Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Ел Президенті Қ.Тоқаев бүгінгі жолдауда ең алдымен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және саяси мәселелерге тоқталып өтті. Депутат Г.Нұрымова республикалық БАҚ және әлеуметтік желелерде өз пікірімен бөлісті: "Ел экономикасын көтеру мақсатында шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау әрмен қарай жалғасады. Кәсіпкерлерге арналған кредиттік ресурстарды ұлғайту қолға алынады. Жаңа салық, бюджет кодекстері әзірленеді. 6 жасқа дейінгі балаларды толық бала-бақшамен қамтамасыз ету. Тәрбиешілердің статусына көңіл бөлу және айлықақысын көбейту мәселесін шешу қажет. Президент денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді жедел шешу керектігін айтты.
Сол үшін дәрігер және осы сала мәселелерін білетін азаматша ретінде алғысымды білдіремін. Қазіргі күні медицина саласын қаржыландыру өзекті мәселе болып отыр. Осының салдарынан кейбір медицина мекемелері кадрлық қысқарту жүргізуге мәжбүр. Медициналық қызметкерлердің айлықақысы кешіктіріліп жатқан жағдайлар да бар. Коммуналдық қызметтерге, дәрі-дәрмектерге төлем жасауға сонымен қатар, медициналық ұйымның жеке дамуына қаражат қалмауда.
Президент медициналық сақтандыру моделін қайта қарау мәселесіне тоқталды. Ол орынды. Аталған сақтандыру арқылы азаматтар толыққанды медициналық көмек ала алмай отырғандығы рас. Ел бойынша 650 ауылға жаңа медициналық пункттер ашылып, 32 аудандық аурухана жанынан жансақтау бөлімдері және инсульт орталықтары ұйымдастырылады. Ол 4 млн. жуық халықты қамтитын болады. Медициналық ЖОО жанынан көпсалалы клиникалар жұмысын бастайды. Жас кәсіпкерлерге 2,5 пайыз несиелер беріледі. Президент қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатыспаған, билікті күшпен басып алуға және мемлекетке опасыздық жасауды қоспағанда басқа азаматтарға бір реттік рақымшылық жасау туралы шешім қабылдады. Осы оқиғаға қатысқан тұлғалардың өздерін және жақындарын көрген азаматша ретінде Президенттің гуманизм принципіне салып жауапкершілігі мол шешім қабылдағанына қуандым.
Жолдауда тағы басқа да мәселелер айтылды. ҚР Президентіне және Мәжіліс пен маслихат депутаттардың сайлауының мерзімі жарияланды. Жаңа ережеге сәйкес азаматтар жеке және партия атынан кандидатурасын ұсына алады."