2023 жылғы 22 желтоқсанда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапттау жиыны өтті.
«Дарын» сыйлығы 1992 жылдан бастап дарынды жастарды ғылыми, шығармашылық және спорттағы жоғары жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалған.
Биыл мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер 340-тан аса кандидатты ұсынды, мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссия 19 жеңімпазды анықтады.
Өтінімдерді іріктеу бойынша отырыстар 11-15 желтоқсан аралығында өтті. Комиссия құрамына түрлі салаларда елеулі табыстарға қол жеткізген 37 белгілі тұлға кірді.