Досманбетов
Бақберген
Сәрсенұлы

Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы

Депутатқа хат
Қызылорда облысындағы іссапары туралы ақпарат
Қызылорда облысындағы іссапары туралы

Қызылорда облысындағы іссапары туралы

ақпарат

(09.02.2010 – 19.02.2010 жж.)

 

                2010 жылдың 09-19 ақпан аралығында Қызылорда облысына іссапар барысында Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында болды. Ол жерлерде қалалық және аудандық мәслихат депутаттарымен, «Нұр Отан» ХДП мүшелерімен, шағын және орта бизнес басшыларымен, қалалық және аудандық активпен кездесті. Кездесулерде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өсу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы төңірегінде әлеуметтік және экономикалық бағыттардағы жан-жақты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, Шиелі ауданындағы «Қазатомпром» кәсіпорны, облыстық медициналық орталығы және «Болашақ» университетінің оқытушылар мен студенттер ұжымымен кездесті. Кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес басшылары, жұмысшылар және аталған аудандардың тұрғындары, сонымен қатар университеттің студенттері Президенттің Жолдауын терең түсініп және қолдап, Н.Ә. Назарбаевқа индустриалдық-инновациялық негізде алдағы онжылдықтағы экономиканың үдемелі даму стратегиясы үшін шын алғыстарын білдірді. Осы Жолдау әр жұмысшыға, әр облыс тұрғынына еліміз осы онжылдық жоспардың соңына қарай тек елу елдің емес, әлемнің жиырма бай, дамыған елдерінің қатарына болатынына үлкен үміт мен сенім арттырды. Кездесулерде өзінің баяндамаларында Жолдаудағы басты бағыттарға және олардың жүзеге асыуы бойынша нақты ісшараларға тоқталып өтті.