Наумова
Динара
Рустамқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ДЕПУТАТТЫҢ ӨҢІРДЕГІ ЖҰМЫСЫ

Депутат Д.Наумованың Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездесуі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Наумова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесу өткізді.

Депутат  Қызылорда қаласындағы 2021 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Мейірім» оңалту орталығының жұмысымен танысты. Мұнда ерекше балаларды әлеуметтендіру бойынша жеке және топтық сабақтар өткізіледі. Бірақ барлық ата-аналардың орталық қызметтерін төлеуге мүмкіндігі жоқ. Мамандардың айтуынша, Қызылордада инклюзивті мектеп ашу мәселесі өте өзекті. Депутат Д.Наумова ата-аналар мен әлеуметтік сала өкілдерінің ұсыныстарын назарға алып, мәселені оң шешуге көмектесуге уәде берді.

Депутат Д.Наумова: «Бүгін біз «Мейірім» орталығында болдық, мұндағы мәселелердің басым бөлігі мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар, осы орталықтардың өздеріне қолдау көрсету. Кейбір парламенттік бастамаларға түзетулер енгізу аясында Мәжілісте көптеген жайттарды ескеруге болады деп ойлаймын. Сондай-ақ депутаттық сауалдар да аз емес, өйткені бұл біз үшін маңызды, мемлекетке, Үкіметке жеткізу маңызды мәселелер. Ерекше балалардың ата-аналарын жинап, сізді не мазалайды, қандай мәселе бар, қалай көмектесуге болатынын айттық. Және олар өздерінің міндеттері мен мәселелерін тікелей айтты. Сайлаушылармен бұл байланысты жоғалтпау өте маңызды».