Ергешбаев
Мұрат
Нәлқожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

2023 ж. 24 мамыр жарияланды                                                   Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Е. К. Жамаубаевқа

                                                     ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛҚ

                                           Құрметті Ерұлан Кенжебекұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі ғылымсаласының маңыздылығын арттыру үшін 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетінқаражатты 6 есе, ғылымға бөлінетін қаржыны 7 есе өсіруге қатысты тапсырма берді.Осы негізде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында білімжәне ғылым саласын қаржыландыру мен сала қызметкерлерінің еңбекақысынкөбейту мәселесіне ерекше мән берілген. Осы тұста ғылыммен айналысатын білімұйымдарын қаржыландыру базалық емес, мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзегеасырылуда. Соның салдарынан еліміздегі 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институтымемлекеттік тапсырысты ала алмай, жұмыс жүйелі жүргізілмеуде.Оған мысал ретінде Сыр өңіріндегі үлкен ғылыми орда және еліміздегі күрішсаласын зерттейтін жалғыз мекеме – Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күрішшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын айтуға болады. Институт бүгіндематериалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуді қоя тұра, жыл басынан бері 5ай бойы еңбекақыны уақытылы төлей алмауда. Соған байланысты ғалымдаралдындағы жалақы қарызы 13 млн. теңгеден асқан. Бұл мәселені ПарламентМәжілісінің депутаттары алдыңғы өткен Үкімет сағатында да көтерді.Негізінен, ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының жасап жатқанжұмыстары елімізге өте маңызды. Өйткені, суды үнемдеу, топырақты қалпынакелтіру, жергілікті климат ерекшеліктеріне бейімделген күріш және ауыспалы егісдақылдарының селекцияларына зерттеулер жүргізудің Сыр өңірі үшін маңыздылығыжоғары. Күріштің танымал «Маржан» сортын осы институттың ғалымдарышығарған.24.05.2023 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0)Ал қазіргі таңда білікті мамандар сапалық көрсеткіштері жоғары, импорттықсорттарды алмастыра алатын жаңа «Сыр сұлуы», «Айсара», «АйКерім» сорттарыншығаруда. Оған қоса, институт ғалымдарды мал шаруашылығының маңызын ескеріп,жоңышқаның, түйежоңышқаның, бидайдың, қауынның жаңа сорттарын шығаружұмыстарын жүргізуде.Құрметті Ерұлан Кенжебекұлы!Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ыбырай Жақаев атындағы Қазақкүріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының көтеріп отырғанмәселелерін жан-жақты зертеп, заңнамаға сәйкес өзгерістер жасап, базалыққаржыландыру мәселесін қайта қарауды сұраймын. Құрметпен,«AMANAT» партиясы фракция мүшесі,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М. Ергешбаев