Әбенов
Мұрат
Абдуламитұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Ең бастысы - Елбасыға деген сенім
Ең бастысы - Елбасыға деген сенім

«Айқын» республикалық газеті

2010 жылғы 19 ақпан

 

Ең бастысы – Елбасыға деген сенім

 

Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:

- Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей эфир арқылы халықпен жүздесіп, пікір алысуы кезінде 40 мыңнан астам мәселе айтылғаны белгілі. Олардың арасында кейбір тұрғындардың жеке басына қатысты туындаған проблемалары да болды. Мұндай проблемалар Елбасының сол аймақты басқаратын әкімге тікелей эфир арқылы берілген шұғыл тапсырма жағдайында дереу шешімін тапты.

Бұл туралы БАҚ жазып, халыққа жеткізіп жатты. Міне, осы кезде Елбасы аймақ басшыларына бұрынырақта заңсыз жекешеленген балабақшаларды халыққа қайтару туралы тапсырма да берді. Осы тапсырманы жүзеге асыру барысында әр аймақта балабақшалар қайтадан халықтың игілігіне қайтарыла бастады. Сондай-ақ ішкі істер саласында реформа жүргізу қажеттігі де өзекті мәселе ретінде айтылып, бүгінгі күні бұл мәселе де біртіндеп жүзеге асырылуда. Осы тұста менің айтарым, осыдан тура бір жыл бұрын, дәлірек айтқанда, 2009 жылы 9 ақпанда біз Мәжілісте «ҚР Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңын қабылдадық. Бір қуантарлығы, бұл заңда төменгі билік - жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндеті мен мақсаты және қалай жұмыс жасау қажеттігі егжей-тегжейлі қарастырылған. Бірақ өкінішке қарай, жергілікті жердегі басшылар осы заңды қолдана отырып нақты істерді жүзеге асыруда шалағайлық, жайбасарлық танытуда. Меніңше, қазіргі кезеңде облыс, аудан, ауылдық округ әкімдері мен мәслихат депутаттары өзін-өзі басқару органдарының басшыларымен қоян-қолтық жұмыс істеген жағдайда шешілмейтін мәселе жоқ. Тек басқару саласының осы буындары жайбасарлық танытып келеді. Бұл жөнінде Елбасы да қатаң сынға ала отырып, ашық айтқан еді. Ең бастысы, жергілікті әкімдер қолдағы барға тоқмейілсімей жоспарлы шараларды жүзеге асырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын барынша жақсартуға жағдай жасауы керек. Елбасының халықпен теледидар арқылы болған жүздесуінен міне, осындай мәселелерді көңіліме түйдім. Ең негізгі мәселе - «Тікелей эфир» арқылы ел Елбасыға сенетіндігін көрсетті. Ел сенімін ақтауға келгенде Президенттің ешқашан аянып қалмағанына бәріміздің де көзіміз жетті.