Қалықов
Арман
Қобыландыұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Акваөсіру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заңжобаларының таныстыру

         Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Парламент Мәжілісі депутаттарының, мүдделі мемлекеттік органдар, қауымдастық, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерініңжәне сарапшылардың қатысуымен «Акваөсіру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заңжобаларының таныстырылымы өтті. Отырысты ашқан Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Б.А.Смағұлов акваөсіруді дамыту су биологиялық ресурстарының генетикалық әртүрлілігінің сақталуын қамтамасыз етуге, оларды шамадан тыс пайдалану нәтижесінде табиғи су қоймаларынан антропогендік жүктемені алып тастауға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ орта және шағын бизнестің дамуына оң әсер ететіндігін атап көрсетті. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Қ.Шәрбиев өз баяндамасында заң жобаларының негізгі мақсаттары мен міндеттерін, акваөсіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру құралдарын, акваөсіру объектілерін өсірумен және күтіп-бағумен, көбейтумен байланысты қызметтіжүргізу жағдайларын, мемлекеттік қолдау шараларын атап өтті. Заң жобаларын таныстыру барысында вице-министр депутаттар мен сарапшылардың сұрақтарына жауап берді. Айтылған мәселелер мен ұсыныстар жұмыс тобының отырыстарында қаралатын болады.

Image title