Депутат Д.Наумова Астаналық Қарттар Үйінде болды
Бүгін, 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай депутат Д.Наумова Қарттар мен мүгедектер үйінде болып, онда тұратын азаматтарды мерекелерімен құттықтап, сый-сияпатын ұсынып, әңгімелесті.
Бұл мекемеде қарт азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Олардың көпшілігі өздігінен қозғала алмайды және үнемі күтімді қажет етеді.
Депутат Қарттар үйінде тұратын баршаға денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және оптимизм тілеп, қызметкерлерге шыдамдылық, және осындай қиын жұмыста көмек қолын созуды тіледі.
Біз ата-әжелерімізді жақсы көреміз, сыйлап құрметтейміз. Солардың ақыл-кеңесі мен батасын алып өстік, – деді депутат Динара Наумова.