Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының
2008 жылғы депутаттық сауалдары туралы
М Ә Л І М Е Т
Рет№
|
Депутаттың (депутаттардың) Т.А.Ә.
|
Кімге сауал жасалдыСауал жіберілген күні және нөмірі
|
Сауалдың қысқаша мазмұны |
Сауалға жауаптың алынған күні |
Жауаптың қысқаша мазмұны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Досманбетов Б.С. |
ҚР Премьер-Министріне 27.03.08 ж. №19-13-94 Д/С |
Қызылорда облысына тигізетін болашақ экологиялық салдарын есепке алынып, Көксарай су қоймасын (контррегуляторды) салудың қажеттілік жөнінде мамандардың және ғалымдардың ой-пікірлерін қайта зерттеу жөнінде өтінішті жолдап отыр. |
22.04.08 ж. |
Бұл мәселе 2008 жылғы сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президенті қатысуымен болған Үкімет отырысында талқыланды. Елбасы Көксарай су реттегіші құрылысын қысқа мерзім ішінде бастауға тапсырма берді. |
|
2 |
Досманбетов Б.С.
|
ҚР Премьер-Министріне 12.06.08 ж. №19-13-206 Д/С |
Социалистік Еңбек Ері Қ. Жүсіпованың ұрлап кеткен мемлекеттік наградаларды орнына қайта келтіру мүмкідігін қарастыруды сұрайды.
|
08.07.08 ж. |
Қазіргі кезде КСРО наградаларын қалпына келтіру тетігі жоқ. Социалистік Еңбек Ерлері үшін көзделген барлық жеңілдіктер мен төлемақыларды пайдалануға оның құқығы бар және ол осы құқықты пайдаланып жүр.
|
|
3 |
Досманбетов Б.С.
|
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 26.06.08 ж. №19-13-243 Д/С
|
Қақмет Ерланның шетел және Қазақстан Республикасының озық клиникаларында емделу мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.
|
17.07.08 ж. |
Қызылорда облысының Денсаулық сақтау департаментіне баланы республикалық салалық клиникаға жіберу және оны шетелде емделуге жіберуге мүмкіндіктер қарастыру үшін комиссияға құжаттар топтамасын әзірлеу тапсырылды. |
|
4 |
Досманбетов Б.С.
|
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министріне 25.09.08 ж. №19-13-312 Д/С |
2009 жылдың республикалық бюджетінен Қызылорда облысы Арал ауданындағы Аманөткел, Қарақұм ірі елді мекендерінде 600 орындық жаңа мектеп салуға және Арал қаласында типтік жобамен 600 орындық мәдениет үйін салуға қаржы бөлуді қарастыруды сұрайды. |
13.10.08 ж. |
Аманөткел және Қарақұм елді мекендеріндегі мектеп құрылысына тиісті құжаттар ұсынылмауына байланысты республикалық бюджет есебінен қаражат бөлу мәселесін қарау мүмкін болмай отыр. Мәдениет үйі құрылысы жергілікті инвестициялық жоба болып табылатындықтан жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылуы керек.
|
|
5 |
Досманбетов Б.С. |
ҚР Премьер-Министріне 07.11.08 ж. №19-13-362 Д/С |
Өтініш мемлекеттік оқу-жүйесіне несие бөлуді мемлекеттік бюджеттен немесе кепілдемелік оқу-жүйесіне арналған қатысушы несие беретін екінші деңгейлі альтерналивті банктерден өндіру.
|
04.12.08 ж. |
Мемлекеттік білім беруді кредиттеу қызметін «Қаржылық орталық» АҚ арқылы көрсетуге көшу республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің көбеюіне алып келетіндіктен, мұқият пысықтап зерделеуді, «Білім туралы» Заңға өзгерістер енгізуді қажет етеді. Алдын-ала концептуальдық көзқарас республикалық бюджеттік комиссияда қаралуы тиіс.
|
|
6 |
Досманбетов Б.С. |
ҚР Премьер-Министріне 04.12.08 ж. №19-13-409 Д/С |
Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және сервистік және әуежайлық арнайы техникасымен қайта жарақтандыруды одан әрі қаржыландыру мәселесін шешуді сұрайды.
|
31.12.08 ж. |
Ағымдағы жылы Қызылорда қаласының әуежайын қайта жаңғырту жобасы бойынша 1,73 млрд. теңге игерілді. Жобаны 2009 жылы одан әрі қаржыландыру және аяқтау мәселесі қаралу үстінде.
|
|