АЭС құрылысын талқылау - халыққа деген сенімділік
Бүгін, Қарағанды қаласында Мәжіліс депутаты Д.Наумова облыстың ұстаздар қауымымен кездесті. Шараға 350-ден астам адам қатысты. Депутат Наумова Мемлекет басшысының ұстаздар мен білім саласына ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы мен әлеуметтік қамсыздандыру айтарлықтай өсті, білім берудің инфрақұрылымдық мәселелері жүйелі түрде шешілуде, «Жайлы мектептер» салынуда. Білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеу жолы ұстаздарға байланысты. Сондықтан ұстаздардың атом электр станциялары сияқты қоғамымыз үшін маңызды тақырыптан толық хабардар болуы, бейбіт атомның барлық артықшылықтарын түсініп, барлық сұрақтарына жауап алуы маңызды.