Нажметдинұлы
Болатбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутат Б. Нажметдинұлы тауарлардың кедендік құнын анықтау мәселелері туралы көтерді

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары-Қаржы министрі

Е.К. Жамаубаевқа

Құрметті Ерұлан Кенжебекұлы!

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде өткен кездесуде тауарлардың кедендік құнын анықтау мәселелері бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi өкілдері тауарлардың кедендік құнын бақылауға қатысты Еуразиялық экономикалық одақ бойынша ортақ және Мемлекеттік кірістер комитетімен (Комитет) әзірлеген тәуекелдердің ішкі құндық индикаторлары барлығын. Автокөліктер бойынша Комитетпен әзірлеген тәуекелдердің құндық индикаторлары қолданыста екендігін айтқан болатын.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитет өкілі Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен соңғы алқасында (бұдан әрі – Біріккен алқа) тәуекелдердің ортақ ішкі құндық индикаторларын 2023 жылы наурызда бекіту мәселесі көтерілгендігін. 

Бүгінге, Бірлескен алқаның жұмыс тобына сілтеме жасай отырып, Мемлекеттік кірістер комитет өкілі бағалық ақпаратты қалыптастыру үшін әр ел бағалық ақпараттың өз дереккөздерін ұсынуы керектігі туралы хабарлады.  

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитет өкілі ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы алғаш рет қол жетімді ашық ақпарат түрінде жарияланған кезде баға туралы ақпарат дилерлік бағаларға негізделген болатын. Ол бұл бағалардың жоғары екенін және олар апат (ЖКО) және көлікті кейіннен қалпына келтіру сияқты жағдайларды ескермегенін атап өтті. Сондықтан әдістемеге бағалық ақпараттың дереккөзі ретінде рәсімделген декларациялардан бөлек, сол жылы шілде айында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, кең етек алған наразылықтарды және бизнес өкілдері мен көлік тасымалдаумен айналысатын кедендік тасымалдаушылардың ұсынысын ескере отырып, автокөліктер сататын шет мемлекеттердің сайттары енгізілген. Осы дереккөздердің негізінде жаңа бағалар қалыптастырылған.  

Атап көрсетілгендердің негізінде, жоғарыда келтірілген мәліметтерді 2023 жылдың 18 мамырына дейін министрлік тарапынан ресми түрде растауды сұраймын.