2024 жылғы 26 қыркүйек
АЭС құрылысы мәселесін депутат Н.Дементьева Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындарымен талқылады.
Қажымұқан, Талапкер ауылдарының мектептеріндегі педагогикалық ұжымдармен кездесуде6 қазанда өтетін республикалық референдум тақырыбы – АЭС құру мәселесі сөз болды.
Н.Дементьева АЭС құрылысы мен жұмыс істеуіне, қауіпсіздігіне қатысты ақпаратпен бөлісті және ауылдықтардың сұрақтарына жауап берді.
«Ұстаздар қауымы атом электр станциясын салуды толығымен қолдайды. Өйткені бейбіт атом энергиясы бізге өте қажет деп түсінеді. Атом энергетикасын дамыту үшін Қазақстанда барлық қажетті жағдайдың болуы өте маңызды»-деп бөлісті өз пікірімен депутат іс-шара соңында.
АЭС салу тақырыбы республиканың барлық өңірлерінде талқылануда. 6 қазанда өтетін республикалық референдумда қазақстандықтар елдің алдағы жылдарға арналған болашағын белгілейтін маңызды шешім қабылдайды.