Наумова
Динара
Рустамқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттың пленарлық отырыстағы баяндамасы

Депутат Д.Р. НАУМОВАНЫҢ Мәжілістің пленарлық отырысындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы бойыншақосымша баяндамасы

Құрметті Ерлан Жақанұлы! Құрметті әріптестер!

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарап шығып, мыналарды атап өтеді.

Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Эстонияның аумақтарында ұлттық заңнамаларды бұза отырып жүрген адамдарды қабылдау, беру және транзиттеу мәселелері бойынша Тараптардың құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз жасайды.

Келісім реттелетін салада ынтымақтастық тетігін құруға, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған келісім Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету жөніндегі іс шаралар жоспарын іске асыруға бағытталған.

Заң жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес әзірленді және ратификациялауға жатады.

Заң жобасы жұмыс тобы мен бас Комитеттің отырыстарында жан-жақты қаралды.

Мәжілістің барлық комитеттері оң қорытындыларын берді.

Заңды қабылдауды және оны Парламент Сенатының қарауына жіберуді ұсынамыз.

Қолдауларыңызды сұраймын. Назарларыңыз үшін рақмет!