Наумова
Динара
Рустамқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ДЕПУТАТТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН ШАРАЛАР

Депутат Динара Наумова Назарбаев Университетінің бітіруші түлектерін құттықтады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Наумова Назарбаев Университетінің (НУ) 10-шы топ түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты. Биылғы жылы 1507 адам диплом алды: 1038 бакалавр, 408 магистр, 42 PhD және 19 медицина ғылымдарының докторы. Ғылым, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі 565 түлек, инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі 582 түлек шығарды. Медицина мектебін 139, тау-кен және геология ғылымы мектебін 57 студент бітірді. Бизнес, білім және мемлекеттік саясат жоғары мектептері 164 маман дайындады.

Депутат Д.Наумова Назарбаев Университетінің түлектерін диплом алуларымен құттықтады. Биылғы жылдың үздік магистранттары мен докторанттарына дипломдар табыстады.

Image title