Наумова
Динара
Рустамқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутат Д.Наумова: Қазақстанның энергетика саласын дамыту шұғыл шешімдер қабылдауды талап етеді

Депутат Д.Наумова: Қазақстанның энергетика саласын дамыту шұғыл шешімдер қабылдауды талап етеді

Мәжіліс депутаты, Республика партиясының мүшесі Д.Наумова Қарағанды облысына атом электр станциясының құрылысын қолдау мақсатында  барған сапарында, «Borusan CAT Казахстан» компаниясының еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, атом электр станциясы құрылысының келешегін талқылады.

«Қазақстанның энергетика саласын дамыту шұғыл шешімдерді қажет етеді, ал атом энергетикасы елді энергиямен және оның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі шешуші қадам болып табылады. Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуы үшін атом электр станциясы қажет. Бүгінде бүкіл әлемде атом электр станциялары белсенді түрде қолданылуда, біздің міндетіміз – ел үшін ең қолайлы нұсқаны таңдау», - деп атап өтті.

Өңір тұрғындары Жолдауда Елбасы айтқан бастамаға қолдау білдіріп, өздерін қызықтырған сауалдарын қойды. Депутат еңбек ұжымымен кездесуден бөлек, қала тұрғындарымен диалог жүргізіп, жасыл энергетиканың артықшылықтары мен атом энергетикасын дамыту жоспарлары туралы айтты. Депутат сонымен қатар табиғи газды жеткізу тұрақсыздығы және оны өндірудің қысқаруы жағдайында атом энергетикасы ел экономикасын дамытудың сенімді көзіне айналатынын түсіндірді.

«Атом электр станцияларының құрылысы да жұмыс орындарын құруға, жаңа технологияларды дамытуға және еліміздің тұрақты энергетикалық болашағын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Бұл экономиканы нығайтып қана қоймай, электр қуатының тапшылығын шешуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті депутат Д.Наумова.