Елордада Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын тұғыр – 2023» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шараға Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары мен көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. Салтанатты кешке Қазақстанның барлық аймақтарынан спорт федерацияларының басшылары, спортшылар, жаттықтырушылар мен ұлттық спорт жанкүйерлері де жиналды.
«Алтын тұғыр» ұлттық сыйлығы «Көкпар», «Бәйге», «Дәстүрлі садақ ату», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Теңге ілу», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Құсбегі» және «JORYQ» сынды 10 аталым бойынша үздік спорт саңлақтарына берілді.