«Дала мен қала» газеті
09 қараша 2008 жыл
«Жас Отан» – жастар саясатының ұйытқысы
Мұрат ӘБЕНОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Кез-келген адам өзінің талантын жүзеге асырғанда ғана бақытты болады. Ешқандай материалдық байлық оны алмастыра алмайды.
Жобамен танысып шығып, өмірден бір мысал есіме түсті. 10 жыл бұрын «Казахстанская правда» газетінде 10 жасар бала жөнінде мақала жарияланды. Онда ол жас та болса ержеткенде әлем чемпионы боламын деп өз-өзіне сенім білдірген болатын. Ондай жаста кім не армандамайды. Бірақ оның жолы болды. Ол арманын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін елде өмір сүруде, оның жолында оған сенген азаматтар кездесті. Бұл баланың аты-жөні – Илья Ильин.
Ұсынылып отырған тұжырымдама жастарға өздерінің дарындарын ашуға және дамытуға жүйелі түрде қолдау көрсетеді деп есептеймін.
Біздің елде қанша дарын болса, мемлекетіміз де соншама бәсекеге қабілетті болады.