Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысына депутат Д.Наумованың қатысуы туралы
2024 жылғы 12-13 қыркүйекте Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмыс отырысы өтті.
Жиын барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру перспективалары, ішкі саяси саладағы жұмыстар, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, ономастика, ақпараттық және жастар саясаты мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ кеңес мүшелері өзекті тақырыптардың бірі – қазақстандық жастарды жұмыспен қамту және көгілдір кәсіптердің мәртебесін көтеру мәселелерін талқылады.
Айта кетерлігі, пікірталас облыстағы ірі өндіріс ошақтарының бірі – «Аллур» зауытының алаңында кәсіпорынның жас мамандарының қатысуымен өткен.
Мемлекеттік кеңесші кеңес жастар саясатының ағымдағы күн тәртібін қалыптастыруды және жастар саласындағы президенттік реформаларды жүзеге асырудың практикалық тетіктерін әзірлеуді жалғастырып жатқанын атап өтті.
Келесі кезекте Мемлекеттік кеңесші облыстағы бірқатар мектептердің директорларымен кездесіп, олармен «Біртұтас тәрбие» жаңа білім беру бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылады.
Автокөлік колледжінің студенттерімен кездесуде Мемлекеттік кеңесші Мемлекет басшысының 2025 жылды «Көк жағалы кәсіптер жылы» деп жариялауы мемлекеттің кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамытуға баса назар аударып отырғанын көрсететінін атап өтті.
Сондай-ақ Ерлан Қарин Жолдауды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын және алдағы уақытта атом электр стансасын салу жөніндегі референдумның маңыздылығын атап өтті.