Жалмағамбетова
Светлана
Жақияқызы

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
?Р За?ы жобасы бойынша баяндама
«Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Сенат депутаты С

«Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Сенат депутаты С. Жалмағамбетованың

БАЯНДАМАСЫ

 

20 наурыз 2014 жыл.

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, әріптестер!

 

         Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова заң жөнінде толығымен баяндады. Бұл мені жан-жақты баяндама жасаудан босатады. Менің тек қосарым:

 

  1. Біріншіден, Қазақстан Республикасы Халықарлық еңбек ұйымының мүшесі, сондықтан да осы ұйымның барлық мақсаттарына қол жеткізуге міндетті, «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияға» қосылу да осы тұрғыдағы жұмыс.

 

  1. Екіншіден, қаралып отырған конвенция экономикалық қызметтің барлық салаларының еңбеккерлерінің құқығын қорғауға бағытталған. Осы тұрғыдан бұл өте керек заң.

 

  1. Үшіншіден, ең төменгі жалақыны белгілеу Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденілген. Сонымен қатар Еңбек, Бюджет кодекстерінде ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімдері нақты көрсетілген.

 

Сонымен, егер еңбеккер белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарса, және тиісті еңбек нормаларын орындаса, оның толық айлық жалақысы ең төменгі жалақының мөлшерінен, оның ішінде ең төменгі күн көріс деңгейінен кем болмауға тиіс.

Ең төменгі жалақы мөлшері жыл сайын Республикалық бюджет туралы заңымен бекітіледі. Жыл сайын оның деңгейі инфляцияға байланысты өсіп отырады.

Сонымен қатар заңға сараптама жасалған кезде бірнеше сұрақтар туындады.

1.      Біріншіден, Конвенцияның 3-бабының көрсетілгендей: ең төменгі жалақыны белгілеу кезінде мүдделі тұлғаларды: жұмыс берушілер мен жұмыскерлерді консультацияға тартып, олармен кеңесуді орынды деп санайды. Өкінішке орай бұл бап бірде-бір заңның көлемінде көрсетілмеген.

2.     Екіншісі, әр салада, әсіресе қауіпті және зиянды өнеркәсіптерде ең төменгі жалақының мөлшері де әртүрлі болуы әбден орынды. Себебі Үкімет белгілейтін ең төменгі жалақының мөлшері біліктілікті қажет етпейтін қарапайым еңбекке төленетін ақы.

 

Осыған байланысты Үкіметке ұсыным бар:

Бұл мәселелердің бәрін үш жақты: Үкімет, кәсіпкерлер палатасы және кәсіподақ бірлесіп қабылдайтын келісімді нақты қарап пысықтау қажет.

         Баяндалғанды ескере отырып, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті осы заңды қабылдауды ұсынады.

         Қабылдауларыңызды өтінемін.