Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.
Әңгіме барысында дінаралық үқатысу мен өзара ынтымақтастықты ілгерілету туралы сөз болды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының қорытындылары талқыланды. Съездер арасындағы кезеңдердегі үнқатысуды нығайту, келісім және өзара түсіністікті тереңдету жөніндегі идеялар мен жобаларды енгізу қажеттігі де айтылды.
Съезд Хатшылығының Басшысы ретінде Қ.Мәми православ діни қайраткерлеріне қоғамдағы толеранттықты, бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы белсенді қызметі үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында Митрополит Александр барша мұсылмандарды келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтады.