ТҮРКПА ЕЛДЕРІ ПАРЛАМЕНТТЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ, ОТБАСЫ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР КОМИТЕТТЕРІНІҢ ТҰҢҒЫШ ОТЫРЫСЫ
«ТүркПА-ға мүше елдерінің әлеуметтік және денсаулық сақтау мәселелер комитеттерінің арасындағы әрекеттестік мүмкіндіктері және олардың дамуына қатысты мәселелер»
2014 жылғы 8-9 сәуір, Анкара қ.
Орны: Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Мәжілісі
БАҒДАРЛАМА
2014 жылғы 7 сәуір, дүйсенбі
Анкара қаласының халықаралық әуежайына келу
2014 жылғы 8 сәуір, сейсенбі
09.15 Делегациялар қонақ үйден шығып, ТР Ұлы Ұлттық Мәжлісіне келеді
09.30-09.45 Отырыстың ашылуы
- Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің Денсаулық, отбасы, еңбек және әлеуметтік мәселелер комитетінің төрағасы, проф. доктор Н.Үнүвар
09.45-10.15 Шақырылғандардың құттықтау сөздері
- Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисі
- Қазақстан Республикасы Парламенті
- Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші
- Түркия Ұлы Ұлтық Мәжілісінің депутаты, ТүркПА Құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы Х.Ипектың кіріспе сөзі
10.15-10.55 ТүркПА-ға мүше елдерінің әлеуметтік және денсаулық сақтау мәселелер комиссиялар арасындағы әрекеттестік мүмкіндіктері және олардың дамуына қатысты мәселелер
- Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі
- Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисі
- Қазақстан Республикасы Парламенті
- Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші
10.55-11.15 Талқылау
11.15-11.30 Бос уақыты
11.30-12.10 Денсаулық құқығында және денсаулық саясатындағы парламенттің рөлін айқындау
- Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі
- Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисі
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі
- Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші
12.10-12.55 Талқылау
12.45-12.50 Басқа да мәселелер
12.50-12.55 Қорытынды құжат
12.55-13.00 Отырыстың жабылуы
- Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің Денсаулық, отбасы, еңбек және әлеуметтік мәселелер комиссиясы төрағасы проф. доктор Н.Үнүвар
13.00 Бірлескен суретке түсу
13.00-14.45 Делегациялардың құрметіне Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің Денсаулық, отбасы, еңбек және әлеуметтік мәселелер комиссиясы төрағасы проф. доктор Н.Үнүвардің атынан түскі ас
Өтетін орны: ТР Парламентінің Мәрмәр залы
14.45-15.30 ТР Енбеқ және әлеуметтік қорғау министрі Фарук Челикпен кездесуі
(пысықталуда)
Орны: ……………………………..
15.15-15.45 ТР Парламенті депутаттарының отырыс залындағы құттықтау
15.45-15.55 Естелік суретке түсу
16.00-17.00 ТүркПАның іс басындағы төрағасы, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Жемил Чичекпен кездесуі
Орны: ТР Парламентінің Қабылдау залы
17.00-17.45 ТР денсаулық сақтау министрі Мехметом Муеззиноглумен кездесуі (пысықталуда)
Орны: ……………………………..
17.45-18.30 ТР отбасы және әлеуметтік саясаты министрі Айщенур Исламмен кездесуі (пысықталуда)
Орны: ……………………………..
19.00 Делегациялардың құрметіне Түркия-Қазақстан достық тобының төрағасы және ТүркПА Құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы Х.Ипектың атынан кешкі ас (Өтетін орны: анықталуда)
2014 жылғы 9 сәуір, сәрсенбі
10.00-11.00 Ататүрктің кеңесіне зиярат ету және Ататүрктің мұражайы
11.00-11.30 Түрік Республикасының Ұлы Ұлттық Мәжілісінің бірінші отырыс залы және Тәуелсіздік үшін соғыс мұражайы
11.45-12.45 Анатолия мәдениетінің мұражайы
13.00-14.30 Делегациялардың құрметіне Түркия-Қырғызстан достық тобының төрағасы Мехмет Нажи Бостанжидің атынан түскі ас
(Өтетін орны: анықталуда)
15.00-16.00 «Kaleiçi» атындағы бекіністі қарау
16.30-17.30 Бос уақыты («Anka Mall» сауда орталығы)
19.00 Кешкі ас
2014 жылғы 10 сәуір, бейсенбі
Қатысушылардың ұшып кетуі
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты С. Жалмағамбетованың ТүркПА елдері парламенттерінің денсаулық, отбасы, еңбек және әлеуметтік мәселелер комитеттерінің тұңғыш отырысындағы құттықтау сөзі.
08 сәуір 2014 жыл.
Анкара қаласы
Құрметті әріптестер,
бауырлас елдердің Парламенттерінің депутаттары!
ТүркПА елдері Парламенттерінің денсаулық, отбасы, еңбек және әлеуметтік мәселелер комитеттерінің тұңғыш отырысымен Қазақстан делегациясының атынан шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен 2008 жылы құрылған Түрік мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы осы арада бірнеше өте маңызды жұмыстар атқарды. Төрт пленарлық отырыс төрт мемлекетте өтіп, көптеген күрделі ортақ тақырыптар талқыланды. Әсіресе, елеулі жұмыс атқарып келе жатқан ТүркПа-ның мәдениет-гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшелері. Түркі халықтарының тілі, мәдениеті, өнері ортақ рухани құндылықтары жөніндегі кездесулері түркі халықтарының арасын жақындата түсіп, бір-біріне деген қызығушылығын арттыра түсті.
Осы байланыстарды әрі жалғастырып, тереңдету үшін біз бүгін ТүркПА елдері парламенттерінің денсаулық, отбасы, еңбек және әлеуметтік мәселелері комитеттерінің тұңғыш отырысына жиналып отырмыз.
Бүгінгі жиналған әріптестерімізбен бірге жемісті жұмыс атқаратынымызға ешқандай күмәнім жоқ. Себебі біз ұқсас бауырлас халықтарының өкілдеріміз, тегіміз бір, рухымыз бір, құндылықтарымыз ұқсас.
Отбасы, ана мен баланың жағдайы, денсаулықты көтеру, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау, қауіпсіз жұмыс орындарын қалыптастыру, тағы да басқа ортақ мәселелерді біздің отырыстарымызда талқылауға болады. Ең күрделісі осы төңіректегі заң шығару жұмыстарымен танысып, бөлісіп, бір бірімізбен тәжірибе алмасуға үлкен көмек көрсететініне сенемін.
Бүгінгі кездесу өте маңызды оқиға. Азербайжан, Қырғыз, Түрік әріптестерімізбен бүгін кездескенімізге, біз Қазақ елінің депутаттары өте қуаныштымыз!
Оның ішінде Түрік елі бізді қабылдап, біздің комитеттердің тұңғыш отырысын Түрік елінде, оның астанасы Анкарада өткізіп, ерекше бағдарлама жасаған үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Ал жұмысымызға сәттілік тілеймін!
ТүркПА-ға мүше елдерінің әлеуметтік және денсаулық сақтау мәселелер комитеттерінің арасындағы әрекеттестік мүмкіндіктері және олардың дамуына қатысты мәселелер жөнінде С. Жалмағамбетованың сөзі.
8 сәуір 2014 жыл.
Анкара қаласы
Құрметті әріптестер!
ТүркПА елдері парламенттерінің денсаулық, отбасы, еңбек және әлеуметтік мәселелер комитеттерінің тұңғыш отырысын біз парламентаралық қатынастарды жалғастырудың және тереңдетудің бірде-бір жолы деп санаймыз, және ТүркПАның жұмысының бір жаңа өте маңызды және керек қыры деп қабылдаймыз!
Біздерге осы тұңғыш отырысқы қатысушы депутаттарға ерекше міндет артылды деп ойлаймын. Себебі біз бүгін тұңғыш отырыстың жалғасы қандай болмақ, келешегі не болады, ТүркПА-ға мүше елдерінің әлеуметтік және денсаулық сақтау комитеттерінің байланыс мүмкіндіктері бар ма, ол қандай басым бағыттары қандай болмақ деген көптеген сұрақтарға жауап іздеуіміз керек және қорытынды құжат ретінде бір кішкене болсада алдағы кезеңге бағытталған қысқаша бағдарлама қабылдағанымыз жөн деп санаймын.
Енді осы мәселелерге тоқтайын:
Біріншіден, біздердің комитеттеріміздің қарайтын мәселелері – ол халыққа өте жақын және маңызы зор проблемалар. Сондықтан да Заң шығарғанда да, бағдарламалар бекіткенде де басқа елдердің, оның ішінде бауырлас түрік мемлекеттерінің тәжірибесімен танысып, өзімізге керекті, ыңғайлы тұстарын алсақ, неғұрлым біз депутаттар қабылдайтын шешімдер дұрыс және халықтың мүддесіне жақын болар еді.
Ал бір бірімізден үйренетін жәйттер көп. Әр елдің жинаған тәжірибелері мол. Мысалы, біз Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету – 2020 ж. дейінгі бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Бұл бағдарламаға қыруар ақша бөлініп те жатыр. Сонымен қатар бағдарламада бірнеше бағытта іс-шаралар атқарылып жатыр. Ол жаңа мамандықтар бойынша дайындық жасау, содан кейін индустриялдық-инновациялық бағдарлама бойынша ашылған жаңа жұмыс орындарына орналастыру. Ал бизнеспен айналысам дегендерді – курстарда дайындау, содан кейін шағын несие беру. Ал осы ауылда жұмыс болмаса басқа елді мекенге көшіру, сол жерде жұмыспен де, тұрғын үймен де қамтамасыз ету. Мұның бәрі бюджет есебінен тегін жасалатын іс.
Жұмыспен қамту бағдарламасын бізден бұрын біздің азербайжан бауырларымыздың да бастағанын білемін. Осы бағдарламалардың төңірегінде де ерекше отырыс өткізуге болар еді. Бізді ойландыратын жағдай - өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін адамдарды есепке алу және олардың жағдайын көтеру. Сіздердің елдерде осындай тәжірибе болса, біз онымен танысуға дайынбыз.
Тағыда бір күрделі бізді қызықтыратын мәселе – ол шағын және орта бизнесті дамыту, оның ішінде туризм саласын дамыту. Бұл тұрғыда Түркияның тәжірибесі өте мол. Үйренетін жағдайлар аз емес. Біз бүгін Қазақстанда туризмді дамыту жұмысына қол сыбанып кірісіп жатырмыз. Ұзақ жылдарға арналған бағдарламалар да қабылданып жатыр. Бұл мәселе әсіресе мен сайланған Ақмола облысына жақын. Бізде табиғаты тамаша, керемет әдемі Бұрабай курорттық аймақ бар. Түркиялық құрылысшыларының қатысуымен 5 жұлдызды отель, казино, балалар ойынсауық орталығы салынды. Басқа да көптеген демалушыларға арналған ғимараттар салынуда. Осы мәселенің төңірегінде де кездесу ұйымдастыруға болар еді.
Ал денсаулық саласына келсек Қазақстанда барлық жасалып жатқан жұмыс адамның өмір жасын ұзарту, өлімді қысқартуға бағытталған. Осы тұрғыда заманауи клиникалар салынып үздік шетелдердің тәжірибелері тартылып жатыр. Өткен жылдары қан қысымы ауруларды емдейтін саланы қолға алып, Астанада ғана емес облыс орталықтарында да жаңа клиникалар салып дәрігерлерді шетелдік ең жақсы клиникаларда дайындықтан өткіздік, бүгін онкология саласын дамытуға кірісіп жатырмыз. Сонымен қатар кәсіби медициналық көмекті әр ауылға жеткізу, жаңа медициналық технологияларды енгізу – бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелер.
Осы тақырыпта да комитеттердің отырысын өткізуге болар еді. Бізді алаңдатып жүрген мәселе – ол трансплантология. Мұндай операция жасайтын жоғарғы деңгейдегі мамандар да, жақсы жабдықталған заманауи клиникаларда баршылық. Бірақ бір шешімін таппай келе жатқан проблема ол ауру адамдарға салынатын донорлық материалдардың жетіспеуі. Біздің мұсылмандық көзқарасымыз өлген адамдардың органдарын алуға кедергі болып тұрғаны анық. Осы мәселе ТүркПА елдерінде қандай шешімін тауып жатыр? Осының төңірегіндегі де ақылдасатын жағдай аз емес. Бүгінгі күні Мәжілісте осы Заң жобасы қаралып жатыр, әріптесім толығырақ айтар.
Халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бәрімізге керек, өзекті проблема. Әсіресе тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға жасалатын әлеуметтік көмек және мүмкіндіктері шектеулі мүгедектерге арналған бағдарламалар.
Біз Парламентте екі палатаның да бір топ депутаттары мұрындық болып «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар жөнінде» Заң жобасын дайындадық. Бұл Заң жобасы қазір Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр. Осы Заңның төңірегінде де талқылау жасауға болады. Мемлекетте күн көріс мөлшерін қалай анықтау керек. Осыған байланысты ең төменгі жалақы қай деңгейде болуы қажет деген басқа да сұрақтарға жауап іздеу біздің күн тәртібімізде тұр.
Ал енді комитеттердің қарым-қатынастарын дамыту жұмыстарына келсек жоғарыда айтылған және басқа да мәселелерді талқылауды кезекпен әр мемлекетте өткізуге болады. Ұйымдастыру жұмысын ТүркПА секретариатының басшылығымен әр елдің Парламенттері, оның ішінде денсаулық және әлеуметтік комитеттері атқарады. Ең маңызды деген тақыраптарды ТүркПА-ның пленарлық отырысына да ұсынуға да әбден болады.
Сонымен қатар Астанада жыл сайын мамыр айында Астаналық экономикалық форум өтеді. Форумның аясында әлеуметтік мәселелер жөнінде панелді сессиялар өтеді. Биыл «Денсаулық және адами капиталдың дамуы» атты сессия жұмыс істейтін болады. Сіздердің елдеріңізде де осындай форумдар, конференциялар өтсе, әріптес депутаттарды шақырып талқылауға қатыстыруға болады.
Сөзімнің соңында Қазақстан депутаттарының атынан бүгінгі отырысқа үлкен қолдау көрсетіп, келешекте бұл игі істі жалғастыруға ат салысатынымызды хабарлаймын.
Назарларыңызға рахмет.