Наумова
Динара
Рустамқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
АЭС құрылысы туралы: Депутат Д.Наумова Қарағанды облысының еңбек ұжымдарымен кездесті

Бүгін Мәжіліс депутаты Д.Наумова Қарағанды облысының еңбек ұжымдарымен кездесті. Ол өңірге елімізде атом электр стансасын салу қажеттігін түсіндіру үшін келген. Бір күн бұрын облыстағы шалғай елді мекендерді аралап, жұмысшылармен әңгімелессе, бүгін Қарағандыда коммуналдық кәсіпорын мен жергілікті зауыт жұмысшыларымен кездесті.

Депутат Д.Наумованың айтуынша, Қазақстанға энергетикалық тәуелсіздік керек. Сонымен қатар, атом электр станциясының құрылысы көмір өндіруді пайдалануды айтарлықтай азайтады. Кездесуге қатысушылар қауіпсіздік, технологияларды таңдау және әлемдік тәжірибе мәселелерін талқылады.