Мәми
Қайрат
Әбдразақұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы

Депутатқа хат
Люксембург Ұлы Герцогтігінің Елшісі Пьер Феррингпен кездесу

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Люксембург Ұлы Герцогтігінің Елшісі Пьер Феррингті қабылдады.

Кездесуде екі елдің саясат және сауда-экономика салаларындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Жоғары деңгейдегі өзара сенімді диалог қалыптасқаны, үкіметтік және іскерлер қауымдастықтары деңгейіндегі байланыстар өрістеп келе жатқаны айтылды.

Қ.Мәми атап өткендей, екі елдің парламентшілері арасындағы үнқатысу мемлекетаралық өзара іс-қимылдың маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан Парламентінің Сенаты Люксембург Парламентімен тығыз байланыстар орнатуға, сондай-ақ ЕҚЫҰ және НАТО парламенттік ассамблеялары секілді халықаралық парламентаралық ұйымдар аясында көпжақты байланыстарды дамытуға мүдделі. Осыған қоса, Қазақстан үшін Люксембургпен екіжақты ынтымақтастықты дамыту Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестікті өрістету тұрғысында да маңызды болып табылады.

«Қазақстан Люксембургтің аймақтағы негізгі әріптесі болып табылды және біз Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз», - деді П.Ферринг өз кезегінде. Оның пікірінше, Люксембург Қазақстанға халықаралық инвестиция тарту үшін жақсы тұғырнама бола алады.