2023 жылдың 18 сәуірінде Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қ. Қыдырәлімен кездесті. Аталған кездесуге осы ведомствоның вице-министрлері Ысқақов Қ.Ж., Кадиров Д.Р., Кочетов Е.Д. қатысты. Кездесу барысында ақпарат, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қатынастар, сондай-ақ жастар, отбасы және гендерлік саясат саласындағы мәселелер, олардың перспективалары мен міндеттері талқыланды.