулық пен медициналық көмек сапасына, сонымен бірге кіріс көлеміне де көңілдері толмайтындығын айтыпты. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандардың 46 пайызы жақын туыстарының қауіпсіздігіне алаңдаса, қалғаны қауіпсіздік мәселесін мемлекет шешеді деп толық сенім артады. Қорыта келгенде елдегі болған соңғы оқиғаларға қарамастан тұрғындардың 54 пайызы болашаққа үмітпен қарайтындығын айқын білдірген.

Ерлан СМАЙЛОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОБАСЫН ДАМЫТУ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл сауалнама Тараз оқиғаларына дейін жүргізілген. Біздің материал өңделіп жатқан кезде аталмыш оқиға орын алды. Бұл жерде Атыраудағы жағдайдың тағы да қайталануы мүмкін деген жорамал анық байқалады. Сауалнамаға қатысқандардың 58.1 пайызы осындай көзқарас білдірді. Зерттеу аяқталған соң 2-3 күннен кейін Тараздағы оқиғалар болды. Ал, жалпы қыркүйек айындағы зерттеулерге сүйенсек, ішкі қауіпсіздік тұрақты деп сауалнамаға қатысушылардың 67.7 пайызы жауап берген.

 

 

Шаханов сайлауға түсе ме?

 

/«Ел», 22.11.2011 ж., Ғ. Әбілқайыр/ - Алдағы 2012 жылдың 15 қаңтарында болатын Мәжіліс сайлауының додасы қарсаңында елдегі саяси партиялар өздерінің съездерін өткізуге күш салуда. Су жаңа депутаттармен жаңаратын Мәжілістің төрінде бірнеше саяси партияның өкілдері болады деп күтілуде.

Осыдан бірнеше күн бұрын электронды ақпарат құралдарының бірінде жарияланған – «Руханият-жасылдар» партиясының төрағалығына Мұхтар Шаханов келмек екен» деген ақпарат-қа жұрт құлағы елең ете түскені анық. Кейін белгілі болғандай, аталған партия құрамына елге танымал һәм беделді тұлғаларды кіргізіп жатыр екен. Сол үшін де әлгі әңгіменің бекер еместігіне көз жеткіздік. Бірақ мұның анық-қанығы «Руханият-жасылдар» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбетәлин мен Мұхтар Шахановтың, сондай-ақ тағы да басқа азаматтардың өзара келісімі арқылы жүзеге аспақ.

 Журналистің «Өзіңіз сайлауға түсесіз бе?» деген сауалына орай «Мемлекеттік тіл» қозғалысының жетекшісі Мұхтар Шаханов: «Ұлтты сақтап қалу үшін түсу керек деп есептеп отырмын», – деп жауап беріпті.

 

 

Сайлауға дайындық

 

/«Қазақстан» ТРК, 22.11.2011 ж., М. Құлмырзаева/ - Еліміздің барлық аймақтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және жергілікті Мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына әзірлік жұмыстары басталды. Ал Қызылордада облыстық Мәслихат депутаттығына үміткер алғашқы кандидаттың есімі белгілі болды.

Сайлау тәртібі бойынша кандидаттарды ұсыну 5 желтоқсанға дейін жүреді. Саяси науқан кезінде облыс бойынша барлығы 499 Сайлау комиссиясы жұмылдырылмақ. Осы орайда күнтізбелік жоспар пысықталып жатыр. «Ал саяси доданың қызық әрі тартысты өтуі сайлаушылардың белсенділігіне байланысты», - дейді облыстық Сайлау  комиссиясының хатшысы Қожамжар Наурызбаев.

Қожамжар Наурызбаев, облыстық Сайлау комиссиясының хатшысы:

Халықтың қазір түсінігі бұрынғыдай емес, әлдеқайда жоғары. Қазір кімнің, халыққа қалай жұмыс істейтіндігін біледі. Міне, сондықтан да, өте тартысты, жақсы өтуі мүмкін деп есептеймін. Сайлаушылар 15 қаңтар күні Парламенттің Мәжілісінің депутаттығына  партиялық тізімге дауыс береді бір бюллетень, сосын облыстық Мәслихатқа және аудандық, егер қаланың тұрғыны болса, қалалық үш бюллетень алады.

 

 

Халықтық мереке халық

қалаулыларынсыз болмақ

 

/«Ел», 22.11.2011 ж., Ғ. Атымтай/ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төртінші шақырылған республика Парламенті Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы 2011 жылғы 16 қарашадағы №175 Жарлығына қол қойды.

Сонымен, «биыл таратыла ма, жоқ па» деп көпшілік көңілін күпті қылған Парламент Мәжілісі де мерзімінен бұрын тарап тынды. Заң бойынша, Мәжіліс таратылған жағдайда, екі айдан кешікпей келесі сайлаудың күні белгіленуі тиіс болатын, бұл «миссия» да орындалды. Елбасы Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуді 2012 жылдың 15 қаңтарына, ал Халық Ассамблеясы атынан түсетін депутаттардың сайлауын 16 қаңтарға бекітті. Орталық сайлау комиссиясы да күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысты.

Журналистермен болған брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ҚР Сайлау туралы заңның 87-бабының 5-тармағына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталғанын мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, Сайлау туралы заңға сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі. Қазақстанның Коммунистік партиясы бұл процеске қатыса алмайды. Өйткені, сот шешімі бойынша оның қызметі уақытша тоқтатылған. Әзірге тек «Нұр Отан» ХДП ғана ресми түрде сайлауға қатысатындарын жариялады.

Бұл ретте компания ұсынысымен сайлау комиссиясының құрамына сайланған мүшелері жұмыстарын жалғастыра беретін болады.

- Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін үміткер азамат Конституцияның 51-бабы 4-тармағымен белгіленген талаптарды қанағаттандыруы, сондай-ақ Конституцияның 33-бабы 2 және 3 тармақтарына сәйкес, белсенді сайлау құқығына ие болуы тиіс. Осылайша, жасы 25-ке толған және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және республика аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Мәжіліс депутаты бола алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айырылу орындарында отырған азаматтардың сайлау және сайлану құқығы жоқ, – деп атап өтті ОСК төрағасы.

 Сондай-ақ Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, сайлау науқанына 8 млрд 180 млн теңге қаржы жұмсалмақ. Оның ішінде 70 пайызы екі төлемнен тұрады, біріншісі – сайлау комиссиясы мүшелерінің айлығы, екіншісі – кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін.

                – Әрбір саяси партия өзін шынымен салмақты саяси ұйым деп санаса, кез келген уақытта сайлауға дайын болуы тиіс деп ойлаймыз. Біз осы сайлауға тек қатысып қоймай, үлкен жеңіске жетеміз деген сенім білдіреміз, – деді «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин өз сөзінде.

Айтпақшы, Парламент Мәжілісінің экс-спикері Орал Мұхамеджанов Қазақстан жаңалықтары агенттігіне берген сұхбатында: «Қазіргі құрамнан (Мәжіліс), меніңше, 45-50 пайыз депутат өтуі мүмкін. Бұл Парламент өте білікті, жігіттер жақсы тәжірибе жинады. Баға – нық төрт», – деді. Сондай-ақ журналистің кейін немен айналысуды жоспарлап отырсыз деген сауалына Орал Байқонысұлы кәсіпкерлікпен айналыспайтындығын жеткізді. «Бір қоғамдық істермен, жеке істермен айналысамын», – деді.

«Әр партияның жаңа Парламентке өту мүмкіндігі бар. Бірақ, меніңше, бұл конструктивті ұстаным болады, өйткені, біздің халық конструктивті саясатты қолдайды», – деп түсіндірді ол.

Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау тартысты өтетін секілді. Қазақ қоғамындағы партиялардың дені сайлау додасына өз кандидаттарын сайлап жатыр. Ғани Қасымов жетекшілік ететін «Қазақстан патриоттары» партиясы да съезд өткізіп, Мәжіліс депутаттығына партиялық тізімді бекітпек. Сондай-ақ Парламент Мәжілісінде 4-5 партияның өкілі болғаны дұрыс деген «Ауыл» партиясы да сайлауда бақ сынап көрмек. Ал «Руханият» партиясының жетекшісі Серікжан Мәмбеталин партияның атынан халыққа танымал тұлғалар қатысады деп отыр. Парламенттегі «жайлы орыннан» оппозициялық жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы да үміттенеді.

Хош, сонымен, Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы келер жылғы 15 қаңтарда болмақ. Ал Қазақстан халқы ассамблеясы атынан ұсынылған кандидаттар үшін сайлау келесі күні, яғни 16 қаңтарда өтеді. Алдағы Парламент Мәжілісінің құрамындағы партиялар қатары, кем дегенде, екеу болуы керек.

Ең қызығы, еліміздің ең маңызды мерекесі, халықтың тойы Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығын Мәжіліссіз тойлайтын болдық…

Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері:

 «…Әрине, осы төртінші шақырылымдағы Парламенттің тарауына көпшілік қарсы болған жоқ. Өйткені кейбір көкейкесті мәселелердің өзіне депутаттар самарқау қарап, тек алдарындағы кнопканы басудан артыққа бармады. Керемет бір пікірталас, айтыс-тартыс болған жоқ. Әрине, алдағы Парламент көп партиялы болғанын бәрі де қалайды. Өйткені бірнеше партияның өкілі отырған жерде, пікірталас туындайды, ой ашық айтылады. Содан барып ақиқат туындайды. Демек, халықтың көкейіндегісі жария болады. Бұл оңды тірлік болады. Халық қалаулысы жұрттың ойындағысын айтып жатса, қызылкеңірдек болып тартысып, сөзін өткізіп жатса, елдің де Парламентке, оның жұмысына қызығушылығы оянады. Пікірталастарды тыңдай отырып, саяси сауат ашылады. Десек те, жаңа құрам қандай болмақ, кімдер келеді? Елімізде ұлтжанды, мемлекетшіл, білімді, білікті адамдар жетерлік. Солар партиялық тізіммен Парламентке бара ма? Бар мәселе осында. Сайлауға түсер әр партия осындай танымал тұлғаларды өз қатарларына тарта алса, соларды өткізе алса, ұтары көп. Онда Парламент пәрменді және елдің сөзін сөйлер ортаға айналар еді».

Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы:

«Меніңше, жаңа Парламентке қазақ ұлтының құндылықтарын, мақсат-мүддесін, арман-мұратын терең білетін, биік мінберден ойын ашық айтатын, халықтың сөзін бұрмаламай жеткізе алатын азаматтар барған жөн. Әрине, өткен Парламентте ондай адамдар болған жоқ деп айта алмаймын. Болды. Бірақ аз. Сондықтан алдағы Парламентке дербес ой айтатын, салмақты әңгіме қозғай алатын Амангелді Айталы, Амалбек Тшан секілді азаматтар көптеп қажет. Көп партиялылық керек. Сонда ғана Парламенттің көрігі қыза түспек. Ал билік не айтса, Үкімет бірдеңе десе бас шұлғып отыра беретін Парламентте ешқандай бедел болмайды».

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, экс-депутат:

«Шынын айтқанда, көңілім осы араға орнықпай, мен қайта-қайта журналистік қызметіме қайтып оралсам деп бірнеше рет сұранған кездерім болды. Журналистердің ортасында болсам, сол жұмысымды жалғастырсам дұрыс болады деп ойлаймын».

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:

 «Бүгінгі Парламент құрамы мен келешек Парламент құрамы арасында сапасы жағынан, дискуссия жағынан айтарлықтай өзгешелік болмайды…»

Мақсұт НӘРІКБАЕВ, «Әділет» партиясының төрағасы:

 «Бізде механизм жасап қойған. Үш орын болуы мүмкін, одан артық болмайды. Енді ол Парламент бола ма? Мүмкін болса, 3-4 партия күресіп жету керек сияқты».

 

 

Саяси партиялардың сайлау

алдындағы ахуалы қандай?

 

/«Алаш айнасы», 23.11.2011 ж., Ж. Түсіпбекұлы/ - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қоспалаталы Парламенттің IV шақырылымын тарату және мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы Жарлыққа Президенттің қолы қойылғаннан кейін-ақ сәуірден соң сілтідей тынған саяси өмір қайта жандана бастады. 2007 жылғы конституциялық өзгерістерге сәйкес, еліміздің ең жоғарғы заң шығарушы органына екінші рет сайлаудың пропорционалды жүйесі бойынша дауысымызды саяси партияларға береміз. Саяси технологтердің зерттеулеріне қарағанда, әдетте электорат мажоритарлы сайлау жүйесі кезінде белсенді қатысады екен. Яғни саяси дода көркін жеке адам факторы қыздыра түседі. Десе де, демократиясы көш ілгері елдердің сайлау жүйесін тәжірибеге енгізу, сол арқылы саяси партиялардың қызметін көтеру де керек болды. Ендеше, төрт жыл бұрын діттеген мақсатына жете алмаған саяси құрылымдарға тағы бір мүмкіндік беріліп тұр.

Саяси жауырыншылар не дейді?

ТМД аумағындағы сарапшылардың саяси болжамдарын сүзіп шыққан едік. Отандық және ресейлік білікті сарапшылар Мәжілістегі орындарды «Нұр Отан» мен «Ақ жолға» тиесілі деп есептейді. Болжамдар бойынша екінші орынға бірден-бір үміткер «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлаушылардың 10-12 пайыздан 20 пайызға дейінгі аралықтағы дауысын алады. Сонымен, кезектен тыс Парламент сайлауына қатысатын саяси партиялардың әлеуеті нешік? Саралап көрейік.

«Нұр Отанның» тәжірибесі мен мүмкіндігі мол

Саяси партия дегенде алдымен ойға оралатыны – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы. 1999 жылдан бері қоғамға қызмет етіп келе жатқан бұл партия дамудың түрлі сатысын бастан кешірді. «Отан» болып құрылған құрылым 2006 жылы «Асар», Азаматтық және Аграрлық партиялардың қосылуымен саяси мегапартияға айналды.

Бұл саяси технологияның рахатын «Нұр Отан» 2007 жылдан күні кешеге дейін көріп келді. Мәжілістің IV шақырылымдағы құрамы бір партия өкілдерімен ерекшеленіп, тарихта қалғаны белгілі. Күш-қуаты тасып тұрған партия әлі де көп нәрседен дәмелі. Қаңтардағы сайлауға партияның дайындығына келер болсақ, елдегі 100 пайыз әзір команда болса, ол – «Нұр Отан». Бұл партия алдағы доданың негізгі фавориті ретінде аталып отыр. Соңғы Президент сайлауының қорытындысы да осылай болжам айтуға негіз бола алады. Жақында бір топ өнер және мәдениет қайраткерлерімен толыққан аға партияның мұртын балта шаппасы белгілі. «Нұр Отан» партиясының төрағасы Президент Нұрсұлтан Назарбаев 25 қарашада партияның ХІV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды. Съезде партиялық тізім бойынша сайланатын үміткерлердің тізімі бекітіліп, сайлауалды бағдарламасы қарастырылмақ.

Бұл «Ақ жол» бұрынғыдан өзгерек...

Мәжілісте «Нұр Отанмен» орын бөліседі деген партиялардың ішіндегі үздігі – «Ақ жол» демократиялық партиясы. Неліктен екінші партия аталып жүргені түсінікті де. Сарапшылар бұл партия туралы төрағасы ауысқанмен, әу баста билікке конструктивті оппозициялық құрылым ұстанымын сақтап қалды дегенді айтады. Десе де, 2004 жылы Азаматтық партияны Парламентке өткізген Азат Перуашевтің мол тәжірибесі партияны қайта түлетті. Алаш идеясын жаңғыртамыз деп жатқан «ақжолдықтар» қатарын бірқатар кәсіпкерлер мен экс-шенеуніктермен толықтырып жатыр. Кейінгі жарты жылдың ішінде мүшелерінің саны күрт көбейген «Ақ жол» партиясы алдағы сайлауда электорат дауысының 20 пайызын иеленеміз деп отыр. Айта кетейік, «Ақ жол» қарашаның 27-сі күні Алматы қаласында сайлауалды съезін өткізеді. Партия басшысы сайлауға толық құрамда, ұйымдасқан түрде, нақты бағдарламамен қатысатынын жариялады.

Заңға сәйкес, Парламент екі партиядан кем болмауы тиіс. Бұл дегеніңіз Парламентке екі партиядан басқа саяси құрылымға орын жоқ деген сөз емес. Демократиялық принциптерге сай, 7 пайыздық тосқауылдан өткен кез келген саяси партия Парламенттің төменгі Палатасына жол тартады. Сонымен, еліміздегі өзге партиялар туралы.

«Азаттың» басты қарсыласы Азат басқаратын партия болады

Үшінші орын оппозициялық «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына тиесілі деген жиі айтылып жүр. Десе де, оппозициялық «Азат» партиясымен мүдделес қоғамдық ұйымдар бойкот туралы жаттанды әңгімені қайта қозғап жатыр. Десе де, партия басшылығы алдағы сайлауды тағы бір мүмкіндік деп қарап, сайлауға қатысуды көздеп отыр. Бойкот жариялау қоғам назарын аудару емес халық санасынан ұмытылу екенін түсінген сияқты. Сарапшылар «Азат» ЖСДП-ның негізгі қарсыласы Азат Перуашевтың партиясы болады дегенді айтады.

Сайлау әділ өтсе, «Руханият» партиясы 50 пайыз дауыс алады-мыс

«Руханият» партиясы өзгелерден ширақ қимыл көрсетіп жатыр. Сәуірдегі сайлаудан қалыс қалған құрылым барлық күшін Мәжіліс мінбері үшін салатын сыңайлы. Алаштың ардақты ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановқа қолқа салатынын айтқан партия төрағасы Серікжан Мәмбеталин facebook-тағы жеке парақшасына «Уәлихан Қайсаров Мәжіліс сайлауына «Руханият» партиясының атынан үміткер болады» деп жазды. «Азат» ЖСДП-дан шығарылған «Кенесары» қоғамдық қорының басшысы «Руханиятқа» қаншалықты абырой әкелетінін алдағы сайлаудан кейін білетін боламыз. Демек, бұл партияның да әлеуеті күшейіп келеді деуге болады. Төрағалықтан гөрі «Руханияттың» Парламенттен орын алуын жоғары қоятын партия жетекшісі сайлау қорытындысы бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізетінін айтуда.

Серікжан Мәмбеталин, «Руханият» партиясының төрағасы:

– Қанша пайыз дауыс жинайтынымызды айта алмаймын. Егер әкімшілік ресурстар пайдаланылмаса, 50 пайыз алатын едік. Ал партияның съезін 30 қарашаға белгілеп отырмыз.

Коммунистер қалыс қалмайды

Қазақстан коммунистік халықтық партиясы да бұл сайлаудан шет қалмақ емес. Көктемдегі Президенттік сайлауда екінші орын алған бұл партияны кезінде Жамбыл Ахметбековке жасалған PR-дің пайдасы көп болуы мүмкін. Себебі өзге саяси партиялар бұғып қалғанда, суырылып алға шығып, ерік-жігерін көрсете білген еді.

Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан коммунистік халықтық партиясы ОК хатшысы:

– Партиямыздың съезін осы айдың 26-сына белгілеп отырмыз. Алматы қаласында өтетін бұл жиында бюро әзірлеген әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған бағдарлама, сайлауалды тұғырнама ұсынылады. Егер партия мүшелері бірауыздан қабылдап жатса, бұл тұғырнамамен біз халықтың 14 пайыз дауысына ие боламыз деген болжам бар.

Әділеттіліктің ақ жолы үшін

Кейінгі саяси додаларда «Нұр Отанмен» одақтас болып жүрген «Әділет» партиясына алдағы науқанда жеке-дара бақ сынауға тура келіп тұр. Партия негізін заңгерлер қалағандықтан, заң шығарушы органға өтетін сайлау бұл партияны бейжай қалдырмаса керек. Партия съезін 28 қарашада Астана қаласында өткізуді жоспарлап отырған «Әділеттің» шығар шыңы қандай болмақ?

Мақсұт Нәрікбаев, «Әділет» партиясының төрағасы:

– Біз Парламент сайлауына үлкен дайындықпен келіп отырмыз. Себебі біз алда болатын сайлауға былтырдан бастап дайындалдық. «Әділеттіліктің жолы» деген тұғырнама дайындап, биылғы жылдың көктемінде саяси бюрода бекіткен болатынбыз. Съезде Мәжілістегі 98 орынға өзіміздің 98 үміткерімізді ұсынамыз. Заңға сәйкес, әділ және таза өтетін болса, осы сайлаудың нәтижесі бойынша біз электораттың 12-15 пайыз дауысына ие боламыз деген ішкі болжамымыз бар.

Қос Ғанидың партияларына үлкен дайындық керек

– «Ауыл» социал-демократиялық партиясы мен Патриоттар партиясы да алдағы саяси науқаннан шет қалмас. Алайда құрылымдардың әзірлігі туралы пікір алу мүмкін болмады. Соңғы Президент сайлауында халыққа кеңінен танымал болса да, Жамбыл Ахметбековтен қалып қойған Ғани Қасымовтың партиясы 2007 жылғы сайлауда 0,78 пайыз дауыс иеленсе, оның аттасы Ғани Қалиевтің «Ауыл» партиясы 1,51 пайыз дауыс алған екен. Жақсы көрсеткіштерге талпынса, екі айдың ішінде бұл партияларға күш салып қимылдау қажет.

Түйін

Мемлекеттілікті нығайту мен дамытуды, құқықтық мемлекет принциптерін қалыптастыруды, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін, мемлекет және қоғамның барлық салаларында тәртіп пен заңдылықты нығайтуды, биліктің халық алдындағы жауапкершілігі қағидасын іске асыруды мақсат ететін біздегі саяси партиялардың әзірлігі осындай. Қарашаның соңына дейін съездердің өткізілетінін ескерсек, саяси дода желтоқсан айынан бастап қызатын түрі бар.

 

 

«Көппартиялы және қазақтілді

Парламентті көргіміз келеді»

 

/«Заң газеті», 23.11.2011 ж., саясаттанушы, тарих ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры С. Сапановпен сұхбат/:

 

 – Сейфулла аға, Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын өзін-өзі таратқаны мәлім. Мәжілістің мерзімін толық өтемеуі міндетін толық атқармауы емес пе?

– Қазір Қазақстан Парламентаризмі дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Парламент Мәжілісі таратылуының бір себебі, «нұротандықтардан» құралған бір партиялық Парламенттің осы жаңа кезеңдегі талаптарға сәйкес келмеуінен деп ойлаймын. Қазақстан шын мәніндегі демократиялы, зайырлы мемлекет болса, онда ол жүзеге асуы тиіс нәрсе. Біздің елдегі партиялық жүйе Батыс және басқа елдердің сарапшыларының тарапынан сынға жиі ұшырайды. Дегенмен, демократиялы мемлекет жолында бірпартиялы Парламент құру, ол «қазақстандық жоба» болып есептеледі. Сондықтан, Парламентті мерзімінен бұрын тарату, алдағы жаңа саяси реформалар кезеңіне жаңа көзқараспен қараудан туындап отыр. Бұл Парламент бірқатар жұмыстар атқарды. Дегенмен, Қазақстандағы кейбір саяси реформаларды жүзеге асыруда белсенділік таныта алған жоқ. Бұған соңғы кезде қабылданған дін мәселесіне қатысты заңды мысал етуге болады. Дін мәселесіне қатысты қоғамдағы әртүрлі көзқарастарды Парламент сараптап, осыншалық қоғамдық пікір тудырмауы керек еді. Бізде сол Парламенттік пікірталас жетпеді. Сондай-ақ, білімге қатысты заң жобасын қараған кезде де осындай жағдай орын алғандай. Мәселен, Кеңес заманының қорғаныс немесе өзге де салаларын батыстықтар қатты сынап отырғанымен, кеңестік білім жүйесіне тісін батыра алмады. Бізге сол кеңестік білім жүйесінің жақсы жақтарын алып қалған артықтық етпес еді. Өкінішке қарай, жаңа заңда бұл жағы ескерілмеді.

– Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын тарауына кейбір саясаткерлер бірпартиялы болуы емес, дағдарыс себеп деп отыр ғой.

– Әрине, дағдарыс та себеп болғанын жоққа шығармаймын. Кей депутаттардың «дағдарыс алдындағы дәрменсіздігімізден тарадық» деп мойындаған мәлімдемелерін де оқыдық. Алайда, Парламент дәрменді болуға міндетті еді. Үкіметтің дағдарысқа байланысты жоспарларын талқылау да Парламенттің қызметіне жатады. Көбіне «елді Мәсімов үкіметі дағдарыстан алып шықты дегенді естиміз. Меніңше, елімізге дағдарыстың салқынын тигізбеген, алдымен, Елбасының еңбегі, екіншіден, Қытай несиелері, яғни, сыртқы инвестиция деп санаймын. Мен бұл жерден үкіметтің дағдарысқа қатысты атқарған ешқандай ауқымды жұмысын көрген жоқпын. Мемлекет басшысының стратегиялық бағыты бойынша күнделікті жұмыстарды жүргізу үкіметтің міндеті. Оның бұл жөнінде арнайы бағдарламасы болуы шарт. Мәселен, бюджетті бекіту кезінде де Парламент көбіне үкіметтің дегенінен аса алмайды. Өйткені, барлығы бір партияның мүшесі болғандықтан, «Қарға қарғаның көзін шұқымайдының» кері келеді.

– Мәжілістің өзін-өзі тарату туралы ұсыныс жасауына конституциялық құқығы жоқ деген пікір де айтылды. Бұл қаншалықты орынды?

– Депутаттардың ондай құқығы бар-жоғын құқықтанушылар ажырата жатар, ол жағын анық білмедім. Дегенмен, Парламенттің өзін-өзі тарату туралы шешімі олардың өздерінің саяси реформаға дайын еместігін көрсетіп берді. Екінші жағынан алып қарайтын болсақ, демкоратиялы мемлекетте бірпартиялы Парламентті ұстап отыру әлемдік қауымдастықтың алдында да онша абырой әпермейді. Сондықтан, алдағы сайлаудан соң екі немесе одан да көп партиялы Парламенттің болуын күтеміз.

– Осыған сеніміңіз қаншалықты?

– Бұған сенімім бар. Конституцияда және Елбасы өзінің сөздерінде келтіріп жүрген демократиялық құндылықтар жүзеге аспайтын болса, онда бұл саяси жүйе өміршең бола алмайды. Елбасы «көппартиялы Парламент – демократияның негізі» деп атады. Соны басты бағыт ретінде ұстанып, заң жүзінде бекіту қажет. Мәселен, Ресейде партиялық жүйе көптеген саяси сатылардан өтуде. Онда сайлаудан «Біртұтас Ресей» партиясының өтетіні белгілі. Алайда, заңы бойынша сайлаудан қажетті пайыздық көрсеткішті жинай алмаған, бірақ, дауыс саны бойынша екінші орында тұрған партия да Парламентке өтеді. Сондықтан, оларда көппартиялы жүйе қолдан жасалса да сақталуда. Меніңше, бізде де сондай жүйеге көшу керек секілді. Қаңтар айындағы сайлауда «Нұр Отан» партиясы үлкен көрсеткішке ие болатыны сөзсіз. Бірақ, басқа партияларға да осындай мүмкіндік бергеніміз жөн. Сонымен қатар, біздің Парламенттің тарауы тек ішкі мәселелерге байланысты емес. Ол бір жағы халықаралық қатынастардың дамуындағы жалпы тенденциядан да туындаған жағдай. Жалпы, жаһандану кезеңінде әлемдік саясатта партиялардың рөлі төмендеп кетті. Партияға деген сенім төмендеп, партиялық жүйенің дағдарысы жүруде. Қазақстанда да солай. Өйткені, бізде партиялық жүйе әлі толық қалыптасып болған жоқ. Сондықтан, болашақта «қалта Парламентін» емес, мықты Парламент құрамыз десек, онда саяси партияларды күшейтуіміз керек. Өкінішке қарай, қазір Қазақстанда және өзге де посткеңестік елдерде жұмысшы партияларының рөлі өте төмен. Коммунистер партиясы өзінше жұмысшы партиясының сойылын соққан сияқты болады. Бірақ, бізге қазір жаңа жұмысшы партиясы жетіспей тұр.

– Бүгінгі партияларымыз қарапайым халықтан алшақ жатыр дейсіз ғой.

– Иә, расында, олардың жұмыстары халықпен қабыспайды. Жұмысшы дегеніміз – қарапайым халық. Сондықтан, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүддесін көздейтін түрлі саяси халықтық партияларды көргіміз келеді. Ал, оны күшейтетін бірден-бір себеп, партиялардың Парламентке өту мүмкіндігін кеңейту болып табылмақ. Сондықтан, Қазақстандағы саяси өзгерістер мен партиялық жүйені дамытудағы жаңалықтар көптен күткен мәселе. Қазіргі халықтың сана-сезімімен, қоғамдық пікірмен ойнауға болмайды. Өйткені, қоғамдық пікір 90-жылдардағыдай емес, жаңа деңгейге көтерілді. Елдің саяси сауаты ашылып, нарықтық қоғамға бейімделді. Ақпараттандыру да жан-жақты жүріп жатыр. Керісінше, билік пен саяси партиялар қазіргі үдерістен кейін қалып қойып жатқан секілді. Әрине, «Нұр Отан» партиясының қолында ресурстар бар. Олар соны топтастыра отырып сайлауға дайындыққа кірісіп кетті және жеңіп шығатынына да еш күмән жоқ.

– Одан кейінгі орынды қандай партиялар иемденуі мүмкін?

– Одан соң жаңағы айтып өткен халықтық партиялар келуі керек. Қазір әлеуметтік теңсіздік күшейіп барады. Өкінішке қарай, сол әлеуметтік топтардың мұқтаждығын білдіретін, мүддесін қорғайтын партиялар жоқтың қасы. Мәселен, Әлихан Бәйменов кетіп «Ақ жол» партиясына Азат Перуашев келгелі партияның бағыты өзгеріп жатыр. Азат Перуашев кәсіпкерлік топтан шыққандықтан оның кәсіпкерлерге бүйрегі бұрып тұратыны сөзсіз. Сол себепті, кәсіпкерлер бұл партияны өздерінің мүддесін білдіретін партия ретінде көргілері келеді. Социал-демократиялық және «Азат» секілді оппозициялық партиялардың электораты аз. Өткен сайлауда бір партияның жеңіске жетуі көппартиялы жүйенің әлсіздігін білдірсе, екінші жағынан, қоғамның бір партияның төңірегіне топтасқандығының көрінісі. Ел Елбасының айналасына біріккенін аңғартады. Бұл да жақсы дүние. Егер «Нұр Отан» партиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеологиясын одан ары қарай дамыта алатын болса, онда ол партияның болашағы зор деп білемін. Ал, Елбасының қазіргі қолдауымен ғана шектеліп, қазіргі саяси амбициясын іске асыру үшін ғана күресетін болса, оның келешегі бұлыңғыр болмақ. Бұл әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Мысалы, Франция тарихында билік басына Шарл де-Голь өзінің партиясымен келді. Содан соң ол кеткен кезде, оның партиясы да биліктен кетеді екен деген сөз тарады. Алайда, ол 1968 жылы билік басынан кеткенімен оның партиясы, идеясы әлі күнге дейін өмір сүріп келеді.

– Бұл жерде партиядан бұрын идея өміршең болуы керек шығар.

– Әлбетте, бірінші саяси көсем, екінші оның идеологиясы өміршең болуы шарт. Лениндік немесе сталиндік идеология секілді мұндай тәжірибені тарихтан өткердік. Олардың идеологиясы өз уақытында өзекті болды. Бірақ, коммунистік партия жаңа кезеңге бейімделіп идеологияны ұстап қала алмады. Ал, Қытай коммунистік партиясы осыны жүзеге асыра алды. Сондықтан, олар қазір де билікте отыр. Сол себепті, бізге де жаңа геосаяси жағдайға бейімделген идеология қажет. Қазіргі Қазақстан қоғамында қарсылық электорат көбейіп келе жатыр. Оны ертеңгі сайлау көрсетіп беретініне шүбәм жоқ. Демократиялық қоғам мен саяси партиялар болғаннан соң саяси билік үшін күресуі керек. Олай етпейтін болса, өзін саяси партиямын деп жарияламасын. Мысалы, «Әділет» партиясы «біздің мақсат саяси билікке жету емес» дегенді айтпайды. Расында солай болса, сіз партия емессіз. Жай ғана қысым жасаушы топсыз. Алдағы сайлау саяси күресті қыздыратын және қоғамды жаңа белеске алып шығатын дода болады деп сенеміз. Оның үстіне, соңғы уақыттағы түрлі жағдайларға байланысты қазір қоғамның билікке деген көзқарасы әртүрлі. Сондықтан, бір жағы, билікке сайлаушылардың дауысын жинау қиынға соғатын секілді. Өйткені, кешегі Атыраудағы, Тараздағы оқиғалардың барлығын биліктің солқылдақтығынан көреді ғой. Радикалды исламның әртүрлі бағыттарының күшейіп кетуі осы идеологияның әлсіздігінен. Сол себепті, қаңтардағы сайлауда үлкен идеологиялық базасы, нақты ұстанымы мен экономикалық бағдарламасы бар партия ғана жеңіске жетеді. Бірпартиялы Парламенттің әлсіздігі сол, ол сол партияның ғана идеологиясымен шектеліп қалады. Ол өз кезегінде қоғамнан, халықтан алшақтауға алып келеді.

– Алдағы сайлаудан соң Парламенттен қандай депутаттарды көргіңіз келеді?

– Ең алдымен, Парламенттен қоғамдағы түрлі мәселелерге байланысты өзінің ұлттық, патриоттық идеясымен көрініп жүрген орта буынның өкілдерін, кәсіби саясаткерлерді көргім келеді. Сонымен қатар, білім мен ғылымның мүддесін қорғай алатын осы саланың білгірлері қатардан көрінсе деймін.

– Тек білім саласы емес, әр саладан жетік хабары бар салалық депутаттар барса дегенді меңзеп отырсыз ба?

– Иә, салалық депутаттар болса, нұр үстіне нұр. Бірақ, салалық депутат болып қана қоймай, олардың саяси сауаттылығы да өте күшті болуы шарт. Өйткені, депутат халықтың мұң-мұқтажын білдіретін тұлға. Сондықтан, Парламенттен тек жылы орын үшін бармайтын, өзін сайлаған аймақтың сенімін ақтайтын өз ұстанымы бар адамдарды көргіміз келеді.

– Келесі шақырылымдағы депутаттардан мемлекеттік тілді білуді талап ету қажет деген пікірге қосарыңыз бар ма?

– Ол өте орынды талап. Қазақ тілінің мәртебесі өте жоғары болуы қажеттігі айқын. Кейінгі кезде біз қаласақ та, қаламасақ та тіл мәселесі саясиланып барады. Ол тек қана Мұхтар Шахановтың емес, барлығымыздың бас қатырар мәселеміз. Сондықтан, сондай мемлекеттік органға барып отырған адамдардан біз мемлекеттік тілді міндетті түрде білуін талап етуіміз керек. Себебі, қазір тілімізді сыйламайтындар ертең мемлекетімізді сыйламайтын деңгейге жетеді. Өзін-өзі сыйлайтын депутат боламын дейтін саясаткерлер алдымен өз ана тілін білгені жөн. Осы жерде Парламент Мәжілісі барлық отырыстарын, жұмысын тек қана мемлекеттік тілде жүргізсе деген тілек туындайды. Мысалы, украиналық депутаттардың барлығы орысша біледі. Алайда, олардың радасында жұмыстың барлығы украин тілінде өтеді. Қырғыз елінде де солай. Қазақ елінің депутаттары да осыған ойысса, бұл мемлекеттігімізді нығайтар еді. Бұл үкімет өкілдерін де қазақша есеп беруге міндеттейді. Қазірде қазақша есеп бере алмайтын немесе бергісі келмейтін министрлер мен олардың орынбасарлары көп. Олардың жақсы маман екеніне дауым жоқ. Алайда, мемлекеттік тілді білсе, құрметтесе, мәртебесі одан да жоғарылар еді. Сондықтан, бізге қазақтілді Парламент керек.

– Сайлаудан соң Кәрім Мәсімовтің үкіметі отставкаға кетеді деген сөз бар. Бұл үкімет өз міндетін толық атқара алды ма?

– Қазіргі үкіметтің біршама жұмыстар жасағанын жоққа шығарғым келмейді. Дегенмен, соңғы уақытта көп сынға ұшырап жүргені де жасырын емес. Сондықтан, қазіргі үкімет отставкаға кетсе, ешкімнің жаны аши қоймайтын секілді. Жеке өзімнің көптеген салалар бойынша үкіметтің жасаған жұмыстарына көңілім толмайды. Мысалы, бір ғана ауыл шаруашылығын алайық. Биыл тарихта болмаған мол астық болды. Алайда, үкімет соны ысырап етіп алды. Диқандар еңбегінің обалы үкіметтің мойнында. Негізі, мұндай жағдайда Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек. Астық науқаны кезінде жанармай бағасының қымбаттап кетуі халықтың үкіметке деген сенімсіздігін тудырады. Мұндай жағдайға жеткізбеулері керек еді. Осындай жайттардан соң үкімет отставкаға кетіп жатса, оған ешкім ренжімейді.

Рас, үкімет дағдарысқа қатысты түрлі бағдарламалар қабылдады. Бірақ, соны іске асыру тетіктері ақсап жатыр. Сол себепті, үкіметке қазіргі заманға сай жаңаша ойлайтын адамдар керек екені сөзсіз. Шет мемлекеттерде оқып келген, жаңаша ойлай білетін жастар да жоқ емес. Елбасы да ел басқаруға соларды тарту керектігін айтып жүр ғой.

– Мәсімов үкіметі тараған жағдайда жаңа үкімет қалай жасақталуы тиіс және оның басты міндеті не болмақ?

– Жаңа үкімет жасақталған жағдайда оның басты міндеті келер жылы болуы мүмкін деп жатқан дағдарысқа қарсы нақты бағдарламасын жасауы тиіс. Жаңа үкімет күрделі кезеңге тап болмақ. Өйткені, Қазақстан экономикалық дамудың жаңа сатысына аяқ басатын шақта тұр. Жаңа үкімет Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында өмір сүріп, солармен тең дәрежеде сөйлесе алуы керек. Кедендік одақ шеңберінде біздің мүддемізді қорғай алатын саясаткерлер жаңа үкіметтің құрамынан табылса игі. Шаруашылықты да атқара алуы тиіс, саяси білікті болуы да міндетті. Ендігі үкіметтің алдында осындай үлкен міндеттер тұрмақ. Жаңа геосаяси жағдайда ортақ экономикалық кеңістікте қазақтың ұлттық мүддесін қорғай білетін үкіметті аңсаймыз. Бізге «құп, мейлі» деп Мәскеудің барлық тарифін қабылдап отыра беретін үкімет керек емес. Қазіргі жүріп жатқан интеграцияға еш қарсылығым жоқ. Ол дұрыс. Интеграция кезінде саяси элитаның жауапкершілігі күшейеді. Тек онда біздің мүддемізді қорғай алатын адамдар болса. Интеграцияның бағыты оң екенін ешкім теріске шығармайды. Өйткені, қазіргідей жаһандану заманында оқшаулану саясатын ұстану дұрыс емес. Осы мақсаттағы Өзбекстан мен Түркіменстанның болашағы дүдәмал. Олар алысты бағдарлай алмай отыр. Себебі, өзара тәуелділік заманында интеграция міндетті түрде керек. Бізде еуразиялық шеңберде даму бар. Осы жағдайда бізге тек Мәскеудің деңгейімен өлшейтін адамдар пайда келтірмейді. Үкімет өзара ықпалдасу жағдайында мемлекеттің мүддесін білдіріп, оны қорғай алатын адамдардан жасақталуы тиіс. Өйткені, қазір бір «жаңа күрес» кезеңі келе жатқандай. Бұл қолға қару алып соғысатын күрес емес, интеллектуалды күрес. Бұл орайда Еуропа тәжірибесінен керегімізді ала алсақ игі. Әрине, Еуропадағы демократиялық үрдістер басқаша. Қазақстандағы демократия одан мүлдем бөлек.

                – Жаңа үкімет жасақталған жағдайда үкімет тізгіні кімге тапсырылуы тиіс немесе мүмкін?

– Ауысқан жағдайда үкімет басына Елбасы жас саясаткерді қоймайтыны анық. Меніңше, тәжірибеден өткен, шаруашылықты атқара алатын және саяси салмағы бар адам келуі мүмкін. Жасыратыны жоқ, Мәсімов үкімет басына келген кезде оған дейін әкімдік қызмет атқармаған, шаруашылықпен айналыспаған таза шенеунік еді. Оны кезінде айттық та. Бірақ, сол үкіметпен бірге өмір сүріп келе жатқанымызды да мойындағанымыз жөн. Алайда, енді қазіргі құбылыстарды, интеграциялық үрдістерді терең түсіне алатын, үкіметтік деңгейде және трансаймақтық шеңберде ойлана алатын адам келгені дұрыс. Ресейді мысал ретінде алып қарасақ, Путин тек үкімет басшысы емес, сонымен бірге, ол саяси қайраткер. Біздің үкімет басына да әлемдік деңгейде салмағы бар саяси қайраткер келсе деймін. Ал, бізде ондай адамдар жоқ емес.

– Сіздің шамалауыңыздағы үміткерлер кімдер?

– Мысалы, Елбасының жанында жылдар бойы еңбегімен көрініп келе жатқан Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты атар едім. Ол барлық сатыдан өткен, кезінде министрлікті басқарған, қазір облыс әкімдігінде жарқын істерімен көзге түсіп жүрген тұлға. Осы саяси шеңбердегі адамдардың біріне Елбасы үкімет тізгінін тапсыратын секілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та осы қызметке лайықты тұлға. Әрине, бұрын премьер-министр болған адамдарды үкімет басына қайта қоймайтын шығар. Үкімет басшысының тізгінін сеніп тапсыра алатын өзге де адамдар бар. Бізге Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде жұмыс жүргізе алатын адамдар керек екендігін тағы да қайталап айтқым келеді. Өйткені, қазір жаңа экономикалық формациядан өту үстіндеміз. Осы жағдайдағы Қазақстанның экономикалық және индустриалды-инновациялық даму қарқыны, әлеуеті өте күшті. Осы дамуда артта қалып кетпей, алдыңғы қатарда болуымыз қажет.

– Соңғы уақыттағы орын алып жатқан қоғам үшін қауіпті экстремистік пиғылдағы әрекеттерге тосқауыл қоюға мемлекеттің күші жете ме? Мұны алпауыт елдердің өзі ауыздықтай алмай отырғанын көріп жүрміз.

– Дінді экстремистік деп айту дұрыс емес. Алдымен осының басын ашып алайық. Бұл бізге саясаттанушылардың сырттан таңған термині. Ешбір дін лаңкестікке, экстремизмге шақырмайды. Ол секталардың, ағымдардың тірлігі. «Исламдық экстремизм», «мұсылмандық терроризм» дегенді көп айтады. Бұл түбірімен қате түсінік. Өкінішке қарай, осы мәселелер Қазақстанды да айналып өтпеді. Біздің мемлекет өз дамуында радикалды исламмен бетпе-бет келіп отыр. Оны күшпен жеңу мүмкін еместігін алпауыт елдердің тәжірибесі көрсетіп берді. АҚШ-тың 70-жылдары исламмен қатты күрес жүргізгені мәлім. Бірақ, исламмен олай күресуге болмайтынын олар кейін түсінді. Қай дінмен болса да солай. Біз де сол қателікті қайталамауымыз керек. Қоғамда исламтанушылар тарапынан ислам насихатын күшейтетін мезгіл жетті. Қазақстанның ашық саясатын пайдаланып, сектанттар ортамызға кіріп алды. Олар қалай кірсе, солай шығаруға да болады. Бірақ күшпен емес, солардың арасына баратын адамдардың санасында революция жасау арқылы ғана жеңе аламыз. Діни фанатизм өте қауіпті нәрсе. Соған қарсы ағартушылық исламды дамытқанымыз абзал. Бізде осы жағдайға көңіл бөлінбеді. Жоғары оқу орындарында маман даярлау төмендеп кетті. Тіпті, грант та бөлінбей қалды. Оны енді ғана қолға алып жатыр. Қазақстан ислам әлемімен байланысты біржақты ғана жүргізіп келді. Бұл қоғамдағы әлеуметтік жағдайға да байланысты. Радикалды күшке осы әлеуметтік ахуалы нашар адамдар барып жатады, көбіне. Екіншіден, мешіттерді үкімет пен мүфтият қолдан шығарып алды. Ал, мешіт идеологиялық күрестің ортасы емес, тек Аллаға сиынатын үй болуы керек еді. Мешіттерді салафилер, уаһабшылар өздерінің идеологиясын жүргізетін орынға айналдырды. Құқық қорғау органдары мен мүфтият тарапынан соны бақылау жеткіліксіз болды. Сондықтан, радикалды пиғылдағы ағымдардың идеологиясын мешіттерде жүргізуіне жол бермеуіміз керек. Қазір «жамағат» деген пайда болды. Дінтанушылар осы «жамағаттардың» түп-төркінін зерттеуді қолға алса. Уақытында ол жағын да ескермедік. «Ештен кеш жақсы» деп, енді қолға алып жатқан секілді. Дегенмен, мен Қазақстан үлкен лаңкестік күштердің отаны болмайды деп есептеймін. Оған қазақ халқының саналылығы да, даналығы да жетеді.

– Әңгімеңізге рақмет.

 

 

Сайлауға дайындық басталды

 

/«Қазақстан» ТРК, 23.11.2011 ж., Ж. Әбіл/ - Маңғыстау өңірінде жергілікті сайлау комиссияларының алдағы Мәжіліс сайлауына дайындық жұмыстары басталып кетті.

Бүгін, Ақтауда сайлау комиссиясы мүшелерінің семинар-кеңесі өтті. Қаңтардың 15-і облыста барлығы 172 сайлау учаскесі мен 115 сайлау округі жұмыс істейді. Ақтау қаласының өзінде 117 дауыс беру бекеті бар. Сайлау комиссиясының мүшелері үміткерлерді тіркеп, заң талаптарының орындауын қадағалайды. Жиында алдымен «Сайлау туралы» заңды сақтау керектігі баса айтылды.

Есен Күмісқали, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

Алдағы уақытта сайлау комиссиясы мүшелерімен осындай семинар- кеңестерді жалғастырамыз. Олардың құрамы өзгерді. Оқытамыз, түсіндіреміз. Заң баптарын толықтай сақтап, заңды бұзбай осы сайлауды дұрыс өткізуіміз керек деп есептейміз.

 

 

Мәслихаттар депутаттығына үміткерлер саны әзірше 10 адам

 

/«Қазақстан» ТРК, 24.11.2011 ж., А. Қобдабай/ - Күні бүгінге дейін еліміз бойынша жергілікті мәслихаттар депутаттығына барлығы 10 кандидат ұсынылды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді. Сонымен қатар, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында жергілікті мәслихаттарға депутаттықтан үміткерлерге республикалық бюджеттен бөлінетін қаржылық шығынның нормативтері бекітілді.

Осы құжатқа сай облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидат ретінде тіркелген әрбір үміткерге үгіт шаралары мен көлік шығынына қазынадан 349 мың теңге, ал қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін 179 мың теңге бөлінген. Оның сыртында әр кандидаттың сайлауалды үгіт-насихат шараларына қажетті қор құруларына болады. Ал алдағы өтетін Мәжіліс сайлауына қажетті бюллетеньдерді Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы әзірлесе, мәслихат сайлауына керек бюллетеньдерді төрт аймақтық баспаханалар басып шығаратын болды.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Осы сәтке дейінгі бізде бар ақпарат, қазіргі уақытта мәслихаттар депутаттығына 10 кандидат ұсынылған. Олардың біреуі – Қызылорда облысынан, қалғандары – Маңғыстау облысынан өздерін өздері ұсынған кандидаттар.

 

 

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы барысында

жариялылық, ашықтық ұстанымдары басты

назарда болады - ОСК мүшесі - М.Сәрсенбаев

 

/«ҚазАқпарат», 24.11.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Бүгінде республика халқы соңы не болар екен деп тағатсыздана күтіп отырған ең үлкен саяси науқандардың бірі - 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы.

Осы ретте біз сайлау науқанының жүзеге асу барысы мен оған қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген бірқатар мәселелер жөнінде білу мақсатында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсенбаевты сөзге тарттық.

- Марат Алдоңғарұлы! Әңгімемізді Орталық сайлау комиссиясының алдағы болатын сайлауларға дайындық жұмыстарынан бастасақ...

- Мемлекет басшысының кезектен тыс Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі Жарлығы шыққалы бері Орталық сайлау комиссиясы мен республикадағы 9 мың 757 жергілікті сайлау учаскелері қызу дайындық үстінде. Бұл ретте біз Конституцияның 20-шы бабында сайлауға қатысты көрсетілген алқалылық, жариялылық, ашықтық деген ұстанымдарға сай жұмыс істеудеміз. Орталық сайлау комиссиясы осыған дейін бірнеше отырысын өткізді. Онда біз көбіне сайлаудың ұйымдастыру мәселелеріне екпін түсіре жұмыс істедік. Сондай-ақ біз сайлаудың  күнтізбесін дайындап, оларды аймақтарға тарату, қалың көпшілікті осы күнтізбеде көрсетілген жәйттардан  хабардар ету мәселелерімен айналысудамыз. Оның үстіне сайлау комиссияларының босап қалған орындары бар. Олардың да орнын толтыру керек.

Бұдан соң қазір сайлау мәселесімен белсенді жұмыс істеп жатқан органдардың бірі - әкімдіктер. Өйткені сайлаушылар тізімін жасау және нақтылап отыру осы мемлекеттік органға жүктелген. Сондықтан Орталық сайлау комиссиясы әкімдерден сайлаушылардың неғұрлым толық дәл тізімдерінің жасалуын талап етеді. Бұл тізімді ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыру керек. Өйткені өмір үзіліссіз жүріп жатқан құбылыс. Сондықтан азаматтардың еліміздің бір аймағынан екінші бір жеріне көшіп баруы немесе белгілі бір себептермен өзі тұрып жатқан мекен-жайдың тізімінен шығып кетуі сияқты жәйттердің болатыны заңды. Ендеше, осы азаматтардың тізімін уақытында нақтылап, сайлаушыларды түгендеп отырудың маңызы зор. Біз сонымен қатар сайлау учаскелерінің санын көбейттік. Бұл немен байланысты? Алдында атап өткен көшіп-қону сияқты үдерістерден кейін кейбір сайлау учаскелерінде азаматтар санының тым көп болып кетуі заңды құбылыс. Бұл  сайлауды талапқа сай атқаруда біршама қиындықтар тудырады. Оның үстіне, заң бойынша әрбір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар саны 3 мыңнан аспауы тиіс. Сондықтан елде бірқатар жаңа сайлау учаскелері құрылды. Бұрын елде, нақтырақ айтқанда Президент сайлауында, 9 мың 725 сайлау учаскесі болса, қазір олардың саны 9 мың 757.

- Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кандидаттығынан үміткерлерді тіркеу кезеңі басталып кетті. Сайлауға қатысуға өтініш білдіргендер бар ма?

- Осы уақытта елімізде өтетін мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға 10 адам өтініш білдірді. Олардың 1-уі Қызылорда облысынан, 9-ы Маңғыстау облысынан.  Қызылорда облысынан өтініш берген 1 азамат облыстық мәслихат депутаттығынан дәмелі, Маңғыстаудан өтініш берген 9 азамат аудандық мәслихат депутаттығынан үмітті. Ал Мәжіліс сайлауына қатысқысы келетіндер әзірге жоқ. Бұл заңды да. Өйткені Мәжіліс депутаттарына кандидаттарды партиялар ұсынады. Ал Мәжіліске өзінің партиялық тізімін ұсынғысы келетін партиялар алдымен өздерінің жиынын өткізіп, сайлауға түсетін адамдарды таңдайды, тізімді бекітеді. Партияларда осы сияқты белгілі бір уақытты қажет ететін процедуралар жетерлік. Сондықтан олар әзірге өздерінің үміткерлерін ұсынып үлгере қойған жоқ.   

- Мәжіліс немесе мәслихат депуттатарының сайлауына түсу үшін міндетті түрде белгілі бір партияның мүшесі болу керек пе?

- Егер сіз Мәжіліс депутаттығынан үміткер болғыңыз келсе, онда міндетті түрде белгілі бір партияның өкілі болу керексіз. Өйткені Мәжіліске депутат болатын азаматтарды міндетті түрде партиялар ұсынады. Ал мәслихат депутаты болу үшін партияның мүшесі болу міндетті емес. Мәслихат депутаттығынан үміткерлерді сол мәслихаттардың өздері ұсынады немесе еліміздің азаматтары өздерін өздері ұсына алады.

- Депутат болғысы келетін азаматтарға сайлауға қатысу үшін қандай талаптар қойылады? 

- Парламент Мәжілісіне депутат болу үшін қойылатын бірінші талап, сайлауға түсетін адам міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Екіншіден, ол азаматтың жасы 25-тен асқан болуы керек. Үшінші талап, депутаттықтан үміткер болғысы келетін азамат Қазақстан аумағында 10 жыл тұрақты тұрған болуы қажет. Осы үш талаптың біреуі сәйкес келмеген жағдайда депутаттықтан үміткер болғысы келетін азамат сайлауға түсе алмайды.

Мәслихат депутаты сайлауына түскісі келетін азаматтарға қойылатын талаптар да осындай. Тек мәслихат депутатының сайлауына 20 жасқа толған азаматтар да түсе алады. Сондай-ақ мәслихат депутаты тек бір аймақтың ғана депутаты бола алады

- Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауларда байқаушылармен жұмысты қалай  жүргізбек?

- Осы уақытта елде байқаушылар институты ашылды. Оны бекіттік. Ол туралы Сыртқы істер министрлігіне арнайы хат жіберілді. Соңғы өткен сайлауда 1 мыңнан астам шетелдік және халықаралық ұйымдардың байқаушылары тіркелді. Байқаушылар саны осы жолғы сайлауларда да солай болады деген болжам жасап отырмыз.

- Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қанша қаржы бөлінді?

- Мәжіліс пен мәслихат  сайлауына бөлінген қаржы 8 миллиард теңге. Аталмыш қаржы сайлау үдерісіне атсалысатын азаматтардың атқарған істері үшін жалақы ретінде төленеді. Сонымен қатар бұл қаржы сайлау барысындағы қажетті кеңселік заттарды сатып алу, сайлау комиссиясы мүшелерінің жол жүру ақысы сияқты шығындарға, сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт жұмысының заңмен белгіленген бағыттарына жұмсалмақ.

- Сұхбатыңызға рахмет!

 

 

Сайлауға қазақстандықтардың 61,3 пайызы дайын

 

/«Хабар» агенттігі, 24.11.2011 ж./ - Алдағы жылдың 15 қаңтарында болатын Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға қазақстандықтардың 61,3 пайызы дайын.

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы жүргізген сауалнама нәтижесі осындай. Сауалнама көрсеткендей, «Егер сіз таяу жексенбіде сайлау болса, баратын ба едіңіз?» деген сұраққа халықтың 52,1 пайызы дауыс беруге міндетті түрде қатысатындарын айтқан. Тек 9,2 пайызы ғана қатысуы мүмкін екендіктерін білдіріпті. Ал «Қай партияны таңдайтын едіңіз?» деген сауалдың нәтижесі мынандай: «Нұр Отан» ХДП-сы – 75,7%, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 7,5%, «Азат» Жалпыұлттық социал-демокаратиялық партиясы – 2,1%, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы – 2%, «Әділет» демократиялық партиясы – 0,9%, «Ауыл» партиясы – 0,8% және «Руханият» партиясы – 0,1%.Сауалнамаға еліміздің барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан жиыны 1500 адам қатысқан.

 

 

Бұл сайлаудың жөні бөлек болғалы тұр

 

/«Айқын», 24.11.2011 ж., С. Әмірбекұлы/ - Сайлау өтетін мерзім белгілі болысымен, саяси партиялар ала шапқын тірлікке кірісіп кетті. Съездерін шақырып, тізімге енетін тұлғаларды сұрыптап, үгіт-насихаттың көрігін қыздыруға барын салып жатыр. Жаңа Парламенттің құрамы қалай болмақ? Қай партиялар енеді? Додада қай партияның аты озып, бағы жанбақ? Батыстың үлгісіне сай, көп партиялы жүйе өзін ақтай ма? Әсіресе, ұлт мәселесіне келгенде, жорғаша тайпалтып, тұлпарша оза шауып, жан беріп, жан алысатын тұлғалар жаңа Парламент құрамынан табыла ма? Әлде кеше тараған депутаттардың біразы өз орындарына қайта оралып, не де болса, бас шұлғудан аспайтын әдеттеріне баса ма? Сұрақ көп. Жауап 15 қаңтардан кейін белгілі болмақ.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жүргізген зерттеулеріне үңілсек, жалпы халықтың еліміздегі саяси өзгерістерге деген өзіндік көзқарасы қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. «Егер сайлау бүгін өте қалса, қай партияны Парламенттен көргіңіз келеді?» деген тақырыппен осы мекеме жүргізген зерттеуде «Нұр Отанға» жұрт 64,3 пайыз дауыс берсе, «Ақ жолға» - 4,7, «Азатқа» - 3,3, Ғани Қасымовтың «Партиоттар» партиясына - 2,5, «Ауылға» - 1,8 пайыз дауыс берген. Ал Парламентте «Нұр Отаннан» басқа қай партияны көргіңіз келеді?» деген сауалға тұрғындар «Ақ жол», «Ауыл», «Патриоттар», «Азат», «Әділет», «Руханият» деп жауап берген. Сондай-ақ азаматтардың 45,8 пайызы елде көппартиялық жүйе қалыптасқанын қалайды. Сонымен, алда - сайлау. Көппартиялық жүйе орнап қалуы да ықтимал.

 

Кімнің мүмкіндігі басым?

Айдос Сарым, саясаттанушы:

- Алдағы сайлауда Парламентке өтуге қай партиялардың мүмкіндігі жоғары?

- Сайлау өтпей жатып, «бәленбай» партия Парламентке енеді деу - артықтау болар. Десек те, көп жағдайда додадан үміткер партиялардың белсенділігі, сондай-ақ ұйымдастырушылық, қаржылық, ақпараттық мүмкіндіктері һәм халық арасында танымалдылығы көп нәрсені шешеді. Осы айтқандарды дұрыс жолға қоя білген, үйлестіре білген топтың ғана асығы алшысынан түсетіні белгілі. Менің ойымша, қаңтарда өтетін сайысқа «Нұр Отаннан» басқа тағы екі партия үміт білдіріп отыр. Ол - «Ақ жол» партиясы. Бұл партия бүгінде қаржылық және ұйымдастырушылық тұрғыдан, бизнесмендерді өздеріне тарту жағынан өзгелерден алда тұр. Мүмкіндігі мол. Бұдан кейін үлкен мүмкіндікке ие «Азат» партиясы. Егер де «азаттықтар» партияның тізімін дұрыстап жасақтаса, аймақтарда жұмыстарын үйлестіре білсе, еліміздегі саяси-әлеуметтік салаға наразы электротты өз қатарларына тартып, жұдырықтай жұмылдырса, онда жеті пайыздық кедергіден «Азат» партиясы өтуі тиіс. Ал қалған партиялар шынын айту керек, сайлаудан-сайлауға дейін ғана өмір сүретін партиялар. Олар тек сайлау кезінде ғана өздерінің бар екенін елдің есіне салып, шаң шығарып қойып, қалған уақытта тым-тырыс қалады. Осы себепті, олар халық арасында үлкен қолдауға ие болады деп айтудың өзі артық. Сондықтан менің есебімше, сайлау осы аты аталған үш партияның арасындағы тартыспен өтеді.

- Халыққа танымал кейбір тұлғалар ұлттың көкейіндегісін Парламент мінберінен айту үшін сайлауға түскелі жатыр деп естіп жатырмыз...

- Ақпарат құралдары Мұхтар Шаханов, Уәлихан Қайсаров «Руханият» партиясының атынан түседі екен-мыс деген хабарлар таратып жатыр. Сол секілді Тоқтар Әубәкіров «Азаттан» түспек деген де сыбыс бар. Әрине, кім қай партияның атынан түседі, оны уақыт көрсете жатар. Шаханов тұлға ретінде жұрттың ыстық ілтипатына ие болғанымен, халық бір адамға бола партияға дауыс бере қоюы екіталай. Мәселен, сайлауда «Руханият» қолдау таппай, 1 пайыз немесе одан да төмен көрсеткішке ие болса, бұл Мұхтардың беделіне нұқсан болмақ.

- Жалпы, жаңа Парламенттен қай партияларды көргіңіз келеді?

- Ең бастысы, қоғамда беделі бар, қоғамның белсенді топтарының күшін жинақтай алатын, оның ішінде билікке балама ой айта алатын партиялардың Парламентке өткені дұрыс деп ойлаймын. Шындығында Парламентке екі-үш партияның өткені бүгінгі саяси жүйені күрделендіре түседі. Яғни Үкімет Парламентте екі-үш партия отырғандықтан, олардың бір-бірімен бәсекеге түсетінін ескере отырып, дайындықтарын жақсартады, ұсынатын құжаттарының сапасын арттыруға күш салады. Өйткені бас шұлғи беретін бір партиялық жүйе жоғын біледі. Әр құжат тартысқа түсетінін сезінеді. Жалпы, Парламенттегі салиқалы пікірталастың қоғам үшін де, елдегі демократияны дамыту үшін де пайдасы зор. Сондықтан қай партия болсын, тізімге ашық ой айта алатын, халық арасында беделді азаматтарды енгізсе, алдағы жаңа Пар­­ламент сапалы да, салмақты болмақ.

 

Жетекші партияның дауысы жоғары!

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

- Менің болжауымша, сайлауда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы 70 пайыздан жоғары дауыс алады. Екінші орынға көтерілетін партия ол - «Ақ жол». Бұған мемлекет көмектеседі. Әрине, тікелей емес, олигархтар арқылы жүзеге асады. Билік қалталыларға «өз мүдделеріңді қорғайтын топ керек болса, көмек беріңдер» дейтіні анық. Сондықтан бұл топтың қаржылық қуаты мықты болмақ. Ал ақша болған жерде есік ашық деген сөз. Ақпараттық қолдау «Ақ жол» үшін дұрыс жолға қойылары хақ. Бірақ тегін ештеңе жоқ. Ертең Парламентке өткен соң, «ақжолдықтар» олигархтардың сөзін сөйлей бастары анық. «Сыйға - сый, сыраға - бал» деген осы. Радикалды оппозиция бұл жолы сайлауды сырттай бақылайтын шығар. Олар тарапынан керемет мүмкіндіктерді көріп тұрған жоқпын. Өйткені «Азат» әлі тіркелген жоқ. Дегенмен алдағы Парламенттің екі партиядан тұру ықтималдығы басым. Дегенмен сайлаудың шынайылығын арттыру үшін тағы бір партия қосаққа ілесуі мүмкін. Ол «жұмсақ» көзқарастағы коммунистер мен «жасылдар» партиясы. «Жасылдар» дегенде Серікжан Мәмбеталин басқаратын партия емес, шұғыл түрде тіркеуден өтуі мүмкін Мельс Елеусізов құратын екінші «жасылдар» партиясын айтамын. Мұхтар Шаханов Мәмбеталин басқаратын партияға енуі мүмкін дегенді естіп жатырмыз. Жалпы, билік Парламентте ұлтшылдардың отырғанын қаламайды. Сондықтан ыңғайға жығылып тұратын, айтқанынан шықпайтын құрылымға көмек бермек. Осы тұрғыдан келгенде, билік Елеусізовке қол ұшын берері анық. Бәлкім, бұл екі партияны қажет етпей, «Әділет» партиясын додаға қосып, бір-екі орынды Парламенттен ұсынуы ықтимал. Қалай айтсақ та, алдыңғы Парламентке екі-үш партияның өтуі - біздің қоғам үшін үлкен жетістік. Бірден британдық немесе америкалық модельге өтіп, 100 пайыздық демократия жасай қою қиындау. Бәрі рет-ретімен болғаны жөн.

 

Халықтың саяси белсенділігі артты

Нұрлан Сейдін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері, саясаттанушы:

- Бұл сайлау - өзге сайлаулардан ерекше. Әлемдік стандартқа сай болады. Жұрттың есінде болар, сәуір айындағы Президенттік сайлау өте демократиялық жағдайда өтті. Онда барлық үміткерлерге мүмкіндік берілді. Шеттетілген ешкім болған жоқ. Бұл Парламент сайлауы да сол үрдістен шығады ғой деп ойлаймын. Рас, бұған дейін де талай сайлау өтті. Тәжірибе жинақтадық. Соның жемісін енді көрмекпіз. Сайлауға түсетін қай партия болсын осы додада өздерін көрсетіп қалады ғой деп ойлаймын.

2009 жылғы сайлау заңына байланысты барлық партияларға жұмыс жасау, үгіт-насихатын жүргізу үшін еркіндік берілген. Кім халыққа жақын, кім мемлекеттің мүддесін көбірек ойлайды, жеңіс сол жақта болмақ. Жалпы, бұл сайлауды кезектен тыс өткелі жатыр десек те, Президенттік сайлау өте салысымен «Парламенттік сайлау өтеді екен» деген әңгіме кең тарады. Кей партиялар сол кезден бастап, аз да болса дайындыққа кірісіп кеткені белгілі. Сондықтан «білмей қалдық, үлгермей қалдық» деп ешкім өкпе айта алмас. Сөздің қысқасы, бұл сайлау Қазақстанның жиырма жылдығының кезеңінде кемелденген, жетілген сайлау болады деп айтуға құқым бар.

- Халықтың саяси үрдістерге деген қызығушылығы қандай деңгейде?

- Тұрғындар арасында жүргізілген түрлі сауалнамалардың қорытындысына көз салар болсақ, қазір жұрт елімізде болып жатқан саяси өзгерістерге, елді елең еткізер кейбір оқиғаларға атүсті қарамайды. Алаңдаушылық білдіріп, саяси астарына үңіледі. Бір сөзбен айтқанда, халықтың саясатта белсенділігі артып келеді. Осы жағынан келгенде, алдағы сайлауда қазақстандықтардың басым бөлігі атсалысып, өздерінің таңдауын жасайды деген ойдамын. Әрине, алдыңғы орынға халықпен жүйелі түрде жұмыс жасап келе жатқан «Нұр Отан» партиясы шығады. Біздің зерттеулер партия кем дегенде 80 пайыз дауыс алады деп отыр. Одан кейінгі орында «Ақ жол» мен «Азат» тұрмақ.

 

 

Уақыт талабы туғызған сайлау

 

/«Егемен Қазақстан», 24.11.2011 ж., Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.                      Қ. Тұрғанқұлов/ - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы 16 қарашадағы Жарлығына сәйкес төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылды. Осы актіде 2012 жылғы 15 қаңтарда партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетіні белгіленді. Ал 16 қаңтар күні Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы белгіленді. Сонымен қатар 15 қаңтарда ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні де тағайындалды.

Мемлекет заман ағымынан қалмай дамып отырады. Демократиялық үрдіс жолында конституциялық реформалар мен өз­герістердің болып тұруы – заңдылық. Басталып отырған жаңа сайлау науқаны тек біздің елімізде ғана болғалы тұрған саяси кезең емес. Әртүрлі жағдайлардың эко­номика мен саясатқа ықпал етуіне байланысты әлемдік Парламенттік үдерісте жүзеге асып жатқан қалыпты жағдай.

Тек қана биылдың өзінде ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер кеңістігіндегі төрт елде, атап айтқанда, Ирландия, Македония, Латвия және Испанияда мерзімінен бұрын Парламенттік сайлау өтті. Таяу уақытта Словения мен Грекия елінде де кезектен тыс Парламенттік сайлау өткелі тұр. Осылайша, кезектен тыс немесе мерзімінен бұрын Парламенттік сайлау демократиялық елдерге тән жағдай. Қазақстанда кезектен тыс Парламенттік сайлау өткізу туралы шешім Конституцияға және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес қабылданды.

Президенттің Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығы жариялана салысымен Конституцияда және заңда көзделген құқықты пайдалана отырып, Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын да 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындады. Сонымен, 16 қарашада біртұтас сайлау науқаны басталып кетті. Екі сайлауды бір күнде өткізу 4 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сайлау науқанын ұйымдастыруға және өткізуге шамамен 8,2 млрд. теңге жұмсау көзделіп отыр.

Еліміздің барлық аймағын түгел қамтыған сайлау науқаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізіледі. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 16 қарашадағы Күнтізбелік жоспарына сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну 2011 жылғы 16 қарашадан бастап 5 желтоқсанға дейін, ал партиялық тізімдерді тіркеу 16 қарашадан бастап 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен жүзеге асырады. Осы үдеріс 2011 жылғы 16 қараша мен 14 желтоқсан аралығындағы кезеңде өтеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау рәсімдерінің мерзімі партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауы үшін айқындалған мерзімдермен сәйкес келмейді. Сол себепті Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну 2011 жылғы 16 желтоқсанда басталып, 26 желтоқсанда аяқталады. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу 2011 жылғы 26-31 желтоқсан аралығында жүргізіледі. Сайлау алдындағы үгіт 2012 жылғы 1 қаңтарда басталып, 14 қаңтарда аяқталады. Дауыс беру 2012 жылғы 16 қаңтарда болады.

Сайлау туралы заңнамаға сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партияларға тиесiлi. Бұл барлық партияларға заңмен бірыңғай талаптар қойылып отырғанын білдіреді. Тек қана Қазақстанның Коммунистік партиясы бұл сайлауға қатыса алмайды. Өйткені, сот шешімімен оның қызметі тоқтатылған болатын.

Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сай болуы, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес белсенді сайлау құқығына ие болуға тиіс. Яғни, Қазақстан Республикасының жиырма бес жасқа толған және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан азамат Мәжіліс депутаты бола алады.

Партиялық тізімді бекіту туралы шешімді партияның жоғары органы қабылдайды. Партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жүргізіледі. Бұл ретте саяси партиялар осы партияның мүшелерін ғана партиялық тізімге енгізуге міндетті.

Ал мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тиісті округтік сайлау комиссиялары тіркейді. Партиялық тізімді, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды Орталық сайлау комиссиясы тіркейді.

Тiркеуге бiр саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлiнетiн депутаттық мандаттардың белгiленген санының отыз пайызынан аспайтын адамдар саны енгiзiлген бiр ғана тiзiм жiберiледi. Демек, партиялық тізімге енгізілген адамдардың ең көп саны 127 адамға жеткізілуі мүмкін. Олардың барлығы Конституцияда және сайлау туралы заңда оларға қойылатын талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімді тіркеуден бас тарта алады немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоя алады.

Мұндай шара саяси партия партиялық тізімді ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе партия, ол ұсынған кандидаттар және оның сенiм бiлдiрген адамдары сайлау алдындағы үгiттi тiркелгенге дейiн жүргiзген жағдайда жүзеге асырылады. Тұтас партиялық тiзiмнiң елу процентiнен астамын құрайтын адамдар партиялық тiзiмнен шыққан, партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенiм бiлдiрген адамдарының кандидаттың, партиялық тiзiмдi ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн сот анықтаған жағдайда да Орталық сайлау комиссиясы тіркеуден бас тартады немесе шешімнің күшін жоя алады. Сонымен бірге, партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн сот анықтаса, Орталық сайлау комиссиясы осы шараларды қолдана алады.

Бұл ретте дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұрын тiркеуден шығарылған партиялық тiзiмдi қалпына келтiруге жол берiлмейдi.

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың әрбірі, олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттар және олардың жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына 2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша табысы және мүлкi туралы декла­рациялар ұсынады. Сонымен қатар, мәслихаттар депутаттығына кандидат жергiлiктi атқарушы органдардың шотына депозит ретiнде заңнамада белгiленген ең төменгi жалақының бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Бұл 79 995 теңгені құрайтын болады. Осы қаражатты үміткер тiркелгенге дейiн Конституцияда және сайлау туралы заңда қойылатын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн енгізеді.

Биылғы жылы саяси партияның сайлау жарнасы тізімге енгізілген әрбір кандидат үшін жалпы алғанда 240 мың теңгені құрайды. Мұндай міндеттілік «Нұр Отан» ХДП-ға қолданылмайды. Өйткені, аталған партияға сайлау заңнамасына сәйкес жеңілдіктер көзделген. Ол алдыңғы сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушы­лардың жалпы санының жеті пайыздан астам дауысын жинағандықтан, сайлау жарнасынан босатылады.

Сондықтан, «Нұр Отан» ХДП-дан басқа барлық саяси партиялар жарна төлейді. Сонымен қатар, ЖСДП және «Ақ жол» КДП Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың үштен беске дейінгі пайызын алған партия ретінде сайлау жарнасын жетпіс пайыз мөлшерінде төлейді. Осылайша, осы екі саяси партия үшін сайлау жарнасы әрбір кандидат үшін 168 мыңға жуық теңгені құрайды.

Тұтастай алғанда, тізімді тіркеу үшін партия Орталық сайлау комиссиясына:

• Республиканың Әдiлет министрлiгiнде саяси партияның тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшiрмені;

• азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiмi туралы өтiнiшiн;

• партиялық тiзiмге енген әрбiр адам туралы өмiрбаяндық деректерді;

• кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасын;

• саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжатты;

• партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның осы тiзiмдi ұсынған саяси партияға мүшелiгiн растайтын құжатты табыс етеді.

Тіркеу мерзімі аяқталған соң, үстіміздегі жылғы 16 желтоқсаннан бастап Орталық сайлау комиссиясында партиялық тізімдерін тіркеген саяси партиялар сай­лауалды үгіт жұмыстарына кірісе алады. Саяси партиялардың барлық үгіт науқаны партияның сайлау қоры есебінен жүзеге асырылады. Саяси партиялардың сайлау қорының ең жоғарғы көлемі 261,6 млн. теңгені құрайды. Бұл ретте саяси партиялардың сайлау қоры екі қаржы көзінен, яғни, саяси партиялардың өз қаражаты мен республиканың азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырымдылығынан құралады.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарға қатысты айтарым, тіркеу аяқталғаннан кейін, яғни, 21 желтоқсаннан бастап сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізе алады. Мемлекет жергілікті өкілді органның депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа радиода, теледидарда және баспасөзде ең қажетті көлемде үгіт шараларын жүр­гізу үшін тең дәрежеде қаржы бөлінуіне кепілдік береді. Сонымен қатар, мәслихат депутаттығына кандидат болғандар өздерінің меншікті сайлау қорын құруына құқығы бар. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының ең жоғарғы көлемі 10,5 млн. теңгені құрайды. Соның ішінде кандидаттың өз қаражатынан, кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестіктің және де Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырымдылығынан құралатын қаржы.

Жалпы, Орталық сайлау комиссиясы барлық қажетті кадрлық және материалдық ресурстарға ие және сайлауды тиісті ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге, азаматтардың және барлық сайлау үдерісіне қатысушылардың өздерінің конституциялық құқығын ерікті әрі тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге дайын.

Сайлау құжаттарының үлгісі бекітілді. Негізгі заңдарда қарастырылған сайлау өткізу тәртібін, сайлау процедурасы мен сайлау үдерісіне қатысушылардың қыз­метін реттейтін қажетті нормативтік актілер қабылданды. Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының құрамы толықтай қалыптастырылған және жедел қарқынмен жұмыс істеуге қабілетті.

Сайлаудың әзірлік жұмыстары мен өткізуге барлығы 13315 сайлау комиссиясы қатысады. Оның ішінде 16, яғни, 14 облыстық және Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссиясы бар. 207 аудандық және қалалық сайлау комиссиясы, облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 550 округтік сайлау комиссиясы, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 2160 округтік сайлау комиссиясы және 9757 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған. Осы ретте аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметтерін қоғамдық негізде жүзеге асырады және оларды саяси партиялардың ұсыныстары негізінде сәйкес мәслихаттар сайлайтынын атап өту маңызды болмақ.

Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған сайлау комиссияларының құрамын жергілікті өкілді органдар 2009 жылы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсыныс­тарының негізінде сайлаған болатын. Ол кезде әртүрлі деңгейдегі сайлау комиссиясының мүшелігіне саяси партиялар ұсынған кандидаттардан ұсынылған кандидаттардың жалпы санының 98,6 пайызы сайланды. Бұл – саяси партиялар ұсынған кандидаттардың негізінен сайлау комиссияларының құрамдарына сай­ланғанын білдіреді. Сонымен бірге, сайлау заңнамасына сәйкес аумақтық, округтік немесе учаскелік сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау және өткiзу кезеңiне кеңесшi дауыс құқығын бере отырып, өз өкiлiн тиiстi сайлау комиссиясына жiберуге құқылы. Әрине, бұл орайда заңнамамен қарастырылған бірқатар ресімдерді сақтауы тиіс. Округтік немесе учаскелік сайлау комиссияларының құрамында саяси партиялардың өкілдігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалды.

Бүгінгі таңда біз сайлау комиссиялары мүшелерін жедел оқытуға баса назар аударып отырмыз. Жалпы, жұмыс істеп тұрған сайлау комиссияларының құрамы бұған дейінгі сайлау кампаниясы барысында өздерінің жоғары кәсіби дайындықтарын көрсете білді. Елімізде сайлауды ұйымдастырушылардың біліктілік деңгейін арттыру үдерісіне тұрақты түрде көңіл бөлінеді.

Жақын арада Орталық сайлау комиссиясы республикалық семинар-кеңес ұйымдастырады. Оған облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларын, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін шақыруды жоспарлап отырмыз. Осы семинар аясында алдағы сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі мәселелері талқыға салынады. Ал еліміздің өңірлерінде аумақтық, округтік немесе учаскелік сайлау комиссиялары үшін аймақтық семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады.

Сайлауды ақпараттық қамтамасыз етуге келер болсақ, Орталық сайлау комиссиясы әдеттегідей, барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді түрде бірігіп жұмыс істейді. Барлық отырыстарымызға бұрынғысынша масс-медиа өкілдері шақырыла отырып, ашық түрде өткізілетін болады. Сайлаушыларға партиялардың мақсаттары мен міндеттері туралы барынша толық ақпарат беру мақсатында Орталық сайлау комиссиясы өз тарапынан партиялық тізімін ұсынған саяси партияларға ақпараттық қолдау көрсетеді. Бұл ретте, Орталық сайлау комиссиясы тарататын мәліметтер тек ақпараттық және бейтарап сипатта болады.

Қазіргі кезде халықаралық байқаушылардың қызметіне қатысты Қазақстанның сайлау туралы заңнамасының ережелері ЕҚЫҰ кеңістігінде барынша жа­риялылардың бірі болып табылады. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің Қазақстанда өткізілетін сайлауларға үлкен қызығушылық танытуы кездейсоқтық емес. Мәселен, 2007 жылғы Парламенттік сайлауда 1 129, ал осы жылғы Президенттік сайлауда 1 059 халықаралық байқаушы тіркеліп, өз жұмыстарын атқарды. Осыған байланысты 16 қарашада Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халықаралық байқаушылар институтын ресми түрде ашты. Қазақстанда халықаралық байқау­шыларды аккредиттеуді Сыртқы істер министрлігінің ұсынысын алғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады. Шетелдік байқаушыларды тіркеу рәсімі 2012 жылғы 9 қаңтарға дейін жүргізіледі.

Сайлауды байқауға шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатыса алады.

Халықаралық байқаушылар және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлау үдерісінің барлық сатысына, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының отырыстарына қатысуға құқылы.

Осы сайлаудың негізгі ерекшелігі ретінде «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланылмайтынын айтуға болады. Сонымен бірге, 2012 жылы 15 қаңтар күні сайлау учаскелерінде сайлаушылар үш түрлі бюллетень алатын болды. Бюллетеньдердің біреуі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында саяси партия үшін дауыс беруге арналған. Екінші бюллютень арқылы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге болады. Ал үшінші бюллетень аудандық немесе қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған. Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары екі бюллетень алады. Өйткені, бұл қалаларда аудандық мәслихаттар жоқ.

Әрине, ең басты ерекшелік, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті пайызын тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесі көп санын жинаған партияның партиялық тізімі жіберіледі. Яғни, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымы (сайланымы) бір партиядан құралмайды деген сөз.

Алдағы сайлаудың негізгі кезеңі, әсіресе, үгіт жүргізу кампаниясы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толу мерейтойымен тұспа-тұс келіп тұр. Бұл жайт сайлау органдарына және сайлау үдерісіне қатысушылардың бәріне айрықша жауапкершілік жүктейтіні анық.

 

 

Жамбыл Ахметбеков ҚКХП атынан

депутаттыққа үміткер ретінде ұсынылды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 23.11.2011 ж./ - Коммунистік халықтық партиясы атынан Қазақстан Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде Жамбыл Ахметбеков ұсынылды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша бұл шешім ҚКХП-ның Ақмола облыстық комитетінің кезектен тыс партиялық конференциясында қабылданды.

«Конференция делегаттары ҚКХП партиялық тізіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттын сайлауда  үміткер ретінде, партияда үлкен саяси тәжірибесі бар және оны Парламентте ұсынуға лайықты өз жерлестері – Жамбыл Ахметбековты ұсынуға бір ауыздан қолдады», - делінген хабарламада.

 

 

 

 

ОСК мәслихат депутаттығынан үміткерлерге

жұмсалатын шығын мөлшерін бекітті

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 24.11.2011 ж./ – Орталық сайлау комиссиясы бейсенбі күні мәслихат депутаттығынан үміткерлерге жұмсалатын шығын мөлшерін бекітті. Бұл қаржы республикалық бюджет есебінен өтеледі.

ОСК қаулысына сәйкес, облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаты депутаттығынан үміткер ретінде тіркелген әрбір кандидатқа 349 мың теңгеден, ал қалалық және аудандық мәслихат депутаттығынан үміткер әрбір адам 179 мың теңгеден бөлінеді. Бұл қаржыны үміткерлер көлік пен үгіт-насихат жұмыстарына және бұқаралық ақпарат құралдарына шығып сөйлеуге жұмсайды.

Комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, қазір мәслихат депутаттығына 10 адамның кандидатурасы ұсынылған.

«Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығынан үміткерлердің бірін қоғамдық бірлестік ұсынып отыр. Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық мәслихаты сайлауында бақ сынауға бел буған 9 үміткер өзін-өзі ұсыну құқын пайдаланған», - деді ол.

 

 

ОСК ҚР мәслихаты депутаттығына

кандидаттардың шығын нормативін бекітті

 

/«BNews.kz», 24.11.2011 ж./ – Орталық сайлауком республикалық бюджет есебінен жұмсалатын ҚР мәслихаты депутаттығына кандидаттардың шығын нормативін бекітті. Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслихаты барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлімдеді.

«Мәслихат депутаттығына кандидаттардың келесі шығындарын бекіту ұсынылды. ...Сайлауалды бағдарламасымен ТВ, радио мен басылымдарға шығу, сайлаушылармен кездесу өткізу мақсатында бөлме жалға алу, жол жүру шығындарын өтеу үшін Астана, Алматы қалалары мен облыстық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға – 349 мың 200 теңге, ал қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға – 179 мың 100 теңге», - деп хабарлады В.Фоос.

 

 

Облыстық маслихат депуаттығына үміткерлерге бюджеттен

үгіт-насихаттар жүргізуге 349 мың теңгеден бөлінді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 24.11.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан маслихаты депуаттығына үміткерлердің республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығын нормативтірін бекітті, деп хабарлады бейсенбіде ОСК баспасөз қызметі. 

«Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған қаулыға сәйкес, облыстық Астана және Алматы қалалары бойынша депутаттыққа тіркелген әр үміткерге үгіт-насихат шаралары мен көліктік шығындарға 349 мың теңге бөлінді, ал қалалық және аудандық маслихаттар депутаттығына үміткерлерге 179 мың теңге бөлінетін болады», - делінген таратылған баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, маслихат депутаттығына тіркелген әр кандидат сайлау алды үгіт насихат шараларын жүргізу үшін өзінің сайлау қорын құруы мүмкін.

 

 

Сайлауға қатысты семинар-кеңес өтті

 

/«Қазақстан» ТРК, 25.11.2011 ж., А. Қобдабай/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясында келер жылы өтетін кезектен тыс сайлауға дайындық шараларын пысықтауға арналған республикалық семинар кеңес өтті. Оған құзырлы органдар мен жауапты министрліктердің және облыстық, қалалық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты. Кеңесте алдағы сайлауды ұйымдастырудың заңдық нормалары мен оны өткізу ережелеріне сәйкес, халықаралық бақылаушылар мен шетелдік ақпарат құралдарын аккредитациялау мәселелері, саяси науқанды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету тетіктері және сайлау шараларын қажетті қаржымен қамтуға қатысты тақырыптар талқыланды.

Алдағы сайлаудың ерекшелегі сол, электораттық үрдістің негізгі кезеңдері, әсіресе, үгіт-насихат науқаны ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгелі отыр. Осыны ескерген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлауалды әзірлік жұмыстары кезінде барлық деңгейдегі сайлау органдарына ерекше жауапкершілік жүктелетінін жеткізді.

Гүлнәр Үкімбаева, Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:

Жылдың аяқталар шағында келесі жылдың бюджеті бекітіліп жатыр. Көптеген қаржы мәселелеріне сұрақтарды алдық. Енді облыстарымызда аумақтық сайлау комиссиялары жұмыстарына кірісті.

 

 

 

ҚР ОСК Республикалық семинар-кеңес өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 25.11.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлауға әзірлік және өткізуге қатысты республикалық семинар-кеңес өткізді. Оның жұмысына барлық облыстық сайлау комиссияларының төрағалары, бірқатар мемлекеттік органдардың және сайлау саласында қызмет ететін халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында «Сайлаудың заңдық нормалары және оны өткізу ережелері», «Құжаттамалық және қаржылық қамтамасыз ету», «Отандық және шет елдік байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарын аккредитациялау» деген мәселелер талқыланды. Семинар-кеңесте аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері әртүрлі бағыттар бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, талқыланған сұрақтар бойынша пікір алмасты.

Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВ, ОСК ТӨРАҒАСЫ:

- Қазіргі уақытта партиялық тізімдер ұсынылып жатыр. Бұл жұмыс желтоқсанның 5-іне дейін жүреді. Ал Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 14 желтоқсанға дейін жалғасады. Партиялық тізімдерді тіркеу келесі айдың 15-інде аяқталады. Ал Мәслихаттарға қатысты бұл күн заң бойынша желтоқсанның 20-сына белгіленген.

 

 

Сайлауда дау-дамай туындамауы тиіс

 

/«Айқын», 26.11.2011 ж., Қ. Махамбет/ - Жаңа жылдың алғашқы айына жоспарланып отырған саяси сайыс барысында ешқандай дау-дамай туындамауы тиіс. Сайлауды ұйымдастырушылардың ең басты мақсаты мен мұраты осы екенін жеткізген ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов: Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына әзірлік және оны өткізу мәселелеріне арналған семинар-кеңес кезінде «Ұйымдастырушылар сайлау заңдарының бұзылу жағдайларының алдын алып, заң бұзылған жағдайда кемшілікті бірден қалпына келтіруге тырысуы керек» деді.

Төраға таратқан мәліметке сәйкес, партиялық тізімдерді белгілеу 5, ал мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 14 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Сайлау науқаны басталғаннан бері, ОСК алда қолға алынатын негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітіп, оны жан-жаққа таратқан. Бұған қоса, қажетті құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, оларды тиісті жерлерге жөнелтіп үлгерген.

Өз сөзінде «Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауының нормативті-құқықтық актілері соңғы жылдары айтарлықтай үлкен өзгерістерге ұшыраған жоқ» дегенді алға тартқан Қ.Тұрғанқұлов: «Десек те біз сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктіліктерін арттыру шарасын тоқтатпауымыз керек. Бұл ретте біз, әсіресе, төменгі деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелеріне баса назар аударуымыз керек» деді.

Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілігі мен сайлауға қатысушылардың құқықтық сауаттылығы елімізде сайлау тәжірибесі қаншалықты талапқа сай екендігінің өлшеуіші болуы тиіс.

«Сол себепті елде өтетін семинарлар мен тренингтерге саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарын, байқаушыларды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың өкілдерін шақыру керек», - деді ол.

Осыдан соң Қ.Тұрғанқұлов Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында пайдаланылатын бюллетеньдерді «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, ал мәслихат депутаттарының сайлауына пайдаланылатын бюллетеньдерді 4 өңірлік ұйым басып шығаратынын тағы бір мәрте еске салып: «Бюллетеньдерде сайлауға түсетін азаматтардың аты-жөндерінің қазақ және орыс тілінде дұрыс жазылуын аймақтық сайлау комиссиялары қадағалайтын болады. Мәслихат депутаттарының сайлауында пайдаланылатын бюллетеньдерге келетін болсақ, бұл ретте осы бюллетеньдердегі мәтінге жедел әрі уақытында өзгеріс енгізіп, қате кеткен жағдайда оларды бірден түзетіп отыруға жағдай жасалады» деді.

Сөз арасында бұқара халықты алдағы Мәжіліс пен мәслихат сайлауы туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ОСК теледидар арқылы 20-ға жуық бейнеролик көрсететінін мәлімдеген төраға: «Қазір сайлаудың ақпараттық насихат жұмыстары дайындалып, бұл бағыттағы шаралар жүзеге асып жатыр. Ақпарат құралдарынан қажетті материалдар мен бейнероликтер тиісінше таратылып жатыр» деді.

Жиын соңында Қ.Тұрғанқұлов сайлау шарасына бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуына жол берілмейтінін атап көрсетіп: «Жуық арада Үкімет сайлау науқанын қаржыландыру мәселесін шешеді. Осы ретте барлық сайлау комиссиялары қаржы тәртібін қатаң ұстанулары керек. Үкіметтен бөлінген қаржының игерілуін біз 25-желтоқсанға дейін аяқтаймыз. Ал 2012 жылға жоспарланған республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны келесі жылдың 15 ақпанына дейін игеру керек болады» деді.

 

 

Сайлауалды бәсеке ізетті болуы тиіс

 

/«Егемен Қазақстан», 26.11.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Астанада Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес болып өтті.

Оның жұмысына облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппаратының сайлау мәселелеріне жауапты қызметкерлері, Орталық сайлау комиссиясының өңірлердегі өкілдері, Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ сайлау саласында қызмет ететін халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов өз сөзінде атап өткендей, алдағы сайлаудың ерекшелігі, бұл – электораттық үдерістің негізгі кезеңдері, әсіресе, үгіт науқаны мерзімі бойынша ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына әзірліктің аяқталуымен және мерейтойды атап өту күндерімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл жағдай сайлау органдарына және барлық сайлау үдерісіне қатысушыларға ерекше жауапкершілік жүктейді. Ал сайлауды ұйымдастырушылардың мақсаты – кейбір түсініспеушіліктердің орын алуына жол беретін жағдаяттардың алдын алу, сайлау заңнамасын бұзу әрекеттеріне қарсы уақтылы және табанды шаралар қолдану болып табылады. «Меніңше, барлық сайлау үдерісіне қатысушылардың іс-әрекеті тек біріктірушілік сипатта болуы тиіс. Сайлауалды бәсеке өркениетті әрі ізетті болуы керек», деді төраға осы туралы.

Ортсайлауком басшысы бұдан кейін Орталық сайлау комиссиясы тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қуандық Тұрғанқұловтың хабардар етуінше, қазіргі кезде партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну үдерісі жүріп жатыр. Бұл үдеріс 5 желтоқсанда аяқталады. Сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну үдерісі де жалғасын табуда. Ортсайлауком сайлау кампаниясы басталғаннан бері қажетті нормативтік-құқықтық актілерді, сайлауларды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі шаралардың Күнтізбелік жоспарын дайындап, оларды жергілікті жерлерге жіберді. Сайлауларды ақпараттық жағынан қамтамасыз етудің жоспары дайындалып, жүзеге асырылуда. Республикалық телеарналар эфиріне орналастыру қамтамасыз етілді. Сайлау науқаны барысында осындай 20-ға жуық ролик шығару жоспарланған.

«Сондай-ақ біз сайлауларды әзірлеу және өткізу мәселелеріне арналған өңірлік семинарлар өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді ОСК төрағасы әрі қарай. – Жақын арада Үкімет сайлау кампанияларын қаржыландыру мәселесін шешетін болады. Барлық сайлау комиссиялары қаржылық тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Сайлау өткізуге бөлінген қаражатты орынсыз шығындауға жол бермеуіміз қажет. Үкімет резервінен бөлінген қаржының барлық шығындарын төлеуді 2011 жылғы 25 желтоқсанға дейін аяқтауға міндеттіміз. Ал 2012 жылға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шығындарын төлеуді біз келесі жылдың 15 ақпанына дейін аяқтауымыз керек».

Қуандық Тұрғанқұлов, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары сайлауы мен мәслихаттар депутаттары сайлауына қажетті сайлау бюллетеньдерін басып шығару, сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту, сайлаушылар тізімін дайындау мәселелерін ортаға салды. Төрағаның атап өткеніндей, учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылар тізімін сайлауға 15 күн қалғанға дейін, яғни 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін танысу үшін ұсынуы қажет. Сайлауком төрағасы отандық және халықаралық байқаушыларды сайлауларды әзірлеу және ұйымдастыруға қатысты қажетті барлық ақпараттармен қамтамасыз ету қажеттігін де атап өтті.

Семинар-кеңесте ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлаудың заңдық нормалары және оны өткізу ережелері туралы, ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері туралы, ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда қазақстандық, халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу тәртібі және олардың өкілеттіктері туралы, ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері туралы, ОСК аппаратының қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі Маржан Мұхаметова Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды қаржылық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңінен таныстырып өтті.

Жиын барысында қозғалған мәселелердің барлығы өзекті болып табылады. Сондықтан да оған қатысушылар сайлау науқанының қазіргі кезеңдегі бірлескен жұмысының маңызды бағыттарының бірі ретінде барлық сайлау үдерісіне қатысушылардың сайлау заңнамасы нормаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігін ерекше атады. Өйткені, сайлаудың ойдағыдай өтуі оны ұйымдастырушылардың құқықтық сауаттылығына тікелей байланысты. Семинар-кеңеске қатысушылар жоғарыда аталған мәселелерді талқылау барысында сайлау үдерісін ұйымдастыру аясында жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыруға байланысты бірқатар ұсыныстар да айтты. Мұндай ұсыныстар мен ұсынымдар сайлауға қатысты іс-шараларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жиында Орталық сайлау комиссиясының басшылары мен  мүшелері қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар қайтарды. Алдағы уақытта осындай семинар-кеңестер мен тренингтер еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетін болады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының ақпараты

 

/«Айқын», 26.11.2011 ж./ - 2011 жылғы 16 қарашада, Парламент мүшелерінің бастамашылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Мемлекет басшысы өзінің Жарлығымен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2012 жылғы 15 қаңтарға және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындады.

Сайлау туралы заңның 97-бабының 5-тармағына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну 2011 жылғы 16 қарашада басталады.

Сайлау туралы заңға сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі. Қазақстанның Коммунистік партиясы бұл процеске қатыса алмайды, өйткені сот шешімі бойынша оның қызметі уақытша тоқтатылған.

Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін азамат Конституцияның 51-бабы 4-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ Конституцияның 33-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес белсенді сайлау құқығына ие болуы тиіс.

Осылайша, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жыл тұрақты тұрып жатқан адам Мәжіліс депутаты болып сайлана алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.

Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды партиялық тізімге енгізуге құқығы жоқ.

Саяси партияның жоғары органының шешімі азаматты партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

Саяси партиялар партиялық тізімдерді мемлекеттік тілдің әліпбиі ретімен жасайды. Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бір мезгілде Орталық сайлау комиссиясына ұсынылады.

Сондай-ақ 16 қарашада Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындау және тиісті Күнтізбелік жоспарды бекіту туралы қаулы қабылдады.

Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауымен қатар өткізу туралы шешім заңның сайлауды тағайындау мен өткізуге қатысты нормалары, сондай-ақ бұл сайлаулар Президент сайлауы мен Парламент Сенаты депутаттарының сайлауымен бір мерзімде өткізіле алмайтыны туралы талаптары толық сақталып отыр».

Сайлау науқанының негізгі кезеңдері келесі мерзімдерде өтетін болады:

• Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну 16 қарашадан бастап 2011 жылғы 5 желтоқсанға дейін жүреді, ал партиялық тізімдерді тіркеу 16 қарашадан бастап 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

• Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауында кандидаттар ұсыну 2011 жылғы 16 қараша мен 14 желтоқсан арасындағы кезеңде өтеді. Бұл ретте мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері және өзін-өзі ұсыну жолымен - азаматтар жүзеге асырады.

• Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау рәсімдерінің мерзімі партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы үшін анықталған мерзімдермен сәйкес келмейді. Заң бұған жол береді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну 16 желтоқсанда басталады.

Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы барлық қажет кадрлық және материалдық ресурстарға ие және сайлауды тиісті ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге, азаматтардың және барлық сайлау процесіне қатысушылардың өздерінің конституциялық құқығын ерікті әрі тиімді іске асыруын қамтамасыз етуге дайын.

Сайлау науқандарын әзірлеу мен өткізуге қажетті сайлау құжаттарының үлгілерін Ортсайлауком бекітті.

Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары толығымен жасақталған және жұмысқа қабілетті.

Халықаралық байқаушылар институты ашылғын. Сайлау заңнамасына сәйкес, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша 2012 жылғы 10 қаңтарға дейін жүргізеді.

Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлауды байқауды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда іске асыруға құқылы. Бұл ретте халықаралық байқаушыға, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілдеріне, жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен жағдайда, бір аудармашы ілесіп жүре алады.

«Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бұл сайлауда пайдаланылмайды.

Алдағы сайлауда сайлаушылар үш бюллетень алатын болады. Олардың біреуі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында саяси партия үшін дауыс беруге арналған. Екінші бюллетень - облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге, ал үшінші бюллетень - аудандық немесе қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған. Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары екі бюллетень алады. Бұл қалаларда аудандық мәслихаттар жоқ болғандықтан, мұнда сайлаушылар өз дауысын саяси партияға беруі және қалалық мәслихаттың депутатын сайлауға тиіс болады.

Қазіргі уақытта Ортсайлаукомның күші барлық қажетті дайындық шараларын өткізуге, алдағы сайлауға тиімді ақпараттық қолдау көрсетуге, сондай-ақ сайлауды ұйымдастырушыларды оқытуға жұмылдырылып отыр.

Олар үшін 25 қарашада Орталық сайлау комиссиясында өткен республикалық семинар-кеңестен басқа өңірлік семинарлар да өткізілетін болады.

 

 

Азаматтық белсенділік сыналар шақ

 

/«Егемен Қазақстан», 26.11.2011 ж./ - 2011 жылғы 16 қарашада, Парламент мүшелерінің бастамашылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Мемлекет басшысы өзінің Жарлығымен партиялық тізімдер бойынша сайланатын  Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2012 жылғы 15 қаңтарға және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындады.

Сайлау туралы заңның 97-бабының 5-тармағына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын  Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну 2011 жылғы 16 қарашада басталады.

Сайлау туралы заңға сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын  Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі. Қазақстанның Коммунистік партиясы бұл процеске қатыса алмайды, өйткені сот шешімі бойынша оның қызметі уақытша тоқтатылған.

Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін азамат Конституцияның 51-бабы 4-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ Конституцияның 33-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес белсенді сайлау құқығына ие болуы тиіс.

Осылайша, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жыл тұрақты тұрып жатқан адам Мәжіліс депутаты болып сайлана алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.

Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы  мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды партиялық тізімге енгізуге құқығы жоқ.

Саяси партияның жоғары органының  шешімі азаматты партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

Саяси партиялар партиялық тізімдерді  мемлекеттік тілдің әліпбиі ретімен жа­сайды.  Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары орга­нының  партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бір мезгілде Орталық сайлау комиссиясына ұсынылады.

Сондай-ақ, 16 қарашада Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындау және тиісті Күнтізбелік жоспарды бекіту туралы қаулы қабылдады.

Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауымен қатар өткізу туралы шешім заңның сайлауды тағайындау мен өткізуге қатысты нормалары, сондай-ақ бұл сайлаулар Президент сайлауымен және Парламент Сенаты депутаттарының сайлауымен бір  мерзімде өткізілмейтіні туралы талаптары толық сақталып отыр».

Сайлау науқанының негізгі кезеңдері келесі мерзімдерде өтетін болады:

• Партиялық тізімдер бойынша сайланатын  Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну 16 қарашадан бастап 2011 жылғы 5 желтоқсанға дейін жүреді, ал партиялық тізімдерді тіркеу 16 қарашадан бастап 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

• Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауында кандидаттар ұсыну 2011 жылғы 16 қараша мен 14 желтоқсан арасындағы кезеңде өтеді. Бұл ретте мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері және өзін-өзі ұсыну жолымен – азаматтар жүзеге асырады.

• Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау рәсімдерінің мерзімі партиялық тізімдер бойынша сайланатын  Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы үшін анықталған мерзімдермен сәйкес келмейді. Заң бұған жол береді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну 16 желтоқсанда басталады.

Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы барлық қажет кадрлық және материалдық ресурстарға ие және сайлауды тиісті ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге, азаматтардың және барлық сайлау процесіне қатысушылардың өздерінің конституциялық құқығын ерікті әрі тиімді іске асыруын қамтамасыз етуге дайын.

Сайлау науқандарын әзірлеу мен өткізуге қажетті сайлау құжаттарының үлгілерін  Ортсайлауком бекітті.

Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары толығымен жасақталған және жұмысқа қабілетті.

Халықаралық байқаушылар институты ашылған. Сайлау заңнамасына сәйкес, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша 2012 жылғы 10 қаңтарға дейін жүргізеді.

Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлауды байқауды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда іске асыруға құқылы.  Бұл ретте халықаралық байқаушыға, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілдеріне, жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен жағдайда,  бір аудармашы ілесіп жүре алады.

«Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық  жүйесі бұл сайлауда пайдала­нылмайды.

Алдағы сайлауда сайлаушылар үш бюллетень алатын болады. Олардың біреуі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында саяси партия үшін дауыс беруге арналған. Екінші бюллетень – облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге, ал үшінші бюллетень – аудандық немесе қалалық мәслихаттың  депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған. Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары екі бюллетень алады. Бұл қалаларда аудандық мәслихаттар жоқ болғандықтан, мұнда сайлаушылар өз дауысын саяси партияға беруі және  қалалық мәслихаттың депутатын сайлауға тиіс болады.

Қазіргі уақытта Ортсайлаукомның күші барлық қажетті дайындық шараларын өткізуге, алдағы сайлауға тиімді ақпараттық қолдау көрсетуге, сондай-ақ сайлауды ұйымдастырушыларды оқытуға жұмылдырылып отыр.

Олар үшін 25 қарашада Орталық сайлау комиссиясында өткен республикалық семинар-кеңестен басқа өңірлік семинарлар да өткізілетін болады.

 

 

Қазақстандықтардың саяси белсенділігі қандай?

 

/«Қазақстан» ТРК, 24.11.2011 ж., Ж. Досмағанбет/ - Қазақ жұртының 61,3 пайызы келер жылғы қаңтардың 15-інде болатын Мәжіліс сайлауына қатысуға ниетті. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесі осындай. «Алдағы жексенбі күні сайлау өтеді десе, қатысасыз ба?» деген сауалға 52,1 пайыз тұрғын баратынын мәлімдеген. Ал сауалнамаға қатысушылардың 9,2 пайызы «баруым мүмкін» деп жауап берген.

Демократия институты мамандарының пайымынша, жұртшылықтың алдағы саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары болмақ. Ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген сауалнамаға республиканың барлық өңірлерінен, Астана мен Алматы қалаларынан 1 мың 500 тұрғын қатысқан. Әлеуметтік зерттеу «Демократия институтының» қаражатына жүргізілді.

 

 

Қазақстандықтардың басым бөлігі сайлауға барады

 

/«Егемен Қазақстан», 26.11.2011 ж./ - Жақында «Демократия институты» 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына байланысты қоғамдық пікірді зерттеген әлеуметтік сауалдама жүргізді.

Сұрау салулардың нәтижесіне сүйенсек, тұрғындардың қазіргі кездегі электораттық белсенділік деңгейі 61,3 пайызды құрайды. «Егер сайлау алдағы жексенбіде өтер болса сіз оған барасыз ба?» деген сауалға респонденттердің 52,1 пайызы «иә» деп нақ жауап берсе, тағы 9,2 пайызы сайлауға дауыс беруге ниетті екендіктерін танытқан.

«Егер сайлау алдағы жексенбіде өткен жағдайда сіз қай партияға дауыс берген болар едіңіз?» деген сауалдан партиялардың рейтингі төмендегіше көрініс береді:

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы – 75,7 пайыз;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 7,5 пайыз;

«Азат» ЖСДП – 2,1 пайыз;

Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) – 2 пайыз;

«Әділет» демократиялық партиясы – 0,9 пайыз;

Патриоттар партиясы – 0,9 пайыз;

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы – 0,8 пайыз;

«Руханият» партиясы – 0,1 пайыз.

– Жыл бойы жүргізілген мониторингтің  нәтижелері көрсетіп отырғанындай, қазақ­стандықтардың электораттық белсенділігінің жоғары деңгейін ескере келгенде, ел саяси партияларына өздерінің электораттық әлеуетін кеңейтуге толықтай мүмкіндіктері бар, – деп есептейді «Демократия институтының» жобалар бойынша директоры Юлия Кучинская.

Анкеталық сауалдамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, Астана мен Алматы қалаларынан 1500 респондент қатысты. Таңдау ауытқушылығы +2,5 пайыз. Сауалдама агенттіктің өз қаражаты есебінен жүргізілді.

 

 

«Әділет» партиясы Өскеменде сайлауалды жиын өткізді

 

/«Қазақстан» ТРК, 24.11.2011 ж., Б. Көшербаев/ - Шығыс Қазақстанда «Әділет» демократиялық партиясының облыстық филиалы алдағы сайлау науқанына дайындалып жатыр. Осыған орай өңірде  конференция өтті.

Жиында партия төрағасы Мақсұт Нәрікбаев еліміздегі саяси жағдай және партияның жұмысы жөнінде баяндап, «Әділдік жолындағы 17 қадам» деп аталатын үгіт-насихат бағдарламасының жобасын жария етті. Әлеуметтік теңсіздікті жою, азаматтардың еңбек құқығын қорғау, кәсіподақтардың жұмысын жетілдіру – бұл партия бағдарламасындағы басты бағыттар.

Мақсұт Нәрікбаев, «Әділет» партиясының төрағасы:

Еліміздегі саяси жағдай бұл жолғы сайлаулардың жемісті әрі сәтті өтуіне жайлы деп білемін. Яғни, біздің партияның да өз алдына қойған мақсаттары мен міндеттері осы сайлау арқылы жүзеге асады деген сенім мол. Біздің жеңіске жетуімізге мүмкіндіктер бар. Осы сайлау арқылы Парламент пен мәслихаттағы орындарға күресіп, бақ сынау үшін күш жұмылдырып отырмыз.

 

 

Мәжілістен орын сұрады

 

/«Айқын», 25.11.2011 ж., Н. Аманжол/ - Алматыда бас қосқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар ұйымдарының басшылары келер жылдың басында өтетін сайлауға мүгедектердің қатысуына қолайлы жағдайлар жасалуын талап етті. Олардың ойынша, барлық саяси партиялар өздерінің сайлаушы тізіміне мүмкіндігі шектелген жандарды да қосуға тиіс. Өйткені олардың арасында Мәжіліс пен мәслихат мінберлерінде халықтың, оның ішінде, әсіресе, мүгедектердің мұң-мұқтажын шынайы да абыроймен көтере алатындар жеткілікті...

Жиын ұйымдастырушылары өз өкілдерін, әсіресе, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қатарынан көргісі келеді екен. Өйткені олар сайлауда дәл осы партия тарапынан ұсынылған үміткерлердің көбірек жеңіске жететініне сенімді. «Соған орай біз сайлау тізімдерінде мүгедектер мен олардың ұйым-топтарының өкілдерінің де болуын сұраймыз. Қазір Қазақстан мүгедектер құқықтары жайлы конвенцияны ратификациялаудың қарсаңында тұр. Одан бөлек, мүгедектер мұңын көбіне «Нұр Отан» ХДП мүшелері көтеріп, оларға қолдау көрсетіп келеді. Сондықтан да дәл осы таңда өз үміткерлерімізді партия атынан Мәжіліс пен мәслихатқа ұсынсақ, «темірді қызған кезде соққан» боламыз» десті бастама белсенділері.

Мүмкіндігі шектелген қауым, сондай-ақ сайлау учаскелерін жасақтағанда, өздерінің құқықтары ескерілуін сұрады. Өйткені олардың бірінің құлағында, бірінің жанарында, енді бірінің тірек-қимыл қозғалыс мүшелерінде мүкіс болғандықтан, өзге сайлаушылар құсап, еркін дауыс бере алмайтыны белгілі. Олардың сайлауға қатысуына қолайлы жағдай жасалуы қажет. Мүгедектер бұл орайдағы мұң-мұқтажын баспасөз өкілдеріне «Намыс» жоғары білімді мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Қайрат Иманәлиев жеткізді:

- Әрбір сайлау учаскесі пандустар, дыбыстық белгілер, ақпараттық табло, арнайы жолдармен жабдықталып, онда мүгедектерге қажет жағдайда көмекші берілуі тиіс. Сондай-ақ сайлау парақшасын салатын жәшіктер денсаулығы жақсы адамдармен бірге барлық топтағы мүгедектерге де қолайлы болуы қажет. Сайлауға қатысты ақпараттардың бәрі де мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сұранысына лайық болғаны жөн. Мәселен, көзінің кемістігі бар жандар үшін Брайль шрифттері мен дыбыстық хабарлама беру әдісі қолданылса, құба-құп. Егер мүгедек түрлі себептермен сайлау учаскесіне бара алмайтын болса, оның тұрғылықты жеріне арнайы комиссия сайлау жәшігін апаруға тиіс. Бұл - бір жағынан сайлаудың әділ өтуіне де кепіл болатын шара.

Қайрат Иманәлиевтің ұсыныстарын әріптестері де бірауыздан қолдады. Олар сондай-ақ Қазақстанның 2008 жылы мүгедектер құқықтары жайлы халықаралық конвенцияға қол қойып, енді оны ратификациялауға кіріскенін тағы бір еске салды. Ал бұл конвенцияның басты талаптарының бірі - мүгедектердің дауыс беру ісіне қатысып, сайлауға қатысу құқығына ие болуы болып табылады.

 

 

Заманға бейімделуі тиіс

 

/«Айқын», 25.11.2011 ж., Х. Бұқарқызы/ - Мәжіліс сайлауы жақындаған сайын саяси болжам жасаушылар да арта түскендей. Мәселен, белгілі саясаттанушы, «Ұлы дала» қозғалысының жетекшісі Айдос Сарым «Еркін сөз» клубында қонақта болып, Парламент Мәжілісі сайлауында қай партиялардың бағы жанатынын болжап көрді. Ол ұйымдастыруы, ақпараттық насихаты, қаражаты жағынан «Нұр Отан» ХДП-ны айтпағанда, «Ақ жол» мен «Азат» партияларының мүмкіндігі мол деп санайды.

«Ұлттық мәселелерде «Нұр Отан» да қарап қалмайды. Бұған қарап келесі бес жылдан кейін өтетін сайлау таза қазақ тілінде, қазақтың мәселесін көтеретін сайлау болады деп болжай беруге болады» дейді А.Сарым.

Оның пікірінше, ұлттық қозғалыстар, саяси партиялар модернизацияға түсу керек. Өйткені қазіргі саяси ұйымдардың көпшілігі осыдан 15-20 жыл бұрынғы көзқарасты айтып жүр. Сонымен қатар бізде лидерлер дефициті бар. Сондықтан осы сайлауда біраз партиялар жеңіледі. Жеңіліп қоймай, саяси банкротқа ұшырайды. Себебі ол партиялар бүгінгі заманның тілін, талабын білмейді.

Қазіргі таңда біз үшін Мәжіліске зиялы қауымның көбірек өткені қажет, әрине. Алайда солай екен деп зиялы қауымның бәрін бір ғана партияға топтастыру шарт емес. Өйткені ертең ол партия 0,2-0,5 пайыз дауыс қана алып қалса, онда зиялылардың билікке сөз өткізуі қиынға соғады.

«Нұр Астана» газеті бас редакторы Ғабит Мүсірепов айтқандай, Айдос Сарымның әңгімесінде оптимизм басым болды. Ол тәуелсіздік алғаннан кейін туған балалар бүгін 20 жасқа келді. Солардың арасында ұлтшыл ұрпақ өсіп келе жатыр. Тек соларға дұрыс бағыт-бағдар бере білуіміз қажет деген пікірде. Десек те, біз бір нәрсені ұмытпауымыз керек. Ол мәселені Ғабит Мүсірепов еске салды. Оның айтуынша, жастарымызға ықпал жасап отырған исламдық топтардың, қанша жерден туыс десек те, түріктердің де белгілі бір деңгейде билікке араласқысы келеді. Ол аздай, Батыстың да «Болашақта» оқып жатқан жастарымыз арқылы билікке ықпал жүргізгісі келе бастапты. Демек, біз ойланатын, орайын тауып шешетін мәселе көп-ақ. Олай болса, алдағы сайлауда қазақ мүддесін көздейтін, мемлекеттің баянды болашағын қалайтын партияның аты озсын дейміз де.

 

 

Бүгін Астанада Н.Назарбаевтың қатысуымен

«Нұр Отан» ХДП XIV съезі өтеді

 

/«BNews.kz», 25.11.2011 ж./ – Бүгін, 25 қараша күні Астанада Н.Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП XIV съезі өтеді.

«Нұр Отан» ХДП XIV съезін шақыру туралы Қаулыға «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың  17 қарашасында қол қойған болатын .

Съезде сайлауалды тұғырнамасы  мен үміткерлердің бекітілген партиялық тізімі қаралатын болады.

 

 

Алда – асқаралы асулар

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан»

халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі өтеді.

 

/«Егемен Қазақстан», 25.11.2011 ж./:

 

Съезд жұмысы бізді жаңа табыстарға жігерлендіреді

Біздің делегаттар партия съезіне үлкен табыстармен келіп отыр. Өңіріміздің өсу мен өркендеу жолындағы бұл жетістіктеріне, әрине, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының қосып отырған үлесі де мол. Соның нәтижесінде облыста өнеркәсіп өнімін өндіруде соңғы жылдары оң ырғақ қалыптасты. Оның көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 14,0%-ға өсіп, 124,7 млрд. теңгені құрады.

Елбасының негізгі тапсырмаларының бірі – индустриялық-инновациялық даму қарқынын бәсеңдетпеу. Осыған орай, облыста үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша құны 665,5 млрд. теңге болатын 22 жоба жоспарланған болса, өткен жылы соның 52,7 млрд. теңге көлеміндегі 7 жобасы іске қосылды. Сөйтіп 2,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Мысалы, «Аль Басар» ЖШС-нің гранит өңдеу және гранит бұйымдарын шығару цехы, «Жаңатас» металлургиялық комбинаты» ЖШС-нің болат балқыту өндірісі, «Мыңарал Тас Компании» ЖШС-нің цемент зауытының құрылысы, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-нің ферроқорытпа өндірісін кеңейту мен жетілдіру, «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің шикі мұнайды қайта өңдеу зауытының құрылысы және «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-нің топс өндірісі, «Жасұлан және К» ЖШС-нің өндірістік негізде гүл өсіру кешені бүгінде өңір экономикасына жаңаша сипат беруде. Сонымен бірге, Қаратаудағы «ЕуроХим-Удобрения» зауыты, Шу қаласындағы құс фабикасы және «Қазфосфат» компаниясының 12 млрд. теңге тұратын күкірт қышқылын шығаратын цехын іске қосу жобалары да бар.

Ауыл шаруашылығы саласындағы табыстарымыз да аз емес. Атап айтсақ, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, қой-ешкінің, жылқының, түйенің, шошқаның саны 1-3%, ал ет, сүт, жүн және жұмыртқа өндіру 1-3%-ға артты. Ал теңгеге шаққанда өткен жылдың 9 айында өндірілген мал өнімдерінің жалпы көлемі 26, 5 миллиард теңге болса, ол биылғы дәл осы кезеңде 32, 2 миллиард теңгеге жеткен.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткелі отырған партия съезі бізді бұдан да зор табыстарға жетелеп, рухани тұрғыдан жігерлендіре түсері сөзсіз. Съезде партияның алдағы бес жылға арналған «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасының жоспары талқыланып, бекітілмек. Бұл саяси бағдарламаны туған елімізді өркендетуге сүбелі үлес қосатын жасампаз жаңа құжат деп санаймын. Өйткені, жаңа Парламенттік мерзімге арналған саяси тұғырнама жобасы Президент Н. Назарбаев белгілеп берген «2020 Стратегиясын» іске асырудың жарасымды жалғасы және адасқандарға жол көрсетер темірқазық жұлдыз ретінде бағалаймын.

Қанат БОЗЫМБАЕВ, Жамбыл облысының әкімі,

«Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық  филиалының төрағасы.

Алдағы күндерден жақсылық күтемін

Мен  съездегі ең маңызды мәселелер қатарында  мерзімінен бұрын таратылған Мәжілістің жұмыстарына баға берілетін шығар деп ойлаймын. Сонымен бірге, әрине, «Нұр Отан» ХДП-дан сайланатын кандидаттар тізімі де көптеген адамдарды, олардың отбасы мүшелері мен тамыр-таныстарын, қалаберді бүкіл елді елеңдетіп отыр. Мен партия тізіміне нағыз лайықты, білімді де тәжірибелі, халыққа аса қажетті, еліміздің дамуына, экономикамыздың еңселене беруіне ықпал ететін тиімді заңдар қабылдауға қабілетті мамандар мен тәжірибелі адамдар өтер деген сенімдемін.

Әрине, съезд барысында партияның алға қойған міндеттерінің қалай орындалып жатқаны туралы да есеп берілері сөзсіз. Халық оның қалай орындалып жатқанын көріп отырса да, тиісті адамдардың айтқан деректері жұрттың бәріне қажет. Меніңше, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлау өткізуді дұрыс мезгілге белгіледі. Өйткені, қыстыгүні халықтың сайлау үдерісіне қатысу белсенділігі күштірек болады. Съезден тек жақсылық күтемін.

Жеңіс НҰРҒАЛИЕВ, сенатор.

 

Назарда ұстайтын жайлар бар

 «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХІV съезіне делегат болып келдім. Партияның бұл құрылтайы ерекше болғалы тұр. Парламент Мәжілісін көп партиялы етіп жасақтау міндеті қойылғандықтан, оған өткісі келетін саяси күштердің де пәрмені ерекше. Олай болса партиялар арасындағы бәсеке де қызатыны белгілі.

«Нұр Отан» ХДП өзін жақсы жағынан танытып келеді. Сайлауалды тұғырнамада көзделген көптеген міндеттер толығымен орындалды және жүзеге аса да береді. Бұрын «басым көпшілік»  деп келсе, ендігі кезекте «тыңдайтын көпшілік» деген пікір қалыптасайын деп тұр. Яғни, партия өзгелердің де пікірін естуге, солармен бірлесе әрекет етуге ұмтылып отыр. Демократияның басты тетіктері осында деп есептесек, құралтай сол бағытқа бет бұратынын қазірден болжауға болады.

«Нұр Отан» партиясының тұғырнамасы қандай болуы керек дегенде, оның басқа партиялардың пікіріне құлақ асатын және де солармен қоян-қолтық бірлесе әрекет ететін міндеттермен қамтылады деп ойлаймын. Егер партия құжатында халықтың талап-арызы ескерілмейтін болса, онда оның беделіне нұқсан келеді. Сондықтан халықтың пікіріне құлақ түріп, оның мұң-мұқтажын ескеретін деңгейде әңгіме боларына еш күмәнім жоқ. Қызыл кеңірдектерден емес, халықтың алдына шыға алатын, солардың сөзін сөйлейтін, мәселелерін шеше білетін адамдардан депутаттар сайлануы тиіс.

Қазіргі таңда әлем таныған елге айналып келеміз. Олай болса, біз шикізаттық елден өндірісі дамыған өркениетті елдер санатына өтуіміз керек. Мен ойлаймын, партия осы бағыттағы міндеттердің әрі қарай да жүзеге асуына барынша қолдау көрсететін болады деп. Қазіргі таңда ғылым мен білімге қыруар қаржы бөлінуде. Алайда сол қаржылардың тиімді жұмсалуын жүзеге асыратын тетіктер әлі де жетіспейді. Бұрындары ғылым саласымен айналысып жүрген азаматтарға өз күндеріңді өздерің көріндер деп келдік. Қазір талап өзгерді. Үкімет тарапынан сол ғылыми салада жүргендерге қаржы бөлінуде. Білім және ғылым министрі ғылым саласына қанша қаржы керек, соны бөлуді қарастырамыз дегенді айтты. Ендігі мәселе ғалымдар өз басындағы проблема емес, экономикадағы проблемаларды шешумен айналысуы тиіс. Ал экономика өз кезегінде ғалымдардың алдына жаңа міндеттер қоя білуі керек.

Қазір қарап отырсақ, инновацияға бөлінген қаржылардың 80 пайызын кәсіпорындар өздері жұмсайды екен. Ал ғылым мен білім өздері ақша бөлдіріп, өз­дерінше күй кешуде. Ал ұштасатын жер қайда? Міне, осы жерде Үкімет өзі тарапынан талап қойғаны жөн. Мысалы, ауыл шаруашылығында нендей мәселе шешілмей жатса, сол бағытта туындаған проблемалардың шешімін ғалымдар іздеуі керек емес пе? Кәсіпорындар бюджетке салық төлесе, мемлекет сол ғалым­дарды қаржыландырып отыр. Сондықтан жан-жақты ойластырылған болашақты меңзейтін идеялармен қарулануымыз керек.

Қорыта айтқанда, «Жалғыздың шаңы шықпайды» дегендей, еліміз жеке-дара ештеңе істей алмасы анық. Қазақтың байлығы біреудің көз құрты болуы да заңды. Біреулерге қорған болсақ, өзіміз де сол қорғаннан пайда табатындай жағдай үнемі назарда тұруы – уақыт талабы. «Нұр Отан» ХДП осындай міндеттерді шеше алатын  бірден-бір партия деп білемін.

Рахман АЛШАНОВ,

«Тұран» университетінің ректоры.

 

 

Оң өзгерістер өміршең болсын

«Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде кезектен тыс өтетін партия құрылтайына көптеген үмітімізді арқалап келіп отырмыз. Алдымызда Мәжіліс сайлауы тұр. Сол сайлауға бірнеше партия қатысады. Әрине, халық арасында беделі басым, халықтың дауысын биік ұстаған саяси күш қана жеңімпаз болары белгілі.

Өзім сайлаушылармен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, «Нұр Отан» партиясы беделінің жоғары екенін байқап та, көріп те жүрмін. Шығыс Қазақстан облысында болып жатқан көптеген оң өзгерістер «Нұр Отанның» ықпалының арқасында,  тіпті бастамасымен де жасалып жатыр. Партияның сайлауалды тұғырнамасында медицина саласы ерекше қарастырылған. Біріккен медицина жүйесінің міндеті – медициналық көмекті қарапайым халыққа, соның ішінде ауыл тұрғындарына жеткізе білу.

Бұрын көптеген республикалық медицина орталықтарына ауылдықтардың қолы жете бермейтін. Осы жүйе қосылғаннан бері олар кезекке тұрып, қалаған медициналық мекемелеріне барып, дәрігерлік қызмет ала алады. Бұл – жақсы жаңалық. Оның енгізілгеніне де бір жылдай болды. Медицина қызметкерлерінің «Нұр Отан» партиясы мүшелерімен бірлесе отырып, осы бағытты әлі де дамытуымыз керек.

Медицина саласында қызмет істейтін дәрігерлердің, медбикелердің және өзгелерінің еңбекақысы аз деп жатамыз. Қазір дифференциалды ақы төлеу көзделген. Керемет операцияны жедел әрі сапалы жасайтын, жаңалықтарды енгізіп келе жатқан хирургтерді ұстау үшін және олардың әрі қарай да дамуын өрістету мақсатында осы ақы төлеу жүйесін енгізген ұтымды. Бұл «Нұр Отан» партиясының тұғырнамасында бар. Маған да бұл ақы төлеу тетігі ұнайды. Осы екі өзгерістің өзі қарапайым халыққа медицина саласы бойынша көмек көрсетуді жақсартатындығына мен кәміл сенемін.

Рая РАХИМОВА,

«Ана мен бала» орталығының бас дәрігері.

 

 

Жұмыс қашанда қауырт

Облысымыздағы Хромтау ауданы баршаға танымал десем, артық айтқандық емес. Сол өңірден «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХІV съезіне келіп отырмыз. Сайлау күні белгіленгеннен кейін өңірлерде жұмыс қауырт басталып та кетті. Менің пайымымша, халық өзі тарапынан сайлауға ерекше ықылас танытуда. Себебі, бұл сайлау бірнеше партия арасында бәсекелі де тартысты өтетіндігімен ерекшеленетіні байқалады.

Қазіргі таңда елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жаман емес. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына біз көптеген жетістіктермен келіп отырмыз. Мысалы, Хромтау қаласында тұрғындарға қажетті барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда ауылдық жерлерге газ желісі мен су құбыры тартылып жатыр. Тек биылдың өзінде екі үлкен ауылға газ және су жеткізілді. Келесі жылы да осы межеден шығамыз ба деген ойдамыз.

Ауданның биылғы бюджеті 4,5 миллиард теңгені құрайды. Бізде сонымен бірге «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша оралмандарға 300 пәтерлі баспана да салынуда. Өңірімізде мыс өндірілетін болғандықтан, олар сонда жұмыс жасайды. Өзге салаларда жұмыс істейтін оралмандарға да барлық жағдайды туғызуға ұмтылудамыз.

Аязбай УСМАНҒАЛИЕВ,

Ақтөбе облысындағы Хромтау ауданының әкімі.

 

 

Жаңа міндеттер жүктейтіні күмәнсіз

«Нұр Отан» ХДП өзінің Халықтық тұғырнамасын толықтай орындап келеді. Осы тұғырнамаға сәйкес жыл сайын Елбасы Жолдауы жасалып, ондағы көрсетілген шаралар толықтай орындалды деп айтуға болады. Әсіресе, Қазақстан экономикасын индустрияландыру – инновацияландыру бағдарламасы  игі нәтижелерін беруде. Еліміздің барлық аймақтарында жаңа кәсіпорындар ашылып, экономиканың көмірсутегі ресурстарына тәуелділігін жою бағытында көптеген жұмыс атқарылды.

Біздің солтүстік аймақтарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. Съезде біздің табыстарымызды баянды ету, сөйтіп, елдің  экономикалық позициясын нығайту бағытында алдағы онжылдыққа жаңа міндеттер жүк­телетін шығар деп ойлаймын. Өйткені, біздің еліміз қазір алыс перспективадағы жаңа жобаларды игеруге машықтанып келеді. Мұның өзі экономиканың тұрақтануына берік іргетас болары сөзсіз. Сонымен бірге, халқымызды бір мақсаттағы іске жұмылдыруға оң ықпал ететін болады.

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, сенатор.

 

 

Қазақстандықтарды топтастырушы партия

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының атауының өзінде сайлаушыларға деген жақындық жатыр. Жалпы халықты топтастырушы партия деуге әбден болады. Өйткені, мұнда қоғамның барлық тап өкілдері шоғырланған. Партия съезінде алдағы бағыт-міндеттерді белгілеп, еліміздің дамуын алға қарай жылжытатын басымдықтар қаралады деп есептеймін.

Осы орайда алдағы өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы демократиялық жағдайда орын аларына еш күмән жоқ. Оның басты себебі, жоғарғы заң шығарушы органның төменгі Палатасы көп партиялы болсын деген талапқа сай  сол орындарға таласатын саяси күштер де қарап қалмайтын сияқты. Олай болса жариялылық орын алады деген сөз. Әр партия өзінің алға қойған міндеттерін жариялай отырып, ашық күресетін болады.

Қазақстан үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыра отырып, экономикада айтарлықтай табысты қадамдар жасауда. Мысалы, Исатай ауданында көптеген мәселелер шешімін табуда. Ауданда 25 800 тұрғын болса, соның 12 мыңы белсенді өмір кешуде. Жұмыссыздық 4,9 пайызға дейін төмендеген. Республика бойынша бұл өте жақсы көрсеткіш.

Тоқберген ҚАРАБАЕВ,

Атырау облысындағы Исатай ауданының әкімі.

 

 

Алдағы жиыннан көп нәрсе күтемін

Мен  кезектен тыс өтетін съезден көп нәрсе күтемін. Менің естуімше, партия отырысында алдағы бес жылға арналған саяси тұғырнама қабылдануы тиіс. Партияның алдындағы сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген міндеттердің барлығы да орындалғаны белгілі, олай болса, жаңа құжатта да маңызды қадамдар жасала ма деген үміт бар. Өйткені, алдын-ала жасалған жобалық құжатта елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын айтарлықтай жақсартатын ұстанымдар көрініс тапқантын. Сондықтан да сайлаушылар «Нұр Отан» ХДП тарапынан үлкен жетістіктерге бастайтын жаңа бастамалар мен міндеттер күтеді. Біз сол үдеден шығуға барымызды салатын боламыз.

Партияның Орталық аппаратынан бастап, өңірлердегі бастауыш партия ұйымдарына дейін сайлауға тас түйін дайын. Посткеңестік кеңістікте көптеген елдер Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне қызыға да қызғана қарап отыр десем, артық айтқандық емес. Павлодар облысы өндірісті өлке саналғандықтан, жыл сайын көптеген нысандар салынуда. Соның нәтижесінде жыл сайын 5-6 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бұл – үлкен жетістік.

Владимир БЕРКОВСКИЙ,

Павлодар облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік 

бағдарламалар басқармасының бастығы.

 

 

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен

«Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс 14-съезі басталды

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Р. Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс 14-съезі басталды.

Атап айтқанда, форумға барлық өңірлерден 600-ден астам делегаттар қатысуда. Алқалы жиында «Қазақстан. Мақсаттар-2017. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының нақты міндеттері қаралады деп жоспарлануда. Оның басты мақсаты гүлденген Қазақстанда әрбір азаматтың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету. Бұл құжат Елбасының «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасымен үндес. Сонымен бірге ол «Халықтың дауысы» акциясы кезінде түскен милиондаған азаматтардың аманатын арқалай отырып жасалған. «Қазіргі уақытта 850 мыңнан астам мүшесі бар партия болашаққа нақты мақсат қойып отыр. Себебі, «Нұр Отан» төрт жыл бұрын берген уәдесін қалтқысыз орындап, өзін нақты істер партиясы екендігін дәлелдеді» деп айтылған таратылған мәліметтерде.

Айта кетейік, бүгінгі съезд барысында партия сайлауалды бағдарламасын қабылдап, Парламент Мәжілісіне ұсынылатын үміткерлердің партиялық тізімін бекітпек.

 

 

 

Астанада елбасының қатысымен

«Нұр Отан» ХДП XIV съезі басталды

 

/«Kazakhstan Today», 25.11.2011 ж./ - Астанада елбасының қатысымен «Нұр Отан» ХДП XIV съезі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін, 25 қараша күні Астанада Н.Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП XIV съезі өз жұмысын бастады.

Съезге барлық өңірлерден 600-ден астам делегаттар қатысуда. Алқалы жиында «Қазақстан. Мақсаттар-2017. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының нақты міндеттері қаралады деп жоспарлануда. Оның басты мақсаты гүлденген Қазақстанда әрбір азаматтың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету. Бұл құжат Елбасының «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасымен үндес. Сонымен бірге ол «Халықтың дауысы» акциясы кезінде түскен милиондаған азаматтардың аманатын арқалай отырып жасалған.

«Қазіргі уақытта 850 мыңнан астам мүшесі бар партия болашаққа нақты мақсат қойып отыр. Себебі, «Нұр Отан» төрт жыл бұрын берген уәдесін қалтқысыз орындап, өзін нақты істер партиясы екендігін дәлелдеді» деп айтылған таратылған мәліметтерде.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» ХДП XIV съезін шақыру туралы Қаулыға «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың 17 қарашасында қол қойған болатын. .

Съезде сайлауалды тұғырнамасы мен үміткерлердің бекітілген партиялық тізімі қаралатын болады.

 

 

Астанада Н.Назарбаевтың қатысуымен

«Нұр Отан» ХДП XIV съезі өз жұмысын бастады

 

/«BNews.kz», 25.11.2011 ж./ – Бүгін, 25 қараша күні Астанада Н.Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП XIV съезі өз жұмысын бастады.

Съезге барлық өңірлерден 600-ден астам делегаттар қатысуда. Алқалы жиында «Қазақстан. Мақсаттар-2017. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының нақты міндеттері қаралады деп жоспарлануда. Оның басты мақсаты гүлденген Қазақстанда әрбір азаматтың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету. Бұл құжат Елбасының «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасымен үндес. Сонымен бірге ол «Халықтың дауысы» акциясы кезінде түскен милиондаған азаматтардың аманатын арқалай отырып жасалған. «Қазіргі уақытта 850 мыңнан астам мүшесі бар партия болашаққа нақты мақсат қойып отыр. Себебі, «Нұр Отан» төрт жыл бұрын берген уәдесін қалтқысыз орындап, өзін нақты істер партиясы екендігін дәлелдеді» деп айтылған таратылған мәліметтерде.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» ХДП XIV съезін шақыру туралы Қаулыға «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың  17 қарашасында қол қойған болатын. .

Съезде сайлауалды тұғырнамасы  мен үміткерлердің бекітілген партиялық тізімі қаралатын болады.

 

 

Астанада Президенттің қатысуымен алдағы Парламенттік

сайлау бойынша «Нұр Отан» партиясының съезі басталды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 25.11.2011 ж./ - Мерзімнен бұрын Парламенттік сайлауға қатысу мәселесін талқылау жоспарланған «Нұр Отан» партиясының 14-ші кезектен тыс съезі Астанада жұма күні Президенттің қатысуымен өтуде.

«Халықтық демокартиялық «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 14-ші съезі ашық деп жарияланады», - деді партия төрағасының орынбасары Нұрлан Нығматуллин.

Съезде Қазақстан Президенті партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөз сөйлеуі күтілуде.

Съездің күн тәртібінде екі мәселе: бірінші – партияның сайлау алды платформасы туралы «Қазақстан. Мақсаттар –2017. Іс-қимылдардың ұлттық жоспары», екінші – партияның сайлау алды тізімдерін бекіту туралы.

Мәжіліс депутаттарының мерзімнен бұрын сайлауы 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленген.  

 

Сайлау партиялар арасындағы

бәсекелестікті жандандырады - Н.Назарбаев

 

/«BNews.kz», 25.11.2011 ж./ – Сайлау партиялар арасындағы бәсекелестікті жандандырады. Бұл  туралы  бүгін  Астанада Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» халықтық  демократиялық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев   «Нұр Отан» халықтық  демократиялық партиясының   сайлауалды XIV съезінің делегаттаырын құттықтау сөзінде мәлім етті.

«Белгілі болғанында, жаңа жылдан кейін біздің елімізде Парламент Мәжілісінің сайлауы өтеді. Бұл жолы мәслихат сайлауларын да бір мезгілде өткізілгелі отыр. Сайлаудан кейін, конституцияға сәйкес мәжіліске кем дегенде екі партия енбек. Біздің елімізде саяси партиялар мұндай мүмкіндікті алғаш рет алып отыр. Бұл жауапкершілік пен міндеттерді арттырып, партиялар арасында нағыз бәсекелестікті жандандырады. Елдің болашағын айқындайтын осы әділ бәсекеде  Қазақстан халқы «Нұр Отан» партиясын қолдайды және ол көпшілік дауыспен жеңіске жететіне сенімдімін», - деді Елбасы съездің ашылауында сөйлеген сөзінде.

 

 

Елбасы алдағы сайлауда «Нұр Отан» партиясының

басым дауыс алатынына кәміл сенеді

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Қ. Тоқабаев/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс 14-съезі барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауында «Нұр Отан» партиясы басым дауыс алып, Қазақстан халқының үлкен қолдауына ие болатынына сенетінін жеткізді.

«Нұр Отан» партиясының съезі біз үшін мерейлі меже.  Ол ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп отыр. Біз жасампаз 20 жылда 100 жылға татитын ұлан-ғайыр жолды басып өттік. Арайлы азаттық арқылы қол жеткізілген жетістіктің баршасында «Нұр Отан» партиясының сүбелі үлесі бар. Төңірегіне мұратты серіктерін топтастырған партия Тәуелсіздік жылдары қоғамды жаңа жобаларға жұмылдыра білді. Шын мәнінде халықтық ұйымға айналған «Нұр Отан» менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы болды. Осылайша біз биік белестерді бірге бағындырдық», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент жаңа жылдан кейін елімізде Парламент Мәжілісінің сайлауы өтетінін, бұл жолы Мәжіліспен бірге жергілікті мәслихаттар сайлауы да болатынын атап өтті. «Сайлау қорытындысы бойынша Конституцияға сәйкес біздің Мәжіліс кемінде екі партиядан тұруы керек. Еліміздің саяси партияларына алғаш рет осындай мүмкіндік беріліп отыр. Бұл сайлаудың жауапкершілігі мен жүгін арттырып, саяси партиялар арасында шынайы бәсекелестікті қыздыра түсетіні белгілі. Мен ел болашағын айқындауға мүмкіндік беретін осынау сындарлы сынақта Қазақстан халқы қолдау көрсетіп, «Нұр Отан» партиясы басым дауыс алады деп кәміл сенемін», - деді партия төрағасы.

 

 

Мемлекет басшысы депутаттық мандаты мерзімінен бұрын аяқталған

Мәжіліс депутаттарына атқарған зор еңбектері үшін алғыс білдірді

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., М. Жиембай/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс  14 съезінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев депуттаттық мандаты мерзімінен бұрын аяқталған Мәжіліс депутаттарына атқарған зор еңбектері үшін алғыс білдірді

«Мен съезд трибунасынан Мәжіліс депутаттарына олардың қызмет кезеңіндегі  жауапкершіліктері үшін, атқарған нәтижелі  жұмыстары үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, партия олардың мол тәжірибелерін пайдаланатындығына зор сенім білдірген Н.Назарбаев: «Менің ойымша, депутаттардың басым бөлігі қайта сайланатын болады. Ал мандаты аяқталған депутаттарға атқару билік органдарында, «Нұр Отан» партиясында тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік беріледі», деді.

 

 

Қазақстан Президенті атқарған жұмыстары үшін

Мәжіліс депутаттарына алғысын білдірді

 

/«BNews.kz», 25.11.2011 ж./ – Бүгін Астанада Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының XIV сайлауалды съезінде делегаттар алдында сөйлеген сөзінде Мәжіліс депутаттарына қызметтік кезеңінде атқарған жауапты әрі нәтижелі жұмыстары үшін зор алғысын білдірді.

«Нұр Отан» партиясының парламенттегі басым көпшілігімен құрылған біздің үкіметіміздің дағдарыс жағдайында өте кәсіби әрі жемісті жұмыс жасағанын атап өтуіміз қажет. Парламенттік фракция аса қажетті, соның ішінде дағдарысқа қарсы заңдардың қабылдануын қамтамасыз етті. Осы съезд мінберінен барлық Мәжіліс депутаттарына қызметтік кезеңдерінде атқарған жауапты да нәтижелі жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді. Партия олардың ұлы тәжірибесін пайдаланады деген сенімдемін. Менің ойымша, депутаттардың басым көпшілігі қайта сайланады, ал мандаты аяқталғандардың жайын партия өзі қамдайтын болады, олар өз тәжірибелерін атқарушы органдарда және біздің партиямыздың органдарында пайдаланулары қажет. Олар ел игілігіне қызмет етеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев съездің ашылуында сөйлеген сөзінде.

Болжам бойынша, съезде партияның сайлауалды тұғырнамасы қарастырылып, елдің парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына түсетін кандидаттардың партиялық тізімі бекітілетін болады.

Қазіргі уақытта, белгілі болғандай, қатарына танымал пария қайраткерлері мен қазақстандық қоғам өкілдері енген «Нұр Отан» ХДП-ның республикалық сайлауалды штабы жасақталған.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы 25 қарашада Астанада партияның XIV съезін шақыру туралы қаулыға 17 қарашада «Нұр Отан» ХДП төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын.

 

 

«Нұр Отан» партиясы мақсаттарының терең мағынасын

әрбір сайлаушыға жеткізуі тиіс - Н.Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Р. Ғаббасов/ - Бүгін «Қазақстан. Мақсаттар-2017» ұлттық сайлауалды тұғырнамадағы нақты міндеттер бекітілді. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП-ның 14-съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Қазақстанның ашық экономикасы әлемдегі ең қиын қаржы дағдарысын еңсере алғандығына тоқталған Елбасы «Біздің саяси, әлеуметтік жүйеміз қалтқысыз және тұрақты әрі тиімді жұмыс істеді. Бұнда «Нұр Отан» ХДП-ның еңбегі зор» - деп атап өтті.

Бұл тұрғыда Елбасы «Нұр Отан» нақты істердің партиясы болғандығын және алдағы уақытта өз мақсат-міндеттерін орындай беретіндігін қадап айтты. «Біздің сайлауалды тұғырнама «Қазақстан-2020» стратегиялық жоспары мен «Қазақстан-2030» стратегиясының құрамдас бөлігі. Сайлауалды тартыста біздің ортақ мақсатымыз - партия міндеттерінің терең мағынасын әрбір сайлаушыға, әрбір қазақстандыққа жеткізу», - деді Н.Назарбаев.

 

 

Мәжіліс сайлауындағы жеңіс белгіленген бағдарламалардың

орындалуын жалғастыруға қажет – Елбасы

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Р. Ғаббасов/ - Мәжіліс сайлауындағы жеңіс белгіленген бағдарламалардың орындалуын жалғастыруға қажет. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның 14 съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Бізге, яғни, «Нұр Отан» партиясына тек жеңіс керек. Бұл жеңіс біздің белгіленген бағдарламаларды орындауды жалғастыруға және біздің азаматтардың әл-ауқатын жақсартудағы бағыттарға қажет», -  деп атап өтті Елбасы.

«Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығы тарихы бүгін басталып отыр. Сондықтан да 15 қаңтардағы Парламент Мәжілісінің сайлауы біздің болашағымыздың шынайы шағы деп айтуға болады. Мен қазақстандықтардың біздің «Нұр Отан» партиясына жалпыхалықтық қолдау көрсететініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

 

 

Алдағы уақытта педагогтер жалақысы 30 пайыздан

100 пайызға дейін артады – Елбасы

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Қ. Тоқабаев/ - «Нұр Отан» партиясы тұғырнамасына сәйкес алдағы уақытта педагогтардың жалақысы олардың біліктілігіне орай 30 пайыздан 100 пайызға дейін арта түседі.

Бүгін бұл туралы «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс 14-съезі барысында партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Білім беру саласында депозиттер жүйесін енгізуге тиіспіз. Соның арқасында балаларын оқыту үшін ата-аналар оқу ақысын қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ алдағы бес жылда елімізде 3 мыңнан астам балабақша ашылып, мекетепке дейінгі мекемелер, әлемдік деңгейдегі кәсіби колледждер ашу желісі жүзеге асатын болады. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарының 90 пайыздан астамын кең жолақты Интернетпен қамтуды тапсырамын. 60 пайыз білім мекемелері электронды білім беруге көшуі тиіс», деді партия төрағасы.

 

 

2017 жылы ана мен бала өлімі

1,5 есеге дейін төмендейді – Елбасы

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Қ. Тоқабаев/ - 2017 жылы еліміздегі ана мен бала өлімі 1,5 есеге дейін төмендейді. Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан ХДП кезектен тыс 14 съезі барысында сөз сөйлеген Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау жүйесі алдағы жылдары 300 емдеу амбулаториялары және 50 емханамен толыға түседі. Әрбір облыста жедел көліктік медицина енгізіліп, оған авиациялар да тартылады. «Денсаулық» медицина пойыздарының саны артады. Барлық қазақстандықтарға сапалы медициналық қызметке қол жетімділіктің теңдей жағдайы қамтылады. Осының арқасында 2017 жылы ана мен бала өлімі 1,5 есеге төмендейді», - деді Елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспарында» ұлт денсаулығы басым бағыттың бірі ретінде қарастырылып отыр. Ондағы басты көрсеткіш - жалпы өлімді кем дегенде 15 пайызға азайтып, өмір сүрудің орташа ұзақтығын 70 жасқа дейін өсіру.

 

 

Қазақстан әлемнің қарқынды дамып

келе жатқан үш елінің қатарына кірді

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., М. Жиембай/ - Қазақстан әлемнің қарқынды дамып келе жатқан үш елінің қатарына кірді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс  14-съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы екі жылға өсті. Ана мен бала өлімі айтарлықтай төмендеді. Халықаралық сарапшылар қазірдің өзінде Қазақстанды әлемнің қарқынды дамып келе жатқан елдерінің үштігіне қосты. Біз алға тек қана Катар мен Қытайды ғана жібердік», деді Елбасы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, әлемдік қаржы дағдарысының қиын жылдарында да Қазақстан өзінің алға қойған әлеуметтік міндеттемелерінен бас  тартпай, партияның халықтық тұғырнамасы мақсаттарына адал болды. Бұл барлық халықтың және «Нұр Отан» партиясының ауқымды жұмыстары.

«Дағдарыс жағдайында «Нұр Отан» партиясының Парламенттегі партиялық басымдығы негізінде құрылған  біздің Үкіметтің кәсіби және жемісті еңбегін атап өткен жөн. Парламенттік фракция қажетті заңдарды, оның ішінде дағдарысқа қарсы заңды қамтамасыз етті», -деді Мемлекет басшысы.

 

 

2017 жылы базалық зейнетақы төлемі күнкөрістің

ең төменгі деңгейінің 60 пайызын құрайтын болады - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - 2017 жылы базалық зейнетақы төлемі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 60 пайызын құрайтын болады. Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП 14 съезі барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев осылай мәлім етті.

«Әділ әлеуметтік съезд - бұл ең алдымен халықты лайықты зейнетақымен аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік төлеммен қолдау. Осыған орай 2017 жылға қарай елдегі базалық зейнетақы төлемі мен атаулы әлеуметтік көмек күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 60 пайызын құрайтын болады. Сонымен қатар, мүгедектер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылардың арасында өздерінің мүмкіндіктерін жүзеге асыру жолдары қарастырылуы шарт», - деді Н.Назарбаев.

 

 

Жауапты лауазымдарға кадрларды іріктеуде «Нұр Отан» партиясының

рөлін күшейту қажет - Мемлекет басшысы

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Р. Ғаббасов/ - Жауапты лауазымдарға кадрларды іріктеуде «Нұр Отан» партиясының рөлін күшейту қажет.

Бүгін «Нұр Отан»ХДП-ның кезектен тыс сьезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай  мәлім етті.

«Баршалар, яғни партияның саяси кеңесі бюросынан бастап, бастапқы ұйымдарына дейін саяси жұмыстардың жаңа формаларын игеру қажет. Біздің партияда кадрлық саясаттың айқын жүйесі болуы шарт. Атап айтқанда, аудандар мен облыстағы департамент басшыларынан бастап министрлерге дейін, яғни мемлекеттік менеджерлер жауапты лауазымдарына кадрларды іріктеуде партияның рөлін күшейту қажет», деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

 

 

Атқарушы органдардың кадрлық құрамын қалыптастыруда

«Нұр Отанның» рөлі күшейтілуге тиіс – Назарбаев

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 25.11.2011 ж./ - Атқарушы билік органдарының кадрлық құрамын қалыптастыруда «Нұр Отанның» рөлі күшейтілуге тиіс, дейді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Партияның саяси кеңесі бюросынан бастап, бастапқы ұйымдарына дейін, баршаға саяси жұмыстардың жаңа формаларын игеру қажет. Біздің партияда кадрлық саясаттың айқын жүйесі болуға тиіс, аудандар мен облыстағы департамент басшыларынан бастап министрлерге дейін, яғни мемлекеттік менеджерлер жауапты лауазымдарына кадрларды іріктеуде партияның рөлін күшейту қажет», - деп атап көрсетті Президент «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс сайлауында сөйлеген сөзінде.

«Нұр Отан» партиясы стратегиялық мемлекеттік бастамаларды ұсынудың орталығы болуға тиіс, деді ол.

 

 

«Нұр Отан» партиясы стратегиялық мемлекеттік бастамаларды

көтерудің орталығы болуы тиіс – Мемлекет басшысы

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Р. Ғаббасов/ - «Нұр Отан» партиясы стратегиялық мемлекеттік бастамаларды көтерудің орталығы болуы тиіс.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс сьезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Маңызды заңдар мен бағдарламалардың жобалары алдын ала партиялық алаңдарда, сьездерде, конференцияларда, саяси кеңестердің кеңейтілген отырыстарында жан-жақты талқылануын маңызды деп санаймыз. Партия басшылығы қызметінің және оның Парламент фракциясы қызметінің бірыңғай алгоритмі керек. Сонымен қатар,  мәслихаттардағы «нұротандық» депутаттар жұмысының айқын жүйесінің үйлесімдігі болуы шарт»,- деп атап өтті Елбасы.

 

 

«Нұр Отан» партиясының жаңа платформасын орындау партиялық

басшылықтың қатаң бақылауында болуы тиіс - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Р. Ғаббасов/ - «Нұр Отан» партиясының жаңа платформасын орындау партиялық басшылықтың қатаң бақылауында болуы тиіс.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс сьезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Осы орайда Мемлекет басшысы партияның Орталық аппаратында маңызды бағыттар бойынша және индустрияландыру жобалары тұрғысында әлеуметтік жаңғырту, тұрғын үй саясаты, жастармен, ардагерлермен жұмыс, сондай ақ үкіметтік емес ұйымдармен іс-қимыл тұрғысында кураторлар институтын құруды ұсынды.

 

 

2017 жылға қарай Қазақстанның шикізаттық емес

секторына құйылатын инвестиция өседі

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., М. Жиембай/ - 2017 жылға қарай Қазақстанның шикізаттық емес секторына құйылатын инвестиция өседі.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс 14 съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Біздің еліміз ауқымды жаңару дәуіріне аяқ басады. 2017 жылы экономиканың шикізаттың емес секторына құйылатын инвестиция 15 пайызға өседі, ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі айтарлықтай ұлғаяды. Дайын өнімнің экспорты 40 пайызға артады, өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 1,5 есе көбейеді. Металлургия, химия саласы екі есеге артады, біздің жеңіл өнеркәсіп өнімдеріміз ішкі нарық қажеттілігінің үштен бірін қамтамасыз етеді», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының пайымынша, дағдарыс салдарынан әлсіреген экономикаларда мемлекеттік қарызы үлесінің өсімі жаһандық катаклизмге әкелуі мүмкін.  «Сондықтан барлық жетістіктерімізге қарамастан біз кез келген байқалмаған жағдайларға дайын болуымыз керек», деді Н. Назарбаев.

 

 

ЕЭК құру Қазақстанның сыртқы экономикалық

қауіпсіздігін нығайтады – Мемлекет басшысы

 

/«BNews.kz», 25.11.2011 ж./ – ЕЭК  құру Қазақстанның сыртқы экономикалық қауіпсіздігін нығайтады.  Бұл  туралы  бүгін  Астнада Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» халықтық  демократиялық партиясының   сайлауалды XIV съезінде  мәлім етті.

 

 

Біздің алдымызда елімізді асқар асуларға бастайтын тарихи маңызы зор,

тағдырлы шешімдер қабылдау міндеті тұр - ҚР Президенті

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Р. Ғаббасов/ - Біздің алдымызда елімізді асқар асуларға бастайтын тарихи маңызы зор, тағдырлы шешімдер қабылдау міндеті тұр.

Бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс 14-сьезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Мен «Нұр Отан» партиясының 14 сьезі жаңа кезеңге бетбұрыс бастауы болады деп кәміл сенемін. Біздің қуатымыз - бірлікте. Біз берік бірлігімізбен және бекем тірлігіміз арқылы ұлан-ғайыр жетістіктерге қол жеткіздік. Алдағы уақытта да иық тіресе жүріп, биік белестерді бағындыра беретінімізге сенемін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын», деп түйіндеді сөзін Елбасы.

 

 

 

Жаңа Үкімет Парламент Мәжілісі

сайлауынан кейін жасақталады – Елбасы

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Р. Ғаббасов/ - Жаңа Үкімет Қазақстандағы Парламент Мәжілісі сайлауынан кейін жасақталады.

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс 14 съезі барысында Мемлекет басшысы осылай мәлім етті.

«Алдағы Мәжіліс сайлауы саяси жүйені жаңғыртудағы маңызды қадам. Биліктің орталық мемлекеттік органдарын жаңарту үдерісі Мәжілістен және мәслихаттардан басталады, сондықтан Парламентшілердің уақытынан бұрынғы сайлауы бастамасы үлкен құрметке ие », деді Елбасы.

Президент өз сөзінде көппартиялылық негізде, яғни кем дегенде екі партияның қатысуымен алғаш рет Парламент жасақталатын жеткізді. Осының барлығы барша саяси партиялардың жауапкершілігінің деңгейін айтарлықтай арттыра түседі.

 

 

Қазақстанда 2012 жылы жаңа үкімет құрылатын болады

 

/«Kazakhstan Today», 25.11.2011 ж./ - Қазақстанда 2012 жылы жаңа үкімет құрылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жаңа Үкімет Қазақстандағы Парламент Мәжілісі сайлауынан кейін жасақталады.

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс 14 съезі барысында Мемлекет басшысы осылай мәлім етті.

«Алдағы Мәжіліс сайлауы саяси жүйені жаңғыртудағы маңызды қадам. Биліктің орталық мемлекеттік органдарын жаңарту үдерісі Мәжілістен және мәслихаттардан басталады, сондықтан Парламентшілердің уақытынан бұрынғы сайлауы бастамасы үлкен құрметке ие», деді Елбасы.

Президент өз сөзінде көппартиялылық негізде, яғни кем дегенде екі партияның қатысуымен алғаш рет Парламент жасақталатын жеткізді. Осының барлығы барша саяси партиялардың жауапкершілігінің деңгейін айтарлықтай арттыра түседі.

 

 

Мерзімнен бұрын Парламенттік сайлаудан кейін

атқарушы билікте жаңарулар болады – Назарбаев

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 25.11.2011 ж./ - Мерзімнен бұрын Парламенттік сайлаудан кейін атқарушы билікте жаңарулар болады, деп санайды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Мәжілістің алдағы сайлауы – саяси жүйені жаңартудағы маңызды қадам, орталық мемлекеттік органдарының жаңару процесі Мәжіліс пен маслихаттардан басталады, сондықтын депутаттардың мерзімнен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасы тек шексіз сыйға лайық», - деді Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс сайлауында сөйлеген сөзінде.

«Сайлаушылардың еркімен конституциялық реформаның маңызды нормасы жүзеге асырылады, сайлаудың қорытындылары бойынша алғаш рет ең кемінде екі партия – фракцияның қатысуымен  көппартиялық негізде әрекет ететін Парламент қалыптастырылады. Содан кейін жаңа үкімет қалыптастырылып, министрліктер мен ведомстволар сапалы жаңарады. Бұл барлық саяси партиялардың жауаптылық планкасын елеулі көтереді», - дейді мемлекет басшысы.

 

 

Назарбаев: Қазақстанға сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күресті күшейту қажет

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 25.11.2011 ж./ - Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуі қажет, деп Президент, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажет. (...) Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесінде ықтиятты болуымыз керек, партия жемқорлыққа қарсы ауқымды қозғалыс басында болуы тиіс», - деп Н.Назарбаев бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының сайлау қарсаңындағы XIV съезінде мәлімдеді.

Президент атап өткендей, партия жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде 300 қоғамдық кеңестен тұратын жалпы ұлттық желі құрып, оған басшылық еткен. Азаматтардан келіп түскен 1 мыңнан астам өтініш қаралған. Олардың көбісі бойынша қылмыстық істер қозғалып, нақты бір шенеуніктер жауапқа тартылған.

 

 

«Нұр Отан» ХДП Мәжіліске кандидат ретінде

бірқатар танымал адамдарды ұсынды

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Р. Ғаббасов/ - «Нұр Отан» ХДП-ның саяси Кеңесі Парламент Мәжілісі депутаттығына 127 кандидатты тіркеді.

Бұл жайында бүгін партияның кезектен тыс 14 съезінде мәлім болды. Айта кетейік, олардың қатарында Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының әкімдері, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев, Дариға Назарбаева, белгілі спортшылар Ольга Шишигина, Александр Винокуров, Юрий Мельниченко, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім, Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, сондай-ақ өнер қайраткерлері Нұрлан Абдуллин, Әлібек Дінішев және төртінші шақырылымның бірқатар депутаттары бар.

 

 

«Нұр Отан» тізімінде партия төрағасының бірінші орынбасары,

Алматы мен бірқатар облыстардың әкімдері мен бірнеше министр бар

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 25.11.2011 ж./ - «Нұр Отан» партиясының алдағы Парламенттік сайлауға арналған тізімінде Қазақстанның көптеген белгілі саясаткерлері, депутаттар, әйгілі спортшылар бар.

«Нұр Отан» партиясының бүгін Астанада өтіп жатқан XIV съезінен «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлағандай, тізімге 127 кандидат енген. Олардың қатарында партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Мәулен Әшімбаев, мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Алматы әкімі Ахметжан Есімов, Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко, Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім, Бәсекелестікті қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттік басшысы Мәжит Есенбаев, әйгілі спортшылар Ольга Шишигина және Александр Винокуров, әнші Әлібек Дінішев, сондай-ақ Мәжілістің бұрынғы депутаттары Зағипа Балиева, Мұрат Әбенов, Нұрлан Әбдіров, Камал Бұрханов, Жақып Асанов, Майра Айсина, Виктор Рогалев, Нұртай Сабильянов, Тәңірберген Бердоңғаров және басқалар бар.

Бұрын хабарланғандай, тізімге Президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева да кірген.

Партия тізімін кім басқаратыны әзірге жария етілмеді.

Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылы 15 қаңтарда өтеді.

 

 

 

Қазақстан Президентінің қызы «Нұр Отаннан»

депутаттықа үміткерлер тізіміне енді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 25.11.2011 ж./ - Қазақстан Президентінің қызы Дариға Назарбаева «Нұр Отан» партиясынан мерзімнен бұрын Парламенттік сайлауға қатысуға үміткерлер тізіміне енді, тізім жұмада партияның саяси кеңесінің қарауына ұсынылды, деп хабарлады пратияның Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары Құрам Ақсақалов. 

Партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллинның айтуынша тізімге жалпы 127 адам кірген.

Олардың қатарында мемлекет басшысының қызы Дариға Назарбаева, Мәжілістің бұрынғы спикері Орал Мұхамеджанов, партия жетекшісі орынбасарының өзі Нұрлан Нығматуллин, жетекші қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров бар. 

Сондай-ақ тізімге Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласының әкімдері, мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, әнші Нұрлан Абдуллин, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім, спортшылар - Ольга Шишигина, Ермахан Ибраимов және танымал әнші Әлібек Дінішев енген.

 

 

Қазақстан Мәжілісі алдынғы шақырылымы депутаттарының

негізгі бөлігі қайта сайланатын балады, дейді Назарбаев

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 25.11.2011 ж./ - Өз өкілеттіктерінен мерзімнен бұрын босаған Мәжіліс (Парламенттің төменгі Палатасы) депутаттарының негізгі бөлігі, қайта сайланатын болады, деп санайды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Меніңше депутаттардың көпшілігі қайта сайланатын болады, ал мандаты аяқталып жатқандар, бұл адамдардың тәжірибесін атқарушы билік органдарында және біздің партия огандарында пайдалануға партия қамқорлық жасайды. Олар үлкен пайда әкеледі», - деді Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XIV съезінде.

Ол бұрынғы Мәжілісмендерге тиімді жұмыс үшін алғыс білдірді. «Мен съез трибунасынан Мәжілістің барлық депутаттарына олардың қызмет атқарған кездегі олардың жауапты, нәтижелі жұмыстары үшін шын алғысымды білдіргім келеді», - деді елбасы. Бұл ретте партия олардың мол тәжірибесін пайдалануға тиістігіне сенім білдірді.

 

 

«Нұр Отан» партиясының 2007 жылы сайлауға барған

сайлауалды тұғырнамасы мерзімінен бұрын орындалды – Н.Назарбаев

 

/«BNews.kz», 25.11.2011 ж./ – «Нұр Отан» партиясының 2007 жылы сайлауға барған халықтық тұғырнамасы мерзімінен бұрын орындалды. Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының XIV сайлауалды съезінде делегаттар алдында сөйлеген сөзінде осылай деп мәлімдеді.

«Бүгін осы съездің мінберінен біздер мынаны мақтанышпен айта аламыз: «Нұр Отан» партиясының 2007 жылы сайлауға барған халықтық тұғырнамасы мерзімінен бұрын орындалды», - деді Н.Назарбаев.

Президент ескеріп өткендей, 5 жыл бұрын партиялық тізім бойынша тұңғыш рет өткен Мәжіліс сайлауында партия сайлаушылардың басым көпшілігінің қолдауына ие болды.

«Бүгін біздер іс-әрекеттердің «Қазақстан. Мақсаттар 2017» ұлттық жоспарын бекітіп жатырмыз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Біздің сайлауалды тұғырнамамыз «Қазақстан-2020» стратегиялық жоспары мен «Қазақстан-2030» стратегиясының құрамдас бөлігі. Сайлауалды тартыста біздің ортақ мақсатымыз - партия міндеттерінің терең мағынасын әрбір сайлаушыға, әрбір қазақстандыққа жеткізу», - деді Н.Назарбаев.

 

 

2007 жылғы сайлауда «НұрОтан» партиясы қабылдаған

халықтық тұғырнама мерзімінен бұрын орындалды – Н.Назарбаев

 

/«BNews.kz», 25.11.2011 ж./ – 2007 жылғы сайлауда «НұрОтан» партиясы қабылдаған халықтық тұғырнама мерзімінен бұрын орындалды. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП XIV съезінде Қазақстан Президенті, партия басшысы Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

«2007 жылғы сайлауда «НұрОтан» партиясы қабылдаған халықтық тұғырнама мерзімінен бұрын орындалды. Бес жылға жуық уақыттың ішінде қазақстандық экономиканың көлемi 2 есе ұлғайды. Қазақстан шетелдiк инвестицияларды көп тартқан әлемнің көшбасшы 20 еліне кірді. Жұмыссыздық деңгейi 7-ден 5, 4%-ға дейiн төмендедi. Еліміз халқының әл-ауқаты бойынша әлемнiң 50 елінің қатарына енді. Халықаралық сарапшылар Қазақстады қазірдің өзінде әлемдегі ең жедел дамушы елдердің үштігіне қосты», - деп атап өтті Президент.

Съезде ҚР Парламент Мәжілісіне кезектен тыс сайлауға 127 кандидаттан тұратын партиялық тізім бекітілді.

 

Қазақстанда 2015 жылы ЖІӨ жан басына шаққанда

15 мың долларға жетеді - Н.Назарбаев

 

/«BNews.kz», 25.11.2011 ж./ – Қазақстанда  2015 жылы ЖІӨ жан басына шаққанда 15 мың  долларға жетеді. Бұл  туралы  бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының сайлауалды XIV съезінің делегаттаырын құттықтау сөзінде мәлім етті.

«Қазақстанда  2015 жылы ЖІӨ жан басына шаққанда 15 мың  долларға жетеді», - деді Н.Назарбаев.

«Бүгін осы көрсеткіш бойынша біз Украинаны екі еседен астам басып озып, шығыс Еуропаның  бірқатар мемлекеттерінен алда тұрмыз», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

 

 

«Нұр Отан» сайлауалды тұғырнамасын бекітті

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада ҚР Президенті, Елбасы партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында партияның «Қазақстан. 2017 жылғы Мақсаттары. Іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасы бекітілді.

Тұғырнаманың басты мақсаты гүлденген Қазақстанда әрбір азаматтың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл құжат Елбасының «Қазақстан - 2020» Стратегиялық бағдарламасымен үндес. Сонымен бірге, «Халықтың дауысы» акциясы кезінде түскен миллиондаған азаматтардың аманатын арқалай отырып жасалды.

Сайлауалды тұғырнамаға сәйкес, алдағы 5 жылда партия 9 басым бағытқа баса назар аудартып отыр. Атап айтқанда бұнда негізінен білім мен ғылым саласын дамытуға басымдық берілетін болады. Осы ретте ғылымға бөлінетін шығыстар  жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына жетіп, балабақшадан бастап университетке дейін сапалы біліммен қамтылатыны көзделеді. Мұғалімдердің орташа еңбекақы көлемі де арта түседі. Тағы бір басым бағыт - ұлт денсаулығы - ел қуаты. Бұдан бөлек, экономикалық өсім, жаңа әлеуеттік саясат ауыл болашағы мен  азаматтардың құқықтарын мүлтіксіз сақтау секілді бағыттар сайлауалды тұғырнамаға негіз болып отыр.

Сайлауға түсетін партияның тұғырнамасы шын мәнінде жаңа Парламенттік мерзімді қамтыған, жекелеген кезеңдік жоспарлар болып табылады. Сондықтан да бұнда білім, денсаулық, қауіпсіздік, жемқорлықпен күрес секілді барлық салалар қамтылып отыр.

 

 

Съезд делегаттары «Нұр Отан» ХДП-ның

сайлауалды тұғырнамасын қабылдады

 

/«BNews.kz», 25.11.2011 ж./ – «Нұр Отан» ХДП XIV съезінің делегаттары «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Қазақстан. Мақсаттар 2017. Ұлттық іс-әрекеттер жоспары» тұғырнамасын бірауыздан қабылдады.

Бұған дейін хабарланғандай, ол «Қазақстан 2020 стратегиясын» жүзеге асырудың 5 жылға арналған кезеңдік жоспары болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» ХДП съезі өтіп жатыр. Болжам бойынша, съезд қатысушылары елдің Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын өтетін сайлауына кандидаттардың партиялық тізімін бекітетін болады.

Қазіргі уақытта, белгілі болғандай, қатарына танымал пария қайраткерлері мен қазақстандық қоғам өкілдері енген «Нұр Отан» ХДП-ның республикалық сайлауалды штабы жасақталған.

2011 жылы 25 қарашада Астанада партияның XIV съезін шақыру туралы қаулыға 17 қарашада «Нұр Отан» ХДП төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын.

 

 

 

Алдағы бес жылда ауыл кәсіпкерлігін шағын несиемен қамту

бағдарламасы жүзеге асатын болады - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Алдағы бес жылда ауыл кәсіпкерлігін шағын несиемен қамту бағдарламасы жүзеге асатын болады.

Бұл ретте кәсіпкерлерге 3 млн. теңгеге дейін несиелер беріледі. Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Қазіргі кезде «Еңбекпен қамту -2020» бағдарламасы жүзеге асып жатқаны белгілі. Соған қатысты еңбекке қабілетті азаматтардың барлығы жұмыс істеулері керек. Оларға біздің көмектеріміз осы. Мемлекет ауылдағы кәсіпкерлікті жандандырамын деушілер үшін шағын несиелер ұсынып отыр. Бұдан бөлек, қалаларда, ірі өндіріс орталықтарында жұмыссыз жастар шақырылып, олар оқытылады, кәсіп алады. Бұндай маңызды бағдарламаны жұртшылыққа түсіндіру керек», - деді Елбасы.

 

 

Мәжілістің жаңа құрамына сайланатын саяси күштердің

барлығымен жұмыс істеймін - Н.Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., М. Жиембай/ - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс 14-съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістің жаңа құрамына сайланатын саяси күштердің барлығымен тығыз жұмыс істейтіндігін мәлім етті.

«Электоралды кезеңде «Нұр Отан» партиясы басқа да саяси партиялармен, кәсіподақтармен және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық туралы сайлауалды меморандум сынды тетікті пайдалануы қажет», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде осы сайлауға қатысатын барлық саяси партиялар халық алдында, мемлекет алдында зор жауапкершілікті сезінетіндігіне сенім білдірді.

Сонымен қатар өзінің Президент ретінде Мәжілістің жаңа құрамына сайланатын саяси күштердің барлығымен жұмыс істейтіндігін баса айтқан Елбасы: «Барлық Парламенттік партиялар Қазақстанның ұлттық мүдесін ғана басшылыққа ала отырып жемісті жұмыс істейтіндігіне сенімдімін. Бұл біздің халқымызға, біздің қарқынды елімізге қажет», - деді.

 

 

2018 жылға қарай Қазақстан халқының табысы жоғары

елдердің қатарына енуі керек - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - 2018 жылға қарай Қазақстан халқының табыс деңгейі жоғары елдердің қатарына енуі керек.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Бұдан бөлек, алдағы бес жыл ішінде кемінде 24 млн. шаршы метр болатын жаңа тұрғын үй құрылыстары бой көтеруі шарт. Бұл ретте жергілікті әкімдіктерге азаматтардың, әсіресе жас отбасылардың тұрғын үй құрылыс жинағы есебінен қымбат емес үй құрылыстарын салуға қолдау жасалатын болады. Ал аз қамтылған азаматтар құрылыс жұмыстары үшін атаулы қолдау көретін болады», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Президент тұрғын үй қорын басқарудың жаңа тетігін құру бойынша алда үлкен жұмыстар күтіп тұрғанын жеткізді. Партия Төрағасының айтуынша, бүгінгі пәтер иелері коперативтерінің техникалық функцияларының ішінара бөлігі кәсіби сервистік компанияларға беріледі. «2017 жылға қарай барлық қалалар орталық сумен жабдықтауға 90 пайыз қосылып, 30 мыңнан астам коммуналдық желілер қйта жаңғыртылады. Коммуналдық істер бойынша осыншама ауқымды шаралар біздің елімізде ешқашан болған емес», - деді Н. Назарбаев.

 

 

 

 

 

 

Халықтық IPO үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастыру

Мәжілістің болашақ құрамының басты міндеті - Н.Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., М. Жиембай/ - Халықтық IPO үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастыру Мәжілістің болашақ құрамының басты міндеті.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс 14-съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Мемлекет басшысының пайымынша, қазіргі әлемде көптеген адамдар экономикаға лайықты қатысу әлемдік экономикалық өсімнен игілік алу мүмкіндігінен тысқары қалған. Бұл теңсіздікке, әлеуметтік шиелініске, қақтығыстарға себеп болады.

«Мен бұған дейін айтқанымдай, Қазақстан ел азаматтарына экономикалық өсімге кеңінен қатысу мүмкіндігін ашқан жаңа меншік құрылымын қалыптастыруға кірісті. Халықтық IPO жүйесі арқылы қазақстандықтар елдің стратегиялық активтерінің меншік иесі бола алады», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, келесі жылдан бастап халықтық IPO-ға «ҚазТрансОйл», «Кегог», «Эйр Астана» сынды компаниялар шығарылады. «Халықтық IPO бағдарламасы қарапайым жаңа бұқаралық жекешелендіру емес. Бұл лайықты өмір сүретін жаңа меншік иелерінің бұқаралық санатын қалыптастыру үдерісі. Халықтық IPO үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастыру Мәжілістің болашақ құрамының басты міндеті, - деді Елбасы.

 

 

Жоғары оқу орнын бітіруші әрбір түлек лайықты

жұмыспен қамтылуы қажет - Мемлекет басшысы

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/  - Жоғары оқу орнын бітіруші әрбір түлек лайықты жұмыспен қамтылуы қажет.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, әділ жастар саясаты жас қазақстандықтарды индустрияландыру бағдарламасына белсенді қатыстырумен негізделетін болады. «Қазақстанда жоғары оқу орнын бітіруші әрбір түлек лайықты жұмыспен қамтылуы қажет. Біз жас мамандар мен жас отбасыларды қолдау бағдарламасын жүзеге асыратын боламыз. Ерекше мәселе - бұл Қарулы күштерде, полицияда және басқа да құқық қорғау органдарында Отанға қызмет ету үшін  өз кәсібін таңдаған жас азаматтар туралы ұдайы қамқорлық. Бұл ретте біз әскери қызметкерлер отбасылары үшін баспана мәселесін толық шешуіміз керек», - деп атап өтті Елбасы.

Партия Төрағасының айтуынша, осы мәселелердің барлығы «Нұр Отан» ХДП сайлауалды бағдарламасында, атап айтқанда «Қазақстан. 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспарлары» тұғырнамасына енгізілген. Бұл бағыттағы нақты атқарылатын іс-шаралар Президенттің келесі жылғы Қазақстан халқына Жолдауында қамтылатын болады.

 

 

Әрқашан әділетті партия болып қалу –

біздің басты борышымыз - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/  - Әрқашан әділетті партия болып қалу - біздің басты борышымыз.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Партияның сайлауалды тұғырнамасының, Ұлттық іс-қимыл жоспарының теңдей авторлары «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Халық дауысы» акциясына қатысушылар болып табылады. Біздің партия - халықтық-демократиялық, өйткені ол барлық қазақстандықтардың мүддесін біріктіреді. Ендігі біздің басты борышымыз - әрқашан әділетті партия болып қалу», - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

 

 

 

 

Жаңа кезеңді биік рухпен, кең тыныспен,

тың серпінмен бастаған абзал - ҚР Президенті

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/  - Жаңа кезеңді биік рухпен, кең тыныспен, тың серпінмен бастаған абзал.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Тәуелсіздіктің жасампаз жиырма жылдығы - елдігімізді орнықтыру жолындағы алғашқы кезеңнің мерейлі қорытындысы. Біз мыңжылдықтың үшінші онжылдығына қадам басу арқылы ел дамуының жаңа кезеңіне кіреміз. Бүгінде 2020 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық дамудың Стратегиясын жүзеге асыра бастадық. Ғасырлық мәні бар бұл жоба бізге жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейді.Оның үстіне, болашақтың не ұсынарын болжап білу қиын. Көптеген елдер дағдарыс дауылына шыдас бермей, шайқалуда. Сондықтан бұл кезеңді біз биік рухпен, кең тыныспен, тың серпінмен бастағанымыз абзал», - деп атап өтті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

Барлық құқық қорғау органдарын реформалауды

тереңдету қажет - Н.Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., М. Жиембай/ - Барлық құқық қорғау органдарын реформалауды тереңдету қажет. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс 14-съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Барлық құқық қорғау органдарын реформалауды тереңдету қажеттігін баса айтқан Елбасы: «Жемқорлықпен күресті күшейту қажет», - деді.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, «Нұр Отан» партиясы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрып, оның 300-ден астам жалпыхалықтық желісіне басшылық жасады. Ел азаматтарының мыңнан астам өтініштері қаралып, олардың басым бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, нақты шенеуніктер жазаланды.

«Біз жемқорлықпен күрес мәселелерінде ымырасыз болуымыз керек. партия кең ауқымды жемқорлыққа қарсы қозғалыстың басында болуы керек және болады да», - деді Н.Назарбаев.

 

 

Елбасы «Нұр Отан» қазақстандықтардың

сенімін ақтайды деп сендірді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 25.11.2011 ж./ - «Нұр Отан» ХДП қазақстандықтардың сенімін ақтауы үшін әділеттік партия болып қалуға тиіс, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті, партия көшбашысы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Ұлттық іс-қимылдар жоспарының серіктес авторлары, партияның «Халық дауысы» шарасына қатысқан миллионнан астам қазақстандық болды. Біздің партия ұлттық-демократиялық, өйткені ол барлық қазақстандықтардың мүддесін білдіреді, ендігі біздің парыз – әрдайым әділетттік партия болып қалу, өйткені бұл толық он жыл бұрын қазақстандық сайлаушырлар сенімінің жоғарғы планкасын сақтау, партияның ұзақ мерзімді көшбасшылығының негізгі шарты, негізгі кез», - деді Назарбаев партияның жұмадағы кезектен тыс сайлауында.

Съез 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленген кезектен тыс Парламенттік сайлау қарсаңында өткізілуде. 

 

 

Астанада өткен «Нұр Отан» ХДП-ның ХIV съезінде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі[2]

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж./  - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның XIV съезі болып өтті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Тәуелсіздік сарайында өткен партияның басты форумына партияның барлық филиалдарының өкілі болып табылатын 600-ге жуық делегет қатысты. Съездге қатысқан 2 мыңнан астам қонақтың қатарында - мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингілердің жетекшілері, жұртшылық өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпустың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды.

Съезде «Қазақстан. Мақсаттар-2017»  атты партияның ұлттық іс-қимылының сайлауалды тұғырнамасының жобасы талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының сайлауына арналған партиялық тізім бекітілді.

Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде бүгінгі съезд Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында өткеніне тоқталды. Ең алдымен, Тәуелсіздіктің жасампаз жиырма жылдығы елдігімізді орнықтыру жолындағы алғашқы кезеңнің мерейлі қорытындысы болды. Оның соңғы бес жылы табысты қазақстандық жол үшін шешуші кезеңге айналды. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқының бірлігінің мықтылығы, оның тұтастығының беріктігі шыңдалды. Екіншіден, «Қазақстан. Мақсаттар-2017» ұлттық іс-қимыл жоспары бекітіледі.

Президент «Нұр Отан» партиясының 2007 жылғы сайлаудағы халықтық тұғырнамасы мерзімінен бұрын орындалғанын атап өтті. Бес жылға толмайтын уақыт ішінде Қазақстан экономикасының көлемі 2 есеге дейін артты. Қазақстан әлем елдері арасында көш бастаған 20-лықтың қатарына енді, шетел инвестициясының едәуір көп бөлігін тартты. Жұмыссыздық деңгейі 7 пайыздан 5,4 пайызға дейін төмендеді. Еліміз халықтың әл-ауқатының жаһандық рейтингісі бойынша әлем елдерінің алғашқы 50-інің қатарына енді. Қазіргі кезде халықаралық сарапшылар Қазақстанды әлемдегі экономикасы қарқынды дамушы елдер қатарына қосып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыс жағдайында «Нұр Отан» партиясының Парламенттегі партиялық басымдығы негізінде құрылған  Қазақстан Республикасының Үкіметінің кәсіби және жемісті еңбегін атап өтті. Парламенттік фракция қажетті заңдарды, оның ішінде дағдарысқа қарсы заңды қамтамасыз етті.

- Мен съезд трибунасынан Мәжіліс депутаттарына олардың қызмет кезеңіндегі  жауапкершіліктері үшін, атқарған нәтижелі  жұмыстары үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді, - деді Мемлекет басшысы.

Президент тұрақтылық, бейбішілік пен келісімнің арқасында Қазақстан бұрын-соңды болмаған беделге және әлем алдында құрметке қол жеткізгенін атап өтті. 2010 жылы Қазақстан ірі халықаралық ұйымға - ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етті. Қазіргідей қиын уақыттың өзінде еліміз Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық миссиясын атқаруда. Қазақстан жаһандық ядролық қоғалысқа қарсы көшбасшылық ұстанымын барынша нығайта түсті. Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы жұмыс істей бастады.

- Менің айтқанымның бәрі - бұдан 5 жыл бұрынғы біздің партиялық тұғырнамамыздың іс жүзіне асырылуының нақты нәтижесі. Осылайша «Нұр Отан» партиясы - халық бірлігінің,  қайратының қажымастығы мен батылдығының және елді тек қана алға - жаңа жеңістер мен биіктерге бастайтын партиясы болып келді және солай болып қала береді! - деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан ауқымды жаңғырту дәуіріне қадам басқанын қадап айтты. Елдің дамуының алдағы он жылға арналған стратегиялық мақсаттары мен міндеттері әзірленді. Қазақстан ел азаматтарына экономикалық өсімге кеңінен қатысу мүмкіндігін ашқан жаңа меншік құрылымын қалыптастыруға кірісті. Халықтық IPO жүйесі арқылы қазақстандықтар елдің стратегиялық активтерінің меншік иесі бола алады. Бұдан басқа, барлық құқық қорғау органдары алдында реформаны тереңдету, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту міндеті тұр. Партия жемқорлыққа қарсы қозғалысты кең көлемде жүргіздің басында тұруы тиіс. Білім мен денсаулық сақтаудың әділетті жүйесі, әділетті әлеуметтік қорғау, әділетті жастар және тұрғын үй саясаты - бұлар ел дамуының жаңа күн тәртібіндегі мәселелер.

Мемлекет басшысы «алдағы Мәжіліс сайлауы саяси жүйені жаңғыртудағы маңызды қадам», деп атап өтті. Дауыс берудің қорытындысында көппартиялылық негізде, яғни кем дегенде екі партияның қатысуымен алғаш рет Парламент жасақталады. Осының барлығы барша саяси партиялардың жауапкершілігінің деңгейін айтарлықтай арттыра түседі.

Президент «Нұр Отан» партиясының күші - оның қоғамды сынақтан алып өту арқылы тұрақтылық пен халықтың бірлігін нығайтау қабілеттілігінде екенін атап көрсетті.

-  Мен осы сайлауға қатысатын барлық саяси партиялар халық алдында, мемлекет алдында зор жауапкершілікті басшылыққа алып, әлем тарихы мен дағдарыс кезеңіндегі күрделі кезең алдында қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы үшін ынтымақтастық танытып, саяси күресте нақты және сыпайы ұстанымда боларына сенемін. Президент ретінде мен еліміздегі және жаңа Парламенттегі барлық саяси күштермен жұмыс істейтін боламын. Барлық Парламенттік партиялар Отанымыздың ұлттық мүддесін ғана басшылыққа ала отырып, жемісті жұмыс істейтіндігіне сенімдімін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы XXI ғасырда тек күшті мемлекет қана табысты дамитынын атап өтті. «Нұр Отан» көшбасшы саяси партия ретінде елдің болашағын, қоғамдағы тұрақтылықты және алдағы онжылдықтағы саяси бағыттың сабақтастығын өз жауапкершілігіне алады.

- Команданың рухы мен тұтастығы уақыттың өзі бізден бірлікті талап етіп отырған қазіргі кезде өте маңызды. Тек сонда ғана біз болашақта алға, жаңа жеңістерге, жаңа табыстарға қадам басамыз! - деді Президент.    

Съезд барысында сондай-ақ Алматы қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Ахметжан Есімов, Маңғыстау облыстық әкімдігі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, «Иволга Холдинг» ЖШС бас директоры Василий Розинов, «Атамекен» Одағы» ҰЭП басқарма төрағасы, ҚР сауда-өнеркәсіп Палатасының Президенті Абылай Мырзахметов, «Қазфосфат минералдық тыңайтқыштар» ЖШС аға ауысым шебері Болатхан Көптілеуов, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистранты Алена Герасимова, Пекин қаласында өткен XXIX олимпиадалық ойындардың чемпионы, ауыр атлетикадан үш дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, ҚР жастар сыйлығының лауреаты Нұрлан Әлімжанов сөз сөйледі.

 

 

Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы жеңістерге

халықпен бірге жетеміз[3]

 

/«ҚазАқпарат», 26.11.2011 ж./  - Бұдан бұрын хабарланғанындай, кеше Астанада Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі болып өтті. Съезда Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. ҚазАқпарат Елбасы сөзінің мәтінін таратады.

Құрметті съезд делегаттары!

Қадірлі қонақтар!

Менің партиялас серіктерім!

«Нұр Отан» партиясының ХІV съезі біз үшін мерейлі меже - ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі қарсаңында өтуде.

Біз жасампаз жиырма жылда жүз жылға татитын ұлан-ғайыр жолды басып өттік.

Арайлы азаттық арқылы қол жеткізген жетістіктеріміздің баршасында «Нұр Отан» партиясының сүбелі үлесі бар.

Төңірегіне мұраттас серіктерім топтасқан партия тәуелсіздік жылдарында қоғамды жаңа жобаларға жұмылдыра білді.

Шын мәнінде халықтық ұйымға айналған «Нұр Отан» менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы болуда.

Осылайша біз биік белестерді бірге бағындырдық.

Тәуелсіздіктің жасампаз жиырма жылдығы - елдігімізді орнықтыру жолындағы алғашқы кезеңнің мерейлі қорытындысы.

Біз мыңжылдықтың үшінші онжылдығына қадам басу арқылы ел дамуының жаңа кезеңінде тұрмыз.

Бүгінде дамудың 2020 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық Стратегиясын жүзеге асыра бастадық.

Ғасырлық мәні бар бұл жоба бізге жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейді.

Оның үстіне, болашақтың не ұсынарын болжап білу қиын. Көптеген елдер дағдарыс дауылына шыдас бермей, шайқалуда.

Сондықтан бұл кезеңді біз биік рухпен, кең тыныспен, тың серпінмен бастағанымыз абзал.

Ол солай болғалы да тұр. Баршаңыз білесіздер, жаңа жылдан кейін елімізде Мәжіліс сайлауы өтеді.

Бұл жолы Мәжіліс сайлауымен бірге жергілікті мәслихаттардың да  сайлауы қатар өтетіні белгілі.

Сайлау қорытындысы бойынша, Конституцияға сәйкес, Мәжіліс кем дегенде екі партиядан тұруы керек.

Елімізде саяси партияларға алғаш рет осындай мүмкіндік беріліп отыр.

Бұл - сайлаудың жауапкершілігі мен жүгін арттырып, партиялар арасында шынайы бәсекелестікті қыздыра түсетіні анық.

Мен ел болашағын айқындауға мүмкіндік беретін осы сындарлы сынақта Қазақстан халқы қолдау көрсетіп, «Нұр Отан» партиясы басым дауыс алады деп  кәміл сенемін.

Құрметті делегаттар!

Менің қымбатты серіктерім!

Бұл жолғы съездің Тәуелсіздіктің 20 жылдығында өтуінің нышандық мәні бар.

Біріншіден, біз елімізді қалыптастыру жолындағы  екі онжылдыққа созылған ерен еңбегіміздің қорытындысын шығарып, оны лайықты аяқтаудамыз.

Оның соңғы бес жылы табысты Қазақстан жолы үшін шешуші болды. Олар қазіргі Парламенттің жұмысымен тұспа-тұс келді.

Дәл осы жылдар біздің халқымыздың ұлы берік бірлігін, оның мызғымас топтасқандығын айғақтап берді.

Біздің ашық экономикамыз планетамыздың барлық тарихындағы қаржы-экономикалық дағдарыстың қатал емтиханына төтеп бере алды.

Біздің саяси және әлеуметтік жүйеміз нақты, тұрақты және тиімді жұмыс істеді.

Мұнда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының орасан еңбегі бар.

Екіншіден, біз бүгін іс-қимылдың «Қазақстан. 2017-нің мақсаттары» деп аталатын Ұлттық жоспарын партияның алдағы Мәжіліс сайлауындағы жоспары ретінде бекітетін боламыз.

«Нұр Отан» қашанда нақты істердің партиясы болды және болып қала береді.

Біздің сайлауалды тұғырнамамыз - бұл Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мен «Қазақстан-2030» Стратегиясының өз кезеңіне нақты белгіленген құрамдас бөлігі.

Және біздің ортақ міндетіміз - сайлауалды күресте біздің партиялық міндеттеріміздің  түбегейлі мазмұнын әр сайлаушыға, әр қазақстандыққа жеткізу!

Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығының тарихы бүгін басталады.

Сондықтан 15 қаңтардағы Парламенттік сайлау - бұл болашақтың ақиқат сәті деуге болады.

Мен біздің «Нұр Отан» партиясын қазақстандықтардың бүкілхалықтық қолдайтынына сенімдімін.

Бізге, нұротандықтарға тек жеңіс керек!

Ол белгіленген бағдарламаларды орындауды жалғастыру және барлық азаматтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қажет.

Құрметті делегаттар!

Бес жылға жуық уақыт бұрын, алғаш рет партиялық тізімдер негізінде өткізілген Мәжіліс сайлауында біздің партия сайлаушылардың абсолютті көпшілігінің қолдауына ие болды.

Бүгін осы съездің мінберінен біз мақтанышпен мәлімдейміз: «Нұр Отан» партиясы 2007 жылғы сайлауға барған Халықтық тұғырнама мерзімінен бұрын орындалды.

Және бұл біздің ортақ жеңісіміз! Бұл біздің халқымыздың жеңісі!

Өйткені, біз оны әлемдік дағдарыстың аса ауыр жағдайында жүзеге асырдық. Себебі, тұғырнама түзілген кезде біз осындай дауылмен бетпе-бет келеміз деп ойлаған жоқпыз. Ол, әрине, қандай да бір түзетулер енгізді, бірақ біз жолымыздан адаспай, белгілеген және уәде берген міндеттердің үдесінен шықтық.

Толық емес бес жыл ішінде Қазақстан экономикасының көлемі 2 есе ұлғайды.

Тек осы жылы ғана инновациялық үлгідегі 350 жаңа кәсіпорын салынды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы жылында біздің ауылдықтар рекордтық 30 миллион тонна астық жинады.

Біз әлемде ұн экспорты жөнінен бірінші орынды төртінші жыл қатарынан ұстап келеміз.

Қазақстан шет ел инвестициясын әлемде ең көп тартқан көшбасшы 20 ел қатарына енді.

Тіпті құрылыс саласы үшін  күрделі кезеңнің өзінде 19 миллион  шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды.

Жарты миллионнан астам қазақстандық өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты.

Жұмыссыздық деңгейі 7-ден 5,4 пайызға дейін төмендеді.

Біз халық әл-ауқатының жаһандық рейтингінде әлемдегі алғашқы 50 мемлекеттің қатарына ендік.

Жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі биылғы жылы 10 мың доллардан  астамды құрайды, ал 2015 жылға қарай 15 мың долларға жетеді. Біз кезінде бұл туралы тіпті армандай алдық па?

Бүгінде осы көрсеткіш бойынша біз, басқа көршілерімізді айтпағанның өзінде, Украинадан 2 еседен астамға  асып түстік. Біз Шығыс Еуропаның бірқатар елдерінің алдында тұрмыз.

Төрт жарым жылда тұрғындардың ақшалай табыстары, бюджет саласындағылардың еңбекақылары, студенттердің стипендиялары 2 есе өсті.

Зейнетақы төлемдері мен бір жасқа толмаған сәбиді күтіп-баққаны үшін жәрдемақылар 2,6 есе өсті.

Білім беруге, ғылым мен денсаулық сақтауға шығындар 2 есе ұлғайды.

Бүкіл еліміз бойынша шамамен 4 мың жаңа балалар бақшасы ашылса, бұл туралы мен өзімнің Жолдауымда тапсырма берген болатынмын, 350 мектеп, 50 шақты колледж салынды.

Жаңа Назарбаев университеті, болашақтың Интеллектуалдық мектептер желісі құрылды.

Біз ғылыми-инновациялық сала реформасына кірістік. Қажетті заңдар қабылданып жатыр, ғылымды қаржыландыру ұлғайды, тиісті заң қабылданды.

Қазақстанда 150-дей жаңа емхана, аурухана мен медицина орталықтары тұрғызылды.

Астанада біздің денсаулық сақтау саламыздың флагманы - Болашақтың госпиталі құрылу үстінде.

Қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы   2 жылға артып, ана мен бала өлімі айтарлықтай азайды.

Халықаралық сарапшылар қазірдің өзінде Қазақстанды ең жедел өсіп отырған әлем экономикасының үштігіне қосты. Біздің алдымызда тек Катар мен Қытай ғана тұр.

Әлемдік дағдарыстың қиын жылдарында біз өзіміздің әлеуметтік  міндеттерімізден бас тартпай, Халықтық тұғырнаманың міндеттеріне  адалдық таныттық!

Мен айтқан осы сандардың барлығының артында бүкіл  халықтың және, әрине, біздің «Нұр Отан» партиясының ауқымды жұмысы тұр.

«Нұр Отан» партиясының Парламенттік көпшілігінің негізінде жасақталған біздің Үкіметіміздің дағдарыс жағдайында кәсібилікпен жемісті жұмыс істегенін атап өту керек.

Парламенттік фракция қажетті заңдарды, оның ішінде дағдарысқа қарсы заңдарды да қабылдауды қамтамасыз етті.

Мен съезд мінберінен Мәжілістің барлық депутаттарына олардың қызметі кезеңіндегі жауапты, нәтижелі жұмыстары үшін шынайы ризашылығымды білдіргім келеді.

Партия олардың орасан тәжірибесін пайдалануы тиіс екеніне сенімдімін. Мен депутаттардың көпшілігі қайта сайланады, ал кімнің мандаты аяқталса - партия бұл адамдар өздерінің тәжірибелерін атқарушы билік органдары мен біздің партияның органдарында пайдаланулары үшін қамқорлық танытады ғой деп ойлаймын.

Біздің мәслихаттардағы депутаттық топтарымыз, партияның өңірлік филиалдары өңірлерде Жол картасының, Тұрғындарды еңбекпен қамтудың жаңа стратегиясының орындалуы үшін адал еңбектенді.

Барлық өңірлерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешенін жаңғырту, жол жөндеу мен салу, қалалар мен ауылдарды абаттандыру бойынша біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған жұмыстар жүргізілді.

«Нұр Отан» партиясы  Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Қазақстанның кәсіподақтарымен, қоғамдық бірлестіктерімен барлық бағыттар бойынша тығыз жұмыс істеді.

Күрделі кезеңде біз тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді көзіміздің қарашығындай сақтадық.

Бұл Қазақстан бүкіл әлемде  айтса сенгісіз  бедел мен құрметке қол жеткізген нәтиженің берік негізі болып табылады.

Біздің әлемдік аренадағы табыстарымыз - барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін бірегей және теңдессіз.

Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ягланд мырза таяудағы біздің әңгімеміз барысында «әлемдегі кез келген адам Қазақстанның өңірде ғана емес, сондай-ақ әлемдік аренада үлкен табысқа жеткенін айта алатынын» айрықша атап көрсеткен еді.

Бұл - сыртқы бақылаушының біздің жұмысымыз бен табыстарымызға берген шынайы бағасы. Мен біз үшін бұл ерекше жағымды ғой деп ойлаймын.

2010 жылы Қазақстан аса ірі халықаралық ұйым - ЕҚЫҰ-ны лайықты басқарды.

ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті біздің және бүкіл әлемдік тарихтың алтын парағының бірі болды.

Қазір, өте күрделі уақытта, біз Ислам Ынтымақтастығы Ұйымындағы төрағалық миссияны атқарудамыз.

Біздің еліміз жаһандық антиядролық қозғалыстағы көшбасшылық позициясын айтарлықтай нығайтты.

Біздің ядролық қарусыздану мен таратпау үдерісіне дәйекті қатысушы ретіндегі үлгіміз қазіргі әлемде ешқандай талас туғызбайды.

Біз, өздеріңіз білетіндей, идеясын 17 жыл бұрын мен ілгерілеткен еуразиялық интеграция саласында сапалық серпінділікке қол жеткіздік.

Қазақстан, Беларусь және Ресей Кеден одағы жұмыс істей бастады. Бір апта бұрын Мәскеуде 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру туралы үш жақты уағдаластыққа қол қойылды.

Бұл қадам біздің Тәуелсіздігіміздің тағы бір кепілі болып табылады және біздің сыртқы экономикалық қауіпсіздігіміз бен өңірлік тұрақтылығымызды айтарлықтай нығайтады.

Айтылғандардың барлығы - біз 5 жыл бұрын жариялаған партия тұғырнамасын іс жүзінде орындаудың нақты нәтижесі.

Осылайша, «Нұр Отан» партиясы халық бірлігінің, елді тек қана алға - жаңа жеңістер мен асуларға шешімділікпен жетелейтін мұқалмас ерік-жігердің партиясы болды және болып қала береді!

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті съезд делегаттары!

Біздің еліміз ауқымды модернизация дәуіріне аяқ басып келеді.

Біз жаһандық дамумен ортақ ырғаққа ендік. Елді дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері тұтас ондаған жылдарға бұрын жасалған.

2017 жылға қарай экономиканың шикізаттық емес секторына инвестициялар 15 пайызға өседі.

ІЖӨ құрылымында өңдеуші өндірістің үлесі айтарлықтай артып, дайын өнім экспорты 40 пайызға ұлғаятын болады.

Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі бір жарым есе артады.

Металлургия және химия салаларындағы өндіріс көлемі екі еселенеді.

Біздің жеңіл өнеркәсіп өнімдеріміз ішкі рынок сұранысының үштен бірін қамтамасыз ететін болады.

Тұтастай алғанда, біз болашағымызды ХХІ ғасырдың басты сынақтарын қаперге ала отырып елестетеміз.

Бүгінде біз әлемдік дағдарыстың тіпті көптеген жылдар бойы даму мен тұрақтылықтың үлгісі саналған мемлекеттердің өзін қалай коррозияға ұшыратқанын көріп отырмыз.

2009 жылы-ақ мен әлемдік қаржы жүйесін реформалау бастамасын көтерген болатынмын.

«Дағдарыстан шығудың кілті» атты мақаламда мен дағдарысқа қарсы опаланған шаралар әлемді жаһандық дағдарыстың жаңа толқындарында опа бермейтінін жазған едім.

Және қазірде оқиғалардың дамуы мұндай бағамның әділдігін көрсетіп отыр.

Мен өзімді оптимистердің де, пессимистердің де қатарына қоспаймын.

Бүгінде жаһандық катаклизмдерге дағдарыс әлсіреткен экономикаларға мемлекеттік берешектің өсімі алып келуі ықтимал екені айқын.

Қаржы дағдарысы мен оған ере келген рецессиялар осал орта қалыптастырса, назар аударусыз қалдырылған тәуекелдер ертеңгі дағдарысқа айналады.

Еуропада не болып жатқанына қараңыздар.

Дефолт қатері Грекияның, Испанияның, Италияның, Португалияның алдында тұр.

Домино әсерінен қауіптенген Еуроодақ елдерінің басым бөлігі бүгінде белгілі бір деңгейде көмек сұрауға мәжбүр. Әлеуметтік проблемалар Америка Құрама Штаттарында, Австралияда өткір көрінуде.

Барлығына ауыр тиіп тұр.

Әлемдік дағдарыс,  әрине, бізге де әсерін тигізетін болады. Және ол өткен кезеңдегідей біздің жоспарларымызға да түзету енгізуі ықтимал.

Сондықтан, барлық табыстарымызға қарамастан, біз кез келген күтпеген жағдайларға дайын болуға тиіспіз.

Қазіргі заманғы саясаттың басты мәселесі - мемлекеттің нақты бағдары туралы мәселе.

Ондаған елдердегі қазіргі мазасыз оқиғаларды, жалпылай алғанда, мемлекеттік құндылықтар дағдарысы деп атауға болады.

Әлем қоғамның басты игілігі құдды бір ақша болып табылатындай, айырбас пен жинақтау құралынан жалған «жоғары құндылықтарға» айналып, монетаризм идеясын елеусіз ғана «жұтып қойды».

Сондықтан, қазіргі мемлекеттерді сауықтыру - өлшеуге болмайтын арқаулық құндылықтарға қайта оралу.

Әділеттіліктен ауытқудың өзі әлемдік дағдарыстың түбегейлі себебі болып табылады.

Әділеттілікті қалпына келтіру дағдарыстан кейінгі әлемнің негізі болады.

Әділетті халықаралық қатынастар қажет.

Әділ әлемдік валютадағы әділ халықаралық қаржы жүйесі қажет.

Бай және кедей елдер арасындағы айырмашылық өсе түсуде.

Бүгінгі әлемде көптеген адамдар экономикаға толыққанды қатысу, әлемдік экономикалық өсудің барлық игіліктерін алу мүмкіндіктерінен айырылған.

Бұл тепе-теңсіздіктерге, әлеуметтік шиеленістер мен дау-жанжалдарға апарып соқтыруда.

Мен осыған дейін де айтып келгендей, Қазақстан ел азаматтарының экономикалық өсуге кеңінен қатысуына жол ашатын меншіктің ең жаңа құрылымын қалыптастыруға кірісті.

Халықтық ІРО жүйесі арқылы қазақстандықтар елдің стратегиялық активтерінің меншік иелері бола алады.

Оның не екенін халыққа түсіндіру қажет. Әлемдік деңгейде танылған ірі ұлттық компаниялар акцияларының бір бөлігін алу арқылы біздің азаматтарымыз еліміз байлығына иелік етіп, дивиденттер мен табыстар тауып тұра алады.

Келесі жылдың өзінде-ақ халықтық ІРО-ға алғашқы болып «ҚазТрансОйл», «KEGOK» және «Эйр Астана» шығады. Олардан соң қалған ірі ұлттық компаниялар да қосылады. Ал 2014-2015 жылдары «ҚазМұнайГаз» шығатын болады.

Халықтық ІРО бағдарламасы - әншейін жаңа бұқаралық жекешелендіру емес.

Ол лайықты өмір сүріп жатқан жаңа меншік иелерінің бұқаралық табын құру үдерісі.

Халықтық ІРО үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастыру және дамыту Мәжілістің келесі құрамының бірінші кезекті міндеті болып табылады.

Мұның сыртында барлық құқық қорғау органдарындағы реформаларды тереңдетіп, жұмысты жалғастыру қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейте түсу керек.

«Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үш жүзден астам қоғамдық кеңестердің жалпыұлттық желісін құрып, оған басшылық жасап отыр.

Азаматтардың бір мыңнан астам өтініштері қаралып, олардың көпшілігі бойынша қылмыстық істер қозғалды, нақты шенеуніктер жазаланды.

Біз сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесінде ымырасыз болуға тиіспіз.

Партия сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең көлемді қозғалыстың басында болуға тиіс және болады да.

Білім беру мен денсаулық сақтаудың әділ жүйесі, әділ әлеуметтік қорғау, әділ жастар және тұрғын үй саясаты - бұлар біздің дамуымыздың жаңа күн тәртібіндегі мәселелер.

Олар «Ұлттық іс-қимылдар жоспары. Қазақстан. 2017-нің мақсаттарында» көрініс тапқан.

Біріншіден, білім беру саласында біз ата-аналар балаларының оқуына қаржы жинау үшін дер кезінде аша алатындай оқыту депозиттері жүйесін енгізуіміз керек.

Келесі бес жылда 3 мыңнан астам балабақшалар мен мектеп жасына дейінгілер үшін дамыту орталықтары ашылып, кемінде 400 жаңа мектеп салынады, әлемдік деңгейдегі кәсіптік колледждер желісін құру жөніндегі жоба жүзеге асырылады.

Барлық білім беру ұйымдарының 90 пайыздан астамын кең жолақты интернетке қосу, 60 пайызында электронды оқыту жүйесін енгізу міндетін алға қоямын.

Педагогтардың еңбекақылары олардың біліктілігіне байланысты 30 пайыздан 100 пайызға дейін өседі.

Екіншіден, денсаулық сақтау жүйесі үш жаңа дәрігерлік амбулаториялармен, елу емханалармен және фельдшерлік-акушерлік пункттермен толығатын болады.

Әр облыста авиацияны қолдану арқылы шұғыл көлік медицинасы енгізіледі. «Денсаулық» медициналық пойыздарының саны артады.

Сапалы медициналық қызметтер қолжетімді болу үшін барлық қазақстандықтарға бірдей жағдайлар туғызылады.

2017 жылға қарай ана мен бала өлімі көрсеткіші бір жарым есе төмендетіледі.

Үшіншіден, әділ әлеуметтік жүйе - бұл ең алдымен лайықты зейнетақылар мен әлеуметтік әлжуаз халыққа төленетін өтемақылар.

2017 жылға қарай арқаулық зейнетақы төлемдері мен атаулы әлеуметтік көмек ең төменгі күнкөріс деңгейінің кем дегенде 60 пайызын құрайтын болады.

Сонымен бірге, мүгедектер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ықтимал алушылардың өзге топтарының өз әлеуеттерін жүзеге асырулары үшін мүмкіндіктерді кеңейту жөнінен нақтылы жұмыс жүргізу қажет.

Таяудағы бес жылда несие сомасы 3 миллион теңгеге дейін жететін селолық кәсіпкерлерді шағын несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.

Сіздер «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанын білесіздер. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Бұл біздің негізгі көмегіміз. Мемлекет бүгінде көмек көрсетіп отыр. Ауылдық жерде іспен айналысқысы келетіндер үшін - ол 3 миллион теңгеге дейінгі шағын несиелер. Онда жұмыс істей алмайтындарды біз мемлекет есебінен қалаларда оқуға шақырамыз, оларды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, жұмысқа орналастырамыз. Мұны түсіндіру керек. Бұл біздің жағдайымызда өте маңызды бағдарлама. Бізде өте көп мигранттар жұмыс істеуде. Қазақстанда жұмыссыздар саны мейлінше аз болуы тиіс. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Бірақ, ең алдымен, адамның өзінің еңбек етіп, өзінің және өз отбасының тұрмысын жақсартуға деген ниеті болуы қажет.

2018 жылы Қазақстан тұрғындарының табыс деңгейі жоғары елдер тобына енуі тиіс.

Төртіншіден, алдағы бес жылда 24 миллион шаршы метрден кем емес тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету қажет.

Жергілікті әкімдіктерге азаматтардың, әсіресе, жас отбасылардың тұрғын  үй жинақ салымдарына қымбат емес тұрғын үй құрылысын жүргізуіне қолдау көрсетілетін болады.

Біз қалаймыз ба, әлде қаламаймыз ба, ауылдан қалаға көшу жүріп жатыр. Ол жалғаса беретін болады. Негізінен олар орнықты жағдайы, ешқандай мамандықтары жоқ жастар. Біздің міндетіміз барлық жерлерде, барлық қалаларда, облыстарда, өңірлерде олардың белгілі бір жерлерде өмір сүріп, осы бағдарлама бойынша мамандықтарға оқып және іске араласуына жағдайлар жасау.

Тұрғын үй тақырыбын жалғастыра отырып, аз қамтамасыз етілген азаматтардың жөндеу жұмыстарына атаулы көмек және құрылыс жүргізуге мақсатты жарналар алатындығын айтқым келеді.

2017 жылға қарай қалалардың бәрі орталық сумен жабдықтаумен 90 пайыз қамтамасыз етіледі, 30 мыңнан астам коммуналдық желілер қайта жаңғыртылады.

Біздің елімізде коммуналдық істер бойынша ешқашан мұндай көлемде жұмыс жүргізілген емес.

Бесіншіден, әділ жастар саясаты жас қазақстандықтардың индустрияландыру бағдарламаларына белсенді атсалысуына негізделетін болады.

Біз жас мамандарға, жас отбасыларға қолдау көрсету бағдарламасын жүзеге асырудамыз.

Қарулы Күштерде, полицияда және өзге де құқық қорғау органдарында қызмет арқылы Отанға қызмет ету мамандығын таңдаған жастарға тұрақты қамқорлық жасау - айрықша мәселе.

Біз бұл жерде әскери қызметшілер отбасылары үшін орын алған тұрғын үй проблемаларын толық жабуға тиіспіз.

Бұл аспектілердің бәрі біздің сайлауалды бағдарламамызға енгізілген. Оларды нақтыландыру менің келесі жылғы Жолдауымда одан әрі дамытылатын болады.

«Нұр Отан» партиясының «Халық дауысы» акциясына атсалысқан бір миллионнан астам қазақстандықтар Ұлттық іс-қимылдар жоспарының тең авторларына айналды.

Біздің партиямыз - халықтық-демократиялық, сондықтан ол барлық қазақстандықтардың мүдделерін бейнелейді.

Біздің ендігі борышымыз - барлық кезде де әділдік партиясы болып қалу.

Өйткені, ол «Нұр Отан» партиясының ұзақ мерзімді саяси көшбасшылығының, қазақстандық сайлаушылар сенімдерінің жоғары деңгейін бүтіндей ондаған жылдар алға оза отырып ұстап тұрудың басты кезеңі және негізгі шарты.

Құрметті делегаттар!

Алда тұрған Мәжіліс сайлауы - саяси жүйені модернизациялаудағы маңызды қадам.

Орталық мемлекеттік билік органдарын жаңарту үдерісі Мәжіліс пен мәслихаттардан басталады.

Сондықтан Парламентшілердің мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасы терең құрметке лайық.

Сайлаушылардың ерік білдіруі арқылы 2007 жылғы конституциялық реформаның маңызды нормасы мерзімінен бұрын жүзеге асырылатын болады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша алғаш рет кемінде 2 партиялық фракцияның қатысуымен, көп партиялы негізде жұмыс істейтін Парламент қалыптастырылады.

Одан соң жаңа Үкімет жасақталып, министрліктер мен ведомстволар сапалық тұрғыда жаңарады.

Осылардың бәрі барлық саяси партиялардың жауапкершілік деңгейін арттыра түседі.

Бүгінде жаңа жағдайлардағы саяси бәсекелестік мағынасының неде екенін айқын түсінудің маңызы зор.

Егер әлемге көз салар болсақ, ХХІ ғасырда табысты партияның күші оның әккілікпен сынай білуінде емес.

Партияның күші - оның жұртшылықты сынақтар соқпағынан алып өту, тұрақтылық пен халық бірлігін нығайта білу қабілетінде.

«Нұр Отан» - осындай партия.

Біз оны өз тарихымызбен, өзіміздің Қазақстан үшін және қазақстандықтардың игілігі үшін тынымсыз атқарған жұмысымызбен дәлелдедік.

Сонымен бірге Саяси кеңес Бюросынан бастап, бастауыш ұйымға дейін - бәрінің де саяси жұмыстардың жаңа формаларын меңгерулері керек.

Бірінші. Біздің партияда кадр саясатының айқын жүйесі болуы тиіс.

Аудан мен облыс департаменті басшысынан бастап министрге дейінгі мемлекеттік менеджерлердің жауапты қызметтеріне кадрлар іріктеудегі партияның рөлін күшейту қажет.

Екінші. «Нұр Отан» партиясы стратегиялық мемлекеттік бастамалар жасаудың орталығы болуға тиіс.

Маңызды заңдар мен бағдарламалар жобаларының партия алаңдарында - съездер мен конференцияларда, Саяси кеңестің кеңейтілген отырыстарында алдын-ала талқылануының маңызы зор деп есептеймін.                                                          

Үшінші. Партия басшылығы мен оның Парламенттегі фракциясы қызметінің біртұтас алгоритмі қажет.

Барлық мәслихаттардағы нұротандық депутаттар жұмыстарын үйлестірудің айқын жүйесі болу керек.

Төртінші. Жаңа тұғырнаманың орындалуы партия басшылығының қатаң бақылауында болуы тиіс.

Орталық аппаратта индустрияландырудың, әлеуметтік модернизациялаудың, тұрғын үй саясатының, жастармен, ардагерлермен, ҮЕҰ-лар және басқалармен жұмыстардың маңызды бағыттары мен жобалары бойынша кураторлар институтын құру қажет.

Бесінші. Электораттық кезеңде «Нұр Отан» партиясы өзге саяси партиялармен, кәсіподақтармен және ҮЕҰ-лармен ынтымақтастық туралы сайлауалды меморандумы сияқты құралдарды пайдалануы керек.

Мен осы сайлауға қатысатын барлық саяси партиялар халық алдындағы, ел алдындағы, әлемдік тарихтың күрделі кезеңі алдындағы және дағдарыс алдындағы жоғары жауапкершілікті басшылыққа алып, біздің қоғамымыздағы тұрақтылықты, тыныштықты сақтау үшін ынтымақтастық танытып, саяси күресте нақтылы және әдепті болады деген сенім білдіргім келеді.

Президент ретінде мен жаңа Парламентте де және біздің елімізде де өкілдікке ие барлық саяси күштермен жұмыс істейтін боламын.

Барлық Парламенттік партиялардың жемісті жұмыс істейтініне, тек қана біздің Отанымыздың ұлттық мүдделерін басшылыққа алатынына сенімдімін.

Біздің халқымызға, біздің ырғақты дамып келе жатқан елімізге керегі де дәл осы.

 

Қымбатты достар!

Ұлы күн - Тәуелсіздіктің 20 жылдығына аз ғана күндер қалды.

Мен барлық делегаттарды, барлық нұротандықтарды алда келе жатқан мерейтоймен алдын-ала құттықтаймын!

ХХІ ғасырда  тек күшті мемлекеттер ғана табысты дами алады.

Көшбасшы саяси партия ретінде «Нұр Отан» елдің болашағы, қоғамдағы тұрақтылық пен алдағы ондаған жылдарға арналған саяси бағыттың сабақтастығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.

Сіздердің бәріңіз осы жылдар бойы менің командам болдыңыздар. Сіздердің көпшілігіңізді мен ұзақ жылдардан бері білемін. Мен сіздерге сендім және сенемін және әрқайсыңызға үлкен міндеттер жүктеймін!

Уақыттың өзі бізден бірлікті талап етіп отырған бүгінгі күні командалық рух пен топтасқандық өте маңызды.

Тек солай ғана біз болашаққа, жаңа жеңістерге, жаңа табыстарға бара аламыз!

Алға, «Нұр Отан»!

Алға, Қазақстан!

Құрметті съезд делегаттары!

Қадірлі қанаттастарым!

Біздің алдымызда елімізді асқар асуларға бастайтын тарихи маңызы зор тағдырлы шешімдер қабылдау міндеті тұр.

Мен «Нұр Отан» партиясының ХІV съезі жаңа кезеңге бетбұрыс бастауы болады деп үміт артамын.

Біздің қуатымыз - бірлікте.

Біз берік бірлігіміз бен бекем тірлігіміз арқылы ұлан-ғайыр жетістікке қол жеткіздік.

Алдағы уақытта да иық тіресе жүріп, биік белестерді бірге бағындыра беретінімізге сенемін.

Біздің бағытымыз айқын, болашағымыз жарқын.

Ендеше, осы жолда баршаңызға толайым табыстар тілеймін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!

Алға, Қазақстан!

«Егемен Қазақстан» газеті, 2011 жылғы 26 қараша.

 

 

Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс 14-ші съезі өтті

 

/«Хабар» агенттігі, 25.11.2011 ж./ - Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс 14-ші съезі өтті. Форумға барлық өңірлерден 600-ден астам делегаттар қатысты.

Съезде партияның «Қазақстан. 2017 мақсаттар. Іс-шараның ұлттық жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасы мен Парламент Мәжілісі сайлауына партиялық тізімді бекіту мәселелері қаралды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы Парламенттік сайлауда халық «Нұр Отан» партиясын қолдайтынына сенімді. «Мәжіліс кем дегенде екі партиядан тұрады. Біздің елде саяси партиялар тұңғыш рет осындай мүмкіндікке ие болды. Бұл жауапкершілік пен міндетті арттырып, партиялар арасындағы бәсекелестікті жандандырады. Мен осы ел болашағын айқындайтын сындарлы сында Қазақстан халқы «Нұр Отан» партиясын қолдайды, және ол дауыс басымдығын алады деп сенемін», - деді ол партияның кезектен тыс XIV съезінде. Партияның сайлауалды тұғырнамасын жариялаған Елбасы мемлекетіміздің 2017-жылға дейінгі экономикалық әлеуметтік даму жоспарын таныстырды. Елбасы Қазақстанның шикізаттық емес секторына салынатын инвестиция 2017 жылға қарай 15 пайызға өседі деп болжап отыр. ІЖӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі артады, дайын өнім экспорты 40 пайызға, өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 1,5 есеге артпақ. Президент, Қазақстан 2018 жылға қарай халқының кірісі жоғары елдер қатарына кіруі тиіс екендігін айтты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаттарына қатысты «Депутаттардың көбі қайта сайланады деп ойлаймын. Ал мандаты аяқталатындар, партия бұл адамдар өз тәжірибелерін атқарушы билік органдарында және біздің партияның органдарында пайдалана алатындай жағдай жасайды», - деді. «Нұр Отан» ХДП-сы алдағы сайлауға үміткерлер ретінде партиялық тізімге 127 адамды енгізді. Кандидаттар арасында бұрынғы мәжілісмендер, атқарушы билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, әкімдер, әншілер мен спортшылар да бар.

 

 

Қуатымыз – бірлікте

 

/«Егемен Қазақстан», 26.11.2011 ж./ - Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХІV съезі өтіп, партияның сайлау алдындағы тұғырнамасы мен партиялық тізімі анықталды. Оның жұмысына Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.

Съезге 850 мыңға жуық мүшесі бар «Нұр Отан» ХДП-ның барлық өңірлердегі филиалдары мен бөлімшелерінен 600-ден астам делегат қатысты. Олардың көбі елімізге танымал, Тәуелсіз Қазақстанның іргесінің нығаюына үлес қосқан адамдар.

Съезд жұмысын партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин кіріспе сөзбен ашты. Ол алдымен съездің ресімдік мәселелерін ортаға салып, жұмыс тәртібін делегаттардың дауыс беруімен бекіттіріп алды. Соның ішінде екі мәселеден тұратын күн тәртібі бекітілді. Бірінші мәселе – «Нұр Отан» ХДП-ның: «Қазақстан. 2017 жылғы кезеңге дейінгі мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасы туралы болды. Екінші мәселе – Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына партия атынан түсетін мүшелердің тізімін бекітуге арналды. Депутаттардың бірауыздан қолдауымен күн тәртібі бекітілді.

Бірінші мәселе бойынша сөз Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді (Президент Н.Назарбаевтың сөзі бөлек беріліп отыр).

Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев сөзін аяқтаған соң Нұрлан Нығматулин «Нұр Отан» көшбасшысының партия алдына қойып отырған нақты тапсырмалары сөзсіз орындалатынына делегаттар атынан сенім білдірді.

Жарыссөзге алғашқы болып Алматы қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Ахметжан Есімов шықты. Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі – Алматы жұртшылығының ыстық сәлемін әкеліп тұрмын, деп бастады ол өзінің сөзін. Бүгінгі Елбасы жариялаған тұғырнама баршамыздың көңілімізден шығып отыр. Елді жаңа жеңістерге бастайтын бұл тұғырнаманы біз толығынан қолдаймыз. Оны жүзеге асыруға біздің мүмкіншіліктеріміз әбден жетеді. Мемлекетіміз нық, экономикамыз қуатты, елімізді үлкен асулардан өткізетін сара жолымыз, дана басшымыз бар.

Одан әрі «Нұр Отан» партиясының өткен Парламенттік сайлауда белгілеген бағдарламасын толық жүзеге асырғанын айта келіп, осы жоспар шеңберінде Алма­тыда жүргізілген жұмыстарға тоқталды. Соның ішінде үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 90 мың жаңа жұмыс орындары ашылғанын, ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 19 мың АҚШ долларына жеткенін, 2009 жылы мемлекеттік бюджетке түсетін түсім 638 млрд. теңге болса, былтыр ол 702 млрд. теңге құрағанын, ал биыл 1 трлн. теңгеге жуықтайтынын айтты. Демек, соңғы екі жыл ішінде салық түсімі де бір жарым есеге өскен. Қала тұрғындарының әл-ауқаты жақсарып келеді, орташа айлық жалақысы 125 мың теңгеге жетті. Экономикамыз өркендеген сайын қоғамдық тұрақтылықтың іргесі нығая түсуде. «Нұр Отан» партиясы осындай игілікті жұмыстардың көш басында тұр, деді ол. Әлеуметтік зерттеулер бойынша, алматылықтардың партияға деген сенімі 89 пайызды құрайды. Бұл ең алдымен партия басшысы Н.Назарбаевқа деген биік сенім көрініс.

Одан әрі шешен Президенттің әрбір қазақстандықтың қалтасында үш кілт: жекеменшік пәтерінің, автомәшинесінің және жұмыс орнының кілттері болуы керек деген сөзін еске ала отырып, осы талаптың Алматыда қалай орындалып жатқанына тоқталды. Алдымен пәтер мәселесіне тоқталайын, деді ол. Соңғы үш жылда қалада 2,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұндай құрылыс қарқыны қала тарихында бұрын болып көрмеген. Қазір қаланың әрбір тұрғынына 20,3 шаршы метр тұрғын үйден келеді. Ал автомобильмен қамтамасыз етілуге келетін болсақ, Алматының әрбір ересек тұрғынына ол 1,6 данадан келеді. Енді үшінші кілт, яғни тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне келетін болсақ, 2009 жылдан бері қалада жаңадан 90 мың жұмыс орны ашылды. Қазір жұмыссыздық 5,6 пайызға дейін төмендеп, тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі деңгейге жетті.

Маңғыстау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев Тәуелсіздіктің 20 жылдығын ең ұлы мереке ретінде ауызға алды. Одан әрі Тәуелсіздіктің елең-алаңында өзінің де мемлекеттік қызметтерде болып, қызығы да, қиындығы да көп 90-шы жылдардың басында Елбасының командасында тізе қосып бірге еңбек еткенін айтып өтті. Сол жылдарды өз өмірімнің ең тәтті және ең бақытты жылдары деп санаймын, дей келіп, шешен сол уақыттарда Елбасының күні-түні тыным таппай жұмыс істегендігінің куәсі болғанын еске алды. Ол еліміздің барлық аумақтары ғана емес, алыс-жақын шет елдердің бәріне шығып, тәуелсіз Қазақ елін танытып, оларды экономикалық ынтымақтастыққа, саяси әріптестікке шақырып, тыным таппай жүрді. Соның арқасында экономикамызға миллиардтаған доллар инвестиция құйылып, ол жоғары қарқынмен дамыды, еліміз саяси жағынан болжамды, тұрақты ел ретінде әлемге танылды. Енді бүгінгі күні Қазақстанды, оның жас елордасы – Астананы білмейтін адам кемде-кем, деді шешен.

Одан әрі ол Тәуелсіздіктің 20 жылында жеткен жетістіктерге қысқаша шолу жасай келіп, олардың бұрын ешқашан да болмаған ғажайып екендігін атап өтті. Соның ішінде әлемдік саясатқа араласып, барлық әлемді мойындатқан бастамалар мен ұсыныстар жасағанын, Еуропаның аса беделді ұйымы – ЕҚЫҰ-ның төрағасы болғанын айта келіп, бұл уақыт Қазақстан тарихының «алтын ғасыры» болып таны­латыны сөзсіз екенін атап көрсетті. Сөзінің соңында шешен «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бүгін белгілеп отырған тұғырнамасының да мүлтіксіз орындаларына сенім білдірді.

Келесі сөз Қостанай облысы «Иволга-холдинг» ЖШС Бас директоры Василий Розиновқа берілді. Біздің еліміз үнемі жақсылыққа қарай өзгеріп, экономикамыз қарышты қатты дамып, әл-ауқатымыз күннен-күнге артып келеді. Біз – қазақстандықтар тұрақтылық пен өзара сыйластыққа ешқашан қаяу түсірмей, аталарымыз салып кеткен сара жолды берік ұстанып келеміз, деді ол өзінің сөзінде. Оған 20 жылғы Тәуелсіздік жылдарымыз куә. Біз осы жылдарда Президент Н.Назарбаевтың бастауымен асыл қазыналарымыздың іргесін нығайта түстік. Одан әрі шешен өзінің шаруашылығы мен қол жеткен табыстарына тоқталды. Бүгінгі күні біздің өнімдеріміз әлемдік рыноктағы бәсекелестікке төтеп бере алады. Ең бастысы – біздер, қазақстандықтар өз күштерімізге сеніп, өзіміздің қолымыздан іс келетініне көзімізді жеткіздік, деді ол.

Біздің аграрлық кәсіпорнымызда 10 мыңдай адам қызмет етіп, тұрақты еңбекақы алып тұрады. Осының бәріне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аграрлық салаға үлкен көңіл бөліп, қамқорлық жасағандығының арқасында қол жетіп отыр. Бұл орайда өз ұжымымның Президентке деген деген шынайы құрметін жеткізгім келеді, деген шешен одан әрі, биыл, соңғы 50 жылда болып көрмеген рекордты астықтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тарту екенін және оның Елбасы Н.Назарбаевқа арналатынын мәлімдеді. Сөзінің соңында «Нұр Отанның» жаңа міндеттер жүктеп отырғанын айта келіп, біз бұрынғы сайлауда берген уәдемізді толық орындағандықтан, сайлаушының бетіне ұялмай, тура қарай аламыз. Жаңа сайлау алдында белгілеп отырған тұғырнаманың да сөзсіз орындалатынына олардың күмәні болмасын, деді.

Мінбеге көтерілгендердің бірі «Атамекен» ұлттық экономикалық Палатасының басқарма төрағасы, сауда-өнеркәсіп Палатасының Президенті Абылай Мырзахметов өз сөзінде Мемлекет басшысының ұдайы қамқорлық көрсетуінің арқасында елімізде қолайлы кәсіпкерлік ахуал қалыптасқанын, соның арқасында шағын және орта бизнес өкілдері дағдарысты еңсеріп қана қоймай, экономикамыздың өрлеуіне тиімді жұмыс істегенін жеткізді. «Сіз 1999 жылы «Нұр Отанның» бірінші съезінде отандық кәсіпкерлікті қолдау бағытында нақты тапсырмалар жүктеген едіңіз. Олар мүлтіксіз орындалып келе жатқанын салтанатты түрде мәлімдеймін. Салықтардың азайтылуы, әкімшілік кедергілердің жойылуы, рұқсат лицензиялардың қысқартылуы – кәсіпкерлер мүддесін ойлаудан туған шаралар. Одан бергі уақытта елдің жалпы ішкі өнімінің үздіксіз өсуіне зор үлес қосты. Ол бүгінгі таңда 30 пайыздан астамын құрайды. Қазір 1,2 миллионнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді».

Палата басшысы партияның сайлауалды Тұғырнамасында бизнес саласын дамытудың жаңа тетіктерінің ұсынылғанын, нық мақсаттарға ұмтылдырудың нақты міндеттері қарастырылғанын атады. Елде күшті кәсіпкерлік класты қалыптастыру – басым бағыттардың бірі. Экономикамыздың қозғаушы күші ретінде әлеуетін күшейту жолдарын белгілеу экономикалық өсудің басты нәтижесі табыстың артуына ықпалдылығы арта түсетін болады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын орындау өңірлік кәсіпкерлікті дамы­тып, теңгерімді өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға әкеледі. Алдағы жылдары 1,5 миллиондай адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткендердің үлесі экономикалық белсенді халықтың жалпы санында 33,3 пайыздан 26 пайызға дейін азайтылады. Жаңа Парламенттік мерзімде атқарылатын істер Президенттің 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық бағдарламасымен тығыз сабақтас. А.Мырзахметов ойын түйіндей келіп, кәсіпкерлер алдағы уақытта да бар күш-қайратын елдің, халықтың игілігіне арнайтынына сенім білдірді.

«Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар ЖШС-нің аға ауысым шебері Болатхан Көптілеуов Қазақстанның жетістіктерін Н.Назарбаевтың есімімен тікелей байланыстыратынын, атқарылып жатқан ұлан-ғайыр жұмыстарға халықтық партияның сайлауалды міндеттемелері тікелей ықпал жасағанын тілге тиек етті. «Мен қарапайым жұмысшымын. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мен де Сіз сияқты еңбек жолымды өндірістен бастадым. Мінезімді өндіріс шыңдады деп едіңіз бірде. Бізге аз сөйлеу, көп іс тындыру тән. Сіз Төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясы да нақты іс-қимыл ұйымы екенін сан мәрте дәлелдеп келеді. Кезінде халықтық Тұғырнаманың барлық баптары уақытынан бұрын орындалды. Миллионнан астам отандастарымыз жұмысқа орналасты. Зауыттар мен фабрикалар салынып жатыр. Халық тіршілігі біршама жақсарды. Бір сөзбен айтқанда, айтылды ма – істелді! Сондықтан да, біз әрқашан, Елбасы партиясы «Нұр Отанды» қолдаймыз! Жиырма жылда жеткен жетістіктеріміз ұлан-ғайыр. Партиямыздың нақты әрі айқын іс-әрекет жоспары, мемлекетіміздің әрбір азаматының мүддесін қорғайтын Тұғырнамасы – алдағы сайлаудағы шынайы жеңісіміздің, болашақ жетістігіміздің кепілі», деп сөзін «Елін сүйген Елбасымен біргеміз!» деген жыр жолдарымен аяқтады.

Көкшетау университетінің магистранты Алена Герасимова өзін нұротандықтар сапында болғанын мәртебе, құрмет санайтынын, 2007 жылы сайлауға алғаш қатысқаннан бері «Жастар саясаты» бағдарламасына, партияның саяси шараларына үзбей атсалысып келе жатқанын айтып берді. Өткен Президенттік сайлауда 85 мыңға тарта жас көмекшілер қатарынан табылып, өмірінде ұмытылмастай сақталып қалыпты. «Сіздің бастауыңызбен халқымыз талай сындардан мүдірмей өтті. Қанша қиындық кезіксе де мұқалмады, мойымады. Тығыз бірліктің, асқан ұйымшылдықтың үлгі-өнегесін көрсетті. Қоғамдағы татулық алға жетелеп, шынайы жеңістерге бастады. Бәріміз «Қазақстан – Отаным» деген бір ғана асқақ ұғыммен өмір сүреміз. Кең-байтақ еліміздің ендігі тарихын біз – жастар жасайтын боламыз. Сіздің жарқын бастамаларыңыз бен алға қойған мақсаттарыңыздың барлығы түптің-түбінде жастар игілігін көздейді. Біз оған лайықты істермен жауап беруге әрқашан дайынбыз. Партияның сайлауалды бағдарламасы өмірлік маңызды мәселелерді алға тартумен құнды», деді.

Зілтемір көтеруден Пекинде өткен ХХІХ жазғы Олимпиада ойындарының және әлемнің үш дүркін чемпионы Илья Ильин мінберге көтерілгенде, зал ішін ду шапалақ көміп кетті. Жиналғандар жуырда өткен әлем чемпионатында Қазақстанның Әнұранын ойнатып, көк байрағын көкке желбіреткен батыр оғланына риясыз құрметін осылай білдірді.

Ол өз сөзін көтеріңкі үнмен бастады. Оның жоғары эмоциялық көңіл-күйін түсінуге болады. Жаны жабырқап, қиналған шақтарда тікелей Елбасыдан қолдау тапқанын өзі де жасырмады. «Мен спорттық жетістіктеріммен емес, Нұрсұлтан Әбішұлындай Президенті бар Тәуелсіз еліммен мақтанамын. Осындай елде тұрғанымды үлкен бақыт санаймын. Париж төрінде алтыннан алқа таққанда құттықтауыңызды алып, төбем көкке жеткендей болды. Сол жеңісімді Президентіме, еліме арнадым», дегенде зал тағы да дүркірете қол соқты.

Даңқты спортшы шетелдерге жиі шығатынын, Отанына деген махаббат, қазақстандықтардың қолдаулары жігеріне жігер қосып, үнемі жеңістерге жетелейтінін айта келіп, келесі жеңісіміз алдағы сайлау болсын, деген ақ тілегін жолдады.

Съезде сөйлегендердің ең соңғысы Жастар сыйлығының лауреаты, актер Нұрлан Әлімжанов болды. Ол өзінің кинода Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың образын сомдағанын ауызға алды. Оның қаншалықты шеберлікпен орындалғанына баға беру, әлбетте, көрерменнің еншісінде. Алайда сол кездерде бойымды кернеген сезімдер туралы айтып берейін, дей келіп, шешен образды ашу барысында жас Нұрсұлтанның өмірі мен істерін зерттегенін және сол кездерде оның жастайынан іскер, әрқашанда табанды әрі батыл шешімдер қабылдауға дайын тұрғанына тәнті болғанын жеткізді. Сіздің Қазақстан секілді алып елді басқарып, оны кемел болашаққа жеткізетініңіз сол кезде-ақ белгілі болғаны анық. Сондықтан да біз секілді жастар Сіздің соңыңыздан еріп, болашағын Сіз басқарып отырған партиямен байланыстырады, деді ол.

Осыдан кейін съезд жұмысын жүргізіп отырған Н.Нығматулин жарыссөз тоқтатылсын деген ұсыныс түскенін жария етті. Ұсыныс дауысқа қойылып, бірауыздан қабылданды. Сөйтіп, съезд екінші мәселені талқылауға көшті. Партияның Саяси кеңесінде ұзақ талқыланып, дайындалған Мәжіліс сайлауына ұсынылатын кандидаттардың партиялық тізімін Орталық аппарат жетекшісінің орынбасары Құмар Ақсақалов оқып берді. 127 адамнан тұратын тізімде елге барынша белгілі қайраткерлер, танымал тұлғалар көп болып шықты. Мәжілістің бұрынғы депутаттары да аз емес. Делегаттар тізімге толығымен дауыс беріп, оны бекітті. Сөйтіп, партияның кезектен тыс съезі өз жұмысын аяқтады.

 

 

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Тәуелсіздіктің Үшінші

онжылдығының тарихы бүгіннен басталады!

 

/«Айқын», 26.11.2011 ж./ - Кеше Астанада «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс XІV съезі өтті. Оған Президент, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 850 мыңнан астам мүшесі бар, бүкіл ел бойынша 7 мың партиялық бастауыш ұйымдары қызмет ететін, 500-ден аса өңірлік филиалы мен қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс жасайтын Қазақстандағы ең ірі саяси партия өзінің басты форумын Тәуелсіздік сарайында ұйымдастырды. Оған партияның барлық бөлімшелерінен 619 делегат жиылды. Мұның сыртында жиынға орталық органдар мен ұлттық холдингтердің басшылары, қоғам өкілдері, Сенат депутаттары, дипломатиялық корпус пен үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері - барлығы 2 мыңнан астам қонақ келді.

«Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс съезінің күн тәртібіне екі мәселе шығарылды. Оның біріншісі - «Қазақстан. Мақсаттар 2017. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты көшбасшы партияның Сайлауалды тұғырнамасын бекіту мәселесі болса, екіншісі - Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына партиялық тізімді бекіту болды. «Нұротандық» Сайлауалды тұғырнамада партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген нақты міндеттер көрініс тауыпты. Оның үстіне, бұл құжат Елбасының «Қазақстан - 2020» Стратегиялық бағдарламасымен үндес. Сонымен бірге «Нұр Отан» ХДП дерегінше, тұғырнама - «Халық дауысы» акциясы кезінде түскен миллиондаған азаматтардың аманатын арқалап отыр. Оның басты мақсаты - «гүлденген Қазақстанда әрбір азаматтың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету» болып табылады екен.

- Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар! Менің партиялас серіктерім! - деп бастады сөзін Елбасы Н.Назарбаев, - «Нұр Отан» партиясының ХІV съезі біз үшін мерейлі меже - ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі қарсаңында өтуде. Біз жасампаз жиырма жылда жүз жылға татитын ұлан-ғайыр жолды басып өттік. Арайлы азаттық арқылы қол жеткізген жетістіктеріміздің баршасында «Нұр Отан» партиясының сүбелі үлесі бар. Төңірегіне мұраттас серіктерім топтасқан партия тәуелсіздік жылдарында қоғамды жаңа жобаларға жұмылдыра білді, - деген Президент «шын мәнінде, халықтық ұйымға айналған» «Нұр Отанның» жұмысын: «Менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйтқысы болуда» деп жоғары бағалады.

- Осылайша біз биік белестерді бірге бағындырдық, - деп сабақтады сөзін Мемлекет басшысы, - Тәуелсіздіктің жасампаз жиырма жылдығы - елдігімізді орнықтыру жолындағы алғашқы кезеңнің мерейлі қорытындысы. Біз мыңжылдықтың үшінші онжылдығына қадам басу арқылы ел дамуының жаңа кезеңінде тұрмыз. Бүгінде 2020 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық дамудың Стратегиясын жүзеге асыра бастадық. Ғасырлық мәні бар бұл жоба бізге жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейді.

Қазақстан Көшбасшысы, қазіргі аунақшыма дүниеде, құбылмалы заманда «болашақтың не ұсынарын болжап білу қиын» екендігін еске салды. «Көптеген елдер дағдарыс дауылына шыдас бермей, шайқалуда» деген Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымға қайырылды: - Сондықтан бұл кезеңді біз биік рухпен, кең тыныспен, тың серпінмен бастағанымыз абзал. Ол солай болғалы да тұр. Баршаңыз білесіздер, жаңа жылдан кейін елімізде Мәжіліс сайлауы өтеді. Бұл жолы Мәжіліс сайлауымен бірге жергілікті мәслихаттардың да сайлауы қатар өтетіні белгілі. Сайлау қорытындысы бойынша, Конституцияға сәйкес Мәжіліс кем дегенде екі партиядан тұруы керек. Елімізде саяси партияларға алғаш рет осындай мүмкіндік беріліп отыр. Бұл - сайлаудың жауапкершілігі мен жүгін арттырып, партиялар арасында шынайы бәсекелестікті қыздыра түсетіні анық, - деген Елбасы «ел болашағын айқындауға мүмкіндік беретін осы сындарлы сынақта» Қазақстан халқы қолдау көрсетіп, «Нұр Отан» партиясы басым дауыс алатындығына «кәміл сенетіндігін» мәлімдеді.

Н.Назарбаев көшбасшы партияның бұл маңызды съезінің нақ Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында өтуінде «символдық мән бар» екендігін жеткізді. «Біріншіден, - деп түсіндірді, - біз елімізді жасау бағытындағы еренғайып еңбектің екі онжылдығын абыроймен аяқтап, қорытындыларын шығарудамыз. Оның ішінде соңғы бес жыл қазақстандық жолдың табысты болуында шешуші рөл атқарды. Олар осы Парламенттің жұмысына тұспа-тұс келді. Нақ осы жылдар біздің халқымыздың бірлігінің мызғымас беріктігін, оның ауызбіршілігін паш етті». Мемлекет басшысының айтуынша, біздің ашық экономика жер-жаһанның бүкіл тарихындағы ең алапат әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың тегеурініне төтеп беріп, қатал сынынан сүрінбей өтті. Біздің саяси және әлеуметтік жүйе нақты, тұрақты және тиімді жұмыс істеді. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының орасан зор еңбегі де осында!» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

- Екіншіден, - деді Елбасы, - біз бүгін партияның алдағы Мәжіліс сайлауындағы тұғырнамасы ретінде «Қазақстан. Мақсаттар 2017» Ұлттық іс-қимыл жоспарын бекітеміз. «Нұр Отан» нақты істердің партиясы болып келді және әрдайым солай болып қала бермек. Біздің сайлауалды тұғырнамамыз - бұл Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының және «Қазақстан -2030» Стратегиясының уақыты бойынша нақты белгіленген құрамдас бөлшегі, - дей келе, Н.Назарбаев «нұротандықтардың» ортақ мақсаты - «сайлауалды күресте өзіміздің партиялық мақсаттарымыздың терең мән-мағынасын әрбір сайлаушыға, әрбір қазақстандыққа дейін жеткізу» екендігін нықтады.

- Тәуелсіздіктің Үшінші онжылдығының тарихы бүгіннен басталады! - деп мәлімдеді Қазақстан Көшбасшысы. - Сондықтан 15 қаңтардағы Парламенттік сайлауды болашақтың «сын сағаты» деуге болады. Мен «Нұр Отан» партиясының қазақстандықтардың халықтық қолдауына ие болатындығына сенімдімін. Бізге, «нұротандықтарға» тек қана жеңіс қажет! Ол алға қойған бағдарламаларды орындауды жалғастыру және барша азаматтарымыздың әл-ауқатын ары қарай жақсарту үшін керек.

Осыдан бес жылдай бұрын, Елбасының бастамасымен, тұңғыш рет партиялық тізімдер негізінде өткізілген Мәжіліс сайлауында «Нұр Отанға» сайлаушылардың басым көпшілігі өз үміттерін арқалатып, қолдау білдірді. «Бүгін осы съезд мінберінен біз еңсемізді тік ұстап тұрып, мәлімдейміз: «Нұр Отан» 2007 жылғы сайлауға түскен Халықтық тұғырнама мерзімінен бұрын орындалды! - деп мәлім етті Нұрсұлтан Назарбаев. - Бұл - біздің ортақ жеңісіміз! Бұл жеңіс - барша халықтікі! Өйткені біз оны жаһандық дағдарыстың аса ауыр жағдайларында жүзеге асырдық. Бірақ тұғырнаманы түзген кезде, біз осындай дүлей дауылға кезігеміз деп болжап, білмеп едік. Күйзеліс, әрине, кейбір түзетулерін енгізді, әйткенмен, біз өз жолымыздан танбадық және өзіміз айқындаған және уәде еткен міндеттерді орындадық».

Уәделі уақыттан бұрын бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы мен студенттер стипендиясы екі еседен аса артты, зейнетақы көлемі - 2,6 есе көтерілген. Және баланың бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы көлемі де дәл осындай көлемде өсті. Ал төрт, одан да көп бала туылған кезде берілетін жәрдемақы 5 есеге дейін жетті. Тіпті әлемдік дағдарыс жайлаған ең қиын кезеңнің өзінде 2007 - 2011 жылдары Қазақстанның ІЖӨ екі есеге дейін өскен болатын.

Бес жылға толар-толмас уақыт ішінде қазақстандық экономиканың көлемі 2 есе өсті. Тек биылғы жылда ғана жаңадан инновациялық үлгідегі 350 жаңа кәсіпорын тұрғызылған. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында астықшыларымыз тың көтерілгеннен бері болып көрмеген рекорд жасап, 30 миллион тонна астық жинады. Міне, төрт жыл қатарынан Қазақстан ұн экспорты бойынша дүниежүзінде бірінші орыннан түспей, табан аудармай келеді. Қазақ елі шетелдік инвестициялардың ең үлкен ауқымын тарта алған әлемдегі көшбасшы жиырмалықтың қатарына енді.

Тіпті, отандық құрылыс саласы қиындыққа киліккен кезеңде де 19 миллион шаршы метр жаңа баспана бой көтеріпті. Жарты миллионнан астам қазақстандық тұрғын үй жағдайларын жақсарта алған.

Жұмыссыздық деңгейі 7-ден 5,4 пайызға төмендеді. «Біз халқының әл-ауқаты бойынша жаһандық рейтингте әлем мемлекеттерінің алғашқы елулігіне кірдік, - деп мәлімдеді Н.Назарбаев. - Жан басына шаққандағы ІЖӨ - көлемі биылғы жылы 10 мыңнан астам долларды құрайды, ал 2015 жылға қарай 15 мың долларға жетпек. Біз кезінде осыны, тіпті армандай алдық па?» деген Мемлекет басшысы қазіргі кезде бұл көрсеткіш бойынша еліміздің Украинадан екі есе асып түскендігін мысалға келтірді. Ал кезінде ол ел Кеңес құрамындағы алпауыттардың қатарында болғаны бар. «Өзіміздің басқа көршілеріміз туралы, тіпті айтпай-ақ қояйын. Біз Шығыс Еуропаның бірқатар елдерін басып оздық, - деп жалғады ойын Президент. - Төрт жарым жылда халықтың ақшалай кірістері, бюджет қызметкерлерінің жалақысы, студенттердің шәкіртақылары 2 еселенді. Зейнетақылық төлемдер мен бір жасқа дейінгі баланың күтіміне берілетін жәрдемақы 2,6 есе өсті».

Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларына бағытталатын шығындар 2 есеге артты. Бүкіл еліміз бойынша шамамен 4 мың жаңа балабақшалар ашылды. Мұны өзінің биылғы Жолдауында Қазақстан Көшбасшысы тапсырған болатын. 350 мектеп, елудей колледж бой көтерді. Жаңа тұрпатты ғылым ордасы - «Назарбаев Университеті», сондай-ақ Болашақтың Зияткерлік мектептерінің желісі құрылды.

Қазақстан Елбасының бастамасымен, ғылыми-инновациялық саланы реформалауға кірісті. Қажетті заңнама түзілуде, ғылымды қаржыландыру арттырылды, тиісті заң қабылданды.

Қазақстанда шамамен 150 жаңа емхана, аурухана және медициналық орталықтар салынды. Астанада Болашақ госпиталі құрылуда. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 2 жылға артқан. Ана мен бала өлім-жітімі елеулі азайыпты.

Халықаралық беделді сарапшылар Қазақстанды соңғы он жылдағы экономикалық өсім қарқыны жөнінен әлемдік көшбасшылардың алдыңғы үштігіне қосып отыр. «Біз тек Катар мен Қытайды ғана алға жібердік» деді Президент.

- Әлемдік дағдарыстың ауыр жылдарында біз өзіміздің әлеуметтік міндеттерімізден аулақтамадық, Халықтық тұғырнаманың мақсаттарына адалдық сақтадық! Мен атаған сандардың артында бүкіл халықтың, әрине, біздің «Нұр Отан» партиясының кең құлашты жұмысы тұр! - деген Нұрсұлтан Назарбаев Министрлер Кабинеті мен депутаттардың жұмысына баға бере кетті: «Дағдарыс жағдайында, «Нұр Отан» партиясының Парламенттік көпшілігі қалыптастырған біздің Үкімет кәсіби және өнімді жұмыс істегендігін атап өткен жөн. Парламенттік фракция қажетті, соның ішінде дағдарысқа қарсы бағдарланған заңдардың қабылдануын қамтамасыз етті. Осы съезд мінберінен мен Мәжілістің барлық депутаттарына өз қызметтері кезіндегі жауапты, нәтижелі жұмыстары үшін шын жүректен алғыс білдіргім келеді!» Төртінші шақырылымдағы Парламенттің тарихына аттары жазылып қалатын депутаттардың көпшілігі - құнды кадр болса керек, сондықтан жерде қалмайды. «Партия олардың орасан зор тәжірибесін пайдалануға тиіс деген сенімдемін, - деді Елбасы. - Депутаттардың көпшілігі қайта сайланады деп ойлаймын, ал мандаттары аяқталғандарына, партия, атқарушы билік органдарында және біздің партиямыздың құрылымында өз тәжірибелерін қажетке жаратуларына жағдай жасайды деп сенемін. Олар үлкен пайда әкеледі».

«Нұр Отаның» аймақтардағы өкілдері де көрсеткіштердің көркеюіне атсалысты. «Біздің мәслихаттардағы депутаттық топтарымыз, өңірлік партиялық филиалдар жергілікті жерлерде Жол картасының, халықты еңбекпен қамтудың жаңа стратегиясының орындалуы жолында адал еңбек етті, - деді Назарбаев. - Барлық өңірлерде тұрғын үй-коммуналдық кешенді жаңғырту, жолдарды жөндеу мен салу, қалалар мен ауылдарды абаттандыру бағытында біздің тарихымызда теңдесі жоқ жұмыстар жүргізілді. Барлық бағыттар бойынша «Нұр Отан» Қазақстан халқы ассамблеясымен, кәсіподақтармен, Қазақстанның қоғамдық ұйымдарымен тығыз жұмыс жасады».

Қазақстан Көшбасшысы күрделі уақытта тұрақтылығымызды, бейбітшілікті және келісімді біздің көздің қарашығындай сақтағандығымызды айтты. «Қазақстанға бұрын болмаған әлемдегі бедел мен құрметке бөленуіне мүмкіндік берген мығым тұғыр - осы!» деді ол.

- Біздің халықаралық аренадағы табыстарымыз - тәуелсіздігін жаңа алған барлық мемлекеттер үшін ғажайып әрі теңдессіз! - деді Нұрсұлтан Назарбаев, - Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ягланд мырза таяудағы біздің әңгімемізде «әлемдегі кез келген адамның Қазақстанның тек өз өңірінде ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемдік аренада танылған табысқа қол жеткізгендігін атап өте алатындығын» баса айтты. Бұл - «сырт көз сыншының» біздің жұмысымызға және біздің жетістіктерімізге берген шын бағасы. Меніңше, бұл біздің жанымызға айрықша жағымды болса керек.

Елбасы Қазақ елінің жүзеге асқан жаһандық ауқымдағы жобаларына жеке тоқталды. 2010 жылы Қазақстан ең бір ірі халықаралық ұйым - ЕҚЫҰ төрағалығын абыроймен қолға алды. Ал осы ұйымның Астана саммиті біздің және бүкіл әлемнің тарихына алтын әріптермен жазып қалдырылды. «Бүгінгідей өте күрделі уақытта біз Ислам ынтымақтастығы ұйымы төрағасының миссиясын орындаудамыз, - деді Мемлекет басшысы. - Біздің еліміз жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыста көшбасшылық тұғырын елеулі нығайтты. Ядролық қарусыздану және таратпау үдерісінің бірізді қатысушысы ретіндегі біздің үлгіміз заманауи әлемде даусыз танылған. Біз Еуразиялық интеграцияда сапалы серпінге қол жеткіздік, ол идеяны, өздеріңіз білесіздер, осыдан 17 жыл бұрын мен жариялаған болатынмын. Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы іске қосылды». Бір апта бұрын Мәскеуде Біртұтас экономикалық кеңістікті 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалыптастыру туралы үшжақты уағдаластыққа қол қойылды. «Бұл қадам біздің Тәуелсіздіктің тағы бір кепілі болып табылады және біздің сыртқы экономикалық қауіпсіздігіміз бен өңірлік тұрақтылығымызды біршама бекітеді» деді Президент.

- Айтылғанның барлығы - біз осыдан 5 жыл бұрын жария еткен партиялық тұғырнамамыздың іс жүзінде орындалуының тікелей нәтижесі! - деді Нұрсұлтан Назарбаев. - Осылайша «Нұр Отан» халық бірлігінің, қайтпас қайсар ерік-жігердің, елімізді тек алға - жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетелер батылдық партиясы болды және болып қала бермек.

Елбасы съезде Қазақстанның кең ауқымды модернизацияланудың дәуіріне аяқ басқандығын мәлімдеді. «Біз жаһандық дамумен бір ырғаққа түстік, - деді ол, - Еліміздің стратегиялық мақсаттары мен даму міндеттері тұтас онжылдыққа ілгері әзірленді». Ол жетекші партияның жаңа тұғырнамасында «Қазақстан. Мақсаттар 2017» Ұлттық іс-қимыл жоспарында көрініс беріп отыр. Сонымен, Қазақстан Көшбасшысы айқындаған жаңа межелер мынадай: 2017 жылы экономиканың шикізаттық емес секторына тартылатын инвестициялар 15 пайызға артады. ІЖӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі елеулі ұлғаяды. Дайын өнім экспорты 40 пайызға өседі. Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі бір жарым есеге артады. Металлургия мен химия саласындағы өндіріс ауқымы екі еселенеді. Отандық жеңіл өнеркәсіп өнімі ішкі нарықтың қажеттілігінің үштен бір бөлігін өзі қамтамасыз етпек.

- Тұтастай алғанда, біз белгілеген келешек көрінісі ХХІ ғасырдағы басты қатерлерді есепке алады, - деп ескертті Н.Назарбаев. - Бүгін біз әлемдік дағдарыстың, тіпті көптеген жылдар бойы даму мен тұрақтылықтың үлгісі саналған мемлекеттерді де аздырып-тоздырып, іргесін шайқалтып жатқандығын көріп отырмыз.

2009 жылы-ақ, Елбасы әлемдік қаржылық реформа туралы бастамамен шыққан болатын. «Дағдарыс кілті» мақаласында Нұрсұлтан Әбішұлы дағдарысқа қарсы «косметикалық» шаралар дүниежүзін жаһандық дағдарыстың жаңа толқындарынан құтқара алмайтындығын ашық айтқан еді. «Енді міне, оқиғалардың өрбу барысы сол бағаның әділдігін көрсетуде, - деді Президент. - Мен оптимистердің де, пессимистердің де қатарына жатпаймын. Бүгінде дағдарыс әлсіретіп кеткен экономикаларда мемлекеттік қарыздың өсуі - жаһандық аласапырандарға әкелетіндігі айқындалуда. Қаржылық дағдарыс және оған ілесе жеткен рецессия анағұрлым осал орта жасады, ондағы назардан тыс қалып қойған қатерлер ертеңгі дағдарысқа айналып шыға келмек».

Мемлекет басшысы жұртшылық назарын Батысқа аударды. «Дефолт қатері Грекияға, Испанияға, Италияға, Португалияға төніп тұр! «Домино эффектісінен» қауіптеніп, Еуроодақтың көптеген елдері әртүрлі күйде қазір көмек сұрауда. Әлеуметтік проблемалар Америка Құрама Штаттарында, Австралияда өткір байқалуда. Бәріне қиын. Әлемдік дағдарыс, әрине, бізге де ықпалын тигізеді. Ол өткен кезеңдегідей, біздің жоспарларымызға да түзетулер енгізуі мүмкін. Сондықтан біздің барлық табыстарымызға қарамастан, біз кез келген тосын жағдайларға дайын болуға тиіспіз».

Елбасының айтуынша, «қазіргі заманғы саясаттың басты мәселесі» - мемлекеттің орны, мұраты туралы сұрақ.

- Қазіргі он шақты елде алаңдаушылық туғызып отырған оқиғаларды «мемлекеттік құндылықтар дағдарысы» деп, жалпылай атауға болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. - Әлем монетаризм идеясын «жұтып» қойғандығын өзі де аңғармай қалды. Содан басты қоғам игілігі - ақша деген сенім қалыптасты, ол айырбастау мен жинақтау құралынан жалған «ең жоғарғы құндылыққа» айналып шыға келді. Сондықтан заманауи мемлекеттерді сауықтырудың жолы - құны өлшеуге келмейтін тұғырлы құндылықтарға кері қайту. Әділеттен жаза басу - әлемдік дағдарыстың түпкі себебі осы! Әділетті тәртіпті қайта қалпына келтіру дағдарыстан кейінгі әлемнің негізіне айналады.

Елбасы партия съезінде осы сөздерді айта бастағанда, жиынға елшілердің шақырылуының орындылығы түсінікті болды, олар Қазақстан Көшбасшысының ойларын түртіп алып жатты. Нұрсұлтан Назарбаев «әділетті халықаралық қатынастар» қажет деп санайды. «Әділетті әлемдік валютасы бар әділетті халықаралық қаржылық жүйе керек! - деді ол, - бай және кедей елдері арасындағы ара-жік ұлғаюда. Қазіргі әлемде адамдардың көпшілігі экономикаға толыққанды қатысу, әлемдік экономикалық өсімнің барлық игіліктерін көру мүмкіндігінен айырылған. Бұл диспропорцияларға, әлеуметтік шиеленістер мен қақтығыстарға соқтыруда. Мен бұдан ертеректе де айтқанымдай, Қазақстан меншіктің жаңаша құрылымын қалыптастыруға кірісті». Ол қазақстандықтардың еліміздің экономикалық өсіміне кең қатысуына, содан ырыздық теруіне жол ашуға тиіс. Халықтық ІPO жүйесі арқылы Қазақстан азаматтары еліміздің стратегиялық мүлік-активтерінің қожайынына айнала алады.

- Халыққа мұның не екендігін түсіндіру керек, - деп тапсырды Президент. - Ірі ұлттық компаниялардың акцияларының бір бөлігін сатып алу жолымен біздің азаматтар елдің дәулетінің меншік иесі бола алады, дивидендтер мен табыс табады. Бірінші халықтық ІPO-ға ендігі алдағы жылда «ҚазТрансОйл», «КЕГОК» және «Эйр Астана» шығарылады. Олардың соңынан басқа да ең ірі ұлттық компаниялар ереді. 2014 - 2015 жылдарда «ҚазМұнайГаз» акциялары халыққа сатылады.

Н.Назарбаев халықтық ІPO бағдарламасының «жай ғана жаңа жаппай жекешелендіру» еместігін нықтады. «Бұл лайықты өмір кешетін жаңа қожайындардың бұқаралық табын құру үдерісі!» деген ол халықтық «ай-пи-о» үшін қажетті сенімді құқықтық негізді қалыптастыру және дамыту Мәжілістің келесі, жаңа құрамының бірінші кезекті міндеті екендігін жеткізді. «Бұған қоса барлық құқық қорғау органдарын реформалауды тереңдету, осы жұмысты жалғастыру алдымызда тұр, - деді Мемлекет басшысы, - Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейткен жөн. «Нұр Отан» партиясы коррупциямен күрес бойынша үш жүзден астам қоғамдық кеңестердің жалпыұлттық желісін құрып, басшылық етуде. Азаматтардың бір мыңнан аса арыз-шағымдары қаралды, олардың көпшілігі бойынша қылмыстық істер қозғалды, нақты шенеуніктер жазаланды. Біз сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесінде ымырасыз болуға тиіспіз!» Партия коррупцияға қарсы бағытталған кең ауқымды қозғалыстың басында болуға тиіс және болады да, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Көшбасшысының айтуынша, білім беру мен денсаулық сақтаудың әділетті жүйесі, әділетті әлеуметтік қорғау, әділетті жастар және тұрғын үй саясаты - Қазақстанның дамуының жаңа күн тәртібіндегі мәселелер осы! Ол «Қазақстан. Мақсаттар 2017. Ұлттық іс-қимыл жоспарында» көрініс тауыпты.

Қазақстан Көшбасшысының бағалауынша, алдағы Мәжіліс сайлауы - саяси жүйені жаңғыртудың маңызды қадамы.

- Биліктің орталық мемлекеттік органдарын жаңарту үдерісі Мәжіліс пен мәслихаттардан басталады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев, - Сондықтан Парламентарийлердің мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасы тек үлкен құрметке лайық. Сайлаушылардың өз ерік-жігерін білдіруімен енді 2007 жылғы конституциялық реформаның маңызды нормасы уақытынан бұрын іске асырылатын болады. Дауыс берудің қорытындысында, тұңғыш рет көппартиялы негізде, кем дегенде 2 партиялық фракцияның қатысуымен жұмыс істейтін Парламент қалыптасады.

Мемлекет басшысы «содан кейін жаңа Үкімет жасақталатындығын», «министрліктер мен ведомстволар сапалық жағынан жаңартылатындығын» жария етті. «Осының барлығы саяси партиялардың барлығының да жауапкершілік меже-планкасын айтарлықтай арттырады, - деді Қазақстан Көшбасшысы. - Бүгінде жаңа жағдайлардағы саяси бәсекелестіктің мән-мағынасы неде екендігін нақты түсіну маңызды! Егер әлемге көз жүгіртсек, ХХІ ғасырдағы табысты партияның күші оның қалай өткір сынайтындығында еместігін көреміз. Партияның күш-қуаты - сынақтар тезінен қоғамды аман-сау алып өту, тұрақтылық пен халық бірлігін нығайту қабілеттілігінде! «Нұр Отан» - осындай партия. Біз мұны тарихымызбен, Қазақстан мен қазақстандықтар игілігі жолындағы тынымсыз жұмысымызбен дәлелдедік».

Елді жаңғырту ісіне жетекшілік ететін партия өзі де жаңара білгені ләзім. Бұл ретте Н.Назарбаев көшбасшы партияның Саяси кеңесінің Бюросынан бастап, бастауыш ұйымдарына дейін игеруі керек «саяси жұмыстың жаңа формаларын» белгіледі.

- Бірінші, - деді Елбасы, - Біздің партияда кадрлық саясаттың нақты жүйесі болуға тиіс. Аудан мен облыстағы департамент басшысынан бастап, министрге дейінгі мемлекеттік менеджерлердің жауапты лауазымдарына кадр іріктеудегі партияның рөлін күшейткен жөн.

Екінші. «Нұр Отан» партиясы стратегиялық мемлекеттік бастамаларды жылжыту орталығына айналуға тиіс! «Маңызды заңдар мен бағдарламалар жобаларының алдын ала партиялық алаңқайларда - съездер мен конференцияларда, Саяси кеңестің кеңейтілген отырыстарында кең талқылануын маңызды санаймын» деп нықтады Президент.

Үшінші. Партия басшылығының және оның Парламенттегі фракциясының қызметінің бірыңғай алгоритмі болуы қажет. «Нұротандық» депутаттардың барлық мәслихаттардағы жұмысын үйлестірудің нақты жүйесі керек» деп қосты Н.Назарбаев.

Төртінші. Жаңа тұғырнаманы орындау партиялық басшылықтың қатаң бақылауында болуға тиіс. «Орталық аппаратта индустрияландыру, әлеуметтік жаңғырту, тұрғын үй саясаты, жастармен, ардагерлермен, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс және басқа да аса маңызды бағыттар мен жобалар бойынша кураторлар институтын құру қажет» деді Мемлекет басшысы.

Бесінші. Сайлау кезеңінде «Нұр Отан» басқа саяси партиялармен, кәсіподақтармен және ҮЕҰ-лармен ынтымақтастық туралы сайлауалды меморандумдары сынды тетікті пайдалануға тиіс.

- Мен осы сайлауға қатысатын барлық саяси партиялар әлем тарихындағы күрделі кезең қарсаңында, халық алдындағы, ел алдындағы және дағдарыс алдындағы биік жауапкершілікті басшылыққа алады, қоғамымызда тұрақтылықты, тыныштықты сақтауда ынтымақ танытады, саяси күресте нақтылық пен салиқалылықты паш етеді деп сенім білдіргім келеді. Президент ретінде мен жаңа Парламентте де және еліміз бойынша ұсынылған барлық саяси күштермен жұмыс жасайтын боламын. Барлық Парламенттік партиялардың өнімді жұмыс істейтіндігіне, біздің Отанымыздың ұлттық мүдделерін ғана басшылыққа алатындарына сенемін! - деген Нұрсұлтан Назарбаев халқымызға, үдемелі ілгері басқан елімізге керегі де осы екендігін айтты.

Сөзінің қорытындысында Қазақстан Көшбасшысы: «біздің алдымызда елімізді асқар асуларға бастайтын тарихи маңызы зор тағдырлы шешімдер қабылдау міндеті тұр» деді.

- Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қанаттастарым! Мен «Нұр Отан» партиясының ХІV съезі жаңа кезеңге бетбұрыс бастауы болады деп үміт артамын. Біздің қуатымыз - бірлікте. Біз берік бірлігіміз бен бекем тірлігіміз арқылы ұланғайыр жетістікке қол жеткіздік. Алдағы уақытта да иық тіресе жүріп, биік белестерді бірге бағындыра беретінімізге сенемін. Біздің бағытымыз айқын, болашағымыз жарқын. Ендеше, осы жолда баршаңызға толайым табыстар тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Алға Қазақстан! - деп сөзін аяқтаған Елбасы Н.Назарбаевтың ұранын зал іліп әкетті.

- Сіз қойған барлық мақсаттар орындалады! - деп сендірді Қазақстан Көшбасшысын «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.

 

 

«Нұр Отанның» XІV съезі: Ұлы жеңістердің бастауы

 

/«Айқын», 26.11.2011 ж./ - Осыдан кейін съезд делегаттарына сөз берілді. Алдымен мінберге көтерілген Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов көшбасшы партияның ұлы құрылтайына жиылғандарға «Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі» - Алматы жұртшылығының ыстық ықыласын, дұғай сәлемін жеткізді.

- Бүгінгі Елбасы жариялаған тұғырнама баршамыздың көңілімізден шыққан, өркениетке ұмтылған, елге жігер беретін, соны серпін әкелетін бағдарламалық құжат деп ойлаймын, - деген пікір білдірді қалабасы Ахметжан Смағұлұлы. - Онда Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығының сындарлы қорытындысы да, жарқын келешекке бастайтын бағыттар да жеке айқындалған. Сондықтан да бұл тұғырнаманы біз толығымен қолдаймыз!

Алматы әкімі Президенттің - партия Төрағасының жариялағандарын жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер барлығын нықтады: «Мемлекетіміз - мығым, экономикамыз - қуатты, еліміз - тұтас. Сара жолымыз, дана басшымыз бар!» деді ол. Осыдан кейін Мемлекет басшысына қайырылған Ахметжан Есімов Алатау бөктеріндегі әсем шаһарда атқарылған істерге тоқталды. Оның ойынша, билеуші партия ретінде «Нұр Отан» «өткен Парламенттік сайлауда жариялаған бағдарламасын толық жүзеге асырды». Нәтижесінде, «қазақстандықтардың сенімі мен риясыз қолдауына ие болып келеді».

«Нұр Отан» ХДП-ның биыл өткен XІІІ-съезінде Нұрсұлтан Назарбаев: «инновациялық даму, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту, қоғамдық тұрақтылық - міне, партияның үш тұғырлы міндеті» деп атап көрсеткен болатын. «Осы бағытта Алматыда Сіздің қолдауыңызбен жүргізіліп жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, қала экономикасы өркендеу үстінде, - деді әкім. - Оған бір ғана мысал: Алматы тұрғындарының жан басына шаққандағы ішкі өңірлік өнімі 19 мыңнан астам АҚШ долларын құрайды. Бұл бірқатар Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің деңгейінен артық!» 2009 жылы Алматы бюджетке 638 миллиард теңге түсім түсіріпті, былтыр бұл көрсеткіш 757 миллиардты құраған екен, енді қала басшылығы биыл 1 триллиондық межені бағындырмақ ниетте.

Осы екі жыл ішінде қалада салық түсімі 1,5 есеге өсіпті. Алматы әкімінің айтуынша, «қала тұрғындарының әл-ауқаты жақсарып келеді». «Олардың орташа айлық жалақысы 125 мың теңгеге жетті» деді қалабасы. «Экономикамыз өркендеген сайын қоғамның тұрақтылығы мен халықтың береке-бірлігі де нығая түсуде, - деп қорытты сөзін Ахметжан Есімов, - «Нұр Отан» партиясының абырой-беделі осындай нақты, игілікті жұмыстармен өлшенеді. Әлеуметтік зерттеулер бойынша Алматыдағы «Нұр Отанның» танымалдылығы 97 пайыз, ал оған деген сенімділік 89 пайыз! Бұл ең алдыменен, партия басшысы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге көрсетілген бек сенім деп түсінеміз!».

Ал Маңғыстау облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау шақты және сонда Президенттің қалай қарқынды еңбек етіп, тер төккенін еске алды. «Елбасымыздың бүгінгі баяндамасын алдағы асқаралы асуларды анықтайтын бағдарлама деп түсінемін!» деген Өмірзақ Озғанбаев Мемлекет басшысына бұрылды: «Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Тәуелсіздік дегенде менің ойыма 90-жылдар оралады. Тәуелсіздіктің басқы жылдары - қызығы да, қиыншылығы да мол жылдар болды. Қызығы - ғасырлар бойы аңсаған, ата-бабамыз армандаған Азаттыққа қолымыз жетті. Қиыншылығы - бұрынғы жоспарлы экономика, қалыптасқан шаруашылық механизмдері келмеске кетті. Шәкірттер шәкіртақысын ала алмады. Зейнеткерлер зейнетақысын сарыла күтті. Жұмысшының қолы жалақысына жетпеді». Ө.Озғанбаев кезінде алғашқы Жоғарғы кеңестің депутаты, кейін Сенаттың депутаты болған. «Сол кезде Елбасының төккен терін, жанқиярлық еңбегін біз өз көзімізбен көрген адамдардың біріміз, - деді ол, - Таңертеңгі жұмысты Алматыда бастап, түсте Қарағанды шахтерларымен жиналыс өткізіп, кешке Ақтауда жұртшылықпен бас қосуға қатысқанының куәсі болдық. Күн демей, түн демей, облыстарды түгел аралап, халықтың ортасынан табылып, қысылғанда - демеу, тарыққанға - медет болды. Елбасы күн демей, түн демей, әлемді аралап, бүкіл дүниеге қазақ халқын, Қазақ елін таныстырды. Соның жемісі болар, бүгінде әлемде Қазақстанды, Назарбаевты, Астананы білмейтін адам кемде-кем!» дей келе, сөзінің соңын:

- Сондықтан да мен отандастарыма айтамын: «елге адал болсаң, Елбасыдай адал бол» деймін, - деп аяқтады.

«Иволга холдинг» Бас директоры Василий Розинов та 90-жылдардың басында Қазақстанның осындай гүлденеріне күмән бұлты қалың болғандығын еске алады. «Біздің еліміз гүлденуде. Біз бейбітшілікте, келісімде және ауқатта өмір сүріп жатырмыз. Міне, қазір Тәуелсіздіктің толайым жетістіктеріне тоқталып, алдымызға биік мақсаттар мен белесті міндеттер қойып отырмыз. Бірақ біздің тәуелсіз жолымыздың ең басында болашақ табыстарға әркім-ақ сене бермейтін, - дейді В.Розинов, - 1994 жыл есіме оралады. Ол кезде Ақмола аталған осы қалада, Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, ауыл шаруашылығы бойынша республикалық кеңес өткіздіңіз. Сонда Жастар сарайының ескі ғимаратына жиналғандар арасында сіздің сол кездегі кең ауқымды жоспарларыңыздың жүзеге асарына шүбәланғандар болды. «Біз дұрыс бағытта жылжимыз ба?» деп сұрады олар». Қазақстандық жолдың дұрыстығын уақыт дәлелдегендей.

- Енді қазір, аграршылардың таяудағы форумында Сіз егін ору науқанының теңдессіз қорытындысын жариялағанда, мен «арада бар-жоғы 17 жыл ғана өтті ғой» деп таңғалдым! 20 жыл да - қас-қағым сәт. Бірақ дәл осы сәтте біз ғасырға лайық іс жасадық. Ауылдықтарда көне техниканың орнын жаңасы басты, жаңа технологиялар пайда болды. Біздің өнімдер әлемдік нарықта бәсекеге түсуде. Ең бастысы - Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, өзіңіздің әрбір сөзіңізбен, өзіңіздің жеке бас өнегеңізбен біздің дүниетанымымызды өзгерттіңіз. Біздерді, қазақстандықтарды өзімізге сенуге, өз күшімізге сенуге мәжбүр еттіңіз. Ірі агрохолдинг басшысы ретінде мен 10 мың азаматқа тұрақты жұмыс беріп, тұрақты жалақы төлеуімді мақтан тұтамын.

«Иволга холдинг» Бас директоры Қазақстан Көшбасшысының басшылардың жаңа формациясын тәрбиелегендігін, қолдап, демегендігін ризашылықпен айтты. Енді олар өз беттерімен халықты қолдап, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі идеясын іске асыруда. «Соңғы елу жылдағы рекордтық астық - Тәуелсіздікке тартуымыз! Көрегендігіңіз, әкелік қамқорлығыңыз және тұрақты қолдауыңыз үшін ауыл еңбеккерлері атынан иіліп, тағзым етеміз!» деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар жастар үшін «үлгі тұтатын жалғыз тұлға»!

- Мен қарапайым жұмысшымын! - деді «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының ауысым шебері Болатхан Көптілеуов, - «Қазфосфат» зауытында ауысым шебері ретінде жұмыс істеп жүргеніме бес жыл болды. Біз білеміз, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз еңбек жолыңызды өндіріс орнында бастағансыз. Бірде өзіңіз де: «Мінезім өндірісте шыңдалды» деп айтып едіңіз. Мен үшін бірден-бір үлгі тұтатын жалғыз тұлға - ол Сізсіз! Өзіңіз де білесіз ғой, біздерде өндіріске тән салмақтылық пен тәжірибе қалыптасады. Біз қысқа айтамыз! Бірақ айтсақ, нақты айтамыз. Біздің «Нұр Отан» да сондай: айтқанын істейтін нағыз іс-қимылдың партиясы. Кезінде Халықтық тұғырнаманың барлық баптары уақытынан бұрын орындалды. Миллионнан астам отандастарымыз жұмыспен қамтылды. Зауыттар мен фабрикалар салынып жатыр. Халық тіршілігі бірталай жақсарды. Бір сөзбен айтқанда: айтылды ма - істелді! Сондықтан да біз әрқашан Елбасы партиясы - «Нұр Отанды» қолдаймыз!

Ал А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистранты, биылғы Президент сайлауында, Н.Назарбаевтың сайлауалды штабында жұмыс жасаған 88 мың еріктінің бірі Алена Герасимова нақышына келтіріп, қазақ тілінде өлең оқыды:

Тәуелсіздік - жарқын бақыт, алтын күн!

Елмен бірге ертеңіме талпындым!

Тәуелсіздік туын көкке көтерген,

Қандай мықты қолы менің халқымның!

Туған Отан, саған бүгін көп - ғашық!

Жүрегімде бара жатыр от тасып.

Қазақстан тіл қатады әлемге,

Елбасының маңайына топтасып!

Туың сенің биіктерде тербелер.

Әнің сенің жүректерге дем берер!

Қазақстан тарихы бар өшпейтін.

Нұрағаңдай нұрлы жанды берген ел!

Туған Отан, мен сенімен заңғармын.

Жолымды да тек өзіңде жалғармын.

Арқасында Азаттығың мәңгілік,

«Нұр Отандағы» Нұрағаңдай жандардың...

Барлық баяндамаларда айтылған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин айтты.

- Президент, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының алдына нақты тапсырмалар жүктеді, - деді Нұрлан Зайроллаұлы, - Онда Елбасының Қазақстанның 2020 жылға дейін даму стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша партия алдындағы нақты міндеттер атап көрсетілді. Бұл біздің сайлауалды бағдарламамыздың негізгі тұғыры болады.

Осыған ұйыған съезд делегаттары «Қазақстан. Мақсаттар 2017. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасын бірауыздан бекітті. «Нұр Отанның» партиялық тізімін бекітуде де съезд бірауыздылық танытты. «Өздеріңіз білетіндеріңіздей, партиялық тізім бойынша Мәжіліске 98 депутат сайланады, - деді Нұрлан Нығматулин, - Өз кезегінде партиялар заңнамаға сәйкес, тізімге қосымша, осы санға тағы 30 пайыз қосуға құқылы. Яғни біздің партиялық тізімде барлығы 127 адам болады». Нұрлан Зайроллаұлы «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің өткен бюросында үміткерлердің барлық кандидатуралары мұқият қаралғандығын хабарлады. «Партиялық тізімге қосуға ұсынылғандардың әрқайсысы - танымал, беделді және жауапты тұлғалар, оларды Саяси кеңес бюросы толық мақұлдады. Бүгін осы кандидатуралар біздің партиямыздың жоғарғы органының қарауына шығарылып отыр».

Бекітілген партиялық тізімге Сергей Кулагин, Ахметжан Есімов, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Александр Дьяченко сынды өңір әкімдері, Нұрғали Әшім, Мәжит Есенбаев сынды орталық ведомстволар басшылары, Нұрлан Абдуллин, Жәния Әубәкірова, Әлібек Дінішев сынды өнер майталмандары, Ермахан Ыбырайымов, Ольга Шишигина, Александр Винокуров сияқты спорт жұлдыздары, Қ.Саудабаев, Н.Нығматулин, Дариға Назарбаева секілді белгілі тұлғалар кіріп отыр.

 

 

«Нұр Отан» партиясының негiзгi тұғырнамасы –

Ұлттық iс-әрекет жоспары

 

/«Дала мен Қала», 26.11.2011 ж./ - Астанадағы тәуелсіздік сарайында өткен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезінде Елбасы, ҚР Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз қазақ елі шежіресіндегі өркениет өміршеңдігінің бір белесіне қорытынды жасап, алдағы тағы бір жауапты кезеңінің бетін ашты.

Алда сайлау науқаны. Әр партия үміткерлерін үкілеп, сайлауалды тұғырнамаларын халыққа жария етіп, саяси науқанға дайындалып жатыр. «Нұротандықтар» әдеттегісінше саяси бәйгенің қақ ортасында. Бұл құрылтайға еліміздің барлық аймақтарынан 600-ден астам делегаттар келді. «Нұр Отанның» жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев өзінің баяндамасында өтпелі кезең мен алдағы міндеттерді саралап берді. Қазақ Президенті ретінде Мәжілістің жаңа құрамына өкілдері өткен барлық саяси күштермен қоян-қолтық жұмыс істейтіндігін жеткізді. Сондай-ақ, Парламенттік партиялардың барлығы тек Отанымыздың ұлттық мүдделерін басшылыққа ала отырып, жемісті жұмыс істейтініне сенетіндігін білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде бүгінгі съезд Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында өткеніне тоқталды. Ең алдымен, Тәуелсіздіктің жасампаз жиырма жылдығы елдігімізді орнықтыру жолындағы алғашқы кезеңнің мерейлі қорытындысы болды. Оның соңғы бес жылы табысты қазақстандық жол үшін шешуші кезеңге айналды. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқының бірлігінің мықтылығы, оның тұтастығының беріктігі шыңдалды.

– «Нұр Отан» партиясының сүбелі үлесі бар, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. – Төңірегіне мұраттас серіктерім топтасқан партия Тәуелсіздік жылдарында қоғамды жаңа жобаларға жұмылдыра білді. Шын мәнінде халықтық ұйымға айналған «Нұр Отан» менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы болды. Осылайша біз биік белестерді бірге бағындырдық. Бұл бір саяси кезеңнің ғана емес, қазақ елінің тұтас дәуірге бергісіз шежіресі жазылған ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының қорытындысы. Көзі қарақты, көкірегі ояу әрбір қазақтың кешегісі мен бүгінін және ертеңгі барар бағытын бағдарлап алу үшін тағы бір ойланар сәті. Әріге бармай-ақ, соңғы 5 жылды алып қарайық. Содан бері экономика екі есеге жуық өсіп, тұрмысы жайлы 50 мемлекеттің қатарына ендік. Адам басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз 10 мың доллардан асып, Шығыс Еуропаның бірқатар елдерін басып оздық. Халықаралық сарапшылар бізді әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан 3 экономиканың біріне балап отыр. Тек биылдың өзінде 350-ден астам инновациялық кәсіпорын іске қосылады.

Бұл съезде «Нұр Отан» партиясының Мәжіліс сайлауы қарсаңындағы партия тұғырнамасы ретінде «2017 жылға дейінгі ұлттық іс-әрекеттер жоспары» бекітілді. Партияның Елбасы айқындаған бұл сайлауалды тұғырнамасы «Қазақстанның 2020-жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының» және «Қазақстан-2030» стратегиясының нақты кезеңдерге сәйкестендірілген құрамдас бөлігі деп қарауға әбден болады. Ендігі ортақ міндет – сайлауалды елдік мақсаттың түпкі мәнін әрбір сайлаушыға, әрбір қазақстандыққа жеткізе білу. Ел Тәуелсіздігінің үшінші он жылдығының тарихы бүгіннен басталады деуімізге әбден болады.

– Бүгін мына съездің биік мінберінен мен «Нұр Отан» партиясының 2007 жылғы сайлау кезінде ту еткен халықтық тұғырнамасы мерзімінен бұрын орындалды деп ашық мәлімдей аламын, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. – Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Бұл көрсеткіштердің барлығының артында барша халқымыздың, сосын әрине, «Нұр Отан» партиясының тынымсыз еңбегі жатыр. Партияның Парламенттегі басымдығының негізінде құрылған Үкімет те өзінің кәсіби білігін танытты. Бұл кезең бізді әлі талай сынақтарға салары сөзсіз. Бірақ, көз қорқақ, қол батыр. Алға асқақ мақсат қоймаған адам ешқашан биік белестерді бағындыра алмайды. Бұл ретте «Нұр Отан» жария еткен қарекеттер тізбесі елдің бүгінгі әлеуеті мен ертеңгі мақсатын алда экономикалық дағдарыстың тың легі келе жатыр деген сәуегейлердің болжамдарын ескере отырып белгілеген шынайы қадамдар жоспары, – деп Елбасы өз ойын ортаға салды. Сонымен, ол жоспар не дейді? Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының жаңа белесін бір-біріне тығыз байланысқан 5 тарауға бөліп қарастырды. Білім беру мен денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, жастар және тұрғын үй саясаты жүйелерін тиімді де әділ ету алдағы жұмыстың басты межесі.

Елбасы алда атқаралар әлеуметтік міндеттерді де атап өтті. Оларды атап өтер болсақ мынау:

Бірінші, ата-аналар өз балаларының болашақта білім алуына қажетті қаржысын жинауға мүмкіндік беретін білім берудің депозиттік жүйесі енгізіледі. Алдағы 5 жылда 3 мыңнан астам балабақша мен балаларды мектепке дейінгі дамыту орталығы ашылып, кемінде 400 мектеп салынып, әлемдік деңгейдегі кәсіби колледждер желісін құру жобасы жүзеге асырылатын болады. Президент 5 жылда мұғалімдердің жалақылары олардың кәсіби біліктіліктеріне қарай 30-дан 100 пайызға дейін өседі.

Екінші, денсаулық сақтау саласы осы уақытта 300 жаңа дәрігерлік бекетпен, 50 емханамен толығады. 2017 жылға қарай ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін бір жарым есеге азайту көзделген.

Үшінші, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы әлсіз тобына жақсы зейнетақы мен жәрдемақы төленеді. 2017 жылға қарай негізгі зейнетақы төлемдері мен арнаулы әлеуметтік көмек күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 60 пайызынан кем болмайды. Сонымен қатар, ауылдағы кәсіпкерлердің 3 миллион теңгеге дейін несие алуына мүмкіндік беретін шағын несие бағдарламасы жүзеге асырылады. Осының барлығы 2018-жылы әлемдегі халқы жоғары табысты елдер санатына қосылуымызға мүмкіндік бермек.

Төртінші, тұрғын үй саласы. Партия көшбасшы жария еткен бағдарлама бойынша алдағы 5 жылда 24 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Орташа есеппен әрбір пәтерді 70 шаршы метр деп есептесек, 343 мың отбасы қоныс тойын тойлайды деген сөз. Мұнда басты назар жас отбасыларға аударылады. Президент басты басымдықтар қатарында атаған бесінші мәселе – жастар саясаты.

– Мен бүгінгі съезд трибунасынан Мәжіліс депутаттарына олардың қызмет кезеңіндегі жауапкершіліктері үшін, атқарған нәтижелі жұмыстары үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді, – деді Мемлекет Басшысы. Президент сондай-ақ, тұрақтылық, бейбтшілік пен келісімнің арқасында Қазақстан бұрын-соңды болмаған беделге және әлем алдында құрметке қол жеткізгенін атап өтті. 2010 жылы Қазақстан ірі халықаралық ұйымға – ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етті. Қазіргідей қиын уақыттың өзінде еліміз Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық миссиясын атқаруда. Қазақстан жаһандық ядролық қозғалысқа қарсы көшбасшылық ұстанымын барынша нығайта түсті. Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы жұмыс істей бастады.

Экономикалық мәліметтерге жүгінер болсақ, 5 жылға толмайтын уақыт ішінде Қазақстан экономикасының көлемі 2 есеге дейін артты. Қазақстан әлем елдері арасында көш бастаған жиырма елдің қатарына енді, шетел инвестициясының едәуір көп бөлігін тарта білді. Жұмыссыздық деңгейі 7 пайыздан 5,4 пайызға дейін төмендеді. Еліміз халықтың әл-ауқатының жаһандық рейтингісі бойынша әлем елдерінің алғашқы 50-інің қатарына енді. Қазіргі кезде халықаралық сарапшылар Қазақстанды әлемдегі экономикасы қарқынды дамушы елдер қатарына қосып отыруының өзі мақтаныш емей не?

Елбасы Қазақстан ауқымды жаңғырту дәуіріне қадам басқанын қадап айтты. Елдің дамуының алдағы он жылға арналған стратегиялық мақсаттары мен міндеттері әзірленді. Қазақстан ел азаматтарына экономикалық өсімге кеңінен қатысу мүмкіндігін ашқан жаңа меншік құрылымын қалыптастыруға кірісті. Халықтық IPO жүйесі арқылы қазақстандықтар елдің стратегиялық активтерінің меншік иесі бола алады. «Ұлттық жоспарды жасауға партияның «Халық даусы» шарасының аясында еліміздің миллионнан астам азаматы пікір қосты» деп айрықша атап өтті Елбасы.

– Сондықтан, – деді ол,– біздің партияның Халықтық Демократиялық деген анықтауышы бар болғандықтанда барша қазақстандықтардың мүдделерін қорғайды. Ендігі міндет – әрдайым әділдік партиясы бола білу. Бұл «Нұр Отан» партиясының ұзақ мерзімді саяси көшбасшылығының, өз сайлаушыларының сенімін ақтаудың ең басты шарты.

Президент өз сөзінде барлық саяси партиялар халық алдында, әлем тарихы мен дағ­дарыс кезеңіндегі күрделі кезең алдында қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы үшін ынтымақтастық танытып, саяси күресте нақты және сыпайы ұстанымда боларына сенетіндігін де жеткізді.

Баршаға мәлім, алдағы жылдың 15-қаңтарында сайлау аламаны көмбеге жетеді. Бұл сайлаудың басты ерекшелігі – кім қанша дауыс алғанына қарамастан Мәжіліс кемінде екі партиядан, дауыс беру қорытындысына қарай бәлкім одан да көп партиядан тұрады. Сондықтан, Парламенттің ұлттық мүдде, ұлттық мәселелерге келгенде алауыздыққа берілмей, ауызбіршілік көрсетуі маңызды. Президент сыбайлас жемқорлықпен күреске де айрықша мән беру керектігін де ескертті. Жемқорлықпен бұған дейінгі ымырасыз күрес жалғасын табуы тиіс екендігін де баршаға жеткізді.

Шындығында да, «Нұр Отан» партиясы жемқорлықпен күрес жөніндегі 300-ден астам қоғамдық кеңестің жалпыұлттық желісін құрып, басқарып келеді. Онда азаматтардың мыңнан астам шағымы қаралып, олардың көпшілігі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Коррупциямен ешқандай ымыраға келмейтін «нұротандықтардан» жасыратыны жоқ шенеуніктерде қазір қаймығатын болды. Бүгінде партия парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күресте Үкіметке белсенді де іскерлік тұрғыда көмектесіп келеді. Осы жұмыстың арқасында 900-ге жуық шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері аз емес.

Съезде партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «нұротандықтарға» саяси жұмыстың жаңа тәсілдерін меңгеруді тапсырды. Оларды нақтылы атар болсақ, мамандар саясатының нақты жүйесін түзу, стратегиялық бастамалардың қайнар көзіне айналу, партия басшылығы мен оның Парламенттегі фракциясы қызметінің үндестігі, жаңа тұғырнаманың орындалу барысын қатаң бақылауға алу, басқа да саяси ұйымдармен ынтымақтастық орнату жайы.

 «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезінің мінберінен сөз алғандардың ішінде С. Мұқанов атындағы қазақ музыкалы драма теат­рының көркемдік жетекшісі, Біржан Жалғаспаев былай деді:

– «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша көптеген жастар ауылға өзінің бітірген мамандықтары бойынша жұмыс істеуде. Ол жастарға көптеген қолдаулар жасалып жатыр. Мінеки, биыл оқу бітірген жастар келіп, тарихта болмаған жағдай болды. Мысалы, барлығына жеке-жеке пәтер берілді. Мұндай қамқорлық бұрын болып па еді?..

– Біздің Алматы облысындағы Жетіген – Қорғас теміржолының, Мойнақ ГЭС-інің жобалары ғасыр құрылысы деп аталады, – деді «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Қошанбеков съезде сөйлеген сөзінде. – Міне, осы құрылыс жуық арада іске қосылайын деп жатыр. Сондықтан, «Нұр Отан» әрқашан да өзінің сөзіне іспен жауап беретін партия. Мұны жаһандық өлшемдегі табыстар делік, ал қарапайым адамдардың күнделікті тірлігі қалай өзгерді? Соңғы төрт жылда бюджет қызметкерлерінің жалақылары мен студенттердің шәкіртақылары 2 есеге, зейнетақы мен балалы аналардың жәрдемақылары 2,6 есеге өсті. Елімізде 4 мың балабақша, 350 мектеп ашылды, 150 емхана салынды. Мұның барлығы осының алдындағы Мәжіліс сайлауы қарсаңында «Нұр Отанның» тұғырнамасы ретінде айтылған жайттар болатын.

Ал, актер Нұрлан Әлімжановтың «Нұр Отан» біз үшін сенімді келешектің партиясы, бүгінгі істеліп жатқанның барлығы – бұл ертеңгі болашаққа арналған. Біз осыған сенімдіміз. Ал, біз қазақ жастары, өз болашағымызды Елбасымызбен және «Нұр Отанмен» байланыстырамыз деген жалынды сөзі «Нұр Отан» партиясының нағыз патриоттар партиясы екендігін айқын көрсеткендей.

Съезде сондай-ақ Алматы қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Ахметжан Есімов, Маңғыстау облыстық әкімдігі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, «Иволга Холдинг» ЖШС бас директоры Василий Розинов, «Атамекен» Одағы» ҰЭП басқарма төрағасы, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Абылай Мырзахметов, «Қазфосфат минералдық тыңайтқыштар» ЖШС-нің шебері Болатхан Көптілеуов, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистранты Алена Герасимова, Пекин қаласында өткен XXIX олимпиадалық ойындардың чемпионы, ауыр атлетикадан үш дүркін әлем чемпионы Илья Ильин сөз сөйледі.

Съезд соңында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезінде «нұротандықтар» алдағы Мәжіліс сайлауына баратын үміткерлерінің есімдерін де жария етті. Аттары аталған 127 үміткердің тізімінен саясатта ел мүддесі үшін салиқалы ой айта алатын зиялылардан бастап, аудандық партия ұйымының өкілдеріне дейін, беделді әкімдер және басқа да жоғары лауазым иелерінен бастап өнерде, спортта өзіндік тұлғалары сомдалып үлгерген танымал жастарға дейін бар. Айта кетейік, олардың қатарында Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының әкімдері, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев, Дариға Назарбаева, белгілі спортшылар Ольга Шишигина, Александр Винокуров, Юрий Мельниченко, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов, Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, сондай-ақ өнер қайраткерлері Нұрлан Абдуллин, Әлібек Дінішев бар. Сонымен бірге, бұрын сайланған Мәжіліс депуттарының бірқатары да тізімде. Бірақ, бұл бүгінгі тізімдегілердің барлығы халық қалаулысы атанады деген сөз емес. Сайлаудан кейін қай партия қанша орын алғанына байланысты ауыс-түйістер болады. Сонымен, «Нұр Отан» партиясының негізгі тұғырнамасы – ұлттық іс-әрекет жоспары жарияланды. Ендігі сөз – сайлаудан кейін.

Сонымен халқымыз қоғамды жаңартып, рухани серпіліс беретін батыл шешімдер күтіп отыр. Партия ел-жұрттың артқан сенімін де, үмітін де ақтауға міндетті. Келбеті кемел, халқы дәулетті, экономикасы өскелең, ел-жұрты тату-тәтті, қоғамы орнықты мемлекет – міне, еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі көрсеткіші осы болмақ.

«Ұлт мұраты, ұрпақ болашағы жолындағы жасампаз істердің барлығының басында «Нұр Отан» жүруі керек!». Бұл Елбасының бұдан бұрынғы партия съезінде айтқан сөзі. Міне, осы талапты жүзеге асыру үшін соңғы жылдары «Нұр Отан» Халықтық Де­мократиялық партиясы өзінің рөлі мен беделін арттыра отырып, Орталық аппараттағы және жергілікті жердегі партия органдарының жұмысын жүйелі түрде қайта құруы бүкіл елдің интеллектуалдық күштерін біріктіруге мүмкіндік берді. Партия аппараты Президентке, Үкіметке, Парламентке идеяларды пісіріп-жетілдіретін «ақыл-ой орталығына» айналуы да содан. Съезде Мемлекет Басшысы «Біз алдағы уақытта да ойға алған барлық шаруаны бірлесіп жүзеге асыратын боламыз. Сөйтіп, Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдырамыз» деп мәлімдеуі кемелді келешекке деген ел сенімін арттыра түскендей. Мемлекет Басшысы XXI ғасырда тек күшті мемлекет қана табысты дамитынын атап өтті. «Нұр Отан» көшбасшы саяси партия ретінде елдің болашағын, қоғамдағы тұрақтылықты және алдағы онжылдықтағы саяси бағыттың сабақтастығын өз жауапкершілігіне алады. Команданың рухы мен тұтастығы қазіргі кезде ауадай қажет. Өйткені, уақыттың өзі бізден бірлікті талап етіп отыр. Тек сонда ғана біз болашақта алға, жаңа жеңістерге, жаңа табыстарға қадам басамыз! – деді Президент съезд делегаттарының алдында.

 

 

 

Мәжілістің кезектен тыс сайлауына «Нұр Отан» ХДП-дан

127 адамның партиялық тізімі жарияланды

 

/«BNews.kz», 25.11.2011 ж./ – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының сайтында Мәжілістің кезектен тыс сайлауына «Нұр Отан» ХДП-дан  127 адамның  толық партиялық тізімі жарияланды.

Бұған дейін  BNews.kz ақпараттық агенттігі хабарлағанындай,  аталған тізім бүгін, 25 қарашада  «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының   XIV съезде  қабылданды.

 

 

«Нұр Отан» партиясы алдағы Мәжіліс аламанына дайын

 

/«Хабар» агенттігі, 25.11.2011 ж./ - Партияның сайлауалды тұғырнамасы жалпақ елге жария етілді. Аламанға түсетін үміткерлердің есімдері де белгілі болды.

Бүгін Астанадағы тәуелсіздік сарайында өткен «Нұр Отан» ХДП-сының кезектен тыс құрылтайында партия жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз қазақ елі шежіресінің бір белесіне қорытынды жасап, келесі тағы бір жауапты кезеңінің бетін ашты. Алда сайлау науқаны. Әр партия үміткерлерін үкілеп, сайлауалды тұғырнамаларын тәптіштеп, аламанға дайындалып жатыр. «Нұротандықтар» әдеттегісінше саяси бәйгенің қақ ортасында. Бүгін Астанаға еліміздің барлық аймақтарынан 600-ге тарта өкілі келіп, кезектен тыс құрылтай өткізді. Партия жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» билік құрған кезекті кезеңнің қорытындысын шығарды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Арайлы азаттық арқылы қол жеткізген жетістіктеріміздің баршасында «Нұр Отан» партиясының сүбелі үлесі бар. Төңірегіне мұраттас серіктерім топтасқан партия тәуелсіздік жылдарында қоғамды жаңа жобаларға жұмылдыра білді. Шын мәнінде халықтық ұйымға айналған «Нұр Отан» менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы болды. Осылайша біз биік белестерді бірге бағындырдық.

Бұл бір саяси кезеңнің ғана емес, қазақ елінің тұтас дәуірге бергісіз шежіресі жазылған ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының қорытындысы. Көзі қарақты, көкірегі ояу әрбір қазақтың кешегісі мен бүгінін және ертеңгі барар бағытын бағдарлап алу үшін тағы бір ойланар сәті. Әріге бармай-ақ, соңғы 5 жылды алып қарайық. Содан бері экономика екі есеге жуық өсіп, тұрмысы жайлы 50 мемлекеттің қатарына ендік. Адам басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз 10 мың доллардан асып, Шығыс Еуропаның бірқатар елдерін басып оздық. Халықаралық сарапшылар бізді әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан 3 экономиканың біріне балап отыр. Тек биылдың өзінде 350-ден астам инновациялық кәсіпорын іске қосылады.

Ерғазы ҚОШАНБЕКҰЛЫ, «НҰР ОТАН» ХДП АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БӨЛІМШЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің Алматы облысындағы Жетіген-Қорғас темір жолына да, Мойнақ ГЭС-інде де, олар ғасырлық құрылыс деп аталады, осы жұмыстарда да айтқан уәдесінде тұрып, айтқан уақытында осындай алып құрылыстарды жуық арада жұмысқа қосайын деп жатыр. Сондықтан, «Нұр Отан» әрқашан да өзінің сөзіне іспен жауап беретін партия.

Мұны жаһандық өлшемдегі табыстар делік, ал қарапайым адамдардың күнделікті тірлігі қалай өзгерді? Соңғы төрт жылда бюджет қызметкерлерінің жалақылары мен студенттердің шәкіртақылары 2 есеге, зейнетақы мен балалы аналардың жәрдемақылары 2.6 есеге өсті. Елімізде 4 мың балабақша, 350 мектеп ашылды, 150 емхана салынды. Мұның барлығы осының алдындағы Мәжіліс сайлауы қарсаңында «Нұр Отанның» тұғырнамасы ретінде айтылған жайттар-етін.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бүгін мына құрылтайдың мінберінен «Нұр Отан» партиясы 2007-жылғы сайлау кезінде ту еткен халықтық тұғырнама мерзімінен бұрын орындалды деп кең тыныспен мәлімдей аламыз. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Бұл көрсеткіштердің барлығының артында барша халқымыздың, сосын әрине, «Нұр Отан» партиясының тынымсыз еңбегі жатыр. Партияның Парламенттегі басымдығының негізінде құрылған үкімет те өзінің кәсіби білігін танытты.

Біз өткенге салауат айтып, келешекке көз тіккен халықпыз. Бүгінгі құрылтайда «Нұр Отан» партиясының Мәжіліс сайлауы қарсаңындағы тұғырнамасы ретінде «2017 жылға дейінгі ұлттық іс-әрекеттер жоспары» бекітілді.

 

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біздің сайлауалды тұғырнамамыз «Қазақстанның 2020-жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының» және «Қазақстан-2030» стратегиясының нақты кезеңдерге сәйкестендірілген құрамдас бөлігі. Ендігі ортақ міндет – сайлауалды аламаны кезінде партиялық мақсатымыздың - түпкі мәнін әрбір сайлаушыға, әрбір қазақстандыққа жеткізе білу. Ел тәуелсіздігінің үшінші он жылдығының тарихы бүгіннен басталады.

Бұл кезең бізді әлі талай сынақтарға салары сөзсіз. Бірақ, көз қорқақ қол батыр. Алға асқақ мақсат қоймаған адам ешқашан биік белестерді бағындыра алмайды. Бұл ретте «Нұр Отан» жария еткен қарекеттер тізбесі елдің бүгінгі әлеуеті мен ертеңгі мақсатын алда экономикалық дағдарыстың тың легі келе жатыр деген сәуегейлердің болжамдарын ескере отырып белгілеген шынайы қадамдар жоспары. Сонымен, ол жоспар не дейді? Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының жаңа белесін бір-біріне тығыз байланысқан 5 тарауға бөліп қарастырды. Білім беру мен денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, жастар және тұрғын үй саясаты жүйелерін тиімді де әділ ету алдағы жұмыстың басты межесі.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біріншіден, біз ата-аналар өз балаларының болашақта білім алуына қажетті қаржысын жинай бастауына мүмкіндік беретін білім берудің депозиттік жүйесін енгізуіміз керек. Алдағы 5 жылда 3 мыңнан астам балабақша мен балаларды мектепке дейінгі дамыту оратылығы ашылып, кемінде 400 мектеп салынып, әлемдік деңгейдегі кәсіби колледждер желісін құру жобасы жүзеге асырылатын болады.

Президент 5 жылда мұғалімдердің жалақылары олардың кәсіби біліктіліктеріне қарай 30-дан 100 пайызға дейін өсетінін мәлім етті. Екінші бағыт – денсаулық сақтау саласы осы уақытта 300 жаңа дәрігерлік бекетпен, 50 емханамен толығады. 2017 жылға қарай ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін бір жарым есеге азайту көзделген.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Үшіншіден, әділ әлеуметтік жүйе дегеніміз алдымен тұрғындардың әлеуметтік жағдайы әлсізірек тобына жақсы зейнетақы мен жәрдемақы төлеу. 2017 жылға қарай негізгі зейнетақы төлемдері мен арнаулы әлеуметтік көмек күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 60 пайызынан кем емес болады.

Алдағы жылдары ауылдағы кәсіпкерлердің 3 миллион теңгеге дейін несие алуына мүмкіндік беретін шағын несие бағдарламасы жүзеге асырылады. Осының барлығы 2018-жыл дегенде әлемдегі халқы жоғары табысты елдері санатына қосылуымызға мүмкіндік беруі тиіс. Төртінші мәселе – тұрғын үй саласы. Партия көшбасшы жария еткен бағдарлама бойынша алдағы 5 жылда 24 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Орташа есеппен әрбір пәтерді 70 шаршы метр деп есептесек, 343 мың отбасы қоныс тойын тойлайды деген сөз. Мұнда басты назар жас отбасыларға аударылады. Президент басты басымдықтар қатарында атаған бесінші мәселе – жастар саясаты.

Біржан ЖАЛҒАСБАЕВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көптеген жастар ауылға өзінің бітірген мамандықтары бойынша жұмысқа тұрып жатыр. Ол жастарға көптеген қолдаулар жасалып жатыр. Мінеки, биыл бітірген жастар келіп, тарихта болмаған жағдай болды мысалы. Барлығына пәтер берді. Жеке-жеке әрқайсысына. Жағдай жасалды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жастарды Қазақстанның өндірісті жаңғырту бағдарламасына барынша тартумен қанаттаса өрбиді. Жас мамандарды, жас отбасыларды қолдау қазір де мықтап қолға алынған. Әскерилер, Отан қорғаушылар да ұмыт қалмайды.

Бақытбек СМАҒҰЛ, АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ҰЙЫМЫ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз ауған соғысының ардагерлері, осы мемлекеттегі мәртебе алу үшін, Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдармен бірдей деген статусының деңгейінің, қаншама жүгірсек те, ең шешімі осы «Нұр Отан» партиясы арқылы шешілді.

Бақытжан ЕРТАЕВ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:

- Офицердің жалақысы бізде талай өсті. Кейінгі кезде тағы 30 пайыз қосылды. Міне, ол. Және мына ардагерлерге қандай көмек беріп жатыр. Бәр тірлікті, көзімізбен өзіміз көріп жүрміз. Сол себептен, «Нұр Отан» партиясына мен қадам басып, шын жүрегіммен сол жолға түскенім, ары қарай да осы еліміздің қамын ойлап, қарапайым еліміздің жағдайын ойлап, солармен бірге боламыз деп ойлаймын.

Алдағы уақытта жастардың отан қорғау, елдің тыныштығын күзету ісіне тартуға, әскерилерді басапанамен қамтамасыз ету назарда болады. Мұның барлығы «Нұр Отанның» сайлауалды тұғырнамасында толығымен қамтылған.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Ұлттық жоспарды жасауға партияның «Халық даусы» шарасының аясында еліміздің миллионнан астам азаматы пікір қосып атсалысты. Біздің партияның халықтық-демократиялық деген анықтауышы бар, себебі ол барша Қазақстандықтардың мүдделерін қорғайды. Ендігі міндет – әрдайым әділдік партиясы бола білу. Бұл «Нұр Отан» партиясының ұзақмерзімді саяси көшбасшылығының, өз сайлаушыларының сенімін ақтаудың ең басты шарты.

15-қаңтарда сайлау аламаны көмбеге жетеді. Бұл сайлаудың басты ерекшелігі - кім қанша дауыс алғанына қарамастан Мәжіліс кемінде екі партиядан, дауыс беру қорытындысына қарай бәлкім одан да көп партиядан тұрады. Сондықтан, Парламенттің ұлттық мүдде, ұлттық мәселелерге келгенде алауыздыққа берілмей, ауызбіршілік көрсетуі маңызды. Президент сыбайлас жемқорлықпен күреске де айрықша мән беру керектігін ескертті. Жемқорлықпен бұған дейінгі ымырасыз күрес жалғасын табуы тиіс.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- «Нұр Отан» партиясы жемқорлықпен күрес жөніндегі 300-ден астам қоғамдық кеңестің жалпыұлттық желісін құрып, басқарып келеді. Онда азаматтардың мыңнан астам шағымы қаралып, олардың көпшілігі бойынша қылмыстық істер қозғалды, нақты шенеуніктер жазаға тартылды. Біз жемқорлықпен ешқандай мәмілеге келмеуіміз керек.

Партия көшбасшысы «нұротандықтарға» саяси жұмыстың жаңа тәсілдерін меңгеруді тапсырды. Мамандар саясатының нақты жүйесін түзу, стратегиялық бастамалардың қайнар көзіне айналу, партия басшылығы мен оның Парламенттегі фракциясы қызметінің үндестігі, жаңа тұғырнаманың орындалу барысын қатаң бақылауға алу, басқа да саяси ұйымдармен ынтымақтастық орнату жайы басты қаперде болуы шарт.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Президент ретінде мен, Мәжілістің жаңа құрамына өкілдері өткен барлық саяси күштермен қоян-қолтық жұмыс істейтін боламын. Парламенттік партиялардың барлығы тек Отанымыздың ұлттық мүдделерін басшылыққа ала отырып, жемісті жұмыс істейтініне сенемін.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ХДП ТӨРАҒАСЫ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

- Бұл платформаға біраз жаңа дүниелер кіргізілген. Сондықтан, енді мен өзім ойлаймын, қазір осы платформаны барлық партия мүшелері халықтың ішіне барып, түсіндіріп, насихаттау керек. Және де осы платформа орындалады деп сенеміз. Және осы платформаның арқасында Қазақстанда әлі біраз үлкен жұмыстар жасалады.

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

- Қазір Еуропада болып жатқан көп жағдайлардың барлығы, әлеуметтік тұрмысқа байланысты болып жатыр. Көптеген дүние жүзіне атақты кәсіпорындар жұмысшыларын қысқартып жатыр. Мінеки, осындай жағдайларды болдырмау, соның алдын алу жөнінде бағдарламада, бұл меніңше болатын болса, қазіргі сайлауалды бағдарламасының ең өзекті, ең сүйекті жерлері.

Президенттен кейін мінбеге шыққан шешендердің қай-қайсысы да тұғырнамада жария етілген биік белестерді бағындыруға елдің қауқары жететінін, бірлік пен берекені ту, ұлттық жоспарды темірқазық етіп іске кірісетіндерін айтып жатты.

Ахметжан ЕСІМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ұлттық жоспарды жүзеге асыруға толық мүмкіндігіміз бар.

Болатхан КӨПТІЛЕУОВ, «ҚАЗФОСФАТ» ЖШС ЖҰМЫСШЫСЫ:

- Осының бәрін жүзеге асырсақ, еліміздің өнеркәсіптік дамуында үлкен бетбұрыс болатыны айқын. Сондықтан да, құрметті әріптестер, демалатын уақыт жоқ. Күш-жігерімізді жинап, Президент тапсырмаларын бұлжытпай орындап, Қазақстанның гүлденуіне үлесімізді қосуымыз керек!

Нұрлан ӘЛІМЖАНОВ, АКТЕР:

– «Нұр Отан» біз үшін сенімді болашақ партиясы, бүгінгі істеліп жатқанның барлығы - бұл ертеңгі болашаққа арналған. Біз осыған сенімдіміз. Ал, біз қазақ жастары, өз болашағымызды Елбасымызбен және «Нұр Отанмен» байланыстырамыз.

Бүгінгі құрылтайда «нұротандықтар» алдағы Мәжіліс аламанына баратын үміткерлерінің есімдерін де жария етті. Аттары аталған 127 үміткердің тізімінен саясаттың сорпа бетіне шығар марқасқаларынан бастап, аудандық партия ұйымының өкілдеріне дейін, азулы әкімдер және басқа да жоғары лауазым иелерінен бастап өнерде, спортта өзіндік тұлғалары сомдалып үлгерген танымал жастарға дейін бар. Кешегі Мәжіліс депуттарының бірқатары да тізімде. Бірақ, бұл бүгінгі тізімдегілердің барлығы халық қалаулысы атанады деген сөз емес, сайлау аламанынан кейін қай партия қанша орын алғанына байланысты ауыс-қиыстар болады. Бас партияның тұғырнамасы – ұлттық іс-әрекет жоспары жарияланды. Ендігі сөз - сайлаудан кейін.

 

 

«Нұр Отанның» партиялық тізімі салмақты сақа саясаткерлермен,

ұлттың беделді ұландарымен қалыптасып отыр - Е. Қарин

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/  - «Нұр Отанның» партиялық тізімі салмақты сақа саясаткерлермен, ұлттың беделді ұландарымен қалыптасып отыр.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі өтіп, онда алдағы Мәжіліс сайлауына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілген болатын. Осыған орай журналистерге өз пікірін білдірген «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин осылай деп мәлім етті.

«Партиялық тізімдегі тұлғалардың басым көпшілігі партиялық және мемлекеттік қызметтерде қызмет атқарған, негізінен тәжірибелі, салмақты тұлғалармен қалыптасып отыр. Мұнда ұлт мүддесін қозғайтын жас қайраткерлер де баршылық. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының алдағы тұғырнамасын тек партия тізіміне енген тұлғалармен өлшеуге болмайды. Яғни, партиялық тізімге еніп отырған адамдар ғана ертеңгі Үкіметтің саясатын анықтаумен айналыспайды. Бұнда тоқтала кететін жайт, партияның тұғырнамасының іске асуында болып отыр. Ал алдағы бағдарламада ұлттық, мемлекеттік мәселелер кеңінен қамтылған», - деді Е. Қарин.

Оның пайымдауынша, партияның алдағы бағдарына қатысты сараптаманы тек партиялық тізіммен қарастыруға келмейді. «Керісінше, барлық жағдайда партиялық тізімге емес, партияның бағдарламасына көп салмақ түсіру керек деп ойлаймын», - деді Е. Қарин.

 

 

Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне

қадам басады – саясаттанушы

 

/«BNews.kz», 25.11.2011 ж./ – Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басады. Бұл туралы саясаттанушы Ерлан Карин BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады. 

«Депутаттар елдiң бұрынғы даму қорытындысын шығарады, және ең алдымен, алдағы болашақты талқылайды. Бiз өз дамуымыздың жаңа кезеңіне қадам басамыз», - деді Е.Карин.

Саясаттанушы атап өткендей, сайлаудың дәл осы уақытта өтуі қисынды. 

«Саясаткерлердің сайлау алдындағы пікірталастары барысында тұтастай алғанда сайлау ел мен қоғамның даму басымдықтарының жаңа жүйелерін анықтауға мүмкіндік береді. Сайлау және парламенттің таратылуына қатысты айтар болсақ, саясаттанушы ретінде жеке өз басым үшін бұл сайлау елдің дамуын жеделдетуі тиіс», - деп мәлімдеді Е.Карин.   

 

 

«Нұр Отан» мол өмірлік тәжірибесі бар

адамдарға таңдау жасады – Ертісбаев

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 25.11.2011 ж./ - «Нұр Отан» өзінің сайлау алды тізімін қалыптастыруда  мол өмірлік тәжірибесі бар адамдарға таңдау жасады, деп мәлімдеді «Қазақстан жаңалықтары» агенттігіне Президенттің саяси мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның ортасында Парламенттің төменгі палалатасы – Мәжілісті тарату туралы жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс Парламенттік сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленді. Сайлаудан кейін, заңнамаға сәйкес, Мәжілісте кем дегенде екі партия болады.

Жұмада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде делегаттар партияның 127 мүшесі өткен тізімге дауыс берді, олардың қатарында – облыс және қала әкімдері, Мәжілістің бұрынғы депутаттары, танымал спортшылар, музыканттар, артістер бар.

«Таңдау мемлекет басшысы дыбыстаған ұтқыр бөлікке жасалды. Бұл бүкіл қазақстандық электоратқа әсер ететін өте күшті бағдарлама», - деп мәлімдеді Ертісбаев.

«Партиялық тізімде бар тұлғалар – мол өмірлік тәжірибес бар, танымал адамдар», - деді ол.

 

 

«Нұр Отан» тұғырнамасы халықтың сұранып тұрған

қажеттіліктеріне толық жауап береді - Қ. Сұлтанов

 

/«ҚазАқпарат», 25.11.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/  - «Нұр Отан» тұғырнамасы халықтың сұранып тұрған қажеттіліктеріне толық жауап береді.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты партияның сайлауалды тұғырнамасы қабылданды. Осыған орай журналистерге өз пікірін білдірген мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов  осылай мәлім етті.

«Халыққа керегі - жұртшылықтың әлеуметтік әлеуетін күшейту. Бұл тұрғыда айта кетерлігі, «Нұр Отан» бұған дейінгі халық алдында жариялаған тұғырнамасын толық атқарып шықты. Бұған дейінгі тұғырнама үлкен базаның рөлін атқарып, болашақтың мүмкіндігін ашуға септігін тигізді. Ендігі уақытта жұртшылықтың әлеуетін арттыру мақсатында жұмыс орындарын көбейту, жаңа технологиялармен жарақтанып, азаматтарды жаңа деңгейде оқыту міндеті тұр. Бұл ретте үлкен қалаларға, үлкен өндірістерге қарай қозғалыс болып жатқаны айқын. Бұны мемлекет өз есебімен пайдаланып қалуы керек. Сайлауалды бағдарламаның ең өзекті, ең сүйекті тұсы да осы», - деді Қ. Сұлтанов.

Оның айтуынша, «Нұр Отан» бағдарламасы халықтың сұранып тұрған қажеттіліктеріне толық жауап береді. «Сайлау алдындағы бағдарлама халықтың жүрегіне жетуі шарт», - деді Қ. Сұлтанов.   

 

 

Партиялық тізімде кімдер бар?

 

/«Айқын», 26.11.2011 ж., А. Көшкенова/ - «Нұр Отан» партиясының алдағы Парламенттік сайлауда ұсынатын партиялық тізіміне Қазақстанның белгілі саяси тұлғалары, жоғары лауазым иелері, спортшылар, артистер, бұрынғы депутаттар кірген.

Билік партиясының 127 үміткерден тұратын тізімінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Мәулен Әшімбаев, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім, спортшылар Ольга Шишигина мен Александр Винокуров, әншілер Нұрлан Абдуллин, Әлібек Дінішев, музыкант Жәния Әубәкірова және Нұртай Сабильянов, Зағипа Бәлиева, Тәңірберген Бердіоңғаров сияқты бұрынғы депутаттар да бар. Сонымен бірге үміткерлер тізімінде Дариға Назарбаеваның да аты аталды.

Ерлан ҚАРИН, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

- Тамаша тізім! Партиялық тізімдегі тұлғалардың басым көпшілігі - партиялық, мемлекеттік қызметте талайдан бері жұмыс атқарған азаматтар. Тізімге, негізінен, салмақты, тәжірибелі тұлғалар енгізілген. Мен ешқандай тосын жайттар көрмедім. Дариға Назарбаеваның кандидатурасына келсек, ол партияның белсенді мүшесі әрі саяси кеңесі мүшесі болды. Партиялық тұлғалар үнемі жаңару үстінде. Бұл дұрыс. Съезд рәсімі бойынша тізімге қатысты пікір айтып, ұсыныс білдіруге рұқсат етілді. Бірақ съезге қатысушылар барлық үміткерлерді бірауыздан қоштады. Парламентте өте тәжірибелі, білікті мамандар талап етіледі. Мысалы, Қуаныш Сұлтанов - еліміз тәуелсіздік алған кезден бері еңбек етіп, елшілік қызметте болып, комитеттер басқарған. Партиялық тізімде ұлттық тақырыпты көтеріп жүргендер де бар. Мәулен Әшімбаев - ұлттық бағытта жұмыс істеп келе жатқан жас қайраткерлердің бірі. Тізімде осы сияқты тәжірибелі адамдардың болуы партияның сайлау алдындағы салмағын арттыра түседі.

 

Қуаныш СҰЛТАНОВ, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына ұсынылып отырған саясаткер, экс-сенатор:

- Мен үшін бұл - үлкен жаңалық! Сенатта он жыл қызмет жасаған кездегі менің тәжірибем, мүмкіндігім керек болған шығар. Жұмыс істейтін мүмкіндігім бар. Егер маған сенім соңына дейін көрсетілсе, оны уақыт көрсетер, партияның тұғырнамасын жүзеге асыруға, халық үшін, халықтың әлеуеті мен мемлекетіміздің гүлденуі үшін қолымыздан келгенін аянбаймыз.

Ермахан ИБРАИМОВ, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына ұсынылып отырған спортшы, Олимпиада чемпионы:

- Қазақстанның экономикасын алға жылжыту үшін азаматтардың дені сау, ойы сергек болуы тиіс. Сонда ғана экономикамыз алға жылжи алады. Сонша спортшының тізімге енгеніне қарағанда, Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандықтардың 30 пайызын спортқа тарту - ең бір басты мәселелердің бірі сияқты. Депутат бола аламын деп ойлаймын. Өзім көптеген жерлерде жұмыс істедім. Экономика немесе басқа салаларға дайын болмасам да, спорт пен дене шынықтыру идеясын алға жылжытуға әзірмін. Егер мүмкіндік берілсе, ең алдымен жастарды спортқа тарту мәселесін алдыға шығармақпын. Спортпен айналысыңыздар, дендеріңіз сау болады!

Мұхтар АЛТЫНБАЕВ, сенатор:

- Съезд еліміздің жиырма жылдық тәуелсіздігі қарсаңында өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұрын: «Ең алдымен экономиканы көтеріп алайық, сосын саясатты реформалаймыз» деген. Енді сол айтқан сөздері іске асуда. Мәжіліске депутаттыққа үміткерлер тізімі белгілі болды. Бұл - съездегі басты мәселенің бірі. Партиялық тізім сапасы жағынан жоғары. Оған Президент әкімшілігінен лауазымды тұлғалар, әкімдер, министрлер, генералдар, атақты спортшылар өтіп жатыр. Мысалы, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев та үміткерлер қатарында бар. Тізім өте күшті! Бәлкім, тізімдегілердің 30 пайызы өтпейтін шығар. Бірақ соның өзінде белгілі тұлғалар көп. Соған қарағанда, алдағы Мәжілістің өз жұмысын жақсы атқаратын, күшті Палата болатынына сенімдімін.

Рамазан СӘРПЕКОВ, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына ұсынылып отырған саясаткер, экс-депутат:

- Алда қаншама көлемді жұмыстар күтіп тұр?! Ең басты мәселе - қайта келе жатқан қаржылық дағдарысқа қарсы әрекет ету. Сол уақытта әлеуметтік мәселелеріміз кешеуілдеп, орта жолда тұрып қалмауы маңызды. Инновациялық бағдарлама бойынша жұмыстарды аяғына дейін жеткізу керек. Елдің ішіндегі қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау маңызды. Осы сияқты 2017 жылға дейінгі міндеттер белгіленіп отыр. «Нұр Отан» партиясы тізімі арқылы осы жұмыстарды іске асыру қолынан келеді деген үміткерлер ұсынылды. Сайлаудан кейін партияның алған орнына байланысты депутаттар сайланады. Маған көрсетіліп отырған сенімге алғысымды айтамын. Осы уақытқа дейін екі мәрте Парламент депутаты атандым. Мамандығым заңгер болғандықтан, барлық заңға бірдей көзқараспен қарап келемін. Мәселен, Мәжілістің 4-шақырылымы кезінде барлығы 156 заң қарасақ, соның ішінде жеке өзім соларға қатысты 670 ұсыныс енгізген екенмін. Келесі шақырылымда ең алғашқы қажеттілік бойынша экономикалық, қоғамдық тәртіпке қатысты заңдар болса, соған да атсалысамыз деп ойлаймын.

Бақытжан ЕРТАЕВ, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына ұсынылып отырған генерал, Халық Қаһарманы:

- «Нұр Отан» партиясының осы съезі мен үшін өзгеше. Оған өзім әскери формамен емес, азаматтық киіммен келдім. Себебі мен отан қорғау саласында 42 жыл жұмыс істедім, енді басқа сапқа тұруға уақыт келді. Отанының болашағын, жастарды, елдің өніп-өркендеуін ойлаған - осы партия. Менен кейде: «Неге бұл партияға биыл келдіңіз? Бұрын неге өтпедіңіз?» деп сұрайды. Мен айтамын: «Нұр Отан» қатарында бұрыннан бармын. Себебі Отан қорғау - жастайымнан қалап алған мамандығым. Сондықтан өзімді бұрыннан партия мүшесі санаймын.

 

 

Делегаттар лебізі

 

/«Егемен Қазақстан», 26.11.2011 ж./:

 

Әбдіраш АҚЫЛБЕКОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің деканы:

– Бұл съездің ерекшелігі айрықша деп ойлаймын. Бірінші мәселе – 15 қаңтарда өтетін сайлауға депутаттарды ұсыну болды. Болашақта осы депутаттарға көп нәрсе байланысты болады ғой. Біраз мәселені солар шешеді. Парламент Мәжілісінің тарап отырғаны да жай емес. Алдымызда әлемдік дағдарыс келе жатыр. Бұл соған дайындықтың бір көрінісі. Ал дайындық тәжірибелі Парламенттен де бастау алары сөзсіз. Соған байланысты «Нұр Отан» партиясының съезі өзінің белді деген азаматтарын ұсынды. Съезге студенттер қауымы да үлкен дайындықпен қатысты. Енді университеттегі аудиторияларда осы съезде қандай мәселелер көтерілгенін айтып, сол арқылы біз бұл съездің маңыздылығын жан-жақты жеткізетін боламыз.

Ұласбек СӘДІБЕКОВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Съезде екі мәселе қаралды. Біреуі – сайлауалды тұғырнаманы қабылдау, екіншісі – алдағы Парламент Мәжілісі сайлауына партиялық тізімді ұсыну. «Нұр Отан» партиясының лидері, Елбасы 2007 жылғы сайлауда қабылданған тұғырнаманы осылай жария еткен болатын. Одан бергі уақыттың ішінде сол тұғырнамада көрсетілген мәселелер артығымен орындалды деп айтуға болады. Әсіресе, әлеуметтік мәселелер. Себебі, халыққа керегі де осы әлеуметтік мәселелердің шешілуі ғой. Әлемдік дағдарысқа қарамастан миллиардтаған қаржы бөлініп, олар бірінші кезекте ауылдық жерлерге жетіп жатты. Осылайша, ауылдардағы әлеуметтік жағдайлар шешілді.

Ал әлеуметтік жағдай дегеніміз – аурухана, балабақша, мектеп, таза су, жол. Міне, осы салаларға қыруар қаржы қарастырылып, үлкен жұмыстар атқарылды. Бұл ретте Елбасының Жолдауда айтқан сөздеріне, басқа да мінберлерде көтерген бастамаларына қатысты қабылданатын бағдарламаларға қарап отырып, іс пен сөздің қатар жүретінін Қазақстан халқы біледі деп ойлаймын.

Мұхит ШЕРМҰХАНҰЛЫ, «Нұр Отан» ХДП Қорғалжын аудандық филиалы төр­ағасының бірінші орынбасары:

– Біз республикалық саяси кеңестің кеңейтілген Мәжілісінде Саяси Кеңестің мүшелерімен бірге осы съезде талқыланған мәселелердің барлығын қарап, нәти­жесінде олар бірауыздан мақұлданды. Партияның 2017 жылға дейінгі ұлттық бағыттағы шаралары халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Партия өзінің істің партиясы екенін дәлелдеп отыр. Денсаулық саласын, білім-ғылым саласын дамыту, әлеуметтік салаларды жақсарту, индустриялық-инновациялық даму бағдарламалары – бұлардың барлығы Қазақстанның гүлденуіне үлес қосатын игі қадамдар деп санаймын.

Болашақта да партияның бастамалары одан әрі жүзеге асырылып, біздер, яғни партия белсенділері өзіміздің мүмкіндіктерімізді пайдаланып, үлесімізді қосамыз деген сеніміміз бар.

Өмірзақ МЕЛДЕХАНОВ, Шымкент қалалық филиалының «Нұр Отан» партиясы төрағасы:

– Съезде қаралған мәселенің алғашқысы – «Нұр Отан» ХДП-ның 2017 жылға дейінгі ұлттық іс-қимыл жоспары. Екінші мәселе – Парламент Мәжілісі сайлауына депутаттыққа түсетін кандидаттардың тізімін ұсыну және бекіту. Әрине, әрбір съезден халық үлкен жаңалық күтеді. Бұл орайда жаңа өзгерістер мен жаңа бастамалар, соған сәйкес игі жұмыстардың атқарылуын күтеді. Алда үлкен сайлау келе жатыр. Осы сайлау кезінде «Нұр Отан» партиясы өзінің орнын тағы да нықтай түседі деген ойдамын. Себебі, халық арасында партияны басқарып отырған Елбасымыздың беделі, «Нұр Отан» ХДП беделі жақсы.

Ал партияның 2017 жылғы ұлттық іс-қимыл жоспарына келсек, «Нұр Отанның» алдына қойып отырған мақсат-міндеті, соған сәйкес көтерілетін бастамалар – біз үшін айрықша маңызды. Себебі, осындай мақсат-міндеттер мен бастамаларға қарай біздің бағдарымыз айқындалады, экономикамыз одан әрі жандана түседі.

Мұрат ӘБЕНОВ, «Нұр Отан» ХДП мүшесі:

– Біз бүгінгі күнге дейінгі алдымызға қойған мақсаттарымызды орындадық деп ой­лаймын. Қаржы дағдарысы болды, басымыздан көптеген қиыншылықтар өтті, бірақ соған қарамастан көп шаралар атқарылды. Оның нәтижесін көріп отырмыз. Экономика, саяси, әлеуметтік салалардағы барлық өзгерістер өз нәтижесін берді. Алдағы уақытта да алға қойған мақсаттарымызға жетеміз деп ойлаймын.

Бүгінгі күні біз мынаны байқап отырмыз: білім саласында, денсаулық сақтау саласында, жастарды қорғау мәселелері бойынша алдымызға көп мақсат қойып отырмыз. Осы орайда біздің сайлаушыларымыз «Нұр Отан» ХДП-ға толық қолдау көрсетеді деп сенеміз.

Ермек КЕЛЕМСЕЙІТ, Алматы облысы, Панфилов ауданының әкімі:

– XIV съезд – тарихи съезд. Әрине, жетістігіміз де бар. Алды-артымызға қарайтын да кезең. Жүрген жолымызды бағамдайтын кезең. Қазіргі таңда Парламент Мәжілісінің жаңа құрамын сайлауға кірісіп отырмыз. Депутаттыққа ұсынылған, аты аталған азаматтардың барлығы нағыз еңбек майданының ортасынан келгендер, өмірдің түрлі соқпағынан өткен лайықты азаматтар деп айтар едім. Ендігі кезеңде үлкен даму жолына түсеміз деп ойлаймын. Ал оған мұндай Парламентарийлер өте қажет. Мен өзім де Парламенттің бірінші, екінші шақырылымының депутаты болғанмын. Сондықтан ол жердегі істің қандай екенін, ауқымы қандай екенін, қандай тәжірибе қажет екенін сеземін, білемін.

Біздің мемлекеттің жоспарлары ұлттық сипатқа ойысып келе жатыр. Соған сәйкес ұлттық мүдде де бірінші кезекте тұрады деген ойдамыз. Қазірдің өзінде жақсы деңгейлерге жетіп отырмыз. Алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарына қосылу үшін әлі де атқаратын көп істеріміз бар. Ал ұлттық идеяны қалыптастырып, ұлттық рухымыз жоғарылайтындай дәрежеге жетсек, бүгінгі жеткен жетістігіміз тіпті де жоғарылай түсер еді.

Бақытжан ЕРТАЕВ, Халық қаһарманы:

– Бұл съездің мағынасы да, табиғаты да өзгеше. Себебі, бұл съезге «Нұр Отан» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі ұсынылды. «Нұр Отан» – ел партиясы, елдің қамын ойлаған партия. Не себепті, «Нұр Отан» партиясын көпшілік қолдайды. Себебі, ол – елдің ниет-тілегін ойлайтын, елдің қамын ойлайтын партия. Сондықтан да бұл партия жеңіске жетіп жатыр. Бұл съезде партияға көп игі тілектер айтылды. «Нұр Отан» бастаған жол әрі қарай жалғаса берсін деп тілеймін. Себебі, Елбасы атап өткен, біздің 2020, 2030 жылдарға дейінгі көзделген стратегиямыз біртіндеп орындалып келеді. Ендеше, барлығымыздың пікіріміз үндес болуы керек.

Егемен еліміздің 20 жылдық мерейтойы жақындай түсуде. Осы орайда еліме тілейтінім: кең байтақ жеріміз тұтас болсын, көпэтносты еліміз өзара тату болсын. Ол үшін әрдайым «Нұр Отанмен» бірге маңдай терімізді төгіп жұмыс істеуіміз қажет.

Рүстем ҚАРКЕНОВ, Қостанай қаласы әкімі аппаратының жетекшісі:

– «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХIV съезінде ал­дағы міндеттер бағдарланып, нендей бағытпен жылжуымыз керектігі айшықталды. Мәжіліс депутаттарының сайлауын өткізуін қолдай отырып, жыл басынан барлық ұйымдастыру мәселелерін шешіп алған дұрыс деп есептеймін. Жаңа депутаттармен жасақталған Парламентпен біраз шаруаны атқарып тастайтынымызға сенімдіміз. Алдағы сайлау тартысты өтерін де қаперден шығармаймыз. Бұл саяси бәсекеге «Нұр Отан» партиясы да сайлауға әр салада өзін танытқан тәжірибелі, ел алдында абыройы бар азаматтарын қосып отыр.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылында Қазақстан көптеген табыстарға қол жеткізді. Бір ғана мысал, бұрын мемлекеттік қызмет саласында айлық жалақы аз болғандықтан, оған ешкім барғысы келмейтін. Қазір жағдай күрт өзгерді. Бұл өзге салаларға да қатысты. Партияның бұл жердегі атқарған істері орасан.

Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА,  сенатор:

– Мен сенатор ретінде Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттардың тізімінде әйелдердің өскенін дұрыс бағалаймын. Оның ішінде бұрын депутат болған азаматшалар да бар. Олар Парламентте өте жақсы деңгейде жұмыс істеді. Депутаттыққа ұсынылғандардың арасында, сондай-ақ мемлекеттің дамуына көп үлес қосып отырған әйелдер де бар. Сондықтан олардың тағы да тізімге түскеніне қуаныштымын. Болашақта олар өз тарапынан мемлекеттің өркендеуіне айтарлықтай деңгейде ықпал етеді деп ойлаймын.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Партияның сайлауалды Тұғырнамасы құрылтайға дейін толық жасалды. Аталған жоба жер-жерлерде талқыланып, құрылтайда қолдау тапты. Өзім де атсалысқандықтан, Тұғырнамада әлеуметтік мәселелер де көптеп енгізілгендігін айта кетейін. Онда зейнетақы жүйесін әрі қарай дамыту мәселелері де қамтылған. Әсіресе, кедейшілікпен күрес, жұмыспен қамту мәселелері де ерекше орын алып отыр. Партияның Саяси Кеңесінің мүшесі болғандықтан, өзім де ұсыныстар ұсындым.

Үшінші онжылдыққа келе жатырмыз, сондықтан алға үлкен мақсаттар қойылып отыр. Ал бұл сайлау тарихи және маңызы жағынан зор саяси науқан болмақ. Өйткені, еліміз өзінің 20 жылдық тәуелсіздігін атап өткелі отыр. Алда жаңа белестер бар, соған сәйкес талаптар да жаңа болары белгілі. Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығында әлеуметтік сала бойынша көп деңгейлі әлеуметтік жүйе құрылғандығын ерекше атап өткім келеді. Соңғы он жылдың өзінде зейнетақы 8 есеге көбейтілді. Айлық еңбекақы соңғы 3 жылда екі есеге артты. Сонымен қатар, қазір әлеуметтік көмек көрсету тетігі дамуда. Жалпы, кедейшілік деңгейі осыдан 20 жыл бұрын халық арасында 40 пайыз болса, қазір 6-7 пайызға дейін төмендеді.

 

 

Зәуреш БАЙМОЛДИНА, ҚазГЗУ профессоры:

– Партияның кезектен тыс өткізілген құрылтайының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алғашқысы – «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды Тұғырнамасы болса, соңғысы – Парламенттің төменгі Палатасы депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді. Олардың барлығы да ел алдында ысылған, таңдауға лайық жандар. Сондықтан да 15 қаңтар күні өтетін сайлауда партияға қолдау көрсететін сайлаушылардың қатары да көп боларына сенім мол.

Мәжіліс кем дегенде екі партиядан жасақталуы керек, деген талапқа сәйкес партиялар барын салары айтпаса да түсінікті. Екі немесе көппартиялық не үшін керек дегенде, пікірлердің әралуандығы қоғамның алға жылжуына игі ықпалын тигізеді дегім келеді. «Нұр Отан» – алдағы сайлауға тас түйін дайын отырған партия.

Рәшкүл ОСПАНӘЛИЕВА, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты:

– «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XIV съезі Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың тізімін нақтылап берді. Осы ретте партияның қол жеткізген жетістіктерінен сайлаушылар жақсы құлағдар. Елбасының жүргізіп келе жатқан саясаты халық тарапынан ерекше қолдауға ие.

Оңтүстік Қазақстан облысынан құрылтайға келіп отырмын, мәслихат депутатымын. Елімізді түгел айтпағанның өзінде, қазір өңірде атқарылған шаруалар өте көп. Мысалы, 100 мектептің 34-і біздің өңірде салынуда. Тағы жергілікті бюджет есебінен 26 мектеп құрылысы бітті. Бұдан басқа 6 аурухана бой көтерді. Кеңестік кезеңде жөнделмеген жолдар енді қалпына келтіріліп жатқанын да айта кету керек. Әсіресе, соңғы бес жылда жұмыс қарқынды жүзеге асуда. Алдағы сайлауға келер болсақ, ол тартысты өтетін сияқты. Өңірімізде партиямызға деген сенім өте зор екендігін үнемі көріп жүрміз.

Жәнібек КӘРІБЖАНОВ, «Нұр Отан» ХДП мүшесі:

– Партияның кезектен тыс құрылтайы еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтіп отырғандығымен ерекшеленеді. Оның үстіне алда Мәжілістің кезектен тыс сайлауы өткелі тұр. Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның атқарған істерінің барлығын атап өтті. Шынында да, алдымызға қойылған міндеттердің барлығы орындалды. Тағы да үлкен міндеттер қойылып отыр.

Ендігі мәселе, жұмыла отырып, еліміздің болашағын жарқын ететін міндеттерді абыроймен атқарып шығу. Бұл еліміздің өркендеуі үшін қажет. Конституция талабы бойынша Мәжілісте кем дегенде екі партия болуы керек деген талапқа сәйкес сайлауға көптеген партиялар үміт артып отыр. Ең бастысы, егемендігімізді алуымыздың арқасында халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуіміз. Сол егемендігіміздің арқасында халықтың тұрмыс жағдайын айтарлықтай түзетіп келе жатырмыз.

Берік РАҚЫШЕВ, жас депутаттар қауымдастығы Ақмола облыстық филиалының төрағасы:

– Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды іріктеу партия тарапынан жүзеге асырылды. Әрбір үміткердің атқарған істері мен мол тәжірибелері бар. Ағаларымыз партияның қос қанаты саналатын жастарды үнемі демеп, өз қолдауларын көрсетіп келеді. Сондықтан да алдағы сайлаулар үдерісіне белсене қатысамыз, ағаларымыз бен әпкелерімізді қолдаймыз деген ойдамын. Сонымен қатар, жастар жағы жергілікті мәслихаттарға депутаттыққа кандидат болып қатысу ойлары бар екендігін де білдіре кеткім келеді.

 

 

«Нұр Отан» үкілеген үміттер

 

/«Қазақстан» ТРК, 27.11.2011 ж., Е. Айдабосын/ - Сайлау сынды саяси науқанның дүбірі естілген сайын саяси сауатты қауым оның «болғанынан боладысына» құлақ түрген шағы. Мәжілістің ендігі көп партиялы сипатына қанық саяси ұйымдар қазір халық сөзін жеткізер қайраткерлерін тізімдеп жатыр. Бұл дүрмекке биліктің бас партиясы әзірден-ақ сақадай сай әзірлігін білдірді. Осы аптада «Нұр Отан» партиясы құрылғалы бергі осымен 14-ші сьезін өткізіп, заң шығарушы органға үміткерлерінің есімдерін жария етті. Сәтін салса олар мәжілісмендер мәртебесіне партиялық тізім бойынша ие болмақ.

Әлбетте, халық қалаулысына телінетін қадірлі мырзаларымыз, ең алдымен елдің келешегі үшін маңызды заң жобаларын қабылдап, тағдыршешті шараларды жүзеге асырар тұтқалы тұлға. Мәжіліске үміткерлерге халық атынан артылар аманат жүгі зор болмақ. Әзірге 850 мыңнан аса мүшесі бар «Нұротандықтар» болашақта 1 миллиондық межені еңсермек ниетте. Алайда бұл партия атынан сайлауға түспек үміткерлер келешекте тек 1 миллион халықтың ғана мәселесін күйттейді деген сөз емес. Қазақ еліндегі барша жұртшылықтың мұң-мұқтажы оларға ортақ. Ендеше, «Нұр Отан» үкілеген үміткерлер кімдер? Есболат Айдабосын рет-ретімен сараптайды.

«Нұр Отан» партиясы құрылған кезден бастап, яғни 1999 жылдан бері 13 съезд өткізіпті. Ал бүгінгі 14-ші жиынның мән-маңызы  бұрынғылардан ерекше. Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Ғасырға бергісіз 20 жылда қазақ елі ғажайып жетістіктерге жетсе, сол жеңістерде «Нұр Отанның» да үлесі бар. Елдегі жетекші партия - халық алдында берген уәдесін ұмытқан кезі жоқ. Қалтқысыз орындап келеді. Әсіресе   өткен жылдардағы дағдарыс кезінде «Нұр Отан» биліктің бір жағына шығысып көмектесті. Үлескерлер мәселесі, жұмысшылар құқығының қорғалуы, бюджет қаржысының тиімді игерілуі, жемқорлықпен күрес. Осындай мәселелердің   қай қайсысы да «Нұр Отанның» назарынан тыс қалмады.  

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

Арайлы азаттық арқылы қол жеткізген жетістіктердің баршасында «Нұр Отан» партиясының сүбелі үлесі бар. Төңірегіне мұраттас серіктерім топтасқан партия - тәуелсіздік жылдарында қоғамды жаңа жобаларға жұмылдыра білді. Шын мәнінде халықтық ұйымға айналған «Нұр Отан» - менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы бола білді. Осылайша біз биік белестерді бірге бағындырдық. Конституцияға сәйкес біздің Мәжіліс кем дегенде екі партиядан тұруы керек. Елімізде саяси партияларға алғашқы рет осындай мүмкіндік беріліп отыр. Бұл сайлаудың жауапкершілігі менен жүгін арттырып, партиялар арасындағы шынайы бәсекелестікті қыздыра түсетіні белгілі. Мен ел болашағын айқындауға мүмкіндік беретін осы сындарлы сынақта Қазақстан халқы қолдау көрсетіп, «Нұр Отан» партиясы басым дауыс алады деп кәміл сенемін.

Осыдан бірер ай бұрын елімізде «Халық дауысы» атты ауқымды шара басталған еді. Партия жер-жердегі өкілдіктері арқылы ел-жұрттың өтініш, тілегін тыңдады. Бір айда   миллиондаған арыз-шағым, аманат-тілек келіп түсіпті. Солар жинақталып, сұрыпталып партияның сайлауалды тұғырнамасына енді. «Қазақстан   2017 мақсаттары, ұлттық іс әрекет жоспары» деп аталатын құжат «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасымен үндес. Мақсаты - қарапайым елдегі   әр азаматтың лайықты   өмір сүруін көздеген құжаттың арқалаған жүгі салмақты.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

Партия должна быть и будет во главе широкого антикоррупционного движения. Справедливая система образование и здавохранение, справедливая социальная защита, справедливая молодежная жилищная политика - это вопросы новой повестки дня нашего развития. И она отрежена национальном плане действие «Қазахстан цели 2017».

Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары:

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті, партиямыздың төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының алдына нақты тапсырмаларды жүктеді. Онда Ұлт көшбасшысының Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша партия алдында нақты міндеттер аталып көрсетілді. Бұл біздің сайлауалды бағдарламамыздың негізгі тұғыры деуге болады.

Партия тұғырнамасында әлеуметтік мәселелерге үлкен мән берілген. Білім беру саласында жаңа тәсіл «депозиттік   жүйе» енгізу  ұсынылып отыр.    Яғни ата- ана  баланың болашақта білім алуына қаржы жинақтайды. Сонымен қатар балабақша мен мектеп салу ісін тоқтатпақ емес. Алдағы 5 жылда 3 мың бақша, 400 мектеп ашылады. Халықаралық мәртебесі бар кәсіби   колледждер желісі   іске қосылады. Ал, мұғалімдердің жалақасы білігіне қарай   30 пайыздан -100 пайызға дейін өседі. Партия әлеуметтік әділдік жүйесін алға тартады.   

Қуаныш Сұлтанов, «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі:

Бюджеттен жалақы алатын адамдардың жалақысын, тұрмысын жақсарту, алдағы уақытта көтеру, содан кейін кәсіпкерлікті күшейту, кәсіпкерлікті неғұрлым жеделдету, олардың құрылу не болмаса несие беру системасын жеңілдету, бұлар нағыз халықтың тұрмысына қажетті.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» ХДП төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі:

Елбасы елдің алдында тұрған міндеттерді айқындап берді. Ендігі біздің барлығымыздың мақсатымыз, партия мүшелерінің мақсаты – осыны халық ішіне барып, халыққа жеткізу.

Партия жігерлі жастарға қашан да қолдау көрсетіп келеді. Жанамын дегенге от, шабамын дегенге ат беруге әзір. Бүгінде елдің батырына айналған Илья Ильин жақында ғана әлем чемпионатына қатысып, үшінші алтынын алды. Мемлекет абыройын асырып жүрген спортшы бүгін өзін қолдап, қолпаштаған елге, Елбасына алғысын айтты. Биылғы жеңісін тәуелсіздің 20 жылдығына арнайтынын тағы қайталады.  

Илья Ильин, Ауыр атлетикадан 3 дүркін әлем чемпионы:

Қазіргі Қазақстанның дамуы, бұл - сіздің жеңісіңіз, мемлекеттің жеңісі. Нұрсұлтан Әбішұлы біз сізбен біргеміз! «Нұр Отан» - сіздің тірегіңіз. Біз «Нұр Отанмен», сізбен бірге үнемі жеңістерге жетеміз!

Мәжілістің өткен құрамы өз міндетін толық орындады. Съезд кезінде Елбасы төртінші шақырылым депутаттарына айрықша алғыс білдірді. Олар мемлекеттік органдарға тартылады. Әрі бұған дейін заң шығару органында жұмыс істеген депутаттардың тәжірибесі ескерусіз қалмайтынын атап өтті. Ал, алдағы   сайлау додасына   қатысатын    үміткердердің ұзын саны -127 адам. Көбінің есімі халыққа бұрыннан таныс. Тізімде төртінші шақырылым   депутаттары,   өнер қайраткерлері, спортшылар, мемлекеттік орган басшылары, облыс, аудан әкімдері тіпті мектеп директоры да бар. 

Ермахан Ыбрайымов, Сидней олимпиадасының чемпионы:

Спортшыларды өздеріңіз білесіздер, жауапкершілікті өте жоғары сезінетін азаматтар. Бұл жолы да  жауапкершілікті біліп отырмыз. Алдымызға қойған мақсат қандай? Жұртшылықты спортты дамыту, жастарды спортқа тарту. Елбасының жолдауында айтылғандай 30 пайызға жуық Қазақстан халқы спортпен айналысу керек деген. Сол мақсатта жұмыс істейміз.

Жалпы   «Нұр Отан»   партиясының 850 мыңнан аса мүшесі бар. Партия қатары жыл санап толығып келеді. Егер осы қарқынан таймаса алдағы 1-2 жылда нұротандықтар 1 миллионға жетуі мүмкін. Яғни «Нұр Отан» таяу болашақта миллиондар партиясына айналмақ. Сайлауалды тұғырнамасы берік, ұстанымы айқын.   Сондықтан «Нұр Отан» осы сайлауда жеңіске жетеріне сенімді.

 

 

Бағытымыз – айқын, болашағымыз – жарқын

 

/«Егемен Қазақстан», 29.11.2011 ж./ - 25 қарашада болып өткен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХІV съезінде белгіленген бағдарламалық міндеттер өзінің халыққа жақындығымен ерекшеленіп отыр. Бұл Елбасы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзінде жан-жақты көрінді.

Төменде партия съезіне келіп, оның жұмысына қатысып қайтқан бір топ делегаттың осы ауқымды саяси шарадан, партияның сайлауалды тұғырнамасынан алған әсерлерін жариялап отырмыз. Оларда «Нұр Отанның» қашанда өзінің міндеттемелеріне адалдық танытып келе жатқанына, осы жолы да сол үдеден көрінетініне сенімділік айқын сезіледі.

 

Татулықты ту еткен елденбіз

Нұржан КАЛЕНДЕРОВ, Жамбыл ауданының әкімі.

 «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХIV съезінен үлкен әсермен оралдым. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегаттар алдында Елбасы: «Біз жасампаз жиырма жылда жүз жылға татитын ұлан-ғайыр жолды басып өттік. Арайлы азаттық арқылы қол жеткізген жетістіктеріміздің баршасында «Нұр Отан» партиясының сүбелі үлесі бар. Төңірегіне мұраттас серіктерім топтасқан партия тәуелсіздік жылдарында қоғамды жаңа жобаларға жұмылдыра білді. Шын мәнінде халықтық ұйымға айналған «Нұр Отан» менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы болуда. Осылайша біз биік белестерді бірге бағындырдық», дегенде көңілімде ерекше бір толқу мен қуаныш пайда болды.

Шынында, бұл ел егемендігінің жеңісі мен жемісінің бірі емес пе! Тәуелсіз еліміздің теңдігі мен елдігінің айқын көрінісі елдегі саяси партиялардың пайымды әрекетінен анықталса керек. «Нұр Отан» ХДП пайымды да пәрменді тірлігі елдегі бүкіл әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың қозғаушы күшіне айналды. Еліміздегі барлық мемлекеттік жобалар Елбасының сара саясатының сүзгісінен өтіп, партияның дұрыс бақылауынан соң жедел әрі тиімді жүзеге асты. Бұған мемлекетіміздің барлық аймақтарында атқарылып жатқан тағылымды тірліктер дәлел.

Сананы серпілтіп, отаншылдық сезімге қанат бітірген саяси жиыннан түйгенім, ел алдында атқарған әр жұмыс атаусыз қалмайды екен: еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейінгі қауымның арман-мұраты мүдделес болса, Тәуелсіздігі мәңгілік мызғымас мемлекет құруға мол мүмкіндік бар.

Бұған еліміздің әлеуметтік, экономикалық жағдайы жылдан жылға өсіп, қарыштап келе жатқаны дәлел. Инновациялық жобалар да жүйелі іске асып, өз нәтижесін беруде. Тәуелсіздікпен бірге қанат жайған ару Астанамыз да күннен-күнге ажарланып, мәдениет пен бейбітшіліктің ордасы атанды. Атқарылып жатқан оңды істерде Жамбыл облысы тұрғындарының да қолтаңбасы бар. Татулықты ту еткен егемен елдің аспаны ашық, бірлігі бекем болғай. Ұлы мерекенің мәнін ұққан Тәуелсіз еліміздің бақыты мәңгі баянды болсын.

 

Съезд рухы жоғары болды

Ақсерік ӘЙТІМОВ, Қазақстан инженерлік және  телекоммуникациялық  университетінің ректоры.

Съезден бірінші көңілге түйгенім – оның жоғары рухы. Асқақ рух қандай биіктерді де бағындыра алады. Партиялас әріптестерімнің бойынан осындай өршіл сезім ауанын байқадым. Құрғақ, қызыл сөз емес, қай істе де айқындық пен нақтылық, іс-қимыл бірлігі қажет. Тек сонда ғана алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз. «Нұр Отанның» алдағы Мәжіліс сайлауындағы көздеген жоспары мен ұстанымы қандай болмақ? Съезде бұл сауалдың жауабы да тайға таңба басқандай анық берілді.

Бұл ретте Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық жоспардың белгіленгенін айтып берді. Ол «Қазақстан. 2017-нің мақсаттары» деген атауға ие. Ұлттық деген атауынан көрініп тұрғанындай, мұнда бірінші кезекте ел алдында тұрған іргелі мәселелерге назар аударылады деген сөз. Сондай-ақ бұл республиканы мекендейтін өзге ұлт өкілдері мемлекет құраушы ұлттың төңірегіне тығыз топтаса береді деген ұғымды да білдіре алады. Біртұтас ұлттық мемлекетке топтаса түсудің арғы астарында осындай мән бар деп ойлаймын.

Екіншіден, Мәжіліс депутаттары сайлауына партия атынан түсетіндер арасында өмірлік тәжірибесі мол, елге сыйлы да абыройлы азаматтардың есімдері аталуы – болашақ Парламент Мәжілісін салмақтандыра түсетіні анық. Бүгінде республиканың тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық саласын әлемдік деңгейге көтеру мәселесі өткір қойылып отырғаны белгілі. Осы орайда тізімге аталмыш саланың бүге-шігесін жақсы білетін, кәсіби деңгейлері жоғары атқарушы органдар жетекшілерінің кіруі де ойымыздан шықты.

 

Нақты істерге қанат бітіретін партия

Әлібек БАЙМАҒАМБЕТОВ,  съезд делегеаты, Көкшетау  қалалық мәслихатының депутаты.

Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзін: «Бұл жолғы съездің Тәуелсіздіктің 20 жылдығында өтуінің нышандық мәні бар. Біз елімізді қалыптастыру жолындағы екі онжылдыққа созылған ерен еңбегіміздің қорытындысын шығарып, оны лайықты қарсы алудамыз», деп бастауы баршамыздың жүрегімізге мақтаныш сезімін құйып, жігерімізді тасытты. Әсіресе, ұзақ жылдар «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған мен үшін Елбасының «Арайлы азаттық арқылы қол жеткізген жетістіктеріміздің баршасында «Нұр Отан» партиясының сүбелі үлесі бар» деуі қанаттастарыма берілген орынды баға, жоғары жауапкершілік деп білемін.

Съездің өн бойында «Нұр Отанға» жүктелер міндеттердің бұдан да салмақтана түсетіні айқын байқалып тұрды. Бұл дұрыс та. Демократиялық қозғалыстардың жолбасшысы бола білген президенттік партия осынау ұстанымдардың қанат жайып, көппартиялық ортақ қызметтің шынайы түрде өріс алуына мүдделі. Қазақстанда Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жаңа тұрпатты сайлауын өткізу жөніндегі бастаманың қолдау табуы да сондықтан. Партияның сайлауалды тұғырнамасында күнделікті өміріміз бен тіршілігімізге қажетті, қоғам мүшелерінің алаңсыз болашағына кепілдік беретін нақты нұсқалар кеңінен мақұлданды. Баршамызда құлшыныс пайда болды. Сындарлы сайлауда «Нұр Отан» партиясы басым дауыс алатынына кәміл сенемін. Сенетіндігім – нақты істердің партиясы!

 

Іргелі істерге жетелейді

Александр КУРЛЕНЯ,  «Лад» славян мәдениеті  қоғамының төрағасы,  облыстық мәслихаттың депутаты.

Ел Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХІV съезі маған үлкен әсер қалдырды. Партияның сайлауалды тұғырнамасы, Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі алдағы бағдарламаны нақтылап, ел болашағын, даму бағытын айқындап берді. Алда Мәжіліс сайлауымен бірге барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттар сайлауы өтеді. Енді Ата Заңымызға сәйкес Мәжіліс кем дегенде екі партиядан тұратын болады. Мұның өзі демократияға кең өріс беріп, саяси доданы қыздыра түсері сөзсіз.

Қазір өзге партиялар да саяси күреске әзірліктерін аңғартып, шынайы бәсекелестік байқатып отыр. Олардың арасында «Нұр Отанның» іс-қимыл бағдарламалары әр саланы кеңінен қамтуымен, ең бастысы, адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға деген нақты міндеттермен ерекшеленеді. Осы мерзім ішінде саяси ұйым қазақстандықтардың биік сенімін иеленіп, көптеген істер тындырғаны бәріміздің көз алдымызда. Әлемдік дағдарыс жағдайында Үкіметпен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, 2007 жылғы сайлауға барған Халықтық тұғырнаманы орындап шықты. Шын мәнінде кәсіби жағынан шыңдалып, берген уә­десіне беріктігін тағы бір дәлелдеді. Бұл жөнінде биік мінберден сөйлеушілер де мәлімдеді.

Нұротандықтар алдында ауқымды міндеттер тұр. Елбасы Саяси кеңес бюросынан бастап бастауыш ұйымға дейін саяси жұмыстардың жаңа пішіндерін меңгеру қа­жеттігін атап көрсетті. Оның қадау-қадау бес міндетін белгілеп берді. Қай-қайсысы болсын назар аударуға тұратын өзекті мәселелер болып табылады. Жаңа тұғыр­наманың орындалуын партияның қатаң бақылауында ұстау, шешімдердің жүзеге асуын қадағалап отыру – аса маңызды талаптардың бірі. Партияның 2017 жылға дейінгі кезеңге арналған Ұлттық іс-қимыл бағдарламасы нұротандықтарды іргелі істерге жетелей берері анық.

 

Бағыт-бағдарымыз айқындалды

Шәріпбек Әмірбеков, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, саясаттану ғылымдарының докторы.

 «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі еліміз үшін шын мәнінде тарихи маңызы бар саяси оқиға болды. Елбасымыз, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев съездің биік мінберінен «Нұр Отан» партиясының 2007 жылғы сайлау кезінде ту еткен Халықтық тұғырнамасы мерзімінен бұрын орындалғанын мәлім етіп, алдағы тағы бір жауапты кезеңнің бетін ашты. Съезд халықтың тұрақты дамып, ел экономикасын одан әрі жаңғырту бағыттарын жан-жақты айқындап берді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткен партия съезі бізді бұдан да зор табыстарға жетелеп, рухани тұрғыдан жігерлендіре түскені ақиқат.

Жиында партияның алдағы бес жылға арналған «Қазақстан. 2017-нің мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасының жоспары мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына депутаттардың партиялық тізімі бекітілді. Қабылданған жаңа саяси бағдарламаны егемен елімізді өркендетуге сүбелі үлес қосатын жасампаз жаңа құжат деп санаймын. Өйткені, жаңа парламенттік мерзімге арналған саяси тұғырнама – Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген «2020 Стратегиясын» іске асырудың жарасымды жалғасы.

15 қаңтардағы Парламент Мәжілісінің сайлауы біздің болашақ саяси дамуымыздағы жаңа кезеңді бастайын деп отыр. Себебі, алдағы сайлаудың нәтижесі бойынша елімізде көппартиялы Парламенттің негізі қаланады. Алайда, «Нұр Отанның» алдағы уақытта да басым партия ретінде өзінің тарихи миссиясын атқара беретіні даусыз.

 

Жарқын жетістіктерге жетелейді

Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры.

Астанада «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ХІV съезі өтіп, онда «Қазақстан. 2017-нің мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» тұғырнамасы бойынша Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасады. Онда өткен мерзімдегі ел дамуына байланысты атқарылған жұмыстар жүйеленіп, алдымызға нақты міндеттер қойылды.

Мұны съезд делегаттары және халықтың бағалауымен алып қарағанда, тарихи съезд деуге болады. Өйткені, алқалы жиын тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында өтіп, халықтың бірлігі мен мызғымас топтасқандығын дәлелдеді. Өркеніміз өсті, өңірлер гүлденді. Қай салада болса да қарқынды дамуға қол жеткізілді.

Сонымен қатар, мерейіміздің үшінші онжылдығының тағы бір тарихы басталғанын да Елбасы өз сөзінде атап өтті. Тағы бір айта кететін мәселе, алдағы жылы өтетін парламенттік сайлау болашақтың іргесін бекітеді деп бағамдалды. Және барша қазақстандықтардың қолдауына ие болып, еліміздің нұрлы болашағы үшін дауыс беретіндігіне де зор сенім білдірілді.

Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында жастарға бәсекеге қабілетті білім беруді жүктеп, тілдің үштұғырлылығын дамытуды алға қойды. Осыған байланысты студенттердің жан-жақты білім алуына мүмкіндік жасалып, университет материалдық-техникалық жағынан нығайтылуда.

Съезге делегат болып қатысумен қатар, онда алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмысқа тың серпінмен кірістік. Съезде Парламенттің төменгі палатасы депутаттығына кандидаттардың тізімі айқындалды. Жетісу өңірінен сайлауға түсетін кандидаттар халықтың таңдауына лайық, еңбегімен танылған, тәжірибелі жандар екенін де айта кеткен жөн.

Нұротандықтар алға қойған тың міндетті орындау үшін белсене еңбек ететініне сенім мол. Сайлауға дайындық басталды. Саяси науқан демократиялық талаптарға сай өтетіні анық.

 

 

«Нұр Отан» сайлау додасына дайын

 

/«Алаш айнасы», 29.11.2011 ж., Қ. Қазы/ - Елдің басты саяси науқаны туралы ақиқат айтылып, сайлау межесі белгіленісімен, партиялардың арасында алғашқы болып «Нұр Отан» үлкен додаға бел шеше кірісті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығындағы елдің ең үлкен саяси ұйымы өткен жұмада кезектен тыс XIV съезін өткізіп, сайлауалды тұғырнамасын бекітті, Мәжіліске түсетін үміткерлерінің тізімін жариялады.

Конституцияға сәйкес, ендігі күні елде кемінде екі партиядан жасақталатын Мәжіліс жұмыс істемек. Сондықтан да бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Өйткені бұл жолы сайлаудың бәсекесіне де, саяси партиялардың жауапкершілігіне де ерекше мүмкіндік берілмек. Әйтсе де, Мәжілістегі басым орынға басқамен таласпастан, «Нұр Отанның» бір өзі жайғасатыны бесенеден белгілі. Бұған партияның 18 жылдық тәжірибесі мен жұрт алдындағы беделі, әлеуеті де, ең бастысы, төрағасының тұлғалық қасиеті де ерекше сеп болатыны айқын. Оның үстіне, «Нұр Отан» бұған дейінгі әлеумет алдында өзіне алған міндеттерін толықтай орындап, іскерлігімен таныла білді. Сондықтан алдағы ұлы додаға «нұротандықтардың» сақадай сай болатынын болжамау еш мүмкін емес.

2017 жылға дейінгі тұғырнама тұғырына қонды

Кезектен тыс съезд барысында алдымен сайлауалды тұғырнаманың басты бағдары туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз арнап, Тәуелсіздіктің 20 жылдығында қол жеткен жетістіктегі партияның сүбелі үлесін айрықша атап өткен болатын. Сөз арасында осыдан бес жыл бұрынғы халықтық тұғырнаманың толық орындалғанына, күрделі кезеңнің сәтті игерілгеніне назар аударылды. Әйтсе де, кешегі өрелі істерден гөрі, алдағы ұлы межелердің қашан да  маңызды болатындығы тағы рас. Осыған орай, «Қазақстан. 2017 мақсаттары» атты ұлттық іс-қимыл жоспарының сайлауалды тұғырнамасы бекіп, онда келешек бесжылдықтың негізгі бағдары сараланды.

«Біздің ортақ міндетіміз – сайлауалды күресте партиялық міндеттеріміздің  түбегейлі мазмұнын әр сайлаушыға, әр қазақстандыққа жеткізу. Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығының тарихы бүгін басталады. Сондықтан 15 қаңтардағы парламенттік сайлау – болашақтың ақиқат сәті деуге болады. Мен «Нұр Отан» партиясын қазақстандықтардың қолдайтынына сенімдімін. Бізге, нұротандықтарға, тек жеңіс керек! Ол белгіленген бағдарламаларды орындауды жалғастыру және барлық азаматтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қажет», – деп атап өтті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы.

Сонымен, «Нұр Отан» қабылдаған сайлауалды тұғырнамада басымдық негізгі тоғыз бағыт бойынша тармақталыпты. Атап айтқанда, білім мен ғылым саласында бала­бақшадан бастап, жоғары оқуға дейінгі кезеңнің барлығында сапалы біліммен қамтамасыз етіліп, мұғалім жалақысын арттыруға күш салынатын болады. Ұлт денсаулығын нығайту бағытында елдегі өлім көрсеткішін алдағы бес жылда 15 пайызға азайтып, өмір сүрудің орташа жасын 70-ке апару мақсат етіледі. Білім мен денсаулық саласында жаңа нысандарды іске қосу алдағы бес жыл бойына да жалғасын табатын болады. Тұғырнаманың 2017 жылға дейінгі кезеңінде жаңа әлеуметтік саясатқа да басымдық беріліп, әлеуметтік жәрдемақылар кезең-кезеңімен көтерілетіні қамтылады. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек пен базалық зейнетақы төлемінің мөлшері күнкөріс деңгейінің 60 пайызына дейін өсетін болады.

Партия тұғырнамасында ауылға да көңіл бөлініп отыр. Мәселен, шалғайдағы тұрғындар табысын арттыру мақсатында ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға барынша мән беріледі. 3 млн теңгеге дейін шағын несиелер жеңілдетілген түрде ұсынылып, өңірге барған бизнеске мемлекеттік қолдау жан-жақты болады. «Ауылдық жерде іспен айналысқысы келетіндер үшін берілетін көмек – 3 миллион теңгеге дейінгі шағын несиелер. Ал ауылда жұмыс істей алмайтындарды біз мемлекет есебінен қалаларда оқуға шақырамыз, оларды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, жұмысқа орналастырамыз. Мұны жұртқа түсіндіру керек. Бұл – біздің жағдайымызда өте маңызды бағдарлама. Мұнымен қоса, Қазақстанда жұмыссыздар саны мейлінше аз болуы тиіс. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер баршылық. Бірақ ең алдымен адамның өзінің еңбек етіп, өзінің және өз отбасының тұрмысын жақсартуға деген ниеті болуы қажет. 2018 жылы Қазақстан тұрғындарының табыс деңгейі жоғары елдердің тобына енуі тиіс», – деп атап көрсетті партия төрағасы. Бұдан бөлек, ұлттық іс-қимыл жоспарында баспанамен қамту, коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, сосын жастар саясатын индустрияландыру жобасымен ұштастыру мәселелері де жан-жақты қамтылған. Сөз соңында Мемлекет басшысы партиялардың қоғамдағы рөліне де назар аударып, «Нұр Отанның» келешек жолына қатысты көзқарасын білдірді.

«Сайлаудан соң жаңа Үкімет жасақталып, министрліктер мен ведомстволар сапалық тұрғыда жаңарады. Мұның өзі барлық саяси партиялардың жауапкершілігін арттыра түсетіні анық. Бүгінде жаңа жағдайлардағы саяси бәсекелестік мағынасының неде екенін айқын түсінудің маңызы зор. Егер әлемге көз салар болсақ, ХХІ ғасырда табысты партияның күші оның әккілікпен сынай білуінде емес екенін аңғарар едік. Партияның күші оның жұртшылықты сынақтар соқпағынан алып өту, тұрақтылық пен халық бірлігін нығайта білу қабілетінде», – деген Президент «Нұр Отан» алдындағы бес түрлі міндетті де айқындады. Бұлар, біріншіден, партияда кадр саясатының айқын жүйесін қалыптастыру. Бұл ретте аудан мен облыс департаменті басшысынан бастап, министрге дейінгі мемлекеттік менеджерлердің жауапты қызметтеріне кадрлар іріктеудегі партияның рөлін күшейту қажет. Екіншіден, «Нұр Отан» партиясы стратегиялық мемлекеттік бастамалар жасаудың орталығы болуға тиіс. Үшіншіден, партия басшылығы мен оның Парламенттегі фракциясы қызметінің біртұтас алгоритмі қажет. Төртіншіден, жаңа тұғырнаманың орындалуы партия басшылығының қатаң бақылауында болуы шарт. Бесіншіден, электораттық кезеңде «Нұр Отан» партиясы өзге саяси партиялармен, кәсіподақтармен және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық туралы сайлауалды меморандумы сияқты құралдарды пайдаланатын болады.

Сонымен, сайлауға бел шешіп баратын партияның тұғырнамасы бекіді. Сараласақ, ондай тұғырнамаға «Нұр Отан» әуелден-ақ кіріскені білінеді. Мәселен, бұған дейін партияның «Халық дауысы» акциясы өңір-өңірде айлап өтіп, миллиондаған азаматтар өз аманатын партияға артқан еді. Сол аманаттың иегерлері «Қазақстан. 2017 мақсаттары» атты ұлттық іс-қимыл жоспарының тең авторларына айналып отыр. Оның үстіне, тұғырнама Елбасының «Қазақстан-2020» бағдарламасымен де үндесіп, гүлденген Қазақстанда әрбір азаматтың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталады. Сөйтіп, жаңа парламенттік кезеңді қамтитын нұротандықтардың ұлттық іс-қимыл жоспары 600-ден астам делегаттың бірауыздан қолдауымен бекітілді.

Қуаныш Сұлтанов, мемлекет қайраткері:

– Халыққа керегі – жұртшылықтың әлеуметтік әлеуетін күшейту. Бұл тұрғыда айта кетерлігі, «Нұр Отан» осыған дейінгі халық алдында жа­риялаған тұғырнамасын толық атқарып шықты. Бұған дейінгі тұғырнама үлкен базаның рөлін көтеріп, болашақтың мүмкіндігін ашуға септігін тигізді. Ендігі уақытта жұртшылықтың әлеуетін арттыру мақсатында жұмыс орындарын көбейту, жаңа технологиялармен жарақтанып, азаматтарды жаңа деңгейде оқыту міндеті тұр. Бұл ретте үлкен қалаларға, үлкен өндірістерге қарай қозғалыс болып жатқаны айқын. Мұны мемлекет өз есебімен пайдаланып қалуы керек. Сайлауалды бағдарламаның ең өзекті, ең сүйекті тұсы да – осы. Сондықтан да «Нұр Отан» қабылдаған тұғырнама халықтың сұранып тұрған қажеттіліктеріне толық жауап береді. Ендеше, сайлау алдындағы бағдарлама халықтың жүрегіне жетеді деп сенемін.

Нұрлан Әлімжан, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, әртіс:

– «Нұр Отан» – біз үшін сенімді болашақ партиясы. Сондықтан да бүгінгі атқарылып жатқанның барлығы бұл ертеңгі болашаққа арналған шара деп білемін. Оған деген сенім де жоғары. Сонымен қатар қазақ жастарының өз болашағын Елбасының жетекшілігіндегі «Нұр Отанмен» байланыстыратынына да сеніммен қарауға болады. Себебі Президенттің көтеріп жатқан бастамалары, партия алдына қойып жатқан мақсаттардың барлығы түптің түбінде жастарға, жастардың игілігіне арналған.

Мұхтар Алтынбаев, сенатор:

– Тәуелсіздіктің 20 жылдығында қыруар шаралар атқарылды. Жеткен жетістіктің ішінде Елбасының төрағалығындағы  партияның үлесі зор деп білемін. Ендігі мақсат – қабылданған іс-қимыл жоспарын бұған дейінгі қарқынмен, бұған дейінгі деңгеймен жүзеге асыру.  Сонымен қатар елдің ауызбіршілігі қашанда ең қажетті дүние. Бұған барлық күштердің мүдделілігі керек. Біздің алдағы жұмысымыз да осыған негізделеді деп ойлаймын. Ал жұртшылықтың әлеуметтік мәселелерінің қалай орындалуы керектігін Президент Нұрсұлтан Әбішұлы айғақтап берді. Біздікі – сол бағдармен жүріп, ондай шараларды сапалы орындау.

Ерлан Қарин, «Нұр Отан» ХДП хатшысы:

– «Нұр Отанның» партиялық тізімі салмақты сақа саясаткерлермен, ұлттың беделді ұландарымен қалыптасып отыр деп айтуға болады. Үміткерлер тізіміндегі тұлғалардың басым көпшілігі – партиялық және мемлекеттік қызметтерде беделді қызмет атқарған, негізінен, тәжірибелі, салмақты тұлғалар. Мұнда ұлт мүддесін қозғай алатын жас қайраткерлер де баршылық. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының алдағы тұғырнамасын тек партия тізіміне енген тұлғалармен өлшеуге болмайды. Яғни партиялық тізімге еніп отырған адамдар ғана ертеңгі үкіметтің саясатын анықтаумен айналыспайтынын, партияның алдағы бағдарына қатысты сараптаманы тек партиялық тізіммен қарастыруға келмейтінін ескерген ләзім. Керісінше, барлық жағдайда партиялық тізімге емес, партияның бағдарламасына көп салмақ түсіру керек деп ойлаймын. Мұнда тоқтала кететін жайт, партияның тұғырнамасының іске асуында болып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда сайлауалды тұғырнамада ұлттық, мемлекеттік мәселелер кеңінен қамтылған.

«Нұр Отан» үкілеген үміткерлерін жариялады

Съезд мінберіндегі сөзі барысында Мемлекет басшысы төртінші шақырылым депутаттарының нәтижелі жұмыстарына ризашылығын айтып, олардың көпшілігі қайта сайланатынына да сенім білдіргенді. Соған сәйкес, 127 кандидатты іріктеп шыққан «Нұр Отанның» тізімінде осының алдындағы Мәжілістің 49 депутаты кірігіпті. Бұл жолғы тізім бойында өткен шақырылымның Ирак Елекеев, Бекболат Тілеухан секілді белсенділері болмағанымен, саяси салмақтылар арасында тың күштер қосылғанын аңғару қиынға соқпайды. Республиканың Мемлекеттік хатшысы – Қ.Саудабаев, облыс әкімдері – С.Дьяченко, Б.Ізмұхамбетов, С.Кулагин, Алматы қаласының әкімі А.Есімов, қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Әшім Мәжіліске үміткерлер арасынан көрінді. Жұрт жазбай танитын танымал тұлғалар, оның ішінде Халық әртісі Ә.Дінішев, әнші Н.Абдуллин, Әлем және Олимпиада чемпиондары Е.Ыбырайымов, О.Шишигина, Ю.Мельниченко, А.Винокуров секілді саңлақтар да саптан табылған. Соған қарап сарапшылар «Нұр Отанның» партиялық тізімі сәтті жасақталған, салмақты сарапталған деп бағалайды.

Дегенмен бекітілген 127 кандидаттың қайсысы келесі жылдың басынан-ақ үлкен саясаттың қарбаласына қызу араласатынын болжауға әлі ертерек. Өйткені Мәжіліске керегі 98 мандат болса, Конституция талаптарына сәйкес, мұның барлығы бірдей жалғыз партиядан жасақталмайтыны белгілі. Ендеше, үміткерлер тізімі бекітілгенімен, алда нұротандық кандидаттарды әлі де іріктеулер күтіп тұр. Оған дейін Орталық сайлау комиссиясының тіркеуінен өткен партияның белсенділері сайлау додасына қарай тартылатын болады.

 

 

Оралда «Ақжол» партиясының кезектен тыс

Х съезіне делегаттар сайланды

 

/«ҚазАқпарат», 26.11.2011 ж., Е. Ералы/ - Оралда «Ақжол» демократиялық партиясы облыстық есеп беру-сайлау конференциясы болып, онда партия съезіне делегаттар сайланды.

Конференцияда жыл қорытындылары жарияланып, алдағы мақсат-міндеттер белгіленді.

Филиал төрағасы Ниетқабыл Медресовтің атап өткеніндей, партия бағдарламасында тұрғындарды жұмыспен қамту өзекті мәселе болып қала бермек. Өкінішке қарай, өңірде жұмыс жасайтын шетелдік компаниялардың бүйрегі қазақстандық емес, өздерінің мамандарына бұрып тұрады. Жұмыссыздықты жеңу үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау да маңызды.

Партияның кезектен тыс съезі осы жексенбіде Алматы қаласында өтпек, оған өңірден бес делегат қатысады.

Қазіргі таңда облыста партияның 3500-ден астам мүшесі бар, тағы 24 адам кіру жөнінде тілек білдірген.

 

 

 

 

 

Алматыда саяси партиялардың съездері өтіп жатыр

 

/«ҚазАқпарат», 26.11.2011 ж., Е. Ералы/ - Бүгін Алматыда   Қазақстан коммунистік халық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның съездері өтуде.

Қазақстан коммунистік халық партиясының (ҚКХП) кезектен тыс VI съезі «Алтын қарғалы» шипажайында, ал Жалпы ұлттық социал-демократиялық партияның («Азат» ЖҰСДП) ІХ сьезі «Қазақконцерт» залында болып жатыр.

Саяси партиялар бұл алқалы жиындарының күн тәртібінде  2012 жылғы 15 қаңтар күні өткізілгелі отырған сайлауға қатысу және Парламент Мәжілісіне және мәслихаттар депутаттығына кандидат ұсыну мәселелері қарастырылуда. Бұған дейін мұндай шараны «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы кеше Астанада өткізген болатын.

 

 

Партия не дейді?

 

/«Халық сөзі», 23.11.2011 ж., Б. Нұрасыл/:

 

1. Сіз басқарып отырған партияның бағдарламасында мемлекеттік тілге қандай маңыз берілген? Болашақта қазақ тілінің керегесін кеңейту мақсатында қандай қадамдар жасалады?

2. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, демография мәселесіне қандай үлес қосасыздар?

3. Қоғамдық күш ретінде партия Шағын және орта бизнесті дамыту үшін не істей алады?

 

Азат ПЕРУАШЕВ, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

Еліміздің азаматтығын алу үшін шетелдіктер қазақ тілінен емтихан тапсыруы керек

1. Мемлекеттік тілге келгенде қоғамның пікірі әркелкі болып жатады. Сол себепті «Ақ жол» партиясы қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қалыптастырудың өзіндік жолын қарастыратын болады. Мемлекеттік тіл біреу ғана. Ол – қазақ тілі. Партиямыз алдағы уақытта мемлекеттік тілге қатысты жайттардың барлығын қарап, қайтадан жаңартуға күш саламын болады. Жалпы партиямыздың жарғысында тілге қатысты көптеген мәселелер көрсетілген. Мәселен, еліміздің азаматтығын алу үшін шетелдіктер міндетті түрде қазақ тілінен емтихан тапсыру керек. Сонымен қатар олар еліміздің Ата заңы мен Қазақстан тарихынан сынақ тапсыруы мәселесін көтереміз. Бұл шет елде баяғыдан қалыптасқан жүйе. Екіншіден, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту үшін үйрену құралдары мен методикалық түрлерін арттыру керек.

Мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сферадағы, сондай-ақ бизнестегі қазақ тілін игерген азаматтарға материалдық тұрғыдан ақы төлеу керек. Бұл да халықаралық стандарт. Партиялық бағдарламада мемлекеттік тілге бөлінетін қаржы көлемін де арттыру мәселесі де қаралған.

Отбасының құндылығын арттыру жұмыстарын жүргіземіз

2. Бүгінгі таңда әлемде үлкен-үлкен оқиғалар болып жатыр. Осыған байланысты еліміздің алдында халық санын өсіру міндеті тұр. Бұл туралы партияның арнайы тұғырнамасында бар. Демографияны дамытудың бірнеше бағытын көрсетіп отырмыз. Ең алдымен, сырттағы қазақтарды көшіріп алып келу керек. Яғни көші-қон саясатын жақсартқан дұрыс. Қазір көш мәселесі кешеуілдеп тұр. Бұны қайта жалғастыру қажет. Екіншіден, ішкі миграцияны реттеу жайы өте маңызды факторға айналып отыр. Облыстарда, аудан орталықтарында отбасының құндылығын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін көтеріп отырмыз. Сол арқылы осы бала туу мен жалпы халықтың санын өсірудің сапасын бір жүйеге келтіруге болады. Яғни, халықтың саны мен сапасын арттыру үшін отбасының берекесі мен құндылығы ерекше маңызды екенін ұмытпау керек.

Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік деген бапты алып тастау қажет

3. Партия бағдарламасында әлеуметтік мәселеге өте көп көңіл бөлінген. Әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту жолдары ерекше назарда ұсталып келеді. Себебі, кез келген елдің әлеуеті экономикалық көрсеткішке байланысты. Шағын және орта бизнестің аяғына тұсау салып отырған жағдай бізде өте көп. Соның бірі – қосымша құн салығы болып отыр. Жаңадан басталған өндіріс орындарын ең кемі үш жылға қосымша құн салығынан босату керек. Кейбір жағдайларда шағын және орта бизнес саласында салық мәселесі жөнінен әр түрлі сұрақтар туындап жатады. Ол жағдайда құзырлы органдар есеп-шоттарын бақылауға алып, жабуға даяр тұрады. Бұл дұрыс емес. Көп зиян шектіретін үрдіс. Мемлекетке белгілі бір деңгейде зиян шектіріп жатпаса бизнес өкілдеріне айыппұл салуды да тоқтату керек деп есептейміз. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік деген бапты алып тастау жағын қарастыратын боламыз.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, азық-түлік саласындағы қосымша құн салығын нөл пайызға дейін төмендетуді ұсынған едік.

 

 

Партия не дейді?

 

/«Халық сөзі», 28.11.2011 ж., Б. Нұрасыл/:

 

1. Сіз басқарып отырған партияның бағдарламасында мемлекеттік тілге қандай маңыз берілген? Болашақта қазақ тілінің керегесін кеңейту мақсатында қандай қадамдар жасалады?

2. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, демография мәселесіне қандай үлес қосасыздар?

3. Қоғамдық күш ретінде партия Шағын және орта бизнесті дамыту үшін не істей алады?

 

Серікжан МӘМБЕТАЛИН, «Руханият» партиясының төрағасы:

Қалай болған күнде де «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасы қабылдануы тиіс

1. Бүгінде ең маңызды мәселенің бірі – мемлекеттік тіл болып отыр. Мемлекеттік мәртебе алғанына жиырма жыл болса да, көсегесі көгере қойған жоқ. Көптеген іс-шаралар өткізіп, қыруар қаржыны желге ұшырдық. Әзірше олардың ешқайсысының пайдасы тиді деп айта алмаймын. Біз қоғамдық күш ретінде біршама жұмыстар атқаруға тырысып келеміз. Үлкен жобалар да жасап, өткіздік. Соның бірі – «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасы. Оны Үкіметке ұсынғалы отырмыз. Күні кеше ғана тіл жанашырларының бірі Дос Көшіммен отырыс өткіздік. Партиямызға қосылыңыз деп. Зиялы азаматтарды тартып жатырмыз, осы жобамызды іске асыру үшін. Партияның атынан Парламент Мәжілісіне ұсынып, жобамызды өткіземіз бе деп отырмыз. Қалай болған күнде де, «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасы қабылдануы тиіс. Онсыз болмайды. Еңбектің бәрі далаға кетеді. Біз алдағы уақытта осыған күш саламыз.

Демография мәселесі тек шеттегі қазақтарды көшіріп алу арқылы ғана шешіледі

2. Демография мәселесіне партиямыз ерекше саясат ұстанады. Оны қоғамдық ұйымдар мен республика жұртшылығы жақсы біледі. Демографияны арттыру, әлеуметтік мәселені жақсарту үшін біршама жұмыстар жасап келеміз. Алдағы уақытта да жалғастыра береміз. Осы саланы жандандыру үшін ең алдымен көші-қон саясатын жаңғырту керек. Оралмандар мәселесіне ерекше көңіл бөліп отырмыз. Бұл сала расын айтсақ, бізге өте жақын деуге болады. Себебі, партия оралмандармен етене жұмыс жасайды. Бірден-бір партия десек те болады. Қалған партиялардың көші-қон мәселесімен басын қатырып жүргендерін байқай алмадым. Назар аудармайды. Мысал ретінде айтайын, партиямыздың атынан екі оралман сайлауға түсейін деп отыр. Бірі Қытайдан келген азамат, екіншісі – Моңғолиядан келген оралман. Демография мәселесі тек шеттегі қазақтарды көшіріп алу арқылы ғана шешіледі. Қазақтың санын арттыру үшін ең маңыздысы осы. Сондай-ақ, жалақының көлемін арттырып, әлеуметтік жағдайды реттеу қажет. Үкімет осы салаға бөлінген қаражатты орнымен жұмсай алған жоқ. Батыстағы Жаңаөзен мұнайшыларының ереуілі мен Алматыдағы саяси ахуалдар осындай жайттан туындап отыр.

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін ең алдымен басы артық салықтардан арылу қажет

3. Еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту үшін ең алдымен басы артық салықтардан арылу қажет. Басқа ештеңенің қажеті жоқ. Негізінен қазақ бизнесмендерінің шаруасы шатқаяқтап тұр. Ертең Ресей бизнес өкілдері жаппай кіре бастайды. Осы кезде көптеген шаруа қожалықтары құлайтыны сөзсіз. Себебі, мемлекет тарапынан бәсекеге қабілетті бизнес құру туралы нақты жоба жасалған жоқ. Ресейлік кәсіпкерлер отандық бизнесті ысырып шығаруы бек мүмкін. Соған осы күннен бастап дайындалуымыз қажет. Нақты жоба дайындап жатырмыз. Партияның алдағы съезінде бекітеміз оны. Сосын оны қоғамдық күш ретінде Үкіметке ұсынатын боламыз.

 

 

 

Партия не дейді?

 

/«Халық сөзі», 29.11.2011 ж., Б. Нұрасыл/:

 

1. Сіз басқарып отырған партияның бағдарламасында мемлекеттік тілге қандай маңыз берілген? Болашақта қазақ тілінің керегесін кеңейту мақсатында қандай қадамдар жасалады?

2. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, демография мәселесіне қандай үлес қосасыздар?

3. Қоғамдық күш ретінде партия Шағын және орта бизнесті дамыту үшін не істей алады?

 

Ғани ҚАЛИЕВ, «Ауыл» партиясының төрағасы:

Өзге тілдегі мектептерде қазақ тілі сабағын аптасына бір сағат емес, күніне, кемінде, бір сағат үйрету керек

1. Мемлекеттік тіл туралы мәселе партияның бағдарламасында кең көлемде аталып өтіледі. Мемлекет болған соң, жеке ұлт болған соң міндетті түрде мемлекеттік тіл болады. Онсыз мемлекетті тәуелсіз деп атай алмайсыз. Қанатсыз құс секілді. Осы негізде «Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдадық. Оның өзі оңайшылықпен қабылданған жоқ. Жоғарғы Кеңесте қазақтардың үлес салмағы 47 пайыз ғана еді. Сол заңның арқасында біраз шаруа атқарылды. Барлық өңірлерде «іс жүргізу ісі» қазақ тіліне ауысты. Қазақша мектептер көбейді. Біздің бағдарламада ерекше айтылған. Еліміздегі барлық мектептердегі орыс тілді мектеп болсын, өзбек тілді мектеп болсын, қазақ тілін үйретуді күшейту керек. Білікті мамандарды тартып, оқу құралдары сапасын жақсарту қажет. Сонымен қатар, өзге тілдегі мектептерде қазақ тілі сабағын аптасына бір сағат емес, күніне, кемінде, бір сағат үйрету мәселесін ұсынатын боламыз. Мұны бұрын да айтқан болатынбыз. Ешкім де баламды қазақша оқытуға қарсымын демейді. Бұл уақыт талабынан туындап отырғанын өзге ұлт өкілдерінің бәрі біліп отыр. Тек өзіміз қозғалмай отырмыз.

Жастарды ауылға тарту қажет

2. Ол үшін ең алдымен халықтың әл-ауқаты жақсы болуы тиіс. Қазіргі таңда халықтың ең төменгі күн көріс мөлшері – 10 700 теңге. Ең төменгі жалақы, зейнетақы бәрі осы көрсеткішке байланысты. Ал бұл көрсеткіш Ресейде кемінде екі есе жоғары. Ал Еуропа елдерінде 800 АҚШ долларынан кем болмайды. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету сапасы да арту қажет. Онсыз ештеңе өнбейді. Біз осы мәселені үздіксіз айтып келеміз. Біздің ең басты негізіміз ауыл екенін ұмытпауымыз қажет. Пайданың бәрі, негізгі жұмыс күші ауылда топтасқан. Ауыл – қазақтың қайнар бұлағы. Тоқсаныншы жылдармен салыстырғанда ауылда өндірілетін өнімнің көлемі екі жарым есе кеміді. Осыдан барып, демографияның негізгі күші – жастар қалаға ағылды. Ал оларды қаладан қоңыр тірлік күтіп алды. Жаппай жұмыссыздық. Бұның бәрі халық санының өсуіне кедергі келтіріп отыр.

Елімізде шаруашылық жерлерге берілетін субцидияның көлемі өте төмен

3. Еліміздегі шағын және орта бизнестің 60-70 пайызы ауыл шаруашылығын өндіретін нысандар. Өкінішке қарай, бұларға Үкіметтен қолдау жасалмай отыр. Ауыл шаруашылығында «жер олигархтары» көбейіп кетті. Қалада тұрады. Жұмыс істемейді. Ауылдың халқын арзан жұмысқа жегіп қойып қарап отыр. Осындай алпауыттар болмаса, орта шаруашылықтар дер кезінде техникасын жаңартып, технологиясын жетілдіре алмайды. Қаржылық қолдауға зәру. Партияның бағдарламасында әлеуеті төмен шаруашылықтарды топтастыру мәселесі айтылып келеді. Оларды кооперативке топтастырып, көбейту қажеттілігін айтып келеміз. Болашақта осы жұмыстарды жандандырамыз деп ойлаймын. Пайызы төмен несие беру жайын ойластырамыз. Қазақстан Кедендік одаққа қосылды. Мұның да тиімсіз тұстары өте көп. Ауылшаруашылық саласында ең түйіні көбі – біз екенбіз. Екі мемлекеттің де бізден гөрі жағдайы жақсы. Оның үстіне елімізде шаруашылық жерлерге берілетін субцидияның көлемі өте төмен. Әр гектарына берілетіні – 30-40 доллар. Ресейде 70 доллар. Белоруссияда 540 доллар екен. Осындай қарама-қайшылықтар тұрғанда, шағын және орта бизнесті дамыту қиын.

 

 

 

 

 

Енді бірпартиялы Мәжілістің

болуы мүмкін емес - Әзімбай Ғали

 

/«Алтын орда», 27.11.2011 ж., Р. Әшеева/ -  «Әне тарайды», «міне тарайдымен», төртінші шақырылым Парламент Мәжілісі Президент Жарлығымен мерзімінен бұрын таратылып, сайлау болатын күн белгіленді. Мерзімінен бұрын болатын сайлауға дайын емеспіз демей, республикадағы партиялардың барлығы сайлауға қатысатындықтарын білдірді. алдағы Парламент сайлауының өтетін күніне дейін алдын-ала хабарлап, көріпкелдігімен көрінген Президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев сайлаудан кейін жасақталатын Үкіметтің құрамы туралы да өз болжамдарын жария етіп үлгерді.

Біздің де тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы Әзімбай Ғалимен әңгімеміздің арқауы – халық назар қойып отырған алдағы сайлау.

Сыртқы факторлар күшті - Билік Парламентті мерзімінен бұрын тарату қажет деп тапса, оны таратудың себептері де табылады ғой. Әзеке, осы төртінші шақырылымдағы Мәжілістің мерзімінен бұрын таратылуы және оны тарату туралы Республика Президентіне үндеумен шыққан депутаттардың келтірген уәждері туралы не дейсіз?

- Қазақстанда Парламенттің мерзімінен бұрын таратылуы бұдан бұрынғы шақырылымдардарында да болған. Бұл жолы Мәжілістің мерзімінен бұрын таратылуы, меніңше, еліміздің саяси өмірінің дамуын жеделдетеді. Яғни демократиялық үрдістерде белгілі бір көмегін тигізеді деген ойымыз бар. Қазір Батыс Араб елдеріндегі оқиғалардан кейін өзгерді.

- Сонда нені меңзеп отырсыз?-

- Бұрын Батыс бізге «демократияны дамытпайсыңдар ма, не істеп жатырсыңдар?» десе, біздер: «жоспарлап жатырмыз, істеп жатырмыз», деп ұзынсонар сөзбен жауап беріп құтылатынбыз. Қазір олар ондай сұрақ қоймайды. Енді «не бітірдіңдер?» дегенге көшті. Қырық жыл билік басында отырған, Құдайдың өзі болмаса да өзін Құдайдан кем көрмеген Каддафидің және тағы, тағылардың не құшқанын көріп отырмыз. Негізінен екі-ақ мемлекет: Франция мен Ұлыбритания Ливияның быт-шытын шығарды. Американың араласуының да бәлендей қажеті болмады. Енді, міне, келесі мемлекет Сирияны кезекке қойды. Оған жаны ашитын ел табылмады. Арабтар лигасы қазір Сириядан бас тартты. Ливия да, Египет те халықты әбден тоздырған. Шетелде оқып, білім алып келген жастарға жұмыс бермеген.

- Бізде де жастардың қаншасы жұмыссыз сенделіп жүргені туралы қандай да бір дұрыс статистика табылар ма екен?

- Біздегі жағдаймен мен айтып отырған елдердегі жағдайды салыстыруға болмайды. Оларда, негізінен, жұмыс берушілер шетелдік компаниялар болса, бізде жұмыс берулер негізінен – өзіміздің компаниялар. Бізде қалайсың ба, қаламайсың ба, жоспар бойынша жергілікті жұмысшыларға орын босату керек. Еуропада жұмыссыздық – 14 пайыз, бізде 4 пайыз ғана. - Осыған сіз сенесіз бе? – Бұл – бар нәрсе. Мен негізінен салыстырмалы түрде айтып отырмын. Бізде өзін өзі бизнеспен қамтамасыз ететін топтар бар,солар әлсіз. Айтар болсақ, бізде басқа да мәселелер бар, соның бірі – тіл мәселесі. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс ұзаққа созылып әлеуметтік психология мен әлеуметтік жүйкені тоздарып барады. Екі факторға үшінші фактор діни фактор қосылғанда, ұшқынның қайдан шыққанын білмей қалуымыз мүмкін.

- Қазір Қазақстанда мұндай да фактор бар, деуге негіз бар дейсіз бе?

- Мұсылман елі болған соң, ондай жағдай бізде ғана болып отыр деп айтуға тағы болмайды. Ресейде кәдімгідей партизандық соғыс болып жатыр. Оларда мұсылмандардың үлес салмағы жиырма пайыздан да төмен. Түркияның Оңтүстік Шығыс өңірі соғыс жағдайында. Кез келген мұсылман мемлекетінде, мысалы, Тайландта мұсылманның үлес салмағы 7-8 пайыз ғана, соның өзінде онда да соғыс. Индонезия, осының қай-қайсысында да проблема бар. Христиан мемлекеттерінде жұмсақ түрде дегенмен, оларда да бар. Мемлекет болған соң көптеген жаңа қауіптер туады. Ондайда бір жағынан орынсыз «ананы өйтпе», «мынаны сөйтпе» деп орынсыз тыйым салып, қоқаңдамай, екінші жағынан әлсіздік те көрсетпей, күш көрсету қажет. Қазір сақалдылармен күресіп, «мемлекеттік қызметте жүріп, намаз оқысаң, қызметіңнен кет», «хиджаб киме» деген сияқты деген талаптар қойылып жатыр. Мұнымен біздердің лаңкестікке әлеуметтік негіз жасауымыз ықтимал. Оның үстіне бізде жұмыссыздық көп, әлеуметтік жағынан артта қалған өңірлер бар. Ешбір мемлекеттің барлық өңірлері бірдей болмайтыны рас. Біреулерінде жұмыс қолы жеткілікті болса, енді біреулерінде жетпей, сырттан жұмыс күшін тартып жатады деген сияқты. Біздің республикада орта көрсеткіш жақсы болғанмен, өңірлердегі жағдайдың бірдей еместігін ескеруге тура келеді. Сонымен қатар, елде кедейлер көп, шетелде оқып, үйірін таппай, адасып жүргендер де бар.

- «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңның қабылдануы да сыныққа сылтау болды…

- Ол жалпы бірер тұсының кемшіліктері болмаса, жақсы заң. Тек сол үшін ғана тартымды болып көрінбей, түймедейді түйедей етіп жатқандар да табылады. Өйткені қоғамда девианттық топтар, «қисайған» адамдар бар. Солардың ілесіп кетуі де мүмкін. Маған біреулер осыдан біраз бұрын Интернетте терактардың болашақ объектілерін талқылап жатыр дегенді айтқанда, сонда мен сенбеп едім. Содан бір жарты жыл өткен соң лаңкестік әрекеттер көрініс берді. Ондай экстремистік, лаңкестік әрекеттерді сырттан келіп біреулер жасап жатқан жоқ. Өзіміздің балалар, объектілер мен субъектілер. Негізінен, жастарды орынсыз қорқытып, үркітудің де қажеті жоқ. Басқа түгілі өз балаңды қорқыта аласың ба, жоқ. Жастар ештеңеден қорықпайды, өлімнен қорықпайды, түрмеден қорықпайды. Міне, мәселе қайда!? Сондықтан олармен ашық, тең дәрежеде отансүйгіштік негізде сөйлескен дұрыс. Осындай жағдайлардан кейін Қазақстанның демократияланудан басқа амалы жоқ.

- Сонда Мәжілістің мерзімінен бұрын таратылуының негізгі себебі сыртқы факторларда, демократияландыруда ма?

- Сыртқы факторларда ғана деуге болмайды. Оның ішкі факторлары да бар. Біздің олигархтар да демократияландыруды талап етеді. Сол себепті демократияландыру институтын жүргізбесе болмайды. Әрине, демократия қаншалықты тереңдетіп жүргізіледі, оны уақыт көрсетеді. Әйтсе де демократиялық бағытта белгілі бір қадамдардың жасалатыны сөзсіз. Яғни, Парламентте демократияландырудың, көппартиялылықтың белгілері болады. Ол мүмкін керемет демократиялық стандарттарға сәйкес келмес, дегенмен ол керек қадам, әрі ондай қадамдар жасамай отыра алмаймыз.

 

«Саясатта тойымдылық жоқ»

- Парламенттің көппратиялылық болуы керек екені белгілі. Әйтсе де қырқына шыдап келіп, қырық біріне шыдамай, Мәжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату соншалықты қажет пе еді?

- Күтетін болсақ, ол кезге дейін басқаша жағдай туындап, өзгеріп кетуі ғажап емес. - Мысалы, қандай өзгерістерді айтасыз? – Парламентті мерзімінен бұрын тарату туралы үндеу жасаған депутаттардың негізгі уәжі алдағы жылы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың жаңа толқынының болатыны емес пе? Қаржы-экономикалық дағдарыстың жаман жағы – жіңішкенің үзіліп, жуанның жіңішкеретіні. Сондықтан әртүрлі жағдайлардың болып қалуы мүмкін. Оның үстіне елімізде лаңкестік, экстремистік әрекеттер болып жатыр деп отырмыз. Сондай-ақ, Ресейде Путин күшейіп барады. Батыс қытымырланып барады дегендей факторлар да көп.

- Тоғыз қатынның толғағы қатар келгендей, қысылтаяң жағдай қалыптасып отыр дегеніңізбен, Путиннің Қазақстандағы Мәжілістің мерзімінен бұрын таратылуына қандай қатысы бар екенін түсініңкіремей қалдық…

- Ресейдің интеграциялық схемалар арқылы Қазақстанды өзіне еңкейту секілді өз амбициясы бар. Саясатта тойымдылық жоқ қой. Соның өзінде де Қазақстанның мұнайы бар, ураны бар, тағы тағылары бар, бағыныштылық білдіріп отырсын демей ме? Тіпті, бүгін Ресей үшін айтқанының бәрін орындап, өз елінде беларусь тілінің түбіне жеткен Лукашенкодан асқан жаман адам жоқ болып отыр емес пе? Ал, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын дүркіретіп атап өтсек, бұл біздің елдің Ресейге жауабы болмақ.

- Қалай болғанда да, бар пәле негізінен өзімізде. Таяуда ғана Интернеттен қазақстандық «Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қорының тұрғындар арасында жүргізген сауалнамасының қорытындысын көрдім. Сонда сауалнамаға қатысушылардың ең үлкен тобы, яғни 50-55 пайызы «қандай елдермен қосылғанды қалайсың?» – деген сұраққа «Ресеймен қосылғанды қалаймыз» деп жауап беріпті-міс. Ал үштен бірі ешқандай елмен қосылғанды қаламайтынын айтқан екен. Бүкілресейлік орталық «Еуразиялық монитор» зерттеу консорциумының шеңберінде де осындай сауалнама жүргізгенде, сауалнамаға қатысқандардың 30 пайызы Қазақстан мен Ресейдің қосылғанын қалайтындықтарын білдірген екен. Сонда дейміз, мұндай сауалнама жүргізудің жиілеп кетуінің өзі жымысқы ойлардың салдары деген күннің өзінде, біздің өзімізде бодандықты аңсау бар болып жүрмесе…

- Ол да мүмкін. Күндіз-түні бірдей ел халқы Ресейдің телеарналарына тәуелді болса, интеграцияның керектігін өзіміз айтсақ, орыстарды айтпағанда, қазақтардың өзі Ресейге қосылғанға қарсы болмайды. Ондайларды мен өзім де Кедендік одаққа қатысты бір басқосуда көргенім бар. Алайда соңғы үш-төрт айдан бері тәуелсіздігімізге, оның 20 жылдығын тойлауға деген құрмет пен ықылас ерекше күшейген сияқты.

 

Парламентке ұлтшылдарды жібермейді

- Сайлаудың мерзімінен бұрын өтетінін билік алдын-ала болжап, сайлаудың ың-шыңсыз өтуі мен Парламентте қандай партиялар болуының кейбір алғышарттарын күні бұрын жасап қойды емес пе? Мысалы, елдегі бірден-бір оппозициялық пария – Коммунистік партия сайлауға қатыспайды. Қаржыдан тарығып көтерем болған «Ақ жолға» қалталылардың сойылын соғып, жыртысын жыртып жүрген Азат Перуашев келді. Осыған қарағанда Мәжілістің тізгінін бұрынғыша «Нұр Отан» ұстап, өзінен қалғанымен «Ақ жолға» қарайласып, Мәжіліс екі партия бола ма, әлде басқа партияларға да үзім-жұлып бірдеңе тиіп қалуы мүмкін бе?

 – Алдымен алдағы сайлауға Қазақстандағы партиялардың барлығы да қатысатын болып отыр, олардың ішінде бірінші болып биліктің партиясы – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин сайлауға қатысуға дайын екендіктерін және сайлауда үлкен жетістікке жетіп, Мәжілістен өз орындарын ойып тұрып алатындықтарын мәлімдеп те қойды. Демек биліктің партиясы оза шығатынына сенімді. Әрине, осылай болатынына дау жоқ. Сонымен қатар, Мәжілістің бұл жолы бірпартиялылық болмайтыны тағы да ақиқат. Ал көппартиялылық пен екі партиялылыққа келетін болсақ, оның арасында айырмашылық жоқ. Айтып отырғандай, «Ақ жолға» келген Азат Перуашевтың билікке тағы бір ұнамдылығы, ол ұлтшыл емес. «Нұр Отан» партиясы және екіншісі де билікке жақын партия дегенмен, олигархтар партиясы келеді. – Ол айтып отырған соңғы үш-төрт айда қоңданып қалталылар партиясына айналған «Ақ жол» десек, Азат Перуашев бұрын да қалталылардың Азаматтық партиясын құрып, кейін оны өз қолымен «Нұр Отанға» қосқаны белгілі. Енді «Ақ жол» арқылы сол партиясын жаңғыртып, билікке жағымдылығымен екінші партия ретінде Парламентке келмек… – Америкада да солай, демократтар мен республикалық партия, қалталылардың партиясы. Кедейлердің партиясы бұл мемлекетте билікке келе алмайды. Осы жолғы ерекшелік, «Нұр Отаннан» кейін екінші партия «Ақ жолға» аздап орын береді. Бұл партия оппозициялық партияның рөлін атқарады. Ол да жаман емес. Дегенмен мұнда тағы бір интрига бар. Ол – қандай партияның үшінші партия болатыны. Шынайылық болсын деп бағынышты, көңілжықпас Коммунистік халықтық партияның өтуі мүмкін. Өйткені Коммунистік халықтық партияны әкелу, барлық елдерде коммунистер бар, бізде де коммунистер бар деп айтуға да жақсы. Екінші вариантта «Жасылдардың» келуі де ғажап емес.

- Әзеке, Сіз Мэлс Елеусізовтің құрамын деген партиясын айтасыз ба? Ол сайлауға дейін партиясын құрып үлгере ме?

- Оған алаңдаудың қажеті жоқ. Бәрі билікке байланысты. Елеусізовтің партия құрамын деп қозғалуы жайдан-жай емес. Себебі оған қозғау салынды. Тіл алғыш, билікке жағымды жігіт. Және бір маңыздысы, Елеусізов ұлтшыл емес. Батысқа сенімді болу үшін барлық елде «жасылдар» мықты, бізде де белгілі «жасылдар» бар, оның басшысы – белгілі қайраткер Мэлс Елеусізов дегендей. Бізде тағы бір жасылдар партиясы, «Руханият» болғанмен, Серікжан Мәмбеталин – ұлтшыл жігіт, жоқ жерден мінез көрсетіп қойды. Сондықтан «Руханиятты» өткізбес үшін айтып отырғандай, Коммунистік халықтық партиясына немесе Елеусізовтің партиясына үшінші партия ретінде аздаған орын беріп, өткізеді. Қазіргі кезде қаржы мен әкімшілік ресурстар болса, басқасының бәрі де болатынын өзіңіз де білесіз.

- Мақсұт Нәрікбаевтың «Әділет» демократиялық партиясы да бар емес пе? Ол да Мәжілістен орын алуға дәмелі болса ше?

– Кім біледі, ол да мүмкін. Сол сияқты Ғани Қасымовтың партиясына да бірер орын тимейді деп айту қиын. Бұрын ұлтшыларды комедиялық күлкі ретінде көрсету үшін Амантай қажының жүрісі сияқты Ғани Қасымов жүретін. Құрылымдық мәселе – аса үлкен мәселе. Инвесторлар мен орыстарды шошытпау үшін мақсат – ұлтшылдарды жолатпау. Ресейдің де талабы осы ұлтшылдарды маңайлатпау. Ұлтшылдар келсе, міндетті түрде тіл мәселесін көтереді. Кедендік одаққа қарсы шығады дегендей. Қазіргі күрес негізінен Мәмбеталиннің партиясына қарсы болады. Сонда ұлтшылдар тек қана қозғалыс ретінде қалады. Мысалы, Мұхтар Шахановтың аузын жаба алмайды. Бірақ партия құрып, Парламентке өте алмайды, қозғалыс болып қалады.

- Сырт көз үшін…

- Әзірше сырт көз үшін, кейін ол бекітіліп, оның пайдасы тиетін болады. Алдымен трактор жүретін жолды жасау керек. Формальды түрде болса да, ол жолдың болғаны да жаман болмайды. Мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің бәрінде дерлік болдым. Бәрінде де авторитаризм. Бәлендей дүркіреп тұрған демократиясын көре алмадым. Малайзияда, басқаларда да авторитаризмнің қатты түрі, жұмсақ түрі бар екен. Мекемелерінде басшы кім болса, соның туған-туыстары жұмыс істейді. Біздің елдегіден артық болмаса, еш кем емес. Қалай болғанда да, біреуден кем, біреуден артық демократиямыз бар. Мен өзім көзі ашық авторитаризмді дұрыс көремін. Бізде сол көзі ашық авторитаризм болса, соның өзі жаман болмас еді. Біздегі кішкене қаттылау, кейде керісінше қаттылық жетіспей жатады дегендей.

- Американың өзінің демократиясының қандай екені көрініп қалып жатады емес пе?

- Иә, Америкада демократия бар деп есептеледі, бар да шығар. Осы ретте мен бір мысал келтіре кетейін. Америкадан келген бір әріптесіме Қазақстанның телеарнасы арқылы шығып, сөйлеші деп қолқа салдым. Бірінші ретте бұл жолы реті келмейді деп бас тартты, одан кейін де бірнеше қайта әртүрлі сылтаулар білдірумен болды. Содан соң мен оған: «Біздің өзіміз керек болған жерінде биліктегілерді сынап жібереміз, ал сен өз еліңдегі жағдайға тереңдеп барғың келмейді, сонда сендердің демократияларың қайда?» – деп салдым. Әріптесім корпоративтік мәселе бар дегендей, көп сылтау айтып, ақталумен болды. Сондықтан демократиялық мемлекет дегенмен, оның белгілі бір шеңбері бар. Оларда да кедейдің баласы билікке келіп жатқан жоқ. Билікке игі жақсылар келеді.

 

Сайлауда асыра сілтеу азаяды

- Алдағы сайлауда да әкімшілік ресурстар әдеттегідей қолданылады дейсіз бе?

- Әрине, әкімшілік ресурстар қолданылады. Оны бұрынғыдан азайтар. Меніңше, қолданған күннің өзінде оны сумаңдата бермей, тігісін жатқызып, бақырайтып көрсетпейтін технологияларды пайдаланған дұрыс. Мысалы, сайлауда 100, 99, 91 пайыз жеңіске жету қажет пе?

                – Өңірлер жоғарыдағылардың көңілінен шығу үшін көрсеткішін бір-бірінен асырып алып келген соң, көрсеткіш те ойламаған жерден аспандап кететін шығар. Өткен шақырылым сайлауында Мәжілістің бірпартиялылық болып шыға келуінің өзі бір-бірінен қалыспай, есепсіз асыра сілтеуден болса, алдағы сайлауда да қыза-қыза байқамай сол үйренген әдеттеріне басып жүрмесе…

- Иә, сайлауда әкімшілік ресурстарды қалай қолданса да, нанымды болу жағын естен шығармау қажет. Соны ұмытып кететіндіктен билік өз абыройын өзі түсіреді. Әйтпесе саяси жеңісте биліктің еңбегі бар және халық та ақымақ емес. Көретін көзі, еститін құлағы бар. Сайлауда 65-70 пайыз дауыс жинаса да, билік өзіне қажетті мүдделерін көздейтін заңдарын қабылдай алады. Халық та сайлау шын мәнінде өтті деп риза болып қалады. Алдағы сайлауда осыны естен шығармаса екен, қалай дегенмен де, бұл сайлауда бұрынғыларға қарағанда бұрмалаушылықтар көп болмаса екен дегендейсің. Сол үшін алдағы сайлауда биліктің партиясынан басқа да партияларға орын беру керектігін біліңдер, асыра сілтеп жібермеңдер деген сөз айтылады. Дегенмен, айтылған күннің өзінде шолақ белсенділік көрсетушілер кейбір өңірлерде болуы да ғажап емес. Ондай асыра сілтеу болған күннің өзінде «асыра сілтеп жіберіпсіңдер, мынаны қайта санап, өзгертіңдер» дегендей, бұрмалаушылықтарды ішінара түзетіп жататын болса, оған да таңғалудың реті жоқ.

- Көп ішінде бір тентек болатындай, кез келген Парламентте «айқайшылар» болады. Мысалы, басқаларды айтпағанда, үшінші шақырылымда Мәжілісте ондай адамдар болғанмен, төртінші шақырым тыныш болды. Сенатта Ғани Қасымов та бұрынғыдай емес, басылды. Егер де Мәжіліс көппартиялылық болатын болса, ондай «айқайшылдарсыз» әрі кірмейтін секілді…

- Ол да саяси технология ғой. Қазақстанның өз Жириновскийлері болуы ықтимал. Қайталап айтамын, әйтсе де нағыз ұлтшылдарды Парламентке өткізбеуге тырысады. Оның есесіне жалған ұлтшылдар шығуы ықтимал.

- Ермұхамет Ертісбаев тағы да көріпкелдікпен сайлаудан кейін «Нұр Отан» партиясынан кейін көп дауыс жинаған партиядан да жаңа Үкімет жасақталған кезде Үкімет мүшелерінің болатынын алдын-ала хабарлап үлгерді. Бұл туралы Сіз не айтасыз?

- Дағдарыстан біраз негативті әлеуметтік эмоциялар жиналды. Енді сүйкімі бар жаңа Министрлер Кабинетінің Төрағасы тағайындалуы мүмкін. Себебі ескінің абыройы дағдарыста кеміді. Оның үстіне студенттер наразылығы басталып, бұрынғы Премьер-министрді құлатып тастауы ықтимал.

- Әзеке, әңгімеңізге көп рахмет. Сайлаудың тыныш, әділетті өткеніне біздер де тілеуқормыз.

 

 

«Ақ жол», «Коммунистік» және «Патриоттар»

партиялары съездерін өткізді

 

/«Қазақстан» ТРК, 27.11. 2011 ж., Ә. Мусина/ - 5 қаңтарда болатын Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына барлық партиялар тыңғылықты дайындалып, белді бекем буып отырғаны белгілі. Алматыда «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы», «Ақ жол» және «Патриоттар» партиясы сайлауалды бағдарламаларын қабылдады және Мәжіліске ұсынылатын үміткерлердің тізімін бекітті.

«Ақ жол» демократиялық партиясы, алдағы Мәжіліс сайлауына 79 үміткер ұсынып отыр. Бұл туралы партия белсенділері кезектен тыс өткен 10-шы съезінде мәлім етті. «Ақжолдықтардың» сайлауалды бағдарламасында жемқорлықпен күрес, қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тегін және сапалы білімге қол жеткізу сынды мәселелер көтерілген. Партия делегаттары Мәжілістің мерзімнен тыс сайлауында 15-20 пайыз орын алатындарына сенімді.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

12-15 адам Парламентке кіру керек. Жергілікті мәслихаттар бойынша қазіргі таңда біз оларды ұсына бастадық, облыстық конферециялардың арқасында. Менің білгенімше, қазірде 200-дей, 200-ден астам үміткерлер осы жергілікті мәслихаттардың сайлауына қатысайын деп отыр.

«Өз күшімізге нық сенеміз!», – «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы», кезектен тыс 6-шы съезінде осылай ұрандатты. Жиынға коммунистерді қолдап, еліміздің 14 өңірінен, 64 делегат келіпті. Алдымен партияның сайлауалды бағдарламасын пысықтап, үміткерлердің тізімін реттеді. Ұсынып отырған бағдарламасында олар, әлеуметтік мәселелер мен жемқорлыққа баса назар аударып отыр.

Жамбыл Ахметбеков, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» орталық комитетінің хатшысы:

Жұмыссыздықтың орын алуы, бағаның ауыздықталынбай ары қарай асып кетуінің барлығын ескере отырып, бағдарламамызға еңгізгенбіз. Яғни, біздің бағдарламамызда - өздігінен жұмыс істеу 2,5 млн. халықты жұмыспен қамту, олардың статусы, яғни, олардың мәртебесін өзгерту мәселесі. Бюджет саласынан қаражат алатын мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің жалақыларын әжептеуір көтеру.

11 жылдық тарихы бар «Патриоттар» партиясы Мәжіліс сайлауына 22 үміткер ұсынып отыр. Тізімді «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов бастап тұр. Сайлауалды бағдарламасында олар экологиялық қауіпсіздік, адам денсаулығы, ауылды көркейту сынды мәселелерді көтерген.

 

 

Президентшіл «Ақ жол» партиясынан сайлауға 79 адам түседі

 

/«Азаттық» радиосы, 27.11.2011 ж., К. Нұрқасенұлы/ - Қатары кәсіпкерлермен жаңарған «Ақ жол» партиясы жексенбіде Алматыда съезін өткізді. Партия белсенділері кезектен тыс парламент сайлауына Назарбаевты толық қолдайтын саяси ұйым ретінде түсетінін мәлімдеді.

Қарашаның 27-і күні Алматыдағы «Қарғалы» санаторийінде «Ақ жол» партиясы 10-шы съезін өткізді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтындарын мәлімдеген партия 2012 жылғы қаңтардың 15-іне тағайындалған кезектен тыс парламент сайлауына 79 адам ұсынып отыр. Партиялық тізімдегілерінің дені – кәсіпорын жетекшілері, сонымен бірге бірнеше ақын-жазушы және бір Олимпиада чемпионы бар.

НАЗАРБАЕВТЫ ҚОЛДАЙТЫН ПАРТИЯ

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, «Ақ жол» президент Назарбаевты қолдай отырып, осыған дейін бірпартиялы болып келген парламентке өзгеріс енгізу, қоғамға тың серпін беру үшін саяси науқанға түспекші.

– Қазақстанның саяси мәдениеті өркениетті оппозиция қалыптастыруға пісіп-жетілді, оның мақсаты – билік партиясымен бәсекеге түсу. Бірақ, ол қоғамды қаққа жару үшін емес, озық ойлы адамдарды біріктіру үшін, мемлекетті шайқалту үшін емес, демократиялық конституциялық құрылымды нығайту үшін, баршамыздың жалғыз, сүйікті, туған мемлекетімізде әрбір қазақстандыққа лайықты қарым-қатынас болуын қамтамасыз ету үшін жасалмақ. Біз осы мақсаттардың бәріне жетуді президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да айтып жүргенін жақсы білеміз. Бұл орайда «Ақ жол» партиясы мемлекет басшысына жан-жақты қолдау білдіреді, – деп мәлімдеді Азат Перуашев.

Ол сөзінде бұған дейін партияның қозғаушы күші белсенді зиялы қауым болса, соңғы кезде партия қатары бизнес өкілдерімен толыққанын да атап өтті. «Зиялы қауымның қаруы – ой мен сөз болса, бизнестің қаруы - іс, «Ақ жол» бүгінде нақты сөз бен істің партиясы», – деді Азат Перуашев.

 «Ақ жол» партиясының 10-шы съезіне саяси ұйымның бұрынғы жетекшісі Әлихан Бәйменов келген жоқ. Съезде тек ақын Серік Тұрғынбекұлы ғана Бәйменовті есіне алды. Жұма күні Астанада Назарбаевтың қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясының съезінен Бәйменовті көріп қалған кейбір ​​журналистер ол сол партияның қатарына өткен бе деген сауалдар қойды. Алайда Азат Перуашев қазірде мемлекеттік агенттікті басқаратын Әлихан Бәйменовтің «Ақ жолдың» мүшесі болып қалғандығын айтып отыр.

ЖАРЫССӨЗ

Съез мінберінен сөйлеген шешендердің бірқатары бүгінгі «Ақ жол» партиясын өткен ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерінің ісін жалғастырушыға теңеді. Сол сияқты, президент Назарбаев пен «Ақ жолдың» жетекшісі Азат Перуашевтың атына да мадақтау сөздер айтылды.

– 20 жыл бойы ұлт көшбасшысының жүргізіп келе жатқан саясатының қолдаушысы бола отырып, Перуашев партияны қазіргі заманғы қауіп-қатерге қарсы қоғамды саяси біріктіретін қуатты құралға айналдыра білді. Дұрысында, қазіргі кезде біздің ортақ үйімізде тыныштық пен бейбітшілік сақталуы үшін әрбір қазақстандық Назарбаевшыл болуы тиіс, – деді «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Талғат Әбдіжаппаров.

Кентау трансформатор зауытының вице-президенті, «Жас маман» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Еркебұлан Ильясов өзі және бірлестік атынан президент Назарбаевтың саясатын қолдайтыны туралы көпшілік алдында мәлімдеді.

Қазақ тілінің тағдыры мен совет заманында қазақ жерінде болған ашаршылық құрбандарын сөз еткен жазушы Смағұл Елубай президент Назарбаевтың айтқанын үлгіге келтіріп, қатары кәсіпкерлермен толыққан «Ақ жол» әлеуметтік әділет туын көтерген партия болуы тиіс деген ойын білдірді.

«АҚ ЖОЛ» ТІЗІМІ

Президентшіл «Ақ жол» партиясының 10-шы съезі алдағы кезектен тыс парламент сайлауына партиялық тізімін бекітті. Оған енген 79 адамның көпшілігі – кәсіпорындар басшылары мен кәсіпкерлік ұйымдардың ​​жетекшілері. Солармен қатар бұл тізімде партия төрағасы Азат Перуашев, оның орынбасарлары Людмила Жуланова мен Бөріхан Нұрмұхамедов, экс-депутат Амангелді Айталы, жазушы Смағұл Елубай, ақын Исраил Сапарбай, журналист Қазыбек Иса, Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев және басқалар бар.

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы болып биыл шілденің 2-і күні сайланды. Ол соның алдында ғана «Нұр Отан» партиясы қатарынан шыққанын мәлімдеген еді. Ал сол уақытқа дейін партияны басқарып келген Әлихан Бәйменов президент Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстанда 2002 жылы құрылған «Ақ жол» демократиялық партиясының сол кездегі саяси қарсыластарының бірі болған президентшіл «Азаматтық партиясының» жетекшісі Азат Перуашев еді.

Кейін, 2005 жылы «Ақ жол» партиясының ішінен жік шығып, Әлихан Бәйменовті «Ақорданың адамы» деп айыптап, одан іргесін аулақ салған Алтынбек Сәрсенбайұлы, Болат Әбілов, Ораз Жандосовтар бастаған топ «Нағыз Ақ жол» партиясын құрды.

2006 жылы ақпанда Алтынбек Сәрсенбайұлы қастандықпен өлтірілді. Сол жылы қараша айында «Азаматтық партия» президент Назарбаев төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясына қосылды, Азат Перуашев сол партияның қатарына өтті.

 

 

 

«Ақ Жол» партиясының X-құрылтайы өтті

 

/«Хабар» агенттігі, 28.11.2011 ж./ - «Алға өрлететін өзгерістер!» Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасы осылай аталады.

Күні кеше ақжолдықтар өздерінің оныншы құрылтайын өткізіп, сайлау науқанының бағдарламасын бекітіп, партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді анықтады. Х құрылтайға Ақ жол партиясының мүшелері еліміздің түпкір-түпкірінен жиналды. «Дүниені өзгерткің келсе – өзіңнен баста» дейді халық даналығы. Саяси ұйым төрағасы Азат Перуашев партияның осы ақиқатты берік ұстанатынын жеткізді.

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз партияның кадрлық құрамын сапалық жағынан біршама жаңарттық. Біз азғана уақыттың ішінде партияның ұстанымдары мен басты қағидаларын қоғамға толықтай жеткізе алдық. Қайсы әлеуметтік зерттеуді алсаңыз да Ақ Жол партиясының халық арасындағы танымалдығы күн санап еселеп артып келе жатқанын көріп отырмыз.

Партия белсенділері Парламентке өтіп, алдағы 5 жылда 10 басым міндетті шешуді көздеуде. Олар: Қазақстандықтардың мүддесін қорғау, қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Жұмыссыздықпен күрес және қолжетімді әрі ізгілікті медициналық көмекпен қамту. Саяси тұғырнамада кәсіпкерлікке бұқаралық сипат беру мәселесі көтерілген. Бұрын партияның қозғаушы күші зиялы қауым болса, соңғы кездері бизнес өкілдерімен де толығып отыр.

Азамат ӘБІЛДАЕВ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Партияның сайлауалды платформасында жарияланғанындай бізге жақсылыққа қарай тұрақты әрі нақты өзгерістер қажет. Бұл әрбір қазақстандыққа, әрбір отбасын және өз елінің игілі үшін өз қабілетімен әлеуметтің ісіне араласуға жол ашатын өзгерістер.

«Ақ жол» өңірлер мен ауылдардың көркеюіне де атсалыспақ. Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, лаңкестікке қарсы сенімді тосқауыл қоятындарын айтады.

Амангелді АЙТАЛЫ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Ақ Жол партиясының бағыт бағдарының бірі Ақ Жол партиясы да көпұлтты, көп дінді Қазақстан коғамының басын біріктіру, Алаш идеясының терең қағидаларын жүзеге асыру туралы міндет алды және осы салада жұмыс істеп келеді.

Сайлауалды тұғырнама бірауыздан мақұлданған соң, Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімі жасалды. 79 адам партия атынан сайлауға түседі. Олардың арасында экс-депутаттар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушы, кәсіпкерлер мен жас ғалымдар бар.

 

 

«Ақ жол» партиясынан сайлауға 79 адам түседі

 

/«7 арна» телеарнасы, 28.11.2011 ж., А. Әдепбай/ - Парламенттің төменгі палатасынан үмітті партиялар съездерін өткізді. Сайлауалды бағдарламаларын пысықтап, партиялық тізімдерін бекітті. Саяси науқанда екінші орынды иеленуі мүмкін деп айтылып жүрген «Ақ жол» партиясы 79 адамың тізімін жария етті. Олардың қатарында экс-депутат Амангелді Айталы, ақын Исраил Сапарбай, жазушы Смағұл Елубай, журналист Қазыбек Иса және Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев сынды тұлғалар бар. Осындай азаматтарды қатарына қосып алған, ақ жолдықтар Мәжілістен 15 шақты орын алатындарына сенімді.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ — «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Біз билік үшін таласты тоқтатпаймыз. Оппозициялық партия бола тұра, біз Президент көрсеткен бағытқа қолдау білдіреміз. Себебі, тәуелсіз Қазақстанның болашағына бей-жай қарай алмаймыз».

Осылайша өздерін оппозиция санайтын, ақ жолдықтар Мәслихат сайлауына да белсенді кіріскелі жатыр. Жергілікті жерлердегі саяси науқанға партияның 200-ден астам мүшесі түспек.

 

 

«Ақ жол» партиясы бизнесті

ҚҚС пен ҚСТ-дан бостауды ұсынады

 

/«BNews.kz», 28.11.2011 ж./ – «Ақ жол» партиясы  Қазақстанда өндірістік экономика құрып, шағын және орта бизнесті ҚҚС пен ҚСТ-дан  босатуды, сол арқылы кәсіпкерлікке жаппай  көпшілік сипат беруді ұсынады. Мұндай пікір бүгін Қазақстанның  «Ақ жол» демократиялық партиясының « Алға жылжу үшін  өзгерістер» атты сайлауалды тұғырнамасында айтылды, - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.   

Қазақстанның  «Ақ жол»  демократиялық партиясы  шағын және орта бизнестің өндірістік секторы кәсіпорынын  алғашқы үш  жылғы қызметінде  қосымша құн салығы мен салық төлеуден бір жолата босатуды  ұсынады.  Өйткені, олардың ойынша, мұндай қадам бюджетке шеқандай да ауыртпалық түсірмейді екен. Ал компанияларға аяғынан тік тұрып кетуге мүмкіндік береді», - делінген партияның сайлауалды тұғырнамасында.

 

 

«Ақ жол» партиясы: Өзгерістерге ұмтылыс

 

/«Егемен Қазақстан», 29.11.2011 ж., А. Есали/ - Биікке шарықтау мен құлдырауды, жеңістер мен жеңілістерді, одақтасу мен жікке бөлінуді бастан өткізген Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы жексенбі күні Алматыда Х съезін өткізді. Партияның кезектен тыс өткен жиынына 187 делегат қатысты. Партияның белсенді мүшелері жиналған съезде басты екі мәселе талқыланды. Еліміздегі іргелі партиялардың бірі өзінің сайлауалды тұғырнамасын талқылап, партияның ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті.

Съезге қатысуға партияның барлық аймақтардағы бөлімшелерінен 205 адам тіркелген. Алайда, олардың 18-і түрлі себептермен жиынға келе алмаған. Бірден айта кету керек, партия мүшелерінің қатары толыға түскен. Олардың арасында елге абыройымен танылған белгілі азаматтар да, сондай-ақ жастар да бар.

Сонымен, съезд партия төрағасы Азат Перуашевтың баяндамасы тұрғысындағы партия тұғырнамасымен ашылды. Мұнда партияның сан салалы ұстанымдары толық қамтылған.

– Бұдан 20 жыл бұрын тәуелсіз мемлекет болып құрылған Қазақстан бүгінде өзінің тарихи дамуының жаңа кезеңіне жетті. Жас мемлекетіміздің бастауында тұрып, оның қалыптасуы мен эволюциясының куәсі әрі тікелей қатысушысы болуымыз бізді мақтаныш сезіміне бөлейді. Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз бен қоғамымыз елеулі табыстарға жетіп, зор мүмкіндіктерге ие болды. Қазақстандықтардың жаңа буыны өсіп жетіліп, өскелең өмірге қадам басты. Азаматтық қоғамның көптеген институттары құрылып, жұмыс істеуде. Қазақстан өзінің лайықты орнына ие болды және қазіргі заман әлемінде өз әлеуетін одан әрі ұлғайтуда. Сонымен бірге, бұларға ілесе біздің мемлекеттігіміздің уақтылы және лайықты назар аударуды талап ететін қажеттіліктері де пайда болды, – деп бастады сөзін «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев.

 

«Өзгерістер алға жетелейді»

Өмірді өзгертпейінше оны жақсарту мүмкін емес, «жақсарту» деген сөздің өзі – жақсы жағына қарай өзгерту – осы сөздер Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының осы съезінің өзегіне айналды. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасының өзекті мәселесі қоғамның әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірінде өзгерістерді талап ету болды. Қабылданған құжаттың «Өзгерістер алға жетелейді» деп аталуының өзі осының айғағы.

Бұл орайда ҚДП төрағасы Азат Перуашев өзінің баяндамасында «тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз бен қоғамымыз айтарлықтай табыстарға жетіп, зор мүмкіндіктерге ие болды», деп атап көрсетті. Сонымен бірге, – деді ол, – біздің мемлекеттігіміздің уақтылы және лайықты назар аударуды талап ететін жаңа қажеттіліктері де пайда болды. Сондықтан Қазақстанға атқарылған істермен мақтанып қана қоймай, қарапайым азаматтардың өмірін жақсарту жолында үнемі жұмыс істеп, қоғамымыз бен мемлекетіміздің тыныс-тіршілігі саласында жаңа көзқарастарды іздеуіміз қажет.

Партия лидерінің пікірі бойынша, «әркімнің дауысын есітіп, әрбір жеке адамның пікірін бағалау» мүмкіндігіне негізделген «тек балама жағдайды салыстыру мен таразылау ғана» өзгерістердің табысты болуының кепілі бола алады. Баяндамашы осы базалық либералдық көзқарастарды іске асыру «тұрақты дамуды және проблемаларға сыни көзқарасты қамтамасыз ететініне, даңғойлық пен жайбарақаттықтың алдын алатынына, ағымдағы міндеттерді шешуге көмектесіп қана қоймай, неғұрлым өзекті мақсаттарды алға қоятынына» сенімді.

Азат Перуашев партияластарын мынадан сақтандырып отыр. Егер оппозицияда болу қоғамның өзін-өзі сақтау сезімінің шегінен шығып кетіп, жалаң мақсатқа айналса, бұл қоғамда жікке бөлінуге алып келіп, мемлекеттің өзіне қатер төндіреді. Ол «Қазақстанның саяси мәдениеті өркениетті оппозицияны қалыптастыру үшін пісіп жетілді, оның мақсаты билік партиясына оппозиция болу, бірақ қоғамды жікке бөлу емес, барлық дұрыс ойлайтын адамдарды біріктіру; қоғамның іргесін шайқалту емес, демократиялық конституциялық құрылысты нығайту» екенін мәлімдеді.

 

Қазақстанның әрбір үйінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – «Ақ жол» ҚДП-ның сайлауалды тұғырнамасы

«Ақ жол» партиясының сайлауалды съезінің өту барысында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау мәселесі қызу талқыланған тақырыптардың бірі болды. Партияның «Ақылдастар алқасының» төрағасы Амангелді Айталы жағдайды біржақты түсінуден сақтандырып, экстремизм, діни лаңкестікке қарсы идеология қажеттігін алға тартты. «Мен мемлекеттік органдар мәселені күшпен шешу нұсқасын ала ма деп қауіптенемін, ал бұл құбылыстың белгілі бір әлеуметтік тамырлары да бар», – деді саясаткер осы мәселе туралы.

Сонымен, съезд барысында ақжолдықтар өмір сүру деңгейін арттыру, жұмыссыздық, қолжетімді тұрғын үй, коммуналдық қызметтің қымбатшылығы және сапасының қанағаттанғысыздығы, ауыл жастарының өмірлік перс­пективасының жоқтығы мәселелерін шешу жөнінде батыл қадамдар жасау қажеттігін тұғырнама жобасында талқылады.

«Күнкөрісі төмен отбасыларды барынша әлеуметтік қолдауды жолға қою, әлеуметтік мемлекет және әлеуметтік әділеттілік қағидасын іске асыру арқылы өте байлар мен өте кедейлер арасындағы кіріс деңгейінің алшақтығын шұғыл азайтуды қамтамасыз ету қажет» – деп атап өтті Азат Перуашев. Съезд делегаттары, сондай-ақ партия тұғырнамасына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәртебесін заңнамалық тұрғыда көтеру, олардың жоғары абыройы мен материалдық жағдайын қамтамасыз ету, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасын олардың кәсібіне қатысты болмай қоймайтын тәуекелден әлеуметтік қорғау туралы ұсыныстар енгізді.

 

Министрлер мен әкімдер қарапайым адамдарға қызмет етуге тиіс

«Ақ жол» ҚДП сайлауалды съезінде еліміздің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру жөніндегі ұсыныстар да талқыланды. Партия төрағасы Азат Перуашев парламентаризмді дамытуды, атқарушы билік органдарымен өзара қарым-қатынасында Парламенттің және мәслихаттардың өкілеттігін кеңейтуді бұл үдерістегі маңызды бағыт деп санайды.

Осы мәселе бойынша «Ақ жолдың» бастамаларының қатарында мыналар аталды:

– атқарушы органдардың іс-әрекетіне парламенттік тексеру институтын енгізу;

– парламенттік оппозициядағы партиялардың мәртебесін, мүдделері мен өкілеттігін заңнамалық тұрғыда қорғау;

– парламенттік партиялардың фракцияларына бюджеттің шығыс бөлігіне әлеуметтік бағдарламаға арналған шығыстарды үкіметтің келісімінсіз бюджеттің 1 пайызы мөлшерінде түзету енгізу құқығын беру;

– биліктің атқарушы органдары әзірлеген заң жобаларына парламенттік саяси партиялардың міндетті түрде алдын ала жасалатын сараптамасын олар Парламентке ресми енгізілгенге дейін жүргізу;

– әкімдерді елді мекендерде (қалаларды қоса алғанда) тікелей олардың тұрғындарының сайлауын біртіндеп енгізу;

– партиялық тізімдер бойынша жартысын сайлау есебінен облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттар депутаттарының санын екі есе ұлғайту, және т.б.

 

Біздің басты жеңістеріміз әлі алда

«Ақ жол» қиын тағдырды бастан өткізген партия, – деп мәлімдеді ҚДП төрағасы Азат Перуашев съезде сөйлеген сөзінде. – Біздің ол туралы тура айтуға батылымыз жетеді. Партия басшысы атап өткендей, «Ақ жол» биікке шарықтауды және құлдырауды, жеңістерді және жеңілістерді, одақтасуды және жікке бөлінуді бастан өткізді. Оның үстіне партияның өзі «тағдыры қарапайым емес және күрделі мінезді» адамдардан құралды, өйткені «біздің тағдырымыз қымтаулы жылыжайларда емес, бүкіл халықпен бірге қиындықтар мен қам-қарекеттерде сомдалды,– деп атап өтті партия төрағасы. – Барлық қиындықтар мен сынақтарға қарамастан, партия ісі жаңа серпін алуда және ол жаңа мүмкіндіктердің кең өрісіне шыға бастады. «Біз бәріне төтеп бердік. Біз шынықтық, қуатты әрі икемді күшке айналдық. Өйткені, біз – өз еліміздің азаматтарымыз және өз заманымыздың ұландарымыз». «Біздің басты асуымыз және басты жеңістеріміз әлі алда», – деді ол өзінің қорытынды сөзінде.

Съезде жарыссөзге шыққан делегаттар көп болды. Съездің көпке созылғанына қарамастан, өңірден келген партия мүшелері мүдделестігін білдіріп отырды. Партияның тағы бір жаңа мүшесі Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев өзінің саясатқа неге келгенін түсіндіріп, спорт саласына қатысты бірқатар мәселелерді қозғады. Ал белгілі заңгер Жазбек Әбдиев билік басындағы партияға балама болатын саяси партиялардың биліктің заң шығару органының сайлауына қатысуға нақты мүмкіндігінің болуы – ағымдағы саяси науқанға ғана байланысты емес дейді. Ол сот жүйесін реформалаудың кейбір аспектілеріне тоқталып өтті. Партия көшбасшысы уақыт тапшылығын алға тартпағанда, съезд сөз сұраушылардың көптігінен әрі қарай жалғаса да беретін еді.

Сонымен «Ақ жол» демократиялық партиясы да ҚР Мәжілісінің депутаттығына өз кандидаттарының тізімін бекітті. Партия ұсынған 79 кандидаттың ішінде елге еңбегімен танылғаны да, әлі танылмағаны да бар.

 

 

Зиялылар мен кәсіпкерлерді тоғыстырған партия

 

/«Алаш айнасы», 29.11.2011 ж., Ж. Түсіпбекұлы/ - Кезектен тыс Парламент сайлауында фаворит ретінде аты аталып жүрген саяси партияның бірі – «Ақ жол» демократиялық партиясы.

2002 жылдың наурыз айында құрылған «Ақ жол» өткен 10 жылға жуық уақыт ішінде құрылымы, кадрлық жағынан, тіпті басшылығы да көп өзгеріске ұшырады. Десе де еліміздегі саяси науқандардан қалыс қалып көрмеген саяси құрылым қаңтардың 15-іне белгіленген кезектен тыс Парламент сайлауына да қатыспақ. Қатысып қана қоймай жеңіске жетуді көздеп отырған «Ақ жол» партиясы жексенбі күні кезектен тыс X съезін өткізді.

Кезекті съездің ресми жиынынан бұрын «ақжолдықтар» Ахмет Байтұрсынұлының мұра­жай-үйіне ат басын тіреп, Алаш арысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сарапшылар конструктивті оппозиция санатына жатқызатын «Ақ жол» партиясының съезіне еліміздің барлық өңірінен 200-ге жуық делегат қатысты. Құрылым құрылтайында жаңа төраға келгелі жасалған партияның жаңа тұжырымдамасы талқыланып, белсенділер сөз сөйледі.

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

– Біздің партия – тағдырлы партия. Басынан қандай қиыншылықтар өтсе де, аяғынан нық тұра білді. Біздің мақсатымыз – Парламент сайлауында жеңіске жету. Бұрындары «Ақ жол» зиялы қауым өкілдері бас қосқан құрылым ретінде танылып келді. Өздеріңіз білесіздер, жақында біршама кәсіпкер біздің қатарымызға өтті. Зиялы қауымның қаруы сөз болса, бизнесмендер – нақты істің адамдары. Бұдан шығар қорытынды, біз нақты сөз бен нақты істің партиясына айналдық. Өзгерістерді қалайтын «Ақ жол» қоғамның түрлі салалары бойынша нақты жұмыс істеуді көздейді. Өзгерістер алға жетелейді. Еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен төрт «Т» ұстанымын біз де қолдаймыз. Ақ жол, Қазақстан!

Амангелді Айталы, «Ақ жол» партиясы ақылдастар алқасының төрағасы:

– Осыдан екі жыл бұрын біз 2010-2020 жылдарға арналған ұлттық саясаттың тұжырымдамасын әзірлеген болатынбыз. Онда біз ұлтаралық қатынастар мен діни жағдайды реттейтін орган құруды ұсынған едік. Бұл ұсынысымыз жарым-жартылай ғана орындалды. Қоғамда тыныштық орнаған десек те, ара-тұра оғаш жағдайлар кездесіп жатыр. Әлемдегі қақтығыстардың 80 пайызы осы дін мен ұлтаралық қатынастардан туындайды екен. Біздегі көпэтностық және көпдінділікті ескере отырып, бізге де кейбір жағдайларды реттеуге күш салу қажет деп есептейміз. Қазақтың тілі мен мәдениетін кеңінен насихаттау жұмыстарына күш салуымыз керек.

Бөріхан Нұрмұхаммедов, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары:

– Құрметті, делегаттар! Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен, алдағы көктемде болатын партиямыздың 10 жылдығымен барлықтарыңызды құттықтаймын! «Ақ жол» партиясы осы уақыт аралығында қоғам арасында саяси күш ретінде танылған құрылымға айналды. Бізге зиялы қауым өкілдері, іскерлер мен жастар ғана емес, қарапайым қазақстандықтар да үлкен сенім артып отыр. Осы сенімді ақтау үшін алдағы сайлауда барлық ерік-жігерімізді көрсетейік. Ақ жол, Қазақстан!

Людмила Жуланова, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары:

– «Ақ жол» партиясы еліміздегі әлеуметтік проблемаларды назардан тыс қалдырып көрген емес. Әлеуметтік саясаттағы кемшіліктерді де үнемі айтып отырамыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын ұсынған кейбір идеяларымызды көршілес Ресей елі алдымызды орап іске асырып жатыр. Кезекті сайлау алдында халықтың әлеуметтік әлеуетін жақсартатын нақты бағдарлама ұсынамыз.

Жарыссөздерден кейін партия ҚР Парламент сайлауына кандидаттардың тізімін жария етті. «Ақжолдық» үміткерлердің тізіміне көз жүгіртсеңіз, құрылымның айтарлықтай күшейгенін байқауға болады. Партия үміткерлерінің қатарында еліміздің дамуына көзге көрінетін нақты істерімен үлес қосқан кәнігі кәсіпкерлермен қатар, Смағұл Елубай, Исраил Сапарбай, Қазыбек Иса, Ибрагим Иса бастаған ақын, жазушылар бар. Бейжің Олимпиадасында қазақтың мерейін асқақтатқан боксшы Бақыт Сәрсекбаев та алдағы Парламент сайлауына кандидат ретінде қатысады. «Ақ жол» бас-аяғы 79 үміткердің есімін атап, съезд қонақтарына таныстырды. Мүшелер саны 200 мыңға жуықтаған партияның төрағасы Азат Перуашев бұдан бұрынырақ электораттың 20 пайыз дауысына ие болатынын мәлімдеген болатын. Амбициясы жоғары партияның қандай межені бағындырарын қаңтардың 15-інен кейін білетін боламыз.

 

 

М.Нәрікбаев: «Әділет» демократиялық

партиясының съезі 3 желтоқсанда өтеді

 

/«BNews.kz», 28.11.2011 ж./ – «Әділет» демократиялық партиясының съезі 3 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы BNews.kz ақпарат агенттігі тілшісіне берген жедел сұхбатында  партия жетекшісі Мақсот Нәрікбаев мәлім етті. 

«Басында съезд бүгінгі күнге белгіленген болатын.  Бірақ мен барлық облыстарды аралап үлгіре алмай жатырмын. Бүрсігүні Таразда конференция өткіземіз. Барлық облыстарда ПарламентМәжілісі мен мәслихаттарға үміткерлер ұсыну жүргізілді. 3 желтоқсан, сенбі күні астанада біздің съезіміз өтеді.  Сонда біз өзіміздің сайлауалды бағдарламамызды қабылдаймыз», деді «Әділет» демократиялық  партиясының басшысы.

 

 

«Әділет» партиясының съезі желтоқсанның үшіне ауыстырылды

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 28.11.2011 ж./ – «Әділет» партиясы өзінің сайлауалды съезін 3-желтоқсанда өткізетін болды.

Партиядағылар жиын мерзімінің ауысуына не себеп болғанын айтқан жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, партия құрылтайы бүгін өтуі тиіс болатын.

 

 

ЖСДП партиялық тізіміне 57 адам кірді

 

/«BNews.kz», 28.11.2011 ж./ – Сайлауға сайланған саяси партиялар едел-жедел съездерін өткізіп, кандиттарын ұсынып жатыр. Міне, «Азат» ЖСДП да алдағы мәжіліс сайлауына 57 үміткер ұсынып отыр. Соның ішінде қоғамға белгілі тұлғалардың тізімін ұсынып отырмыз, деп хабарлайды Аbai.kz: Аспандиярова Маржан, Асқаров Қадыржан, Әубәкіров Тоқтар, Әбілов Болат, Әбішев Болат, Әлібаев Серікбай, Бапи Ермұрат, Ерғалиева Гүлжан, Қарабеков Бауыржан, Қосанов Әміржан, Қонаев Дидар, Кремении Николай, Макалкин Валентин, Мәкімбай Бақытгүл, Мұхтарбек Серғазы, Рахметов Құрманғазы, Сәрсенбайұлы Рысбек, Своик Петр, Сәбден Оразалы, Тәкеева Қанағат, Тоғысов Әмірбек, Түлеев Мұстаһим, Тұрсынбаев Балташ, Тұяқбай Жармахан.

 

 

Сайлау додасынан «Азаттықтар» да сырт қалған жоқ

 

/«Қазақстан» ТРК, 29.11.2011 ж., Ж. Исаева/ - Алдағы сайлау додасынан Азаттықтар да сырт қалмайды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы кезектен тыс өтетін Парламент мәжілісінің сайлауына 57 үміткер ұсынып отыр. Бұл туралы партия белсенділері кезектен тыс өткен IX құрылтайында мәлімдеді. Жиынға Азаттықтарды қолдап, елдің барлық аймағынан 500-ге тарта делегат келді.

Алдымен партияның өз тұғырнамасы талданып, үміткерлердің тізімі реттелді. Құрылғанына 5 жыл толып отырған партия - демократиялық-құқықтық, ашық қоғам құруды көздейді. Сондықтан да, сайлауалды бағдарламасында негізінен үш мәселені көтереді.

Болат Әбілов, «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы:

Біздің ұсыныста біріншіден, экономика. Әлеуметтік жағдайды шешу керек. Исламдық экстремизм. Неге Үкімет ойлайды, тек қана бассақ олар тыныш отырады. Олай болмайды. Сондықтан, көп мәселелер бар шешілетін.

 

 

Әлеуметтік мәселелерге тиісті назар

 

/«Егемен Қазақстан», 29.11.2011 ж./ - Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының 9-шы съезі өтті. Съезд қорытындысы бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Парламент Мәжілісінің сайлауына белсене қатысатыны мәлімделді.

ЖСДП алдағы өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауына 57 азаматтың тізімін ұсынып отыр. Саяси бірлестіктің сайлауалды тізіміндегі азаматтардың арасында ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, партияның лидері Жармахан Тұяқбай мен партияның теңтөрағасы Болат Әбілов және Guljan.org сайтын шығарушы Гүлжан Ерғалиева, партияның бас хатшысы Әміржан Қосанов бар.

Болат Әбілов өзінің сайлауалды бәсекедегі мүмкіндігін жоғары бағалайды. Ал жалпы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Парламенттің төменгі палатасының 2012 жылдың 15 қаңтарында мерзімінен бұрын өткізілетін сайлауына өзгеше бағдарламамен, өзгеше ұсыныстармен келетіндерін жеткізді. Олардың пікірлеріне сүйенер болсақ, партия ең алдымен қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге айрықша мән береді. Мәселен, партия өзінің сайлауалды бағдарламасына сәйкес, ең төменгі өмір сүру көрсеткішін 70 мың теңгеге, ал зейнетақы мен жәрдемақының көлемін 3 есеге дейін жоғарылатуды көздейді.

ЖСДП мүшелері сондай-ақ стратегиялық тұрғыда маңызы бар барлық компанияларды мемлекеттің қарамағына алу қажет деп есептейді. Яғни, олардың ойларынша, шаруа қожалықтары салықтан босатылып, ал шағын және орта бизнеске 5 жыл көлемінде салықтық жеңілдіктер берілуі керек».

Алайда, съезд делегаттары партия бағдарламасын тағы да жетілдіру қажеттігін айтып, дауыс берді. Ал партия лидерлері алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауына «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» атымен емес, бұрынғыша Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атымен қатысатындықтарын да айтты. Сондықтан біз саяси кеңес құрып, бұрынғыдай Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атауына қайтадан көшетін боламыз. Осы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия деген атаумен Парламент Мәжілісінің сайлауына барамыз, деді Жармахан Тұяқбай.

Парламент Мәжілісін тарату және Парламент Мәжілісінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге қатысты Жармахан Тұяқбай: – «Парламент Мәжілісінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді қажетсінетін кезектен тыс маңызды шаралар бар деп ойламаймын. Менің ойымша, бұл елдегі саяси күштердің ұзақмерзімді сайлауалды бәсекеге дайын болмауымен байланыстырылуы мүмкін. Сол арқылы тез арада мерзімінен бұрын сайлауалды науқанын ұйымдастырып, ақпарат кеңістігінде өздерінің мүмкіндіктерін жоғары деңгейде пайдаланғысы келетіндері себепті болуы мүмкін. Екіншіден, алдымызда дағдарыс келе жатыр. Ал экономикалық дағдарыс бұдан кейін тіпті де тереңдей түседі деп ойлаймын», деді Ж.Тұяқбай, сонымен қатар, қоғам ішінде айтарлықтай деңгейде әлеуметтік алаңдаушылық тудырмау үшін де мерзімінен бұрын сайлау өткізілуі мүмкін, деп санайды.

Сонымен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мүшелері Парламент Мәжілісінің 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін сайлауына жан-жақты дайындық үстінде.

 

 

Алматыда Жалпыұлттық әлеуметтік-

демократиялық партияның съезі өтті

 

/«Хабар» агенттігі, 29.11.2011 ж./ - Қазақстанның жалпы ұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясы 2012 жылдың 15-16 қаңтарда өтетін Парламент мәжілісі сайлауына қатысып, халық дауысының басым бөлігін иеленетіндіктеріне сенімді.

Бұл туралы бүгін партия өкілі Болат Әбілов мәлімдеді. Саяси ұйымның тұғырнамасы – жұмыссыздықты азайтып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған. Азық-түлік, коммуналдық төлем бағасын тұрақтандыру – Қазақстанның жалпы ұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясының алдына қойып отырған басты мақсаты. Саяси ұйым өкілдері жалақы, зейнетақыны және әлеуметтік төлемдерді көтеріп, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру үшін күреспек.

Болат Әбілов, Жалпы ұлттық әлеуметтік-демократиялық партия өкілі:

- Шешетін мәлелелер көп. Әлеуметтік, экономикалық мәселелер. Бүгін кризис, кісілерде ақша жетпейді. Қазір кеден одаққа кірдік, Еуразиялық одаққа кіреміз. Сондықтан, біздің ұсыныстар экономикалық, әлеуметтік мәселелерді бүгін шешу керек.

Қазақстанның жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясы ел экономикасын көтеру үшін, шағын және орта бизнесті 5 жылға дейін салықтан босатып, оларға берілетін несие үстемесін 5 пайыздан асырмауды талап етпек. Партия өкілдерінің пікірінше, көп партиялы парламент қана қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін күресе алады.

Жармахан Тұяқбай, Жалпы ұлттық әлеуметтік-демократиялық партия өкілі:

- Бұрыннан біз айтып келе жатқанбыз, егер де көп партиялы парламент болатын болса, елдегі қоғамдық пікірлер де бірдей көрінісін табатын.... біз сайлауға барғанда біздің елдегі күрделенген мәселелерді шешудің жолдары, оны қалай шешуге болады соны айтамыз.

Партия өкілдері, бірінші кезекте ел мүддесін ескеруді талап етпек. Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясының тұғырнамасы мұнымен шектелмейді. Саяси ұйым өкілдері көпшілікті мазалаған кез-келген мәселені мәжілісте қарап, ел игілігі үшін жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

 

 

ҚКХП сайлау тұғырнамасымен таныстырды

 

/«Хабар» агенттігі, 28.11.2011 ж./ - Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы «Біз болашақ үшін» атты сайлау алды тұғырнамасымен таныстырды.

Қазір коммунистік партия құрамында 81 мың азамат бар. Олардың ең жасы 18-де болса, егдесі 87 жасқа келген. Партияның 15 мүшесі Мәжіліс депутаттығына үміткер. Коммунистер жұмыссыздықпен күресіп, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруді қолға алмақ. Шағын және орта бизнеске 6 пайыздық жеңілдетілген несие беріп, экономиканың дамуына жағдай жасауды талап етпек. Сонымен қатар, патриот ұрпақ тәрбиесіне атсалысуды, білім беру жүйесін жетілдіруді, жоғары, орта оқу орындарын бітірген түлектерді жұмыспен қамтуды қолға алмақ. Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс деңгейін қайтадан есептеп, соның негізінде зейнетақы, жалақы, әлеуметтік төлемақылардың көтерілуіне себепкер болуды көздеп отыр. Әрі жаңа еңбек кодексін қабылдауға атсалыспақ. Баспанасыз қазақстандықтарды үймен қамтуды, медициналық қызмет сапасын көтеруді, коммуналдық қызмет тарифінің тұтынушылар қалтасынай сай болуын талап етпек.

Жәукен КҮШЕНОВ, ҚКХП АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ КОММИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ХАТШЫСЫ:

- Біздің негізгі мақсат баға туралы. Коммуналдық баға қымбат түсіп жатыр. Су, газ, энергия. Бірақ оның бәріне де біздің облыста жағдай бар. Электр энергияны, газды қымбаттатпауға. Себебі, оның барлығы біздің елден шығып жатыр. Біздің мақсатымыз халықтың жағдайын ойлауымыз керек.

Наталья КУНИЦЫНА, ҚКХП ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ:

- Қазақстан тәуелсіздігін 20 жылда танылған мемлекет болып қарсы алғалы отыр. Бірақ шешімді қажет ететін мәселелер де баршылық. Сонымен қатар, халық коммунистері мемлекетте шешімді талап ететін өткір мәселелерді шешуге сайлауалды бағдарлама дайындады. Осы сала біз үшін маңызы зор. Біз сайлауға әзірміз.

 

 

Халықтық коммунистер болашақ үшін күреседі

 

/«Егемен Қазақстан», 29.11.2011 ж., Г. Сәдірқызы/ - Өткен сенбіде «Алтын Қарғалы» шипажайында 2012 жылы қаңтар айындағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына орай Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының кезектен тыс VІ съезі өтті. Онда партия пленумының қаулысы бойынша саяси партияның сайлауалды тұғырнамасы ортаға салынып, партиялық тізімдегі кандидаттар бекітілді.

Сонымен, Парламент Мәжілісі мерзімінен бұрын таратылып, саяси дода басталып кетті. Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) да өздерінің бұл саяси науқанға қатысуға дайын екендіктерін білдіріп, партия мүшелерін сайлауды ұйымшылдықпен өткізуге шақырды. Съезді ашқан ҚКХП ОК-тің хатшысы Владислав Косарев партия алдында тұрған мақсат, міндеттеріне тоқталып, еліміздің жоғары заң шығарушы органында өз өкілдерінің жоқ екенін, сондықтан партия мүшелері Парламент Мәжілісі сайлауалды дайындық жұмысын жоғары деңгейде өткізуге мүдделі екендіктерін білдірді.

– Болашақ Мәжілістің және мәслихаттардың құрамы азаматтардың саяси талғамын барынша қанағаттандыратын болады деп үміттенеміз, – деді хатшы өз сөзінде. – Біз қоғамымыздағы жағдайды теңестіретіндей тетік болу ниетіндеміз, өйткені, бүгінгі күні өкілетті органдарда буржуазия – бай адамдар көпшілік болып отыр.

Бұл жерде Владислав Косарев өздерінің бай адамдарға қарсы күреспейтінін, кедейлікке қарсы күресетінін атап көрсетті. Сондықтан да партия, біріншіден, биліктің өкілетті органдарына, ең алдымен Мәжіліске қарапайым халықтың өкілдері кіруі үшін күреспек. Осылайша халықтық коммунистер өздерінің партиялық тізімдеріне партия хатшыларымен қатар, қатардағы коммунистерді де – мұғалім, кондитер, дәрігер, экскаваторшы, операторларды да енгізді. Олардың арасында әр ұлттың өкілдері – қазақ, орыс, украин, татар, т.б. бар. Ең бір айта кетерлігі, партиялық тізімнің 30 пайызын әйелдер құрайды.

– Біздің Парламентке барудағы ең басты мақсатымыз – қарапайым қазақстандықтардың мүддесін қорғау. Біздер капитализмнің тығырыққа тірелгенін мәлімдейміз. Сондықтан халықтың ауқатты өмір сүруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біздің партия осы шешімді дұрыс деп табады. Сондықтан халықтық коммунистер партиясы ең алдымен әлеуметтік мәселелер – азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанар-жағар май, коммуналдық қызмет бағасының өсуімен күресетін болады. Сонымен бірге, болашақ мәжілісшілеріміз еңбекке сағаттық ақы төлеуді қарастыратын және жалдамалы жұмысшылардың құқығын қорғайтын тиімді жаңа еңбек кодексін қабылдауға ықпал етуге күш салатын болады.

Жиында ҚКХП-ның Қостанай обкомының бірінші хатшысы, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Легкий, Батыс Қазақстан обкомының бірінші хатшысы Екатерина Макеева, ҚКХП-дан Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының депутаты Николай Дудкин, т.б. жарыссөзге шығып, өз ойларын ортаға салды.

– Біздің облыстық партия комитеті сайлауға кірісіп те кетті, – деді съезде сөз алған Жамбыл обкомының бірінші хатшысы Жанна Мамашева. – Негізінен партияның сайлауалды бағдарламасында бірқатар өзекті мәселелер қамтылып, жан-жақты көрсетілген. Кейін комиссия жұмыс істегенде ол тағы да толықтырылды. Қазір елімізде бірқатар саяси партия тіркелген. Сіздер білесіздер, адам ең алғаш үй салғанда алдымен іргетасын қалайды. Менің айтайын дегенім, сол партиялардың іргетасы – коммунистік партияның негізі, идеясы. Оны билік партиясынан бастап жаңадан құрылған партиялардың барлығы ұмытпауы керек. Әрине, саяси жеңіс, жеңілістер әр мемлекетте де болып жатады. Сондықтан олар өздерінің сайлауалды тұғырнамасында осыны негіз етіп, ескерулері тиіс.

Сондай-ақ съезде сөз алған мәртебелі қонақ – Куба елшілігінің бірінші хатшысы Мигель Санчес Ордоньес алдымен жиналғандарды ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтап, Куба коммунистерінің атынан табыс тіледі.

 «Қазақстанның болашағы үшін» атты партия бағдарламасының Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын түпкілікті өзгертуге арналып, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы халықтың тұрмысын жақсартуды ойластырғандарын жеткізген ҚКХП ОК-тің хатшысы Жамбыл Ахметбеков съезде тұжырымдамалы түрде бекітілгенмен, Парламентке өтетін болса, биік мінберден сөйлеп, оны заң түрінде бекітіп, орындауға күш салатындықтарын жеткізді.

– Партияның кезектен тыс съезіне өңірлерден 67 делегат қатысып отыр, – деді ол бізге. – Барлық облыстардан түскен кандидаттар бойынша Парламент Мәжілісіне партиялық тізіммен 24 адам ұсынылды. Оны съезде бекітетін болса, үгіт-насихат науқанына ертеңнен бастап кірісеміз. Қазіргі кезде экономиканың қаншалықты өркендеп дамығанын ескеретін болсақ, оған кеткен қаражаттың қайда жұмсалып, қайда қойылып жатқанынан халық хабарсыз. Сондықтан соның көзін ашып беріп, оны тек әлеуметтік салаға жұмсауды, бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы өсіп жатқан тарифті қалай ауыздықтау, ескірген инженерлік жүйелерді ауыстыру мәселелерін қолға алмақ болып отырмыз. Олардың ішінде жұмыссыздықты, зейнеткерлерді, мүгедектерді, білім беру және медицина салалары қызметкерлерін де қамтыдық.

Съезд соңында күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Біз болашақ үшін күресеміз» сайлауалды тұғырнамасы бірауыздан қабылданып, 21 адамнан тұратын партиялық тізім бекітілді.

 

 

Қазақстан патриоттары партиясы

Мәжіліс сайлауына үміткерлер тізімін жариялады

 

/«Хабар» агенттігі, 28.11.2011 ж./ - Қазақстан патриоттары партиясы да XI-съезін өткізіп, кезектен тыс парламент мәжілісінің сайлауына қатысатын үміткерлер тізімін жариялады.

Жиында партияның сайлауалды «Қазақстан – қазақстандықтар үшін, Қазақстан Патриоттары Партиясының жолы – бұл Қазақстан халқының жолы» атты саяси тұғырнамасын бекітті. Үміткерлер тізіміне 22 адам енді. Ал, съезге 300-ге жуық партия мүшелері қатысты. Олардың қатарында әлемнің бірнеше чемпионы Людмила Воронина, Халық артисі Хафиз Есімов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов және тағы басқа да белгілі тұлғалар бар. Қазақстан патриоттары партиясы алда тұрған 5 жылдағы басты міндеттер – Қазақстан халқын өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтеру деп біледі. Отбасы мен балаларды қолдау, әлеуметтік бағыттағы ұлттық жобалармен жұмыс істеу елді дамытудың басты факторы. Ол үшін ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету қажет. Сондықтан кәсіпорындарға ауқымды жаңғыртулар жасап, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін жетілдіру, шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдауды күшейту тиісінше талап етіледі. Қазақстан Патриоттары Партиясы Парламентте өкілдік ете отырып: экономиканың жыл сайын 15-20 пайызға өсуінің есебінен бюджет саласындағы еңбекақыны кезең-кезеңмен өсіруге; аз қамтылған мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы отбасыларға мемлекеттік қолдауды күшейтуге; әлеуметтік саланың, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласын қаржыландыруды көбейтуге; халыққа жоғары сапалы әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпыға бірдей қол жетімділігіне; жас отбасыларды жан-жақты қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашу және шағын бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге қол жеткізеді,-деп көрсетілген саяси тұғырнамада.

Ғани ҚАСЫМОВ, ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТТАРЫ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қазақстан Патриоттарының Партиясы біркүндік, жекелеген өңірдің, таптың немесе нақты әлеуметтік топтың партиясы емес. Соңғы 12 жылда Қазақстанның Патриоттар Партиясы халықтың үміттері мен армандарын бірде-бір рет алдаған жоқ. Барлық осы қиын жылдары қазақстандықтардың мүдделерін қорғау жөнінде ай сайын, сағат сайын нақты күрделі әрі тынымсыз саяси жұмыс жүргізді.

 

 

Өз ұстанымдарына беріктік танытты

 

/«Егемен Қазақстан», 29.11.2011 ж./ - Алматыда Патриоттар партиясының ХІ съезі болып өтті. Онда аталған саяси бірлестіктің сайлауалды тұғырнамасы бірауыздан қолдау тапты. Форум дәстүр бойынша жаңа мүшелерге партия билеттерін салтанатты түрде тапсыруымен басталды. Онда қазақстандық танымал тай боксының шеберлерімен қатар, жас спортшылар да өз өнерлерін ортаға салды. Сөз ретінде съезге делегаттар еліміздің барлық өңірлерінен келгенін айта кетейік.

Партия төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Ғани Қасымов өзінің баяндамасында патриоттар өздерінің алдына қойып отырған жақын жылдардағы басты мақсат ел азаматтарының сапалық тұрғыдан жаңа өмір деңгейіне өтуі болып табылатынын атап көрсетті. Тәуелсіздіктің 20 жылында Отанымыз әлеуметтік-экономикалық дамуда үлкен табыстарға қол жеткізіп, өзінің әлемдік аренадағы беделін бекемдей түсті. Newsweek журналының нұсқасы бойынша өткен жылы Қазақстан «Әлемнің озық елдері» тізімінде 61-ші орынға тұрақтаған.

Ғ.Қасымовтың айтуынша, бұл еркін көрсеткіш білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасы, экономика дамуы, саяси ахуал, тұрғындардың жаппай сауаттылығы сияқты рейтингтерден тұрады. Бірқатар позициялар бойынша біздің еліміз қазірдің өзінде әлемнің бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына кіріп үлгерген. Халықаралық резервтер деңгейі жөнінен де осыны айтуға болады.

Форумда атап көрсетілгеніндей, партия қызметінің маңызды бағыты ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын жүзеге асыру бойынша жасалатын жұмыстар болады. Олардың арасында экономиканы жаңғыртудың ұлттық жобалары, отбасы мен баланы қолдау, адам әлеуетін ашу бар. Таяудағы бес жылда, деп есептейді делегаттар, Қазақстанның экономикасы азаматтар табысын 20 пайызға арттыруға қабілетті. Парламентке сайланатын депутаттар бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын жоғарылатуға, аз қамтамасыз етіл­гендерге, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына мемлекеттік қолдауды күшейтуге дәйектілікпен қол жеткізуге ұмтылатын болады.

Сонымен қатар, тұрғындар үшін әлеуметтік қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, жас отбасыларына әркез назар аударып отыру, жаңа жұмыс орындарын құрып, шағын бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін азайту да айтарлықтай маңызды.

Қазақстанның Кеден одағы мен Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі жөніндегі Мемлекет басшысының біртұтас стратегиялық саясатын қолдай отырып, форумға қатысушылар мұны азаматтардың жоғары сапалы тауарларға қол жеткізуінің, қызмет көрсетулер мен отандық өнімнің халықаралық рыноктарға шығуы есебінен азаматтардың өмір сапасын жоғарылатудың аса маңызды факторларының бірі ретінде қарастырды.

Съезде саяси жүйені жаңғырту мәселесіне де баса назар аударылды. Ғ.Қасымовтың пікірінше, жоғары ұйымдастырушылық жұмыс пен саяси бірлестіктің барлық мүшелерінің жоғары белсенділігі нәтижесінде Патриоттар партиясы Парламент Мәжілісінен бірқатар орынға қол жеткізіп, өзінің фракциясын құруға қабілетті. Сондықтан партия төрағасы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы науқаны кезінде бірқатар міндеттер қойды.

Съезд қорытындысында сайлауалды саяси тұғырнама бекітіліп, партиядан Парламент депутаттығына ұсынылатын кандидаттардың тізімі нақтыланды.

– Біз қазір сайлау тактикасын ойластыруымыз қажет. Әрбір партия ұйымы қандай ұйымдастырушылық әлеуетке, материалдық ресурстарға және мүмкіндіктерге ие екенін анықтауға тиіспіз. Шешінген судан тайынбас деген, сондықтан жеңіске ұмтылатын боламыз, – деді Патриоттар партиясының көшбасшысы Ғ.Қасымов.

Осы арада еске сала кететін болсақ, 2004 және 2007 жылдардағы Мәжіліс сайлауларында Патриоттар партиясы сәйкесінше 0,55 және 0,78 пайыз дауыс жинаған болатын. Ғ.Қасымов осы жолы қажетті дауыс алатындарына сенімді.

 

 

Партиялар үміткерлер тізімін бекітті

 

/«Алаш айнасы», 29.11.2011 ж./ - Кезектен тыс Мәжіліс сайлауына орай елдегі саяси партиялар да өткен апта соңында кезектен тыс съездерін өткізіп, сайлауалды тұғырнамалары мен аламанға қатысатын үміткерлерін жария қылды.

Патриоттар партиясы 22 үміткер ұсынды

Өткен аптада Алматыда сайлауалды ХI съезін өткізген Патриоттар партиясы сайлауалды тұғырнамасын жариялады. Патриоттар партиясының тұғырнамасында экологиялық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықпен күрес, шағын және орта бизнесті қолдау, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, медициналық қызметкерлердің және мұғалімдердің жалақыларын көтеру, маскүнемдік және нашақорлықпен күресу, студенттерге мемлекеттік және банктік қаржылай көмек көрсетуді жақсарту, ауылды көркейту, зейнетақы мен барлық әлеуметтік төлемдерді әлемдік деңгейге дейін жеткізу, жас отбасыларға қолдау көрсету және тағы басқа мәселелер қарастырылды. Партия съезінде алдағы Мәжіліс сайлауына қатысатын 22 адамнан тұратын партиялық тізім бекітілді. Айта кету керек, Патриоттар партиясының партиялық тізіміне «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі де еніп отыр.

ЖСДП 57 үміткерді аламанға қоспақ

26 қараша күні Алматыдағы «Қазақконцерт» залында ХІ съезін өткізген Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 2012 жылы қаңтардың 15-іне белгіленген кезектен тыс Мәжіліс сайлауына арналған тұғырнамасын айқындап, 57 адамнан тұратын партиялық сайлау тізімін бекітті. Партия съезіне Қазақстанның барлық аймақтарынан 475 делегат қатысты.

ҚКХП атынан 23 кандидат ұсынылды

Сенбі күні Қазақстан коммунистік халықтық партиясы съезд өткізіп, алдағы Мәжіліс сайлауына қатысатын 23 адамнан тұратын партиялық тізімді бекітті.

ҚКХП сайлауалды тұғырнамасында өнеркәсіп саласын национализациялау, экономиканың шикізаттық бағытын төмендету, шағын бизнеске қолдау көрсету, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері көтерілген.

«Руханият» партиясының сайлауалды съезі 30 қарашада, ал «Әділет» партиясының съезі 3 желтоқсанда өтетіні хабарланды.

 

 

Қайда барасың? Сайлауға барамын...

 

/«Халық сөзі», 29.11.2011 ж., Б. Нұрасыл/:

 

1. Жексенбі күні Алматы қаласындағы Алатау емдеу-сауықтыру шипажайында кезектен тыс Х съезін өткізген «Ақ жол» демократиялық партиясы бәйгеге бірден 79 адам қосатынын жариялады. Съезд жұмысын бастамас бұрын Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүлшоқтарын қойып, Алаш арысына тағзым етіп, мұражайдағы қонақтар кітабына лебізін қалдырған партия басшысы Азат Перуашев кезектен тыс Парламент сайлауына Назарбаевты толық қолдайтын саяси ұйым ретінде түсетінін мәлімдеді. «Партиялық тізімдегілерінің дені – кәсіпорын жетекшілері, сонымен бірге бірнеше ақын-жазушы және бір Олимпиада чемпионы бар. Бұған дейін партияның қозғаушы күші белсенді зиялы қауым болса, соңғы кезде партия қатары бизнес өкілдерімен де толығып отыр», – дейді ол. Солармен қатар бұл тізімде – партия төрағасы Азат Перуашевтың өзінен басқа оның орынбасарлары – Людмила Жуланова мен Бөріхан Нұрмұхамедов, экс-депутат Амангелді Айталы, жазушы Смағұл Елубай, ақын Исраил Сапарбай, журналист Қазыбек Иса, Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев бар.

2. Коммунистік халықтық партиясы Парламент сайлауына қатысатын үміткерлер тізімін кеше бекітті. Тізімге барлығы 23 адам еніп отыр. Олардың арасында партия төрағасы Владислав Косарев пен партия орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков бар.

3. Ал «Әділет» демократиялық партиясының съезі 3 желтоқсанда өтеді. Партия жетекшісі Мақсұт Нәрікбаевтың айтуынша, съезд кеше өтуі тиіс екен. «Бірақ мен барлық облыстарды аралап үлгере алмай жатырмын. Бүрсігүні Таразда конференция өткіземіз. Барлық облыстарда Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттарға үміткерлер ұсыну жүргізілді. 3 желтоқсан, сенбі күні Астанада біздің съезіміз өтеді. Сонда біз өзіміздің сайлауалды бағдарламамызды қабылдаймыз», – дейді ол.

4. Өздерін таза қанды, нағыз оппозиция ретінде көрсетіп жүрген Жармахан Тұяқбайдың «Азат» партиясы мен Болат Әбіловтың «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы бұл жолы сайлауға ЖСДП атынан түсуге бел буыпты. Парламент сайлауына оппозиция атынан жалғыз өзі түскелі отырған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қарашаның 26-сы күні 57 адамнан тұратын партиялық сайлау тізімін бекітіп алды. Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, олар мұндай мәжбүрлі қадамға бір саяси ұйымға біріккен екі партияның атауын Әділет министрлігіне «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» деп өзгертіп, қайта тіркете алмағандықтан барып отыр. «Егер бұл сайлау әділ, заңды жолмен өткізілсе, ЖСДП жеңіске жетеді», – дейді оппозициялық партия жетекшісі Жармахан Тұяқбай.

5. Қарашаның 25 күні Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының 14-ші съезінде Парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауына билік партиясы атынан 127 адамның атын ұсынды. Тізімде соңғы таратылған Мәжілісте депутат болған 49 адамның аты-жөні жүр. «Бұл тізімге енгізілген адамдардың барлығы партияның саяси кеңесінің бюросында мұқият қаралды. Олар елге белгілі, беделді адамдар», – дейді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.

6. Тіркелмеген «Халық рухы» партиясының төрағасы Мұхтар Шаханов сайлауға «Руханият» партиясы атынан түсетінін жария қылды. Бізге республикамыздағы өзге де саяси партиялардан Парламент сайлауы науқанына байланысты бірлесе күресу туралы ұсыныстар түсті. Алайда, біз ақылдаса келе «Руханият» партиясына тоқтадық. Себебі, «Руханият» партиясының тізгіні Серікжан Мәмбеталин мырзаның қолына өткелі бері бұл партия жаңа бағыт ұстана бастады. «Руханият» партиясымен мемлекеттік тіл, ұлттық құндылықтар, ұлттық меншік, оралмандар мәселесі, Кеден одағы және қазақ ауылдарының тыныс-тіршілігіне байланысты мәселелерде біздің мақсат-мүдделеріміз бір арнаға тоғысты. Сондықтан бұл бірлесуді табиғи заңдылық деп қабылдаған жөн», – дейді М.Шаханов. Ал партияның құрылтайы 30 қарашада өтеді.

7. Қазақстан патриоттары партиясын «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов бастап баратын болыпты. Партияның сайлау алды штабының бастығы Гүлдана Нұрпеисованың айтуынша, құрылтай өте жоғары деңгейде өткен. «Партиялық тізім бойынша 22 адам ұсынылды. Олардың арасында экологиялық «Табиғат» қозғалысының төрағасы Мэлс Елеусізов, республикалық «Қазэкология» орталығының вице-президенті Айжан Сқақова, «Қазақстан-америкалық «Шервуд и МакКензи» заңгерлік компания» директоры Алла Рыжкова, ауған соғысының мүгедектерінің өкілі Қайрат Медиев, ҚР Запастағы офицерлері одағының төрағасы Айтқали Есенғұлов, спортшы, кикбоксингтен әлемнің бес дүркін чемпионы Асқар Можанов, журналист Дәурен Қайып т.б. бар», – деп атап өтті ол.

8. Ал «Ауыл» партиясына хабарласқанымызда, төрағасы Ғани Қалиев шұғыл түрде штаб отырысын өткізіп жатқанын айтты. «Сайлауға қатысамыз. Тізім алдағы уақытта белгілі болады», – деп атап өтті ол.

Қызметі алты айға тоқтатылған «Коммунистік партия» саяси додадан тыс қалып барады.

 

 

Партиялық тізім жасалды, таңдау еркі халықта

 

/«Заң газеті», 28.11.2011 ж., А. Құрманғали/ - Сонымен, Парламент Мәжілісі сайлауына қатысуға ықыласты бірқатар саяси партиялардың ниеті, депутаттыққа ұсынатын үміткерлерінің жалпы қарасы белгілі де болып қалды. Бұл орайда, сөз жоқ, көштің басында Елбасы тізгінін ұстаған «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы тұр. Өз туы астына ел халқының жартысына жуығын біріктіріп отырған бұл саяси ұйымның өткен аптада өткен съезін барша жұрт демін ішіне тарта қадағалады. Онда партияның сайлауалды тұғырнамасы жарияланды. Съезде баяндама жасаған партия лидері, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз жаңа мыңжылдықтың екінші онжылдығына қадам басу арқылы ел дамуының жаңа кезеңіне кіреміз. Бүгінде 2020 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық дамудың стратегиясын жүзеге асыра бастадық. Ғасырлық мәні бар бұл жоба бізге жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейді. Болашақтың не ұсынарын болжап білу қиын. Көптеген елдер дағдарыс дауылына шыдас бермей, шайқалуда. Сондықтан, бұл кезеңді біз биік рухпен, кең тыныспен, тың серпінмен бастағанымыз абзал», – дей келіп, өзі жетекшілік етіп отырған ұйымның тұғырнамасына негіз болатын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының межелерін атады, олардың басымдықтарын айқындап, бағытын белгіледі. Елдегі әлеуметтік маңызы зор реформаларды жүзеге асырып, бағдарламаларды орындап жатқан партияның бұл сайлауда жеңіске жететініне сенім білдірді.

Алқалы жиында күн тәртібіндегі екінші мәселе – Парламент Мәжілісіне ұсынылатын депутаттыққа кандидаттардың тізімін бекіту болды. Бұл сәтті, әрине, жиналғандармен қатар қарапайым халық арасында асыға күткендер аз емес еді. Сайлаушылардың бәрінде, әрине, бір ғана тілек болғаны даусыз. Ол – депутаттыққа үміткерлер арасынан саны жағынан да, құрамы жағынан да әлеуеті зор партияның елдік мүддені жоғары қоятын, білікті де білімді, батыл мүшелерін көру. Ал, 127 адамнан тұратын партия бекіткен үміткерлер тізімінде кім жоқ дейсіз?! Кілең танымал, атақты адамдардан тұратын «нұротандық» үміткерлердің арасында министр, экс-министр, әкім, кешегі сенатор, депутаттармен қатар, әнші, тіпті, велосипедші де бар. Төрттен бірін, әрине, бұрынғы мәжілісшілер құраған.

Парламент жұмысымен біршама таныс адамдар тізімнен заң жобаларын қарау кезінде объективті, білікті, батыл ұсыныстарымен көзге түскен Рамазан Сәрпеков пен Мұрат Әбенов секілді бұрынғы Мәжіліс депутаттарын көргенде қуанғаны хақ. Бірақ, тізімге көбіне үндемей отыратын Дарья Клебанова секілді экс-депутаттар қалай еніп кеткеніне қайран қалатындар да табылатынын ішіміз сезеді. Және үміткерлер қатарына кейбір өнер, спорт өкілдерінің кіргізілуі де аз талқылауға түспесі анық. Бұған, тіпті, осы жұлдыздардың өздері де таң-тамаша болып жатқан жайы бар. Мәселен, велосипедші Александр Винокуров журналистерге берген сұхбатында өзі күтпеген мұндай сенімге, тіпті, дайын емес екенін айтыпты. Бұл орайда, ол заң шығару жұмысының өз кәсібінен алыс жатқанын, сондықтан, оған бейімделудің қиын болатынын себеп етіпті. Жөн-ақ. Елдің бәрі қолы көтермес шоқпарды күн ілгері біліп тұрса жарар еді. Өкінішке қарай, кейбірімізге мұндай өзімізге сын көзбен қарау жат екені жасырын емес.

Солардың қатарына «заң шығарушы ұйымда жұмыс істеуді тақиясына тар көрмейтін» кейбір өнерпаздарымызды жатқызсақ, көпшілік айыпқа бұйырмас. Өйткені, өз қызметінің биігіне шыға алмай жүрген жандардың жұмысы сан-саланы қамтитын Парламентте жақсы қырынан көрінетініне сену қиын.

Сондықтан, кейбір үміткерлердің мүмкіндігін өлшеп, пайымдап, қолынан іс келетін азаматтарға жолын беріп жатқаны олардың халық алдындағы тұлғасын биіктете түскен болар еді. Алайда, «Нұр Отанның» «жұлдызды тізімінен» осындай азаматтық танытқан жанды көре ал­мадық.

Парламентте «Нұр Отаннан» кейін екінші орынды «Ақ жол» партиясы алуы мүмкін. Онда да депутаттыққа кандидаттар тізімінде танымал адамдар қатары баршылық екен. Барлығы 79 адамнан тұратын «ақжолдық» үміткерлер көшін партияның төрағасы Азат Перуашевтың өзі бастап тұр. Сонымен қатар, бұл ұйым экс-депутат Аманкелді Айталы, Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Арман Евниев, 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев секілді азаматтарды бәйгеге қосып отыр. Өз ұстанымын қазақ кәсіпкерлерінің бірден-бір қолдаушысы ретінде танытып отырған ұйым жетекшісі алдағы сайлауда кем дегенде 20 пайыздық межені бағындырып, яғни, Парламенттен 15 орынды аламыз деген сенімін мәлімдеуде.

 Өткен аптада өз кандидаттарының саны мен құрамын анықтап, депутаттық бәйгеге қосылатынын Патриоттар партиясы да жария етті. Олар бұл саяси додаға 22 үміткерді ұсынып отыр. Алайда, олардың арасында жұртшылыққа белгілі жандардан «Табиғат» қоғамының төрағасы М.Елеусізовтың ғана аты-жөні жүр. Партия төрағасы Ғани Қасымовтың өзі кандидаттар тізіміне енбей қалыпты. Солай бола тұра, Ғани Есенкелдіұлы аталған додада патриоттықтар сайлаушылар даусының кем дегенде 7 пайызын иеленеді деген нық сенімін білдірді.

Ал, Қазақстан коммунистік халықтық партиясынан бұл сайлауда 23 кандидат бақ сынамақ. Обкомның бұрынғы қызметкерлері, фермерлер, ғалымдар, қоғамдық бірлестік төрағалары қатарынан көптің көзіне оттай басылатыны тек көктемде өткен Президент сайлауында президенттікке үміткер болған Жамбыл Ахметбеков қана. Олардың жетекшілері әзірге «сайлаудан пәлен орын аламыз» деген әңгіме айта қойған жоқ.

Депутаттыққа кандидаттар арасында бұрынғы мәжілісшілерден Тоқтар Әубәкіров пен Мұхтар Шаханов та бар. Белгілі қоғам қайраткерлерінің бірін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынса, енді бірін «Руханият» партиясы қоспақ.

Тоқ етерін айтқанда, сайлау біраз адамның делебесін қоздырып, үміт отын жағып тұр. Кімнің бабы, кімнің бағы жанатынын, әрине, тек халықтың дауысы шешеді. Десек те, партиялар ұсынып отырған бағдарламалардан көп айырмашылық байқау қиын болып тұр. Олар негізгі мәселелер бойынша «Нұр Отан» айқындаған мақсаттан, бағдарлаған межеден алысқа ұзай алмаған сияқты.

 

 

Қуаныш Сұлтанов және басқалар...

немесе Нұрлан Абдуллин не істеп жүр?

 

/«Халық сөзі», 29.11.2011 ж., Б. Мұратқызы/ - Иә, төменгі палата пәрмені енді Сұлтановтардың салмағымен өлшенбек. Алдағы сайлауға руханиятқа жақын адамдар тартылғанын Ермұхамбет Ертісбаев «айтып қойды». Әуелгі сайлаулар солай болған деді. Көз алдымызға Зиманов, Сартаев, Кекілбаевтар келе қалды. Сұлтанов солардың жаңа сападағы ізбасары, мәселен. Ал руханият әдебиет, мәдениетпен ғана өлшенбейді. Шын мәніндегі зиялылық руханиятымыздың әрі де, нәрі де, көркі де.

Алайда айтайын дегеніміз ол емес. Сұлтанов Сенаттан кеткенде ел елең ете қалды. Кеткендердің қалған екеуіне ыстық та емес, суық та емес дегендей, бейтарап қалып танытты. Алғашқы сұрақ «не боп қалды?» болған. Сұлтанов не істеп қойды? Басқа басқа, дәл Сұлтанов шеттетілетін адам емес еді ғой. Әсіресе дәл қазіргідей қоғам билік туралы орнықты пікірге зәру заманда.

Сонымен Сұлтанов кетті. Қонаевтың заманында үлкен нұрлы көзді, қайратты қалың қара шашты, ажарлы азаматтың сүйкімі артқан. Колбиннің заманында әлбебір қауіппен орталықтан алыстатылып, Қарағандыға жіберілген. Одан кейін Жоғарғы Кеңес төрағасы болып кете жаздап барып, Кекілбаевқа жол берген. Орынбасар болып тұрып, Кекілбаевпен бірге «тараған». Министр болғаны, вице-премьер болғаны, елші болғаны өз алдына. Осының бәрі тізіліп, сүзіліп көз алдымыздан өтті.

Иә, Сұлтанов айырбастайтын, ауыстыратын адам емес. Қазіргі билік туралы қайбіреулердей жасанды емес, шынайы жақсы пікір қалыптастырып жүргендердің бірі де, бірегейі ол. Жанары оттай жанып, жан-тәнімен беріле сөйлегені жағымпаздығы емес, табиғаты сол. Саясаттың құрыштан құйылғандай сынақтан өткен, шыныққан адамы. Сөзің жетпей жатқан жер болса, Сұлтановты сал дейтіндей бар.

Ендеше «мерзімі біттімен» Сұлтанов неге сырғытылды? Жылы орнына қайта қонжиғандардың кейбірі қайраткерлігі жағынан Қуаныш ағамыздың қолына су құюға жарай ма екен? Сұлтановтың жеке басындағы осындай алмағайып кезде ішке сақтаған бір ойымыз менмұндалап шыға келді. Ол ойды іштен суырып алған «Нұр Отан» партиясының алдағы сайлауға ұсынған тізімі. Сұлтанов соның белортасында жүр.

Иә, бұл тізімде кімдер жоқ дейсіз. Ершіктен тақымы ажырамаған Винокуров та жүр. Былғары қолғабын шегеге іліп қойғалы бері биліктің жарнамасына жүгіріп тұрған Ермахан Ыбырайымов та жүр. «Тройкасынан» әлі түспеген Әлібек Дінішев те жүр, бәрі жүр. Дариға да бар, Гүлнәр Ықсанова да бар. Уәлихан Қалижан да, Тұрарбек Асанов та қалмапты. Өзі сұранып тараған Мәжілістің төрағасы Орал Мұхаметжанов та қайта келіп, есік қағып тұр.

Осылардың ішінен саясаттағы ауыр салмақты Ахметжан Есімов жауырыны күжірейіп шыға келгенде тағы таңғалдық. Әрине, бәрі бірдей Мәжіліске барар-бармас, бірақ барса кім болмақ? Әлде сайлаудың қазаны сақырлап қайнауы мүмкін деп отырған Алматыны алақанында ұстау үшін кірді ме тізімге? Аманшылық болса, метроны қосып бергенінің өзі-ақ Есімовті қарапайым халықтың алғысына бөлеп қалар. Бұл шара айналма жол салғыштардың талайын тасада қалдыратынын да ұмытпаңыз.

Айтпақшы, Серік Үмбетов Мәжіліске төраға болатын шығар деген әңгіме әлдеқашан шыққан. Ол облыс басқарып тұрған кезде сондай болжам айтылған. Халық пен билікке қатар жаққан Үмбетов иманды адам деген аты мен затына қайда жүрсе де кір жұқтырмап еді. Енді тізімде Серік Үмбетов те тұр. Президенттің іс басқарушысы қолды-аяққа тұрмай, мазасыз жұмыста аз күнде тағы бір сыннан өтіп шықты.

«Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған Мәулен Әшімбаев қайда кетті?» деген сауал да елді қызықтырып жүр еді, біраздан бері. Әшімбаевтің Мәжіліске үміттілердің қатарынан көрінуі елең еткізерлік-ақ жаңалық болды. Саясаттанушы Ерлан Қарин «Айқын» газетіне берген пікірінде: «Мәулен Әшімбаев – ұлттық бағытта жұмыс істеп келе жатқан жас қайраткерлердің бірі. Тізімде осы сияқты тәжірибелі адамдардың болуы партияның сайлау алдындағы салмағын арттыра түседі», – дейді. Бұған алып-қосарымыз жоқ, енді. Салмақ арттыру жағынан келсек, «Нұр Отанның» тізімі салмақтыларға кенде болып тұрған жоқ. Бес-алты әнші, спортшыға көз жұма қарасақ, Қанат Саудабаевтай саясаткердің тізімнің белортасында жүруінің өзі не тұрады? Осыған қарап, Ертісбаев айтқандай, бұл Парламенттің расында да «зубастый» болатынына илана бастағандаймыз.

Осылардың барлығы Сұлтановқа бөтен емес, жалпы Сұлтанов ешкімге бөтен емес. Ендеше Мәжілісті мықтайтын, нықтайтын уақыт келген сияқты. Себебі Парламентке «Нұр Отаннан» басқа тағы бір партия барып қалуы әбден мүмкін болып отыр. Ол партия қай партия болса да, қандай партия болса да, «жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» демеңіз. Қазіргі уақытта саңылау тапса болды, сынаптай сіңетін күштер саясатта да, өндіріс салаларында да баршылық. Ендеше биліктің Қуаныш Сұлтанов арқылы жасаған жүрісі «екі жеп, биге шыққан жүріс» деп есептеңіз.

Ал енді айтпасқа болмай сұранып тұрған бір әңгіме бар. Сайлауға түсуге бел шешкені туралы Мұхтар Шаханов та мәлімдеме жасады. Алайда ол мәлімдеме әзірге мәлімдеме жарияланған әлдебір сайтта ғана қолдау тауып тұр. Басқадай белсенді еш қимыл жоқ сияқты әзірге. «Жасылдардың» атынан түсуі мүмкін екені де сөз болып қалған әуелгіде. «Жасылдардың» атынан түсемін деп, Шаханов Жағанованың кебін киіп жүрмесе болды, әйтеуір.

Шахановтың бір ұтылатын жері мемлекеттік тіл мәселесіне келгенде элитаны түгел күстаналап шыға келеді. Шын мәнінде, мәселен, осы Сұлтанов мемлекеттік тілдің жағында емес деп ешкім айта алмайды. Билік партиясы бұл сайлауда соны да ескеріп отыр. Өйткені мемлекеттік тілді жақтаушылар қазір бәрібір көбейіп келе жатыр. Сұлтанов болса, саясаттағы мемлекеттік тілдің майын тамызатын адам. Биліктің мұны да ескермеске еш амалы жоқ.

Иә, айтылмай қалған тағы бір әңгіме бар. Оппозиция қашанғыдай тағы да солқылдақтық танытып отыр. Мәжілістің таратылып, сайлаудың шұғыл өтетінін білмей қалғандай түр танытады. Бала-шаға да біліп, газеттер жазда жазып қойған мәселені қалай білмей қалады сонда? Соншама жыл бәсекелесіп жүріп, биліктің әдіс-тәсілінен хабарсыз қалуы қалай? Бел кетті деген осы-ақ болар.

Айтты-айтпады не керек, билік сайлаудың бишігін тағы үйірді. Сайлау науқанын бей-берекет жіберсе, билік билік бола ма. Ресей де мысалы, алдағы президент сайлауында «Путин Президент болады», – деп төрт-бес ай бұрын кесіп-пішіп қойды. Оның несі сайлау демеңіз, саяси технологияны ешкім ешкімнің қолынан тартып алмайды. Сұрқылтайдай сұңқылдап, билікті жақтап отырғанымыз жоқ. Тек халықпен араласпағандар халықтың тілін таба алмайды дегенді тағы да еске салғымыз келген.

 Әйтпесе қатарыма тартамын десе, ұпай жинайтын тұлғалар Сұлтановтармен шектеліп қалмайды. Бірақ халықпен, соның ішінде зиялы қауыммен де жұмыс істеп жатқан ешқайсысы жоқ. Оппозиция бүгінде құсасы ішіне түскен шағын топ қана болып қалды. Мұндай жағдайда сайлау қалай өтеді, тартысты өте ме? Жоқ, әрине! Мәжіліс қалай болады, «даукес» бола ма? Жоқ, әрине!

 Бірақ айнала түгел анталап тұрғанда, осы «жайбарақаттықты» ішіміз қалап тұрғандай. Сенаттан кеткенде Сұлтановты әріптестері сабырға шақырса, Сұлтанов енді елді сабырға шақырары даусыз. Әйтпесе тізімде неге жүр? Айтпақшы... «Сұлтанов елші болып кетеді екен» деген әңгіме тағы шыққан. Елшілік деген саяси тұлғаларға келгенде, «керек тастың ауырлығы жоқ» деген түсінік қой баяғы. Бірақ оған әзірге ешқандай себеп те, мұқтаждық та жоқ. Сондықтан Мәжілістің төрі енді Сұлтановтармен көркейетіні анық шығар.

 

 

Депутаттықтан дәме бар...

 

/«Халық сөзі», 29.11.2011 ж., Ж. Қаржан/ - Сайлау өтеді дегелі «Нұр Отан» кезектен тыс съезін өткізіп, үміткерлер тізімін жұртқа жариялап жіберді. Тізімге енген үміткерлердің ішінде шенеуніктерді айтпағанда, арасында спорт пен өнер жұлдыздарының есімдері жүр. Осыдан соң құдай қаласа, депутат болып кетуі кәдік әнші мен спортшысынан бастап, ең аяғы сайлау десе делебесі қозатын Амантай Қажыға хабарласып көрдік. Халық қамын жейміз деген бұлардың депутаттықтан дәмесі зор екен.

Нұрлан АБДУЛЛИН, әнші:

ДЕПУТАТ БОЛМАСАМ ДА ЖҰМЫСЫМ КӨП

– Халық сенім артса, депутат болуға дайынбыз. Келер жылы дағдарыс күтіп тұр. Осы уақытта партия тарапынан: «Нұрлан сенің пайдаң тиеді», – десе, біз ол жерден міндетті түрде табыламыз. Неге десеңіз, осындай халге жетуіміз еліміздің дамуының арқасы. Сондықтан елге қызмет етпегенде қай кезде жұмыс істейміз? «Нұр Отандағы» іріктеуде партия мүшесі ретінде маған ұсыныс жасалды. Демек, миллиондаған партия мүшелері арасынан лайықтылар ғана таңдалды. Депутат болып жатсақ, менің табиғатыма жақыны – спорт, мәдениет саласы, жастар мәселесі. Тізімде мәдениет саласы бойынша Әлібек Дінішев, Жәния Әубәкірова тұр. Егер көп дауыс жинасам, депутат болуым мүмкін. Бірақ қатты таласым жоқ. Осы жүргеніміздің өзінде жұмыс көп. Ел арасында жүреміз, өнер көрсетеміз дегендей...

Ермахан ЫБРАЙЫМОВ, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы:

ДЕПУТАТ БОЛАТЫН УАҚЫТЫМ ЖЕТТІ

– Үміткер ретінде халық қалаулысы болуға дайынмын. Лайықтымын, әрі депутат болатын уақытым жеткен секілді. Жасым қырыққа толып, ел қамын ойлар жасқа жеттім. Үміткер ретінде тіркелуге ұсынысты өзім жасағанымды мойындаймын. Спорт жағында ұзақ уақыт жүрдім, енді саясат жағына ойыссам деген ой бар. Сайлаудан өтемін деген мендегі сенімділік – 50:50. Тіпті, тамыр-таныстарымның бәрі сайлауға түсетінімді естіп, қуанып жатыр. Бәрі: «Ереке, сіздей адам өтпегенде кім өтеді», – деп ақ ниеттерін білдіруде. Келер шақырылымда Мәжіліс депутаты болып жатсақ, жастарды салауатты өмірге баулу, халықты бұқаралық спортқа тарту секілді іске барымды саламын. Спортшы болу 30 жасқа дейінгі өмір ғана. Әрі кеткенде 40 жасқа дейін жүресің. Одан әрі мүмкін емес. Сондықтан спорттық мансапты аяқтағаннан кейін, әркім өзінің қалған өмірінің мәнісін ойластыра бастайды. Мен ойлана келе, спорттағы беделімді басқа салада қолданғым келді.

Амантай Қажы АСЫЛБЕК, «Аттан Қазақстан» қозғалысының төрағасы:

МЕН ДЕ САЙЛАУҒА ТҮСУГЕ БЕКІНДІМ

– Кезектен тыс сайлау мерзімі белгілі. Сайлауға түсуге ниетіңіз бар ма, ата?

– Алматыда 1700 зағип жан бар. Солардың 500-і полигонның құрбандары. Семей полигонының жабылғанына, «Аттан Қазақстан» бейбітшілік қозғалысының құрылғанына және Егемендігіміздің 20 жылдығына орай Амантай Қажының атқарған еңбегі орасан екендігін айтып, әнеукүні өткен жиналыста зағиптар мені Мәжіліске депутат болуға лайық деп тапты. Үш рет Алмалы ауданында сайлауға түскен адаммын. «Семей-Невада» мен «Аттан Қазақстан» қозғалысының атынан түскенде ешкімнен кем дауыс жинаған жоқпын. Бірақ бірінші сайлауда Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, екіншісінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары, үшіншісінде облыс әкімінің орынбасары өтіп кетті. Бұған қарап мен сайлаудың әділетсіз өтіп жатқанын білдім. Мен саясаттың емес, Алла жолындағы адаммын. Депутаттығына да қызығып тұрған жоқпын. Бірақ мен жеңсем, зағип жандар мен Қазақстанда иманды мемлекет құру үшін табысты жеңіс болар еді. «Аттан Қазақстанның» атынан сайлауға түссем, саясатқа кірген болам. Сондықтан зағиптар қоғамынан түспекке бекіндім. Американың президенті Обама шақырғанда бармадым. Себебі, олар шақырып алып, трибунаға отырғызып қояды да өздері арақ ішіп отырады. Қазақы қалпағым мен аса қасиетті Меккенің шапаны және таяғыммен ол жерде отыра алмаймын. Түсіңдің бе? Амантай Қажы сайланса, Мәжілістегі нағыз иманды, қазақы депутат мен болар едім. Бұл қазақ халқына жеңіс, жақсылық әкеледі. Депутат болсам тойлап, мақтанбаймын. 600 мың теңге айлығымның 500 мың теңгесін зағип жандарға беріп тұрам. Қалған 100 мың теңгесі маған жетеді. Кезінде президенттік сайлауға түскенімде бағдарламам өте күшті еді. Рәтбек Қажының өзі «қазақтан шыққан Пайғамбардың ізбасары» деп жүр. Бұл үлкен сөз, айналайын.

 

 

Нығматулин нық жүр

Мәжіліс Төрағасы болады-ау, шамасы

 

/«Халық сөзі», 29.11.2011 ж., Б. Нұрасыл/ - Ұлу жылы табалдырықтан аттасымен билік дәліздерінде ұлы өзгерістер болады деп күтіп отырған жұрт әзірге болжам айтумен ғана шектеліп отыр. Бірақ дәл қазіргі жағдайда болжам дегеннің де көп жағдайда ақиқаттың ауылынан қиыс кетіп жататынын, саяси жауырыншыларымыз жақсы біледі. Әйткенмен, нақты дерек болмаса да, «ай осы болып қалады-ау» деп, келсін-келмесін болжам айтудан жалықпайтындар да жоқ емес әлі. Ал «сенімді ақпарат көзінен алдым» дейтіндерге қаншалықты сенуге болады?

Мәселен, осы апта тағы бір саяси болжаммен басталды: жыл шыға құрылатын сужаңа Мәжілістің тұтқасын «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин басқарады-мыс. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарына сенсек, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінен кейін біреулер ҚазТАГ-қа осындай сыбыс тастаған. «Нұрлан Нығматулинге Парламент Мәжілісін басқару ұсынылады. Бірқатар саяси өзгерістер осыған лайықталып жасалып жатыр», – дейді ақпаратқа қанық дереккөзі. Сөзіне дәйек ретінде «құпия сәуегей» Нығматулин өзін мезгілінен бұрын өткен Президент сайлауының штабының жетекшісі ретінде таныта білгенін, керемет нәтижеге қол жеткізгенін айтады. Сондай-ақ, ол Нығматулиннің егізі – Ерлан Нығматулин Мәжілістен Сенатқа қарай секіруінен «қатты секем» алғанын байқауға болады. «Мұндай жолмен Нұрланға мәжіліс төрінен кең жол ашып қана қоймай, қос Нығматулиннің Парламенттің бір палатасында отыр деген алып-қашпа әңгіменің аузына құм құюға болады», – деп атап өткен.

Несі бар, Көлік және коммуникация вице-министрі, Қазақстан Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, Қарағанды облысының әкімі секілді жауапты қызметтерде отырып келген 49 жастағы Нұрлан мырза қайда жүрсе де өзінің «ерекше ұйымдастырушылық» қасиетімен жаға білді. Нұрекеңнің танымалдылығы да артты, партияның арқасы деп қояйықшы. Тағы бір саяси сыбыс, «Нұр Отанда» Нұрлан Нығматулиннің кеңесшісі болып жүрген Мәулен Әшімбаев вице-спикер болатын көрінеді. Кім білсін, бәрі де мүмкін.

Ал сонда Нұрлан Нығматулиннің орнына кім келмек? Осыған дейін, мемлекет басшысы төрағалық ететін партияның бірінші орынбасары қызметіне Мәулен Сағатханұлының баратыны туралы айтылып жүр еді, әр жер-әр жерде. Оған шәк келтірген адамды да көрген емеспіз. Дегенмен, Әшімбаевтың Мәжіліске үміткерлердің арасында бой көрсетуі мұндай болжамды аяқсыз қалдырды.

Бұдан өзге өсуі мүмкін, бір ғимараттан бір ғимаратқа көшуі мүмкін адамдардың ішінде Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтің аты аталып қалады. «Үкіметке, не «Нұр Отанға» барады-ау, шамасы» деген секілді екіұшты ақпаратпен ғана қуанта аламыз. Тимур Құлыбаевтың да жоғарылайтынын болжап жатыр, білгіштер. Мұхтар-Құлмұхаммед мемхатшы болады-мыс. Бұл әзірге сыбыс, әрине...

 

 

Сайлауға дайындық

 

/«Қазақстан» ТРК, 27.11.2011 ж., А. Қобдабай/ - Сайлау ел тағдырының ертеңін саралайтын аса жауапты елдік шара. Елдік шараны абыроймен атқару елдік сананы сіңірген әрбір Қазақстан тұрғынының міндеті. Саяси науқанға жұртты жұмылдырып, үгіт-насихат жүргізу партиялардың міндеті. Депутаттық мандаттың неғұрлым көп бөлігіне ие болуды көздеген саяси ұйымдардың жұмысының нәтижелі болуы да насихаттың қарқындылығына, әрі-беріден соң пәрменділігіне көп байланысты. Партиялар қазір саяси додаға дайындықты қыздырғанда, сайлау комиссиялары да әзірден қам-қарекетсіз жатқан жоқ. Сайлауға қажетті құрал-сайманды сақадай-сай етіп, партияларды тіркеп, бақылаушылардың жұмысын үйлестірмек оларға артылар жауапкершілік жүгі зор болмақ.

Келер жылы өтетін Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында тұрғындар үш бюллетеньмен дауыс береді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы  осы аптада өткен кезекті отырысында мәлім етті. Мәжіліс сайлауына қажетті бюллетеньдерді Ұлттық банктің «Банкнот фабрикасы» даярласа, мәслихаттар сайлауының парақшаларын төрт аймақтық баспахана басып шығарады. Орталық сайлау комиссиясының жұмысына қанығып қайтқан журналист Айбек Қобдабай.  

Алдағы сайлауда сайлаушылар үш түрлі бюллетеньмен дауыс береді. Олар саяси партияларды анықтауға, сосын облыстық және қалалық, аудандық мәслихаттардың кандидаттарын сайлау үшін енгізіліп отыр. Бұндай тәсіл елімізде бұған дейін өткен сайлау шараларында да қолданылған. Әрі осы аптада Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Алматы облыстарының облыстық сайлау комиссиялары мен Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жаңа мүшелер тағайындалды.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Алдағы сайлауда сайлаушылар үш бюллетень алатын болады. Олардың біреуі Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында саяси партия үшін дауыс беруге арналған. Екінші бюллетень -облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған. Ал үшінші бюллетень- аудандық немесе қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған. Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары екі бюллетень алады. Өйткені, бұл қалаларда аудандық мәслихаттар жоқ.

Күні кешеге дейін елімізде жергілікті мәслихаттар депутаттығына 10 кандидат  ұсынылды. Олардың 9-ы өзін өзі ұсынса, біреу қоғамдық ұйымнан атынан атсалыспақ. Саяси науқанға дайындықты күн сайын пысықтайтын Орталық сайлау комиссиясы жергілікті мәслихаттарға депутаттықтан үміткерлерге республикалық бюджеттен бөлінетін қаржылық шығынның нормативтерін де бекітті. Осы құжатқа сай облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидат ретінде тіркелген әрбір үміткерге үгіт шаралары мен көлік шығынына қазынадан 349 мың теңге, ал қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін 179 мың теңге бөлінген. Оның сыртында әр кандидаттың сайлауалды үгіт-насихат шараларына қажетті қор құруларына болады.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Біздің ақпарат бойынша  қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттар бар. Олардың саны - 10 адам. Олардың біреуі Қызылорда облысынан, қалғандары Маңғыстау облысынан өздерін өздері ұсынған кандидаттар.

Еліміздегі барлық деңгейдегі мәслихаттарға 3335 депутаттар сайлануы тиіс. Оның 550 депутаты 14 облыстық және Астана мен Алматы шаһарының мәслихаттарына, 2160 депутат аудандық мәслихаттарға, ал 325 депутат 37 қалалық мәслихаттарға сайланады.

Орталық сайлау комиссиясы келер жылы өтетін кезектен тыс сайлауға дайындық шараларын пысықтауға арналған республикалық семинар кеңес ұйымдастырды. Құзырлы органдар мен жауапты министрліктердің және облыстық, қалалық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларының басын қосқан кеңесте - сайлауды ұйымдастырудың заңдық нормалары мен оны өткізу ережелері, халықаралық бақылаушылар мен шетелдік ақпарат құралдарын аккредитациялау мәселелері, саяси науқанды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету тетіктері және сайлау шараларын қажетті қаржымен қамтамасыз етуге қатысты тақырыптар талқыланды.

Гүлнәр Күнбаева, Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:

Жылдың аяқталар болған соң, келесі жылдың бюджеті бекітіліп жатқандықтан, көптеген қаржы мәселелеріне сұрақтарды алдық. Енді облыстарымызда аумақтық сайлау комиссиялары  жұмыстарына кірісті.

Алдағы сайлаудың ерекшелегі со-, электоралдық үрдістің негізгі кезеңдері әсіресе, үгіт-насихат науқаны ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгелі отыр. Осыны ескерген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов, сайлау алды әзірлік жұмыстары кезінде барлық деңгейдегі сайлау органдарына ерекше жауапкершілік жүктелетінін жеткізді.

 

 

ОСК партиялар үшін Мәжіліске өту

межесін төмендетуді қолдайды

 

/«7 арна» телеарнасы, 28.11.2011 ж., П. Қаппарова/ - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов партиялар үшін Мәжіліске өту межесін азайту керектігін жоққа шығармады. Тіпті, бұл орайда Қазақстанға халықаралық іс-тәжірибеге жүгіну қажет деп атап өтті бүгін шетелдік елшілік өкілдерімен кездесуі кезінде. Қазіргі заң бойынша Парламеттен орын алу үшін саяси бірлестіктер кемінде сайлаушылардың 7 пайызының қолдауына ие болуы тиіс. Тұрғанқұлов бұл межені азайту үшін Үкімет пен Парламентке ұсыныс жасау қажет дейді.

ҚУАНДЫҚ ТҰРҒАНҚҰЛОВ — ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Бір партиядан өзге басқа партия 7 пайыз дауыс жинамаса, автоматты түрде келесі партия өте береді. 7 пайыздық дауыс жинау жүйесі 5–6 мемлекетте бар. Басқа мемлекеттерде 10 пайыздық, 2 пайыздық, 3 пайыздық, әр түрлі. Халықаралық тәжірибеге жүгінгеніміз артық болмайтын сияқты».

Ал, Мәжіліс пен Мәслихат сайлаулары бір күнге, қаңтардың 15-іне қойылуы басы артық шығындардан сақтамақ. Осының арқасында бюджеттің 4 миллиард теңгесі үнемделмек дейді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

 

 

ОСК сайлауды халықаралық бақылау

жөнінде семинар-тренингтер өткізуде

 

/«BNews.kz», 28.11.2011 ж./ – Орталық сайлау комиссиясы  сайлауды халықаралық  бақылау жөнінде семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды  BNews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Бақылаушылар еліміздің халықаралық, демократиялық, сайлау заңнамаларын жақсы білулері керек. Әрі кез келген уақытта оны басшылыққа алулары қажет», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев.

Тренинг жұмысына ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының өкілдері, Еуропа одағының делегациясы, ҚР орталық және мемлекеттік органдары мен ведомствалары өкілдері қатысты.

 

 

ОСК бақылаушылар үшін кеңес өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 28.11.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Сыртқы істер министрлігінде шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Сұхбат барысында Қуандық Тұрғанқұлов алдағы сайлауды өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айта келе, Комиссия барлық қажетті кадрлық және материалдық ресурстарға ие және сайлауды тиісті деңгейде өткізуге дайын деп атап көрсетті.

Қуандық Тұрғанқұлов, ОСК төрағасы:

- Алдағы сайлаудағы негізгі электоралды үрдістер, әсіресе үгіт-насихат жұмыстары Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына дайындық және осы мерекені тойлау уақытымен тұспа тұс келмек. Бұл сайлау органдарына және сайлауға қатысушы барлық тараптарға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Сондай-ақ бүгін Орталық сайлау комиссиясында сайлауды халықаралық бақылау жөнінде семинар-тренинг болып өтті. Жиынға Астанадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы орталығының, Еуропалық одақ делегациясының және Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Семинар-тренинг барысында сайлауды байқаудың халықаралық және ұлттық сипаттағы негіздері, заңға қайшы сайлау технологияларын анықтаудың әдістері сияқты көптеген мәселелер талқыланды. Іс шара соңында басқа елдердегі сайлауларға Қазақстандық өкілдіктердің байқаушы болып қатысуын одан әрі жетілдіру жолдары жөнінде пікір алмасылды.

 

 

Қазақстан ОСК-сы сайлау кампаниясы кезінде

шағымдарды қарастыру процедурасын өзгертеді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 28.11.2011 ж./ - Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы сайлау кампаниясы кезінде түскен шағымдарды қарастыру процедурасын өзгертеді, деп хабарлады мекеменің төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Қазақстанда 2012 жылдың15 қаңтарында мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы) және мәслихат депутаттарының мерзімінен ерте сайлауы өтеді.

«Қазір Орталық сайлау комиссиясы шағымдарды қарау процедурасын өзгерту мүмкіндігін тікелей комиссия отырысы кезінде қаралғаны дұрыс», дейді Тұрғанқұлов.

 

 

Сайлауға 8 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.11.2011 ж., Г. Марқабай/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының және халықаралық ұйымдардың өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Онда сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлауды өткізуге республика бойынша жүргізіліп отырған  шаралар туралы айтып берді. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы  кадрлық, материалдық және техникалық жағынан сайлауға сақадай сай.

Қаржы да жеткілікті. Науқанға 8 миллиард теңгеден астам қаржы бюджеттен бөлініп отыр. Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының даму деңгейі жайында айта келе, Қуандық Тұрғанқұлов «Сайлау туралы» заң алғаш қабылданғалы бері, оны жетілдіру мен халықаралық сайлау құқығы нормаларына сәйкестендіру мақсатында оған 12 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айтып өтті. Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына мыңнан аса шетелдік бақылаушылар келеді деп күтілуде.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

2004 жылы 1200-дей байқаушы қатынасқан, биыл да сол шамада болады деп ойлаймын.

Сондай-ақ, бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлауды халықаралық бақылаудың құқықтық негіздері жайында семинар өткізді. Соңғы 5 жылда Орталық сайлау комиссиясы шетелдегі сайлауларды бақылауға 177 адам жіберген. Ал биылдың өзінде Албанияда, Черногорияда, Қырғыз елі және Ресейдің муниципалды аймақтарында өткен саяси науқандарда Қазақстан атынан 25 адам бақылаушы болған.

 

 

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы

Парламентке бірнеше партияның өкілі өтетініне сенімді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 28.11.2011 ж./ - Қазақстанның сайлау комиссиясында парламентке өту үшін 7 пайыздық кедергіні бірнеше партияның өкілдері еңсеретініне үміттенеді, деп хабарлады ОСК төрағасының өкілі Владимир Фоос.

«Біз 7-пайыздық кедергіні бірнеше партияның өтетініне үміттенеміз», - деді Фоос Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының брифингінде.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қуандық Тұрғанқұлов өз кезегінде саяси партиялар көшбасшыларының өтініштеріне қатарп, «Қазақстанда мандаттар тапшылығы байқалды», деді.

Кезектен тыс парламенттік сайлдау Қазақстанда 2012 жылдың 15 қаңтарында өтеді.

 

 

Халықаралық байқау мәселелеріне арналды

 

/«Егемен Қазақстан», 29.11.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Орталық сайлау комиссиясында сайлауды халықаралық байқау жөніндегі семинар-тренинг болып өтті. Оның жұмысына ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының, Еуропалық Одақ делегациясының, еліміздің орталық мемлекеттік органдарының, министрліктер мен ведомстволарының өкілдері қатысты.

Семинарды кіріспе сөзбен Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов пен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Эндрю Оффенбахер ашты. Жиынға қатысушылар сайлауды халықаралық байқаудың халықаралық-құқықтық және ұлттық-құқықтық негіздерін, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау бойынша ұйғарымдарын, заңсыз сайлау технологияларын анықтаудың әдістері мен құралдарын талқылады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар миссиялары құрамында сайлауды халықаралық байқаудың ерекшеліктерін қарастырды және Қазақстан өкілдерінің 2011 жылы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамында сайлауларды байқауға қатысу тәжірибесімен бөлісті.

Семинар-тренингте ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауларды байқау жөніндегі мис­сиясының құрамына кіретін байқаушылардың кәсіби деңгейін жоғарылатуға, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердегі сайлауларды байқауға Қазақстан өкілдерінің қатысуын белсенділендіре түсуге ерекше назар аударылды. Қорытындысында 2012 жылы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамында Қазақстан Республикасы атынан байқаушылардың қатысуын қамтамасыз ету тәжірибесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Қазақстандық байқаушылардың кәсіби деңгейін жоғарылату бойынша жұмыстардың маңыздылығы мен қажеттілігін ескере отырып, біздің еліміздің өкілдерінің ЕҚЫҰ кеңістігінде сайлауларды байқауды іске асыру үдерісіне қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайту және демократиялық сайлау үдерісін дамыту ісіне қосқан айтарлықтай үлесі ретінде Орталық сайлау комиссиясы оларға арналған семинар-тренингтер мен консультациялар өткізу тәжірибесін алдағы уақытта да жалғастыруды және дамытуды көздеп отыр.

 

 

Мәслихаттарға 200 депутат сайланбақ

 

/«Егемен Қазақстан», 29.11.2011 ж., Т. Құсайын/ - Ақжайықта Мәжіліс депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына әзірлік жұмыстары жан-жақты өрістей бастады. Мұндағы барлық аумақтық комиссиялар өз міндеттерін атқарып жүр. Қазіргі күні сайлау нүктелерін қажетті ақпараттық материалдармен қамту жұмыстары жүргізілуде. «Нұр Отан» ХДП-ның XIV съезінде республика Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, бұл сайлаудың орны бөлек, мәні мен маңызы айрықша.

Ендеше сайлау учаскелерінде қызмет жасайтын аумақтық комиссия мүшелеріне қойылатын талаптар мен жауапкершіліктер де жоғары болмақ. Сондықтан облыста бірінші кезекте өте қысқа уақыт аралығында оларды оқытып үйретуге, кезектен тыс сайлаудың басты ерекшеліктерін ұғындыруға мән берілген.

Өңірде бүгінгі күнге дейін сайлаушылар дауыс беретін 523 учаскенің шекаралары нақтыланды. Округтік және аймақтық сайлау комиссияларының тізімдері мен  олардың қайда, қандай мекенжайда орналасқаны жергілікті баспасөз беттерінде жария етілді.

– Облыс бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттарға 200 депутат сайланбақ.

Оның 30-ы облыстық, 20-сы қалалық және 150-і аудандық мәслихаттарға депутат болып сайланады. Республика Конституциясының 86-шы бабы бойынша депутаттыққа ұсынылатын үміткерлерге бірқатар талаптар қойылған. Сондықтан да бұл кезеңде осы конституциялық талаптардың сақталуы ескерілетін болады, – деді газет тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Ғилым Қуанышев.

 

 

Ардагерлер белсенділігі маңызды

 

/«Қазақстан» ТРК, 29.11.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Қазір елімізде 18 мыңнан астам Ауған соғысының ардагері бар. От жалын кешкен кешегі сарбаздар бүгінгі бейбіт заманда қоғамдық істерден шет қалған жоқ. Тәуелсіздік жылдарында кейінгі ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге белсене араласты. Бүгін Ауған соғысы ардагерлері ұйымы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесіп, алдағы мақсаттары жөнінде ой бөлісті. Қоғамдық ұйым өкілдері «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 14-нші сьезінде қабылданған сайлау алды тұғырнаманы қолдайтындықтарын жеткізді.  

Бақытбек Смағұл, Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығы төрағасының орынбасары:

Тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда көптеген іс-шаралар болса оның басы қасында осы «Нұр Отан» партиясы жүрді. Біз Ауған соғысы ардагерлері тұрақтылық пен тыныштықтың не екенін жақсы білеміз және оның одан ірі дамуына ат салысамыз.

 

 

Ардагерлер мен жастар «Нұр Отанды» қолдауда

 

/«Хабар» агенттігі, 29.11.2011 ж./ - Ауған соғысы ардагерлері ұйымы қауымдастығы «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасын қолдады.

Олардың айтуынша, әсіресе, тұғырнаманы құру барысында «Халық дауысы» акциясы кезіндегі келіп түскен отандастарымыздың мұң-мұқтажы ескерілгендігі ұнап отыр. Сонымен қатар, ардагерлер үнемі партия көшбасшысы, ел президентінің қамқорлығын сезініп отырғандарын жеткізді.

Бақытбек СМАҒҰЛ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Тұғырнаманың өзінде, бағдарламада бекітілген, ерекше оған тоқталып ісімен дәлелдейтін бірден-бір бағдарлама болғандықтан біз оны қолдаймыз. Несімен қолдаймыз дейтін болсақ: шын мәнінде аталып өтетін нақты-нақты негіздері бар ол жерде және үлкен сеніммен қарайды.

Еліміздің жастар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары да «Нұр Отанды» қолдайтындығын жеткізді. «Қазақстанның студенттер альянсы», Ауыл жастары одағы, сонымен бірге, «Есірткісіз болашақ» қоры өкілдерінің пікірінше, өскелең ұрпақ үшін мемлекетіміздің даму бағыттарын айқындауы өте маңызды. Себебі, алдағы уақыт жастарға жүктелген біраз міндеттер тұр.

Шахмардан БАЙМАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР КОНГРЕСІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл партияның тұғырнамасы өте сауатты жазылған. Сонымен қатар, шын мәнісінде осы тұғырнамада жастарға деген үлкен рөл берілуде. Алдағы уақытта сайлауда жалпы осы мемлекеттің басқаруында, сондықтан да бұл партияда жасзылған тезис жастардың жетістігі – еліміздің жетістігі тезисі шын мәнісінде үлкен аргумент деп ойлаймын.

 

 

Әйелдер ұйымдары «Нұр Отан» партиясының

сайлауалды шараларын қолдайды

 

/«Хабар» агенттігі, 29.11.2011 ж./ - Бүгін Алматыда әйелдер ұйымдарының Альянсы баспасөз маслихатын өткізді. Қоғамдық ұйым өкілдері «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының сайлауалды іс шараларын қолдайтындықтарын мәлімдеді.

Форум барысында қатысушылар партияның сайлауалды жоспарларына оң бағаларын берді. Және өздерінің ұсыныстарын да ортаға салды.

Светлана РОМАНОВСКАЯ, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАР ЛИГАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бізде бәсекеге қабілетті компаниялар саусақпен санарлық. Ал өзге кәсіпорындарды осы деңгейге көтергіміз келсе тұтынушылардың сауатын арттыру қажет. Ол үшін білім жүйесіне арнайы пәндер енгізу керек. Сонда ғана бізде қызмет пен сауда нарығы өркениетті бола алады.

Басқосуға үкіметтік емес ұйымдармен қатар қоғамдық қозғалыс өкілдері де қатысты. Олар партияның сайлауалды платформасында әйел азаматтардың қоғамдағы мәртебесін көтеруге арналған іс-шараларға ризашылықтарын білдіріп отыр. Сондай-ақ, сарапшылар республиканың саяси өміріне қоғамдық ұйымдардың атсалысуы ең басты жетістік дейді. Бұл елдегі демократияны дамытып, мемлекет пен халықты жақындата түсуде.

Зүлфия БАЙСАҚОВА, ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҚТАРЫ ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Елімізде гендерлік саясат мәселесі уақытылы көтеріліп шешімін тауып жатыр. Және бұл сайлауда әйел азаматтардың еркектермен бірге саяси додағы түсуі біз үшін үлкен мүмкіндік.

 

 

Оңтүстік Қазақстанда 1112 сайлау учаскесі жасақталды

 

/«Қазақстан» ТРК, 25.11.2011 ж., Ғ. Қалмаханов/ - Оңтүстік Қазақстан облысында 1112 сайлау учаскесі жасақталды. Халық санының көбеюіне орай  учаске саны мұнан да артуы мүмкін. Қазір округтік, учаскелік Сайлау комиссияларының мүшелері сайлау алдындағы дайындық жұмыстарын пысықтау үстінде. Әзірге сайлаушылардың тізімі нақтылана қойған жоқ. Бірақ соңғы жинақталған мәлімет бойынша бұл жолғы сайлауда 1 млн. 200 мыңға тарта азамат өз таңдауын жасамақ.

Берік Торғауытов, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:

Қазіргі таңда учаскелік, Округтық сайлау комиссияларының құрамын, округтік учаскелердің шекараларын анықтап, БАҚ-на дайындап жатырмыз. 

 

 

 

Шымкентте сайлауға дайындық қызу жүріп жатыр

 

/«Хабар» агенттігі, 29.11.2011 ж./ - Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы өтетін мәжіліс депутаттарын сайлауға қатысатындардың тізіміне бір миллионнан астам адам енгізілген.

Облыстық сайлау комиссися қазір сол тізімдерді нақтылап, аудандық және округтік комиссиялардың жұмысын үйлестіруді ойластыруда. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытов учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын тез бастап кете алады,дейді.Өйткені, олар биыл наурыз айында президент сайлауын өткізді, мүшелері белгілі, жұмыс істеу қағидаларын ұмыта қойған жоқ. Ал аудандық және округтік сайлау учаскелерінде округтердің шекарасы мен ондағы сайлаушылардың тізімі нақтыланды. Енді сайлау комиссиясының орналасатын жері белгіленуде. Облыста 1 миллион 198 мың сайлаушы бар. 1012 жылдың 16 қаңтарына дейін тағы да 300-дей жасөспірім кәмелеттік жасқа толады. Олар да өз таңдауын жасайды. Бюллетеньдерді Тараздағы «Сенім» баспаханасы оңтүстіктегі үш облысқа жеткілікте етіп басып, шығаратын болды. Ал әзірге облыста мәслихат депутаттығына үміткерлерден ешкім өтініш бермеген.

Берік ТОРҒАУЫТОВ, ОҚО САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біздер қазір сайлауға керекті құжаттардың барлығын алдық. Олардың барлығын сол сайлау комиссияларына таратып беру, солармен осындай дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі күнге тіркелген кандидат жоқ. Өйткені меніңше мынау проимериз өткізіп жатыр партиялар, сол проимериздері біткеннен кейін қалған орындарға шығатын шығар үміттенген адамдар, кандидаттар, әзірге бізге келіп түскен арыз жоқ.

 

 

Аймақтар сайлауға дайындық үстінде

 

/«Хабар» агенттігі, 29.11.2011 ж./ - Маңғыстау облысында алдағы жылдың 15 қаңтарында өтетін Парламент мәжілісі мен маслихат депутаттарын сайлауға дайындық қызу жүріп жатыр.

Аймақта 260 сайлаушы тіркелген. Қазір сайлау комиссиясы бұл санды нақтылауда. Сондай-ақ, баспасөз беттерінде аймақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының тізімдері жарияланды. Алдын ала есеп бойынша облыста 172 сайлау учаскесі жұмыс жасайтын болады. Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің айтуынша бұған дейінгі сайлаулармен салыстырғада бұл жолы Маңғыстау облысында учаскелерінің саны біршама көп болады. Бұл халық санының артуына байланысты болып отыр. Қазір окугтер мен учаскелердің аясы белгіленіп жергілікті газеттерде жарияланды. Сондай-ақ комиссия мүшелірінің білімдері тексеріліп телефон нөмерлері жинақталды. Бүгінде аймақта кандидаттарды тіркеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Есен КҮМІСҚАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгінде жергілікті маслихатқа 20 адам ұсынылды. Олардың біреуі Түпқараған аудандық маслихатына, біреуі Жаңаөзен, 18-і Бейнеу аудандық маслихатына.

Қазір кандидаттардан өтініштерді қабылдау жалғасуда. Мұнымен қоса үміткерлердің құжаттарының заңға сәйкестігі тексерілуде. Бұл жұмыстардың барлығы облыстық сайлау комиссиясымен қатаң қадағаланып отыр. Сайлау науқаны басталғалы бері аталған құрылым 3 рет кеңейтілген отырыс өткізді. Енді сайлау комиссиясы саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесулер өткізетін болады. Сондай-ақ қазір шалғай елді-мекендер мен мұнайшылар ауылындағы тұрғындарды сайлауға тарту шаралары пысықталуда.

Есен КҮМІСҚАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз қазір сайлау күні жұмыста болатын сайлаушылардың тізімін анықтап жатырмыз. Бұл жұмыстарды сол ауылдардың басшыларымен жұмыс берушілермен бірлесіп атқарудамыз.

Есен Күмісқали Маңғыстау облысына сайлауға дайындық жоғарғы деңгейде жүріп жатыр дейді. Сондықтан тұрғындардың алдағы саяси додаға бір кісідей қатысып өз таңдауарын жасауларына толық мүмкіндік бар.

 

 

Сайлау комиссиялары сайлауға дайындалуда

 

/«Хабар» агенттігі, 29.11.2011 ж./ - 2012 жылдың 15 қаңтар күні ҚР Парламенті мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайлауда Солтүстік Қазақстан облысында жеті мыңға жуық сайлау комиссиясының мүшелері жұмыс істейтін болады.

Қазір өңірде 217 округтік және 15 аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Облыста оқыту семинарлары өткізілуде. Жамбыл ауданының орталығы Преснов ауылында 4 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Осы күндері округтік және аумақтық сайлау комиссиялары қажетті құжаттармен және техникалық құрал жабдықтармен қамтылуда. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында тұратын 585 мыңға жуық адамның 400 мыңға жуығы сайлауға қатысуға құқы бар. Алайда, сайлаушылардың нақты тізімі әлі нақтыланатын болады. Облыстық сайлау комиссиясының өкілдері әзірге қандай да партия атынан немесе өзін-өзі ұсынған үміткерлер тіркелмегенін айтады.

Жасұлан ҚАЗБЕКОВ, СҚО САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Жергілікті атқарушы орындармен бірлесе отырып. Сол округтік сайлау комиссияларын бүгінгі күнге керек материалдық техникалық телефон мысалы компьютер солармен қамтамасыз еттік. Бүгінгі күні біздің облыста өздерін өздері ешкім ұсынған жоқ депутаттыққа кандидат болып.

 

 

Айткүл САМАҚОВА, саясаткер:

Жұмысымды жалғастыруға дайынмын

 

/«Айқын», 29.11.2011 ж., А. Көшкенова/ - «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс Парламент сайлауына ұсынған үміткерлер тізімінің үштені бірін алдыңғы, Мәжілістің 4-шақырылым депутаттары құрайды. Солардың бірі - Айткүл Самақовамен съезден кейін әңгімелескен едік.

- Съезд барысында айтылған ең маңызды мәселе қандай болды деп ойлайсыз?

- Мемлекет басшысының баяндамасы әсерлі шықты. Әлеуметтік мәселелер блогына көп орын берілді. Үлкен міндеттерді алдымызға қойды. Елге көбірек көңіл бөлуге шақырды. Жиында көптеген жастар сөз сөйледі. Жас қазақ жігітінің сөздері қандай тамаша шықты. Илья Ильин сондай жақсы пікір білдірді. Жастар біртіндеп өсіп, үлкен дәрежеге жетсе деп ойлаймын. Төмен жақтан пісіп-жетіліп, өзін көрсетіп, дәлелдеп, шыңдалған азаматтардың Парламентке келгені абзал. Сонда адам өзіне ұсынылған нәрсенің қадірін де жете түсінетін болады.

- Партиялық тізімнің осы жолғы құрамы жөнінде не ойлайсыз?

- Мен көп адамдарды танымаймын. Бұрынғы 98 депутат әріптесімнің 41-і қайта тізімге кірді. Енді «Нұр Отанның» неше пайыз алатынын алдағы сайлау көрсетеді. Содан кейін тізімдегі 127 үміткердің қаншасы Парламентке баратыны белгілі болады.

- Бұрынғы әріптестеріңіздің арасынан қандай азаматтар тізімге ене алды? Олардың бұған бұрынғы депутаттық жұмыстары әсер етті ме?

- Тізімдегі адамдар туралы дерекпен танысып отырған кезде олардың барлығының елдің жағдайын білетін тәжірибелі азаматтар екені байқалды. Бәрі осыған лайықты. Бірақ тізімге кірмеген бұрынғы әріптестерім де - жұмысты білетін, түсінігі бар азаматтар еді. Мысалы, Жамалов деген бұрынғы депутатпен жақын жұмыс істедім. Ол - өз ісін жетік меңгерген, өзіндік ой пікірі бар азамат. Сондай жігіттерді тізімнен көре алмадым. Бәлкім, бұл азаматтар басқа жұмыс істейтін шығар? Өйткені ондай мамандардың далада қалмайтыны анық.

- Бұған дейін саяси партиялар өз қатарларында әйелдердің 25 пайыздан кем болмайтынын айтқан. Осы жолғы тізімге гендерлік тұрғыдан қалай баға бересіз?

- Мен мына тізімге Дариға Назарбаеваның кіргеніне қуандым. Себебі ол депутат болған кезде қаншама ұсыныстар жасады?! Дариғаның бір қасиеті: бір жұмыс істесе, беріліп, барлық күш-жігерін салады. Екіншіден, ол партияны басқарып жүргенде қанша шаруа тындырды?! Егер ол Парламентке келсе, БАҚ мәселелерін шешуге, заңдарды жетілдіруге атсалысады деп ойлаймын. Сонымен бірге осы тізімдегі Ольга Шишигина, Раушан Сәрсенбаева - ел танитын, қолдарынан іс келетін келіншектер. Бұрынғы депутаттар арасынан да өз саласын жақсы меңгерген Тарасенко, Ферхо, Клебанова, Есенбаева, Сүлейменова, Айсина сияқты азаматшалар тізімге енді. Заң сапалы шығуы үшін сол мәселені көтеріп, қарап, талдап жүрген адамдардың болуы шарт.

- Тізімге осы жолы көптеген атақты спортшылар, әншілер, артистердің кіруі не үшін қажет болды? Мысалы, Ермахан Ибраимов тізімдегі спортшыларға қатысты: «Спорт мәселесі басты мәселелердің бірі шығар» деп түсіндіреді...

- Парламентке әртүрлі саладан келген депутаттардың болғаны дұрыс. Депутаттық корпус тек заңгерлер мен экономистерден тұрмауы керек. Заң шығарушы органда әр саланың, әр ұлттың өкілдері болғаны абзал. Мысалы, Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Сондықтан Парламентке әртүрлі саланың, түрлі топтардың жағдайын жақсы білетін адамдар қажет.

- Өзіңіз Парламентке бара қалсаңыз, қандай шаруаларды жалғастырамын деп ойласыз?

- Әлеуметтік мәселелерді қашан болса да қарай аламын және соларды шешуге ынталымын. Алдыңғы Мәжілісте Әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесті басқардым. Осы уақыт аралығында көптеген әлеуметтік мәселелерді көтеріп, солардың 80 пайызы шешілді. Егер маған тағы сенім артып жатса, сол жұмысты әрі қарай жалғастыруға дайынмын.

 

 

Жастар үнсіз қалғысы келмейді

 

/«Айқын», 30.11.2011 ж., Ә. Бақытқызы/ - Жастар алдағы Мәжіліс сайлауына өз үндерін қосып, саяси белсенділігін арттыруды көздеп отыр. Кеше бір топ белсенді жастар «Фридом Қазақстан» ортақ коалициясына бірігіп, сайлау кезінде дауыс беру барысына халықтық бақылау орнатуды ұсынды.

«Фридом Қазақстан» коалициясына азаматтық қоғамның тетігі саналар үкіметтік емес ұйымдар мен жоғары оқу орындарының студенттері кірмек. «Салыстырмалы құқық орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Руслан Қалиевтің айтуынша, қазақстандық жастар алдағы сайлауға белсенді араласуға барынша ынталы. «Осыны ескере отырып, біз барлық үкіметтік емес ұйымдарды алдағы сайлаудың дауыс беру барысын бақылайтын «халықтық бақылау» ұйымдастыруға шақырамыз» дейді Руслан Қалиев. Әзірге «Фридом Қазақстан» коалициясының құрамында Алматы қаласының жоғары оқу орындарының жастары ғана бар. Коалиция өкілдері Әділет министрлігінде ресми түрде тіркеуден өтіп, учаскелердегі сайлау барысын бақылайтын еріктілерді бақылау жұмысының қыр-сырымен таныстыруды мақсат тұтып отыр. Дегенмен «Фридом Қазақстан» сайлау барысын бақылаумен ғана шектеліп қоймайды, коалицияның алдағы міндеттері одан әрі кеңейе түседі. Руслан Қалиев Мәжіліс сайлауынан соң, додаға түсіп, жеңіске жеткен үміткерлердің сайлауалды бағдарламасын толыққанды орындап, ел игілігіне қызмет етуін де жіті бақылауларында ұстайтынын айтады. Коалицияның көздегені - сайлау барысында «Сайлау туралы» заңның бұзылмайтынын қадағалап, кемшіліктер мен қателіктер хақында халықты хабардар ету.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Марат Ушатовтың айтуынша, жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуы олардың ел болашағына бей-жай қарамайтындығының дәлелі. «Мәселен, өткен жылғы Ақ Азиада кезінде, Президент сайлауында негізгі міндет жастарға жүктелді. 15 қаңтарда өтетін Парламент мәжілісінің сайлауында да жастар үнсіз қалғысы келмейді. «Фридом-Қазақстан» еліміздегі белсенді жастардың ел билігіне араласатын кез келді деп есептейді. Біз ешбір партияны, ешбір үміткерді қолдап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбейміз. Мақсатымыз - сайлаудың әділетті өтуіне атсалысу» дейді ол.

 

 

«Парламенттік сайлауда 1 пайыз дауыс жинаған партияларды

мемлекет қаржыландыруы керек» деген пікірге қосыласыз ба?

 

/«Алаш айнасы», 29.11.2011 ж., С. Кебекбай/ - Әр сайлау жақындаған сайын түрлі партиялардың өкілдері «7 пайыздан артық дауыс жинаған партияларды ғана мемлекеттен қаржыландыру  қоғамдық теңдік заңдылығына сай келмейді» деген пікірді айта бастайды. Көппартиялық жүйені дамытуға мемлекеттің өзі мүдделі болып отырғандықтан, партияларды күшейтуге де мемлекет атсалыса ала ма? Яғни олардың қаржылай ауыртпалығымен бөлісе ала ма? Жуырда базбір партияның жетекшісі «еуропалық тәжірибе секілді, сайлау барысында жиналған әрбір дауыс партияға мемлекеттің есебінен белгілі бір сомадағы қаржы боп оралуы тиіс» дегенді айтқан болатын. Алайда мұнымен келіспейтін сарапшылар да аз емес болып шықты.

 

Замир Қаражанов, саясаттанушы:

Иә

– Бізде қазір сайлауда 7 пайыз дауыстан жоғары алғандарды ғана мемлекет қаржыландырады. Ал өзге партиялар мемлекет қамқорлығынан мүлде тыс қалған. 7 па­йыз дегеніміз, «Нұр Отаннан» өзге партиялар үшін қол жетпес биіктік болып отыр. Қазір өзге партиялардың барлығы техникалық нокаутта жатыр деп айтуға болады. Мұндай дағдарыс кезінде партияларға қандай да бір жәрдем жасау керек деген пікірмен келісер едім. Мәселен 7 пайыздық межені 5 пайызға дейін төмендетуге болатын шығар. Сондай-ақ 1 пайыз дауыс жинаған партияларға да жан-жақты көмек көрсетуге болады. Әрине, шығындарын толық мемлекет көтеру керек деп айта алмаймын, дегенмен оларға жәрдем берудің түрлі механизмдерін жасауға болады.

Алайда ол тек ынталандырушы сипаттағы жәрдем беруші құралға айналуы тиіс. Әйтпесе партиялар мемлекеттің ақшасына ғана сүйенетін жаман әдетке үйреніп алады. Екінші жағынан, бізде партиялардың өздері де қосымша қаржы көздерін, демеушілер іздеуді үйренуі керек. Батыс елдерінің партияларында «үйден-үйге» деген принцип бар. Яғни партия мүшелері әр үйді аралап жүріп, өздеріне идеялық қолдаушылар, материалдық демеушілер іздейді. Ал біздің партия мүшелерінің жұмысы Астана мен Алматыдағы бас кеңселерінде отырып, азды-көпті сын айтумен ғана шектеледі. Аймақтарды араламайды, халықпен жұмыс жасамайды. Мұндай әдіспен қол жинау мүмкін емес.

Қысқасы, партияларға қаржылай көмек көрсетуге де болады. Әсіресе бұл жаңадан ашылып, жаңадан жұмыс бастаған партияларға қатысты. Бірақ ол уақытша құбылыс болуға тиіс. Біз алдымен саяси ойындардың тәртібін қалыптастыруымыз керек. Яғни болашақта мемлекет ешбір партияны жарылқап жатпай, олардың арасында тең қатынас, тең бәсеке орнатып берумен ғана шектелуі керек.

 

Досым Сәтпаев, Тәуекелді бағалау тобының жетекшісі:

Жоқ

– Мұндай бастамалар әрқашан айтылған және айтыла береді де. Өзінің өміршеңдігі күмәнді партиялардың жетекшілері өзінің партиясын мемлекет есебінен ұстап тұру үшін неше түрлі нәрсені ойлап табады. Бұл да сондай ұсыныстардың бірі шығар. Мәселен, бұған дейін Ғани Қасымов та партиялар үшін сайлау межесін 7 пайыздан төмендетуді сан рет көтерді. Әрине, 7 пайыз деген де оңай емес. Бірақ сол Қасымов қай сайлауда болса да 2 пайыздан артық дауыс жинаған жоқ. Саяси ойында ешқандай салмағы жоқ партиялардың жетекшілері өздерін ойыншы ретінде сақтап қалу үшін осындай жол іздейді. Ал жарайды, бір сәтке сол партияларды мемлекет қаржыландырып жатыр деп елестетіп көрейік, 1 пайыз дауыс жинағандарды да мемлекет өз қамқорлығына алды делік.

Одан қарапайым сайлаушыға келіп-кетер қандай пайда бар? Тағы да сол мемлекеттік бюджетке, салық төлеушілердің ақшасына қол саламыз ба? Сонда елдің қарапайым азаматтары болашағынан еш үміт күттірмейтін, дөрекі айтқанда, «паразит» партияларды қаржыландырып отыру керек пе? Олардың сайлауларда ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайтынын біле тұра бюджетке қол салу дұрыс емес қой. Өкінішке қарай, біздегі партиялар өздерінің жұмыс істеп жатқандығын міндетсінеді және мемлекеттің қаржысына үлкен дәмемен қарайды. Сондықтан мен бұл бастамаға қосылмаймын және сын көзбен қараймын.

Бұл мәселедегі шетелдік тәжірибеге назар аударсақ, тіпті демократияшыл елдердің өзінде қабілетсіз партияларды мемлекет қаржыландыруын кездестіре алмаймыз. Партия болып құрылғаннан кейін ол ең алдымен қоғамдық қолдау іздеп, қоғамдық күшке сену керек. Партия мүшелерінің жарнасына немесе ерікті демеушілерге сену керек. Партия дегеніміз идея болған соң, сол идея үшін шығын шығаруға дайын азаматтар болмаса, ол бос тобыр болып шығады. Яғни ондай қабілетсіз партия жоғалып кетсе де обалы жоқ.

Ал егер мемлекет сол әлсіз партияларға шынымен жаны ашып, оларға көмектескісі келсе – оның бір ғана амалы бар. Яғни елдегі барлық партияларға тең мүмкіндік қалыптастырып, тең бәсекеге мүмкіндік беру. Сонда кез келген партия өзінің өмір сүруге лайықты-лайықты еместігін дәлелдей алады. Қысқасы, мемлекет әділ сайлау өткізіп берсе, одан үлкен көмек жоқ.

 

Бейтарап пікір

Сайын Борбасов, саясаттанушы:

– Жалпы, мен сайлаудағы 7 пайыздық межені төмендету қажет деген пікірмен келісемін. Мәселен, 5 пайызға дейін төмендетуге болатын шығар, оның өзін уақытша ғана. Ал одан төмен дауыс жинағандарға мемлекеттен қаржы бөлу дұрыс емес. Одан қоғамға қандай пайда бар? Мемлекетке, азаматтарға қандай пайда бар? Өзімізді өзіміз алдаған болып шығамыз. Тәртіп бойынша олар алдымен өздерінің күш екенін көрсетуі керек, тек содан кейін ғана елдің ортақ қазынасынан үміттене алады.

 

Дос Көшім, саясаттанушы:

– 1 пайыз дауыс жинағандардың барлығына қаржылай көмек беру көппартиялық жүйені дамытады деп ойламаймын. Қайта керісінше, мемлекеттің ақшасынан күн көру үшін партиялардың саны одан ары көбейіп кетуі мүмкін. Ал бізге партиялардың саны емес, сапасы қажет болып тұр. Дегенмен мемлекет қаржысынан үмітті болатындардың межесін 7 пайыздық көрсеткіштен төмендетуге болады. Бірақ ол ең кемінде 3 пайызды құрау керек. Ал оған жете алмаған партиялар өз шығынын өзі көтерсін.

 

 

Партияларға «жан бітті»

 

/«Ел», 29.11.2011 ж., Т. Есдәулет/ - Өткен аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекет басшыларының кездесуіне қатысты. Қазақстан, Беларусь және Ресей Президенттері Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы халықаралық келісімшартының 2012 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуіне байланысты Еуразиялық кеңістіктегі интеграцияның көкейкесті мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі уақытынан бұрын таратылғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партиялық тізім бойынша сайланатын кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауын 2012 жылғы 15 қаңтарда және Қазақстан халық Ассамблеясынан сайланатын депуттаттар сайлауын 2012 жылғы 16 қаңтарда өткізуге Жарлық еткен болатын. Соған сәйкес сайлауға түсетін кандидаттар мен партиялар қазірдің өзінде айқындала бастады. Сайлау қарсаңында еліміздегі саяси партиялар кезектен тыс съезд өткізіп, сайлауалды тұғырнамасы мен партиялық тізімдерін бекітіп жатыр.

Өткен аптада Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХІV съезі өтті. Съезд барысында «Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстан. 2017 жылғы кезеңге дейінгі мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасы талқыланып, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына партия атынан түсетін мүшелердің тізімі анықталды. Ел Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев съезде «Алдағы Мәжіліс сайлауы саяси жүйені жаңғыртудағы маңызды қадам. Биліктің орталық мемлекеттік органдарын жаңарту үдерісі Мәжілістен және мәслихаттардан басталады, сондықтан парламентшілердің уақытынан бұрынғы сайлауы бастамасы үлкен құрметке ие. Бізге, нұротандықтарға тек жеңіс керек!», – деді Елбасы.

Ал Алматыдағы «Алатау» емдеу-сауықтыру ғимаратында «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтайы болды. Кезінде халық назарын өзіне аударып, мүдде тұрғысынан елімен егіз ұғымға пара-пар деңгейге көтерілген «Ақ жол» 2005 жылы екіге жарылды. Саяси аренадағы салмағы біртіндеп саябырси бастаған «Ақ жол», «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшелігінен шыққан Азат Перуашевтың қолына өткеннен кейін әркімді әртүрлі ой жетегіне сүйрелеп келеді. Білетіндер «Нұр Отаннан» артылған орынның бәрі «Ақ жолдікі» болады деп жүр. Партия жетекшісі А. Перуашев та Құрылтайға жиналғандарды жігерлендіре «Біздің жеңген кезіміз де, жеңілген кезіміз де болды. Соның бәрі бізді шынықтырды, саяси күш қуатымызды еселеді. Біз жеңіске жетеміз!» – деді. «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтайында да сайлауалды тұғырнама бекітіліп, додаға түсетін үміткерлердің тізімі анықталды.

Еліміздегі бірден-бір оппазициялық саналаты Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) да Алматыда съезд өткізіп. кезектен тыс парламенттік сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады. Съезде сөз сөйлеген партия төрағалары Жармақан Тұяқбай, Болат Әбілов «Егер әділ сайлау өтсе, жеңіске жетеміз» деп отыр. Сонымен қатар ЖСДП-сы тіркелмеген «Алға» партиясы мен жұмысы 6 айға тоқтатылған Қазақстан Комунистік партиясын қолдайтындарын білдірді.

Саяси додада жеңіп көрмесе де беті қайтпайтын Коммунистік халықтық партиясы бұл жолы да сайлауға түсе-тіндерін жариялады. Алматыда өткен кезектен тыс съезде коммунистер де өздерінің сайлауалды тұғырнамасын бекітіп, партиялық тізімде бәйгеге қосылатын кандидаттар тізімін белгілеп те қойды.

Ал «Әділет» демократиялық партиясының съезі 3 желтоқсанда Астанада өтеді деп мәлімдеді аталмыш партия жетекшісі Мақсот Нәрікбаев. «Сонда біз өзіміздің сайлауалды бағдарламамызды қабылдап, үміткерлер тізімін ұсынатын боламыз», – дейді «Әділет» демократиялық партиясының басшысы.

P.S: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, кемінде екі партиядан жасақталуы тиіс Парламентке кімдердің «қонжиятыны» әзірге беймәлім. Айта кетейік, бүгінгі күні Қазақстанда ресми түрде тіркелген және жұмыс істейтін 9 саяси партия бар. «Болғанынан боладысы қызық» партиялар теке тіресінің көрігі қыза түсуде. Сайлауда «мынау емес анау, анау емес мынау озады» деп сәуегейлік танытушылар қатары артып келеді. Қай партияның бағы жанар екен, кімдер депутаттыққа ұсынылады екен деген сұрақ әркімге «қызық». БАҚ-тар «Дариға Назарбаева, Мұхтар Шаханов сайлауға түседі екен» деп жерден жеті қоян тапқандай шуласып жатыр. Алдағы күндері қандай есім елді елең еткізер екен. Сіз де құлақ түре жүріңіз.

 

 

Сайлаудың қалай өтетіні қоғамға байланысты

 

/«Ел», 29.11.2011 ж., Н. Ертуғанұлы/ - Бүгінде алдағы жылдың алғашқы айында өтетін Парламент Мәжілісіне депутаттар сайлау туралы әңгіме қызып тұр. Өткен аптада «Еркін сөз» пікірсайыс клубында да осы тақырып талқыланды.

Аталмыш клубтың жетекшісі, танымал тележүргізуші Берік Уәлидің жүргізуімен өткен отырыстың басты қонағы белгілі саясаттанушы Айдос Сарым болды. Модератор Берік Уәли мен жиынға қатысқан журналистердің сұрақтарына жауап берген саясаттанушы А. Сарым Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы өз ойын ортаға салып, саясаттанушы ретіндегі пікірімен бөлісті.

– Менің ойымша, бұл өткелі отырған сайлаудың ең басты ерекшелігі – осы уақытқа дейін айтылмай келген қазақ тақырыбы осы сайлау кезінде ашықтан-ашық, кем дегенде 50% айтылатын жағдайы бар, – деді саясаттанушы. – Бұл жолы ұлтшылдардың, басқа да адамдардың сайлауға қатысуға белсенділігі, осыдан он жыл бұрын осы азаматтарды мойындамайтын басқа партиялардың ұлттық тақырыптың айналасына топтасуы – өте үлкен жаңалық. Бұл – қазақ халқының, қазақ ұлтының шын мәнінде көпшілікке, саяси күшке айналуы деп есептеймін. Екінші ерекшелігі – осы сайлауда сөзсіз кем дегенде екі-үш партиялық саяси жүйе қалыптасады. Мұның өзі – елімізде бұрын-соңды болмаған тың саяси жаңалық. Бұл жаңалық елімізде бүгінгі таңдағы саяси партиялар жүйесінің күрделенуін көрсетеді. Әлі де болса демократиялық тұрғыдан ілгерушілікке апаратын, саяси бәсекелестікті арттыратын сайлау болады деп санаймын.

Саясаттанушың айтуынша, бұл сайлау қандай нәтижемен аяқталса да, осы сайлаудың өзі жаңа қадамдарға бастау керектігін көрсетіп отырған көрінеді. Бұл туралы А. Сарым мырза: – «Бүгінгі күні саяси көшбасшылардың, саяси партиялардың ішіндегі бағдарламалардың қоғамға қажеттігін айқындап отыр. Осы сайлау немен бітсе де, мәселен, бір-екі парламентке партия өтті, жеңді деген күннің өзінде бүкіл партияларға жаңа басшы, жас толқын, жаңа заманауи технологиялардың тілін білетін саясаткерлер келуін талап етеді. Осы сайлаудан кейін бүгінгі қатарда жүрген партиялардың жарғысы жабылып не бірігіп, немесе жаңа ойыншылардың пайда болуына алып келеді, – деп атап өтті.

Қазіргі қоғамның көкейінде жүрген басты сауалдардың бірі – ол сайлаудың әділ өтуіне қатысты. Аталмыш тақырыпты талқылау барысында саясаттанушы бұл туралы қойылған сұраққа да жауап беріп, өзінің пікірін білдірді. – «Сайлаудың әділ не әділ өтпеуі ол қоғамға байланысты, – деді Айдос мырза, – Мен білсем бұл сайлау технологиялық тұрғыдан өткен сайлауға қарағанда біршама жаңалықпен, біршама бәсекелестікпен өтеді. Оның талабы халықтың талабы емес, Батыстың талабына сай өткізіледі. Өйткені, Қазақстанның ЕҚЫҰ алдында берген уәдесі бар. Алдында өткен Президент сайлауында технологиялық тұрғыдан біршама дұрыс өтті дейді сарапшылар. Меніңше, бұл сайлау кезінде де осы үрдіс жалғасатын секілді».

«Осы сайлаудан кейін елімізде қандай саяси ахуал пайда болады?!» Қазіргі таңда халықтың көкейінде жүрген сауалдар легінің бір парасы осы. Бұған да саясаттанушы өз жауабын ұсынды: «Ең бастысы – халықтың бүгінгі партияларға «қарны аш» екендігін көреміз, – дейді ол. – Екіншіден, жоғарыда атап өткендей жаңа талаптар пайда болады. Қазіргі таңда қазақтың зиялылары, ұлтшылдары бөлініп-бөлініп әр партияға мүше болып жатыр. Уақыт өте келе қазақ ұлтшылдарының басын қосатын, қазақ проблемасын ашып көтеретін бір ұлтшыл партияның керек екендігі анық біліне бастайды. Мына сайлау – соның анық дәлелі болады».

Бір жарым сағатқа созылған клубтың отырысы кезінде Айдос Сарым мерзімінен бұрын тараған Парламент Мәжілісі туралы да өз ойын ортаға салды. Оның ойынша, билік қашанда өзінің істегісі келгенін жасайды. – «Қазіргі уақыт билік үшін өзінің партиясына дауыс жинауға қолайлы уақыт па, олар соны пайдаланады. Алда бір ай бойы ел егемендігінің 20 жылдығын, тағы бір ай Жаңа жылды «тойлаймыз». Соның арасында билік өзінің істегісі келетінін жасап бағады. Оған түк ренжудің қажеті жоқ. Әрбір партия сайлауға дайын отыруы керек» – деді саясаттанушы.

Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған «Сайлау әділ өтетін кезге қашан жетеміз?!» деген сауалға Айдос мырза: – «Сайлау әділ өтетін кезге кем дегенде халықтың 70-80%-ы сайлауға белсенді түрде қатысып, өзінің кімге дауыс бергенін, қалай дауыс бергеніне жауапкершілікпен қарағанда, өзінің дауысының ұрланып немесе дауыс берген адамына дұрыс есептелгенін білетін болатын кезде ғана жетеміз», – деп жауап берді.

Иә, қарап отырсаңыз, табалдырығымыздан аттағалы тұрған келер жылдың 15-ші қаңтарына дейін әлі талай пікірлер айтылады. Бұл сайлау өткеннен кейін де тоқтап қалмайтыны анық. Айдос мырзаның сөзіне сенсек, осы сайлаудан кейін еліміздің саяси жүйесіне көптеген өзгерістер енбек.

 

 

Саяси партиялар сайлауға дайын ба?

 

/«Заң газеті», 30.11.2011 ж., А. Әлімұлы/ - Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі басты мәселеге айналған Еуроазия одағы туралы әңгіме бұл күнде саябыр тауып, ел-жұрттың назары алдағы болатын сайлауға ауған. Енді сайлаудың қалыптасқан үйлесімділік (пропорционалды) жүйесі бойынша дауысымызды өзара таласқа түскен саяси партияларға беретін боламыз. Бұл демократиялық қоғамға тән жеке адам факторын алға шығарады.

 Бұған дейін бірнеше рет таратылған Мәжіліс депутаттарының осы жүйеде жинақтаған тәжірибелері өз жемісін беруі керек сияқты. Егер де сайлау барысында өзге саяси партиялар өткеннен қорытынды шығарып, тәжірибелерін салмақтаған болса, онда, сөз жоқ, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясымен иық тірестіре алады. Сөйтіп, осыдан 4 жыл бұрын қалыптасқан сайлаудың үйлесімділік жүйесі өзара бәсекелестікке түскен «Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», «Руханият», «Әділет» және басқа да партиялардың додаға түсуіне мол мүмкіндіктер туғызып отыр.

Сөз жоқ, саяси сарапшылардың айтуы бойынша, сайлау барысында тәжірибесі мол, беделді «Нұр Отан» партиясы өздерінің діттеген жерінен шығатыны анық. О баста, яғни, 1990 жылы «Отан» болып құрылған, кейін 2006 жылы «Асар», Азаматтық және Аграрлық партиялардың  қосылуымен үлкен саяси мегапартияға айналған «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының көп дауыс жинап, алдыңғы сапта болатыны белгілі. Оның төрағасы еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев партияның 14 съезінде сөйлеген сөзінде «Нұр Отанның» жалпыхалықтық партия болатынын нық сеніммен айтқан еді. «Нұротандықтар» кезектен тыс мәжіліс сайлауына ұсынатын 127 үміткердің тізімін жасап, түсін түстеп, атын атап қойды. Онда әртістен спортшыға, министрден ұстазға дейін бар.

Ал, енді оларға бірден-бір бәсекелес болатын кім дегенде, алдымен ел «Ақ жол» партиясын алға тартады.  Оның өзіндік сыры да бар. Олай дейтініміз, оны тәжірибелі кәсіпкер, саясатшы Азат Перуашев басқарады. «Ақжолдықтардың» қатарында еліміздегі мүйізі қарағайдай беделді-беделді деген тұлғалар бар. Сөз жоқ, ірі тұлғалардың сайлау кезіндегі жеке адам факторы мәселесіне келгенде үлкен рөл атқаратындығы белгілі. «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтайында сөйлеген сөзінде Азат Перуашев: «Біздің байлығымыз металл емес – халық», – дей келіп: «Ал, халыққа әділетті қоғам керек. Әділет жалғыз және ол сатылмауы қажет», – деп өздерінің партиялық ұстанымдарын білдірді. Сонымен бірге, «ақжолдықтардың» мақсаты – жастарды кәсіпорындарға жұмысқа орналастырып, жоғары жалақымен қамтамасыз ету.

Абай заманынан келе жатқан қазақ қоғамындағы партиялар тартысының сырын білетін кейбір саясаткерлердің айтуына қарағанда, мерзімінен бұрын өтетін кез келген сайлау кезінде, сөз жоқ, әділетсіздік орын алатын көрінеді. Олардың бұған себеп ретінде алға тартатыны – асығыстық. «Азат» ЖСДП партиясының тең төрағасы Болат Әбілевтің: «Құдайшылығын айтайық, біз парламентті жаңа жылдан кейін тарататын болар деп күткенбіз», – дегені мен Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовтың: «Сайлау асығыс өткізіліп отыр. Оған дайындық жүргізу үшін белгілі бір мерзім керек-ақ еді. Соған қарамай, біздің партия озық саналатын «Нұр Отан» партиясымен иық тірестіре алады», – деуінің астарында кезекті сайлаудың асығыс өткізіліп жатқанына өкпе-наз бар екені белгілі. Тіпті, Болат Әбілев: «Билік басындағылардың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімі олардың әлсіздігін көрсетті», – деген де пікір айтады.

Сөйткен «Азат» ЖСДП Мәжіліс сайлауына 57 үміткер ұсынып отыр. Бұл тізімде де елімізге белгілі тұлғалар бар. Бірақ, олардың көпшілігі оппозициялық топтағы әрі қоғамдық-саяси өмірде өзіндік оңды-терісті көзқарастары қалыптасқан жандар. Әрине, оларға сайлау кезінде партиялық тұрғыдан емес, алып Қазақстанға, сосын ел-жұртымызға қандай, қалай қызмет етеді деген тұрғыдан келуіміз керек. Міне, осы тұста «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев: «Біз парламент сайлауына үлкен дайындықпен келіп отырмыз. Себебі, біз алда болатын сайлауға былтырдан бастап дайындалдық. «Әділеттіктің жолы» деген тұғырнама дайындап, биылғы жылдың көктемінде саяси бюрода бекіткен болатынбыз. Біз өзіміздің 98 үміткерімізді ұсынамыз. Заңға сәйкес, сайлау әділ және таза өтетін болса, біз электораттың 12-15 пайыз дауысына ие боламыз деген ішкі болжамымыз бар», – дейді. «ҚР патриоттар партиясының» төрағасы  Ғани Қасымов та, «Руханият» партиясының мүшесі Мұхтар Шаханов та парламенттен орын алуға үмітті. Сондықтан да, бұл жолғы сайлау, сөз жоқ, ең алдымен «Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», «Руханият», «Әділет», «ҚР патриоттар партиясы» және Коммунистер партиясының арасындағы бәсекелестікті күшейтеді, марғау тірлікті бір сілкіп тастайды. «Келмеске кетті» деген социалистік қоғамның жоқтаушысы Қазақстан коммунистік халықтық партиясының ОК хатшысы Жамбыл Ахметбековтің айтуынша, олар халықтың 14 пайыз дауысына ие болуға тырысуда.  Бұл да көппартиялық тұрғыдан келгенде жақсы көрсеткіш. Олар бұл күндері Қазақстанның түкпір-түкпірлерінде өз жанашырларымен кездесу өткізіп, халыққа өздерінің партиялық ұстанымдарын насихаттауда.

Қазіргі уақытта сайлауға қатысатын партиялардың қай-қайсысының да өздеріне деген сенімі жұртшылықты таңғалдырады. Өздерінің кезектен тыс съездерін өткізіп үлгерген партиялар желтоқсан айынан бастап еліміздегі ең үлкен саяси доданы қыздыра түсетін сыңайлы.

 

 

«Нұр Отан» ХДП барлық партиялардың арасында бірінші болып

Мәжіліс депутаттығына тіркелу үшін кандидаттар тізімін ұсынды – ОСК

 

/«ҚазАқпарат», 30.11.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы барлық партиялардың арасында бірінші болып Мәжіліс депутаттығына тіркеуден өту үшін кандидаттар тізімін ұсынды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ХIV съездің шешімімен оған 127 адам енгізілді. Бүгін партияның өкілдері ОСК-ға барлық құжаттарды тапсырды. Заңнама талаптарына сәйкес, үміткерлердің тектері жазылған съезд хаттамасының көшірмесінен басқа тіркеуден өту үшін өтініш, салық органдарынан алынған анықтамалар, әрбір үміткердің, оның жұбайының өмірбаяндық мәліметтер болуы тиіс. 

Заңға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс сайлауына партиялық тізімдерді  тіркеу 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

 

«Нұр Отан» өз кандидаттарының тізімін ұсынды

 

/«Қазақстан» ТРК, 30.11.2011 ж., А. Қобдабай/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Орталық сайлау комиссиясына алдағы Мәжіліс сайлауына партияның атынан тіркелген кандидаттардың тізімін тапсырды. Естеріңізде болса, өткен аптада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XIV съезінде Мәжіліс депутаттығына 127 үміткер тіркелген болатын.

Жалпы, еліміздегі саяси партиялар өз құрылтайлары өткеннен кейін Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімге енген кандидаттардың келісімі туралы өтініштерін тапсыруы тиіс. Ал өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясы партиялар ұсынған тізімдерді желтоқсан айының бесінші жұлдызына дейін ғана қабылдайды.

Құмар Ақсақалов, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты жетекшісінің міндетін атқарушы:

Өздеріңізге белгілі «Нұр Отан» ХДП-ның XIV съезінде ҚР Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізім бекітілді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының талабына сай біз барлық құжаттарды осы тізімді бекіту үшін, тіркеу үшін тапсырдық. Енді тіркеуді тосамыз.

 

 

 

 

 

 

«Нұр Отан» үміткерлер тізімін ұсынды

 

/«Хабар» агенттігі, 30.11.2011 ж./ - Бүгін елдегі партиялардың арасынан бірінші болып «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс депутаттығына тіркеуден өту үшін кандидаттар тізімін ұсынды.

Тізімді «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты басшысының міндетін атқарушы Құмар Ақсақалов әкеліп тапсырды. Онда заң талаптарына сәйкес, үміткерлердің аты-жөндері жазылған съезд хаттамасының көшірмесінен басқа тіркеуден өту үшін өтініш, салық органдарынан алынған анықтамалар, әрбір үміткердің, оның жұбайының өмірбаяндық мәліметтері болуы тиіс. Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына партиялық тізімдерді тіркеу 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

 

Құмар Ақсақалов, «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты басшысының міндетін атқарушы:

- Өздеріңізге белгілі, «Нұр Отан» ХДП-ның 14-ші съезінде ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттығына партиялық тізім бекітілді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының талабына сай біз осы партиялық тізімді бекіту үшін барлық құжаттарды тіркеуге тапсырдық. Енді тіркеуді тосамыз.

 

 

«Нұр Отан» үміткерлер тізімін сайлау комиссиясына тапсырды

 

/«7 арна» телеарнасы, 30.11.2011 ж./ - «Нұр Отан» партиясы Мәжіліс сайлауына қатысатын өз үміткерлерінің тізімін бүгін Орталық сайлау комиссиясына әкеп тапсырды. Осылайша, 127 адамның құжаты енді еліміздің «Сайлау туралы» заңына сәйкес тексеріліп, сонан соң тіркеуге алынады. Атап айтқанда, үміткерлердің соңғы он жылда Қазақстанда тұрғандығы, олардың жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа байланысты істі болмағандығы жіті тексерлімек.

Айта кетейік, мерзімінен бұрын өткелі отырған Парламент Мәжілісі сайлауына «Нұр Отанның» атынан Қанат Саудабаев, Дариға Назарбаева, Ахметжан Есімов, Нұрғали Әшімов секілді саясаткерлер және елге танымал спортшылар мен Әлібек Дінішев, Нұрлан Абдуллин секілді өнер майталмандары да қатысқалы отыр.

 

 

«Нұр Отан» ХДП бірінші болып ОСК-ға тіркеуге алу үшін

депутаттықа үміткерлердің партиялық тізімін берді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 30.11.2011 ж./ - «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы сәрсенбіде Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге алу үшін төменгі палата депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін берді, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының орталық аппраты жетекшісінің орынбасары Кұмар Ақсақалов.  

«Өздеріңіз білетіндей халықтық-демокартиялық «Нұр Отан» партиясының 14-ші съезінде парламент мәжілісіне депутаттыққа үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді. Бүгінғ заңнаманың талаптарына сәйкес, партиялық тізімді тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырдық , - деді Ақсақалов журналистерге.

 «Тіркеуді күтудеміз, бұл ОСК-ға байланысты», - деді ол тіркеу мерзімдеріне қатысты сұраққа берген жауабында.

 

 

Алматыда «Руханият» партиясының

кезектен тыс VІІІ құрылтайы өтіп жатыр

 

/«ҚазАқпарат», 30.11.2011 ж., Е. Ержанұлы/ - 2012 жылғы Парламент Мәжілісі мен Мәслихат сайлауына «Руханият» партиясы мен тіркелмеген «Халық рухы» партиясы үміткерлерді бірлесіп ұсынбақ.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Руханиат» партиясының кезектен тыс VIII құрылтайында мәлім болды. Онда 2012 жылғы 15 қаңтар күні өткізілгелі отырған Сайлауға қатысу мәселесі мен Парламент Мәжілісіне және мәслихаттар депутаттығына кандидат ұсыну  қарастырылып жатыр.

 «Қоғамымыздың бүгінгі жай-күйін саралай келе, әрі бізге сенім білдірген, бүгінгі күні 100 мыңға жуықтаған «Халық рухы»  партиясы мүшелерінің бізді саяси күрес науқанына шақырған талап-тілектеріне орай және партияның Орталық Кеңесі Төралқасының шешімімен «Руханият» партиясына қосылғанды жөн көрдік. Рас, бізге республикамыздағы өзге де саяси партиялардан Парламент сайлауы науқанына байланысты бірлесе күресу туралы ұсыныстар түсті. Алайда, біз ақылдаса келе «Руханият» партиясына тоқталдық», - дейді «Халық рухы» партиясының жетекшісі Мұхтар Шаханов. Оның айтуынша, «Руханият» партиясының тізгіні Серікжан Мәмбеталин мырзаның қолына өткелі бері бұл партия жаңа бағыт ұстана бастады. «Руханият» партиясымен мемлекеттік тіл, ұлттық құндылықтар, ұлттық меншік, оралмандар мәселесі, Кеден одағы және қазақ ауылдарының тыныс-тіршілігіне байланысты мәселелерде «Халық рухының» мақсат-мүдделері бір арнаға тоғысты. Сондықтан бұл бірлесуді табиғи заңдылық деп қабылдаған жөн.

 

 

«Руханият» партиясы кезектен тыс съезін өткізді

 

/«Қазақстан» ТРК, 30.11.2011 ж., Ш. Кіребаев/ - Алматыда «Руханият» пен тіркелмеген «Халық рухы» партиясының жиыны өтті. Бұл екі партия Мәжіліс сайлауына бірігіп түседі. Мұхтар Шаханов бастаған «Халық рухының» мүшелері «Руханият» партиясының құрамына енді. Екі саяси ұйымның 200 мыңға жуық мүшесі бар. Бүгін республиканың барлық аймағынан делегаттар «Руханияттың» сайлау бағдарламасын талқылады. Жиырма баптан тұратын саяси тұғырнамада  ұлттық құндылықтар мен рухниятқа баса назар аударылған. Сонымен қатар, саяси додаға қатысатын Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімі бекітілді. «Ұстанымдары ұқсас екі ұйым мүшелері ойларымыз бір жерде тоғысты деп отыр.

Құдияр Біләл, жазушы, «Руханият» париясының мүшесі:

Біз бағдарламада барлық мәселені қамтыдық. Партияның бағдарламасы тек руханият ғана емес. Өзге де сала өкілдерін тартып жақсы бағдарлама жасадық. Рухани мәселенің алға шығуы осыған дейін экономикалық мәселені көтеріп келсек, руханияттың қордаланып қалғандығын біз ғана емес, өзге партиялар да біз көтерген мәселелерде тоғыстас болып, бізбен бірге үн қатуға тырыса бастады.

 

 

Алматыда «Руханият» партиясының VIII құрылтайы өтті

 

/«Хабар» агенттігі, 30.11.2011 ж./ - Келесі жылы 15-қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына Руханият партиясынан 36 үміткер сайлауға түседі.

Бұл туралы бүгін саяси ұйымның Алматыда өткен кезектен тыс VIII құрылтайында айтылды. Руханият партиясы 1995 жылы құрылып, содан бері елдің саяси өміріне араласып келеді. Сегізінші құрылтайға еліміздің барлық өңірінен 150-ден астам делегат қатысты. Партияның сайлауалды тұғырнамасында Мемлекеттік тіл туралы заң мен бағдарлама қабылдау басым бағыттардың бірі ретінде танылған. Шетелдерден оралған қандастарымыздың әлеуметтік мәселелерін де шешуге атсалыспақ. Жергілікті өзін-өзі басқару мен сот жүйесін реформалау басты назарда. Жасылдар партиясы болғаннан кейін сайлауалды бағдарламада экологиялық мәселелерге де ерекше мән берілген. Руханият экологиялық білім беру мектеп қабырғасынан бастап енгізілсе деген тілекте. Сондай-ақ қоршаған ортаға зиянын тигізетін кәсіпорындарға бақылау күшейтілуі тиіс. Партиялық тізім бойынша 36 үміткер бекітілді. Олардың қатарында танымал қоғам қайраткерлері, журналист, режиссер, ғалымдар мен кәсіпкерлер бар.

Еркін РАҚЫШЕВ, «РУХАНИЯТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Сайлауалды жағдай жақсы десе болады. Көңіл көтеріңкі. Сайлауға 100 процент дайынбыз.

 

 

«Руханият» партиясының 8-ші съезі өтті

 

/«7 арна» телеарнасы, 30.11.2011 ж./ - «Руханият» партиясы алдағы Парламент сайлауында екінші орынды иеленуден үмітті. Бүгін партияның сайлау алды съезінде бірлестік жетекшілері осындай мәлімдеме жасады. Айта өтейік, бұған дейін алдағы сайлауға қатысу үшін «Руханият» партиясымен тіркелмеген «Халық рухы» партиясы күш біріктірген болатын. Сол себепті бүгінгі съезде партия қатарына енді қосылған тіл жанашыры Мұхтар Шаханов руханияттықтардың «рухани жетекшісі» болып тағайындалды. Себебі, басшылар танымал, ақынды жәй ғана партия мүшесі деуден гөрі осылай атағанды жөн санапты. Бірақ Мұхтар Шахановтың қолында ешқандай төрағалық өкілеттілік болмайды. Сондай-ақ, жиын барысында сайлауға қатысатын 30 үміткердің тізімі бекітілді. Олардың қатарында Қалдыбек Құрманәлі, Еркін Рақышев, Нұрғали Нүсіпжанов сынды тұлғалар да бар. Егер олар сайлауда жеңіске жетсе, мемлекеттік тіл туралы заң қабылдап, желтоқсан оқиғасына саяси баға беруді көздеп отыр.

Құдиярхан Біләл — ҚР Мәдениет қайраткері, үміткер:

«Нұр Отан» партиясы болсын, өзге-де партиялар болсын біз оларды өзімізге бәсекелес деп ойламаймыз. Барлығының да мақсат-мүддесі осы елге, ұлтқа, мемлекетке қызмет ету. Сондықтан да бұл бәсекелестік тұрғыда емес, бір-бірін толықтыру тұрғысынан, бір-бірін аяқтан шалу тұрғысынан емес, бір-біріне сүйеу демеу болу тұрғысынан сайлау өтсе, сонда әділетте болар еді».

Бір айта кетерлігі, бүгінгі партия тізімінде Уәлихан Қайсаровтың аты аталмады. Бұған дейін руханияттықтар тағы бір тіркелмеген «Абырой» партиясын да қатарымызға қосамыз деп мәлімдеген еді. Алайда, екі ұйымның ұстанымы екі бөлек болып шықты. «Руханият» партиясы Ресей, Белорусь және Қазақстан мемлекеттерінің Еуразиялық экономикалық одақ құруына қарсы болса, абыройлықтар бұл бастаманы қолдайды екен. Сондықтан төрағалардың көзқарасы түйіспегендіктен, тіркелмеген «Абырой» партиясы әзірге жалғыз қалды.

 

 

Шаханов пен Мәмбеталин «Руханияттың» партиялық тізіміне енді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 30.11.2011 ж./ - Қазақстандық жазушы, қоғамдық қайркеткер Мұхтар Шаханов, 15 қаңтарға белгіленген Қазақстан парламенті мәжілісінің (төменгі палата) сайлауына қатысу үшін «Руханият» жасылдар партиясының тізіміен енді, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ның тілшісі.

Сәрсенбіде Алматыда өткен партияның сайлау алды съезінің барысында делегаттар Шахановты рухани көшбасшы етіп сайлады.

Көшбасшылырының бірі Шаханов болып табылатын «Халық рухы» партиясы парламенттік сайлауға қатысу үшін «Руханиятқа қосылды».

«Руханияттың» тізіміне сондай-ақ партия төрағасы Серікжан Мәмбеталлин де кірді.

Жасылдарлдың «Руханият» партиясы әділет органдарында 2003 жылдың 6 қазанында тіркелген. Партияның саны 72 мың адамды құрайды.

2007 жылы Мәжіліс сайлауында 0,37% дауыс жинап, Парламентке өте алмады.

 

 

«Руханияттың» съезінде Шаханов «рухани жетекші»

атанды, ал Қайсар келмей қалды

 

/«Азаттық» радиосы, 30.11.2011 ж., А. Мамашұлы/ - Билікпен ымырашыл «Руханият» партиясы 2012 жылы 12 қаңтарда өтетін мәжіліс депутаттығына партия атынан түсетін кандидаттарының тізімін белгілеп, сайлауалды бағдарламасын қабылдады.

Алайда қарашаның 30-ы күні Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде өткен «Руханияттың» кезектен тыс съезіне Мұхтар Шаханов «Халық рухы» партиясының өкілдерін бастап келгенімен, бұрынғы сенат депутаты, тіркелмеген «Абырой» партиясының жетекшісі Уәлихан Қайсар қатыспады.

Тек қазақ тілінде өткен съезде Серікжан Мәмбетәлин «Мұхтар Шахановты «Руханият» партиясының қоғамдық көшбасшысы, рухани лидері» деп сайлауды ұсынды. Съезд бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, сол сәтте қаулы қабылдады.

 «ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ПҰШПАҒЫ» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ ЕМЕСТЕР»

Съезде бірінші болып сөз алған Мұхтар Шаханов сөзінің басында «Халық рухы» қозғалысының партия ретінде әлі тіркелмегенін көпшіліктің есіне тағы бір рет салды:

– Бұл не деген сөз? Бұл – біздің елімізде демократияның пұшпағы да жоқ деген сөз, – дейді Мұхтар Шаханов. – Біз аштық жариялағаннан кейін  ​​билік амалсыздан райынан қайтты. Егер біз үн көтермегенде, «Руханият» партиясы үн көтермегенде, барлықтарыңыз осы кезде қазақстандық ұлттың құрамында болар едіңіздер. Қазақстандағы барлық ұлттар осындай бейшара жағдайға келер еді.

Мұхтар Шаханов өзіне биліктің «бір тиынға керегі жоқ екені, ұлттық құндылықтарды қалпына келтіру үшін ғана сайлауға түскелі отырғанын» ескертті.

– «Руханият» партиясының басшысы көп ретте бізбен бірге келе жатыр. Өткенде тіл жөнінде жазған ашық хатқа да қол қойды. Кейбіреулер өз қолынан бас тартып жатқанда ол азаматтық танытты. Елдік, ұлттық мүддеге жаны ауыратын жігіт. Мені басқа партиялар да шақырды. Бірақ мен осы партияға енгенді дұрыс көрдім, – деді «Руханият» партиясының «рухани лидері» Мұхтар Шаханов.

Ол партия төрағалығы жөнінде де айтып өтіп, бұл мәселені сайлаудан кейін қарайтынын, әзірге партия жарғысын өзгертуге болмайтынын сөз етті.

– Біз партияның бағдарламасын жасадық. Бұл – бұрын-соңды болмаған бағдарлама. Онда үлкен елдік ұлттық мүдделер бар. Үндемей жата берсек, жағдайымыз не болады, ұлты қайтеміз? Сондықтан ұлтымыздың рухани құндылықтарына жаны ашымайтындардың барлығын мен азамат емес, қазақ емес деп есептеймін. Менің мақсатым қазақтың мықты-мықты жігіттерін алға шығару, – деді Мұхтар Шаханов.

«НҰР ОТАННАН КЕМ ЕМЕСПІЗ»

Партияның сайлауалды бағдарламасын Жанұзақ Әкім оқыды. Съезде сөз сөйлегендердің бірі «Ақтөбе облысының тумасы Серікжан Мәмбетәлин үшін Ақтөбе облысының 50 пайызы, Мұхтар Шаханов үшін 90 пайызы  ​​дауыс беретінін» айтты. Сөйтіп Ақтөбе облысы сайлауда «Руханият» партиясына «140 пайыз дауыс беретін болды».

Съезд қорытындысында «Руханият» партиясы Мәжіліс сайлауына осы партия атынан түсетін 37 адамнан тұратын тізімін дауысқа салып бекітті. Әнші, өнертанушы, ақын, жазушы, журналист, кинорежиссер секілді «шығармашылық тұлғалардың» аты-жөнін оқыған съезд төрағасы Қалдыбек Құрманәлі «құрамымыз «Нұр Отаннан» кем емес» деді.

«Руханияттың» тізіміне енген 37 адамның арасында ақын Мұхтар Шаханов, партия төрағасы Серікжан Мәмбетәлин, композитор Қалдыбек Құрманәлі, суретші Қанат Ибрагимов, академик Мұхтар Өтелбаев, экономист Мұхтар Тайжан, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Мұқанов та бар.

ЖАЗУШЫНЫҢ «РУХАНИ ҚОЛДАУЫ»

Съезде «қазақ тілі мен қазақ халқының қиын жағдайы» көп айтылды. Бірақ билік туралы, әсіресе Қазақстан Президенті жайлы сөз болған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаевтың атын съезге қатысқан жазушы Әбдіжәміл  ​​Нұрпейісов қана атады.

- Мен Президентті қатты сыйлаймын. Бірақ оған: «Біз қайда кетіп барамыз?» дегенді айтқанмын, - деді Әбдіжәміл Нұрпейісов.

Жазушы ауылдың қиын жағдайына Президенттің көзін жеткізбек болып, «мұндай кезде зор жетістіктер жайлы айту ыңғайсыз екенін түсіндіруге тырысқанын» есіне алды.

- «Руханият» қазақ халқының мүддесін қорғаса, партияға  рухани қолдау көрсетуге әзірмін, - деген жазушының сөзіне қарағанда, ол КПСС қатарына 1944 жылы өткен, бірақ қазір ешбір партияға мүше емес.

МӘМБЕТӘЛИН: «АЗАТ» ЖСДП – ОППОЗИЦИЯ ЕМЕС»

«Руханият» партиясының съезі «оппозициялық партиямыз» деп атайтын басқа саяси күштердің съезіндегідей билікті сынамағанын байқаған Азаттық тілшісі Серікжан Мәмбетәлиннен «Руханият» партиясы билікке оппозициялық партия ма, жоқ па?» деп те сұраған еді.

– Халықаралық ядролық отын банкін Қазақстанда салуға, Ақтауда атом  электр стансасын салмайық деп кімге қарсы шығып отырмын? Елбасына қарсы шығып отырмын ғой... Осындай мәселелерде мен оппозицияда жүрген адаммын. Бірақ біз..., – деп бастады Серікжан Мәмбетәлин.

Азаттық тілшісінің «кейде оппозиция, кейде оппозиция емес партиясыздар ма?» деген сауалына Мәмбеталин:

– Жоқ, сіз саясатты білесіз бе, білмейсіз бе? Саясат деген ол..., - деп кідіріңкіреп қалды.

Журналист ЖСДП-ның «Мәжіліс сайлауына қатысқалы отырған жалғыз оппозициялық күш – біз ғана» деген мәлімдемесін мысалға келтіргенде «Руханият» жетекшісі:

– Олар оппозиция емес. Мәселен, олар қазақ тілі мәселесін қолдамайды, ол жөнінде тек биліктің айтқанын қайталаумен келеді. Кедендік одаққа да енді қарсы шығып отыр. Мұндай да оппозиция бола ма? – деді.   

 

ҚАЙСАР МЕН МӘМБЕТӘЛИНДІ «АРАЗДАСТЫРҒАН» – ЕУРАЗИЯ ОДАҒЫ

 «Руханият» партиясының жетекшісі Серікжан Мәмбетәлин «Уәлихан Қайсармен арада кейбір келіспеушілік болғанын» айтты.

– Уәлихан Қайсар Еуразиялық одақ мәселесін қолдайтын болып шықты, ал біздің партия оны қолдамайды. Содан соң партияларымыз да қосылмайтын болды, – дейді Серікжан Мәмбетәлин.

Осы съезге қатысқан Мұхтар Тайжан да Уәлихан Қайсардың не себепті қатыспағанын білмейтінін, оны төрағалар өздері шешкенін айтты.

Қараша айының 24-і күні «Курсив» газетіне берген сұқбатында бұрынғы Сенат депутаты, 2011 жылғы президенттік сайлау кезінде қазақ тілі  сынағынан өтпей қалған Уәлихан Қайсар «Руханият» партиясына «бүйрегі бұрып тұрғанын, енді бір қадам жасап қосылу қалғанын» айтқан:

– Серікжан Мәмбетәлиннің Президент Әкімшілігі алдында тізе бүкпейтіні ұнайды. Радикалды оппозицияға да бой ұрмайтын ол өз ұстанымын ашық айтады. Осындай қасиеттерінің арқасында ол аз уақытта-ақ танымал адамдардың біріне айналды, – деген еді.

Азаттық радиосының тілшісі оған телефон соққанымен, сөйлесе алмады.

Уәлихан Қайсар қарашаның 26-ы күні Facebook әлеуметтік желісінде «Кешеден бері бір жайттан қатты түңіліп жүрмін. Егер қаупім расқа айналса, өкінішті-ақ. Онда тиісті шара қолдануға тура келеді. Ертең, не бүрсігүні бәрі де белгілі болмақ» деп жазған еді.

 

 

Халықтық Коммунистік партиясы

баспасөз мәслихатын өткізді

 

/«Қазақстан» ТРК, 30.11.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Бүгін Қазақстан Коммунистік Халық партиясының көш басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Қазір саяси партиялар сайлауалды тұғырнамалық бағдарламаларын бекітіп алды. Мақсат айқын. Алдағы сайлауда белсенділік танытып, көш бастау.

Коммунистік партия өкілдерінің мәлімдеуінше, олардың сайлауалды бағдарламасына жиендік жасағандар бар. Мәселен, Коммунистердің әлеуметтік жағдайға байланысты жобаларын кей партиялар өз тұғырнамаларына арқау еткен деген уәж айтады.   

 Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП-ның хатшысы:

Яғни, олар біздің алаңға қарай ауысуда. Егер бизнесті қорғайтын партия болса немесе өздерінің жеке саяси бағдарламасы бекітілген болса, сол бағдарламаның алаңында жүру керек.

 

 

ҚКХП баспасөз мәслихатын өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 30.11.2011 ж./ - Қазақстан Коммунистік халық партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік мәселелерді басты негізге алды, алайда, бұл социалистік идеяларға ортақтасып, бағдарламаны «ұрлаған» саяси партиялар бар.

Бүгін Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков осындай мәлімдеме жасап, «әркім өз алаңында жұмыс істеу керек» деді. Жамбыл Ахметбековтың айтуынша, қазіргі таңда сайлауалды тұғырнама толығымен бекітілген жоқ, съезде айтылған ұсыныстар мен әлемдегі ахуалды ескере отырып жаңа бағдарлама әзірленеді. Сайлау кезінде заңға сәйкес тиісті дауыс жинаған жағдайда Коммунистік халық партиясы мәжіліске депутат ретінде 23 үміткерді ұсынбақ, олардың ішінде кәсіпкерлер мен ғалымдар көп.

Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы:

- Олар біздің алаңға қарай ауысуда.егер де бизнесті қолдайтын партия болатын болса, немесе өздерінің саяси бағдарламалары бекітілген болатын болса, сол бағдарламаның алаңында жүру керек, соның аясында ғана қызмет атқару керек. Біздің бұрыннан келе жатқан идеяға ауыспау керек деген мәселеге тағымәлімдегіміз келіп отыр.



[1] Осындай мазмұндағы материалдарды «Kazakhstan today», «Қазақстан жаңалықтары», «BNews.kz» ақпараттық агенттіктері, «Егемен Қазақстан», «Айқын» газеттері де жариялады.

[2] Дәл осы мазмұндас мақаланы «BNews.kz» ақпарат агенттігі де жариялады.

[3] Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Назарбаевтың сөзі орталық ресми басылымдардың барлығында жарияланды.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі