Депутат Д.Наумова 2024 жылғы 4 қазанда Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы судьяларының IX съезіне қатысты.
Бүгін Астанада Президент Қ.К. Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы судьяларының IX съезі өтті.
Президент Қ.К. Тоқаев Қазақстан Республикасы судьяларының IX съезінің делегаттарының алдында құттықтау сөз сөйлеп, съезді ашты.
Мемлекет басшысы сөз соңында Судьялардың жаңа әдеп кодексін қабылдауды қолдады. Оның айтуынша, бұл құжат судьялардың мінез-құлқының жоғары стандарттарын белгілеп, халықтың сот жүйесіне деген сенімін нығайтады.
Съезд жұмысына сот жүйесі, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ шетелдік сарапшылар, заң қоғамдастығының, халықаралық ұйымдардың, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.