Наумова
Динара
Рустамқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
МӘЖІЛІС ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ПАЛАТА ОТЫРЫСЫ

Бүгін, 23.05.2024ж. депутат Динара Наумова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның отырысына қатысты.

Отырысқа Қоғамдық палата мүшелері, Мәжіліс депутаттары, заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері, ішкі істер, денсаулық сақтау және әділет министрліктерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Қоғамдық палатаның отырысында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер талқыланды.

Отырыс барысында Қоғамдық палата мүшелері мен басқа да отырысқа қатысушылар заң жобасын жетілдіру бойынша өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Олардың барлығы жиын қорытындысы бойынша Қоғамдық палатаның ұсынымдарында көрініс табады. Келесі кезекте оларды заң жобасын екінші оқылымға дайындау аясында жұмыс тобының мүшелері қарайтын болады.