Әбенов
Мұрат
Абдуламитұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Мәжілісте талқыланып жатқан жемқорлыққа қарсы заң жобасында корпоративтік жемқорлыққа байланысты мәселелер аз - Мәжіліс депутаты
«Қазақпарат» агенттігі

«Қазақпарат» агенттігі

14 сәуір 2009 жыл

 

Мәжілісте талқыланып жатқан жемқорлыққа

қарсы заң жобасында корпоративтік жемқорлыққа

байланысты мәселелер аз – Мәжіліс депутаты

 

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Мәжілісте талқыланып жатқан жемқорлықпен күреске қарсы бағытталған заң жобасында көтерілуі тиіс мәселелер жетерлік.

Дегенмен онда корпоративтік жемқорлыққа қатысты мәселелер аз көрініс тапқан», - деді бүгін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов. Бұл пікірін ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына байланысты өткен дөңгелек үстел отырысында білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттың сөзіне қарағанда, бүгінде экономиканың басым бөлігі жеке иелікте. Ал соңғы уақытта ел экономикасында болып жатқан оқиғалар көбіне ірі компаниялар мен банктерге қатысты. «Әрине, қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлық әрекеттерінің бірінші нысанына айналып отырғаны рас. Олармен күресте қазірдің өзінде қалыптасқан тетіктер бар. Алайда бізге корпоративтік жемқорлық мәселесін де басты назарда ұстау қажет. Сондықтан мен әлі бұған қатысты Парламент қабырғасында көптеген мәселелер көтеріледі деген ойдамын», - деді Мұрат Әбенов.

Оның пікірінше, жемқорлықпен байланысты келесі мәселе капиталды заңдастыру болып отыр. «Бізде жеке иеліктегі қаржыны жауапкершіліктен жалтару үшін алыс-жақын туысқандары арқылы заңдастыру тәжірибесі қалыптасқан. «Егер біз азаматтардың ірі, көп мөлшерде қаржы талап ететін тауарларды сатып алу әрекеттерін бақылауға алсақ, бұл шенеуніктердің немесе мемлекеттік қызметкердің туыстары арқылы қаржысын заңдастыруға біршама кедергі болар еді», - дейді Мәжіліс депутаты.