Мәми
Қайрат
Әбдразақұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы

Депутатқа хат
ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Леонид Кожарамен кездесу

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Іс басындағы төрағасы, Украинаның Сыртқы істер министрі Леонид Кожарамен кездесті.

Қ.Мәми Украинаның ЕҚЫҰ-ның тиімділігін күшейтуді көздейтін Ұйымға төрағалық ету бағдарламасына Қазақстанның қолдау білдіретінін атап өтті. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы Астана Саммитінің декларациясы идеяларын ілгерілетуге ерекше маңыз береді. Ұйым кеңістігінде толеранттық және кемсітпеушілікті нығайтудың, сондай-ақ трансұлттық қауіптерге қарсы іс-қимылды күшейтудің маңызы айрықша аталып өтілді.

«Біздің ойымызша күн тәртібіндегі маңызды мәселе – ЕҚЫҰ-ның келешегі, оның жаңа халықаралық ахуалға бейімдеу, оның пәрменділігі мен тиімділігін күшейту болып табылады», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Кездесу барысында жүздесушілер Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы және келешегі туралы да пікір алмасты. Атап айтқанда, екі елдің заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастық топтары бойынша, сондай-ақ ТМД, ЕҚЫҰ, НАТО, Еуропа Кеңесінің парламентаралық құрылымдары және Парламентаралық Одақ аясында өзара парламентаралық іс-қимылды ілгерілету туралы сөз болды.