Наумова
Динара
Рустамқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Орфандық аурулардың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Image title

Бүгін, 2024 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наумова Д.Р. орфандық аурулардың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Пікірталас форматында өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдар, «Еуразиялық пациенттер ұйымдарының одағы»  және «Еуразия емделуші ұйымдарының одағы» Қазақстан Республикасындағы орфан аурумен ауыратын науқастарға көмек көрсету қауымдастығы, «Мейірімділік» ерікті қоғамы, «Өмірге сен» заңды бірлестіктер мен қоғамдық қорлар  басшылары қатысты.

Депутаттар мен қоғам өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, тұшымды ұсыныстарын жеткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберілетін ұсыныстар әзірленді.

Image title